Электрондық ақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:58, реферат

Описание

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты элетронды ақшаның түсінігі мен оларды пайдалану нысандары теориялық аспектілер беріп, қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылап, электронды ақшаны жан-жағынан - қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3
І – тарау. Ақша туралы теориялық аспектілері және электрон-
дық ақшалар
1.1 Ақшаның пайда болуы, оның түрлері..................................................6
1.2 Электрондық ақшалар............................................................................11
І І – тарау. Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар
2.1 Ақша айналысы заңы және мәні..........................................................15
2.2 Электрондық технологиялар................................................................19
І І І – тарау. Пайдалану нысандары
3.1 Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге.............................................25
3.2 Қазақстан Республикасында «Электрондық ақшаның» дамуы........27
Қорытынды................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................31
Қосымшалар...............................................................................................32

Работа состоит из  1 файл

электрондық ақша.docx

— 74.10 Кб (Скачать документ)
  1. жаһандану. Әлемнің  түкпір –түкпіріндегі  өзара саудада  қажет іскер адамдар мен  клиенттердің саны өсуде.
  2. Ақша нарығындағы бәсекелестіктің  өсуі. Бәсекелестіктің  өсуі  ақша нарығына  кірудегі  реттеуші  кедергілердің  төмендеуімен, банкілік емес  институттардағы  төлем қызметінің  белсенділігімен түсіндіріледі. Сондықтан банкілік  емес институттар  өздерінің  қаржылық қызметінің  аясын  кеңейтіп,  шығындарды  азайтудың  жолдарын іздестіруді  жалғастырады. Нәтижесінде  банкілер және  басқа да  қаржылық  институттар  төмендетпелі  маржа  жағдайында бұдан  шығар жолды тапты.
  3. Онлайндық  сауданың  елеулі  өсімі. Фирмалық  көтерме  сауда  секторында, клиенттің  бөлшек  сауда  секторында  да  электрондық  коммерцияның  дамуы  қауіпсіз әрі ыңғайлы онлайндық төлем  әдістеріне деген  сұранысты  арттырады.

Қазіргі  кезде интерент төлем  жүйелерінің  көптеген  түрлері  дамыған. Олардың  ұлттық  көлемдегі  жағдайы мен  кеңеюі дәрежесі әр түрлі. Интернет –төлем  жүйелерінің  жіктелуі олардың  дамудағы  маңызды  мәселесі  ретінде  қарастырылады. Олардың  негізін  құрайтын,  төлем  құралының  тәстүрлі  анықтамасына сүйеніп жасалған  интернет –  төлем  жүйесінің  жіктелуі келесі  кестеде  келтірілген.

Кредиттік және төлем  карталары.  Кредиттік  карточкалар бойынша  төлемдер жүргізу  бүгінгі  күнге  дейін  банкілік  шотпен  тығыз  байланысты  болса да біз  оларды  жеке қарастырамыз.  Біз оларды  делдалдық төлем  қызметін көрсететін «төлем құралы» деп есептейміз.  Кредиттік карточкалар  бойынша  төленген  төлем  клиенттің  банкілік шотын  дебеттеудің  алдында  төлемдерді  біріктіруге  жұмсалады.  Төлемнің  бұл түрін  «кейін   төленеді»  категориясына  жатқызуға  болады. «Өзара байланысқан  төлемдер» концепциясы  өте маңызды  болып табылады,  себебі ол  төлем  қызметтерінің  артық  бір тізбегі  мен  провайдерінен  тұратын  төлем проценттерін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  ол интернетте  төлем  қызметтерін  ұсынуда банкілік және банкілік емес қаржы  институттарының  арасындағы  қарым –қатынастарды  жақсы  түсінуге  септігін  тигізеді. Кредиттік және төлем  карточкалары негізінде  жүргізілген  төлем  жүйелері  барлық  төлемдердің  тіркелуімен , орташа  және жоғары  құнды  төлемдердің  жасалуымен  сипатталады. Кіру  өнімдері  сияқты  төлем  жүйелерінің  бұл түрі  жағары деңгейлі  қауіпсіздік  мен  пайдалану  жеңілдігінің  талаптарына  жауап береді.

Мүмкіндікті  әмиян /шоттар. Төлем  қызметтерінің  кейбір провайдерлер  орталық  серверде  орналасқан  әмияндарды  қолданады. Бұл кредиттік  трансферттердің , дебеттік және  кредиттік  карточкалардың  көмегімен  төлемдердің  дәстүрлі  түрлерін  пайалануды  жеңілдете түседі.  Көп  жағдайда  мүмкіндікті әмиян  функционалды  түрде « мүмкіндікті шотпен»  біріктірілген. Сол себепті  оларды  «мүмкіндікті әмиян/ шоттар» деген  жалпы  категорияға  жатқызуға  болады.  Әдетте,  мүмкіндікті  шоттар  кәдімгі банкілік шоттардың  қызметтерін атқарып  отырады. Олар  кұнды  бір  мүмкіндікті  шоттан екіншісіне  немесе  мүмкіндікті  шоттан  банкілік, болмаса  карталық  шотқа  аударып отыруға  мүмкін береді.

Мүмкіндікті  шоттың дәстүрлі  шоттардан  айырмашылығы  неде?

Біріншіден, мүмкіндікті  шоттар банкілік немесе  банкілік  емес  қаржылық  институттар  арқылы  ашылуы мүмкін.

Екіншіден,  мүмкіндікті  шоттар  интернетке  негізделген (электрондық  пошта  миен  интернет арқылы  серверге  кіруін  пайдаланады).

Үшіншіден,  мүмкіндікті  шоттар әдетте , бағалы  қағаз  немесе клиринг пен өзара  есеп  айырысу  сақсатында  дәстүрлі  шоттармен  байланысты болады. Төлем жүйесінің  бұл  түрі  сатып  алудың  онлайндық  процестеріне  көшуге (әсіресе желілік  аукциондарда) немесе  пайдаланушылар арасында  онлайндық төлемдер  жасауға, халықаралық  төлемдерді  пайдалануға  арналған.

Құны  алдын ала  төленген өнімдер. ХХ-ХХІ  ғғ.  Бөлшек  төлемдер  шеңберіндегі  маңызды  жаңашылдық ретінде  қарастырылған  төлем  құралдарының  келесі түрі – құны  алдын ала  төленген өнімдер  деп  аталады.  Құны  алдын  ала  төленген  өнімдер  ақша  қаражаттарын  айырбастау жолымен  сатып алынады,  эмитетінті  сеньоражды  табыспен  (оны жиі  пайызсыз табыс деп  атайды) қамтамасыз етіліп отырады.  Қайтару кезінде  құны алдын ала  төленген  өнімдерде  отырған  ұсынушының  ақшалай  талабы  эмитентке  жіберіледі.  Эмитент  алдын ала  барлық  талаптарды өтейтін  ақша  сомасын  алғаннан  кейін   төлемді  қамтамасыз ету керек. Талдау жасау тұрғысынан  алып  қарастырғанда, құны  алдын  ала  төленген  өнімдер   төлемнің  байланысқан тәсіліне  жатқызылады.Ақшалай  суррогаттар. Бұл  терминді  электронды  ваучерлер, электрондық ұтыстық  бірліктер,  электронды  купондар , электронды сыйақылар  сияқты  құнды  ұпайларды  белгілі бір  шарттар  бойынша  сатушыларға бөлініп  сатылады.  Төлем  жүйесінің  мұндай түрі  ерекше  көңіл бөлуді  талап  ететін  біркелкі  емес  және  жаңартпашылық  қызмет аясына жатады. Микробиллинг. Микробиллинг  жүйелері  шотты  электронды ұсыну  жүйеоері мен  төлем сервистеріне  қарағанда  өзгеше  болғанымен, кейде  олардың  функциялары бір –  бірімен  ұқсас келеді. Микробиллинг те кредиттік карточкалар бойынша  жүргізілген  төлемдерде  қаржылық делдал,  телекоммуникациялық компания, интернет- провайдер, банк немесе  мамандандырылған биллинктік  компания  (шотты ұсыну  бойынша  компания)  төлемдері  клиенттің банкілік  шотында  дебеттеуге немесе басқа да  делдалдық  төлем  қызметтерінде  пайдаланылады.  Осы әдіс  кредиттік  желіні қарастырады.  Бұл мағынада  ол «кейін төленетін» категориясына  жататын тағы бір  төлем әдісі  болып табылады.  Биллингтік  сервис  биллингтік  қарым- қатынастармен , мысалы телефон  компаниясымен , интернет –провайдермен,  сауда  орталығымен  байланысты  болуы  мүмкін немесе  осы  қызметтің  абонеті үшін  орнатылуы  мүмкін.Төлемнің  мобильді  әдісі.  Төлемнің  мобильді  түрлері  жаңа құрылғыны – ұялы телефон  мен  байланыстың  жаңа  каналы – ұялы  телефон  желісін  қамтиды . Бұл әдіс шынайы және электронды  экономикада  бірдей пайдаланылады. Мұнда  үш негізгі  бағыт сақталады: 1) басқа  шоттарды  ұялы байланыс  қызмет  есебіне кіргізу  арқылы; 2)  алдын ала  төленген  карталардан  қаражаттарды ұстау; 3)  кредитік  карточка бойынша  төлемдер  мен  тікелей  дебеттік  аударымдар  сияқты  дәстүрлі  төлем  құралдарын пайдалану  мүмкіншілігі. Бір сөзбен  айтқанда,  ұялы  телефондарды  төлем  құралдарының  барлық  түрлеріне  қатысты  қолдануға  болады.[Ғ.С.Сейтқасымов. “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж.]      Қазіргі кездегі  интернет – төлем  жүйеерінің  дамуының  негізгі  мәселелерінің  бірі – олардың қызмет  көрсету  сапасы,  яғни  бұл  жерде  төлем  жүйелерінің  интернет  жүйесінде  төлемдерді  жүзеге  асыратын  клиенттердің  талаптарын қаншалықты  қанағаттандыра  алатыны туралы  айталыда.  Сонымен қатар,  интернет – төлем  жүйелерінің  дамуындағы  маңызды  мәселелерге  пайдаланушылардың  шекті  массасын  құру мен төлемдердің тиімділігі жатады. Бұл  мселені де жеке  зерттеуді  қажет ететін нысан  ретінде  қарастыру керек. Бірінші мәселе – төлемдердің  бүкіл  аясының  дамуын  білдіретін  желілік  әсерлермен, ал екіншісі  -  әрбір төлем  жүйесінің  трансакциялық  шығындарын  есептеумен  байланысты.Дәстүрлі  электрондық  төлем  жүйелері (кіру өнімдері,  кредиттік карталар)  ұтымды  жағдайда  болса да, сандық  тауарлар мен  қызмет  көрсетулер  сауданың  дамуы мен  микротөлемдер көлемінің  өсуімен байланысты  болуы мүмкін. Ресей банкінің клиенттік  есепшотты  орталықтандыру  негізінде  қалыптасқан  нұсқауларға байланысты  қашықтықтан банкілік қызмет  көрсетуге жаппай  көшуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шығындарының  қолма-қол  есеп айырысу  деңгейіне  көмектеседі.  Төлем  жүйелерінің  қосымша  қызметінен  экономикалық  пайда түсіру үшін   қолма-қол ақшасыз  есеп   айырысу  қолма –қол есеп айырысуға қарағанда  тиімді болуы керек. Алайда,  аталған  төлем жүйелерінің  ұйымдастырылуы  мен  технологияларының  өзгергіштігі  банкілердің  төлеме – касса  операциясының  бағасына  және  оның  қаржы нәтижесіне  әсер етеді. [Сахариев С.С, Сахариева А. С  «Әлем экономкасы» ІІ-бөлім, Алматы «Дәнекер» - 2003 ж.]Бұл бөлімде  банкліредің  қаржы  нәжисінің  өзгерістері  қарастырылған, сонымен  бірге, қолма – қол ақшасыз  есеп  айырысу  тарифтері мен  баға орнату  үлгісі ұсынылған болатын. Ол  клиенттерге  қажет  болғандықтан банк шығындарының бетін  жауып тұрады.  Банкілердің  табысы мен  кірісі  олардың  бизнесін  қызықтыруы  керек. Олар төлем  жүйесінің  технологиясына қаржы  ендіруді  жүзеге  асыра алады.Нақты  экономикалық  есеп айырысу  мен  комиссия  мөлшерін,  коммерциялық банкілердің  жалпы табысы мен  шығынын анықтамас бұрын,  төлем  жүйесінің  технологиясында  ұсынылған  жаңалықтар  аясында  Ресей банкі мен  коммерциялық  банкілер  арасында  қызметтерді  бөлуге баса назар  аударылған.  Сонымен бірге  төлем қызметін  көрсетудегі  дәстүрлі  үлгімен салыстырғандағы  табыс пен кірістің  өзгерістерін анықтау қажет.Төлем жүйелерін жасап шығару мен оларды дамытуда коммерциялық банкілер негізгі рөлді атқарады. Коммерциялық банкілер бағдарламамен қамтамасыз етуге тапсырыс беріп, оны жасап шығаруды қаржыландырады. Қазіргі кезде SWIҒТ жүйесі бағдарламамен қамтамасыз етудің тәуелсіз жасап шығарушыларын ынталандырып, банк тарапынан бағдарламамен қамтамасыз етуді таңдауға ерік береді. Интернет-трейдинг бағдарламасымен қамтамасыз етуге сервистік қолдау көрсетіп, оны енгізіп, қолдануды үйреткені, электрондық поштаны бекіткені, қарапайым форма бойынша автоматты есептің электрондық стандартты үлгісі мен төлем жүйесінің қосымша қызметтері үшін коммерциялық банкілер комиссиялық пайыз ұстап қалады.Коммерциялық банкілердегі төлем қызметінің бағасын орнатудың жаңа қағидаларын модельдеу 3-4-бөлімдерде сарапталған шешімдерге негізделеді. Ол жерде эмиссия мен карталық қызмет көрсетудегі карталық жүйенің комиссиясы бір жағынан ресейлік клиенттердің барлығына тиімді болса, екінші жағынан банк шығындарын жасырып тұрады.Карточкалық жүйені қолданудың тәжірибесінен, банкілік офиске дәстүрлі келуді және банк қызметкерлерінің жұмысын, әрі осындай іс-әрекеттерді жүргізудің жиілігі бойынша мәліметтерді талап ететін тарифтерді алып пайдаланамыз. Бұл есеп айырысу мөлшері банк шығындары бойынша қосымша офистер мен қызметкерлерге түскен ауыртпалықгы анықтауға мүмкіндік береді.Қолма-қол ақшаны берудегі комиссияның деңгейі карточка жүйесімен бірдей, себебі ол клиентгердің бәріне көрсетілген қызмет үшін комиссиялық пайыз алынады. Кассалық іс-әрекеттердің осыған ұқсас табысы статистикалық мәліметтер негізінде анықталады.Шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер мен халықтың жағдайы бар бөліктері банкімен жұмыс істегенде ұялы телефон мен интернетті қолданады. Бұл облыстағы банк комиссияларының үлгісін жасау интерет, ұялы телефонды колданушылардың мөлшері мен осы банкілік емес қызметтерді төлеу деңгейіне негізделеді.Төлем жүйелерінің қосымша қызметтері телефон немесе интернет арқылы көрсетіледі. Қосымша қызмет комиссиялары қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын қолдану комиссияларымен бірге жүргізіледі.Жабдықтың қызмет көрсетуі мен клиенттердің карталарын қабылдаудың бағдарламамен қамтамасыз етуіне жұмсалған шығын банк-клиент құралына қызмет көрсету мен оны орнатуға жұмсалған шығынмен тең. Ресей банкінің аймақтық арқылы орталықтандырылған жүйесінде карточкалық төлемді жүргізудін тарифі Ресейдің банкілік тарифтерінің деңгейіне қарағанда төмендеу.Төлеме-кассалық іс-әрекеттердің баға орнататын модельдеуді есепшот ашуға алынған комиссия мен қағаз түрінде төлемді жүргізу үшін алынған комиссиядан бастаймыз. Мұндай іс-әрекеттер қазіргі кезде банкілерге көп табыс әкелмейді әрі шығынды көп жұмсайды. Ресейдің Мемкомстатының мәліметтеріне қарағанда, елдегі 18 жастан жоғары халықтың саны 105 млн. адамды құрайды. Бірнеше жылдан кейін жасы ұлғайған адамдардың 75%-ында пластикалық карта болады деп есептейік. Бір магнитгі карта 2-3 жылға, ал чиптік 5 жылға дейін жарамды, елде салық органдарының жиі есеп беретін заңды тұлғалардың саны — 2,4 млн. Олардың әрқайсысының жоқ дегенде бір ағымдағы есепшоты бар. Әрбір заңды тұлға 2-3 жылда бір рет жаңа есепшот аша алады.Коммсрциялық банкілср қарапайым тұлғалардың 80 млм. астам карточкалық төлемі мен 2,4 млн. жұмысшының төлемін жүргізеді. Жылына 16 млн. жуық адам жаңа карта алуға келсе, 1 млн. кәсіпорын жаңа есепшот айттырып жатады.Банкілер эмиссия мен қарапайым пластикалық карта аркылы қызмет көрсеткені үшін 5 доллар алады. Банкілердің клиенттерге есепшот ашып, қызмет керсеткеннен түскен табысы жылына 500 млн. доллар болуы мүмкін.Карточка жүйесінің клиенттері банкілік офистерге сирек барғандықтан банкомат пен РОS-терминал жүйелерін қолдануды үйреніп қалған. Сондықтан клиенттерге дәстүрлі қызмет көрсетуде жеке комиссия алынбайды, осыған сәйкес ұсталымдар карточканың жылдық қызметінен алынады.Пластикалық картаның иелеріне қарағанда кәсіпорын қызметкерлері қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын қолданбайды және банк офистеріне жиі барып тұрады. Қашықтықтан қызмет көрсету құралының қаражатын бақылап отыру үшін, банкіге барған сайын комиссиянының мөлшерін анықтап отыру керек. Бірақ осыған ұқсас ұсталымдарды мекеменің жылдық қызмет көрсету төлеміне жатқызуға болмайды.Қағаздық құжатта төлем жүргізген кезде үзінді көшірмені сақтаған дұрыс. Дәстүрлі қызмет көрсетудің кез келген формасына 2,5 доллар мөлшерінде комиссия ұстау керек. Бұл норма карточка жүйесіндегі ұсталымдар мен комиссияға сәйкес мемлекет ішінде шетел валютасы төлемін өткізумен бірдей болады.Ресей банкінің деректері бойынша, 2002 ж. Ресейдің төлем жүйесі карточкалық төлемді есептемегенде 738 млн. төлем жүргізген; бұл карточкалық төлемнің 7,3 %-ы, яғни 54 млн. төлем қағаздық құжат негізінде өтті. Төлемдердің тек 1,5%-ы есеп айырысудың аккредитив және инкассолық формасында өтті. Бұл шамамсн 14 млн. Төлемді құрайды. Ресей банкінің статистикалық деректері анықталғандай, жұмыс істеп жатқан кәсіпорын жылына банкіден дәстүрлі жұмысты талап ететін 24 төлемді жүзеге асырады екен. Бұл пластикалық карта иелерінің банкіге баруынан біршама көп. Карточкалық бизнестің баға орнату моделінде карточкалық есепшот ашу мен жылдық қызмст көрсету есебін банкіде сәйкестендірілген ұсталымдар жабады, бірақ пайда әкелмейді. [В. Д. Мелинков “ Основа финансов ”, - Алматы, 2005 ж]Дәстүрлі төлемдердің көп бөлгіінде бір мекеме төлемінің комиссия денгейі банк шығаратын шығыннан аспауы керек.Кәсіпорындар бойынша қолмен өңделетін төлемдердің жалпы саны 68 млн. құрады. Осындай әр төлемге 2,5 долларды шаққанда банкілердің комиссиялық кірісі жылына 170 млн. доллар болуы керек.Дәстүрлі төлемдерді өндеудегі үлкен комиссиялық ұсталымдар төлемнің кысқаруына әкелуі мүмкін. Бірақ қолма-қол акшасыз есеп айырысудың жалпы өсуі төлем санын сол дәрежеде сақтауға мүмкіндік береді.Егер 500 млн. долларға шот ашып, жүргізгені үшін 170 млн. долларды, шетел валютасымен жүргізілетін төлемдерден 216 млн. долларды қосатын болсақ, онда төлем қызметі үшін 886 млн. доллар көлемінде комиссия ұсталатын болады.Бұл көрсеткіш қазіргі комиссиялық кірістен 12% көп. Жаңа модельде кірістің көтерілуіне қарамастан, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың 1,6 млрд. долларды құрайтын дәстүрлі инфракұрылымы әлі жабылмай жатыр. Кірістерге қолма-қол төлемдегі комиссиялар қосылған жоқ, сондықтан оларды модельдеуге көшеміз.Қазіргі таңда ірі кәсіпорындар жалақы төлеу үшін банкіден қолма-қол ақша алады, ал ірі саудагерлер банкілерге қолма-қол ақша түрінде түскен табыстарын өткізіп отырады.


І І І – тарау. Пайдалану нысандары

3.1 Қазақстанның ұлттық  валютасы – Теңге.

Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон  және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды  (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан  «Алтын белгі» алды). Ұлттық валюта енгізілгеннен  кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға  және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын  сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне  байланысты  есеп айырысу жүргізген  кезде ұлттық валюта тұрақтылығына  ықпал ете алатын барлық негізгі  факторлар есепке алынады. Алғашқы  кезде теңге бағамы төмендейді деп  күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген  өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы  айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды. Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша  құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%, 1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17%, ал 2002 жылы – 3,25% болды.Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).1995 жылдың аяғында – 8,2% болған ЖІӨ өсу қарқыны төиендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60,3%-ға дейін төмендетуге қол жетті.1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу кезіне қарай Қазақстанның банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын: екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банке орталық банктің бірқатар функциялары берілді. Бұл өз валютвмызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуін едәуір жеңілдетті.Банк секторын едәуір сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 1993-1996 жылдар арлығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге азайды.2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер қайта ұйымдастырылды.1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан рыноктық қатынастар негізінде құрылған және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлізейнетақы жүйесіне көшті. 3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап). ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды.Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13,2% -дан 5,9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны – 2003 жылдың қазаны аралығында) 4,2% болды.Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге  - 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары).Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы). Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.

3.2 Қазақстан Республикасындағы  «Электрондық ақшалардың» дамуы

Жуық арада төл теңгеміздің, яғни ақшаның екінші түрі қолданысқа енетін болады. Бірақ ол ақша қағаз  түрінде емес, оны қолма-қол жұмсай алмайсыз. Өйткені ол - ақшаның электронды нұсқасы болып табылады. 2010 жылдың ақпан айының 2-сінде Ұлттық банк мамандары Мәжіліс депутаттарына “Электрондық ақша туралы” заң жобасын таныстырды.  Осы заңға сәйкес, кез-келген азамат өз еркімен екінші деңгейлі банктерге барып, электронды есеп-шот ашады. Оны “электронды әмиян” десеңіз де болады. Содан соң осы әмияныңызға өз шамаңыз жеткенше, қалауыңыз бойынша керекті қаржыңызды салып қоясыз. Содан кейін интернет арқылы сатылатын тауарларға үйіңізде немесе жұмысыңызда отырып-ақ тапсырыс беріп есептесе аласыз. Жаңа заңға сәйкес, электронды ақшаның екі түрі болады. Бірі - электронды карточка арқылы, екіншісі - желілік электронды әмиян арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).Тұтастай алғанда, электрондық ақшаны шығару, тарату және қолдану тәртібінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңдары деңгейінде реттеледі. Қазіргі уақытта осы мәселелерді реттейтін, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізуді көздейтін тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Сонымен бірге электрондық ақшаны шығару электрондық ақшаны нақты ақшаға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, яғни эмитент банк пайдаланушыдан (жеке тұлғадан) тиісті ақша сомасын алғаннан кейін электрондық ақшаны пайдаланушының “электрондық әмиянына” қабылданған нақты ақшаның номиналды құнының мөлшерінде “салуды” жүзеге асырады. Осыдан кейін иесі (жеке тұлға) электрондық ақшаның қолда бар сомасы шегінде электрондық ақша жүйесінде сауда және өзге де операцияларды жасай алады. Электрондық ақшаны тарату үшін эмитент банк оны банктік қызмет көрсету орталықтарындағы өзінің филиалдық желілері арқылы тарата алады немесе электрондық ақшаны пайдаланушылар арасында таратумен айналыса алатын өзінің агенттік желісі болады. Негізгі функциясы эмитент айналысқа шығарған электрондық ақшаны сату және сатып алу болып табылатын осындай агенттің рөлінде эмитент банкпен тиісті шарттық қарым-қатынастары бар заңды тұлға бола алады.Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Аталған заң жобасына сәйкес сауда операцияларын жасау үшін заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің электрондық ақшаны сатып алуына және пайдалануына шектеу белгіленеді. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілері өздері жеткізетін тауарлар (қызмет көрсетулер) үшін ақы төлеуге электрондық ақшаны қабылдауға (алуға) және оларды өтеуге ұсынуға құқылы. Сонымен бірге заң жобасында белгіленген шекті мәндерден асатын сомаға электрондық ақшаны пайдалануға жол берілмейді.Жасыратыны жоқ, электрондық ақшаның пайдаланылуы көлеңкелі капиталдың айналымын, заңсыз келісімдерді болдырмауға кепіл бермейді. Сондықтан да, электрондық ақшаның көмегімен келісімдерді реттеу және бақылау туралы іс-шаралар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында ескерілген. Сондықтан “Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, нотариустардың және адвокаттардың қаржы мониторингінің субъектілері болып табылатындығын көздейді. Қазақстанның аумағында электрондық ақшаны шығару құқығына тек банктер ғана ие болатынын ескере отырып, оларға қатысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша қолданылып жүрген заңнаманың барлық талаптары қолданылатын болады. Заңнамаға сәйкес төлем жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылатын банктер күмәнды операцияларды тексереді (мониторинг жүргізеді) және тиісті ақпаратты қаржы мониторингі органдарына ұсынатын болады. Сонымен бірге заң жобасында банктің электрондық ақша иелері шекті мәннен асатын сомаға операция жүргізуі үшін электрондық ақшаны шығарған және пайдаланған жағдайда, оларды міндетті сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар ескеріліп, көрініс тапты. Бағдар ретінде Капиталды жылыстату проблемалары жөніндегі арнайы қаржы комиссиясының ұсынымдары болды, олар барлық дүние жүзінде ескеріледі. Жалпы елімізде интернет арқылы есеп айырысуды қазірдің өзінде қолданатындар бар. Әсіресе коммуналдық және ұсақ төлемдерді жүргізу кезінде. Бірақ оның барлығы осы күнге дейін ресейлік жүйе арқылы іске асырылып келген. Енді жаңа заң арқылы өзіміздің отандық жүйе дайындалып, барлық электрондық есеп-айырысулар заңдастырылатын болады. Батырбек Әлжанов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары: - Қазақстанда 3 млн интернет пайдаланушы бар. Интернет дүкендер - 270. Соның ішінде 40 дүкен элекронды ақшамен жұмыс істейді. Бізде электронды ақша туралы заң жоқ. Біздікілер Украина, Ресейдің шығарған электронды ақшасымен жұмыс істеп келді.Электрондық ақша мен төлем карточкаларының арасындағы айырмашылық төлем карточкасының банк шотына кіру құралы болып табылатындығында. Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізген кезде барлық операциялар клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады. Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны бір электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға электрондық ақшаны – “эмитенттің ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы жүзеге асырылатындығында болып отыр. Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде электрондық ақшаны беру үдерісі электрондық ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор (чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің “жадысы”) арқылы іске асырылады. Кеңірек ойланып қарасақ, электрондық ақшаны пайдалану жалпы қоғам, көпшілік үшін шындығында да үлкен мүмкіндіктерге жол ашатындығы сөзсіз. Сонда электрондық ақша жүйесін енгізу және келешекте осындай сипаттағы төлемдерді жүзеге асыруды одан әрі дамыту қалай жүрмек деген сұрақ туындау мүмкін. Алайда қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды. Жалпы алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды. Мәселен, Қазақстанда бүгінде электрондық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бойынша инфрақұрылымды дамыту проблемалары бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолданудың төмен деңгейі.

Қорытынды

Ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған фраза болып табылмайды. Ақшаның  өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз, несие және электронды ақшалармен жүзеге асуда. Электрондық ақша – бұл ақшаның қазіргі заманға сай түрі, ол электрондық құрылғыда сақталады және төлемдік міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіреді. Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар негізіндегі, екіншісі - желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Қазақстанда 3 млн интернет пайдаланушы бар. Интернет дүкендер - 270. Соның ішінде 40 дүкен элекронды ақшамен жұмыс істейді. Бізде электронды ақша туралы заң жоқ. Біздікілер Украина, Ресейдің шығарған электронды ақшасымен жұмыс істеп келді.

Енді, нақты қорытындылай келсек, кеңірек ойланып қарағанда, электрондық ақшаны пайдалану жалпы  қоғам, көпшілік үшін шындығында да үлкен  мүмкіндіктерге жол ашатындығы сөзсіз. Қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Осыған байланысты күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды. Жалпы алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды.

Информация о работе Электрондық ақша