Экономикалық ресурстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 22:33, курсовая работа

Описание

Бұл жұмыс кіріспе, алты бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты – эономикалық ресурстарының құрылу көздерін, олардың құрылымын қарастыру.
Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.

Содержание

Кіріспе 3
Экономикалық ресурстар 4
Еңбек ресурстары 5
Табиғи ресурстар 9
Дүниежүзінің табиғат ресурстары 13
Айналым капитал 15
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық ресурстар.doc

— 113.00 Кб (Скачать документ)
gn="justify">Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық  ресурстар

     Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.

     Қазақстан Республикасының шикізат  базасы және оны дамыту бағыттары.  Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық  даму жағдайындағы отын энергетикалық  кешенді дамыту.

     Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын  пайдалануды жақсарту жолдары. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту. Шикізаттың химиялық түрлерінің өндірісін дамыту. Қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тиімділігін көтеруді есекере отырып материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдары.

     Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі, шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өңдеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынның шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды басқару. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру.

     Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау әдістері, көрсеткіштері, факторлары және мәні.    

     Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары экономикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

   «Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.

   Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.

   Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни... оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.

    Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.

   Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.

   Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

   Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.

   Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.

   Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.

    

   Дүниежүзінің табиғат ресурстары

   Дүниежүзінің табиғат ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестіғі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілген. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байкалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын корлары бірінші кезекте көмір корьшан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ьша дейін), мүнай мен газдан (шамамен 27%) түрады (2-косарбеттегі картаны караңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс баскадай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артык. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корыньщ 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ коры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі (косымшадағы 14-кестені караңдар).

   Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т жонө 23 трлн м3-ге жеткен (косымшаны карандар).

   Мұнай өндірудің анықталған қоры казіргі кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды күрайды. Сонымен қатар аса ірі ендіргіш елдерде керсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында шамамен 80 жыл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде 100 жылдан астам және т.б. Көмірдің сапалық кұрамы айтарлықтай маңызға ие, оньщ ітттінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германпяда. Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялык проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты кемірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда. Дүниежүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3,5 млрд т деңгейінде. Соңғы жылдары біркатар өндіріс жағдайы нашар және ендірілетін кемірдің айтарлықтай белігінің күкірттілігі жоғары елдерде таскөмір өндірісі күшті дағдарыска ұшырады, соның нөтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатьш алуға кешті. Көмір экспорттаушы аса ірі елдер катарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшішгі дамыған елдерде шоғьгрланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы (тек қана ашық әдіспен), онын төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы ввжфуге мүмкіндік береді. Тас- көмір өндірісімен салыстырғанда қоңыр көмір өндіруде дағдарыс байқалған жоқ.

   Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Энергетикалык ресурстардың шектеулі монополиялы сипат алуы XX ғасырдың 70-жылдары энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, ш рілуіне, соньщ салдарыная әлемдік жүзілік экономика дамуыньщ каркыалы өзін-өзі жоғалтты. Энергетикалық қорларының есімінен асып түсті, төмендей бастады. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі де айтарлықтай деңгейге жетті. Дәл осы кезде алғашкы өлемдік ресурстардың саркылуы жөнінде қоркынышты болжамдар өмірге келді. "Ресурстық жомарттьщ" дәуірінен әнергияны тиімді пайдалану дәуіріне өту басталды. Минералдық ресурстар. Минералдық ресурстарға металдар, металл емес, пайдалы қазбалар, техникалык, кұрылыс материалдары жатады (10-сызба- нұсқаны жөне косымшаны карандар).

   Пайдалы қазбалардың ішінде темір кені үлкен маңызға ие. Оның жер қыртысындағы қоры 600 млрд т мөлшерінде бағаланып отыр. Дамыған елдерде соңғы жылдары темір кенін өндіру қысқарған. Бұл болат балқытудың азаюына және металл сынықтарын кайта өндеуге байланысты. Сонымен қатар болатты өзге материалдармен алмастыруға да болады. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі. Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында. Батыс аймақтарда мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған. Кен орындары өзге де пайдалы казбаларға бай. Алайда кеннен пайдалы өнім алу дөрежесі темен (темір 25—50%, мыс 0,3—0,6%, никель 1,3%, селен 0,1— 0,2%). Өнім өндіру барысында аса көп мөлшерде үйіндіге айналатын қалдықтар пайда болады. Сондықтан табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мынадай болуға тиіс:

-толық алу;

-кешенді ендіру;

-қайта пайдалану;

-үнемді пайдалану.

    Айналым капитал

     Айналым капиталы: оның құрамы  және құрылымы. Айналым капиталды  қаржыландыру көздері. 

     Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні. Айналым қаржылар қажеттілігін анықтау: өндірістік қор, аяқталмаған өндірісжәне дайын өнімді қалыптасу үшін. Айналым қорларды пайдалануды бағалау. Кәсіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу.

          Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне  айналым капиталды басқаруының  әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды  пайдалануды жақсартудың негізгі  бағыттары.

   Ақша капиталы

1. Ақша  жүйесі түсінігі мен типтері. 

2. Несиенің  мәні мен формалары. 

3. Қазақстан  Республикасының банктік жүйесі.

4. Мемлекеттің  ақша-несие саясаты

   Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.

Информация о работе Экономикалық ресурстар