Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , мақсаттары және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 16:41, реферат

Описание

1.Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.

Работа состоит из  1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері.doc

— 241.50 Кб (Скачать документ)

    Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.

    Болжаудың бірнеше анықтымалырын  ұсынамыз:

  • Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын-ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.
  • Болжау – обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
  • Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

    Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар:

  • Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышарты құру;
  • Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы;
  • Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;
  • Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.

    Әлеуметтік-экономикалық болжау объектілері, уақытша интервалдары, атқарым белгілері, тәсілдері және түрлері бойынша жіктеледі.

    Бірақ мұндай жіктеу шартты  сипатта болады.

    Болжамдардың сипаттамасына кеңірек  тоқталайық.

    Объектілер санатында халық шаруашылығының, салааралық кешендердің , аумақтардың   және салалардың алғашқы буындары  көрінеді.

    Аралықтары бойынша болжаулар жедед (ай, тоқсан) , қысқа мерзімді (1-3 жыл) , орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болу мүмкін.

    Атқарымдық қызметтері бойынша-іздестіру  және нормативтік. 

    Бұл болжаулардың арасындағы  айырмашалық, олар екі түрлі мәселелерді шешуіне байланысты қорытындыланады. Іздестіру болжамдары мемлекеттік ықпал етудің ешқандай шарасы қабылданбаса, не болады және егер өткен және бүгінгі көрсеткіштерді үдерісі келешекте тараса не болады?» деген келешек деген сұрақтарға жауап береді.

    Нормативтік болжам: « Келешекте  тапсырылған міндетке жету үшін, осы кезеңде не өзгерту қажет?»  деген сұрақтарға жауап береді.

    Сөйтіп, іздестіру болжамына базалық көзқарастың шешуші маңызы болады, ал нормативтік болжам үшін – мақсатты маңызы бар.

    Болжау тәсілдерінің арасында  сарапшылық, экстрополяциялық және  экономикалық-математикалық (модельдеу)  түрлерін бөліп алады.

    Болжау түрлері: экономикалық (инфляция  деңгейі, еңбек өнімділігі), табиғи  ресурстардың ( әлемдік мұхиттар ресурстары, энергияның кейбір түрлері және т.б.), демографиялық, әлеуметтік даму (мәдинет, өнер).

    Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын  қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.

    Жоспарлау жасалу нысаны бойынша  директивті, индикативті және стратегиялық болады.

    Индикативті жоспарлауға толығырақ тоқталамыз.

    Индикативті жоспарлау – бұл  нарық экономикасының  қызметіне  ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет  шараларының ықпалынсыз қиын  тиетін, экономикалық өмірдің көптеген  мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

    Индикативтік жоспарлау нарық  экономикасының жағдайы мен мемлекеттік  реттеу әдістерінің бүкіл әлемде  кең тарауы үшін ең қолайлы  болып таьылады.

Бақылау мен талқылау сұрақтары

  1. ЭМР-дің негізгі құралдарын анықтандар. Оларға сипаттама беріңіздер.
  2. Жүйелі-кешенді және бағдарламалақ-мақсатты тәсілдің мәні неде?
  3. Стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігі немен шартталады?
  4. Жанама және тікелей экономикалық реттеуіштер немен ерекшеленеді?
  5. Индикативтік жоспарлау директивтік жоспарлаудан немен ерекшеленеді?
  6. Шетелдік жоспарлаудың сіздерге белгілі тәжірибесі туралы айтып беріңіздер.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , мақсаттары және міндеттері