Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 13:38, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта мұнай шикізатының сатудан түскен елеулі көлеміне қарамастан, әлі күнге шейін ірі жобаларды тек шикізат көзі ретінде қолдану тенденциясы сақталуда. Дамудың осындай жолымен өткен елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шикізат қорларының көп көлеміне қарамастан, оларды игеру концепциясы дұрыс жолға қойылмағандықтан экономиканың тоқырауына әкеп соқты. Мысалы ел ретінде Нигерияны келтіруге болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Әлемдік мұнай нарығының қалыптасуы және оның Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы орны.................................................6
1.1 Мұнай потенциалын зерттеудің экономикалық мәні және маңызы.....6
1.2 Қазақстан Республикасының әлемдік мұнай нарғындағы орны.........13

2. Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау..........................................................................22
2.1 ҰМК «Қазмұнайгаз» АҚ мұнай компаниясының сипаттамасы.........22
2.2 Қазақстан Республикасының мұнай нарығын талдау.........................28
2.3 Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына баға беру..............35

3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру.......................................................................46
3.1 Қазақстан Республикасы мұнай нарығының проблемасы және шешу жолдары..........................................................................................................46
3.2 Қазақстандағы мұнай нарығының болашағы.......................................55

Қорытынды..........................................................................................................62

Қолданылған әдебиет тізімі...............................................................................66

Работа состоит из  1 файл

әлемдік мұнай нарығындағы қаз қатысуы.doc

— 4.61 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1. Әлемдік мұнай нарығының қалыптасуы және оның Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы орны.................................................6

1.1 Мұнай потенциалын зерттеудің экономикалық мәні және маңызы.....6

1.2 Қазақстан Республикасының әлемдік мұнай нарғындағы орны.........13

 

2. Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау..........................................................................22

2.1 ҰМК «Қазмұнайгаз» АҚ мұнай компаниясының сипаттамасы.........22

2.2 Қазақстан Республикасының мұнай нарығын талдау.........................28

2.3 Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына баға беру..............35

 

3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру.......................................................................46

3.1 Қазақстан Республикасы мұнай нарығының проблемасы және шешу жолдары..........................................................................................................46

3.2 Қазақстандағы мұнай нарығының болашағы.......................................55

 

Қорытынды..........................................................................................................62

 

Қолданылған әдебиет тізімі...............................................................................66

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта мұнай шикізатының сатудан түскен елеулі көлеміне қарамастан, әлі күнге шейін ірі жобаларды тек шикізат көзі ретінде қолдану тенденциясы сақталуда. Дамудың осындай жолымен өткен елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шикізат қорларының көп көлеміне қарамастан, оларды игеру концепциясы дұрыс жолға қойылмағандықтан экономиканың тоқырауына әкеп соқты. Мысалы ел ретінде Нигерияны келтіруге болады. Мұнай өндіру, өңдеу және мұнай-химия салаларының арасында өзара қатынастық өзгерістерге бағытталған арнайы бағдарламаларды жасау қажеттілігі туындайды.

Қазақстан экономикасы  тұрақтануымен әлем елдерінің  назарында тұр. Экономиканың басты тұғыры – мұнай-газ секторы екені даусыз. «Қазмұнайгаз» АҚ Ұлттық  ком­панияның көздегені — өз шығынын өтей алмайтын кен алаңдарын одан әрі игеруді оң шешу мақса­тында осындай жолға бару болып отыр. Мұндағы түпкі мақсат –  өндірістік емес шығындарды азайту арқылы үнемделген қаржыны барлау жұмыстарына, жаңа кен орындарының ашылуына жұмсау. Нарықтың алға қойып отырған талабы осы. Елбасы айтып кеткендей, “ХХІ  ғасыр – қазақ мұнайының ғасыры”.

Өтпелі жағдайдағы Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру мен жандандыруда мұнай-газ секторы шешуші рольге ие және бұл салаға инвестициялар мен экспорттың валюта түсімдерінің елеулі бөлігі тиесілі. Ұлттық экономика дамуындағы көмірсутегі ресурстарының рөлі мен мәнін ескермеу қиын.

Республиканың мұнай-газ саласының дамуына үлкен мән беріліп, оған бүкіл Қазақстан экономикасының «локомотиві» миссиясы жүктелген. 2007 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Мұнай саласының, бүкіл экономиканың жағдайы, саяси экономикалық өзгерістер қазіргі кездегі жарлықтарға сәйкес қосымшалар мен өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Бұл Қазақстан нарығындағы шетелдік инвесторлардың қызметтері мен осы салаға халықаралық тәжірибені енгізу жұмыстарына да қажет. Сонымен қатар, мемлекет бақылаушы позициясында қалғаны дұрыс. Каспий қайраңын игеру бұл салада мемлекеттік жаңа құқықтық-нормативтік актілерге қажеттілікті тұғызды. Каспий қайраңы қоры құқықтық, экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтік, бұқаралық, көліктік аспектілерде қарастыруды талап етеді.

Қазақстан экономикасының мұнай-газ секторының әрі қарай дамуы жоғарыда аталған аспетілермен тікелей байланысты. Жақын жылдарда мұнай өндіруді жылына 80-100 млн. тонна, ал 2015 жылы 100-150 млн. тоннаға жеткізу жобалары, болжамдары бар.

Қазақстанның нарықты экономикаға көшкелі бері, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік мұнай нарығына еркін шығуға мүмкіндік алды. Республиканың алға қойған стратегиялық жопарларын жүзеге асыру үшін осы сферада ең алдымен күш қуатымызды алуымыз керек.

Әлемдік мұнай нарығы дүниедегі ең жақсы дамыған тауарлық нарықтардың бірі болып табылады. Бұл нарықтың басты ерекшелігі өндірушілер тарапынан да, тұтынушылар тарапынан да бәсеке жоғары деңгейде. Бұл дамыған және дамушы елдердің мүдделері түйіскен жері болып табылады.

Қазақстанның шикізат өндіруге және дайын өнім жасау әлсіз дамуын ескере отырып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірістің құрылымдық өзгерістері қамтитын өндірістік саясаты қалыптастыру мен жүзеге асыруға, елде инвестициялық белсенділікті арттыру үшін жағдай жасауға байланысты.

«2030 жылға дейін Қазақстанның дамуы стратегиясында» жанармай энергетикалық сектордың маңыздылығы ерекше көрсетілген. Экономиканың тұрақты дамуы қайнар көзі ретінде сутегі шикізатын тиімді қолдану елдің ұзақ мерзімді басты басымдылықтарының бірі болып табылады.

Мұнай саласы тек ішкі қажеттіліктерді ғана өтеп қана қоймай, сонымен бірге Республиканың экономикалық өсудің тұтқасы болуы керек, себебі өндіріс көлемі бойынша өзге салалардың арасында жетекші орындардың бірін иеленуде.

Қазақстанда барланған және потенциалды көмірсутегі шикізат қорларының болуы мұнай өңдеу мұнай-химия салаларын сәтті біріктіріп, мұнай өнімдеріне деген сұранысты ұзақ мерзім бойы қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мұнай шығарушы елдерден (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және т.б.) АҚШ-тың басқа сауда серіктестерінен ауқымды доллар массасын сәйкесінше Американдық бағалы қағаздарға өсуші инвестиция түрінде өздерінің тарихи отандарына қайта оралды. Жапонияның АҚШ-тың қазынашылық облигацияларына салымдары - 592,2 млрд. долларға, мұнай шығарушы елдер – 510,8 млрд, соның ішінде МЭЕҰ - 153,9 млрд, Ресей - 60,2 млрд, Норвегия – 45,3 млрд., Қытай – 502 млрд. долларға жетті.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40 %-ға пайдаланып келеді, бұл қондырғылардың жұмысына және 60 % құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6,25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60 % өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет.

Мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері.

Мұнай қорларын игеру концепциясы қазіргі замаңғы технологияны, қомақты капиталды тарту үшін халықаралық мұнай компаниялармен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты орнатуды қамтиды. Жоғарыдағы шаралар арқылы Республиканың бір мемлекетке тәуелдікті және бір тұтынушының монополиялық тәуелдікті тоқтататын көмірсутегі шикізатын тасымалдайтын тәуелсіз экспорттық маршруттарды құру, жеке мұнай-химия өндірісін дамыту, жанармай энергетикалық инфрақұрылымды құру мен дамытуға жол ашылды. Сонымен бірге мұнай секторындағы кәсіпорындардың ұйымдастыру экономикалық, өндірістік-технологиялық мәселелері шешілмегендігін атап кеткен жөн. Мұнай саласының қазіргі жағдайымен дамуын саралау, көмірсутегі потенциалын кешенді игеру Қазақстан Республикасының мұнай секторының қызмет істеу тиімділігін негіздеу шаралары жұмыста қамтылған.

Мұнай шикізат қорларын кешенді игеру мәселесі нарықтық экономикасы дамыған елдерде кең талқылануда. Алайда Қазақстанда нарықтық қатынастардың ары қарай дамуы еліміздің өзіндік ерекшеліктерін ескеретін ғылыми жаңалықтар енгізу қажет.

Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты мұнай саласын қызмет істеуін саралау жүйесінің негізінде Республиканың потенциалын кешенді игерудің экономикалық жолдарын тұжырымдау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Әлемдік мұнай нарығының қалыптасуы және оның Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы орны

 

1.1 Мұнай потенциалын зерттеудің экономикалық мәні және маңызы

 

Көмірсутегі қорын мемлекеттің жеке дара потенциалы ретінде қарастыру қажеттілігі бар, оның тиімділігі мұнай саласының қызмет істеуінің ең жақсы нұсқасы мен әсерін анықтау болып табылады.

Мемлекеттің мұнай потенциалы төмендегідей компонентерден тұрады:

1.      шикі мұнай өндіру;

2.      шикі мұнай экспорты;

3.      мұнайды алғаш рет өңдеу мен мұнай өнімдерін алу;

4.      мұнай өнімдерінің экспорты;

5.      мұнай-химия өндірісіне арналған шикізатты алу;

6.      мұнай-химия өндірісінің дайын өнімдерін алу;

7.      дайын өнім экспорты.

Мемлекеттің мұнай потенциалын тиімді қолдану мәселесі Қазақстан экономикасының өз уақытты және өзекті мәселесінің бірі болған және әлі де болуда. Табиғатта сутегі шикізатының шекті болуы болашақта тиімді қолдану мақсатында қазіргі тұтыну жағдайына жоғары талаптар қою керек.

Қазіргі кездегі Республиканың мұнай потенциалын шартты түрде құрылымдық толықтырулар арқылы көрсетуге болады:

-       біріншіден, шикізат қоры, яғни белгілі бір кен орындар жиынтығынан коммерциялық табыс алуға мүмкіндігі бар мұнай көлемі: дәлелденген (90%-тен жоғары), ықтималы (50%-тен жоғары), мүмкін болатыны (10%-тен жоғары);

-       екіншіден, сутегі өндіру, мұнай қорының көлемі мен сапасымен, оны өндіру шарттарымен анықталады;

-       үшіншіден, мұнайды өңдеу, бұл өндірілген мұнайды Республиканың өңдеу қабілеті мен мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін өтеумен сипатталады;

-       бесіншіден, мұнай өндіруге жұмсалған инвестициялар, Республиканың мұнай саласындағы инвестициялық қорлардың қолданылуы деңгейімен сипатталды;

-       алтыншыдан, әлі күнге шейін іске асырылмаған мұнай потенциалы.

Сөйтіп, мемлекеттің «мұнай түсімдерін» қалыптастырылатын мұнай потенциалы өзара байланысқан салалардан тұратын күрделі жүйе болып табылады.

Қазақстан қуатты мұнай-газ потенциалына ие, оның құрамына ірі барланған қорлар мен болжамдалған сутегі шикізат қорлары кіреді. Баланстық мұнай қоры бойынша 13 орынды (Қазақстан территориясына тиесілі Каспий шельфіндегі болжаған мұнай қорын есепке алмағанда) иеленеді.

 

Диаграмма 1. Елдердің дәлелденген мұнай қорлары

 

 

Мұнай және газды Қазақстанның басым да жоғары табысты өндіріс болып қала беруде. Қазақстанның 320-дан астам мұнай-газ кен орындары барланған, оның 230-ы игерілуде. Қазіргі таңда Республикада 2,2 млрд. тонна мұнай, 0,7 млрд. тонна газ конденсаты және 2,7 млрд. текше метр газ бар. Сонымен қатар құрлықта да, Каспий шельфінде де болжанған мұнай қоры келесіден тұрады: 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ 5,9 млрд. тонна шекше метр.

Республикадағы мұнай өндіру көлемі тұрақты түрде өсіп келеді – 2006 жылы республикада өнді­рілген мұнайдың мөлшері 65 миллион тоннаға жетті. Бұл 2004 жылғы тап осын­дай көрсеткіштен 2,5 еседен артық. Ол кезде біздің еліміздегі өндірілген мұнайдың мөлшері небәрі 25,7 миллион тонна ғана болатын. Ең таяудағы жылдардың өзінде мұнай өнеркәсібіндегі жобалардың тұтас бір тобын жүзеге асырудың күтіп отырылғаны белгілі. Ол жобалар мұнай өндіруді елеулі түрде арттыруға алып барып соқтыратыны сөзсіз. Бұл жерде әңгіме ең алдымен 2007 жылы іске қосылған кенішіндегі “екінші буын” зауыты туралы, Қарашығанақ мұнай өңдеу кешенінің қуатын арттыруға көп септігін тигізген, сондай-ақ Қашағанның орасан зор кен орнын игеруі туралы және Каспий аймағындағы басқа да құрылымдар туралы болып отырғаны белгілі. Сөйтіп 2010 жылы елімізде мұнай өндіру көлемі жылына 90 миллион тоннаға дейін жеткен болса (Қазақстан Республикасы Энерге­тика және минералдық ресурстар минис­трлігінің деректері бойынша – 94 миллион 187 мың тонна), ал 2015 жылы Каспий теңізінің қазақстандық қайраңындағы жаңа кен орындары іске қосылғандағы жоспар жүзеге асырылған кезде бұл көрсеткіш жылына 150 миллион тоннаға жуық бол­мақ (143 миллион 927 мың тонна).

Қазақстанның болашағы мұнай өндіру және өңдеу салаларымен тығыз байланысты. Батыс елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, экономиканың дамуы тек шикі мұнайды экспорттаумен ғана шектелмей, сонымен бірге оны кешенді және терең пайдалана отырып, елеулі жетістіктерге жетуге болады. Қазақстанның мұнай өңдеу мен мұнай-химия салалары 3 мұнай өңдейтін, 2 газ өңдейтін, және 7 мұнай-химия зауыттарын қамтиды. Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай-газ өңдеу өндірісін модернизациясы мен қайта жабдықтау бойынша міндетті іске асыру мақсатында сутегі өндірісі бойынша құрылыс жұмыстары жүзеге асырылады. Осы жұмыстары ЕУРО халықаралық стандартқа сай өнім сапасын арттырып, күкіртті қоспалардан тауар өнімдерінің тазалау дәрежесін көбейтуге және дизель отынның гидро тазалау құрылғысын сутегімен қамту проблемасын шешуге жағдай жасайды. Шымкент мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің шығару ассортиментін кеңейту, әлемдік деңгейінің талаптарына сай өндірілген өнімнің сапасын арттыруына сәйкес зауыттың перспективті жоспары әзірленуде. 2006 жылы тамызында Атырау мұнай өңдеу зауытының кең ауқымды қайта құрылыстық жұмысы аяқталған болатын. Осының нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды заттардың төмендеуі есебінен экологиялық жағдайы елеулі түрде жақсара түсуді. Сонымен қатар, ЕУРО қазіргі еуропалық стандартқа жауап беретін мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін шығаруға жағдай жасайды. Бензол өндірісін ұйымдастыру мақсатында АМӨЗ-дің модернизациясын жалғастыруға жоспарлайды. Бұл кәсіпорындар мұнай және түрлі мұнай-химия өнімдерін шығару үшін қажетті потенциалға ие, алайда ең алдымен, бір сыпыра мәселелерді шешіп алған жөн.

2007 жылда ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар:

-       көлемі 12,0 млн. тоннадан (2006 жылға 103%) төмен емес Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу жоспары бекітілген, соның ішінде жанар май – 2,5 млн. тонна, дизель отыны – 3,7 млн. тонна, мазут – 3,5 млн. тонна, керосин – 285 мың тонна өндірісі жоспарлануда.

-       кезеңдік алқапты жұмысты есепке алғанда 2007 жылғы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының алдын-алды жоспарлы жұмыстарға тоқталу графиктері бекітілген.

Мұнай өңдеу саласында негізгі қорлардың тозу коэффициенті 70%-ке жетті, құрылғылардың өнімділігі төмен. Қауіпсіз техникасы бойынша, құрал-жабдықтар қазіргі замаңғы талаптарға енді сай келе бастады. 30%-ті жаңа болып келеді. Дайын өнімін шығару бойынша Қазақстан әлемде әлі де соңғы орындардың бірінде. Негізінен технология ескі болғандықтан, МӨЗ-ында шығарылған октаны жоғары мұнай өнімдерінің бірлігіне жұмсалған шикізат көлемі Батыс Еуропа, Солтүстік Америкадағы кәсіпорындарымен салыстырғанда 3 есе жоғары.

Ұлттық мұнай индустрияның инвестициялық ахуалы жоғары деңгейде. Оған дәлел ретінде келесі көрсеткішті келтірсе болады: республикадағы мұнай кен орындарымен байланысты жобалардың жалпы құны 40 млрд. АҚШ доллардан аса құрады.

Қазір Қазақстаннан мұнай құбыр жүйелері, теңіз флоты мен темір жол арқылы экспортталады. “Қаз­Транс­Ойл” АҚ айтуы бойынша, ша­руашылық-экономикалық және өндіріс­тік көрсеткіштердің мұншалықты тез қарқынмен өсуі, біріншіден, Қазақстан­дағы мұнай өндіру көлемінің барған сайын артып келе жатқандығына, екін­ші­ден, қолда бар мұнай құбырлар жүйе­сін кеңейту және жетілдіру, мұнай тасы­малдаудың жаңа бағыттарын ұйымдас­тыру жөніндегі жұмыстардың атқары­луына, Батыс және Шығыс филиалда­рының жүйесін ықпалдастырудың стра­тегиялық саясатын жүргізудің, сондай-ақ мұнайды ТМД мен Еуропа елдерінің аумақтары бойынша тасымалдау мен транзиттік жөнелту жөніндегі оператор ретіндегі қызметінің жолға қойылуына байланысты болды.

Қазақстан Республикасы үшін “Қаз­Транс­Ойл” АҚ қызметінің стратегиялық маңызы соншалық зор екенін ескере отырып, компания қызметкерлері елімізде өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі рынокқа шығаруды үздіксіз тасымалдау жұмысын қамтамасыз етуді өздерінің ең бірінші кезектегі борышы санайды. Сөз реті келгенде айта кетейік, ішкі рынокқа мұнай шығару Атырау мұнай өңдеу зауыты, PetroKazakhstan Oіl Products және Павлодар мұнай-химия зауыты сияқты мұнай өңдейтін зауыт­тарды мұнаймен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады, соңғы он жыл ішінде еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу көлемінің артып отырғаны жалпы алғанда Қазақстан экономи­касының өсуімен тікелей байланысты болды.

Қазақстан Республикасы мұнай құбырларының аса ірі кәсіпорны болып табылатын “ҚазТрансОйл” АҚ-тың қазіргі кезде магистралды мұнай құбыр­лары мен су құбырларының кең тар­мақты жүйесі бар және ол орталық­тандырылған диспетчерлік бақылауды, еліміздің бүкіл мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау ісін бас­қаруды жүзеге асырады, мұнай құбыр­лары желісін кешенді түрде дамытуға басшылық етеді, сондай-ақ бұл саладағы барлық қажетті күтімдік сақтандыру, ізерлік тұжырымдар жасау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, апат салдарларын жою және қайтадан қалпына келтіру шараларын атқарады. Компания қорда­сының құрамына 5286,7 шақырымдық магистралды мұнай құбырлары, 2175,2 шақырымдық су құбырлары, 40 со­раптық мұнай айдаушы бекет, сондай-ақ жалпы көлемі 1306,4 мың текше метрлік, соның ішінде 1154 мың текше метрлік мұнай сақталатын сұйыққоймалық парк кіреді. “ҚазТрансОйл” АҚ-тың ойдағы­дай жүргізілген табысты қызметіндегі негізгі көсеткіштердің қатарына мұнай тасымалдау мен жүк айналымының он жыл бойы тұрақты өсу бағытымен белгілі болып келе жатқан жұмыс көлемін айтуға болады. Мысалы, осы мерзім ішінде компанияда мұнай тасымалдау көлемі 2007 жылғы 22,9 миллион тонна­дан 2011 жылы 43,3 миллион тоннаға жетті. Ал жалпы жүк айналымының көлемі тиісінше 2007 жылғы 17,2 мил­лион тонна-шақырымнан 2011 жылы 28,8 тонна-шақырымға дейін өсті. Егер мемлекттік компанияның негізгі қызме­тінен түскен табысы 2007 жылы 9,8 миллиард теңге болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 69,2 миллиард теңгені құрады. Компанияның тапқан таза пайдасы осыдан он жыл бұрынғы 370 миллион теңгеден 2011 жылы 9,9 миллиард тең­геге дейін артты немесе жалпы алғанда 25 еседен астам көбейді! Осы мерзім ішінде “ҚазТрансОйл” АҚ-тың активтері өзінің осыдан он жыл бұрын алғашқы құрыла бастаған кезіндегі 24,9 миллиард теңгеден 2011 жылы 222 миллиард тең­геге дейін, яғни 9 есе өсті. Компанияның меншікті капиталы 2007 жылы 21,3 миллиард теңгені құраған болса, ол 2011 жылы 193,3 миллиард теңгеге жетті, сөйтіп бұл көрсеткіш те 9 есе өсті.

“ҚазТрансОйл” АҚ-тың пікірі бойын­ша, қазақстандық мұнай компаниялары үшін аса маңызды экспорттық бағыт Каспий теңізіндегі Ақтау халықаралық сауда айлағы болып табылады. Онда Ұлттық компания мұнайды тұрба-құбы­рымен, темір жол көлігімен танкерлерге құюды жүзеге асырады. Қазір мұнай өнімдері айлақтың мұнай құйылатын терминалдары жұмыс істеп тұрған Қалам­қас – Қаражамбас – Ақтау мұнай құбыры бойынша,  сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы темір жол көлігі арқылы жеткізіледі.

“ҚазТрансОйл” 2001 жылы “Ақтау” мұнай айдау бекетінің темір жол эстакадасын жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырғаннан кейін темір жол цистерналарынан жоғары температурада қоюланатын Құмкөлдің мұнайын құю жыл бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Ал “Ақтау” мұнай айдау бекетінің мұнай құю темір жол эстакадасын қайта құру мен кеңейту жөніндегі жұмыстар 2003-2005 жылдары жүзеге асырылды. Мұның өзі танкерлерге темір жол цис­терналарынан құйылатын мұнайдың көлемін арттыруға және 2002 жылғы 2,9 миллион тоннадан 2006 жылы 4,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге,  одан әрі мұнайды бір көліктен екінші көлікке ауыстырып құю көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Құмкөл кен орны 2010 жылы 6048 млн тонна шикі мұнай өндірген болса, 2011жылы 5,9 млн тонна мұнай өндіреді.

“ҚазТрансОйл” АҚ-тың пікірі бойын­ша, қазақстандық мұнай компаниялары үшін аса маңызды экспорттық бағыт Каспий теңізіндегі Ақтау халықаралық сауда айлағы болып табылады. Онда Ұлттық компания мұнайды тұрба-құбы­рымен, темір жол көлігімен танкерлерге құюды жүзеге асырады. Қазір мұнай өнімдері айлақтың мұнай құйылатын терминалдары жұмыс істеп тұрған Қалам­қас – Қаражамбас – Ақтау мұнай құбыры бойынша,  сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы темір жол көлігі арқылы жеткізіледі.

         Қазақстан мұнай болашағы Каспийдің мұнай потенциалымен тығыз байланыстырады. Каспий аймағында инвестицияның тәуекелі бойынша өте жоғары Парсы шығанағымен салыстырғанда, мұнда 95-100 млрд. тонна дәлелденген мұнай қоры шоғырланған, бір баррельдің өзіндік құны 1 долларды құрайды және бірден теңіз арқылы тасымалданғандықтан көліктік шығындары да аз. Каспий маңындағы дәлелденген мұнай қоры 3 есе аз, өзіндік құны 5-7 долларын құрайды, географиялық орналасуы тиімсіз болғандықтан қосымша қомақты көліктік қаржыны талап етеді. Сондықтан қазақстандық мұнай Таяу Шығыстың мұнайымен, әрине, бәсекеге түсе алмайды. Алайда мұнай өндірісі жаһандық масштабтағы бизнесі болса, барлық мұнай нарықтары тығыз байланысты және олардың өзара қайта құру деңгейлері өте жоғары болады. Өзіндік құны ең төмен және ең ірі шикізат базасына ие (ОПЕК-тің кейбір мүшелері) нарықтың едәуір бөлігін жаулап алуға ұмтылмайды және бағаны нарықтық тетіктер арқылы реттеуге жол бермейді.

 

Диаграмма 2. 2010 жылғы мұнайға сұраныстың өсу болжамы

 

 

Соңғы жылдарда мұнайға сұраныстың арту тенденциясы байқалуда. Мамандардың 2010 жылғы зерттеуінің қорытындысы бойынша әлемдегі мұнайға қажеттеліктердің жартысы Азия-Тынық мұхит аймағына және Қытайдың үлесіне тиеді.

АТА нарығы мұнайға сұраныстың артуымен, халық санының едәуір өсуімен сипатталады. Алдынғы 16 жыл ішінде АТА-да мұнайға сұраныстың өсуі бүкіләлемдік сұраныстың қозғаушы күшіне айналады. Осы аймақта энергия көздеріне сұраныстың өсу деңгейі жылына шамамен 4%-ы сақталады. Аймақтағы ең ірі мұнай тұтынушы Қытай болып табылады. Қытайдың қарқынды экономикалық өсуі көмірсутегі шикізатын импорттаумен қос жүреді. 1980 жылдың соңына дейін мұнай экспорттаушыдан, 90-шы жылдардың басына қарай ірі импорттерге айналды.

Қазақстандық мұнайдың Қытайға және кейін АТА елдердің нарығына шығуы анық және болашағы зор. Экспорттық бағыттар арасында, сірә, Шығыс бағыты ерекше орын алатын болуы тиіс. Мұның өзі Қазақстанның айрықша мақтанышына айналып отыр. Компа­ниялардағылардың айтуынша, “Атасу-Алашаңқай” Қазақстан-Қытай мұнай құбырын пайдалануы аса маңызды оқиғалардың бірі болды. Мұның өзі мұнай тасымалдаудың көп векторлы стратегиясын жүзеге асырудағы елеулі кезеңге айналды және мұнай компания­ларының мұнайды Қытайдың болашағы зор және тез өсіп келе жатқан рыногына жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл жобаны “Қазақстан-Қытай құбыры” ЖШС жүзеге асырды. Бұл ЖШС “ҚазТрансОйл” АҚ пен Қытайдың CNPC Ұлттық корпора­циясының CNODC еншілес кәсіпорны негізінде тең құқықты құрылған бірлескен кәсіпорын болып табылады. “Атасу-Алашаңқай” мұнай құбыры бойынша Қытайға Орталық Қазақстандағы мұнай кеніштерінен де өнім жеткізіледі, оның үстіне, Қазақстанның Батыс аймақтарынан да мұнай жеткізілуі әбден мүмкін. Осы мақсатпен Атасуда темір жол шандарынан мұнай қабылдау үшін мұнай құятын эстакада салынды. Ол мұнайды “Атасу-Алашаңқай” құбыры арқылы одан әрі жеткізетін болады. Сонымен қатар бұл мұнай құбырының Ресей мұнайын Қы­тайға тасымалдау үшін Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалануға да мүмкіндік береді.

Біздің еліміз үшін мұнайды Қытайға қарай тасымалдаудан түсетін пайда айдай айқын. Өйткені Қытай дүние жүзінде бізге өз көлемінің мөлшері жағынан да, ең жақын орналасқан көршілік жағынан да мұнай өнімдерін екінші орында сұраныс беруші тұтынушы ел болып табылады. Қытай экономикасының дамуы шапшаң қарқынмен жүзеге асырылып келеді және мұның өзі оның мұнайға деген сұранысын арттыра түсуде. Мұнайға деген сұраныстың Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінде де арта түсіп отырғанын елеусіз қалдыруға болмайды. Бүгінгі таңдағы “ҚазТрансОйл” мен CNPC – мемлекет мүдделерін білдіретін компаниялар. Олардың өзара әрекеттестігі парасатты қарым-қатынастар негізінде құрылған. Сенім мен айқындық – Қазақстан-Қытай әріптестігінің маңыз­ды векторы. Ол бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде жұмыстың табысты болуын алдын ала айқындайды, бұған “ҚазТрансОйл” кәміл сенімді.

Компания “Атасу-Алашаңқай” жүйесі бойынша мұнайды сенімді және үздіксіз қабылдау мен тасымалдаудың болуын қамтамасыз ету мақсатымен Шығыс фи­лиа­лының “Прииртышск-Атасу”, “Қара­қайың-Атасу” учаскесіндегі және “Атасу” мемлекеттік мұнай-газ айдау бекетінің тікелей өзіндегі нысандарды жетілдірудің және қайта құрудың бірқатар маңызды шараларын жүзеге асырды. “Атасу” мұнай-газ айдау бекеті “Атасу-Алашаңқай” мұнай құбырының мұнай айдайтын ең басты бекеті болып табылады. 2010 жылдың қорытындылары бойынша осы бағытпен мұнай тасымалдау көлемі тұрба-құбырды толтыруға арналған мұнайдың көлемін қоса есептегенде 2.7 миллион тоннадан астам болды.

Парсы шығанағы нарықтың құрылымы 1998 жылдың қаңтар айынан бастап, әлемдік нарыққа ирактық мұнай шығуымен қалыптасуда. Ирак пен ТМД, соның ішінде Қазақстанның мұнай өндірушілері де Жерорта теңіз нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Бұл нарықты негізінен Таяу Шығыс елдері ОПЕК елдері, ірі экспорттаушылары қалыптасады.

Атлант бассейні нарықтың мүшелері ең ірі мұнай өндірушілер, әрі ең ірі тұтынушылардың бірі болып келеді. Колумбияда тұзсыз мұнай өндіру көлемі артты, Канада жылына 50 млн. тоннаға дейін ауыр мұнай өндірісін жоспарлауда. АҚШ-тың өзі әлемдік мұнай өнімдер экспортының 10%-ын қамтамасыз етеді. Қазақстандық мұнай осы аймаққа да тасымалданады, алайда квоталар мен құбыр жүйесінің өтімділік қуатының төмен болуымен сиптталады.

Қазақстан үшін ең тартымды өткізу нарықтары Қытай, АТА сонымен бірге Жерорта теңіз нарығы болып табылады.

Жерорта теңіз нарығын қарастыратын болсақ, бұл аймақта каспийлік мұнайдың бәсекелік қабілеті жоғары. Себебі бір баррельдің тасымалдау шығыны 4-5 доллар құрайтын қазақстандық мұнайдың бәсекелік қабілетін нығайтады. Қазақстандық мұнай Парсы шығанағының бір баррелін Жерорта теңіз нарығына жеткізу үшін бір доллар құрайтын мұнаймен өзге нарықтарға жеткізу шығындарымен салыстырғанда бәсекеге түсе алады. Мұнай потенциалын игеру капитал мен жаңа технологиялар тартуды, энергетикалық инфрақұрылымды құру мен дамыту мақсатында ірі халықаралық мұнай компаниялармен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға негізделуі керек. Бәсекелік қабілеті жоғары өнім шығару, мұнайдың экспорттық түсімдерін ақылға қонымды пайдалану есебінен мұнай секторының қызмет істеу тиімділігін арттыру мемлекеттің игілігі үшін.

 

1.2 Қазақстан Республикасының әлемдік мұнай нарғындағы орны

 

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы мұнай мен газдың дайындалған қорлар көлемін ұлғайта алатын ірі кен орындарын ашуды Каспий теңізінің су айдынын игеру есебінен ғана жүзеге асыру мүмкін екені анық болды. Кеңес кезеңінде теңіздің осы аумағында екі рет геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Теңіз су деңгейінің түсуіне байланысты оның беті қысқарғанда, теңіз суынан босатылған кеңістікте де іздеу және егжей-тегжей геофизикалық жұмыстар орындалды. Теңіздің суы таяз аумағының едәуір бөлігінде жерүсті геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындыларын кешенді интерпретациялау арқылы қазіргі Қашаған, Центральная, Құрманғазы, Оңтүстік Жамбай құрылымдар тобының контурларына сәйкес келетін ірі құрылымдар белгіленді. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында «Қазгеофизика» бірлестігінде салынған 2П шағылдыратын бет бойынша Каспий маңы ойпаңының жиынтық құрылымдық картасында бірінші рет көрсетілді. 1993 жылы осы карталар CGG француз компаниясымен бірлесіп, жете әзірленді және Атлас түрінде шығарылды. Атласқа түсіндірме жазбада аталған құрылымдардың үлкен перспективалары болжанды. Карталардың атласын сол кездегі ҚР Геология министрлігі мақұлдады, одан кейін ол таратылып, шетелдік мұнай компанияларына, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-қа да берілді. 1988-1989 жылдары осы материалдар КСРО-ның Мемлекеттік жоспарында қаралды және бүкіл аудан КСРО-ның стратегиялық резервтерінің аймағына жатқызылды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспийде іздеу жұмыстарын бастау ниеті туралы бүкіл әлемге жариялады. Осы жылдың екінші жартысында қазақстандық мамандар тобы «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Каспийдің су айдынындағы мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 13 ақпандағы №97 қаулысымен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы құрылды.

1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL (Норвегия), MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Италия) шетелдік компанияларымен операторы «Қазақстанкаспийшельф» МК, ал консорциумның директоры Ж.Н.Марабаев болған халықаралық консорциумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды.1994-1996 жылдары кемінде 100 тыс. км2 алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық, инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық жұмыстармен Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы зерттелді, өте көп локалдық тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды, олардың үлкен бөлігі іздеу бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қаазсқтанның Үкіметі ОКИОК консорциумымен өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойды және 1999 жылы іздеу бұрғылау басталды. 20 жылдың шілдесінде Консорциум Шығыс Қашағандағы №1 ұңғымада мұнайдың табылғаны туралы жариялады. Сол кезде, ұңғымадан алынған мұнайы бар капсуланы қолында ұстап тұрып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін Қазақстан халықы үшін бақытты күн. Қашағанда мұнайдың ашылуы - біздің тәуелсіздігіміз, болашақта гүлденуіміз, халқымыздың өмірін жақсарту үшін үлкен көмек. Қазақстандықтардың үміттері ақталды» деді.

Шығыс Қашағаннан кейін Батыс Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты мен Оңтүстік-Батыс Қашаған, ал ресейлік секторда Широтное және Хвалынское кен орындары ашылды. Ашылған Қашаған кен орны республикадағы мұнай қорын 35%-ке өсіруге мүмкіндік берді. Қашаған кен орнында алғашқы мұнай 2008 жылы шығуы керек деп жоспарланған болған. Қазір Қашағанда және Каспийдің бірқатар басқа да кен орындарында мұнайды барлау мен өңдеу жұмыстары біз сол кезде жоспарлағаннанда тез қарқынды дамуда.

Каспий аймағына соңғы жылдары өсіп отырған қызығушылық мұнайдың әлемдік энергоресурстар жүйесіндегі рөлі мен орнына негізделіп отыр. Иелігінде ірі энергетикалық ресурстары бар мемлекеттер оларды игеру арқылы үлкен пайда табуда. Ал оларды өндіретін және қайта өңдейтін салалар ұлттық экономиканың дамуына елеулі әсер етеді.

Әлемдік экономикада барлық қатысушылар өздерінің шаруашылық байланыстарын кеңейтуге және халықаралық еңбек бөлінісін ынталандыруға ұмтылады. Мұндай қатысуға талаптар мен мүмкіндіктер экономикалық ойдың классиктері Д.Рикардо мен А.Смиттің салыстырмалы артықшылық, халықаралық сауда теориялары бойынша жазылған еңбектерінде орын тапты. Ал олардың ізбасарлары елдердің белгілі бір өнім өндіруге мамандануының қажеттілігін дәлелдеді, дәлірек айтқанда мемлекет басқа елдердегіден гөрі шығыны аз кететін тауарларды экспортқа шығарғаны дұрыс. Бұл концепциялардың, өндіріс факторлар теорияларының дамуы елдердің өз экономикаларын иелігіндегі ресурстарға негізделген бағыттарда дамытуына әкелді. Бұл объективті түрде ұлттық экономикалардың халықаралық еңбек бөлінісіне қажетті мөлшерде қатысуына әкелді.

Қазіргі кездегі әлемдік шаруашылықта факторлық артықшылықтар шаруашылық құрылым мен мамандануда басты рөль алмайды. Елдердің экспорттық мамандануының кеңеюіне техникалық прогресс негіз болды, мысалы, иелігінде табиғи ресурстары жоқ елдердің көпшілігі өздерінің әлемдік шаруашылық процестерге қатысуын кеңейтіп отыр.

Шикізат қорын кеңейту мүмкіншіліктерінің шектелгендігін және конъюнктура тербелістеріне байланысты мемлекеттердің табысының тұрақсыздығын ескере отырып, республика өңдеу секторларын дамытуға, технологиялық тізбектердің құрылысын аяқтауға, «мұнай өндіру-өндіріс-қайта өңдеу» ортақ циклін құруға және экспортты диверсификациялауға ұмтылады.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Өркендеу, қауіпсіздік және қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақарту» атты жолдауында Қазақстанның ірі табиғи қорлары мен энергетикалық ресуртарға ие екенін атап өтті.

Еліміздің территориясында Қазақстанды мұнайлы елдердің алғашқы ондық қатарына шығарып отырған мұнай және газ кен орындары бар. Алайда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай көптеген табиғи ресурстарға бай елдер оларды дұрыс пайдалана алмады.

«2030 Стратегиясының бағдарламасына» сай еліміздің экономикасына таяудағы үш онжылдықта мұнай-газ қорының дамуы елеулі түрде әсер етеді. Каспий теңізінің мұнай қоры Парсы шығанағы қорымен салыстырғанда аз болғанымен, Солтүстік теңіз қорынан 2 есе көп. Каспий теңізінің жаңа мұнай резервуары ретіндегі рөлі ХХІ ғасырдың басында өспек, себебі бұл уақытта Аляска мен Солтүстік теңіздегі мұнай өндіру көлемі азаяды деп күтілуде.

«БиПи Амоко» деректері бойынша 2006 жылға дейін әлемде жер бетіне шығарылған мұнай қоры 160 млрд. тоннаға жетті, ал Лондондағы стратегиялық зерттеулердің халықаралық институтының берген бағасы бойынша Каспий мұнайының потенциалды қоры 31,8 млрд. тонна болса, газдың қоры 10 трлн. текше метрге тең. Бұл Каспий аймағына ірі мұнай тұтынушы елдердің және компаниялардың қызығушылығын арттырды. АҚШ Каспий аймағын өз мүддесі ретінде жария етті. Ал мұнай өндіретін компаниялар зерттеу мен қаржыландыруға байланысты кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Қазақстанның мұнай қорын толығырақ зерттеу үшін Каспий жағалауындағы елдердің мұнай салалары мәселелерін кешенді түрде қарастыру қажет. Каспий мәселесі бұл елдерге ортақ болуының тағы бір себебі бұл елдердің экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтік болашақтары теңіздегі жұмыстар қорытындысына тәуелді болуы.

Шаруашылық байланыстардың үзілуі, технологиялық артта қалушылық, негізгі қорлардың ескіруі, құнсыздану, айналыс құралдарының жоғалуы, төлемдер мен өндірістің құлдырауы тәуелсіздігін алған мемлекеттерден әлемдік нарыққа шығу жолдарын іздеуге итермеледі.

Құлдыраудан шығу мен өндірісті тұрақтандыру үшін экономикалық саясаттың өзегі ретінде Каспий жағалауы елдері, әсіресе, Әзірбайжан мен Қазақстан мұнай саясатын таңдады.

Каспий мұнайының біртексіз орналасуы ұлттық секторлар мәселесін туғызып, құқықтық мәртебеге байланысты сұрақтарды жандандырды. Қазақстандық сектор Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағын алып жатыр.

Атырау және Маңғыстау облыстары территориясы арқылы өтетін Қазақстан Республикасының жағалау сызығы Каспий жағалауындағы елдердің ішінде ең ұзақ 2,3 мың км тең болды.

Каспий теңіз асты қайраңының игерілу дәрежесі мен қорына берілген бағалардың сәйкессіздігін атау қажет. Кейбір геологтар пессимистік баға беріп, олардың көзқарасы бойынша мұнай өндіруші, көліктік компанияларға, қаржылық ұйымдарға маңызды болса, Каспий маңындағы елдерінің Президенттері мен Үкімет билігі елдің имиджін көтеріп, инвестициялық қызығұшылықты арттыру үшін көмірсутектердің қорларының расталмаған мөлшерін атауда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті қазақстандық мұнай сектордың болжанған қорының мөлшері 6-12 млрд. тонна десе, Түркменістан өз секторының қоры 4 млрд., Әзірбайжан Президенті өзінің тек 3 кен орындары – Азери, Чираг және Гюнешлидің қорын 630 млн. тоннаға бағалап отыр (болжам – 510 млн. тонна).

Болжам бойынша Каспий мұнайының қоры 15-20-дан 30-40 млрд. тоннаға дейін жетеді. Каспийдің мұнай байлығы Иран жағалауындағы қорды есепке алмағанда 10 млрд. тонна құрап отыр. Ресей жағалауында 1-1,5 млрд., Әзірбайжан – 4 млрд. астам, ҚР-да 1 млрд., Түркменістанда – 2,6 млрд. тонна мұнай шоғырланған. Иран жағалауы маңында жер бетіне шығарылатын көмірсутектердің қоры 12-13 млрд. Оның 75%-ын мұнай, 25%-ын табиғи газ құрайды.

Ірі масштабты геологиялық барлау жұмыстарынсыз Каспий мұнайының дәлелденген қоры туралы сөз қозғау ертерек. Іс жүзінде Каспийдің мұнай ресурстары Д1 және Д2 категориясына, яғни болжанған қорларға жатады (А категориясы - өңделіп жатқан, В - өндіруге дайын кен орындары, С – дәлелденген қорлар).

Ресей сарапшылардың пікірінше, Ресей Федерациясы бөлігіндегі көмірсутектердің болжанған қоры - 1,1 млрд. тонна, Қазақстан Республикасында – 10 млрд., Түркменістанда – 6 млрд. тонна құрайды. Сонымен қатар, Каспийдің ресейлік қайраңы үлкен қорға ие. Әзірбайжан секторы - 100%, Қазақстан – 75%, Түркменістан – 50%, ал Ресей секторы тек 25%-ға барланған.

Каспийдің болжанған мұнай-газ ресурстары қазақстандық мамандардың бағалауы бойынша 12 млрд. тонна мұнай және конденсатты және шашамен 3 трлн. текше метр газды құрайды. Каспий теңіз асты қайраңы және оның жағалау аймағының болашағы зор. 100 мың шаршы км ауданда жүргізілген геофизикалық зерттеулер нәтижесінде тек ауданда жүргізілген геофизикалық зерттеулер нәтижесінде тек мұнайдың болжамдық қоры 12 млрд. тоннаға тең 96 құрылым табылды. Әлемдік масштабта Каспий регионы дәлелденген 1,3-2,6%-ға ие, яғни ол іс жүзінде «екінші Парсы шығанағы» бола алмайды.

Бірақ сарапшылар мен мамандар теңіз асты қайраңының қажетті мөлшерде геологиялық зерттелмегенін ескеріп, іздеу-барлау жұмыстарының жандануы мен өндіру басталғаннан кейін нақтыланады деп шешті.

Мәселен, Теңіз кен орнының мұнай қоры 1 млрд. тонна құрайды. Бұл Каспий теңіз асты қайраңында Қазақстан Республикасының Теңізден 10 есе үлкен кен орнына ие дегенді білдіреді. Жалғыз Шығыс Қашағанның көмірсутек ресурстары Мексиканың сомалық мұнай қорларынан асады. Егер теңіздегі қазақстандық сектордың мұнай резерві 12 млрд. тоннаға жетсе, онда Қазақстан мұнай қоры бойынша БАЭ мен Венесуэладан асып, Иран мен Кувейтке жақындады.

Каспий аймағының байлықтары Кеңес Одағы кезінде де зерттелген болатын. 1992 жылға дейін жүзеге асырылған кешенді геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде Каспий түбінде көмірсутектердің ірі қоры табылған. Жаңа сарапшылық геологиялық бағалаулар нәтижесінде Каспий акваториясында 250 локалдық құрылымдар белгіленді: оның 47-і бұрғылауға дайындалып, 27 объектіде терең барлау бұрғылаулары іске асырылады, 20 мұнай және газ кен орындары ашылды. Каспий байлықтарының жоғарғы дәрежеде геологиялық зерттелуіне қарамастан, оларды игеруге қажетті технологиялардың болмауына байланысты Батыс сібірлік мұнайды игеруге қарағанда тиімсіз деп есептелген. Ал қазір олардың сарқылғандығына байланысты теңіздегі өндіруді өсіру перспективасы тікелей Каспиймен байланыстырып отыр.

Толықмасштабты зерттеулер жүргізу мақсатымен ККШ халықаралық консорциумы құрылды. Ол жоғары сапалы геофизикалық жұмыстар кешенін өткізу үшін жүргізілетін жұмыстардың қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін, экологиялық мониторинг жүргізуге, кадрлар дайындау мен қайта дайындауға, инвестициялық процестерді ұйымдастыруға және теңіз асты қайраңын игеру тиімділігін арттыруға жауап береді. Пессимистік бағалауларға қарамастан, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты Каспий жағалауындағы елдер өз ұлттық секторларын игеруге кірісіп кетті.

Әзірбайжан шетелдік мұнай компаниялары көмегімен мұнай өндіру масштабын жоғарылатуды болжап отыр. Каспий теңіз асты қайраңы және ең алдымен Апшерон табалдырығы қазіргі кезде Әзірбайжанның басты мұнай-газ беретін ауданы болып отыр. Оның көпшілік кен орындары Кеңес дәуірінде ашылған.

Әзірбайжанда геологиялық барлау жұмыстары мен кен орындарының жобаларын игеруі басталды. Алғашқы барлау скважиналары Карабах және Дан-Улдузу жобалары бойынша бұрғыланды.

Ресей компанияларының Каспий теңіз асты қайраңына деген қызығушылығы тек гелогиялық қорға негізделмеген. Каспий аймағы Ресей мұнайын сататын дәстүрлі еуропалық нарыққа жақынырақ орналасқан, себебі ресейлік жағдайда өндірушден тұтынушыға дейінгі қашықтық маңызды рөль атқарады. Осы себептен, Каспий мұнайы ресейлік компаниялардың Сібірден Орталық Ресейдің МӨЗ-іне ресейлік нарықтың ең динамикалық еуропалық бөлігінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткізілетін мұнайын тиімді алмастыра алады.

Иранның Оңтүстігінде Парсы шығанағы ауданында терең өңделген мұнайдың ірі қорлары болғандықтан, ол өз секторын игеруде белсенділік танытып отырған жоқ. Алайда, регионның басқа мемлекеттерінің іс әрекеті Иранды да Каспий қайраңын игеру жұмыстарына итермелеп отыр.

Анықталған мұнай және газ қорлары бойынша Қазақстан әлемде сәйкесінше 13-ші және 15-ші орынды алады. Анықталған баланстық мұнай қорлары 2,2 млрд. тонна, газ конденсаты 0,7 млрд. тонна және табиғи газ – 1,8 трлн. текше метр құрады. Осылайша, Қазақстан көмірсутек шикізатын өндіретін елдер ішінде 17-шы орынға ие.

Қазақстан мұнай мен газдың негізгі қорлары мен болжамдық ресурстары елдің батысында, яғни Каспий маңы ойпатымен теңіз қайраңы шегінде шоғырлаған. Мұнай мен газоконденсаттың потенциалдық ресурстары әртүрлі мамандар бағалаулары бойынша 7,7-11,5 млрд. тонна деп бағаланады. Көптеген аналитиктердің пікірінше, Қазақстан бүкіл Каспий-Орта Азия аймағындағы ең ірі мұнай-газ қорына ие мемлекет, оған Теңіз кен орынның теңіздік жалғасы болып табылатын Қашаған кен орынның ашылуы дәлел.

Каспий теңіз асты қайраңының қазақстандық секторында жүргізілген барлау жұмыстары да өзінің оң нәтижелерін берді. Бұл жердегі мұнай қоры әлемде соңғы 20 жылда ашылған ең ірі кен орны болуы ықтимал. ҰМТК мамандарының қорытынддысы бойынша Қазақстан 2010 жылы бұл жерден табыс ретінде 500 млн. Доллар өндірген блса, ал 2020 жылдан кейін 200 млн. тонна мұнай өндіретін болады.

Каспий қайраңының қазақстандық секторының 2009 жылы көлемі 5-7 млн. тонна бірінші мұнай алынған болатын. Бұл уақытқа дейін кен орыннан игеруге қажетті инфрақұрылымның қамтамасыз етілген пайдаланым жүйесі толыққанды жұмысқа даяр болу қажет. Бұл жүйенің дамуы өндіру көлемінің өсу динамикасына объективті түрде сәйкес болып, 2009 жылдан бастап мұнайды коммерциялық өндіру көлемін біртіндеп жылына 60 млн. тоннаға дейін өсіру көзделген.

«Шеврон» компаниясының мамандары зерттеулер жүрзіп жатқан ауданы – 100 мың шаршы км шельфтік блоктың қорын 2 млрд. тонна мұнай мен 700 млн. тонна газоконденсатқа ие деп бағалады. «Қазмұнайгаз» ҰМТК қорытындысына сай 2010 жылы Қазақстан 102 млн. тонна мұнай өндірді, яғни Каспий мұнайының үлесі 60%-ті құрайды.

Каспий мұнайын игеру мәселесін Қазақстанда өндіретін мұнай кешенінде және инвестициялық, бюджеттік, көліктік, экологиялық саясаттарымен бірге қарастыру қажет.

Қазақстанның мұнай саласының болашағы Республикадағы ең ірі кен орны – Теңіздің әрі қарайғы пайдалануы, Ембі мен Маңғышлақ бассейніндегі кен орындарын және Каспий түбінің Шығыс бөліктерін өңдеумен байланысты. Соңғы үшеуі ортақ геологиялық құрылымды біріктіреді.

Атырау облысы 70-жылдың басынан 80-жылдың ортасына дейін Қазақстанның барлық белгілі және жобаланған мұнайлы аудандарында мұнай-газдық қорды зерттеуге байланысты басшылық етті. Облыс территориясында жалпы республикалық қордың жер бетіне шығарылатын мұнайының 50,9%-ті, газдың 10%-ті, конденсанттың 4,1%-ті шоғырланған. Жалпы облыста көмірсутек шикізатының 131 кен орындары барланған. Олардан жер бетіне шығарыла алатын қоры 1 529 081 мың тонна мұнай, 198 733 млн. текше метр газ, 29 240 мың тонна конденсат. 131 кен орынның 75 қазіргі кезде өңделуде, 12 өңдеуге даярлануда, 13-інде барлау жұмыстары жүргізілуде, ал 31 кен орны консервацияға қойылды. Егер бұрын облыста көмірсутек шикізатын өндіру негізінен Оңтүстік Ембі мен Орал-Волга өзен арлығының тұз қабатының жоғарғы бөлігінде жүргізілген болса, қазіргі кезде Теңіз кен орынның тұз қабатының астынғы бөлігі барланып, өңделуде, ал Королевское кен орны сәйкес қызметтерге даярлануда.

Маңғыстау облысы да Қазақстанның минералды-шикізат ресурстарының орналасуында елеулі орын алады. Оның территориясында жер бетіне шығарылатын мұнайдың 23,4%-ті, табиғи газдың 8%-ті, уранның 3,2%-ті, егеутастың 90,5%-ті шоғырланған. Облыс территориясында жалпы көлемі 702 542 мың тонна мұнай, 157 730 млн. текше метр газ, 4,7 млн. тонна конденсатқа тең 114 көмірсутегі кен орны бар, және олардың 42-і өңделуде. Қазақстан Республикасында өндіру саласы құрылғаннан бері облыста 426 771 мың тонна мұнай өндірілген.

Мұнай мен газдың ірі табиғи қорларына ие бола отырып, Республика нарықтық түрлендіру процесінде олардың игерілу мен мұнай-газ секторының кешенді дамуына басты рөлді беріп отыр. Осыған байланысты Теңіз асты қайраңын игеру стратегиясының барлық бөліктерінің бірдей дәрежеде жүзеге асу мәселелері және экспорттауды, тасымалдауды, ішкі қайта өңдеуді қоса жалпы мұнай-газ саласының даму мәселелері тереңдеп отыр.

Каспий мұнайының негізгі көліктік магитральдардан алшақ орналасқандағымен Каспий теңізінің географиялық орналасуының ерекшелігі көмірсітегі шикізатын әлемдік нарықтарға жеткізетін тиімді құбыр жүйесін салумен айналысатын мүдделі тараптарға кең іс әрекеттер саласын ашты. Барланған және өңделіп жатқан кен орындарындағы өндірудің өсуі экспорттық мұнай құбырларының қуатын жылына 50 млн. тоннаға дейін арттыруды қажет етеді. Ал теңіз асты қайраңы жобаларының даму экспорт жүйелерінің жалпы қуатын жылына 70-120 млн. тоннаға дейін күшейтуді талап етуі мүмкін.

Көптеген зерттеушілердің ойынша, Каспий мәселесі – мұнайды тасымалдау мәселесі. Тасымалдау бағытына мұнайдың бағасымен өткізілетін нарығы тәуелді. Еуропада Каспий мұнайы қажет етілмеуі мүмкін, ал Азия нарығында сұраныстың өсуіне байланысты Каспий мұнайы көліктік шығындардың жоғары болуына қарамастан өз орнын табуы мүмкін.

Қазақстан мұнайын өткізудің потенциалды нарықтары болып, ТМД елдерінің, Қара теңіз бассейні, Жерорта теңізі, Парсы шығанағының, Қытай нарықтары табылады.

Алғаш рет Каспий мұнайын тасымалдау үшін қажетті магистральді құбыр жолдарын салу мәселесі 90-шы жылдардың басында теңіз кен орны бойынша қазақстандықтарға кеңесші болған Оман султандығымен көтерілді. 1992 жылдан бері мүмкін болатын экспорттық мұнай құбырлары маршруттарының зерттеу жұмыстары басталып, мұнай компаниялармен бірлесіп инжинирингтік фирмалар болашақ экспорттық мұнай құбырларының әртүрлі жобаларын жасап ұсынады.

Бүгінгі таңда Қазақстан соңғы он жыл ішінде салынып, іске қосылған мұнай құ­бырлары жүйесінің саны бойынша Еуразия мемлекеттерінің арасында, сірә, бірінші орынға шығып, жетекші рөл атқарып отыр. “ҚазТрансОйл” АҚ-тың соңғы бірнеше жылдың ішінде жүзеге асырған аса ірі жобалары қатарында мыналар бар: Кеңқияқ – Атырау, Әлібекмола – Кең­қияқ, Солтүстік Бозащы –Қаражамбас, Атасу – Алашаңқай мұнай құбырлары салынып, іске қосылды; Атырау – Самара құбырының, Ақтау айлағының, бірқатар мұнай сақтайтын және мұнай құятын темір жол терминалдарының қуаттары артты­рылып, кеңейтіле түсті.

Атырау – Самара мұнай құбыры Қазақстан мұнайын “АК “Транснефть”  ААҚ-тың және ТМД елдерінің мұнай тасымалдау жүйесі арқылы Қара теңіз терминалдарына (Одесса, Новороссийск, Южный), Балтық теңізіндегі терминалдарға (Приморск, Гданьск, Бутинге), сондай-ақ Еуропа елдерінің (Польша, Германия, Венгрия, Словакия, Чехия және басқа­лары) рыноктарына жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі экспорттық мұнай құбыр­ларының бірі болып табылады. “Қаз­ТрансОйл” АҚ-тың деректері бойынша, бұл бағыттағы мұнай тасымалы көлемінің негізгі өсімі 2000 жылдың аяғы мен 2001 жылдан бастап лимитті шектеулер қойыл­ған учаскелердегі турбулентті (кедергілі ретсіз) ағынға қарсы қолданылатын қо­сымдарды енгізу әдісі есебінен, сондай-ақ Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырын қайта құрып, жетілдіру есебінен мүмкін болды. Бұл шараларды жүзеге асырудың арқасында Атырау – Самара  мұнай құбырының жылдық өткізу мүмкіндігі жылына 12,3 миллион тоннадан 15,6 миллион тоннаға дейін, ал жыл сайын тасымалданатын мұнайдың көлемі 2009 жылғы 11,8 миллион тоннадан 2011 жылы 15,6 миллион тоннаға дейін жеткізілді. Былтырғы мамыр айында Атырау – Са­мара мұнай құбыры арқылы ол іске қосылғаннан бергі кездегі рекордтық көр­сет­кіш болып табылатын мөлшерде – 1 миллион 370 мың тонна мұнай айдалды.

Бұл мұнай құбырының ұзақ жылдар бойы қазақстандық мұнай шикізатын Ресей аумағы арқылы дүниежүзілік рынок­қа тасымалдап шығаратын негізгі бағыты болып келгені белгілі. Алайда, соңғы жылдары жаңа мұнай құбырлары мен мұнай айдайтын қуаттардың пайда болуы арқасында республикамызда жұмыс істейтін мұнай-газ компаниялары экспорт­қа мұнай жөнелтудің бағыттарын елеулі түрде өзгертті. Мысалы, Қазақстанның мұнай өнеркәсібі тарихындағы аса маңызды оқиға 2001 жылы Каспий құбыр консорциумның (КҚК) Теңіз – Новорос­сийск мұнай құбырының пайдалануға беріліп, еліміздегі ең ірі  Теңіз мұнай кен орнының Қара теңіздегі Новороссийскіге таяу мұнай терминалымен байланыстыруы болды. Жүк жөнелтушілердің бұл магистралға қол жеткізуін қамтамасыз етуі үшін “ҚазТрансОйл” АҚ өзінің мұнай айдайтын “Атырау” бекетінде Өзен – Атырау, Кеңқияқ – Атырау, Мартыши – Атырау  құбырлары және темір жол арқы­лы келіп жатқан көмірсутегі шикізатын КҚК жүйесіне айдау үшін қажетті нысандарды іске қосты. Бір сөзбен айтқан­да,  осындай шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде “ҚазТрансОйл” жүйесі арқы­лы КҚК құбырына мұнай айдаудың көлемі 2006 жылы 4,4 миллион тоннаны құрады.

Атырау – Самара және Теңіз – Ново­российск мұнай құбырларының қуаттарын пайдалануға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Бұл жүйелердің мұнай айдау қабілеті бүгінгі таңда ең биік шырқау шегіне жетіп отыр. Олардың мүмкіндігін бұдан да арттырып, кеңейте түсу үшін “ҚазТрансОйл” мен КҚК соңғы бірнеше жыл бойы турбулентті (кедергілі ретсіз) ағынға қарсы қолданалатын қосымдарды енгізу әдістерін, бүкіл дүние жүзінде кеңі­нен қолданылып жүрген тиімді техно­логияны барған сайын молынан пайда­ланып келеді. 2002 жылы жүргізілген өнеркәсіптік-сынақ тәжірибесі бұл тиімді технологияны Атырау – Самара мұнай құбыры учаскесінде қолданудың өзі ғана мұнай айдау көлемін жылына 17,5 мил­лион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Компания “Атасу-Алашаңқай” жүйесі бойынша мұнайды сенімді және үздіксіз қабылдау мен тасымалдаудың болуын қамтамасыз ету мақсатымен Шығыс фи­лиа­лының “Прииртышск-Атасу”, “Қара­қайың-Атасу” учаскесіндегі және “Атасу” мемлекеттік мұнай-газ айдау бекетінің тікелей өзіндегі нысандарды жетілдірудің және қайта құрудың бірқатар маңызды шараларын жүзеге асырды. “Атасу” мұнай-газ айдау бекеті “Атасу-Алашаңқай” мұнай құбырының мұнай айдайтын ең басты бекеті болып табылады. 2006 жылдың қорытындылары бойынша осы бағытпен мұнай тасымалдау көлемі тұрба-құбырды толтыруға арналған мұнайдың көлемін қоса есептегенде 2 миллион тоннадан астам болды.

Мұнай құбырларының жаңа маршруттарын салумен қатар, бар мұнай құбырларын тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Каспий мұнайының тасымалдау проблемаларын шешуде Атырау мен Ақтау портына маңызды рөль беріледі.

Осылайша, Каспий қайраңының мұнай қорының құрамына нақты өлшемді тасымалдаумен инвестициялау қорлары кіреді, және олардың сәйкестігі ғана Каспий мұнайына әлемдік нарыққа жол ашып, әлеуметтік-экономикалық оң әсерін қамтамасыз ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау

 

2.1 ҰМК «Қазмұнайгаз» АҚ мұнай компаниясының сипаттамасы

 

“ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ-тың мамандары мұнай және газ жиынтықтарының орналасу, өткен кезеңде қол жеткізілген геологиялық барлау жұмыстарының нақты нәтижесі, талдау жасау және ресурстарды анықтау бойынша белгілі болған заңнама негізінде, мұнай өнімділігінің келешегіне салыстырмалы түрде баға беріліп, 2007-2011 жылдар аралығында жүзеге асырылатын геологиялық барлау жұмыстарының бағыты айқындалды.

Қазір “ҚазМұнайГаз” ұлттық компа­ниясы” АҚ, “ҚазТрансОйл” АҚ және Total компаниялары арасындағы инвес­тицияларды негіздеу жөніндегі ынты­мақтастық туралы Меморандумның және көзделген мақсаттар туралы Деклара­циялар шеңберінде Ескене-Құрық мұнай құбырының жобасы жөніндегі бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы кезеңде жалпы ұзындығы 750 шақырым шамасындағы мұнай құбыры­ның өнім өткізу қуаты жылына 23 миллион тонна мұнай айдауға жететін болады. Содан кейін кезең-кезеңімен одан әрі кеңейту мүмкіндіктеріне қарай ресурс базаларының мүмкіндіктеріне сай жылына 35 миллион тоннаға және 56 миллион тоннаға дейін жеткізілетін болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның миссиясы – Қазақстан Республикасы үшін оның ұлттық мұнай-газ саласына қатысуынан барынша жоғары пайданы қамтамасыз ету.

Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның даму стратегиясында» белгіленген және оларға төмендегілер кіреді:

-     Компанияның құнын арттыру;

-     Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;

-     Қорларды көбейту;

-     Өндірісті арттыру;

-     Мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету;

-     Ірі көлемді мұнай-газ жобаларын (Теңіз, Қарашығанақ және Солтүстік-Каспий жобалары) жүзеге асырудан болатын экономикалық әсерді арттыру;

-     Көліктік мүмкіншіліктерді дамыту;

-     Қосылған құны жоғары болып келетін мұнай-химиялық өндірістерді дамытуға ықпал ету;

-     Тиімділігі жоғары мұнай-газ компаниясын құру;

-     Компанияның басқару жүйесін жетілдіру.

Стратегиялық мақсаттарға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 2006-2010жж. арналған Стратегиялық бастамалардың жиынтық жоспарында (Стратегиялық даму жоспары)» көрсетілген шараларды орындау мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 5 жылға (2007-2011жж.) арналған стартегиялық даму бағыттарын» жүзеге асырудың арқасында қол жеткізу ескеріліп отыр.

Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі замандағы даму кезеңі компанияның алдына жаңа міндеттер қоюда, олардың шешілуін компанияның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі мен оның келешектегі тұрақты экономикалық дамуы қамтамасыз етуі тиіс.

Активтерді қайта құру бағдарламасының мақсаты – активтердің тиімді және айқын құрылымын құру.

Бағдарламада салаға қатысты қосалқы және салаға жатпайтын қызметпен айналысатын еншілес және тәуелді ұйымдардың жалпы санын азайту ескерілген.

Компанияның активтерін қайта құру қағидалары:

-     елеулі мәні бар активтерді сақтап қалу және қызметтің салалық бағыттарына көбірек күш жұмсау;

-     төмен коммерциялық әлеуетке ие салалық активтерден шығу;

-     салалық қосалқы активтерге қатысушылардың/акционерлердің құрамынан шығу;

-     салаға жатпайтын активтерге қатысушылардың/акционерлердің құрамынан шығу;

Салалық қызметке төмендегілер жатады:

-     игеру мен өндіру;

-     мұнай-газ шаруашылығының инфрақұрылымын пайдалану;

-     қайта өңдеу;

-     мұнай-газ құбырларын тасымалдау мен пайдалану;

-     мұнай мен газ саласындағы өткізу және маркетинг, НИОКР;

-     геологиялық-геофизикалық зерттеулер;

-     мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ шаруашылығының инфрақұрылымын жобалау мен салу;

-     бұрғылау;

Компания активтерінің мақсаттық құрылымы:

-     Көмірсутегілерді игеру мен өндіру;

-     Маркетинг және өткізу;

-     Мұнай мен газды тасымалдау.

Сервис – салалық-қосалқы және салаға жатпайтын секторларды қамтиды. Активтерді қайта құру бағдарламасын жүзеге асыру еншілес және тәуелді ұйымдардың қатысу үлестері мен акция пакеттерін сатудан түскен пайдаға ие болып отыруды қамтамасыз етеді, қолданыстағы активтерді бақылау мен оларға мониторинг жүргізу жөніндегі әкімшіліктік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, келешегінен үміт күттіретін жобаларды дамытуға арнап қосымша мүмкіншіліктер мен ресурстар береді.

Шикізаттақ базаның озық өсуін қамтамасыз ету үшін, АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз»дың және олардың еншілес компаниялары мұнайгаз жобаларына геологиия техникалық монитроинг жүргізу. Олардың жобаларын есепке ала отырып, 2004 жылы қарашада геология техникалық қызметі (ГТҚ) құрылды. Компанияда көмірсутектің потенциалын кеңейту шаралары үшін жоспар құрастырылған және іс жүзінде жүзеге асуда.

Бұл жоспар біріктірілді:

-        геология барлау жұмыстары, жердегі және теңіз блоктарындаға келісімді аймақтарда кен орындарынан мұнай және газ барлау.

-        жер қойнауларын қолдануға аулалардаға көмірсутектерді іздеуге және барлауға құқық бар.

-        жаға іске асатын мұнайгаз жобаларына геология және геофизика облыстарында қатысу.

-        құрғақ және теңізде шикізат құрларын бағалау үшін ғылыми техникалық зерттеулер жүргізу.

-        мұнайгаз жобаларына геология техникалық монитроинг жүргізу, көмірсутек кен орындарын игеру және өңдеу технологиясын меңгеру, бағалау, ірі мұнайгаз жобалары бойынша, жылдық, мақсатқа жеткізе алатын бағдарламаларда жүзеге асырылады.

Бұл бағыт дәлдік пен нәтижелілікті анықтайды. Сонымен қатар, мұнай кен орындарында геологиялық гидродинамикалық моделдерді әрдайым іске қосылатын және сүзгіштік сыйымдылықтың параметрлерін тудыра алады. Бұл көмірсутек қорларын белгілі бір тәртіппен, өнімді, сапалы өндіру. Жобаның экономикалық тиімділігін көтеру, бұл Қазақстан Республикасы үшін экономикалық нәтижесін көрсетеді. Бақылау, жиналысқа қатысу негізінде, яғни еншілес кәсіпорындар мен мұнайгаз жобаларының техникалық комитетегі операторлары жүзеге асады. Жұмыс топтарын бағалау бойынша немесе көмірсутек қорын есептеу, мұнай кен орындарындағы және басқа да шараларда жоба құжаттарын сараптау. ГТС, бірлесе басқаруға, жоба мониторингін барлауға және іске қосуға, сонымен қатар жаңа инвестициялық блоктарды конкурстарға қатысты келіссөздер жүргізу және оған қатысуға дайындық. Үлкен көңіл ірі мұнайгаз жобаларының технологиясын меңгеруге және геология барлау жұмыстарына барлау әдістерін енгізу, резервуар параметрін болжап және бағалауға, мұнай және газ орындарын тиімді игеруге, және ол игерудің барысы ғылымның техникалық заманауи деңгейде болу және компьютердің жаңа технологиясын қолдануға бөлінді. Компанияда техникасы жаңа үлгідегі компьютер геология геофизикалық нәтижені және сол жердегі ұңғымаларды геологиялық және гидродинамикалық моделдер, жұмыс бойынша мамандарды бағдарламалармен таныстыру үшін оқыту жүргізіледі. Көмірсутек шикізат қорларын ғылыми техникалық зерттеу, Қазақстан Республикасының құрғақ және теңіз мұнайгаз бассейінінде жүргізіледі. Сонымен қатар, қайта өңдеу жүргізудің нәтижесі, жаңа геология геофизикалық негіздер пайда болады. Жерді зандылықпен тексерудің аэрокосметикалық әдіс қызығушылық тудыруда. Тұндырма бассейіндердің объектілерде және кен орындарында геологиялық әдістері қалыптасады. Көмірсеутектердің артық қорлары және де кендік қорлар қалыптасады. Зерттеу қорытындасы іздеу барлау жұмыстары бағыттарында алғашқы кезектегі сұрыптау, кен орындарында және блоктарда жүргізіледі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының кен орындарындағы қорлар бойынша ГКЗда артық қорларды бағалау жүргізілді, яғни, Шығыс Мақатта, Досмұхамбетовта, Аққұдықта, Гранда, Оңтүстік Шығыс Новобогатинскіде, Солтүстік Жолдыбайда және таға басқа. Қазақстан Республикасының хабардар органдарымен тікелей келіссөз жүргізу қорытындысы бойынша, Р-9, Р-24 (Тірескен) недроқолдану блоктарына келісім бойынша келіссөздер жүргізу жалғасуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның көмірсутегілер қоры мен өндірісін арттыру жөніндегі қызметінің нәтижелі болуы негізінен компанияның технологиялық әлеуетінің дамуымен белгіленуде.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ілгері әдістерді ұстануда: біз ең кейінгі жабдықтарды қолданамыз, біздің мамандарымыз ескіріп бара жатқан кеніштердің өмірін ұзартуға арналған жаңаша әдістер әзірлеуде, қоршаған ортаға нұқсан келтірусіз өнімділікті арттыруға мүмкін беретін технологияларды ендіруде. Бұл ретте Қазақстандағы мұнай өндірісінде жүз жылдық тәжірибе бізге жергілікті мұнай өндірудің ерекшеліктері мен көмірсутегілердің ерекше қасиеттеріне қатысты білімдерімізге негізделе отырып біздің жұмысымыздың тиімділігін арттырумен соларды алудың бірегей әдістерін қолданып отыруға мүмкіндік беруде.

Біздің табыстылығымыз бен келешектегі жетістіктеріміздің кепілі - «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының бүкіл ұжымының ұйымдасқан жұмысында. Бізде заманға сай ой қозғайтын, мұнай-газ кешенін дамытудың басты бағыттары бойынша білім мен тәжірибеге ие, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Қазақстан экономикасының негізгі локомотивтерінің бірі бола тұра «ҚазМұнайГаз» біздің мемлекетімізбен бірге өсіп және дамып келеді. Сол себептен біз өз қызметімізді республиканың аймақтық шекараларымен шектелмей өндіріс көлемдерін белсенді түрде арттырып келеміз.

Өткен жылдар ішінде Қазақстанда мұнайды тасымалдау жүйелерін дамытуға арналған едәуір жұмыс жүргізіліп, тасымалдау бағдарының көп бағыттылығы саясаты іс-жүзінде жүзеге асты.

Каспий шельфі мен өзге де қазақстандық кеніштерді игеру жоспарлары елдің алдына жаңа ауқымды міндеттер қоюда. Алда үлкен жасампаздық жұмыс күтіп тұр: мұнай өндірісінің қарқынды түрде дамуы көліктік инфрақұрылымға барған сайын күрделі және ауқымды талаптар қоюда. Біз қазақстандық мұнайдың әлемдік нарықтарға сенімді және экономикалық тұрғыдан тиімді тасымалдануын қамтамасыз ету үшін өзге мемлекеттердің мұнай компанияларымен және мұнай тасымалдау жүйелерінің операторларымен ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға әзірміз.

АҚ «ҚазТрансОйл» «2007-2009 ж..ж. объектілердің технологиялық қайта жабдықтау кешенді бағдарламасын» жүзеге асыруға жұмысқа кірісті, сонымен қатар жаңа объектілердегі магистралды мұнай құбырларының сенімділігін арттыру барысында жасаған жұмыстарының айқындылығы үшін «2007-2011 ж.ж. аралықтарындағы АҚ «ҚазТрансОйл» магистралды құбыр жүйесінің бағдарламасын дамыту» шараларын іске қосады.

Жұмыс қорытындасы бойынша АҚ «ҚазТрансОйл» магистралды мұнай құбыры жүйесінің кешенді бағдарламасын дамыту» суды және мұнайды тоқтаусыз тасымалдауды қамтамасыз етеді және мұнай құбыры жүйесіндегі өнеркәсіптің дамуына, объектілердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Негізгі 2011 жылға дейінге объектілердегі магистралды мұнай құбырының негізгі мақсаттары айқындалды:

-        мұнай құбырларының дамуын және мұнай құбырлары жүйесіндегі тарлықты жою;

-        Ұзынан ұзақ жатқан мұнай құбырларының бөлімін және мұнай айдау станцияларын кешенді жолмен, мұнай тасымалдау жүйесін мүмкіндігінше техникалық жолмен өндіруге қол жеткізу;

-        Мұнай құбырларын үйлесімді көлемдерін күрделі жөндеуден өткізу;

-        Қайтадан жаңартылған жүйеде мұнай тасымалдау жүйесін ептілік пен иілгіштілікпен жұмыс істеткізу;

-        Мұнай құбырларын ішкі трубиналық диагностикадан өткізу;

-        Мұнай бұрғылаудың реконструкциялық жолымен тұтынушылардың сенімділігін арттыру, жоғарлату;

-        Болашақта да магистралды мұнай құбырларының нәтижелік көрсеткіштерін өсіру.

2007-2011 ж.ж. кешенді бағдарламаның дамуы үшін жоспарланады:

-        әртүрлі диаметрлердегі 570 км жуық мұнай құбырларын ойластыру;

-        30 дан ас мұнай бұрғылау агрегаттарын модернизациялау;

-        5 мұнай шығатын станцияның орындарын қарастыру;

-        3682 км магистралды мұнай құбырларын ішкі трубиналық диагностикадан өткізу;

-        148 бірлікте мұнай сақтайтын резервуарларды тексеру;

-        7 бірлікте мұнай қыздыратын жылу ошақтарын тексеру;

-        Көлемі 150 000 кубаметр,13 бірлік мұнай сақтайтын жаңа резервуардың құрылысын жүргізу;

-        24 дана ошақтарды іске қосу.

АҚ ҰҚ «ҚазМұнайГаз» 2004-2010 ж.ж. мұнай химиялық өнеркәсіпті дамыту туралы бағдарламаға белсенді түрде ат салысуда. Жақын арадағы жылдарда республикамыз көмірсутекті қорларға бай болғандықтан, қазіргі заманда технологиялық үлгідегі мұнайхимиялық өнеркәсәп ашуды көздеп отыр. Бұл өнеркәсіптен экономика саласына керекті қажеттілікпен және өндіруші өнімдерін бәсекеге қабілетті сапалы мұнайхимиялық тауар етіп дайындауды көздеп отыр.

Қазақстан үшін халықаралық нарықта мұнайхимиялық өнімнен негізгі талап ететіні және экономикаға пайдасының болатыны – полиэтилен, пролипропилен, стиролды және полистирол, этиленгликоля, бензол, метанолды мұнайхимялық өндірістен жасап шығару.

Болашақта инвестициялық жоба бойынша бұдан да кең, көп көлемде мұнайхимиялық өнімдерінен ассортимент алу жоспарлануда (синтетикалық каучук, аромат қосылулары, матор майлары, және т.б. ) соның ішіне мұнай қалдықтарын және мұнайды негізге ала отырып қолдану

Негізінен өнімнің өндіріс қоры, көзі – әртүрлі мұнай шығатын орындар мен жолай және табиғи газдар болып табылады.

Мамандардың есеп-қисап саласын сенетін болсақ, 1 тонна дайын және жартылай ғана өңдірілген өнімнің мұнайхимиялық қоры 1,5 тоннадан 4 тоннаға дейін. Мысалы, Тенгиз мұнай орнынан 1 млн.кубометр жолай газдан, пиролиза әдісі бойынша 200 тонна этан алуға болады. Бұл этанның көлемінен сутексіздендіру жолымен 130 тонна этилен және ары қарай 85 және 60 тонн. сәйкес көлемінде полиэтилен және полистирол өндіруге болады.

Мұнайхимиялық өндірісті қолға алу үшін Атырау облысынан және басқа да әлеуметтік экономикалық аймақтардан кешенді құрылыс жүргізу басталды.

Қазақстанның мұнайхимилық кешені 2015 жылға дейін 7 млрд. АҚШ долларын тартатын болады.

ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Қаты­сушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон” (50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко” компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген.

Қазір отандық мұнай-газ секторының шапшаң қарқынмен дамуы, қуат көздеріне деген бағаның өсуі және дүниежүзілік рыноктарда көмірсутегіге деген сұраныс­тың толассыз арта түсуі жағдайында Қазақстан мұнай саласындағы үлкен саясатқа сенімді қадамдар жасап келеді. Еліміздің Президенті осыдан үш жыл бұрын бекіткен Каспий теңізінің қазақ­стандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын қабылдағаннан кейінгі қазіргі кезде біздің республикамыздың дүние жүзінде “мұнай ойынына” толық құқықты қатысушы болу ниетінің барынша байсалды әрі негізді екендігіне ешкім де күмән келтіре қоймайды. Республикадағы мұнай өндіру көлемі тұрақты түрде өсіп келеді – 2006 жылы республикада өнді­рілген мұнайдың мөлшері 65 миллион тоннаға жетті. Бұл 1997 жылғы тап осын­дай көрсеткіштен 2,5 еседен артық. Ол кезде біздің еліміздегі өндірілген мұнайдың мөлшері небәрі 25,7 миллион тонна ғана болатын. Ең таяудағы жылдардың өзінде мұнай өнеркәсібіндегі жобалардың тұтас бір тобын жүзеге асырудың күтіп отырылғаны белгілі. Ол жобалар мұнай өндіруді елеулі түрде арттыруға алып барып соқтыратыны сөзсіз. Бұл жерде әңгіме ең алдымен 2007 жылы іске қосу жоспар­ланып отырған Теңіз кенішіндегі “екінші буын” зауыты туралы, Қарашығанақ мұнай өңдеу кешенінің қуатын арттыру, сондай-ақ Қашағанның орасан зор кен орнын игеруге әзірлік туралы және Каспий аймағындағы басқа да құрылымдар туралы болып отырғаны белгілі. Сөйтіп 2010 жылға қарай елімізде мұнай өндіру көлемі жылына 90 миллион тоннаға дейін жететін болады (Қазақстан Республикасы Энерге­тика және минералдық ресурстар минис­трлігінің деректері бойынша – 94 миллион 187 мың тонна), ал 2015 жылы Каспий теңізінің қазақстандық қайраңындағы жаңа кен орындары іске қосылғандағы жоспар жүзеге асырылған кезде бұл көрсеткіш жылына 150 миллион тоннаға жуық бол­мақ (143 миллион 927 мың тонна).

Мұнай-газ саласындағы басты бағыт – мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту болып табылады.

Бұл үшін біз энергетика саласының стратегиялық маңызды буындарына мемлекеттің ықпалын дәйектілікпен күшейтеміз. Біз қазірдің өзінде Қашаған, Құмкөл мұнай кен орындарын игеруде қазақстандық үлесті ұлғайттық.

Қазіргі уақытта мұнай мен газконденсатының расталған қоры шамамен 2,7 млрд.тоннаны құрайды. Егер өндіру жылына 17,5 % өссе және 2015 жылға қарай қазіргі 35 млн.тоннадан шын мәнінде 400 млн.тоннаға дейін жететін болса, онда оның барлық көлемі сол 2,7 млрд.тоннаға жететін еді.

Мұнайдың болжамды ресурстарының бағалаулары 3,4 млрд.тонна мен 12 млрд.тонна арасында өзгеруде, бұл ретте осы тақырыптағы жарияланымдарда қандай қорлар – геологиялық, яғни жалпы немесе тиімді алынуы мүмкін (каспийлік өңірдің кенорындарындағы алынатын қор геологиялық қордан 4-5 есе аз) қорлар ма екендігі туралы сирек айтылатындығы түсініспеушілік тудырады.

Мәселен, әлі барланбаған алынатын қор шамамен 6 млрд. құрасын (АҚШ Геологиялық қызметінің күрделі еңбектерінде көрсетілген бағамдар бойынша, орташа есеппен алғанда 2,8 млрд.тонна кезінде, Қазақстан ресурстарының 1млрд. пен 7 млрд.тонна арасында өзгеретіндігін есекеретін болсақ, бұл өте қуанарлық болжам). Онда, мұнай өндіруді 2015 жылға қарай 400 млн.тоннаға жеткізе отырып және оны одан әрі осы деңгейді сақтай отырып "саудтық" нұсқа қолданылған жағдайда, Қазақстанға мұнай 2030 жылға дейін жетер еді.

Әрине бұл Норвегия, Англия, Канада, Қытай және басқа да мұнай өндіруші елдердің мұнай өндірісінің болжанып отырған 8 және 15 жыл аралығында өзгеретін пайдалану уақытынан көп. Бірақ, Сауд Аравиясының (өндірудің қазіргі деңгейі сақталғанда және болжамды ресурстарды ескермегенде 85 жыл) және Ирактың (120 жыл) қорларын пайдалану мерзімінен және біздің қалауымыздан анағұрлым аз. Ресурстар туралы жоғарыда айтылған болжамдар кезінде өндіруді 2015 жылға дейін жылына 10 % өсіре отырып және оны кейіннен 150 млн.тонна деңгейінде ұстап, біркелкі пайдалану нұсқасын қолданған дұрыс болар еді, бұл жағдайда – мұнай 2067 жылға дейін жетеді.

 

2.2 Қазақстан Республикасының мұнай нарығын талдау

 

Халықарлық сауда теориясы, соның ішінде салыстырмалы артықшылықтар теориясы сыртқы сауда қатынастарының дамуы нәтижесінде оған қатысушы барлық елдер табиғи шикізат экспорты түріндегі ұтысқа ие болады деп сендіреді – 1-сурет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Мұнай және мұнай өнімдері экспортының өндіріс

және сауда мүмкіндіктерінің қисық сызығы

 

Келесі жағдайды елестетейік: ел екі тауар ғана – мұнай мен мұнай өнімдерін ғана өндіреді. Оған қатысты баға мұнай өнімдерінің бір тоннасының құны 5 тонна мұнайдікіндей болып қалыптасты, сол себепті де мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің өндірістік мүмкіндіктері бірдей болып теңесті. Бұл жағдайда ел 25 млн. т мұнай және 5 мың. т мұнай өнімдерін өндіру болжанатын А нүктесінде орналасады (ВС өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығында). Ал әлемде жай басқаша деп ойлайық: бір тонна мұнай өнімдері 10 т мұнайға тең. Бұл ВД сауда мүмкіндіктерінің қисық сызығы өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығынан оңырақ жатыр дегенді білдіреді, яғни елге тек мұнай өндіруге маманданған дұрыс. Егер де мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну арақатынасы өзгермесе, және де ел оларды бұрынғыдай тең пропорцияда тұтынуға ұмтылатын болса, аталмыш елге 10 мың т мұнай өндіріп, оның жартысын 50 млн. т мұнай өнімдеріне айырбастау тиімді болады, яғни А күктесінен бұрын қол жетпеген Е нүктесіне жылжиды, бұл нүктеде ел мұнайды бұрынғысынша өндіре отыра мұнай өнімдерінің екі есе үлкен санына қол жеткізеді.

Алайда түрлі елдерде ресурстардың бағасы әр түрлі болады, сондықтан да арзан жұмыс күші бар ел көп еңбек салуды қажет ететін тауарлар өндіруде салыстырмалы түрде басымдылыққа ие болады, ал капиталдың төмен құны бар елдер көп капитал салуды қажет ететін тауарлар өндіру жағынан басымдылыққа ие болады. Сонымен қатар елдердің ресурстармен қамтамасыз етілуі жағынан да айырмасы болатындықтан, және де түрлі өнім ресурстардың түрлі арақатынасын талап ететін болғандықтан, өзара тиімді айырбас жасаудың алғы шарттары пайда болады. Мысалға екі елді алайық: бірі дамыған, екіншісі дамушы. Дамушыға шикізат өндіруге көбірек мамандануы тән сипат болып келеді және оның көмірсутек экспорттауда салыстырмалы түрдегі артықшылығы бар. Ал дамыған елдің артықшылығы – мұнай өндіру және мұнай химиясын өндіру саласында. Екі елде де салыстырмалы түрде артықшылыққа ие болғандықтан, халықаралық баға ара қатынасы олардың ішкі бағаларымен сәйкес келмейді.

Қазақстанда минералды-шикізаттық кешен әлемдік рыноктың сұранысына неғұрлым тез бейімделді.

Қазақстан экспортының салалық құрылымы көптеген жылдар бойы өзгеріссіз қалуының себебі, көп валюталық түсімді қамтамасыз етіп тұрған тауарлар тізімінің өзгермеуіне байланысты болып тұр. Бұл тауарлар тізіміне, ең алдымен отын-энергетикалық және металлургиялық кешендер өнімі жатады. Жалпы алғанда экспорт құрылымы мазмұны бойынша біртектес болып табылады және оған экспорттың жалпы көлемінің неғұрлым үлкен үлестік салмағы қол жеткізілетін тауарлық позициялар енеді. Мұны қазақстандық экспорттағы шикізат пен жартылайфабрикаттар ұстанымының алды болуы куәлендіреді. Қазақстан экспортының құндық көлемінің өсуі ең алдымен әлемдік шикізат рыногындағы конъюктураның жақсаруына байланысты, сонымен қатар шикізат өндіру көлемінің өсуінің арқасында жүріп жатыр.

Қазақстанның халықаралық еңбек бөлісі жүйесіне қатысуын көрсететін сыртқа сауда мәліметтері елдің бұл көрсеткіш бойынша оның экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін жайға ие емес екендігін көрсетеді.

Соңғы 15 жылдың ішінде Қазақстан біртіндеп бірізді түрде өзінің әлемдік саудаға қатысуын тереңдете берді. Сыртқы сауда тауар айналымының, экспорт пен импорттың жыл сайынғы көрсеткіштері 2001 жылдан кейін келесі деңгейде толқып тұрды: сыртқы сауда айналымы – 2002 жылы 16,4 млрд. доллардан 2005 жылы 22,8 млрд. долларға; 2006 жылы 34,4 млрд. доллардан 2009 жылы 81,6 млрд. долларға дейін жетті. Экспорт бойынша бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсті – 2002 жылы 9,3 млрд. доллардан 2009 жылы 48,3 млрд. долларға дейін жетті. Импорт көрсеткіштері де 2002 жылы 7,1 млрд. доллардан 2009 жылы 33,2 млрд. долларға дейін өзгеріп тұрды.

 

1-кесте. Сыртқы сауданың өсуі және жалпы ішкі өнімнің көбеюі.

                                                                                                                                               

                                                                                                                                              млрд. АҚШ долл.

Жыл

Сыртқы сауда сальдосы

Экспорт

Импорт

Жалпы ішкі өнім

2002

2,2

9,3

7,1

18,3

2003

1,0

8,9

7,9

22,1

2004

2,0

10,0

8,0

24,6

2005

3,7

13,2

9,6

30,8

2006

6,8

20,6

13,8

43,2

2007

10,3

28,3

18,0

57,1

2008

14,6

38,8

24,1

81,0

2009

15,1

48,3

33,2

103,8

Дерек көзі: Қазақстан Ұлттық банкі мәліметтері

 

Сыртқы сауда қызметінің айырмалық ерекшеліктеріне 2002 жылдан басталған сыртқы сауданың оң сальдосын жатқызуымыз керек. Қарастырылған кезең ішінде бұл көрсеткіш 2,2 млрд.-тан 15,1 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 7 есеге дерлік өсті (1-кесте).

Абсолютті көрсеткіштер бойынша Қазақстанның сыртқы сауда сальдосының оң сальдосы бірқатар жылдар бойы ішке енгізуден гөрі сыртқа шығару басымдылығы байқалып тұрған Швейцария, Малайзия, Швеция сияқты елдердің компаниясына сенімді түрде ене алады.

Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды либерализациялаудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесін жетілдірудің, дәстүрлі қазақстандық тауарлардың сыртқы рынокқа қол жетімділігін жақсартудың нәтижесі болып табылады.

Қазақстан әлемдік аренада тәуелсіз мемлекет статусына ие бола отыра халықаралық экономикалық қатынастардың толық құқылы субектісі ретінде көрінді. Мұның салдары: елдің сыртқы экономикалық секторының сандық және сапалық көрсеткіштерінің өсуі болып табылды, бұл елдің әлем шаруашылығы байланысындағы рөлі мен орнын біршама жоғарылатты. 2006 жылдың қорытындысы бойынша республика өндірілген ЖІӨ көлемі бойынша 60-шы орынды және тұрғындар санына сәйкес келетін ЖІӨ ауқымы бойынша 121 орынға ие болды.

2007 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген ЖІӨ көлемі бойынша еліміз 59 орынға көтерілді.

Қазақстан әлемдік шаруашылықта болып жатқан сыртқы экономикалық байланыстардағы ілгерілеушіліктерді сезінуде, бұл негізінен сол байланыстарға қатысу сипатынан көрінуде. Қазақстандық экономиканың ашылуының қарқыны былай болды, сыртқы сауда айналымының өсім қарқыны ЖІӨ өсімі қарқынынан қалысқан жоқ. Егер де 2002 жылы сыртқы сауда айналымы 16,4 млрд. долларды, ал ЖІӨ 18,3 млрд. долларды құраса, 2009 жылы бұлар 81,5 млрд. және 103,5 млрд. долларды құрады. Бұл кезең аралығында сыртқы сауда айналымы 5 есе, ал ЖІӨ 5,7 есеге өсті.

 

2-кесте. Сыртқы сауда айналымы (ССА), экспорт, импорт және ЖІӨ өсімінің қарқыны, %*

Жыл

ССА өсу қарқыны

Соның ішінде

ЖІӨ өсу қарқыны

экспорттың

импорттың

2003

102,4

95,7

111,3

120,8

2004

107,1

112,4

101,3

111,3

2005

126,7

132,0

120,0

125,2

2006

150,9

156,1

143,8

140,3

2007

134,6

137,4

130,4

132,2

2008

135,9

137,1

133,9

141,9

2009

129,6

124,5

137,8

128,1

*Қазақстан ҰБ мәліметтері бойынша автордың есептеуі

 

Жалпы экспорт өсу қарқынының ЖІӨ өсімі қарқынымен сәйкестігі елдің халықаралық еңбек бөлісіне (ХЕБ) қатысу дәрежесінің өзгеру тенденциясының көрінісін береді, бұл келесі кестеде көрсетілген (2-кесте).

2-кестеден көретініміздей, жалпы алғанда барлық экспорттың өсу қарқыны тауарлар мен қызметтің барлық жиынтығының өндірісіне жуықтайды, бұл отандық өндіріс факторларының әлемдік экономикаға әрі қарай тартылуын куәлендіреді. Соған қарамастан, бұл көрсеткіштерді жылдар динамикасында қарастырсақ, өсу қарқынының жеткіліксіз жүйелі болғандығы анықталады, ал бұл елдің экспорттық мүмкіндіктерін жеткіліксіз пайдаланғандығын көрсетеді.

Алайда бұл көрсеткіш тек қана экспорт динамикасын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге аталмыш елдегі ЖІӨ өндірісін концентрациялау даму тенденциясының көрінісін береді. Осы арқылы ХЕБ-нің екі құрамдасы да бір мезгілде көрсетіледі. ЖІӨ-ге қатысты импорт өсуі қарқынының көрінісін беретін көрсеткіш сонымен бірге ел экономикасының ХЕБ-не тартылуының жоғары деңгейінің де сипатын көрсетеді.

ҚР-ның әлемдік саудаға қатысуын зерттеу барысында, бұл құбылыстың сандық және сапалық жақтарының сипатын беруші бірқатар көрсеткіштер есептеп шығарылды. Соның ішінде - халықаралық сауда экономикалық байланыстардың ауқымды байланыстарымен толыға отыра коммерциялық байланыс ауқымы шеңберінен шығып кететіндігі анықталды. Бұл жағдайда халықаралық кооперациялану, сонымен қатар түрлі елдердің технологиялық байланыстағы кәсіпорындардың тораптар мен бөлшектерді айырбастауды ғана емес, сонымен қатар басқа да өндірістік бірліктерді айырбастау түріндегі қарым-қатынаста сауда жасау (мамандандыру, бірлескен кәсіпорындар жасау жөніндегі келісімдер) ұсыныстары туралы сөз болып отыр.

Сыртқы экономикалық қызметтегі жоғарғы тиімділік ең алдымен бірлескен кәсіпорындар құрастыру жолы арқылы жұмыс істеумен қол жеткізіледі. Жүргізілген талдау капиталдың экспортталуы көлемі, жиынтық қазақстандық экспорттағы  жаңа жұмыс орнын қалыптастыру дәрежесі және үлесі бірлескен кәсіпорындарда басқа түрдегі кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары болатындығын көрсетті.

Әдетте, елдің экономикалық дамуына сыртқы экономикалық байланыстар сыртқы сауда айналымы ЖІӨ-нің төрттен біріне жеткен кезде ынталандырушы әсер ете бастайды. Қазақстанда бұл көрсеткіштер жоғары болып келеді, бұл жөнінде 13-ші және 14-ші кесте мәліметтері бойынша көз жеткізуге болады: 2009 жылы ЖІӨ көлемі бойынша экспорт үлесі 78,5%-ды құрады. Алайда бұл өсім республикада басымдылыққа ие мұнай секторына ғана инвестициялар құю себебінен пайда болған «голландтық сырқаттың» белгілерімен шартталады. Отандық рынокқа келіп құйылған инвестициялар экономиканың өсім қарқынын өсіру ісіндегі мүмкін болатын шектерді жүзеге асыра алмағанын біз осыменен түсіндере аламыз.

Жүргізілген есептеулер ССА өсімі неғұрлым жоғары болған сайын, ЖІӨ мен тұрғындардың жан басына тұтынуы да тезірек өсетінін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер жеткілікті мөлшерде корреляцияланып отырады, және де зерттеу барысында жүргізілген есептер басқа да тең шарттардың болуы жағдайында ССА-ның 1%-ға өзгеруі кезінде Қазастандағы ЖІӨ 1,1%-ға өсетінін көрсетті. Сонымен бірге зерттеу кезеңінде экспорт 1%-ға өсуі жағдайында ЖІӨ өсуі 1,18%-ды, ал импорт өсуі жағдайында 1,22%-ды құрады.

Республикадағы өндіріс көлемі индексінің динамикасы отандық өнімді экспорттық жеткізу көлемі индексінің динамикасынан біршама ауытқығанын атап өту керек. Республикадағы экспорттық өндіріс экономиканы басқа секторларымен мүлдем байланыспаған дерлік белгілі бір анклавтарды құрайды. Бұдан елдің экспортық-импорттық саясатындағы ішкі және сыртқы рыногындағы өзара шарттастық пен өзара толықтырушылықтарды есепке толық алмаудың салдарын дәлелдейтін қорытынды шығаруға болады.

Бұл жағдайды бағалауда ел экономикасының ашықтығының салдары болып табылатын сыртқы экономикалық байланыстарының өсуінің экономиканың өзінің көрсеткіштеріне жасайтын әсерінің дәрежесін анықтау қызығушылық тудырады. Осылайша көп жағдайда экономика ашықтығы дәрежесі мен сыртқы экономикалық байланыстың (СЭБ) өзара шарттастығы біртектес белгіленеді. Шынында да, бір жағынан бірқатар елдердің ашықтығы дәрежесінің салыстырмалы сараптамасы және көрсеткіштері; елдің сыртқы экономикалық байланысы ашық саясатты жүргізіп отырған елдерде ЖІӨ-нің өсу қарқыны жоғары деп пайымдауға мүмкіндік береді. Әлемдік банкі деректері бойынша 2009 жылы елдердің экономикасы ашықтығы жоғарырақ болғандықтан, ЖІӨ-нің өсу қарқыны орта есеппен 5,2% болса, экономика ашықтығы төмендеу елдердікі 0,2% ғана болды.

Бұл көрсеткіш бойынша бұрынғы КСРО елдерінің ішінде Қазақстанда алда келе жатыр.

Қазақстан экономикасының ашықтығының ЖІӨ-ге деген тауар айналымы ретіндегі көрсеткіші 3-кестеде ұсынылған.

 

3-кесте. Қазақстан экономикасы ашықтығының көрсеткіштері*

 

ЖІӨ-ге қатысты %-бен

Жыл

Тауар айналымы

Экспорт

Импорт

2003

74,7

40,3

34,4

2004

73,4

40,8

32,4

2005

73,9

42,9

31,0

2006

79,8

47,7

32,0

2007

81,0

49,5

31,5

2008

77,6

47,9

29,8

2009

78,5

46,5

31,9

Дерек көзі: Қазақстан ҰБ мәліметтері

 

3-кестеден көріп тұрғанымыздай, қарастырылған кезеңдегі экономика ашықтығы 2003 жылғы 74,7%-дан 2009 жылғы 78,5%-ға дейін өсті. 3,8%-дық өсім ЖІӨ-дегі экспорт үлесінің 6,2% өсуіне және импорт үлесінің 2,5%-ға қысқаруы есебінен жүрді.

Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы көптеген жылдар бойы іс жүзінде мүлде өзгерген жоқ десе де болады. Сонымен қатар неғұрлым үлкен валюталық түсімді қамтамасыз етіп тұрған тауарлар тізімі де мүлде өзгерген жоқ деп айтуға да болады. Валютаның негізгі түсімін қамтамасыз етіп тұрған тауарлар тізімі он позициядан артық емес; бұларға ең алдымен мұнай, газ, түсті металдар, қара металдар, бидай дақылдары және т. б. кіреді. Ең ірі валюталық түсім – экспорттық отын-шикізат тауарларынан түседі. Мұнай мен газ конденсаты экспорты 2002 жылы 27,7 млн. тонннадан 2009 жылы 60,8 млн. тоннаға дейін өсті. Минералдық өнімдердің жиынтық экспортында мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы баға коньюктурасына байланысты 84%-дан 90%-ға дейін құбылып тұрады. Басқа аса ірі тауарлық позиция, бұл – қара металдар (рудалар, прокат, ферроқорытпалар), келесісі – түсті металдар (мыс, алюминий, мырыш, қорғасын, алтын) және соңғысы – бидай дақылдары болып табылады (4-кесте).

 

4-кесте. Қазақстан экспортының тауарлық құрылымы, %-бен

Атауы

жыл

2005

2006

2007

2008

2009

Барлық тауарлар

100

100

100

100

100

Соның ішінде

 

 

 

 

 

Минералды өнімдер

64,5

68,3

73,8

71,9

69,7

Бұлардың ішінде мұнай мен газ конденсаты

55,6

58,0

66,9

61,7

58,9

Қара металдар

11,9

10,9

8,1

6,1

7,8

Түсті металдар

10,0

9,8

8,9

11,6

10,4

Дәнді дақылдар

1,8

1,2

1,6

1,4

2,7

Басқа да тауарлар

11,8

9,8

7,6

9,0

9,4

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі мен ҰБ мәліметтері

 

Экспорт өсуінің қуатты импульсы 1995 жылы жасалынды, сол кезде жекелеген экспорттық позицияларға жайлы баға конъюктурасына қоса барлық экспорттық квоталар жойылды, стратегиялық тауарларға сыртқы сауда жасау монополиясының күші жойылды, экспорттаушылардың валюталық түсімін міндетті түрде сатуы жойылды, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерімен биржалық сауда жасауды кеңейту бойынша шаралар қолданылды. Жүргізілген шаралар арқасында экспорттық операцияларды есепке алудың жақсаруы байқалды.

Экспорттық тауарлық баж салығын алып тастау арқылы сыртқы сауданың әрі қарайғы либеризациялауы бойынша шаралардың қабылдануы, жеке жобалар мен сыртқы басқаруға берудің арқасында мұнайгаз және металлургиялық экспорттық бағдарлы кәсіпорындардағы өндірістің өсуі, сонымен қатар ТМД елдерімен сауда шартының басқа да елдермен сауда шартының жуықтауы және ең алдымен мұнай, дәнді дақылдарға, қорғасынға деген жайлы баға конъюктурасының болуы экспорттың маңызды өсуінің ынтасы болды. 1995 жылмен салыстырғанда 1996 жылы экспорт 22%-ға өсті, соның ішінде ТМД елдерімен 18%-ға, басқа елдермен 27%-ға өсті.

Мұнай жеткізу басым жағдайда Еуропа елдеріне тасымалданды: Швейцарияға мұнай экспорттау 2 есеге (мұнай экспортының 32%-ы) өсті, Италияға - 2 есеге (мұнай экспортының 20%-ы), Францияға - 4,3 есеге (мұнай экспортының 11%-ы). 2009 жылы мұнай жеткізудің саны 12,1%-ға өсті. Соның ішінде мұнайдың физикалық көлемінің 26,3%-ы Швейцарияға тасымалданды, онан кейін Италияға (19,9%), әрі қарай Францияға (12,1%), Қытай (9,4%) және Иран (5,2%) елдеріне жіберілді.

Табиғи газ өндіру көлемінің өсуі базалық кезеңге қатысты аталмыш шикізатты жеткізудің физикалық көлемінің 1,6 есе өсуінің алғы шарты болып табылды. Табиғи газ экспортын өсіру Әзірбайжанға (5 есе), Грузияға (4 есе) және Арменияға (2,5 есе) жеткізудің өсімі есебінде жүрді. Ресейге газ экспорттаудың (оның үлесіне бұл өнімді экспорттаудың 40%-ы тиеді)  сандық көлемі өткен жылдар деңгейінде сақталды.

 

2.3 Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына баға беру

 

Әлемдік рыноктағы нақты жағдай мен оның даму болашағын зерттеу, оны терең және жан-жақты білу Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметтегі теңгерімдікке қол жеткізу және ұлттық экономика тиімділігін көтеру мақсатындағы көптеген тиімділіктер мен басымдылықты неғұрлым толығырақ қолданудың маңызды алғы шарттарының бірі болып табылады. 

Өндіріс, ғылым және техника саласында болып жатқан әлемдік процестер, жекелеген елдер мен аймақтардың өміріндегі болып жатқан саяси және әлеуметтік реформалар әлемдік тауар рыноктарының дамуында неғұрлым айқын түрде көрініс береді. Қазіргі заманғы кезеңде әлемдік рынок тауар айналымының жоғарғы қарқындылығы мен оның көлемінің тез өсуімен, оның тауарлық құрылымындағы маңызды ілгерілеушіліктермен, және де халықаралық сауданың құрылымы, формасы және әдістеріндегі жүретін өзгерістермен сипатталады. Бұл біршама маңызды деңгейде жекелеген тауарлық-шикізаттық рыноктардың даму динамизмінің өсуінің шарты болып табылады. Бұл рыноктардағы ситуация күрделене береді және факторлардың жаһанданушы жиынтығының әсерінен өзгереді.

Шикізаттық ресурстарға деген үлкен сұраныс, әлемдік экономика құрылымының белгілі бір өзгерулері себебінен болады. Әлемдік экономика құрылымында қазіргі кезде тез қарқынмен өсіп келе жатқан азиялық алып елдердің салмағы артуда, себебі олардың шикізаттық тауарларға деген қажеттілігі перманентті түрде өсуде. Әлемдік экономиканың ара салмағы Батыстан Шығысқа қарай ауып келе жатқаны біраздан бері байқалған құбылыс болып табылады. Азия елдерінің үлес салмағы (ең алдымен ҚХР) әлемдік өндірісте арту үстінде. Сонымен қатар әлемдік тауарлық-шикізаттық рыноктардың қазіргі заманғы бейнесінің аса ірі бейқаражаттық Трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) қызметімен де айқындалатынынын да қоса кетуге болады.

Қазіргі заманғы әлемдік тауар рыногы әрқайсысының өз спецификасына ие түрлі рыноктардың жиынтығы ретінде көрінеді. Әлемдік рыноктарды тауарлық-салалық көріністері бойынша келесі үш топқа бөлуге болады:

а)              машиналар мен жабдықтар рыногы, бұған машина жасау, электр техникасы мен аспап жасау, және де көлік құралдары енеді;

б)              тауарлық-шикізаттық рынок, бұл топ минералдық шикізат пен отын (көмір, мұнай, мұнай өнімдері, табиғи газ, қара және түсті металдар, химиялық шикізат және т. б.) рыноктарын біріктіреді;

в)              ауыл шаруашылығы шикізаты, азық-түлік және орман тауарлары рыногы, бұл рыноктың тауарлық құрылымы біршама күрделі болып келеді. Мұның себебі – бұл құрылымға мақта, жүн, ағаш, тілінген ағаш, бидай, қант, жануарлар мен өсімдік майлары, ет, балық, көкөніс, жеміс және т. б. енуімен байланысты болып келеді.

Рыноктардың осы үш тобының қайсысы болмасын функциялық жұмысы өнімнің өндірісінің, саудасының, сақтауының, тасымалдауының және тауарлық құндылығының ерекшеліктері арқылы көрінеді. Сондықтан да әлемдік тауарлық-шикізаттық рыноктардағы жағдай бірінші кезекте әлемдік экономиканың даму және халықаралық сауданың даму тенденцияларымен айқындалады.

World Economic Outlook мәліметтері бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2009 жылы 4,9%-ға жетті; ал тауар мен қызметтің әлемдік саудасы - 9,9%-ға өсті. Халықаралық сауданың неғұрлым белсенді қатысушылары бұрынғысынша әлемдік тауар және қызмет экспортының 70%-ның үлесі тиетін (2006 ж. - 71,8%) дамыған елдер болып қалуда. 2008 жылы АҚШ-тың ЖІӨ өсімі 3,4%-ды, Еуроаймақта 2%-ды және Жапонияда  2,8%-ды құрады.

Халықаралық сауданың динамикалық қарқынмен дамуы дамушы Азия елдерінде байқалды, олардың әлемдік саудадағы үлесі 2009 жылы 12%-ды құраса, соның 6,1%-ы Қытайға тиесілі болды. Қытай маңызды эконономикалық көтерілуді көрсетуде, 2008 жылы оның ЖІӨ-нің шынайы өсімі 9,5%-ды құрады. Қытайдың экономикалық өсуі сол аймақтағы елдердің де белсенділігінің артуына жағдай жасауда.

ТМД елдері әлемдік сауда көрсеткішін қалыптастырудағы үлесі бар-жоғы 2,7%-ды құрайды, соның ішінде Ресейдікі - 1,8%.

Сыртқы сауда көрсеткіші төлем теңгерімінде аса маңызды орындардың біріне ие болады, сол себепті де сауда теңгерімінің жайы төлем теңгерімінің жайына жалпы үлкен әсер етеді.

Активті сальдоның немесе сауда теңгерімі тапшылығының экономикалық мәнін нақты бір елге қолданғанда, сол елдің әлемдік қауымдастықтағы жағдайына, оның әріптестерімен байланысының сипатына және жалпы экономикалық саясатына тәуелді болады. Экономикалық даму деңгейі бойынша көшбасшы елдерден артта қалған елдер үшін белсенді (акивті) сауда теңгерімі төлем теңгерімінің басқа да баптары бойынша халықаралық міндеттемелерін төлеу үшін валюталық қаржы көзі ретінде аса қажетті. Яғни елдің сауда теңгерімі оң сальдомен сипатталатын болған жағдайда, бұл сол елдің импорт бойынша төлемдері өнімді экспорттаудан түсетін түсімдерден азырақ дегенді білдіреді, осы себепте валюта елде қалады, түп нәтижесінде аталмыш ел өзінің қарыздарын төлеуге қажетті шетел валютасы түріндегі қосымша қаражатқа ие болады.

Шетел компанияларының қатысуымен мұнай мен газды барлау және тасымалдау саласындағы жобалар Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) құйылуын қамтамасыз етеді.  2006 жылы ШТИ-дің құйылымы  10,4 млрд. долл. құрады, ал тікелей инвесторлардың міндеттемелері бойынша қарыздың негізгі сомасын төлеу 6,6 млрд. долл. құрады. Нәтижесінде Қазақстандағы ШТИ-дің таза жинақталған қорлары 2006 жылдың аяғында  32,5 млрд. долл., ШТИ-дің жалпы құйылым сомасы 1993 жылы  51 млрд. долл. асты. (2-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Шетелдік тікелей инвестицияның жинақталуы және құйылуы.

 

 

 

 

 

 

Шетелдік тікелей инвестициялардың құйылымы 2006 жылы  10,4 млрд. долл. асты, 2005 жылмен салыстырғанда 58% (3,8 млрд. долл.) жоғарлады.  Қарыздардың алыну мақсаты жобаларды әрі қарай қаржыландыру және шетелдік және қазақстандық құрылтайшылар алдында міндеттемелерді өтеу үшін қажет. Халықаралық капитал рыногында қарыз алу шетелдік компаниялардың делдалдылығымен арнайы құрылған кәсіпорындармен «СНПС - Актобемунайгаз» (100 млн. долл.  2004 жылы) және  «Казахстанско-китайский трубопровод» ЖШС  (300 млн. долл.  2004 жылы) жүзеге асырылды.

Теңіз жер қойнаулары өндірісін кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асыру, Каспий теңізіндегі Қазақстан секторын әрі қарай игеру, көмірсуларын тасымалдау бойынша жаңа бағыттарды жасау, әлемдік рынокта энергия тасымалдаушылардың бағасы мен сұранысының көбеюіне байланысты шетел инвесторларының көбі мұнай өңдеу және тасымалдау бойынша қаржы көздерін енгізуі көп әсер етті.

Шоғырландырылған ШТИ-ның көп бөлігі Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты жер қойнауларын өңдеу бойынша жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Теңгіз жобасын  5,6 есеге, Қашағандікі – 72,2% өсті.

 

5-кесте. Экономикалық қызмет бойынша шетел инвестицияларының жалпы көлем түсімі*

 

2007

2008

Қызмет түрлерінің атауы

АҚШ млн. долл.

%

АҚШ млн. долл.

%

Барлығы

6618,6

100,0

10437,1

100,0

Өңделмеген мұнай мен табиғи газды өндіру

1682,4

25,4

2002,6

19,2

Уран рудасын өндіру

68,4

1,0

158,4

1,5

Металл рудаларын өндіру

55,3

0,8

149,1

1,4

Түрлі-түсті  металлургия

92,6

1,4

266,1

2,5

Электрқуатын, газ және суды  өндіру және тарату

119,5

1,8

26,6

0,3

Құрылыс

118,1

1,8

404,1

3,9

Көлік және байланыс

98,1

1,5

303,4

2,9

Құбырлар бойынша тасымалдау

11,7

0,2

19,4

0,2

Байланыс

16,0

0,2

81,1

0,8

Қаржылық қызмет

107,9

1,6

307,5

3,5

Геологиялық барлау және зерттеулер жүргізу бойынша қызмет 

3522,3

53,2

5492,5

52,6

Басқа қызмет түрлері

726,3

11,0

1163,3

11,1

*ҚҰБ мәліметтері.

 

Тікелей инвестициялардың өсуі негізінен Солтүстік Қашаған жер қойнауын өңдеу бойынша жобаға қаржыны жақсы бөліп, осы қызметке геологиялық барлау мен зерттеулер бойынша жұмыс қалыптасты.  2008 жылы мұнай-газ саласы бойынша жобаны қаржыландыру, соның ішінде құбырлар арқылы тасымалдау инвестициялары қосылып,  7,5 млрд. долл. құрап, ШТИ—ның жалпы құйылымынан 72% берді. Бұл көрсеткіш қаражаттардың жылыстауын мына нәтижелер бойынша көрсетеді (0,7 млрд. долл.), яғни ҰК АҚ «КазМұнайГаз» шетел инвесторларынан БӨ (Біріккен  Өнеркәсіп) «Казгермұнайгаз» активтерін сатып алудан болып отыр. Мұнай-газ саласынан басқа инвестициялардың көлемі уран және металл рудаларын, түрлі –түсті металлургия өндіруден, сонымен қатар құрылыс, қаржылық қызмет, көлік және байланыс салаларында да өсті (5-кесте).

Каспий теңізіндегі Қазақстан секторын әрі қарай игеру бойынша жобаларды тарату, Теңіз, Королевский және Қарашығанақ кен-байлықтарын игеру, көмірсуларын тасымалдау бойынша ұқсас бағыттарды жасау, Аташ жер қойнауындағы Каспий мұнайын барлау, Түп-Қараған учаскесін барлау және Атасу-Алашаңқай мұнай құбырлары бойынша қазақстан-қытай құрылысын  жасау шетелдік тікелей инвестицияларын қарыз капиталы ретінде құйылуына ықпал етеді.

2008 жылы қоржындық инвестициялардың балансы кері сальдоның 4322,2 млн. долл.құраса, 3952,7 млн. долл. 2007 жылы болды., 417,2 млн. долл. 2006 ж. және 1891 млн. долл. 2005ж. Қазақстандағы резиденттердің активтері шетелдік құнды қағаздар бойынша 2008 ж. – 9045,2 млн. долл.-ға , 2007 ж. – 5157,1 млн. долл., 2006 ж. – 1092,1 млн. долл. және 2005 ж. – 2073,1 млн. долл. өсті. Сол кезде шетелдік қоржындық инвесторлары алдында резиденттер міндеттемелері   2005 ж. 182,1 млн. доллардан 2008 ж.  4723 млн. долл. дейін өсті.

Қоржындық инвестициядағы резиденттердің шетелдік активтердің өсуі көбінесе ҚР-ның Ұлттық қорының қаражаттарынан шетелдің қоржындық активтеріне инвестиция құю арқылы қамтамасыз етілді. Нәтижесінде өткен жылдың есебі бойынша Ұлттық қордың активтерінің жалпы өсуі 2008 ж. резидент емес бойынша құнды қағаздар 5847,6 млн. долл. құрады, соның ішінде 1781,4 млрд. долл. акционерлік қатысуын қамтамасыз ететін, инструменттер инвестицияланған және 4066,2 млн. долл. қарыз құнды қағаздар құрады. 

Банктік сектордағы қоржындық активтер ең алдымен резиденттік емес облигациялармен бірге салынады, соның әсерінен олар  1883 млн. долл. өсті, сондықтан мұндай қағаздар көбінесе 2008 жылы сатылып алынды. Басқа секторлармен жүргізілген операциялар көбінесе зейнетақы  активтерін басқаратын компаниялармен ұсынылды, олар акциялар мен облигациялар сатумен жүзеге асырылды  (46 млн. долл.  2008 жылы) олардың нетто-сатып алуынан 1268,5 млн. долл. құрады. Резидент еместердің құнды қағаздарының арасында резиденттердің инвестициялық портфельдері АҚШ мен Еуропа Одағының монетарлық мүшесі болатын елдердің мемлекеттік құнды қағаздары көп орын алады, сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен қазақстандық компаниялары және банктердің облигациялары жатады.

Сонымен қатар салымшы зейнетақы қорларының активтер портфелінде теңгемен номиналданған қарыз құнды қағаздар, американдық Merrill Lynch жәнеJP Morgan Chase Bank банктерімен шығарылғанын ұсынады. Соңғы жылдардың ерекшелігі – ТМД резиденттерінің құнды қағаздармен банктік емес секторларда операциялар көлемінің өсуі, Ресей мұнай компанияларымен ұсынылған акциялар мен инвестициялық қорлардың пайлары болды, олар осы мерзім ішінде  63 млн. долл. өсті.

 

6-кесте. Экономика секторлары бойынша шетелдік құнды қағаздармен операция жүргізу*

АҚШ млн. долл.

 

2005

2006

2007

2008

1

2

3

4

5

Активтер

-2073,1

-1092,1

-5157,1

-9045,2

Мемлекеттік басқару секторы

0,0

0,0

0,0

0,0

Ақша-несие реттеу органы

-1716,0

-1189,0

-2970,9

-5847,6

Капиталдың қатысуын қамтамасыздандыратын құнды қағаздар

-256,3

-391,7

-418,3

-1781,4

Қарыз құнды қағаздар

-1459,7

-797,3

-2552,6

-4066,2

Банктер

-414,7

-49,0

-1762,5

-1883,0

Капиталдың қатысуын қамтамасыздандыратын құнды қағаздар

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздық құнды қағаздар

-414,7

-49,0

-1762,5

-1883,0

Басқа да секторлар

57,7

145,9

-423,7

-1314,5

Капиталды қамтамасыздандыратын құнды қағаздар

-55,6

28,9

-5,6

-46,0

Қарыз құнды қағаздар

113,2

117,0

-418.2

-1268,5

Міндеттемелер

182,1

6750

1204,4

4723,0

Мемлекеттік басқару секторы

54,2

21,2

-59,8

33,5

Қарыз құнды қағаздар

54,2

21,2

-59,8

33,5

Ақша-несие реттеу органы

0,0

0,0

99,4

740,3

Банктер

107,0

675,5

1194,2

2987,9

Капиталдың қатысуын қамтамасыздандыратын құнды қағаздар

46,8

50,9

167,6

1762,2

Қарыз құнды қағаздар

60,2

624,5

1026,6

1225,7

Басқа да секторлар

20,9

-21,7

-29,4

961,3

Капиталдың қатысуын қамтамасыздандыратын құнды қағаздар

17,0

-63,7

-17.9

1034,8

Қарыз құнды қағаздар

3,9

41,9

-11.5

-73,5

Қоржындық инвестицияның балансы

-1891,0

-411,2

-3952,7

-4322,2

*ҚҰБ мәліметтері.

 

Қоржындық инвестициялар бойынша резиденттердің міндеттемелерінің өсуі негізінен банктік секторға жатады. Талдау жасалған мерзім кезінде банктердің қарыз құнды қағаздар бойынша міндеттемелер 2005 ж.  60,2 млн. долл. бастап 2008 ж. 1225,7 млн. долларға дейін өсті. (6 кесте).

Сондықтан, сыртқы қаржыландыруды банктік сектормен тарту, Қазақстандық банктердегі активтердің өсуінің негізгі көзі болып шетелдік банктердің корреспонденттік және депозиттік есеп-шоттарындағы қаражаттары.

Алтын-валюталық резервтерінің жинақталған көлемі сыртқы қарыз міндеттемелерін азайтуға ықпал етті. Халықаралық резервтер қаражаттарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздары бойынша төлемдер жүзеге асырылды, олар сонымен қатар АҚ «ҰК «Қазмұнайгаз» өткізген Солтүстік Каспий жобасындағы акция үлестерін сатып алу бойынша мәмілелерде және Ұлттық қордағы валюталарды сатуда қолданған.

Энергия тасымалдаушыларына және Қазақстан экспорттайтын басқа да шикізаттық тауарларға әлемдік бағаның жоғары болуы және жыл ішінде халықаралық капитал рыногында қорлануы жайының өзгерулері ақша-кредит жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің айқындаушы факторлары болды. 

Мұнай экспорттаушылар үшін жайлы болған дүниежүзілік рынок конъюктурасы бір жағынан өндіру саласындағы кәсіпорындарға шетелден тікелей инвестициялардың тұрақты және жоғары деңгейде түсім әкелуін қамтамасыз етіп тұрған болса, екінші жағынан құрылыс, барлау мен бұрғылау жұмыстарымен байланысты шығындарды көбейтіп, сонымен қатар бейрезиденттердің репатрияцияланған кірістерінің көлемін ұлғайтады. Тауарларды импортқа шығаруды ұлғайту арқылы тұрғындардың ішкі инвестицияларының жоғарылауына, шынайы экономикалық өсудің жоғары деңгейге жетуіне және осыған байланысты тұтынушылық сұраныстың өсуіне әкеліп соқты. Шынайы экономикалық өсім мен тұрғындардың кірістерінің өсуі нәтижесінде тауарлық импорт көлемінің біршама өсуі есебінен қанағаттандырылатын ішкі инвестициялық және тұтынушылық сұраныс көлемі өсті. Шетелдік капитал мен еңбек ресурстарын үлкен көлемде тартудың салдарынан заемдік капитал бойынша сыйақының өсуі және Қазақстанда жұмыс істеуші бейрезиденттерге төлемдердің өсуі жүрді.

Ағымдық операциялардан түсетін негізгі кірістердің бабы – тауарлық экспорттан түсетін түсімдердің өсуі, бұл ағымдағы шығындарың өсуін шамалы ғана бөлігінің орнын толтыруға ғана жетті де, жыл қорытындысы бойынша ағымдағы операциялар шоты бойынша тапшылықтың біршама өсуі жүрді. 2009 жылғы ағымдық есеп-шот тапшылығы АҚШ-тың 7,2 млрд. долларын құрады немесе ЖІӨ-ге қатысты 6,9%-ды құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-ге байланысты 1,9 млрд. долларды немесе ЖІӨ-ге қатысты 2,4% құрады.

Шетелдіктердің қатысуымен қалыптасқан кәсіпорынның ағымдық шығындарының өсуі шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) түсімі мен экспорттан түскен кіріспен қаржыландырылып отырды. Қазақстандық кәсіпорындардың ШТИ нетто-түсімінің сомасы 2008 жылмен салыстырғанда (6,2 млрд. долл.) 2009 жылы 10,3 млрд. долл. құрады. 

Шетелдік инвестицияларды жаппай тарту экономиканы кредиттеудің біршама өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мұнай өндіретін мемлекеттердің және басқа да АҚШ-тың сауда серіктестіктері (Қытай, Жапония, Оңт. Корея және т. б.)  доллардың көп мөлшерін американдық құнды қағаздарға инвестиция өсімі ретінде осы ақшаны тарихи еліне қайтарды. Жапонияның АҚШ-тың қазынашылық облигацияларына салымдары 592,2 млрд. долларға, мұнай өндіретін елдердікі - 510,8 млрд. долларға, соның ішінде  Мұнай экспорттайтын елдер ұйымыныкі (МЭЕҰ) – 153,9 млрд. долларға, Ресейдікі - 60,2 млрд., Норвегиянікі - 45,3 млрд., Қытайдікі - 502 млрд. долларға жетті.

Шикізаттық өнімдер экспортында мұнай мен газ конденсатының үлесіне 86% тиеді. Шикі мұнайға деген әлемдік бағаның өсуі негізінен экспорттан түсетін түсімдердің маңызды өсуіне әсер етті (7-кесте).

 

7-кесте. Экспорттан түсетін ағымдағы түсімдер*

Жыл

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долларымен

Өткен жылдармен салыстырғандағы өсу қарқыны, %

2002

10 341

-

2003

10 188

98,5

2004

11 567

113,5

2005

14 945

129,2

2006

20 603,1

137,9

2007

28 300,6

137,4

2008

38 762,1

137,0

2009

48 349,1

124,7

*Дерек көзі: Қазақстан ҰБ мәліметтері

 

7-кестеден көріп тұрғанымыздай, 2002 жылмен салыстырғанда 2009 жылы экспорттан түсетін түсім 4,8 есеге дерлік өсті. Осы кезеңде мұнайға деген әлемдік баға өткен жылдармен салыстырғандағы 2001 ж. – 38,2%-ға, 2002 ж. – 56,2%-ға, 2006 ж. – 30,5%-ға, 2007 ж. – 41,6%-ға, 2008 ж. – 20,6%-ға және 2009 ж. – 10,4%-ға өсті.

2001 жылы мұнайға деген әлемдік баға өсуі 38,2%-ды құраса, ал орта есепті келісім-шарт бағасы (мұнай экспорттаушылардың бағасы) 6,7%-ға ғана өсті. 2002 жылы да тап осылай болды. Мұнайға деген әлемдік баға 58%-ға өсті, ал мәміленің орта келісім-шарттық бағасы 31%-ға ғана өсті. Орта есепті келісім-шарт бағасының мұнай мен басқа да тауарларға деген әлемдік бағаның өсуінен біршама кейін қалуы шикізаттық тауарлар экспортынан түсімнің сәйкес өсуіне алып келген жоқ. Сондықтан да сауда теңгерімінің сальдосының көлемі бірқатар жылдар бойы ағымдағы шот бойынша төлем теңгерімінің оң сальдосын қамтамасыз ете алмай келеді.

Елдің сыртқы сауда ұйымына (ССҰ) кіруі үшін ағымдағы шот бойынша сальдо оң болуы,  ЖІӨ 2-3%-дан кем болмауы керек. Сонымен бірге ССҰ-ға кіруі елдің сыртқы экономикалық қызметінің әрі қарайғы дамуы мен экономикалық қызметіне төнетін қауып-қатердің салдарын жұмсартуға септесетін қауіпсіз жол болып табылады. [83]

Мынаны атап өту керек, 2001 және 2002 жылдарда экспорттық мәмілелердің негізгі үлесі оффшорлық аумақтарда тіркелген кәсіпорындармен жасалды. Негізгі стратегиялық ресурстарға деген әлемдік бағалар жылдам өсуде болғанда, ал қазақстандық экспортерлердің бағасы олардікінен әлдеқайда айырмасы біршама болды.

Мысалы, 2002 жылы мұнайға деген әлемдік баға барреліне 28 долларға жетсе, қазақстандық мұнайдың бағасы 19,9 доллар болды, ауытқушылық 29 пайыздық пунктіден жоғары көрсеткішті құрады. 2002 жылы мырыштың әлемдік бағасы тоннасына 1128 долларды, ал ортасалмақты құны 852 долларды құраса, ауытқуы – 24%-ға жетті.

Оффшорлық аумақты шетелдік компаниялар қазақстандық кәсіпорындар мен шетелдік әріптесер арасындағы аралық буын ретінде қолданды. Бұл тауарға деген мәмілелердің келісім-шарттық бағаларымен түрлі манипуляцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ал 2008 жылы қабылданған «Трансферттік баға құрылымы туралы» заң мәміле бағасының рыноктік бағадан ауытқуына жол бермейді. Бұл заңның қабылдануы экспорттық бағалардың әлемдік бағаларға біршама жақындауына алып келді.

Сонымен, 2008 жылы мұнайға деген әлемдік баға барреліне 64,9 долларға жетсе, мұнайға деген орта өлшемді келісім-шарттық баға 61,6 доллар болды, ауытқуы 5%-ға теңесті. Тап сондай баға жақындығы басқа да тауарлық позициялар бойынша байқалады. Мырыштың әлемдік бағасы тоннасына 3275 долларды құраса, орта өлшемді баға 3255 долларды құрап, ауытқу 0,6% болды.

2009 жылы мұнай мен газ конденсатының экспорты минералдық өнімнің жиынтық экспортында 84,5%-ды құрады. Әлемдік баға динамикасына сәйкес қазақстандық экспорттың барлық негізгі шикізаттық тауарларына келісім-шарттық бағалар да өсті. Мұнайға деген орта келісім-шарттық баға 7%-ға өсіп, бір тоннасы 463 долларға жетті, 2008 жылымен салыстырғанда мұнайдың бір тоннасының құны 433 долларды құраған еді. Түсті және қара металдар топтары бойынша келісім-шарттық бағасының өсу қарқыны әлемдік баға өсу қарқынынан озып кетіп отырды. Түсті металдар тобының негізгі экспорттық позициялары  бойынша әлемдік те, келісім-шарттық та бағалардың неғұрлым жоғарғы өсімі өңделмеген қорғасын бойынша – 2 және сәйкес 2,2 есе өсуі тіркелді, рафинацияланған мысқа деген экспорттық баға әлемдік бағаның 5,9% пайызға өсуі жағдайында 10,8%-ға өсті, ал мырыш экспортының орташа келісім-шарттық бағасы әлемдік бағаның 1%-ға төмендеуі жағдайында 29,1%-ға өсті. Қара металдар тобы бойынша қара металдар мен ферроқорытпаларға деген бағаның шамалы ғана өсуі (0,2%) жағдайында, аталмыш өнімге орташа келісімшарттық баға 55,7%-ға және 42,5% өсті. 2009 жылы әлемдік рынок бағалары мен негізгі экспорттық номенклатуралық тауарлар бағаларының бір-біріне жуықтау тенденциясы әрі қарай жалғасты және әлемдік бағалардың 10,9%-ға өсуі жағдайында қазақстандық экспорттың орташа келісім-шарттық бағасы 13,5%-ға өсті (8-кесте).

2009 жылы қазақстандық экспорттың құнының өсуіне экспортталатын тауарлардың бағасының өсуі мен жеткізу мөлшерінің өсуі бірдей дерлік әсер етті. Базалық кезеңге қатысты экспорт құнының 25%-ға көбеюі келісім-шарттық бағаның 12%-ға және физикалық көлемдердің 11%-ға өсуі есебінен жүрді.

 

8-кесте. Экспорттық тауарлардың әлемдік және орташа келісім-шарттық бағаларының өзгеруі (алдыңғы жылмен салыстырғанда пайызбен алғанда)*

 

 

1 тоқс.

2006

2 тоқс. 2006

3 тоқс.

2006

4 тоқс.

2006

2008 жыл

1 тоқс.

2007

2 тоқс.

2007

3 тоқс. 2007

4 тоқс.

2007

2009 жыл

Әлемдік бағалар

29,7

35,3

18,8

8,0

22,2

-2,3

0,1

8,1

39,0

10,9

Минералды өнімдер

32,1

33,7

12,2

2,2

18,9

-6,3

-1,9

8,2

48,8

11,4

Соның ішінде мұнай және газ конденсаты

32,9

34,5

14,7

4,2

20,6

-6,9

-3,2

6,8

48,5

10,4

Қара металдар

3,5

0

3,9

1,9

2,3

5,4

4,3

2,2

7,3

4,8

Түсті металдар

47,7

98,4

94,3

68,0

77,0

25,3

9,0

4,3

-1,2

8,1

Экспорттың орташа келісім-шарттық бағасы

35,6

27,4

32,6

12,7

26,4

6,2

7,8

7,8

32,3

13,5

Минералдық өнімдер

47,2

29,7

31,6

4,5

26,4

-1,6

0,8

1,8

32,9

8,2

Соның ішінде мұнай мен газ конденсаты

57,4

33,1

32,7

3,0

28,7

-3,2

0,1

-0,3

36,2

7,7

Қара металдар

0,1

0,2

15,4

13,3

7,4

28,6

50,8

44,3

58,4

46,2

Түсті металдар

40,9

58,7

86,3

73,9

65,8

36,7

16,5

5,1

7,0

14,5

*Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметі

 

Әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ Қазақстан үшін мұнай құбыр жүйесін дамыту стратегиялық маңызды басымдылық болып табылады. Қазақстан мұнайгаз-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге байланысты тиімді шаралар қабылдау мақсатында әлемнің көптеген мемлекеттерімен байланысын кеңейте түсті (ең алдымен Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, АҚШ және т. б. елдермен).

Қазақстан шетел инвестицияларының есебінен мұнай өндіруді қарқынды түрде өсіруде. Қазақстан Үкіметі 2010 жылға қарай басымдылықты тапсырма ретінде мұнайды және конденсатты күніне 2,0 млн. баррельге дейін (жылына 100 млн. тонна) өндіру деңгейін ұлғайтуды көздеп отыр (40-сурет).

40-сурет – Қазақстанның 2010 жылға дейінгі мұнай өндіру

динамикасы мен болжамы

 

Жер астынан газ шығаруды күніне 95,8 млн. куб. метр (жылына 35 млрд. куб. метр) жеткізуді жоспарлап отыр.

Мұнай-газ өңдеудің жедел артуы мұнай газ тасымалдайтын жаңа көлік бағыттарын іске асыруды талап етеді. Бұған жобаланып жатқан және қарастырылып отырған келесі көліктік бағыттар енеді: Каспий теңізі арқылы Бакуге, Супса порты арқылы Грузияға, Джейхан порты арқылы Түркияға, Батыс Қазақстаннан Тарим бассейні арқылы Батыс Қытайға, Парсы шығанағы арқылы Иранның ашық теңіз терминалына шығатын Транскаспийлік бағдары; Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Аравия теңізіне шығатын Орта Азия мұнай құбырының жобасы, Түркіменстаннан Еуропаға Каспий теңізі жағалауын бойлай жүргізілетін газ құбыры және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру

 

3.1 Қазақстан Республикасы мұнай нарығының проблемасы және шешу жолдары

 

Шетелдік ірі фирмалар, компаниялар сутегі шикізатын терең өңдеу арқылы жоғарғы пайда алуға болатыны туралы бұрыннан шешімге келген болатын. Айта кететін жайт, жанармайдың көптеген түрлерін шығаруға ұмтылмай, тек белгілі фракциясын (ароматтық, парафиндік) бөліп шығарса жеткілікті-ақ. Себебі тағы бір өңдеудің сатысынан өткізіп, кез келгенде өндірісте қолдануға болатын материалдардың жаңа түрлерін алуға болады.

Мұнай-химия өндірісі капиталды көп көлемде талап етуіне қарамастан, әлемдік мұнай нарығында мұндай өнім түрлеріне сұранысы жоғары болғандықтан, шығындардың өтелу мерзімі салыстырмалы түрде ұзақ емес (4-6 жыл). Оңтайлы жағдайдың орын алуы әлемнің алдыңғы қатарлы мұнай өндіруші компаниялары мұнай өңдеу мен мұнай-химия қуаттарына қаржыландыруда. Бұл құбылыс әлі күнге шейін сақталып келе жатыр.

Мұнай-химия шикізатының негізгі қайнар көзі мұнай өңдеу саласының маңызын жетік түсінген АҚШ, Канада, Ұлыбритания мен Жапонияның мұнай фирмалары 80-90 жылдары бұл саланы дамыту үшін қомақты инвестициялар жұмсаған болатын. Нәтижесінде химиялық өнімдер сататын компаниялар саны 60-шы жылдармен салыстырғанда 3-4 есе артқан болатын.

Істеп жатқан қуатты мұнай өңдеу зауыттың химиялық өңдеу зауыты болып қайта мамандануының айқын мысалы – Хьюстондағы «Атлантик Ричфилд» МӨЗ-ы. Техникалық жаңғырту, құрал-жабдықтарды жетілдіру мен қосымша құрылыс салу арқылы жылына 17 млн. тонналық қуаты бар зауыт дәстүрлі жанармай түрлерімен бірге, мұнай-химия өнімдерінің жаңа түрлерін шығаратын ірі зауытқа айналды.

Шамамен әлемнің барлық ірі мұнай компаниялары құрамында жақсы дамыған мұнай-химия өндірісі бар. Олар өздеріне тиесілі мұнай өңдеу зауыттарынан шыққан шикізатпен қамтамасыз етіледі. Құрамында мұнай-химия кешені мен МӨЗ-ы бар компанияны «мұнай-химиялық қанат» деп атайды.

Негізгі мұнай-химия өнімдерін шығаратын мұнай компаниялардың үлесі айтарлықтай үлкен, ал һош иісті сутегі өндірісі одан да көп. 2004-2005 жылдар аралығындағы мұнай-химия құрылғыларын салу жобалары жайлы деректер бойынша, әлемде жаңа қуаттармен жабдықталған мұнай компаниялардың үлесі істеп жатқан компаниялардан әлде қайда жоғары.

Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы тұңғыш кәсіпорны – Атырау МӨЗ.

Атырау мұнай өңдеу зауыты өзінің айбынды тарихымен, дәстүрлерімен  және еңбектегі жетістіктерімен мұнай айдау саласындағы алғашқы қазақстандық кәсіпорны болып табылады.

Зауыттың құрылысы 1943 жылы соғыс уақытының ауыр жағдайларында басталып, 1945 жылдың қыркүйек айында ол пайдалануға енгізілген болатын.

Зауыттың техникалық жобасын америкалық «Баджер және оның ұлдары» фирмасы әзірлеген, ол соған арнап ленд-лиз бойынша жабдықты жеткізіп тұратын. Мұнай өңдеу зауытының бастапқы қуаттылығы жылына 800 мың тоннаны құрады және ол Эмба кенорнының мұнайына, тасып әкелінетін Бакулық дистиллятқа негізделген болатын. Әу бастан зауыт отындық бағыт бойынша дамып отырды, ол авиациялық және автокөліктік бензиндерді, әртүрлі моторлық және қазандық отындарды шығарды. 

Батыс-Қазақстан аймағының дамуына, 1965 жылдан бастап мұнай өндірісінің артуына байланысты зауыт қайта құру арқылы бағасы қымбат тасып әкелінетін дистиллятты өзі шығаратын дистиллятпен алмастыру туралы мәселесін қарастыра бастады.

Бүгінде Атырау МӨЗ елдің ежелгі мұнай өндіру аймағында орналасқан қазіргі заманға сай ірі кәсіпорын болып табылады.

2006 жылдың маңызды оқиғасына  Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру  ісінің аяқталуы айналды, ол Қазақстанда алғаш рет әрекеттегі өндірісті тоқтатусыз жүргізілген болатын.

Мұнай өңдеу жөніндегі барлық технологиялық қондырғылар үлкен көлемді техникалық қайта жарақтандырудан өткізілді, бұл зауыттың қуаттылығын жылына 5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Зауытта ЭЛОУ-АТ-2, ЭЛОУ-АВТ-3 мұнайды бастапқы айдау қондырғылары, каталитикалық риформинг қондырғылары, техникалық азотты жасауға, баяу кокстау, мұнай коксын күйдіруге арналған қондырғылар жұмыс істейді.

Жаңа технологиялық қондырғылардың құрылысы табысты қарқынмен жүруде:   дизельдік отынды сумен тазарту мен парафинсіздендіру қондырғылары, бензиндік қондырғы, күкірт шығаруға арналған қондырғы.

Қайта құрудан өткеннен кейін, 60-жылдан артық уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық мұнай өңдеу «патшасы» мұнай өңдеу тереңдігінің, өнім сапасын арттырудың, қоршаған ортаны қорғау мен ресурс үнемдеудің жаңа технологиялық деңгейіне шықты.
Шығарылып жатқан өнімдердің асспортименті жылдан жылға көбейіп келеді. Қазіргі кезде зауыт 16 түрлі мұнай өнімдерін шығарады.
Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңашылдық, өндірістік қуаттылықтарды үнемі түрде жаңарту мен кеңейту, өнім сапасын арттыру, шетелдік және отандық фирмалармен ынтымақтасу тән болып келеді.

Мұнай өңдеу мен мұнай-химия салаларының бір кешенге шоғырлануы келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

-       инфрақұрылымды тиімді қолдану нәтижесінде қажетті инвестиция көлемін үнемдеуге болады;

-       «масштаб эффектісі» орын алады;

-       МӨЗ-нің және мұнай-химия өнімдерін үлесін арттыруға мүмкіндік береді;

-       мұнай-химия өнімдерінің шығару көлемін өзгерту есебінен мұнай компанияларды іскерлік циклдарын реттейді және тұрақтандырады.

Мұнай-химия кешенінде мұнайды өңдеу мен мұнай-химия қосарлы жүргізу арқылы жанармай фракциялары, газойл, этан-этилдік, пропан-пропилендік фракциялар, һош иісті сутегін алуға болады. Егер жоғарыдағы аралық фракцияларды дәстүрлі жолмен өңдесе, немесе технологиялық жанармай ретінде қолданса, онда түсетін жалпы табысы бірінші жолмен алынған табыстан әлдеқайда төмен болады.

Мамандардың саралауы бойынша, соңғы он жылдың ішінде АҚШ-тың МӨЗ-мен мұнай-химия зауыттарында мұнай-химияның табыстылық деңгейі мұнай өңдеуге қарағанда 6 есе артық.

Қазіргі замаңғы жанармай шығаруға мамандалған МӨЗ-на салынған капиталдың таза табысы 10%, һош иісті сутегін алуға мүмкіндік беретін құралдары бар МӨЗ-тың табыстылық деңгейі 15%, ал этилдік құралдармен жабдықталған МӨЗ-тың таза пайдасы 30% құрайды.

Мұнай өңдеу мен мұнай-химияның интеграциялануы жоғары табысты ғана қамтамасыз етпейді, сонымен бірге өңделген мұнай өнімдерінің сапасын арттырады және мұнай-химиялық өнімдер ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. «Мұнай қанаттар» құрамындағы мұнай-химиялық құрал-жабдықтарға өзіндік құны төмен көмірсутегі шикізатын қамтамасыз етіледі. Осының арқасында шығарылған өнімнің бәсекелік қабілетін нығайтады.

Мұнай өндіру, мұнай өңдеу мен мұнай-химия салалар интеграциясының сәтті, мысалы, Грэйнджмуттағы  «Бритиш Петролеум» компаниясының кешені бола алады. Компания Солтүстік теңіздегі Фортис мұнай кен орнынан мұнай өндіреді, өндірілген мұнайдың 80%-ы компаниямен бақыланатын терминалдан танкерлер арқылы Батыс Еуропа елдеріне өңдеу үшін жөнелтіледі және мұнайдың 20% жылдық қуаты 10 млн. тонна құрайтын «Бритиш Петролеум Ойл» МӨЗ-ында өнделеді. НАФТА (жартылай өнім) «BP Chemicals» мұнай-химия кешені екі этилдік құрылғыларына жіберіледі. Этилдік құрылғылардың жалпы қуаты жылына 600 мың тонна этилен және 450 мың тонна пропиленді құрайды. Сонымен бірге кешеннің құрамында сұйық пиролиз өнімдерінен бензол шығаратын және жартылай фабрикаттарды өңдеу арқылы бутадиен мен полибутен алтын құрылғылары бар. Этиленнің негізінен тығыздығы жоғары полиэтилен мен синтетикалық этил спиртін шығаруға мүмкіндігі бар, кейін пропиленнен полипропилен, димерпропилені алынады. Грэйнджмуттағы этилендік құрылғылары «Exxon Chemicals Ltd.» және «Shell Chemicals Ltd.» мұнай компаниялар филилдарының біріккен кәсіпорындарының өнім желісі арқылы байланыстырылған.

Соңғы жылдары әлемдік мұнай-химия өндірістерінің даму қарқыны экономиканың өсу қарқынынан 1,3 есе артық, ал негізгі мұнай-химиялық өнімдер (этилен, пропилен, бензол, ксилол, метанол) өндірісі ЖІӨ-нен 1,8 есе тез өсуде.

1970 жылдары энергетикалық дағдарыстан кейін әлемнің алдынғы қатарлы компаниялары өздерінің энергия тұтыну мен өндірісті оптимизациялау үрдістерін қайта қарауға тура келеді. Энергияны көп талап ететін өндірістік үрдістерді оптимизациялау есебінен 30-40%-ке түсіреді.

Отандық мұнай өнімдерді сапасы төмен деңгейде болуының бірден-бір себебі, қазіргі уақытта мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін және мұнай өнімдерін сататын компаниялардың мүдделерімен әрекет ету ықпалы әртүрлі болуы. Сонымен отандық мұнай өңдеу саласының бәсекелік қабілетімен мұнай кешенінің тиімділігін арттыру үшін «мұнай кен орнынан жанармай колонкасына» дейін бүкіл үрдісті өндірушілер бірлесе қарастырғаны жөн. Бұл әрекет мұнай кешенінде тік интеграция арқылы қол жеткізуге болады.

Қазақстанда тік интеграциялау мұнай компаниялардың құрылуы келесі себептерден мұнай өнімдер сапасын басқару механизмі бойынша мәселелерін шешуге өз септігін тигізеді.

-       біріншіден, мұнай өндіруші мен мұнай өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық мүдделерінің қосылуы өндірістің әртүрлі сатыларын тиімдірек бағыттауға және «скважина МӨЗ» технологиялық шынжырға қатысатын сутегі шикізатымен мұнай өнімдерінің сапасын реттеуге мүмкіндік береді. Дамымаған нарық пен жанармай станцияларының қызметін мемлекеттік органдардың жеткіліксіз бақылау жағдайында құрамында ТБМК-сы тұтынушыларға өнімді делдалдарсыз жеткізіп, сапасыз жанармай мәселесін шешуге өз септігін тигізеді;

-       екіншіден, шикізат қайнар көзін бақылауға мүмкіндік береді. ТБМК-сы шикізатпен қамтамасыз етуде және мұнай өнімдерін жеткізуде әлде-қайда сенімдірек болады. Мұнай өңдеуші кәсіпорындары сенімді шикізатпен жұмыс істеген кезде, өнімнің сапалық ауытқуларын реттей алады;

-       үшіншіден, ТБМК-ры инвестициялық бағдаламаларды жүзеге асыру үшін қаржы қаражаттарды шоғырландырады. Тұрақсыз экономика, қаржылық тапшылық және төлем дағдарысы кезінде капиталды шоғырландырумен өндірістің табысты салаларына жедел түрде аұша құю арқылы кәсіпорын өзінің өндірістік-қаржылық жағдайын нығайта алады. Капитал мен өндіріс көлемін арттыру есебінен табыс көбейеді. Банкпен өзара тиімді қатынас орнатылғаннан кейін несие қорларына жол ашылады, өндіріс қаржылық жағынан тартымды болады. Жоғарыдағы айтылғанның барлығы өндірісті жаңғыртады және жетілдіреді, ал бұл өнімнің сапасын арттырып, ішкі және сыртқы нарықта оның бәсекелік қабілетін нығайтады.

Ресейлік ТБМК-рын құрудың негізгі үш кезеңін атап кетсе болады:

1.      Басты өндірісті және оның бөлімшелерін тұрақтандыру, олардың жаңа шаруашылық жағдайына бейімделуі, компания қызметін атқаруының негізгі бағытын анықтау.

2.      Шектелуі тік біріккен жүйені қалыптастыруға әкелетін ұжымдық мүдделердің компания бөлімшілеріндегі құрылымдық өзгерістерге ең жоғарғы түрде сәйкес келуі.

3.      Ресейде экономикалық өсуімен нарықтық типтегі экономиканың негізі қалыптастыру жағдайында «бейімделген» ТБМК-дың қалыпты дамуы мен өсу ықтималдығы.

Ресейлік ТБМК-дың қалыптасуының алғашқы кезеңінде «Мемлекеттік» міндеттер басым болды. Компанияның шаруашылық және саяси тәуелсіздігі күшейген сайын мемлекеттік және жеке мүдделердің арасында қайшылық болмау мәселесі маңызы арта беруде. Әрине, уақыт өте келе соңғысы басты рөльге ие болады.

Даму мақсаттарын қалыптастыру тәртібінде келесідей басқару деңгейлерін атап көрсетуге болады: (мұнай өндіру мен өңдеуді, мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді және т.б. басқару); Ұжымдық (сол компанияны басқару); Өзіндік басқару құқығы бар еншілес компаниялар деңгейі (кәсіпорындарды басқару); Осы кәсіпорындардың құрамындағы бөлек ірі өндіріс деңгейі (өндірісті басқару). Ірі өндірістерден төмен буындарда стратегиялық дамудың мақсаттары мен міндеттері жасалынбайды.

Әр деңгейде стратегиялық дамудың талғамды мақсаттар ұсыныстары талқыланады. Кейін көршілес деңгейлер арасында ақпарат алмасу, жүзеге асыру мерзімі бойынша талқылаулар өтеді. Айта кететін жәйт, басқарудың төменгі буындарынан басталады. Жоғарғы деңгейлер төмен деңгейдегі бар ресурстар көлемімен жергілікті стратегиялық мақсаттар жайлы ақпараттар иелене отырып, ресурстарды қайта бөліп мақсатарды бағыттау арқылы ТБМК-ның нақты мақсаттармен стратегиялық даму қалыптастырады. Кейін түзетілген деректер іске асырылуы үшін «төменге» беріледі немесе өзара келісім іздестіру үрдісі басталады.

Жоғарыдағы қызметі компанияның стратегиялық жоспарлау мен басқару бойынша арнайы орган реттейді. Ол қажетті ақпараттар ағымын қалыптастырып, оны бағыттайды, әр деңгейде мақсатты таңдау туралы шешім қабылдау үшін деректер жинайды және өңдейді. Қазіргі уақытта «Лукойл» және «ЮКОС» сияқты ірі ресейлік компаниялары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасындағы ТБМК-ның айқын мысалы «ПетроКазахстан» ШМӨЗ.

2007 жылдың 6 шілдесінде ЖШС «ПетроКазахстан Ойл Продактс» және АҚ «СҮ «ҚазМұнайГаз» өндірілген 50% үлес жұмыстарын беру аяқталды . Шымкенттік НПЗбен Шығыс-Қытай институтының CNPC («EastChine Desing Institute») жобасымен жүргізілген жаңа НПЗ «ПКОП» жобасы техника-экономикалық негіздегі есептеу нәтижесі жүргізілді.

Жоба мінездемесі және мақсаты:

-        Ашық мұнай өнімдері 61% -дан 89% дейін шықты

-        Моторлы жанармайдың сапасы Евро-з сатысына дейін жоғарлады

-        Жобаға 450 млн. доллар АҚШ қаражаты жұмсалады

-        Жобаның орындалу мерзімі 2007 -2010 ж.ж.

Реконструкция негізгі бағытта:

-        Дизель депарафинизацияларын жаңашалап орнықтыру

-        RFCC / МТБЭ / АГФУ реконструкция орнықтыру

-        Изомеризация / Полипропилен / күкірт жаңа құрылысты орнықтыру

МӨЗ реконструкторы бойынша жоба іске асқан соң, Құмкөлден 80% күкірті аз мұнай және Батыс Сібірден 20% күкіртті мұнай өндіру жоспарлануда.

Дәл қазіргі кезде өнімдер (матор майлары, жанармайлар) өндіруде әзірге вро-2 талаптарына сай, алайда бензин және дизтопливаның реконструкциясы Евро-3 экологиялық талаптарына сәйкес өндірілетін болады.

Бұл зауыт КСРО кезінде Сібір мен Орта Азияны біріктіретін Солтүстік-Оңтүстік магитральды құбырына қосылған және ол басында үлкен өндірістік кешені бір буыны ретінде салынған. ШМӨЗ пен «ПетроКазахстан» кен орынын біріктіретін құбырдың арқасында «ПетроКазахстан» қосымша шығындарсыз өндірістік сызбаны құруға жағдай жасады. Мұнайды өндіру, тасымалдау және оны өңдеу үрдістерін біріктіріп, инвестор дайын өнім шығаратын ТБМК-сын құрды. Зауытты басқару құқығы «ПетроКазахстан» өткеннен кейін инвестиция көлемі 21 млн. долларға жетті. Әр түрлі жаңғыртулар енгізу нәтижесінде өнімдерінің ассортиментін кеңейтті: енді зауыт октаны жоғары АИ-96 жанармай мен ұшақ керосинін шығара алады.

Республиканың аймақтарын жанармаймен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі осы күнге шейін әлі шешілмегендіктен, мұнай өнімдерінің бағасы ауытқып отырады. Ауыл аймақтарды жылумен қамтамасыз ету үшін мазут қажет, ал оның 1 тоннасының құны 55 пен 130 доллардың арасы. Айтайын дегенім, мұнай кен орындары мен мұнай өнімдерін тұтынатын жақын аймақтарды шағын зауыттар мен мұнай өңдеу құрғыларын салу қажет.

Румыния мен өзге де елдерде аз қуатты мұнай өңдеу өндірісі ұйымдастырудың арқасында елдегі МӨЗ-на бәсекелес болмай нарықтың белгілі сегментін алуда. Аз қуатты құрылғылар мен шағын зауыттарды мұнай өңдеу орындарында, аз дебиттік және алыс орналасқан скважиналарды, сонымен бірге мұнай өнімдерін көп көлемде тұтынатын аймақтарда орналастыру қажет. Мұндай өндірістік құрғыларды «Монтаж инжиниринг» АҚ-мен жасалып шығарылады. Қолданылатын технология арқылы мұнайды толық өңдеуге мүмкіндік береді және келесі өнімдер түрін қамтамасыз етеді:

-       октан саны 76-дан төмен емес көлік жанармай;

-       жаздық және қыстық дизель жанармайы;

-       мазут.

Шағын зауыттарды іске қосып жұмыс істеуінен түсетін пайда келесі экономикалық көрсеткіштер арқылы 9 кестеде көрсетілген.

Құрылғылардың мұнай кен орындарына жақын орналасуы, мұнайды тасмалдау қажеттілігін тудырмайды, жергілікті нарық салыстырмалы түрде арзан мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіледі, нарықтық бағаның ауытқуынан қорғайды, аймақта жаңа жұмыс орындары мен тұрақты салық төлемдер қайнар көзі пайда болады.

Шағын зауыт салудың басты экономикалық тиімділігі, инвестицияның өтелу мерзімі 2 жыл. Мұнай өнімдерге акцизды есептегеннің өзінде бір тонна мұнай өңдеудің құны 13-17долларды құрайды. Жылдық өнімділігі 10 мың тонна құрайтын УПН-10 құрылғысы 2-3 тонна жанармай мен 4-4,5 тонна мазутпен қамтамасыз ете алады.

 

9-кесте. Шағын зауыттарды салу тиімділігі

Шағын зауыттың техникалық-экономикалық көрсеткіші

Көлемі

Көлемі

Көлемі

1.     

Шикізат өнімділігі, жылына мың тонна

 

50

 

100

 

150

2.     

Технологиялық блоктар мен модульдер массасы, тонна

 

95

 

150

 

200

3.     

Блоктарды орналастыруға қажетті алаң, мың шаршы метр

 

1,0

 

1,4

 

1,6

4.     

Алдын-алды құны, млн. АҚШ доллар

 

0,9

 

1,9

 

2,5

5.     

Өтеу мерзімі, жыл

1,5

1,3

1,2

6.     

Іске қосу мерзімі, ай

8

10

12

 

Шағын зауыттар мен УПН-дердің (мұнай өңдеу құрылғылары) артықшылықтары төмендегідей:

-       технологиялық сызбасының қарапайымдылығы;

-       шикізатты дайындау талаптарының төмен деңгейде болуы. Яғни мұндай құрылғылар арқылы құрамында 1%-ке дейін суы бар мұнайды өңдей алады, ал МӨЗ-ның технологиясы бойынша судың мұнай құрамындағы шекті мөлшері 0,01%-ті құрайды;

-       аз шығындар жұмсай отырып өзге аймаққа көшу мүмкіндігі бар;

-       экологиялық талаптарға сай келеді;

-       шикізатты үнемді пайдаланды.

Сөйтіп Республиканың шағын кен орындарының мұнай потенциалын тиімді пайдалану мәселесін жоғарыдағы құрылғылар арқылы шешуге болады.

Нағыз бәсекелестік бар жерде нарықтың кез-келген саласында баға тұрақтылығы сақталады. Бәсекелестік болса қандай да бір тауардың бағасын әкімшілік ресурстарды қолданып, күшпен тұрақтандырудың қажеті жоқ, бәрін нарықтағы жағдай өзі реттейді. Өкінішке қарай, Қазақстанның жанар-жағармай нарығындағы жағдай әзірге шынайы бәсекелестік талаптарының деңгейінен табылмай отыр. Бұлай дейтініміз, елімізде жыл сайын, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары мен күзгі жиын-терін науқаны кезінде мұнай өнімдері бағасының қымбаттайтыны, тіпті кейде сұранысы көп бензин түрлерінің тапшы болатыны әдетке айналды. Дәл осындай жағдай 2009 жылдың күзінде тағы да қайталанды. Сол кезде еліміздегі бензин мен дизельдік жағармай бағасы күрт өсіп кетті. Былтыр қыркүйек айында республикамыздағы АИ-92, АИ-93 маркалы бензин бағасы 90 теңгеге жетіп жығылғаны есімізде. Нарық заңдылығы бойынша әдетте мұнай қымбаттаса, мұнай өнімдерінің бағасы бірге ілесе өседі, ал арзандаса, баға да төмендейді. Бірақ бір қызығы Қазақстанда жанар-жағармай бағасының арзандауы әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуімен парапар болмай отыр. Мысал үшін айтатын болсақ, өткен жылдың үшінші тоқсанының соңында әлемдік мұнай биржаларында мұнайдың 1 баррельге шаққандағы бағамы 67-68 доллар болды. Алайда, соған қарамастан еліміздегі бензин бағасы арзандаған жоқ, керісінше жоғары болды. Бұдан жанармай бағасының сол кездегі баррельдің бағамына шағып есептегенде қымбат болғанын көреміз. Сайып келгенде мұндай проблема нарықтағы бәскелестіктің жоқтығынан, тиісінше доминанттық жағдайдың қалыптасқанынан әрі монополистердің ымыраласуынан туындайтыны белгілі. Қазақстанның жанар-жағармай нарығында қалыптасқан мұндай ахуалға сол кезде бірінші болып депутаттық корпус үн қатты. Содан соң іске қараша айында болған тікелей желіде Мемлекет басшысы араласқаннан кейін барып қана бұл нарықтағы жағдай тұрақталғандай болды. Онда да бұл мәселе негізінен Үкіметтің пәрменімен әкімшілік ресурстарға арқа сүйей отырылып шешілді. Сөйтіп Қазақстандағы АИ-92 және АИ- 93 маркалы жанармайдың бағасы желтоқсаннан бастап ел бойынша 82 теңге деңгейінде тұрақтандырылды. Тиісінше, дизель отынының бағасы да төмендетілді.

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің дерегінше, еліміздің отын-энергетикалық кешені саласына жүргізілген талдау нәтижелері  бұл нарықта бәсекелестіктің мүлдем дамымағандығын көрсетіп берген. Қазақстанның мұнай өнімдерін сататын  нарықты «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖШС, «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» ЖШС және Гелиос тобы сынды үш холдингтік компаниялар монополиялап алған. Жанар-жағармайдың бөлшек саудасы нарығының 65 пайызға жуығын осылар реттейтін көрінеді. Агенттік мұнай өнімдерін сату нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар аясында былтыр жанар-жағармай нарығындағы субьектілергеПетроҚазақстан» Сауда үйі» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және т. б.)   қатысты жанар-жағармай нарығында жасанды тапшылық тудыру және монополиялық жоғары баға белгілеу жайына тексеру жүргізіп, нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтарды анықтаған. «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» ЖШС-не қатысты тексеру материалдары қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қаржы полициясына берілген. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ымыраласқан іс-қимылдарРусҚазОйл» ЖШС, «AlexNill-Oil» ЖШС, «Контакт Ойл» ЖШС, «MigaGroup» ЖШС), бензинді сатуға шектеу қою, яғни бензинді талон бойынша сатуГелиос» ЖШС, «Sinooil» ЖШС,  «Торғай Петролеум» ЖШС), қиянатшыл бәсекелестікГелиос» ЖШС) фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалған. «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС қатысты айыппұлдардың сомасы тиісінше 1,2 млрд теңгені және 100 млн. теңгені құраған. Аталмыш субьектілерге қатысты материалдар сотқа берілген. Бұдан бөлек, тексерулердің нәтижесінде жанармайды көтерме және бөлшек бағамен сататын нарықтағы 40-тан астам субьектілердің бензин бағасын негізсіз бекіту және ұстап тұру  фактілері анықталған. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жанар-жағармай сатумен шұғылданатын субьектілерді тексерудің  нәтижесінде, жанар-жағармайдың бағасын ымыраласып белгілеу және жанар-жағармайды тек талон бойынша сату фактілері әшкере болған. Бұл субьектілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатын болады.

Ал енді Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы неге қымбат, неге отандық өндірістер нарықты мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмай отыр деген сауалдарға тоқталсақ. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай өңдейтін үш зауыт бар. Олар Атырауда, Павлодарда және Шымкентте орналасқан. Алайда бұл зауыттардың барлығының техникалық мүмкіндігі ішкі нарығымызды жоғары октанды бензинмен толық қамтамасыз етуге жетпейді. Басты себеп -  оларда заман талабына сай келетін құрал-жабдықтар жоқ немесе қолданыстағыларының әбден тозығы жеткен. Нәтижесінде бүгінгі таңда елімізде жоғары октанды жанармайдың тапшылығы 37,5 тоннаны құрап отыр. Оны импорт арқылы өтеу көзделуде. Ал импорттың негізінен Ресейден келетіні белгілі. Ресми мәліметтерге сүйенсек,  өткен жылы ішкі нарыққа 12,1 млн. тонна мұнай жеткізіліп, өңделген. Мұның 5,7 млн. тоннасы  немесе 47 пайызға жуығы жаңағы Ресейден импортталған. Былайша айтқанда, Қазақстан мұнай өнімдері бойынша Ресейге тәуелді болып отыр. Ал Ресей нарығындағы мұнай өнімдерінің бағасы біздегіден әлдеқайда жоғары екендігі белгілі. Бұл өз кезегінде ол елден бізге импортталатын мұнай өнімдерінің біздің нарыққа  жоғары бағамен келуіне ықпал етіп отыр. Былайша айтқанда жанар-жағармай тапшылығы өз кезегінде ішкі нарықтағы бағаның, әсіресе маусым кездерінде, мың құбылуына  әсер етуде. Сайып келгенде экономикалық қауіпсіздік үшін аса маңызды бұл мәселені мұнай өңдейтін зауыттарды жаңғыртып, оларды техникалық жағынан түрлендіруді арқылы шешуден басқа жол жоқ. Бұны қазіргі күннің талабы көрсетіп отыр.  Сондықтан да Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы проблемаларды жою үшін Президент былтырғы Жолдауында Үкіметке мұнай өңдейтін зауыттарды жаңғыртуды тапсырған болатын. «Біз қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыруды жалғастырамыз. Ең алдымен бұл - мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту. Бізде мұнай өңдейтін үш зауыт бар, сөйтсе де әлі күнге жанармай сатып аламыз, авиация керосинімен де қамтамасыз етілмегенбіз. Енді қазір бұл іспен айналысу керек. Біз осы мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты біртіндеп толық қамтамасыз етуге тиіспіз.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет Қазақстандағы мұнай өңдейтін зауыттарды дамытудың 2009-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеп, қазір бұл бойынша жұмыс жүріп жатыр. Кешенді жоспар мұнай өнімдерін өндіретін өндірістердің құрылымын және сапасын жақсарта отырып, жыл сайын өңделетін мұнайдың көлемін арттыруды, сөйтіп нарықтың мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұранысын тұрақты қамтамасыз етуді көздейді. Зауыттарды жаңғырту аяқталғаннан кейін мұнайды өңдеудің жиынтық қуаты жылына 17 млн. тоннаға жетуі тиіс. Еліміздегі мұнай өңдейтін зауыттарды жаңғыртуға жалпы сомасы 4,3 млрд. доллар инвестиция салу көзделіп отыр. Егер ойға алған бұл жұмыс орындалатын болса, Қазақстан 2014 жылдан  бастап ішкі нарықтың жанар-жағармайға сұранысын отандық өндірістің өнімдерімен қамтамасыз ететін болады.

Сөз соңында Кеден одағының құрылуына қатысты Қазақстан мен Ресейдің жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мәселісіне қатысты бірер сөз. Мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды ретеу мақсатында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жанынан Қазақстандағы мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі Сарапшы кеңесі құрылған болатын. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, мұнай өнімдері субьектілерінің, мұнай өңдеуші зауыттардың өкілдері енді. Осы Сарапшы кеңестің аясында Бірыңғай кеден одағының құрылуына байланысты қазақстандық және ресейлік мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды тұрақтандырумен байланысты мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмыс тобы, сондай-ақ мұнай өнімдері саласындағы доминант-субьектілердің баға түзу әдістемесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Ал жақында Бәскелестікті қорғау агенттігі  Біртұтас кедендік кеңістік құру аясында Кедендік одақ комиссиясының құрылымында бәсекелестік саясат саласында жеке орган құруды ұсынды. Бұл орган монополияға қарсы күрес заңнамасын бұзушылықтарды тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылау қою және нарық қатысушыларына монополиялық инфрақұрылымға тең дәрежеде шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету құзыретіне ие болуға тиіс. Мұнай өнімдері нарығында әділетті бәсекелестіктің дамуына мұнай өңдеу зауыттарының инфрақұрылымына қол жеткізу мүмкіндігінің шектелгендігі кедергі келтіріп жатқандығын ескерсек, бұл органның тезірек құрылып, іске кіріскендігі жөн сияқты.

Қалай десек те, соңғы жылдарда жинақталған тәжірибенің негізінде жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыруда біршама ілгерілеушілік бар. Алайда, бұның басым көпшілігі әкімшілік ресурстарды қолданумен жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бірақ бұл тетіктің өміршеңдігіне әркез иек арта беруге тағы болмайды. Сондықтан,  мәселені заң аясында реттейтін мезгіл жеткен сияқты. Бізге белгілісі, қазір Үкімет жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруға қатысты заң жобасын әзірлеуде. Бұл құжатта жанар-жағармай нарығындағы бағаны тұрақтандырудың нақты тетіктер қамтылмақ. Заң жобасында нарыққа қатысушылар арасында «баға мәмілесі» дәлелденген жағдайда оларды жауапкершілікке тарту шаралары көзделген. Егер бұл заң осы жылдың ішінде қабылданып, ондағы талаптар толығымен орындалса, онда маусым сайын жанар-жағармай бағасының басқа шауып, төске өрлеуі тыйылар еді. Сондықтан қарапайым халық пен диқандар үшін заңның тезірек қабылданғаны пайдалырақ болмақ.

 

3.2 Қазақстандағы мұнай нарығының болашағы

 

Қазақстан Республикасының мұнай-химия өндірісінің қалыптасуы КСРО-ның халық шаруашылықтық концепциясына сүйенді және шикізат пен жартылай фабрикаттарды шығаруды жедел дамытуды, сонымен бірге дайын өнімді Республикадан тыс аймақтарда жасауды көздеді. Сондықтан мұнай-химия кешені кәсіпорындар мен өндіріс арасында технологиялық жағынан байланысы жоқ. Үш географиялық аймақпен сипатталады:

1.      Батыс аймақ термопласта шығаруға бағытталған және құрамында екі зауыт бар – Атырау полистирол зауыты мен Атырау полипропилен зауыты;

2.      Қостанай кешені полимер өндірісіне және өңдеуге бейімделген, құрамында: «Химволокно» серіктестігі, Руднен зауытымен Лиссаковск химиялық талшықтар зауыты;

3.      Қарағанды ауданына Теміртаудағы карбид шығаратын зауыты және «Карагандарезинатехника» кіреді.

Қазақстанның мұнай-химия өндірісінің жағдайын сипаттай келе, келесі тұжырымдар жасауға болады:

-       зауыттар Қазақстандық нарық үшін емес, Ресей нарығы үшін бейімделіп салынған;

-       шикізат Ресей мен Украинадан келеді, ал дайын өнім Ресей мен ТМД-ның өзге елдерінен тасымалданады;

-       Республикада өңдеу өндірісі жеткіліксіз дамығандықтан, полистиролдың тек 10%-ті ғана ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады;

-       жұмыс капиталы өте төмен немесе тіпті жоқ;

-       өзіндік шикізатпен қамтамасыз ету деңгейі өте төмен;

-       дайын өнімнің бағасы Батыста жасалған ұқсас өнімнің бағасынан әлдеқайда жоғары;

-       инвестициялық қамтамасыз етуде жағымсыз үрдістер орын алуда.

Жеке мұнай химия өндірісінің жеткіліксіз дамығандықтан, мемлекет жыл сайын едәуір шығындарға ұшырауда. Әлемдік тәжірибені ескере отырып тұжырымдасақ, мұнай мен газ экспортын ұлғайтқан сайын, экономиканың әлемдік шикізат нарығының конъюнктурасына тәуелділігі артады, экономикалық және әлеуметтік дамудың тұрақсыздық пайда болады, әлемдік ҒТП-тен артта қалу ықтималдығы өседі. Сондықтан бұл саланы қалыптастырып дамыту қажет.

Қазақстанның мұнай өңдеу өндірісі қарастырғанда, төмендегідей құбылыстарды байқауға болады. Қазақстанның мұнай өңдеуші кәсіпорындары 50%-ке Ресейдің шикізатына тәуелді, Шымкент 75%-ке, Павлодар 100%-ке Батыс Сібір мұнайына тәуелді. Өңделген мұнай өнімдерінің сапалық жағдайы төмендегідей:

1.      Жанармайдың сапасы халықаралық талапқа сай емес (жанармайдағы октан саны аз келеді);

2.      Зауыттардың өзіндік тұтынуы мен шығындары ұқсас зауыттарымен салыстырғанда жоғары;

3.      Маңғыстау мұнайында парафиннің көп болуы Атырау МӨЗ-і қыстық дизель жанармайын шығаруға мүмкіндік бермейді.

Экономиканың ғаламдық мәселелердің бірі мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы болып табылады. Ресми деректері бойынша, Республика нарығында заңсыз бензин айналымы 31%-ке тең, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10%-тен аспайды. Заңсыз мәмілелердің кесірінен бюджет жыл сайын 3,5 млрд. теңге ала алмайды.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру үрдісінде ішкі мұнай нарығының рөлімен міндетінің маңызы зор. Сондықтан дамыған ішкі және сыртқы мұнай мен мұнай өнімдер нарығын құру қажеттілігін туындайды.

Дамыған ішкі нарық дегеніміз, ішкі сұранысты сапалы өнімдерімен қажетті ассортиментте, қажетті мерзімде мен орында қанағаттандыруға бағытталған нарық болып табылады. Бұл мүмкіндікті жүзеге асыру үшін, ең алдымен мұнай өндірісінің өнімдерімен қызметтерінің бағасын өндірістің минималды шығындар деңгейіне дейін төмендету қажет. Бұл жерде мұнай нарық субъектілерді сенімді және үнемді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін арнайы экономикалық механизм құру мақсатында ішкі нарықты мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі туындайды.

Жанармай энергетика кешені шетелдік инвестициялаудың басты объектісі болып қала беруде. Шетелдік бизнесмендер Қазақстанға екі жағдайда өз капиталын енгізеді: егер анықталған табыс нормасы өте жоғары болса немесе салынған қаржы-қаражаттарының сақталуына толық сенімді болса. Қазақстандағы экономикалық шарттарға негізделе есептелген, салынған капиталдың табыс нормасы жылына 15%-тен кем болмауы керек, ал табыстылық деңгейі 30%-тен аз болмауы қажет. Мұндай нарықтық шарттарға тек мұнай мен табиғи газ өңдеу ғана сәйкес келеді.

Мұнай стратегиялық маңызы бар өнімдер қатарына жатқандықтан, мұндай потенциалды мүмкіндіктерді түгелдей дерлік коммерциялық құрылымдарға беруге болмайды. Осыған орай, жанармай энергетикалық қорлардың реттелетін нарығын құру қажет, мұндағы мемлекеттің рөлі – инвесторлардың алдында кепіл болу, сонымен бірге ірі мұнай өндіру бассейндердің, мұнай өңдеу өндірісінің бақылау пакетін иеленетін ірі акционер болу.

Қазақстан экономикасының құрылымында алдынғы позицияларды көмірсутегі шикізатын өндірумен алғаш өңдеу салалары жаулап алды, ал экономиканың негізін құрайтын барлық өнімдер шығару өндірістері (мұнай-химия, құрылыс материалдар, полимерлер, пластика, синтетикалық және өзге де өнімдер өндірісі) өз позицияларын жоғалтып алды.

ҒТП-тың қарқынды дамуымен Республиканың мұнай саласындағы кәсіпорындардың құрал-жабдықтары физикалық және моралдық тозу, отандық өнімдердің бәсекелік қабілеті төмендеді және сыртқы сауда айналымында мұнай өнімдер импортының арту тенденциясы байқалды.

Жанармай энергетика кешенінің құрал-жабдықтарға қажеттілігі де импорт арқылы қанағаттандырылады. Қазақстан экономикасында қалыптасқан жағдай бірқатар салалар импортқа едәуір тәуелділігі сипатталады. Республиканың энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында импортты алмастыратын жеке индустрия құру міндеті алға қойылған.

Жоғарыдағы мақсатқа жету үшін КНД кеңістігінде және бүкіләлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның алатын орны мен рөліне қарай, оның нақты қажеттіліктерімен мүмкіндіктерін бағалау негізінде даму стратегиясын дұрыс анықтап алу қажет.

Жалпы экспорттың құрылымы барған сайын қысқарып келеді, бұл тенденция әлі күнге шейін сақталуда. Қазақстанның минералды ресурстарға деген тәуелділігі макро деңгейде де көрініп жатыр. Бұл секторды дамытуға бағытталған үлкен көлемдегі тікелей инвестициялар төлем балансын тұрақтандыруда рөлі айтарлықтай. Мұнай, газ және металдар өндіретін компанияларды жекешенлендіруден, өндіру жұмыстарымен шұғылданүшін лицензиялардан түскен түсімдер де мемлекеттік бюджетті қаржыландыруға өз септігін тигізді. Алайда өндірісте және экспортта құрылымдық өзгерістер байқалмады тиімді және басекейлік қабілеті жоғары өндірісті дамыту үшін реформаларды тереңдету мен инвестицияларды ынталандыру бойынша құқықтық шаралар мен бағдарламалардың қабылдауына қарамастан, Қазақстан экономикасының шикізат секторын дамытуға біржақты бағытталуы әлі күнге сақталып келеді.

Мұнай мен газ сияқты табиғи ресурстар халықаралық нарықтағы бағасы өндірістік шығындардан едәуір үлкен, тауарлар тізіміне кіреді. Жоғарыдағы іс-әрекеттер үрдісіне қатысатын елдер мен компаниялар таза пайданы шарт ойынша бөліске салады (1 баррельдің шығыны 2-3 доллар, ал оның бағасы 90-100 доллар).

Мемлекеттік табыстардың өсуі мемлекеттің инвестициялық шығындардан емес, тұтынушылық шығындардың өсу тенденциясы байқалуда. Кенет тарнсферттерді немесе шикізат бағасының төмен ауытқуы жағдайында мемлекет экономикасында терең қаржылық дағдарыс басталуы мүмкін. Сөйтіп, қысқа мерзімде тұтынушылық шығындарыдың арттыруы ұзақ мерзімде экономикада өзін-өзі жою тенденциялары әкеліп соқтырады.

Егер де мұнай байлығының көп бөлігі қоғамдық секторға салық салу, мұнай бонустары және өндірісті бөлу механизмдері арқылы бағытталса, онда жоғарыдағы ағымдардан түскен мұндай табыстарды ұқыптылықпен жұмсауы қажет. Алжир мен Нигерияның тәжірибесін қарастырсақ, бұл елдердің экспорттық түсімдері бюджет тапшылығын жоюға немесе шетелде қор жинауға жұмсалмай, мемлекеттік табыстар эконмикадағы бәсекелік қабілеті төмен салаларды қолдады. Мұнай түсімдерін жан-жақты қарастырып жұмсау тиімді экономикалық саясаттың ажырамас бір бөлігі болып саналады.

Халықаралық еңбек бөлініс үрдісіне енудің «импортты алмастыратын» және «экспортқа бағытталған» стратегияларының белгілі пропорцияда сақтай отырып, жаңа модельмен жұмыс істеу тиімдірек көрінеді.

Мұндай кешенді шара келесіде ерекшеліктерімен сипатталады:

1.      Протекционистік шараларды қолдану арқылы ішкі нарықтың салаларымен өндірісін ынталандыру. Сонымен бірге бәсекелік қабілеті жоғары және сыртқы нарыққа бағытталған салаларды қолданудың болашағы зор;

2.      экспортпен шұғылдану (әсіресе мұнаймен) тек импорт үшін ғана валюталық түсімдерді иелену ғана емес, сонымен бірге ұлттық шаруашылықтың құрылымдық реформаларын қайта жаңғырту үшін қолдану;

3.      импортты тек ішкі қажеттіліктерді өтеу үшін ғана емес, сонымен қатар, экспорттық өндірісті дамыту үшін сатып алу;

4.      тұтас, тәуелсіз өндіріс жүйесін қалыптастыру үшін кең көлемінде алдынғы қатарлы техника, технология мен негізгі құрал-жабдықтарды тарту;

5.      өндіріс масштабын арттыру үшін капиталды белсенді тарту.

Бұл концепция бойынша, Қазақстанның өндірістік базасымен тасымалдау жүйесі төмен дамыған, бірақта бай мұнай кен орындарына ие аймақтар импортты алмастыру стратегиясымен шұғылданған жөн. Ал халық тығыздығы жоғары, өндірістік базасымен тасымалдау байланыстары жоғары деңгейде дамыған ірі өндірістік аймақтарда экспортқа бағытталған стратегиясын ұстанғаны дұрыс.

Импортты алмастыру саясатының негізгі мақсаты – Республиканың экономикасында құрылымдық өзгерістер енгізу: халықтың және халық шаруашылғының тауарға деген қажеттілігін толық қанағаттандыру, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету.

Импортты алмастырудың басты қадамы импортты алмастырудың салалық бағдарламасын құрумен жүзеге асыру болып табылады. 1999 жылдың 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметі №1347 қаулысында «2000-2003 жылдары машина жасау өндірісін дамыту» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламадағы басты мәселе импортты алмастыру өндірісін дамытумен машиналар мен құрал-жабдықтармен бәсекелік қабілетін арттыру.

«2000-2003 жылдары отандық тауар өндірушілерден құрал-жабдықтар, механизмдер, құралдар сатып алу туралы тапсырыс жасау бағдарламасы» бойынша 2000 жылы тапсырыс көлемі 7,8 млрд. доллар құрайды, ал 2000-2003 жылдары 23 млрд. доллар тапсырыс алуды жоспарлап отыр. Мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту бағдарламасы бойынша 2005 жылға дейін Қазақстан зауыттары отандық тауар өндірушілермен 33,28 млн. доллар көлемінде шарт жасасты.

Әлемдік тауарлар нарығында экспорттық өнімдер – мұнай мен металдар бағасының көтерілуі қомақты қаражаттар мүмкіндік берді, осыған орай Қазақстанда арнайы мұнай қоры құрылды. «ТеңізШевройл» ТШО-ның акция пакетіндегі мемлекеттің 5%-к акциясы сатылып, 680 млн. доллар арнайы қорға аударылды. Қордағы ақшаны (қазіргі уақытта 1 млрд. долларға жуық) ұзақ мерзімді және стратегиялық маңызы бар міндеттерді шешуге жұмсалмақшы.

Болашақ ұрпақтардың қоры көптеген елдерде құрылған. Републикада мынадай қордың құрылуы мұнай түсімдерін бірден мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсамай, оны қалыпты түрде қор жинауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Республика экономиканы нарықтық жүеге тездетіп айналдыруда және ірі мұнай қорларын игеруде инфрақұрылымға мұнай түсімдері мен инвестицияларды құю үшін арнайы институттарды дамыту мен капитал ағымдарын басқару бойынша жан-жақты қарастырылған монетарлық және фискалдық саясатты іске асыру қажеттілігі туындайды.

Болашақты геосаяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық факторлардың жиынтығымен анықталатын әлемдік мұнай нарық конъюнктурасын ескере отырып, Қазақстанның мқнай саласын дамыту стратегиясын қалыптастырған жөн.

Сарапшылардың болжамы бойынша, әлемдік экономиканың өсу қарқыны 2000-2004 жылдары 3,3%-тен, 2005-2010 жылдары 1,9%-ке төмендеуі нәтижесінде әлемдік мұнай тұтыну көлемі азайып, әлемдік мұнай бағасының төмендеуі әбден мүмкін. Мамандардың пікіріне сүйенсек, әлемде мұнай өндірудің шырқау шегі 2025-2030 жылдары келеді және мұнайды тұтыну мен оның мәні әлемдік экономикада төмендей бастайды.

Мұндай жағдайда мұнай кешенінің ұзақ мерзімді дамуында сапасы жақсы және бәсекелік жоғары мұнай өнімдер өндірісіне басымдылық беруіміз керек. 2005 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай-газ секторының ЖІӨ дегі үлесі 12,7%-ті (2000 жылы бұл көрсеткіш 6%) құрады. Дәл осы жылы мұнай саласының экспорттық түсімдердегі үлесі 43%-ке, салықтар мен төлемдерде 31,7 тең болды.

Мұнай өндірудің тиімділігін қарастыратын болсақ, бүгінгі таңда мұнай экспортының бюджетке қомақты қаржылар түсуде. 2005 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің деректері бойынша, мемлекеттік қазынаға жалпы 2,3 млрд. АҚШ доллары түсті, оның 1,9 млрд. доллары салықтық түсімдер үлесіне тиеді (заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 0,54 млрд. доллар). 2006 жылы бірінші жартысында көмірсутегін барлау, өндірумен шұғылданатын жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы бюджетке түскен салықтар мен төлемдердің жалпы көлемінің 79%-ін төлеген, әлеуметтік және жергілікті инфрақұрылымға 19,2 млн. доллар жұмсалды. Әлеуметтік салық бойынша 25,9 млн. доллар төленді. Қазақстан территориясында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар жергілікті бюджетке қомақты қаржылар салуда, «ПетроКазахстан» компаниясының Оңтүстік Қазақстан облыс бюджетіндегі үлесі 80%-ті және ҚызылОрда 60%-ті құрайды.

Мұнай-газ секторында қалыптасқан жағдайды ескере отырып сандық өсуін тежей отырып (шикізатты өндіру мен қолданғаны үшін төлем ақыны көтеру, шикізатты өндіру мен қолдану бойынша лицензия беру, экспортты квоталау), экспорттық өндірісттегі көптеген жеңілдіктерді қалып азайта отырып бюджеттің табысында үлесін арттыру қажетілігі бар. Осыған орай ипортты алмастыру және экспорттық өнімдер тізімін арттыру белгілі сала  мен өндіріс бойынша тиімді қатынасын сақтай отырып, экономиканың индустриалды базасын нығайту керек: Қазақстанның геосаяси орналасуын қолдана отырып құбыр арқылы тасмалдау қызметіндегі тарифтерді ескеретін транспортың потенциалының көп жақты варианттылығын қолдану.

Дайын өнімдер ассортиментінің өсімін кеңейту, мұнай өңдеуші және мұнай-химиядағы салалық технологиялар тізбегін ұзарту, Қазақстанда мұнай өндіруші кәсіпорындар негізінде біріккен мұнай кешенін қалыптастыру мен дамыту, сонымен бірге мұнай-химия өңделген мұнай өнімдерінің өндірісін дамытқан кезде қосымша табыс алуға және мұнай-газ өндірісіне арналған машина жасау және өзгеде сабақтас салаларды дамытуға өз септігін тигізеді.

Қазақстан бай шикі зат қорларына ие, соның ішінде әсіресе сутегі шикізатының қоры мол. Мемлекеттің жер қойнауында олардың қорлары милиардтаған тонналармен өлшенеді. Сондықтан елдің экономикалық дамуында мұнай кешенінің потенциалды мүмкідіктері зор.

 

 

Қорытынды

Қазақстан үшін мұнай – тек қана экспорттық өнім ғана емес, ол сонымен бірге мемлекет пен қоғамының болашағымен тығыз байланысты тұрақтылықтың маңызды символы болып табылады.

Өтпелі кезеңде мемлекет алдындағы басты экономикалық міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасының мұнай потенциалын тиімді игеру мәселесі. Мұнай стратегиялық маңызды шикізат және мұнай-газ кешені елдің экономикалық дамуының жетекші буыны болып табылады.

Қазақстан алдынғы қатарлы халықаралық мұнай компаниялармен ұзақ мерзімді шарттар жасасты, қазіргі заманғы шетелдік технологиялармен қомақты инвестициялар тартылды. Көмірсутегі шикізатын экспорттау үшін жасалып жатқан құбыр жүйесі тәуекелді азайтады, көрші елдердің экономикасына еліміздің экономикасының тәуелдігін азайтады. Жаңа құбырлардың салынуы болашақта қазақстандық мұнай экспортының көлемін жылына 120 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экспорттық мұнай потенциалын нығайту мақсатында шикізат өнімін жоғары дәрежеде өңдеу, дайын өнімнің сапасын арттырумен ассортиментін кеңейту әрекеттерін жүзеге асыру қажет.

Жоғарыда қарастырылған тауарлардан келесідей қорытынды жасауға болады:

-       отандық мұнай потенциалының қолданылуы тиімсіз және өнімділігі төмендігімен сипатталды;

-       Қазақстан мұнай қоры экономикалық потенциалдың ажырамас бір бөлігі және ол – тек табиғи – шикізаттық компонент қана емес, сонымен бірге әр буыны жеке өндіріс болып табылатын күрделі жүйе;

-       қазіргі таңда мұнай өңдеумен мұнай-химия салалары инвестициялық дағдарыс, толық қуатына жұмыс істемеуі негізгі капиталдың моралдық және физикалық тозуы, қайта өңдеу үрдісінің үлесі аз болуымен әлсіз маркетингтік саясатымен сипаталады;

-       мұнай өңдеу тұрақты түрде артылуына қарамастан, шикізат қорларын пайдалану тиімділігі төмен дәрежеде;

-       көмірсутегі кешенді түрде қолданылмау үрдісі әлі күнге шейін сақталуда;

-       көмірсутегі шикізатының ішкі және сыртқы бағаларының сәйкессіздігінен, отандық МӨЗ-ның толық қуатына жұмыс істемеуінен мұнай нарығын мемлекеттік реттеуімен мұнай компаниялардың мүдделері арасында қайшылықтар туып жатыр.

Республикадағы мұнай өндіретін саланың жағдайымен дауын тразиттік потенциалын, мұнай өңдеумен, мұнай химия салаларының мүмкіндіктерін ескеріп, көмірсутегі қорын тиімді қолдану мақсатында төмендегі шараларды жүзеге асыру қажет:

-       мұнайдан ең жоғарғы пайданы қамтамасыз ететін және мемлекеттік ықпал етудің реттеу мен бағалау құралдары ақылға қонымды дәрежеде үйлесетін экономикалық саясат қажет;

-       трансферттік бағаларда қатаң бақылай отырып, мұнай өндіру көлемін арттыру;

-       еліміздің әлемдік шаруашылықтың шикізат көзіне айналып кетпеуі үшін мұнай-газ ресурстарын игеру қайта өңдеу өнеркәсібі кешеннің дамуымен қатар жүргізілуі керек;

-       экологиялық бақылауды және мұнай өндіруші компаниялардың қызметінде санкция режимін күшейту;

-       эклогиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келесі шаралар жүйесінің жүзеге асырылуына қатаң бақылау жасалуы керек: барлау, бұрғылау, өндіріс жұмыстарының техникасы мен технологиясына қатаң стандарттар мен нормативтерді қолдану;

-       мүмкін болатын залалдарды, экологиялық зардаптарды есептеу зерттеулерінің деңгейін және сапасын арттыру;

-       компенсациялық экологиялық санкцияларды жасау;

-       мұнай өндіруді реттейтін арнайы құқықтық режим жасау;

-       мұнайды экспортаған кезде түсетін пайдасын тек тауарларды импорттау үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық шаруашылықты, әсіресе, мұнай өңдеу саласын қайта құруды ынталандыру;

-       Қазақстанның геосаяси орналасуын тиімді пайдалану үшін құбырлық тасымалдау қызметінің тарифтік факторын, өндірілетін мұнай көлемімен жобаланатын мұнай құбыр қуатының сәйкестілігін ескеретін көпвариантты тасымалдау потенциалын қолдану;

-       дайын өнім ассортиментін кеңейту, салалалық технологиялар шынжырын ұзарту және оларды мұнай өңдеу мен мұнай-химия салаларының арасында үйлесуі;

-       ішкі нарық қажеттіліктері қанағаттандыра алатын және ірі МӨЗ-мен бәсекеге түспей мұнай кен орындарының жанында шағын зауыттар салуды дамыту;

-       Қазақстанның мұнай өндіру, өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарының негізінде біріктірілген мұнай компанияларын құру. Мұнай-химиямен өңдеу салаларын дамытудан мемлекет қосымшы пайда алу мүмкіндігі туады және мұнайлық машина жасаумен экономиканың өзге сабақтас салаларын дамыта алады.

Қазақстан Республикасы әлемдік мұнай нарығындағы қатынасын қалыптастыру мақсатында мынадай ұсыныстар мен тұжырымдарды алдын алады:

1. Экономикаға қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвестиция тарту үрдісі өзінің одан әрі дамуы үшін инвестициялық басқару саласын мемлекеттік қолдау мен реттеудің бірқатар шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті және жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дәрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін анықтайды.       

2. Инвестициялық басқару саласындағы мемлекеттің рөлін күшейту жеке инвестицияларды ынталандыру мен нарықтық еркіндікті сақтай отырып, мемлекеттің ұзақ мерзімді  саясаты мен нақты іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруға бағытталады.

3.  Жалпы, экономикалық дамудың тиімді динамикасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері көбіне ішкі қорлардың аздығынан және экономиканың нақты саласына салынған қаржы қайтарымдылығының төмендігінен шектеулі болып табылады. Ресурстардың асқан тапшылығын және инвестициялау жөніндегі нарықтық тетіктердің қалыптаспағандығын ескере отырып, инвестициялық қызметті басқару саласындағы мемлекеттік саясат басымдықты бағыттар мен «дәлме-дәл инвестициялауды» таңдау және жоспарланатын іс-шаралардың негізділігін, үздіксіздігі мен кешенділігін күшейту арқылы инвестициялық үрдістің басқарылу деңгейін арттыру қағидаларына сүйену керек.

4. Қазақстандағы жалпы инвестициялық ахуалды саралай келе инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық негізді қалыптастыру әлеуетті инвесторларға қызмет көрсететін аймақтарда ақпараттық кеңес беру орталықтарын құру, инвестициялық мүмкіндіктерді таныту шараларының аясында индустриалды-инновациялық сектор салаларын дамыту, шетелдік инвесторларлың мүддесін қорғауға бағытталған кепілдіктер және инвестицияларды мемлекеттік ынталандырудың экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, әдістемелік және әлеуметтік шараларын жетілдіру қажет.

5. Мұнай және мұнай өнімдері нарығының қызмет етуінің мәселелеріне жасалған зерттеу нарықтың қызмет ету тетігін жетілдіруге ыңғай қалыптастыру қажеттілігін, оның орындылығын көрсетті. Біздің ойымызша, мемлекет өзінің қол астындағы нарықты реттеу тұтқаларын қолдана алады және қолдануы тиіс. Бір жағынан мемлекет, айқын және нақты “ойын тәртібін” орнатуы тиіс. Екінші жағынан, мемлекеттің экономиканың стратегиялық салаларын басқаруға араласуы бұл үшін мұнай нарығын басқару үрдісін жетілдіру қажет.

6. Сонымен, зерттеу қазақстандық нарықтың әлемдік нарыққа интеграциясы жағдайында мұнай-газ секторын дамыту тиімділігі, ең алдымен қазақстандық жақпен ғана қамтамасыз етілуі мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Бірінші аспект капиталды қабылдау жүйесі, заң режимі қандай болатынымен және олардың елдің ұлттық мүддесіне сәйкестендірілуімен шартталады. Екінші аспект мұнай нарығындағы жекелеген буындарды, соңғы нәтиже - ЖҰӨ-ді ұлғайту үшін жұмыс істейтін жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін кең шараларды қолдануды қарастырады. Олар:

-     мұнай өнімдерінің экспортын квоталау жүйесі;

-     ішкі нарықтағы бағаларды реттеу;

-     мұнаймен сауда әдістері және формаларын жетілдіру;

-     сыртқы сауда саясаты;

-     мұнай өнімдерін тасымалдау мен өткізу тетіктерін жетілдіру.

7. Республикадағы инвестициялық үрдісті басқаруды сараптай келе мынадай негізгі даму бағыттарын атап көрсетуге болады:

-     инвестициялық ахуалды үздіксіз жетілдіру;

-     инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуін жақсарту;

-     инвестициялық үрдісті басқарудағы мемлекет пен ұлттық инвесторлардың іс-әрекетін жандандыру;

-     даму институттарының (Қазақстан Даму банкі, Инвестициялық қор, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ) рөлін күшейту;

-     банктердің экономиканы инвестициялауға белсене араласуын қамтамасыз ету;

-     инвестициялауға оңтайлы әрі өркениетті жанасудың негізі ретінде жобалық менеджментті дамыту (жуырда Қазақстанның Жоба менеджерлері одағы құрылды, Қазақстанда РМІ – Project Managemenet Istitute бөлімшесін ашу жоспарлануда) және т.б.

8. Мұнай өндіру саласында шетел инвестицияларын тартуда трансұлттық компаниялардың ролін күшейту қажет, сондай-ақ олардың іс-әрекетін өнеркәсіп өндірісі саласында шаруашылық жүргізудің тиімді де әсерлі құрылымы ретінде қарастыру керек. Себебі ТҰК еліміздің экономикасына келесідей мүмкіндіктер береді: Қазақстан Республикасын әлемдік нарық жүйесіне енгізу;  шетелге мұнай экспортының үлесін арттыру; бюджетке валюталық түсімдердің келісін ұлғайту.

Сонымен қатар, ТҰК іс-әрекеті отандық экономиканың өңдеуші салаларының дамуын тежейтін импорттық тәуелділікті күшейту арқылы экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді.

9. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу қорытындысы бойынша мұнай өндіру саласын дамыту стратегиясын қалыптастыруда пайдалануға болатын инвестицияларды тиімді қолданудың стратегиялық үлгісі ұсынылды.

10. Мемлекеттік және аймақтық деңгейде мемлекеттік реттеу тетіктерін қолдау арқылы мұнай өндіру саласында қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыру, мұнай өндіру саласы қызметінің тиімділігін арттырады және бәсекеге қабілетті мұнай өндіру саласын құруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет тізімі

 

1.     «Қазақстан – 2030» Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан» газеті, 1 наурыз 2007 жыл. [1,2]

2.     Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын экономиклық дәлелдеу [Текст] : 08.00.05-э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дис.бойынша автореферат / А. А. Жалғасбаева. - Алматы, 2006. - 29 б

3.     Ресей орталық Азияның алдын орап кетті [Текст] : біздің аймақтан Қытайға енді мұнай керек  / А. Көптілеуов  // Түркістан . - 2006.-30 наурыз

4.     Мұнай-газ саласында не жаңалық  [Текст] / Г. Мұқанова  // Түркістан . - 2006.-30 наурыз

5.     Мұнай газ секторы - басты сала [Текст] / Е. Сахариев // Қазақстан заман . - 2006.-9 маусым. - (№ 24). - б.3

6.     Мұнайлы өлке неге мұңлы? [Текст] / М. Шамұратов // Қазақстан заман . - 2006.-23 маусым. - (№ 26). - б.1-5

7.     Маңғыстау мұнайына  - 45 жыл  [Текст] / Ж. Бошалақ // Егемен Қазақстан . - 2006.- 5 шілде

8.     150 миллион тонна мұнай өндірсек те, жанармайға жари қоймаспыз [Текст] / Ш. Мұқан // Жас алаш. - 2006.-25 шілде

9.     Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірген зиянды есептеу ережесін бекіту туралы [Текст] : 2006ж.22 тамыз № 796 // Егемен Қазақстан . - 2006.- 1 қыркүйек ; Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы . - 2006. - № 31. -  С. 112-118

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есебі [Текст] // Егемен Қазақстан . - 2006.-8 қыркүйек

11. Кондитер бұйымдарының кейбір түрлерінің импорты кезінде уақытша қорғау баждарын алудан түскен ақшаны депазиттен қайтару туралы  [Текст] // Егемен Қазақстан . - 2006.- 21 қазан

12. Маңғыстаудың мұнайынан Маңғыстаулықтарға пайда бар ма?   [Текст] / Ш. Мұқан // Жас алаш. - 2006.- 21 қараша

13. Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас дерекқорын жүргізу ережесін бекіту туралы  [Текст] : 2006 жылғы 20 қазан № 1009 // Егемен Қазақстан . - 2006.- 24 қараша

14. "Қазақ мұнайы болашаққа бет алды"  [Текст] / Ұ. Қарабалин // Егемен Қазақстан . - 2006.- 14 желтоқсан

15. "КазТрансОйл" : қортынды үстемелене түсуде  [Текст] / С. Эналеев // Егемен Қазақстан . - 2006.- 15 желтоқсан

16. ҚР-дың сыртқы саясатындағы мұнай мәселесі   [Текст] / Қ. Жүніс // Вестник  КазНУ им. Аль-Фараби. Серия: МОиМП. - 2006. - № 2. - бет 6-10

17. Ұлттық қор - ұрпақ игілігі  [Текст] / Д. Шаженова // Егемен Қазақстан . - 2007.- 24 қаңтар

18. Ұлттық қордағы қаржы құнсызданып кетпей ме? [Текст] / А. Мұхамеджанова // Айқын. - 2007.- 15 ақпан. - (№28). - бет4

19. Қазақ мұнайына сұраныс жоғары [Текст] / Қ. Аманов // Астана хабары. - 2007.-31 наурыз

20. Мұнай тасымалдау қауіпсіз әрі тиімді болуға тиісті  [Текст] / А. Есали // Егемен Қазақстан . - 2007.-6 сәуір

21. Металл экспорты - пайданың көзі [Текст] / Е. Сахариев // Қазақстан заман . - 2007.- 13 сәуір. - (№ 15). - бет5

22. Қазақстан мұнай ғана емес, инновацияны да дамытуда  [Текст] // Егемен Қазақстан . - 2007.-1 мамыр

23. Мұнай- табиғаттың берген сыйы.. [Текст] / Б. Бисекен // Егемен Қазақстан . - 2007.-24 шілде

24. Мұнай бар жерде саясат бар [Текст] / Н. Надиров // Түркістан . - 2007.-11 қазан

25. Мұнай долларынан бүгінгі ұрпаққа да үлес беруге болады [Текст] / Ж. Жанділдин // Айқын. - 2007.-15 қараша. - (№213). - бет24

26. Қазақ мұнайы үшін айқас немесе "ҚазМұнайГаздың" "Қашағандағы" үлесі арта ма? [Текст] / А. Мұхаметжанова // Айқын. - 2007.-5 желтоқсан. - (№227). - бет1

27. Мұнай қорына болжам [Текст] / Н. Жұмахан // Дала мен қала. - 2008.-1 ақпан

28. Мұнай жолын мұң шалмасын [Текст] // Алматы ақшамы . - 2008.-16 ақпан

66

 

Информация о работе Қазақстан Республикасының мұнай-газ сферасындағы мұнай нарығының қызметін жетілдіру