Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:01, курсовая работа

Описание

Жалпы халықаралық экономика курсын оқытудың үлкен теориялық және практикалық мағынасы бар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің барлық жағын қарастыруды қамтамасыз етеді. Халықаралық экономика пәні өз алдына объектілерді, міндеттерді, әдістерді реттеудің тиімді жүйесін құру үшін бірнеше шараларды қарастырады.
СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалары білімді нығайтуға, практикалық жағынан тиімді қолдануға, қалыптасқан жағдайларды талдауға, салыстыруға бағытталған.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 446.00 Кб (Скачать документ)

Ағындық сызықтың негізгі көрсеткіштерін есептеу  жолдары келесі:

 

 

 

 

 

Лекция 5 Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру

 

Жоспары:

 

  1. Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
  3. Өндірісті ғылыми-технолоигялық дайындау

 

  1. Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизациянған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығын айтады.

Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикаалық және әлеуметтік даму жоспарына сай анықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі.

Жаппай өндірістік кәсіпорындарда өндіретін өнімнің  көптігі, ассортимент түрлерінің кеңдігі өндірісті техникалық дайындауды ұйымдастыруға көптеген шығын жұмсауды қажет етеді. Жаңа және модернизацияланған өнімдер өндіру кезінде өндірісті техникалық дайындаумен бірге жаңа құрал-жабдықтарды, инновациялық технологияны, материалдарды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін игеру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Әдетте өндірісті  техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:

-бірінші кезеңде  жаңа өнім түрін жасау және  өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу  және оның тәжрибе жүргізу  арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарды дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. Осы кезеңде өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады;

-екінші кезеңде  жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен тәжрибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.

-үшінші кезеңде  өнімнің жаңа және әр түрін  өңдеудің жалпы және сериялық  әдістерін бір жүйеге келтіру,  өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық  шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады. Жетілдірілген ағынның тиімділігі жұмыс істеп тұрған ағынның техника-экономикалық көрсеткіштерімен (еңбек өнімділігі, жиынтық расценка, өнімнің қор сыйымдылығы, өндірістік алаңның бір шаршы ауданын өнім алу және т.б.) салыстырылады. Егер қабылданған көрсеткіштер жүйесі бойынша бағалау нәтижесі берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз (минималды) шамасы қолданылады.

Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын  жұмыстар сипаттамасына қарай конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.

Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау мен игеріген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.

Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен игерілген технологиялық үрдістерді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Ұйымдастыру-экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспаралу үшін мөлшерлер (нормалар) бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал-жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.

Нарықтық экономикада  жаңа өнім түрлерін өндіріске енгізу, оны дайындау және өндірісті техникалық дайындықтан өткізу жұмыстарды өте жедел түрде жүргізілуі қажет. Ұтымды пайдаланылған уақыт, сұранымға сай өнімді тұтынушыларға дер кезде ұсыну кәсіпорынды табысқа кенелтеді. Кері жағдайда кәсіпорын шығындарын өтей алмау жағдайы пайда болады.

Өндірісті дайындауға байланысты шараларға жұмсалатын шығындар неғұрлым аз болып, оның сапаға зиян тимеген жағдайда кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері жоғары болады. Сонымен қатар жаңадан жасалатын өнімнің техникалық деңгейі өндірістік үрдісте және оны пайдалану кезінде де отандық және шетелдік үлгілерден басым болса, патенттік-техникалық тұрғыда жоғары нәтиже береді.

 

2. Жаңалықтарды ашу, өнертапқыштардың, рационализаторлардың ұсыныстары, патенттер мен лицензиялар құқықтықактілер негізінде растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге асырылады.

Жаңалық ашуға  тылмыс дүниедегі белгісіз болып  келген объективті құбылыстар мен заңдылықтарды, қасиеттерді алғаш рет анықтау  жатады, ал өнертапқыштық деп экономика, мәдениет, денсаулық сақтау немесе қорғаныс салаларындағы техникалық мәселені шешіп отырып, экономикалық тиімділік әкелетін жаңалық ашуды айтамыз. Бұл тиімділік тек сандық емсе, сапалық көрсеткіштермен де сипатталады. Рационализаторлық ұсыныстарға қолданыстағы техниканы жетілдіру жаңа өнім түрлерін таба білу, ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау, байқау және зерттеу, техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, басқару, жоспарлау және есеп жүргізу жөніндегі жаңалықтар жатады.

Өнертапқыштықтан  рационализаторлық ұсыныстың айырмашылығы тәжірибеде қолданып жүрген шешімдердің негізінде берілген кәсіпорынға лайықтап табыс табуды қамтамасыз ету үшін табылған жаңалық түрін айтады.

Өнертапқытық  және рационализаторлық ұсыныс үшін төленетін авторлық сыйақы, оны пайдалану  кезінде бір жылдағы өнім немесе сату көлеміне келетін экономикалық тиімділіккі байланысты есептеледі.

Жаңалық ашқанды  растайтын құжат авторлық куәлік деп аталады.

Лицензия  дегеніміз – патенттелген жаңалық негізінде ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айқындайтын құжат.

Шетелде лицензияны сату үлкен  экономикалық мәні бар. Сондықтан да патенттік таза орындалған және ешқашан  қайталанбайтын ірі жаңалықтарға беріледі.

НОУ-ХАУ – құқықты қорғау құжаттарымен патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара жарияланбаған ілім. Оған техникалық біліммен қатар өндірістік-экономикалық білімде жатады. Жарияланбағандықтан «ноу-хау» беру туралы шарттың тақырыбы құпия болады, ал патент берілгеннен кейін шарт патенттік лицензия шартына айналады.

 

3. Өндірісті ғылыми-технологиялық  дайындау деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайндаудағы тиімділігін арттыруды және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтайды және өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Өндірісті ғылыми-технологиялық  дайындау деп өндірісте өнім өндіру жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі-технологиялық шаралардың кешенін айтады.

Мөлшерлі-технологиялық  шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады.

Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар келесі сатылардан тұрады:

-технологиялық үрдістерді  енгізу;

-негізгі өнімнің сызбаларын, технолоигялық құрал-саймандарды,  стандартқа сәйкес емес құрал-жабдықтарды,  өнімнің сапасын бақылау және  сынау;

-тасымалдау құралдарын  орналастыру мен жіберу жұмыстарын  дайындау және жетілдіру.

Өндірісті ғылыми-технологиялық  дайындау деңгейі көптеген факторларға  тығыз байланысты. Оларға:

А) техникалық факторларға  – типтік және стандартты технологиялық  үрдістерді жасау және жетілдіру, технологиялық  жабдықтардың стандартқа сай және унифицирленген құралдарын пайдалану, автоматтандырылған жобалау жүйесін қабылдау және т.б. жатады;

Б) экономикалық фактор - өндірісті  технолоигялық жұмыстарының кезеңдері  бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және т.б.;

В) ұйымдастыру фактор - өндірісті  мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер  партиясының немесе тәжірибелік  үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технолоигялық  жабдықтардың сапасын аттестациялау, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру және т.б.;

Г) әлеуметтік фактор – орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту және т.б.,

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда  стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және талаптарға сәйкес орындау  қажеттіліг пайда болады.

Өндірісті конструкторлық дайындаудың сатылары келесі:

-техникалық тапсырма – бастапқы құжат болып саналады.

 

Лекция 6 Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру

Жоспары:

 

  1. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру

 

1. Өнімнің сапасын  жақсарту үшін сапа жөніндегі  мәселені жан-жақты қарастыру  керек. Ол үшін шикізат, материалдар,  өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талаптар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін» дайындау керек. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық шараларды қамти отырырп біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.

Өнім сапасын  басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі.

Өнімді болжау және дайындау кезеңіне байланысты әлемдік  деңгейге сай келетін көрсеткіштердің  екі категориясы анықталады:

-өндірілетін  өнімді дайындау;

-техникалық  деңгейді бағалау;

-өнім өндіру;

-перспективаға  жоспарлаудың техникалық деңгейін  анықтау.

Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау және өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық  тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының  жоғары деңгейіне жеткізу үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау және бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізіледі.

Өндірістік  кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару  шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшасы өз мойнына алады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.

Сонымен қатар  өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс.

 Бұл жүйесінің  негізгі мақсатына халықты тұтынатын  тауарлармен қамтамасыз етуде  өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет.

Сонымен қатар  аталған мақсатқа жету үшін жаңа өнім түрлерін жасау және оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен ескірген өнім түрлерін өндірістен алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу және қолдану барысында сапасын жоғалтпау жұмыстары жүргізілуі керек.

Өнім сапасын  басқару жүйесін тиімді пайдаланудың негізгі шарттарының біріне оны техникалық бақылауды ұтымды ұйымдастыру кіреді.

Техникалық  бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау операциялары және оның тізбектілігі, техникалық жабдықтау, жұмыс істеу  режимдері, әдістер, бақылау операцияларын  механикаландыру және автоматтандыру құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып саналады, өндірістің технологиясымен бірге техникалық бақылау бөлімінің қатысуымен немесе олардың келісімімен дайындалады. Міндетті түрде бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.

Бақылау операцияларын  орындаушыларға жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің шеңберлері (мастерлер) жатады.

Өнім сапасын  техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

А)  өндірістік үрдіске қатысты бақылау:

-кіруші бақылау- кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызылатынын айтады;

-операциялық бақылау- өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылауды айтады;

-шығушы  бақылау- дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталмаған дайын бөліктерді бақылауды айтады.

Б) атқаратын  міндетіне қарай бақылау:

-ағындық  (ескерту) бақылау- өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтады;

Информация о работе Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы