Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:23, курсовая работа
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.
Кіріспе......................................................................................................3
I. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы..............5
1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері туралы ұғым...........................5
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы....................................................6
1.3. Қазіргі заман нарық теориясы........................................................8
II. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері.......10
2.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері...........................10
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.......12
2.3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы............................16
III. Нарықты мемлекеттік реттеу әдістері және жолдары.........19
3.1. Нарықты мемлекеттік реттеужәне жолдары...............................19
3.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістері.................20
Қорытынды..........................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................27
Қорытындылай келе, нарық мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің нәзік әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі нарық шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарады. Нарықты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес. Нарық түсінігін тар және кең мағынада беруге болады.
Тар мағынада тауар айналыс саласы – сауда, кең мағынада нарық бұл қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді шешуге ұмтылады.
Осы нарық механизмінің қалыпты түрде жұмыс жасауын қадағалайтын, мемлекет және оның мекемелеріне мақсатты түрде әсер етуді нарықты реттеу әдістері қадағалайды деген шешімге келеміз.
Нарықты реттеу әдістерін оның субъектілеріне қарай мемлекеттік және мемлекеттік емес, сонымен қатар нарықтық тепе-теңдікке әсер етуіне байланысты тікелей және жанама деп бөлдік. Осы әрбір классификация қоғамдағы, мемлекеттегі экономикалық процестерге өзіндік әсерін тигізеді.
Мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық, несие, ақша саясаты сонымен қатар тұрғындардың табысын реттеу жатады.
Экономиканы жоғары тиімділікпен реттеу сапалы болжамдауды қажет етеді. Бірақ оның мүмкіндігі компаниялар мен банктердің коммерциялық құпияларын ашуға қабілеті жете бермейтін статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігімен айқындалады. Нарықты экономика жағдайында тауар өндірушілер мен мемлекет арасындағы құқықтар тең болып көрінеді. Мемлекет өзінің қатынасын шарттық негізде орнатады. Бұл нарықты реттеудің маңызды нысаны болып табылады.
Қазіргі таңда реттелмейтін нарықтық экономика еш жерде жоқ.
Қорыта айтқанда, мемлекеттің нарықтық реттеуші ролі – белгілі мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін тікелей және жанама әдістер мен тұтқаларды ұштастыруға негізделген.
Қазір Қазақстанның алдында тарихи әділетсіздіктерді жеңіп, Қазақстанды көркейту міндеті тұр. Ал ол міндет нарықтық экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономиканы дамытуды Қазақстан үкіметі 3 кезеңге бөліп отыр. Бірінші кезеңде микроэкономикалық тұрақтандыру: мемлекет меншігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру. Екінші кезеңде экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жоюды жалғастыру, көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектік меншік нарығын құру. Үшінші кезеңде экономиканың шапшаң дамуы, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюы және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
Енді Қазақстандағы нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктеріне келетін болсақ, нарық бағаға еркіндік әкелді. Еркін бәсекелестік орнатты. Еңбек өнімділігін арттырды. Тұтынушы мен өндіруші арасында байланыс орнатты. Қазақстан рыногінде тауар молайды. Бірақ, кемшіліктері де бар.
Ол кемшіліктер: 1). «Қоғамдық тұтынуды» нарық шеше алмайды. Білім беру мәселесін, медицина, тәртіп сақтау қызметін үкіметтің араласуынсыз нарық ешқандай шеше алмайды. 2). «Сыртқы эффект» деп аталатын жағдайларға байланысты болатын кемшіліктер. Бұл экология саласындағы мәселелер. Мысалы: Теңіз кенішіндегі экологиялық жағдай өте ауыр. Ол мәселені тек үкіметтің араласуы ғана шеше алады. Су тасқыны, жер сілкіну зардаптарын да тек үкімет жоя алады. Қарт, мүгедек адамдарға көмек көрсетуге де нарықтың әлі келмейді. 3). Нарық жұмыссыздықты жоя алмайды. Осы мәселелерді шешу жолында үкімет бюджеттен ақша бөліп отырады.
Қазақстанда нарықтың кемшіліктерін жою үшін орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту керек деп ойлаймын. Осы орта және шағын кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын жақсартып, Қазақстандағы нарықтың дамуын жылдамдатады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан нарығы болашақта өз кемшіліктерінен арылуға мемлекет тарапынан күш жұмылдырылса және ол халық арасында қолдауға ие болса Қазақстан мемлекетінің гүлденетіндігіне дау жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
10.Мамедов.Ю.О “Современная экономика” 2004г