Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:19, курсовая работа

Описание

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.

Содержание

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ .......................5
Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары .......................................5

Нарықтың мәнi және қызметтерi ..............................................................8

Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi ...................................10


II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ..............................................................................................17
2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi ....................................17
2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы .......................................19
2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi ...............................................23
III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ...........................................................................................................26
3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары ......................................26
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы .........................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ....

Работа состоит из  1 файл

НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ 34.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

      Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.

      Жетiлмеген бәсеке жағдайындағы монополиялық фирма өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.

      Нарық құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр нарық құрылымы монополиялық бәсеке нарығы осы екi нарықтың арасындағы нарық болып табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы нарық емес.

      Нарықтың  осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз  жасау, кино және көркем әдебиет нарығында  көрiнiс табады.

      Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа  кiрiп шыға еркiн, ал сатып алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн  нарықтық жүйенi монополиялық бәсеке деп атайды.  /2, 44 б/

      Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп  беру үшiн жарнама және қосымша  шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.

      Монополиялық  бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл нарық жағдайында басқа фирмалардың iс-әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған. Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде дамыған.

     Жетiлген бәсекелi және монополиялық нарықта  өндiрушi фирма өз тауарының  бағасын және тиiмдi өнiм көлемiн  анықтаған кезде тек қана тұтынушының  реакциясымен өзiнiң жеке өндiрiстiк  мүмкiндiктерiн ғана ескерiп отырады.  Сондықтан бұл нарықтардағы пайданың жоғары  деңгейге жеткiзу, тек қана, орташа шығын,  шектi шығын қисықтарын  және сұраныс қисығын шектеу арқылы  iске асырылады.

      Ал олигополиялы нарық  дегенiмiз тауардың көпшiлiгi  бiрнеше iрi фирма арқылы  өндiрiледi. Ол фирмалардың нарыққа әр қайсысының әсерi айтарлықтай болып  табылады.  Кейбiр олигополия монополист сияқты  бағаға әсер етуi мүмкiн. Мысалы, бiр класты автокөлiк нарығы.

      Олигополия  кезiнде  баға қалыптасу жетiлген бәсекеге ұқсайды. Мұндайда баға туралы олигополистердiң  шешiмдерiн қабылдау жұмысы күрделене түседi.

      Олигополия  нарығы  төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:

  • Нарықтағы көлемдi  сату үлесi бар және бiр – бiрiмен бәсекелес бiрнеше фирмалар болады;
  • Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбiнесе басым (лидер) фирмалар деп атайды  және олар нарықтағы тауарлардың  бағасы мен сату көлемiнiң өзгеруiне едәуiр ықпал етедi;
  • Олигополиялық  фирманың өндiрiс шешiмдерi тек қана тұтынушы  iс- әрекетiне  ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың  стратегиялық шешiмдерiне де байланысты болады. /4, 58 б/

      Олигополиялық фирмалар тауардың  бағасы мен өнiм  шығару  көлемi туралы шешiм қабылдағанда өзiмен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкiндiктерiн ескерiп, талдап отырады.

      Олигополияның бiрнеше моделi бар. Оларға:

  • Курно дуаполиясы;
  • Қарама – қарсы мақсаттары бар  екi жақтың ойыны;
  • Нарықта үстемдiк жүргiзiп  тұрған фирманың моделi және “картель”.
 
 

     2.3  Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi 

       Нарықтың инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып шаруашылықты жүргізуші субьектілер арасындағы қарым-қатынасты заң жүзінде реттейтін және «нарықтық ойын» ережелерін анықтайтын  тармақталған заң жүйесі табылады4.

       Басты экономикалық мақсаттарды шешуде нарықтық экономика өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Біріншіден, нарық өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етті. Екіншіден, жеке өндірушілердің еңбегінің нәтижесіне мемлекеттік баға беруге кепілдік берілді. Бұл баға беру механизмі сатып алу орындалғанына немесе орындалмағанына байланысты. Қалайда өзіне тиімді  түрде сату немесе сатып алуға деген талпыныс сатушыларды немесе сатып алушыларды үнемі «нарықтық формада» болуға итермелейді. Үшіншіден, нарық өндірісті жоғары тиімділікпен дамытуға жағдай жасайды. Бәсекелік жетістікке жеткендерді таңдайды, ал қалып қалғандарды аямайды.

       Нарықтық жүйенің артықшылығы алдымен бостандық пен ресурстарды тиімді бөлуді талдауды қарастыруында. Бәсекелікке негізделген нарықтық жүйе ресурстарды қоғамның сұранысы жоғары болатын өнімді өндіруге бағыттайды. Соның нәтижесінде экономикада өндірістің жаға технологиялары ендіріледі. «Көрінбейтін қол» қоғамды қажетті тауарлардың ең көп мөлшерімен қамтамасыз ететіндей басқарады. Осыған байланысты көптеген экономистер еркін нарықтардың қызмет етуіне, олардың операцияларын реттеуге  дұрыс араласу жолына күмәнданады, бірақ кей жағдайда мұндай араласу мәжбүрліктен туады. Нарықтық экономиканың тағы бір артықшылығы оның жеке бостандыққа жол ашатындығында. Әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік беріледі. 

       Қоғамды тауар жетімсіздігінен арылтып, ғылыми-техникалық прогресті дамытқанымен, нарықтық экономика өзге маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндігі жоқ. Оған қоғамның ақшамен өлшеуге келмейтін қажеттіліктерді қанағатандыру жатады. Кез келген қоғам ұлттық қорғаныс жүйесіне, білімге, мемлекеттік басқару аппаратына және т.б. тапшы.  Бұл қызметтер мен қоғамдық тауарлар азаматтардан алынатын салық есебінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс. Сонымен,  қоғамдық қажеттіліктердің өтелуі нарықтың негізінде болуы мүмкін емес. /3, 112 б/

         Нарықтық экономиканың басқа проблемасы «ішкі әсерлермен» байланысты. Мысалы, өндірістік қызмет нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы, шаруашылық айналысқа түсетін табиғи қорлардың азаюы.  Осы жағымсыз салдарды  болдырмауға экономика қабілетсіз, яғни бұл процеспен мемлекет айналысуы қажет.  Мемлекет жағымсыз әсерлерді жою мақсатында  табыс көлемін өлшеп, оны бюджет арқылы қайта бөліп, қадағалап отырады. Жағымсыз сыртқы әсерлерді жоюдың жолдары: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды пайдалануға,  жергілікті тұрғындардың  денсаулығына қауіпті технологияларды қолдануға шек қою. Мемлекет  мұнымен өндірушінің табысынан жоғары айыпақы тағайындау      арқылы күреседі. «Мұның бәрі нарықтық механизмдердің әрекеттерін үйлестіруге,  нарықтық күштердің соқыр ойынының  сыртқы әсерлерде көрініс беретін жағымсыз салдарын жоюға мүмкіндік береді»5.

       Үшінші  проблема – тұлғаның әлеуметтік-экономикалық ережелерімен байланысты, ең алдымен, еңбек етуге құқық.  Нарықтық экономика бүкіл қоғамды түгелдей жұмыспен қамтамасыз ете алмайтындығы белгілі. Елде жұмыссыздық пайда болады. 

       Мемлекет  үнемі нарықты қадағалап отыруы тиіс, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің үнемі өзгеріске ұшырайтын жағдайларға бейімделу мақсатымен мемлекеттік мекемелер заң шығару, орындау, қадағалау шараларын жүзеге асырады.   Мемлекеттің нарыққа араласуы ондағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуына, табыстардың қайта бөлінуіне әсер етеді,  экономиканың дамуындағы әлемдік проблемаларды шешеді, қоғамды әлеуметтік қорғайды. Мемлекеттік реттеу субъектілерінің қатарына аймақтық, аудандық басқару органдары жатады.

       Мемлекеттік реттеу мынандай мақсаттарды көздейді:  жеке тұлғаның еркіндігі мен құқықтарын ұстана отырып,  қоғамның, мемлекеттің мүдделерін  сақтау.  Мемлекет  жекелеген аймақтардың, әлеуметтік топтардың мүдделеріне қысым көрсетілмеуін бақылайды,  сонымен бірге мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақтың мүддесі мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.  Мемлекет нарықтық процестің жағымсыз салдарын азайтуға және нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуіне жағдай жасайтын құқықтық, қаржылық  шарттарды құруға ұмтылады. /3, 113 б/

       Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролін теориялық тұрғыдан айқындаған ағылшын экономисі  Дж. Кейнс болды. Ол өндірістің құлдырауы немесе дағдарыс кезеңінде экономиканың проблемаларды шешуге мүмкіндігі болмайтындығын, мемлекеттік саясатты сұраныс пен ұсынысты теңестіру әсерінен экономиканы дағдарыстан шығарып, оның әрі қарай тұрақтануына  әкелетін қажетті құрал екенін дәлелдеді. Кейнстің позициясы неоконсерваторлардың принциптеріне қарама-қайшы. Олар мемлекеттің кәсіпорын қызметіне араласпауын ұстанады, бағалар жүйесін орталықтың басқаруынсыз шаруашылықтың жалпы тепе-теңдігін қамтамасыз ететін механизм ретінде қарастырады. Олар ұлттық экономиканы реттеуге тек осы механизм қабілетті деп санады.  Қазіргі кездегі экономистер  экономиканы  басқаруды жақсарту мақсатында басқарудың аралас типін қолдануды ыңғайлы деп санайды. Ол механизм Кейнс пен неоконсерваторлар позицияларының артық жақтарын біріктіреді. «Бұл механизмдерді экономиканы басқаруда жекелей пайдалану  бір қолмен шапалақтағанмен тең»6 

 

III ҚАЗАҚСТАНДА  НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 

     3.1 Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары 

      

      Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен  аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта  елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар  жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен  қолданбалылығына тоқталар кез жеттi. Осы реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздысы және ел дамуының болшағы болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырп, экономиканы демократиялау болып табылады.   Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған.

            Қазақстан Республикасы он төрт жылдан астам уақытта  тәуелсiздiгiмен  қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi. Осы реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздысы және ел дамуының болшағы болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырп, экономиканы демократиялау болып табылады.   Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған. /8/

      Елiмiз  нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады. 

     Бүгiнгi таңда ұлттық экономикамыздың дамуында нарықтық қатынастардың артықшылықтары айқын көрiнуде. Ал оның кемшiлiктерiн мемлекет және ұлттық экономика салалары болып бiрлiкте өз мойындарына алып, оларды шешу үстiнде.

     Елiмiздегi нарықтың артықшылқтары елде жаппай жекешелендiрудiң жүргiзiлуi, соның нәтижесiнде халықты жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықты азайтудың, тұрақты экономикалық өсудiң кепiлi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтiң формалары даму үстiнде. /8/

     Кәсiпкерлiк  нарық қатынастарын ұдайы iске қосып  отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi  кәсiпкерлiк ең алдымен  нарықтың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi,  бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар,  мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды.

     Кәсiпкерлiктiң  экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:

  • Нарықтық қатынастарды дамыту;
  • Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
  • Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • Нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету;
  • Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
  • Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
  • Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
  • Кластерлiк жүйенiң дамуы;
  • Лизингтiк қатынастардың дамуы;
  • Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
  • Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды.

     Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк  бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың  серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда. /10, 23-27 б/

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары