Өндіріс кезеңінің аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2012 в 00:18, реферат

Описание

Өндірістік цикл сату үшін өндірілетін материалдық құндылықтармен байланысты. Оны тексеру — ең күрделі және қиын. Аудиторлық дәлелдемелердің көздерінің үлкен бөлігі экономикалық субъектінің өзі құрған ішкі құжаттар болып табылады. Бұл аудит үшін олардың құңдылығын төмендетеді. Сондықтан тексеруді табысты жүргізу үшін аудитордың клиент бизнесінің ерекшелігін, оның өндірістік процессінің мәнін жеткілікті түсінуі, цехтардағы өндіріс процесстермен, қоймалар және басқа өндірістік бөлмелермен тікелей танысу аса маңызды болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Данабекова Қ,.doc

— 81.50 Кб (Скачать документ)

                                                                                                           Данабекова Қ.           4УК

 

Өндіріс кезеңінің аудиті

 

        Өндірістік цикл сату үшін өндірілетін материалдық құндылықтармен байланысты. Оны тексеру — ең күрделі және қиын. Аудиторлық дәлелдемелердің көздерінің үлкен бөлігі экономикалық субъектінің өзі құрған ішкі құжаттар болып табылады. Бұл аудит үшін олардың құңдылығын төмендетеді. Сондықтан тексеруді табысты жүргізу үшін аудитордың клиент бизнесінің ерекшелігін, оның өндірістік процессінің мәнін жеткілікті түсінуі, цехтардағы өндіріс процесстермен, қоймалар және басқа өндірістік бөлмелермен тікелей танысу аса маңызды болып табылады.

Өндірістік  процесстің мәнін білу төменде келтірілген  ақпаратты қамтиды. Өнімді дайындаудың технологиялық процессінің күрделігіне байланысты өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым деп, өнімді өндіру мен өңдеудің бірегей үздіксіз процесіне тән болатын өндіріс есептеледі (мысалы, көмір өңдіру және т.б.). Әдетте қарапайым өндірістің циклы қысқа болады және аяқталмаған өндірісі болмайды.

Күрделіге өнімді дайындау процесіне жеке дербес шектер, өтулерден, кезеңдерден, сатылардан тұратын  өндіріс жатады. Мысалы, тігін, аяқ  киім, машина жасау, ет өндіру және т.б. Әдетте күрделі өндірісте әрқашан аяқталмаған өндірісте қалдық қалады.

Өнеркәсіптік  өндіріс негізгі өнімді өндіру роліне байланысты (бағыты бойынша) негізгі  және көмекші деп бөлінеді.

Негізгіге шығару үшін арнайы кәсіпорын (ұйым) құрылған өнімді дайындауға арналған өндіріс жатады.

Өнеркәсіптің  түрлі салаларындағы негізгі  өндіріс номенклатурасы сан түрлі  болады. Мысалы, негізгі өндіріске  жатады: металл өңдеуші кәсіпорындарда - құю, ұста, мартен, өңдеу және басқа  цехтар.

Көмекшіге негізгі  өндіріс пен жалпы барлық көсіпорыңдарға қызмет көрсететін өңдіріс жатады. Қызмет көрсету аспаптарды, құрал-жабдықтарды, ғимараттарды және т.б. дайындау немесе жөндеуден көрінеді.

Көмекші өндіріс  қатарына жатады: аспаптық, жөндеу-механикалық, жөңдеу-құрылыс цехтары, электростанция, буын қазаны, компрессор станциясы, автокөлік және т.б.

Көмекші өндіріс  өнімінің бөлігін (жұмыс, қызмет көрсету) басқа жаққа сатуға болады.

Шоттардың келтірілген  өзара байланысы шығыңдар құрамын  шығын шоттарына жатқызылу мен  олардың жабылуын көрсетеді. Мәселен, өндіріске шикізатты, материалдарды жіберу, еңбекке ақы төлеу шығындары, демалысқа ақы төлеу резервтерін есептеу, еңбекке ақы төлеуден жарналарды әлеуметтік салықка жіберу, жұкқұжаты шығындарын есептен шығару негізгі өндіріс шотына және шығындар бөлігі кезең шығындары шоттарына жатқызылады. Есеп беру кезеңінің аяғында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылады, ал кезең шығындары 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотында жабылады.

Өндіріс процессі — кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгі, сондықтан өндіріс шығындары есебі мен аудиті — бухгалтерия жұмысы мен аудиторлық тексерудің жауапты учаскесі. Сондықтан осы циклды тексеру кезінде аудитор өндіріс пен дайын өнімді тиеуге, шикізаттың босалқы қорларын сақтауға қатысты қолданылатын бақылау процедураларын түсінуі керек. Мұндай ақпаратқа сүйене отырьш, аудитор нақты шаруашылық операцияларына арналған бақылау саясаты мен процедурасының дұрыс дайындалғанын және кәсіпорында дұрыс қолданылып отырғанын анықтайды.

Ішкі  бақылау құрылымын зерттеу процессінде аудитор параллельді түрде бақылауға тексеру жүргізіп, осының арқасында бақылау процедураларынын, тиімді әрекет етуінің, Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес дұрыс дайындалғанының дәлелін ала алады. Мұндай дәлелдеулер аудиторға бақылау тәуекелдігі деңгейін аудиттің сәйкес мақсаттарына қатысты максимумнан төмен ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Әкімшілік жүргізетін тексеру тиімді болса, өнім шығындары есептелуінің толықтығы мен дәлдігі туралы пікір айтуға болатын фактілерді алуға жол ашады. Сонымен бірге аудитор тексерудің қаншалықты жан-жақты болғанын және оны жүргізген адамның елеулі бұрмалауды таба алатын-алмайтындығын ескереді. Сондықтан мұндай жұмыс бухгалтерияның материалдық бөлімі жұмысымен танысудан басталады. Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудың негізгі жолдары мен таңдап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді.

                                              Шикізат пен дайын өнімді сақтау.

    Шикізат пен материалдар қабылдау кезінен бастап өндіріс процессінде оларды пайдаланатын барлық кезеңдерде есеп пен бақылау объектісі болып табылады.

Шикізат, материалдар мен дайын өнімді сақтауды қамтамасыз ететін процедуралар қамтиды:

рұқсаты жоқ персоналды жіберуді шектеу арқылы босалқы қорларды қорғау;

материалды  өндірістік цехтарға қажетті рұқсат беру арқылы беру;

шығындарды есепке алу тізіміне босалқы қорларды материалдарды беруден кейін жазу;

қолма-қол  материалдарды ары қарай нәтижелерді талдамалық есепке алу тізімдері мәліметтерімен салыстыру арқылы кезең сайын есептеу (түгелдеу).

Түгелдеу ішкі бақылаудың тиімді құрылымының бөлігі болып табылады. Сондықтан аудитор бухгалтерлік есебінің 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандарты мен оның "Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізу тәртібі туралы" әдістемелік ұсынымдарына сай клиенттің түгендеу жүргізу мәселелерін зерттейді. Активтерді түгелдеу бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру мәселелерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жылына бір реттен кем емес жүрпзіледі. Активтердің сақтығына жауап беретін адамдар тобы немесе әр материалды жауапты адамнан түгендеу басталғанға дейін қолхат алынады. Кәсіпорынның босалқы қорларын толық есептеу бір уақытта жүгізіледі және бұл кезде барлық операциялар тоқтатылуы керек (кейде бұны "қабырғадан қабырғаға дейін түгелдеу" деп атайды); егер талдамалық есеп тізімі жүгізілсе және басқа міндеттемелер қанағаттандырылса, онда жыл бойы түрлі уақытта босалқы қорлардың еркін таңдап алынған түрлеріне мезгіл сайын есептеулер жүргізілуі мүмкін (бұны "босалқы қорларды циклдық түгелдеу" деп атайды).

Түгелдеуді  жоспарлау мен жүргізуге ең алдымен  клиент жауапты болады. Бірақ түгелдеуге сыртқы аудитор қатысуына байланысты жоспарлауды бірлесе отырып іске асыру керек.

Аудитор жазбаша  турде құрылған түгелдеуді жүргізу  нұсқауын немесе ескертпесін қарап, өз ескертулерін айтуы керек. Клиент әкімшілігінің түгелдеуге жауап беретін өкілі түгелдеуді жүргізуді қадағалайтындар үшін жиі бір немесе бірнеше нұсқамалар жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Данабекова Қ.           4УК

 

Ақша  қаражаттарының аудиті

 

         Ақша қаражаттарымен операциялар жүргізу жеткілікті түрде заңдық, ведомствалық және басқа нормативтік құжаттармен реттелген. Сонымен бірге, оларға елеулі қателер жіберуге алып келуі мүмкін басқа да циклдар әсерін тигізеді. Себебі, шаруашылық операциялары циклдарында барлық уақытта дерлік шоттарды төлеу жүзеге асырылып отырады. Баланстағы ақша қаражаттарының шоттары бойынша сальдо үлкен болмайды, бірақ олардың келіп түсуі мен шығуы бойынша үлкен айналымдар орын алады. Ақша қаражаттары өтімді (ликвидті) активтерге жататын болғандықтан, олардың ұрлану ықтималдығы жоғарырақ болады (ішкі тәуекелдік). Демек, бухгалтерлік есептің  "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша", "Ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша", "Ағымдағы корреспонденттік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша" шоттары объектіге қатысты тексеру жүргізілетін категорияға жатады.

Ақпарат көздері қаржылық қорытынды есеп баптары дұрыстығының белгіленген категориялары бойынша аудиторлық дәлелдеулер алу мақсатында зерттелуге тиісті. Төменде ақша қаражаттары аудитін жүргізу процессінде тексерілуге жататын негізгі пайымдаулар келтірілді.

Құқық және міндеттемелер категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

- ақша қаражаттарының  төленуі және келіп түсуі заң  негізінде жүзеге асырылады;

- шет елдік валюта  түріндегі ақшаның қозғалысы  ҚР "Валюталық реттеу туралы" заңын сақтау жолымен жүзеге асырылады;

- кассирмен толық материалдық  жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалды;

- ішкі ереже-нұсқауларға  сәйкес ақшаның жұмсалуына өкілетті тұлғаның санкциясы (рұқсаты) берілген;

- жеке тұлғалармен есеп  айырысу белгіленген тәртіп бойынша тіркелген бақылау — кассалық аппараттарды қолдану арқылы жүргізіледі;

- касса операцияларын  жүргізу есеп саясатында қарастырылған  касса операцияларын жүргізу  Ережелерін сақтай отырып, ұйымдастырылған;

- ақшамен орындалған операциялар құжаттармен расталған және белгіленген нормативтік актілердің талаптарына сай;

-    банк және  касса құжаттарында түзетулер  жоқ.

Толықтык  категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

* қаржылық қорытынды  есепте кәсіпорындағы бар барлық  ақша қаражаттары көрсетілген;

* ақша қаражаттарының  келіп түсуі жоне шығысқа шығарылуы (жұмсалуы) бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілген;

* ақша қаражаттарының  синтетикалық (жинақтаушы) есебі бойынша шоттардың айналымдары мен сальдолары аналитикалық (талдамалық) есеп шоттары бойынша айналымдар мен сальдоларға сәйкес келеді, Бас кітапқа және қаржылық қорытынды есепке дұрыс көшірілген;

Дәлдік категориясына  сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

* операциялар бастапқы  есеп құжаттарында, бухгалтерлік  есеп регистрлерінде көрсетілген және қаржылық қорытынды есепке дәл көшірілген;

* теңгеге айналдыру  үшін шетелдік валютаның дұрыс  және дәл бағамы қолданылады.

Нақты бар болу категориясына  сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

* бухгалтерлік баланста  көрсетілген ақша шоттары бойынша сальдо кәсіпорында шын бар ақшаны сипаттайды;

* кассадағы және банкте  ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтары жүргізілген түгелдеудің нәтижесімен расталған;

* ақшаның келіп түсуі  және шығысқа шығарылуы бойынша операциялар тиісті құжаттармен рәсімделеді.

Тапсыру және ашып керсету категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

* ақша қаражаттары жіктелген  және қаржылық қорытынды есепке дұрыс енгізілген;

* ақша қаражаттары туралы  ақпараттар ұлттық валютамен  де, шет елдік валютамен де қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ашып көрсетілген.

Бағалау категориясына  сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

*  ақша қаражаттары  қаржылық қорытынды есепте тиісті бағамен берілген;

* шет елдік валюта түріндегі ақша қаражаттарын қайта бағалау өз уақытында және дұрыс орындалады.

Ақша қаражаттарына  ұтымды тексеру жүргізу мақсатында оларды кәсіпорындағы ақшаның пайдаланылуын сипаттаушы негізгі шоттарға бөліп қарастырамыз:

*    кассадағы нақты  ақша;

*     ағымдағы  корреспонденттік шоттардағы ақшалар;

*    есеп берілуге тиісті сомалардың шоттары.

 Касса  операцияларының аудиті

Касса операцияларына аудиторлық тексеруді объектіге қатысты төмендегі реттілікпен жүргізуге болады:

* кассаға түгелдеу жүргізу және  ақша қаражаттарының сақталу жағдайын тексеру;

*     операциялардың құжаттық рәсімделуінің дұрыстығый текееру;

*    ақшаның толық  және өз уақытында кіріске  алынуын тексеру;

* ақшаның шығысқа есептеп  шығарылуының (жұмсалуының) дұрыстығына аудиторлық тексеру жүргізу;

* операциялардың бухгалтерлік  есеп шоттарында көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.

Тексеру жүргізу жоспарын құру кезінде ақша қаражаттарының және кәсіпорын кассасындағы басқа құндылықтардың қозғалысы мен сақталуына ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау керек. Тестілеудің көмегімен аудитор кәсіпорынның касса операцияларын жүргізуіне алдын-ала баға береді, осалырақ участоктарды анықтайды, негізгі бақылау процедураларының құрамын жоспарлайды, есеп жүргізу ерекшеліктерін анықтайды. Аудиторға мүмкіндігіне қарай касса операцияларына ішкі бақылаудың жағдайы туралы толық ақпарат алуы қажет. Ол үшін ең бірінші оған алдын-ала дайындалған сұраунама бойынша тест жүргізу керек.

Касса операцияларының  аудиті бойынша ішкі бащіау құралдарының тиімділігін сипаттаушы тест сұрақтары

1 .    Кәсіпорында   жасалынған және басшылар    бекіткен    касса    операцияларын жүргізу_Ережесі бар ма?

2.     Кассирмен   жасалынған  толық  материалдық    жауапкершілік     туралы келісім-шарт бар ма?

3.    Касса операцияларын жүргізу Ережелерімен кассир таныстырылған ба?

4.     Кассирлерді ауыстыру кезінде түгелдеу жүргізіле ме?

5.    Тұрақты   жұмыс   істейтін   түгелдеу комиссияеын  тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққан ба?

6.    Кассаға күтпеген  жерден ревизия жиі тоқсан  сайын жүргізіле ме?  

7.   Кассада ақшаның  кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алына ма?

8. Касса бөлмесі күзеттік  сигнал беру жүйесімен жабдықталған ба?

9.   Кәсіпорында    қанша    бақылау-кассалық,  бақылау-салық машиналар бар?       

10.   Бақылау-кассалық машиналар салық органдарында тіркелген бе?

11.    Кассалық   кіріс  және  шығыс ордерлерін бухгалтер осы мақсаттар үшін пайдаланылатын журналда тіркеп отыра ма?

12.    Кәсіпорында   ақшаны   ұрлау   және жұмсап қою жағдайлары болды ма?

13.   Касса  кітабын  толтыру оған қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?    

Информация о работе Өндіріс кезеңінің аудиті