Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:07, реферат

Описание

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі.docx

— 32.57 Кб (Скачать документ)

Ұлттық  экономиканың тұрақты  өсуі 

Экономикалық  өсу дегеніміз ұлттық өнімнің  сан жағынан өсуімен қатар  сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің  ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

     Экономикалық  өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі  мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
  • Елдердің дамуын талдауы көрсетіп отырғандай, әлемдік шаруашылықта басты ел тобына дамыған елдер кіреді, оларға әлемдік ЖІӨ-ң, әлемдік сауданың және капиталдың халықаралық қозғалысының көпшілік бөлігі келеді. Әлемдік экономикалық дамудың жетекшісі АҚШ болып табылады. АҚШ-ғы дағдарыс экономиканың терең құрылымдық қиындықтарынан туындады, АҚШ-ң өнеркәсіптік секторындағы жұмысбастылық Қытайдан импорттың қысымынан және жұмыс орындарының дамушы елдерге алмасуынан төмендейді. Және «қызметтердің» жаңа экономикасы тең келетін жұмыс орындарын ұсына алатыны, сонымен қатар, экспорт көлемін арттыра алатыны екіталай. АҚШ экономикасының тиімділігінің маңызды себептерінің бірі – бұл Пентагонның қомақты әскери шығындары, соның ішінде Ирактағы, Ауғанстандағы соғысқа шығындары, бұл салық төлеушілердің ақшасын белсенді «жейді» және азаматтық сектордан қаражаттың ағып кетуіне септігін тигізеді. Басқа себеп – «коттеджді» Америка моделінің құрамдастары – жанармай мен жылыту шығындарының артуы есебінен халықтың тұтынушылық шығындарын азайтатын мұнай бағасының өсуі. Бірақ ең бастысы – экономикада құрылымдық өзгерістердің болмауы, экономиканы ақша шығару арқылы жалған ынталандыру, бюджеттің асқынған дефициті және мемлекеттік қарыздың өсуі. Қазіргі кезде АҚШ үлесіне барлық әлемдік өндірістің  21% келеді, алайда  ол бұдан көп тұтынады – шамамен 35%. Доллардың мықтылығы ұзақ уақыт бойы 2006ж. мәліметтері бойынша ЖІӨ-ң 66% құрайтын сыртқы федералды қарыздың өсуі есебінен ішкі тұтынудың артуына (шамамен 13 және 8,7 трлн. долл. сәйкесінше) «кепіл» болды. Бұл бюджеттің елеулі дефицитін құрады – 2006ж. 239,6 млрд. долл. дейін – ЖІӨ-ң 1,8%, және АҚШ-ғы үй шаруашылықтарының ішкі қарыздарының үлкен сомасын өсірді – 12,8 трлн. долл. немесе шамамен адам басына шаққанда 42,6 тыс. долл. Бұндағы үкіметтің, корпорациялардың, азаматтардың жалпы сыртқы қарызы 50 трлн. долларды құрайды. Нәтижесінде 2006 жылы 850 млрд. долл. немесе ЖІӨ-ң 6,2% құраған ағымдағы төлем дефициті көрсеткіші бойынша АҚШ экономикасы өте тиімсіз және сыртқы несие берушілер есебінен өзінің қарыздарын қайта қаржыландыру үшін көптеп қор талап ететін «қара тесікке» ұқсас болды. 2009 ж. басына қарай нақты ЖІӨ қысқарды.
  • Жалпы алғанда, дамыған экономикалы елдердің көпшілігі 2008 жылдың ортасынан бастап нақты ЖІӨ-ң күрт қысқаруын, тұтынушы бағаларының және жұмыссыздық деңгейінің өсуін бастан кешірді (5 кесте).
  • Экономикасы дамыған басқа елдер сауданың жағымсыз жағдайларымен байланысты қиындықтарды кешірді. АҚШ пен Азиядағы сұраныстың күрт төмендеуі және биржалық тауарлардың төмендеуі Канада, Австарлия мен Жаңа Зеландияда экономикалық белсенділікке жағымсыз әсер етті. Халық сонымен қатар, акция нарығындағы құлдыраумен байланысты және азырақ шамада, жылдам қымбаттаудан кейін үй бағасының төмендеуімен байланысты 2007 жылға дейін әл-ауқаттың төмендеуін бастан кешіреді.
  • 2008 жылдың қыркүйегінен бастап дағдарыс Азия елдеріне тарады және олардың экономикасына елеулі ықпал етті. Жапония экономикасы төртінші ширекте 12%-ға қысқарды. Азияның жаңа өнеркәсіптік елдерінде (Гонконг, Корея, Сингапур мен Тайвань) ол 10–25 % қысқарды.
  • 5 кесте – Дамыған елдердегі өндіріс көлемі, тұтынушы бағалары және жұмыссыздық (жылдық %-қ өзгеріс және жұмыс күшінің %-қ үлесі)
  Нақты ЖІӨ Тұтынушы  бағалары Жұмыссыздық
2007 2008 2009 2007 2008 2009 2007 2008 2009
Дамыған экономикалы елдер 2,7 0,9 -3,8 2,2 3,4 -0,2 5,4 5,8 8,1
Соның ішінде АҚШ 2,0 1,1 -2,8 2,9 3,8 - 0,9 4,6 5,8 8,9
Германия 2,5 1,3 -5,6 2,3 2,8 0,1 8,4 7,3 9,0
Ұлыбритания 3,0 0,7 -4,1 2,3 3,6 1,5 5,4 5,5 7,4
 

  • Қалыптасып  жатқан нарықтары бар Оңтүстік-Шығыс  Азия елдері де ауыр соққыға жығылды. Бұл қысқару негізінен дамыған  экономикалы елдерде (Азиядан тыс) ұзақ қолданыстағы тұтынушы тауарларына  сұраныстың төмендеуімен және азырақ шамада ғаламдық қаржылық жағдайлардың нашарлауымен байланысты болды. Үндістан мен Қытай экономикасына экспорт  секторының қысқаруы да әсер етті, бірақ  бұл елдерде экономикалық өсу экономикада сауданың аз үлесінің және экономикалық саясаттың шараларының көмегімен ішкі белсенділікті қолдаудың арқасында жалғаса берді.
  • ЕО кірген және өзінің экономикалық тәуелсіздігі мәселесін сұрақ белгісінің астына қойған кішігірім мемлекеттерге барлық мәселелер бойынша Қытай қарама-қарсы болып келеді. Бұл серпінді дамып отырған мемлекет, әлемде ЖІӨ көлемі бойынша екінші орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құруға ықпал ете алатын, ғаламдық экономикалық және саяси күшінің деңгейіне шығуға талпынады.
  • Соңғы бесжылдықта Қытайда экономикалық өсудің қарқынының жылдамдауы байқалды. Нарықтық ғаламдану жағдайында өсу факторлары ретінде, бір жағынан, Қытайдың әлемдік экономикаға бірігуі, екінші жағынан – жеке бизнестің қауіпсіздігіне кепіл болу табылады. Әлемдік нарыққа бірігу Қытайға экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік берді, 2001-2007 ж. әлемдік ЖІӨ өсімі шамамен 15% құрады.
 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін келесідей мәселелрге көңіл бөлу қажет: 

1. Елдің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру  және ұлттық экономиканы жаңғырту 

      Өткен онжылдықта қазақстандық экономиканың жай-күйі көбінесе энергия ресурстары мен минералдық шикізаттың басқа  да түрлеріне сыртқы конъюнктурамен айқындалды. 2000 – 2007 жылдары тауарлар экспорты орташа есеппен жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 45 %-ын құрады. 2008 жылы мұнай  бағасы рекордтық тарихи деңгейде бір  баррель үшін 147 АҚШ долларына  дейін жеткен кезде, экспорт ЖІӨ-ге қарағанда 53,9 %-ға дейін өсті. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан энергия  ресурстарының әлемдік бағасының  төмендеуі кезінде 2009 жылы экспорт  көлемі ЖІӨ-ге қарағанда 40,3%-ға дейін  төмендеді.

      2008 жылы басталған әлемдік экономиканың  тежелуі, ресурстарды пайдаланудың  қысқаруы, Қазақстанның тауарлық  экспортының негізгі құраушысы  болып табылатын мұнай, металл, металлопрокатқа әлемдік бағалардың  төмендеуі қазақстандық экономиканың  өсу қарқынының баяулауына алып  келді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша  ЖІӨ-нің нақты өсімі 2007 жылғы  8,9 %-бен салыстырғанда 3,3 %-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі  қысқарып, өнеркәсіптегі, құрылыстағы,  сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы  өсу қарқыны төмендеді.

      2009 жылы Қазақстан экономикасының  дамуы терең әлемдік экономикалық  дағдарысқа бейімделу жағдайында  өтті. 2009 жылдың қорытындысы бойынша  нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны 1,2 %-ға дейін төмендеді. Экономиканың  оң өсімі 2009 жылы ауыл шаруашылығының  жалпы өнімінің 13,8 %-ға артуымен, мұнай өндіру көлемінің 8,1 %-ға  артуымен, сондай-ақ экономика секторларындағы  белсенділік пен сұранысты ынталандыру жөніндегі мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларымен қамтамасыз етілді.

      Ағымдағы  жылдың басынан бастап экономика  салаларында оң серпін байқалды, бұл  белгілі бір дәрежеде әлемдік  экономиканың жандануына негізделді.

      Бағалау бойынша нақты ЖІӨ 2009 қарағанда 2010 жылы 7,0 %-ға ұлғайды.

      Сыртқы  нарықтардағы конъюнктураның жақсаруы аясында өнеркәсіп өнімдерін  өндіру көлемі 2010 жылда 10,0 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді  дайындауда өсім есебінен – 5,3 %-ға, өңдеу  өнеркәсібінде   18,4 %-ға өсу есебінен ұлғайды.

      Тауарлар  өндіру мен қызмет көрсету көлемінің  ұлғаюымен сипатталатын экономика  салаларының дамуы жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етті. Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы желтоқсанда экономикалық белсенді халық санының 5,5 %-ын құрады, бұл 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда                  1,1 пайыздық тармаққа төмен.

      Сонымен қатар әлемдік экономиканың қалпына  келуі мен әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар деңгейінің өсуі аясында  отандық экономиканың өсуі ішкі бағалардың артуына ықпал етеді. 2010 жылғы  желтоқсанда инфляция деңгейі 7,8 %-ды құрады, бұл өткен 2009 жылғы желтоқсанға  қарағанда                  1,6 пайыздық тармаққа төмен.

      Отандық экономика жай-күйінің сыртқы бағалар  факторларынан тәуелділігі оған тән құрылымдық поляризация салдарынан сақталып отыр. Бір полюсте –  бұл тез дамитын табыстылығы  жоғары шикізаттық салалар және табыстары  әлемдік экономиканың жай-күйі мен  сыртқы нарықтардағы кононъюнктураға  толығымен тәуелді, толығымен әлемдік  нарыққа жұмыс істейтін металлургия  салалары. Мұнда ауыл шаруашылығын да жатқызуға болады. Екінші полюсте  – рентабельділігі мен қосылған құны төмен басымды түрде ішкі нарыққа бағдарланған өңдеу секторының салалары.

      Осылайша, экономиканың жай-күйі көбінесе шикізаттық экспортқа бағдарланған салалардың дамуымен айқындалады. Экономиканың мұндай құрылымы оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан  экономиканың тұрақты өсу қарқындары болашақта басымды түрде шикізаттық емес секторды дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қалыптасқан жағдайда кәсіпкерлікті қолдаудың, сауданы дамытудың қаржылық және қаржылық емес саясатын қайта қарау  қажет. Бизнес-орта ұлттық экономиканы  дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын  арттыруға қатты ықпал етеді.

     ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграция процестерін  мазмұнды пысықтау және тиісінше үйлестіру  Қазақстан Республикасының интеграциялық  бастамаларын тиімді іске асыруға қол  жеткізудегі ұлттық мүдделерін кешенді  ескеруді қамтамасыз етудің маңызды  құралы болып табылады.

Қазақстандық  заңнаманы ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің ережелерімен толық сәйкес келтіру  бойынша жұмыстар жалғасуда. Кеден  одағын іске асырудың басталуымен ДСҰ-ға кіру процесі біраз өзгерістерге түсті, олар ең біріншіден, ДСҰ-ға мүше елдер кіргеннен кейін Кеден одағының толық жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажеттілігімен байланысты.Бұл мақсатта біздің елдер ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерді Кеден одағы комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестірілген ұстаным негізінде жүргізеді.Бүгінгі таңда Қазақстан тиісті Хаттамаларға қол қою арқылы ДСҰ-ға мүше 24 елмен қазақстандық тауарлар және қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздерді аяқтады.  

  1. Нәтижелі  мемлекеттік секторды құру
 

     Қолданыстағы  мемлекеттік басқару жүйесі халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін  толық қамтамасыз етпейді, мемлекеттік  органдардың халықпен жедел қайта  байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік  қызметтердің төмен тиімділігі мен  сапасы байқалады, себебі барлық мемлекеттік  қызметтер бойынша оларды көрсетудің нақты стандарттары мен регламенттері  әзірленбеген.

     Осыған  байланысты, көрсетілетін мемлекеттік  қызметтердің сапасын одан әрі арттыру  және оларды көрсету процестерін  жетілдіру талап етіледі, нәтижесінде  бұл сапалы қызметтер алуға азаматтардың өзінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.

     Бұдан басқа мемлекеттік қызметтерді  стандарттау процесінің негізі болып  табылатын қолданыстағы Басқару  салалары (аялары) бойынша мемлекеттік  қызметтердің тізілімін кезең-кезеңімен  кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

     Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі  Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2011 жылдан бастап тұрақты түрде мемлекеттік  органдардың қызметін функционалдық  шолу көзделуде. Әрбір нақты мемлекеттік  органда өкілеттіктердің оңтайлы  көлемін айқындау жекелеген секторда, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлі  деңгейінде артық функцияларды жою, қайталанатын өкілеттілікті болдырмау, жетіспейтін функцияларды бекіту және нарық тетіктерін пайдалануды кеңейту  жолымен мемлекеттің барабар  рөлін тұтастай белгілеуге мүмкіндік  береді.

     Қазіргі заманғы Қазақстанның жылдам өзгеріп  отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мемлекеттік билік органдарының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер  қояды, осыған байланысты мемлекеттік  басқару жүйесі басқарудың үйреншікті, дәстүрлі әдістерін ғана қайта қарауға  мәжбүр болып қана қоймай, өз қызметінің тиімділігін тұрақты арттырып отыруы тиіс.

     «Орталық  мемлекеттік және облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін  жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің       2010 жылғы 19 наурызда қабылданған Жарлығының міндеті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

     Осыған  байланысты 2011 жылдан бастап жүйелі негізде 26 орталық мемлекеттік орган және 16 жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау  көзделіп отыр.

Информация о работе Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі