Үдемелі индустриялды-инновациялык бағдарламаның нақты нәтижелері қомақты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 22:06, курсовая работа

Описание

21-желтоқсанда Астанада бейнекөпір арқылы облыстардың қатысуымен Индустриаландыру Картасының тұсау кесері өтті. Онда үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама бойынша екінші жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына ұсынылды.

Работа состоит из  1 файл

Үдемелі индустриялды.docx

— 30.27 Кб (Скачать документ)

Ұлттық компаниядағы жастар туралы мәселеге тоқталар болсақ, 2009 жылы салада үш жылға арналған “Жастар саясаты” бағдарламасы қабылданды. Халықаралық және республикалық ареналарда “СВ” көңілділер мен тапқырлар клубымыз жүлделі орындарға ие болып жүр. Меніңше, осы кешенді шаралар – “ҚТЖ” ҰК” АҚ адамдардың басты байлық екендігін, олардың қадір-қасиетін шынайы бағалай алатын кәсіпорын екендігін айғақтайды.

– Жүк тасымалы нарығында шешімін таппай жүрген қандай өзекті мәселелер бар. Оны жақсартудың қандай шаралары қаралып жатыр?

– Жүк тасымалында екі өзекті жағдай қалыптасып отыр. Біріншісі – темір жол көлігін тарифтік реттеудің қазіргі жағдайы – ол өз кезегінде жүк тасымалының азаюына, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне, темір жол жүйесінің физикалық және моральдық жағдайының құлдырауына әкеліп соғады. Екіншісі – жылжымалы құрамның жетіспеушілігі. Тасымалдың негізгі бөлігі әлі күнге ескі вагондармен атқарылады. Осыдан он жыл бұрын нарықтағы қазақстандық вагондар сұраныстан асып кетсе, қазіргі уақытта жүктің 20 пайызы қазақстандық емес вагондармен атқарылады. Соның салдарынан жүк жөнелтушілерді вагонмен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз. Мұнымен бірге қазіргі қолданыстағы тариф саясаты жолаушылар тасымалындағы қаржы жетіспеушілігін жүк тасымалының кірісі есебінен жабуға мәжбүрлеп тұр.

Біз осындай қиындықтарға қарамастан әлемдік қаржы және экономикалық дағдарысқа қарсы шаралар кешенін  уақы­тында ұйымдастыра алдық. Дегенмен, дағдарыс 2007-2008 жылдары тасымалдау көлемінің 4-5 пайызға төмендеуіне  әкеліп соқтырды. Жоғарыда айтылған саланы 2020 жылдарға дейінгі дамытудың бағдарламасына сәйкес, осы аралықта 76 мың жүк вагондарын, 1,5 мың локомотив пен темір жол желісін жаңғыртуға “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ пен жеке меншік иелерінің және мемлекеттің қаржысы жұмсалады. Жүк тасымалының тиімділігін арттыру үшін жүк тасымалындағы бәсекелестікті қалыптастырумен қатар, оған Ұлттық компанияның да сапалық жағынан бәсекелес бола алатындығын дәйектеу қажет. Саладағы халықаралық тәжірибе темір жол тасымалындағы мүмкіндіктің бірі – тасымалдау қызметіне ірі операторларды тарту болып табылады. Ол тәуелсіз тасымалдаушылармен бірге барлық бағдардағы нарықтық қатынастарға қатыса алады. Мұны жан-жақты ұйымдастыру 2014 жылдарға дейінгі бағдарламада көрсетілген.

Оның сыртында Ұлттық компания жүк тасымалымен қатар логистикалық қызмет көрсету нарығын да сапалық жағынан көтеріп, тиімділігін қамтамасыз етуге бағыт ұстануда. Тасымалдау сегментін халықаралық талаптарға сай жоғары технологиялық көліктік қызмет түрімен қамту бүгінгі күннің талабы. Осыған орай темір жол компаниясын дамытудың стратегиясында тасымалдауды ұйымдастыру мен тұтынушыларға қызмет көрсету жүйесіне иннова­циялық өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде жеткізу уақытына кепілді көліктік қызмет линейкасын жасақтау, логистикалық қызмет спектрін инфрақұрылым талабына сай етіп кеңейту, бәсекелестікке сай жұмсақ икемді тариф, жылжымалы құрам паркі құрылымын өзгерту қарастырылады. Жүк тасымалын өзгерістерге келтіру ұзақ мерзімді қажет ететін үдеріс. Дегенмен, ұзақ мерзімге арналған мақсатты бағдарлама түзіліп, оны жүзеге асыру нақты белгіленді.

– Еліміздегі маңызды міндеттердің бірі – жолаушылар тасымалы жылдамдығын дамыту. Ол қалай жүзеге асырылады?

– 2011-2015 жылдар аралығында жолаушы  тасымалының жылдамдығы жоғарылайды. Ол 7800 шақырымды қамтиды. Астана мен  Атырау арасына жүру уақыты 43 сағаттан 19 сағатқа, Алматы мен Ақтөбе арасы 42 сағаттан 22 сағатқа дейін қысқаратын болады. Кей бағдарларда қозғалыс жылдамдығы екі-үш есеге дейін артады. Бұл мақсатты орындау үшін жаңа буынды жылжымалы құрам вагоны паркін жаңғырту көзделген. Оған қоса тасымалдау үдерісінің жаңа технологиялық нормасы түзіліп, қозғалыс жылдамдығы мен жайлылығы жақсарып, инфрақұрылымы жаңғырады. Жолаушы тасымалының сервисін жақсарту үшін Ұлттық компания мен жеке секторға мемлекеттік қолдаудың қажеттігі байқалады.

– Астанада жаңа вокзалдың қажеттігі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Мұндай нысан салына ма

– “Астана қаласының  вокзал кешені құрылысы” жобасы стратегиялық тұрғыда елорданың көліктік-логистикалық дамуын және жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасын жақсартады. Бұл жоба бойынша қазіргі таңда дайындық жұмыстары жасалып жатыр. Жобалау және құрылыс жұмыстары “кілтін тапсыру” тәртібімен атқарылмақ. Биылғы жылы жобаны кескіндеу жұмысы жасалып, құрылысқа жер бөлу және техникалық-экономикалық дәйектеу жұмыстарына тендер жарияланатын болады.

 

“ҚТЖ” ҰК” АҚ инвестициялық комиссиясы шешімі бойынша “Астана қаласының вокзал кешені құрылысының” жобасы “Инвестициялық стратегиялық жоба” деп танылып отыр.

 

– Компанияда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жасалып жатыр?

 

– Әрине, Ұлттық компания үшін қауіпсіздік қашанда нөмірі бірінші басымдыққа ие. Себебі, жолаушылардың амандығы мен жүктердің тиісті межеге қауіпсіз жеткізілуі көптеген ұйымдастыру шараларын қажет етеді. ҚТЖ басшылығы мұны жүйелі әрі кешенді түрде қарастыра келіп бірқатар оң тәжірибе жинады. Соның нәтижесінде 2009 жылы ақаулықтар саны 2008 жылмен салыстырғанда 42 пайызға дейін төмендетілді. Ал үстіміздегі жылдың алты айында қозғалыс қауіпсіздігінде оң өзгерістер бар. Алматы облысында бір топ теміржолшы жолаушылар пойызын үлкен апаттан аман алып қалды. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғалары 8 пайызға азайды. Жұмыстағы ақаулықтар саны 27, ерекше ақаулықтар оқиғасы 46 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіштер қозғалыс қауіпсіздігі мәселесіне кешенді түрде зер салып, ақаулықтың алдын алу шараларының жүйелі жүргізіліп отырғандығына байланысты деп біліңіз. Сондай-ақ бұл мәселе апта сайын “ҚТЖ” ҰК” АҚ аппарат отырысында жан-жақты талқыланады. Барлық деңгейдегі басшылар, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизорлар техникалық құралдарды пайдалануға беру, жөндеу жұмыстарының технологиялық үдерістеріне қатаң талап қоя алады. Пойыздардың ішкі жолдардағы маневрлік қозғалыстарына, әрбір қызметкердің лауазымдық міндетін жауапкершілікпен орындауына бақылау жасау күшейтілді.

– Мемлекет басшысының бақылауында  тұрған Қорғас-Жетіген және Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жобаларының құрылысы жайлы әңгімелесеңіз.

–  Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен темір жол желісінде екі үлкен жобаның – Қорғас-Жетіген және Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара құрылысы басталды. Оны тиімді жүзеге асырсақ, жүктерді жеткізу уақыты барынша қысқарады. Сонымен қатар республикамыздың темір жол желісі арқылы транзиттік жүктердің көбеюіне әсер етеді. Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жол желісі қазіргі Серахс бағдарына қарағанда, Парсы шығанағы арқылы жүк тасымалдауды шамамен 600 шақырымға азайтады. Бұл бағдар Қазақстанның Түркіменстанмен, Иранмен, Парсы шығанағы елдерімен, Оңтүстік және Оң­түстік-Шығыс Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынас жасауындағы жаңа өрісінің ашылғандығын білдіреді. Қорғас-Жетіген темір жол желісі салынып біткен соң Қазақстанның Қытаймен, Оңтүстік-Шығыс Азия, Орта Азия елдерін Еуразиялық құрлықпен жалғастыратын болады. Екі алып жоба да Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан сайын арттыра түседі. Олардың әлеуметтік мәні де зор. Екі жоба пайдалануға берілген кезде он мыңдаған жұмыс орны ашылады. Жобада қазақстандық өнім өндірушілер үлесі 80 пайызға жеткізіледі. Екі нысандағы барлық құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Алғашқысы 2011 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі. Әдепкі күндерден бастап бұл жобаларға Елбасы мен Үкімет басшысы тұрақты назар аударып, барынша көмек көрсетіп келеді. Мемлекеттік құрылымдар қажетті құжаттарды дер кезінде ресімдеді. Мердігерлер мен темір жол әкімшіліктері, темір жол желісі түсіп жатқан аумақтардағы облыс әкімдіктері өздеріне тиесілі жұмыстарды тыңғылықты атқаруда.

Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы  алғашқы темір жол желісінің құрылысы болмаса да, ҚТЖ магистралдық желінің дара операторы ретінде әртүрлі топографиялық және климаттық жағдайларда құрылыс жүргізу жөнінде үлкен тәжірибе жинақтауда. Әсіресе, Жетіген-Қорғас жобасы техникалық жағынан күрделі құрылыс болып отыр. Батыс өңірде 146 шақырым темір жол желісінде 7 айыру бекеті, ал оңтүстікте – 293 шақырым және 14 айырым бекеті, 29 көпір, 2 жол өтпесі, 307 су өткізу құбыры іске қосылады. Қазіргі уақытта Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара желісінде жолдың үстіңгі қабатын төсеу, инфрақұрылымын электрлендіру жүргізілуде. Жыл аяғына дейін Өзеннен Болашақ стансасына дейін 10кВт автобұғаттау жоғары вольтты желісін салу, трансформаторлық подстансалар мен қоректендіру бекеттерін жеткізіп, орнату арқылы барлық жол телімін электр қуатымен қамту көзделіп отыр. Ал, Жетіген-Қорғас желісінде 14 көпір салынады. Талғар, Есік, Лепсі өзендері іргесінде бүгінгі күнде қадалар қағылып жатыр. Іле өзеніндегі көпірдің ұзындығы 960 метр болғалы тұр. Электр бағандары мен іргетастық қадалар қағылуда. Жолдың жоғарғы қабатына қажетті 40 мың тонна Р-65 жаңа типті рельсі дайындалды. Бұлармен бірге, шілде айында Жетіген стансасында инженерлік желі, қызметтік-техникалық ғимараттың және жасанды ғимараттарды салу, сыртқы электрмен қамтудың құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кетті.


Информация о работе Үдемелі индустриялды-инновациялык бағдарламаның нақты нәтижелері қомақты