Қазақстанның ішкі және сыртқы сауда қызметін дамыту мақсаты көзделіп отыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 09:01, доклад

Описание

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов кіріспе сөз сөйлеп, заң жобасы бойынша әзірлеушілердің келіп отырғанын айта келіп, әріптестерін сұрақ қоюға және талқылауға, ұсыныстар беруге шақырды.
Заң жобасы жөнінде ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов баяндама жасап, қандай түзетулер енгізілетіні туралы депутаттарға түсінік берді.
Үкіметтің заң жобасына берген түсіндірмесінде бұл құжаттың дайындалу мақсаты айқын көрсетілген.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫ КӨЗДЕЛІП ОТЫР.doc

— 40.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫ КӨЗДЕЛІП ОТЫР 

 

АСТАНА. 19 қаңтар. Мәжіліс  үйі. Қазақстанның ішкі және сыртқы сауда  қызметін дамыту қажет. Бүгін Мәжілісте  осы мақсатта дайындалған еліміздің  кейбір заңдарына сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің  хатшысы Мұрат Әбенов кіріспе  сөз сөйлеп, заң жобасы бойынша  әзірлеушілердің келіп отырғанын  айта келіп, әріптестерін сұрақ қоюға және талқылауға, ұсыныстар беруге шақырды.

Заң жобасы жөнінде  ҚР Индустрия және сауда министрінің  орынбасары Тимур Жақсылықов баяндама жасап, қандай түзетулер енгізілетіні туралы депутаттарға түсінік берді.

Үкіметтің заң  жобасына берген түсіндірмесінде бұл құжаттың дайындалу мақсаты айқын көрсетілген. Алға қойылған экономикалық міндеттерге қол жеткізу мақсатында мемлекет сыртқы және ішкі нарықтардағы өткір бәсекелестікке дайын болуы тиіс. Сауда саясаты, оның ішінде сауда қызметін тиімді реттеу көздеген мақсаттарға қол жеткізу құралы болып табылады. Өйткені әлемнің кез келген елінің экономикалық табысы  көп жағдайда сауда секторының дамуымен байланысты болады. Осылайша жаһандануға тек отандық өндірушілер ғана емес, мемлекеттің өзі де дайын болуға тиіс.

Әлемнің кез келген елі  сияқты Қазақстанның да өзгермелі ішкі және сыртқы жағдайларға сәйкес келетін  және жаһанданудың келеңсіз факторлары мен қатерлерін азайта отырып, одан  түсетін пайданы барынша арттыруға мүмкіндік беретін сауда қызметін реттеудің нақты пысықталған өз жүйесі болуға тиіс.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының  жобасы әзірленіп отыр.

Заң жобасын  әзірлеу қажеттілігі сауда қызметі  саласындағы қолданыстағы ұлттық заңнама  сауда операцияларын дамытудың  ынталандыру немесе қолдау сипатынан  гөрі, реттеу сипатына ие екендігінен  туындаған. 

Заң жобасы бойынша  бірнеше заңға түзету енгізіледі. Атап айтқанда, «Тауарлардың импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Заңға редакциялық сипаттағы түзетулер, «Лицензиялау туралы» Заңға оларға қатысты тарифтік квоталар, сандық шектеулер, бақылау және әкету және әкелуге арналған айрықша құқық қолданылатын тауарлардың импортына лицензиялауды белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Бұдан басқа, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға да өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Мәселен, елдің  азық-түлік қауіпсіздігін, өндірістің перспективалық салаларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған тыйым салулар мен шектеулерді қолданудың сөзсіз қажеттілігін ескере отырып, республика заңнамасында Үкіметтің мұндай шараларды енгізу мүмкіндігін көздейтін нормалардың болмауы себепті тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетіктерін, сондай-ақ Үкіметтің қосымша бағыттар бойынша тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға арналған құзыретін айқындау қажеттілігі туындады.

Сондай-ақ Үкіметтің  халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етудің ең аз нормативтерін, сыртқы сауда қызметін дамыту бойынша мемлекеттік шараларды іске асыру ережелерін бекіту құзыреті  толықтырылған.

Уәкілетті органның құзыреті халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етудің ең аз нормативтерін әзірлеу, жергілікті атқарушы органдардың және меншіктің барлық нысандары субъектілерінің  республикалық және халықаралық маңызы бар  көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуді ұйымдастыру секілді тармақтармен толықтырылып отыр.

Жергілікті атқарушы органдарға халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің, оның ішінде сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің нормативтерін ескере отырып, оларды орналастыру схемаларын бекіту жолымен ең аз нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру бөлігінде қосымша өкілеттіктер  жүктелді.

Заң жобасы «Сауда қызметін дамытуға жәрдемдесу» деген  жаңа тараумен  де толықтырылған. Осы тараумен жергілікті атқарушы органдардың сауда қызметін 1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; 2) сауда қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, еңбек нарығын кәсіптік негізде қалыптастыру; 3) сауда қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің, оның ішінде отандық өндірушілердің азық-түлік тауарларын сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің әртүрлі санаттарын экономикалық ынталандыру шараларын қолдану арқылы қолдауы көзделген.

Республиканың сыртқы сауда қызметін дамыту мақсатында қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің экспортын дамыту және жылжыту жөнінде ереже көзделген.

Экспортты дамытуды қолдау шаралары экспортты жылжыту  шараларынан елдің ішінде іске асырылуы және экспортпен тікелей байланысты болуы міндетті еместігімен ерекшеленеді. Бұдан басқа, Қазақстандағы нақты жағдай мынадай, әлеует құруда қолдауды қажет ететін кәсіпорындар саны өткізуді әртүрлі құралдармен ынталандыруда көмекке үміт артушы кәсіпорындардың санынан анағұрлым артық.  

Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі ұлттық ұйымның  құқықтық мәртебесі, мақсаттары мен  міндеттері де айқындалды. Ұлттық ұйымның  негізгі миссиясы мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұйымдастырушылық, үйлестіру және байланыстырушы рөлін  орындай отырып, институционалдық қолдау жүйесін құру болып табылады.

Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі ұлттық ұйымның  мақсаттары мен міндеттерін Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларының орындау  үшін құрылған,  шикізаттық емес экспортты сервистік қолдау институтын құру қажеттілігі туралы «KAZNEX» экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы» акционарлік қоғамы орындайтын болады.

KAZNEX тұжырымдамасы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің жанындағы  Индустриялық-инновациялық даму  саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің отырысында мақұлданды.  

 Экспортты дамыту және  жылжыту жөніндегі мемлекеттік  шараларды іске асыру республикалық  бюджеттен қаражат бөлуді талап  ететіндігін атап өтуге болады. Республикалық бюджеттік комиссияның 2009 жылғы 17 маусымдағы № 9 хаттамасына сәйкес осы іс-шараларды өткізуге  300 млн теңге мөлшеріндегі сома мақұлданды.

Сондай-ақ заң  жобасымен сауда қызметінің субъектілеріне, тауарларға, жабдықтарға, сауда объектілерін ұстауға қойылатын талаптарды белгілеу  және сауда нүктелерін жүйелендірудің, сондай-ақ олардың қызметтерін регламенттеу мен реттеудің қажеттілігіне байланысты сауда қызметін ұйымдастыру бөлігінде толықтырулар енгізіледі.

Осылайша заң  жобасын қабылдау сауда қызметін реттеу процесінде туындайтын қатынастарды реттеудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді. 

Заң жобасын  қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкіп соқтырмайды.

Заң жобасы қабылданған  жағдайда, тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетіктері және қосымша бағыттар бойынша тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға Үкіметтің құзыреті айқындалған болса, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қосымша функциялар бөлінетін болады. Халықаралық сауданы дамыту процестеріне деҚазақстанның белсенді қатысуы үшін жағдайлар жасалатын болады. Бұл өнеркәсіптік өндірістің өсуі, бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастыру мен сыртқы нарықтарда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа өзге сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру әлемдік сауда жүйесіне ықпалдасуға; шикізаттық емес экспорт үлесін ұлғайтуға; ішкі сауда инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін болады. 

Сондай-ақ заң жобасы қолданысқа енгізілген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілері оның нормаларын орындау бойынша шығыстар шығармайды.

Осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік  даму комитетінің мүшесі Егор Каппель  жетекшілік етеді. Заң жобасы енді жұмыс  тобында талқыланатын болды.

Заң жобасына байланысты депутаттар Асхат Бекенов, Николай Турецкий, Сауырбай Есжанов, Марал Итеғұловтар  сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты.

Заң жобасының  таныстырылымын Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырды.  

 


Информация о работе Қазақстанның ішкі және сыртқы сауда қызметін дамыту мақсаты көзделіп отыр