Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:59, курсовая работа

Описание

Зерттеудің мақсаты: Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығының мәнін, түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу. Акционерлік нысан ғана ірі және ең ірі өндірісті құрудың негізі болып табылды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль атқарады. Мысалы, АҚШ-да 80-шы жылдардың ортасында 32 млн. корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------3
І. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың теориялық аспектілері
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы--------------6
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері-----------------------------8
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары-----------10
ІІ. Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдық негіздері---13
2.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау------------------------------15
2.3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының даму бағыты---------------------------------------------------------------------------------------20
ІІІ. Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары
3.1.Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның және бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары----------------------------------------22
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------26
Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------29

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 141.50 Кб (Скачать документ)

    Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "ААҚ" және "ЖАҚ" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

    Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам  акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын     акцияларды     жабық     әдіспен     ғана орналастыруға хақылы.

    Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы  келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас  тартқан жағдайда - қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады. Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге  мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады.

    Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған  акциялардың  бағасын  төмендету  туралы  шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.

    Акционерлері  өздеріне  тиесілі акцияларды басқа  акционерлердің  келісімінсіз  иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік  қоғам деп аталады. Ашық  қоғамның  акциялары үш түрлі, яғни  жабық, жеке  және  ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің  саны  шектелмейді.

    Қазіргі уақытта ҚР-ның  акционерлік қоғамдар туралы заңында "бағалы қағаздар нарығында  акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері  кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200 000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі - халықтық қоғам) болып табылады» делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.

    Ашық  акционерлік қоғам (ААҚ)   төмендегі   жағдайларға   байланысты   ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:

    1. Халықтық    қоғам    мәртебесін    алған    қоғам  акционерлерінің  саны алты айдың ішінде бес  жүзден кеміп кетсе;

    2. Оның    активтерінің    мөлшері    айлық    есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;

    3. Қоғам   акцияларының  бағалы   қағаздар нарығындағы    бағалануы    тоқтатылса,    яғни    осы  жағдайлардың біреуі пайда болған  кезден бастап 6 ай өткеннен кейін  уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам    мәртебесін   жоғалтқаны   туралы мәлімдеуі тиіс.

    Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының  шешімі бойынша ашық қоғам жабық  қоғам болып қайта құрылуы  керек.

    Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке-дара қабылдайды.

    Қоғамдарды  құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде  орасан көп табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы дегеніміз қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы  арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал және нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал (бағалы кағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі - капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.

    Құрылтай  шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.

    Құрылтай  жиналысында құралтайшылар қоғамды  құру туралы шешім қабылдайды, оның жарғысын бекітеді, қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға, заңдарда белгіленген тәртіппен  мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге құралтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті адамдарды сайлайды. Құралтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы шешім қабылдауға тиіс.

    Қоғамның  құрылтай жиналысында сайланған  органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші  жалпы жиналысына дейін жұмыс  істейді. Шетелдік инвестордың қатысумен  қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қоғамның  құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының төмен мөлшері: жабық қоғам үшін - айлық есепті көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін - 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.

    Қоғамның  жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.

    Осымен  қатар жарғыда қоғам акционерлерінің  құқықтары, яғни қоғамды басқаруға қатысуға, дивиденд алуға, қоғамның қаржылық есебімен танысуға, ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы екендігі айқындалады. Жарғыда акционерлердің міндеттері де көрсетіледі. Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға хабарлауға, тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігін он күн ішінде хабарлауға және қоғамның құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

    АҚ  - заңды тұлға. Оның органдары: акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру комиссиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші) болып табылады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы оның ең жоғары басқару органы. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады.  
 
 

2.3 Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар  нарығының даму  бағыты

    Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өндірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына  шетелдік  инвестициялар  бармай  отыр.   Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып  қарастыруга болатыны  түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал  бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.

    Қорытып айтқанда, бағалы  қағаздар нарығының қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуі ұлттық табыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.

    Ұлттық  экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгі себебін   білетін   мамандар   былай  түсіндіреді:   Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен офф-шорлық  аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары

 Қазақстан  экономикасына көптеген есепке  алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен.

      Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазакстан банкілерінің ресурстарын шектейді,  олар  өздеріне  қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

    Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің  міндеттері мен кұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге  қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді.

     Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен..

    Қазақстанның болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады.

ІІІ. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын  дамытудың жолдары

    3.1.Қазақстанда  ионе акционерлік  қоғамның даму перспективалары

    Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.

    Барлық  қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық  процестегі ролі арта түсуде. Бұл ең бастысы күрделі капитал жұмсалымын қаржыландыруға арналған ресурстарға  деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.

    Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.

    Осындай және басқа да факторлар қор нарығын  инвестициялауға арналған қаражат  жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.

    Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының  даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

    Мұндай  әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік  деңгейде, оның қаржы саясаты аясында  жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің  фискальдық мүддесі, оның кұрылымдары  арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық котировкасын құрайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары