Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:19, реферат

Описание

Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

    Былай қарағанда кімдер жоқ десеңізші: мұның ішінде бәрімізге таныс  Қыпшақ-Қазақ рулары (Тоқсаба, Жалайыр, Таз, Ерсары, Садыр, Шумақ, Беріш т.б.) ғана емес, ішінде Оғыз тайпалары да (мысалы, Баяндур, Түрікпен, Теке, Қарақойлы т.б.) жүр, монғол тайпалары да (мысалы, Маңғыт, Барлас, Дүрмен) бар, алтай түркілерінің тайпалары да (Тағы, Жылан, Қырғыз, Қарағаш, Теле, Тоба, Құманшық, Қарағаш т.б.) бар, сонымен қатар қазақта ру не тайпа емес, тек рудың ішіндегі бөлімдері мен тармақтары саналатын аталар да жүр. Ағамыз тайпа-руларды ата бойынша тармақтап көрсетпей, өзінің естіген тайпа, ру, оның ішіндегі бөлімі аттарын бірыңғай қатарға тізіп жаза берген сыңайлы. Сондықтан, оның ішінен біз руымызды және онымен қоса өзінің тайпалық бөлімін, тармақтағы ру атасын тауып алып жатсақ, таңданатыны жоқ. Алайда "Венгрия қыпшақтары" дегені әйтеуір осылар. Алайда «Венгр Қыпшақтары» дегеннің тек қыпшақтар ғана емес екеніне және олардың қазіргі қазақтармен 30 пайыздай туыс екеніне көзіміз жетеді.  

    Бұдан басқа Өзбек қыпшақтары жөнінде  көп айтылды. Енді «Қытай қыпшақтары»  деген тағы бар. «Қытай қыпшақтары»  деп негізі Білге қағанның халқын айтамыз. Селенга жазуларындағы 50 жыл билік құрған «Түрік қыбчақтар» осылар. Бұл жазбаның оқылуы «Түрік-қыпшақтары болмауы мүмкін. Ол негізі «Түрік, Қыпшақтар» болып оқылуы тиіс еді. Түріктер мен қыпшақтар болып. Әрине Ұйғырлардың өзі Түріктерге де, Қыпшақтарға да жатпайтыны белгілі. Бұл жердегі «Түріктер» деп отырғаны әрине Көне Түркі заманында өзін Түрік деп атаған халық. Ол шағын ғана халық болатын. Ол халық қазір жоқ. Көне Түркі халқының тек бір жұрнағы ол – Ұлы жүздегі Дулаттар ғана. Соған сүйеніп біздің аға ғалымдар кейде «Алпамыс батыр» және «Манас батыр» жырларын - «Қоңыраттардың көне әдеби ескерткіші», ал «Білге қаған» мен «Тоныкөк» жазуларын - «Дулаттардың көне әдеби ескерткіші» деп атаушы еді. Олай атауға тікелей келгенде көп қарсылығым жоқ, Білге қаған Дулат руынан екен деп, немесе Котрак қаған да Дулат руынан екен деп бір дәуірді руларға тели салуға болмайтын шығар. Онда «Қобланды батырды» Қыпшақтардың, ал «Ер Тарғынды» Ноғайлардың, «Қорқыт атаны» Оғыздардың Баяндур руының, «Батыр Баян» жырын Уақтардың ескерткіші деп бөлшектеп алып кетеріміз тағы бар...  

    Әрине, Дулаттардан басқа Көне Түркілердің  тікелей мұрагерлері жоқ. Ал Қыпшақтар  бар. Мен «Қытай қыпшақтары» дегенде  қазіргі Қытайқыпшақ руын айтып  отырғаным жоқ. «Қытай» деп аталатын ру немесе тармақтар көптеген түркі халықтарында кездесіп отырады. Қазақ пен Өзбекте, Қырғызда да бар. Алайда, олардың қазіргі Қытайларға қатысы жоқ. Бұлар - бір кездегі көшпенді Қарақытай империясы халқының ұрпақтары. Бұл тұрғыдан келгенде «Қытай» деп аталған рудың арғы тарихын қаза келгенде Наймандар мен Керейлерге тектік болмаса да, тарихи және аймақтық-мәдени туыс болып қалуы мүмкін. Қидан империясына қарасты болған халықтар ретінде.  

    Қазақ даласының арғы тарихын қазбағанда да біздің далада алдымен Сақ-сармат дәуірі, одан кейін Ғұн-Қаңлы дәуірі, одан осң Бұлғар дәуірі (немесе Гундер дәуірі), содан кейін Көне Түркі дәуірі, содан соң Оғыз дәуірі, ақыры Қыпшақ дәуірі деп аталған кезеңдердің болғаны шындық. Ал Қазақ хандығы сол Қыпшақ дәуірінің бел баласы. Қазақтардың Түркі басқа халықтарынан жастау болатыны да сондықтан. Қазақ даласына Түркі тілді элементтер б.з.б. 2 ғасырларда ене бастады. Бұл көріністі археологиялық деректер де растайды: Осы кезеңнен бастап, адам қаңқалары арасында енді монғолтұрпатты бас сүйектер пайда бола бастайды. Оған дейін Қазақстан жерін негізінен еуропатұрпатты нәсілділер мекен еткен болатын. Сансыз көп Сақ-скиф тайпалары Қара Теңізден Байкал көліне дейінгі аралықты жайлап, негізінен Тұран тілінде (Көне Иран тілінің бір тармағы) және Угор (Орал тілдерінің бір тармағы) тілінде, сонымен қатар Түркі тілінде, сонымен қатар ішінара Палеоазиат тілдерінде (Азиядағы барлығынан бұрын тұрған ежелгі нәсілдер мен көне халықтардың тілі), ал шығысқа қарай Монғол тілдерінде сөйлеген болатын. Жоғарыда көп дәлелдегеніміздей, «Сақтар – Иран тілінде сөйледі» деген көзқарастан арылу керек.  

    Бұл аймақты ертеде де, қазір де жалпағынан басып мекен ететін Түркі-Монғол тайпалары аспаннан түскен жоқ. Және қазір де, ежелгі тарихта да Иран тілдес көшпенділер саны көп емес. Сақтар, Азиялық көшпенді тайпалар көптеген тілдерде сөйлеген. Ал Қазақтан тарихы Ғұндардың тарихын қазіргідей б.з.б. 3 ғасырдан Мөде сайыннан бастамауы керек, Қытай жылнамалары Ғұн елінің мемлекеттілігін б.з.б. 18 ғасырдан бастайды, сондықтан Қазақстан тарихы да, Ғұндар мемлекетінің тарихын дәл осы датадан бастауы тиіс. Ғұн халқы мен Ғұн мемлекетінің тарихы қашанда Түркі тілдері мен Түркі халықтарының тарихы болғандықтан, осы датаны барлық Түркі халықтары да, өз тарихтарын жазғанда қабылдауы тиіс болады...  

    Сондықтан, мойындау керек, Түркі тілдерінің алғашқы  көрінісін бұл далаға, қазіргі  Алтайдан Атырауға дейінгі Қазақ  жеріне бір кезде алғаш рет  Ғұндар алып келді. Олар б.з.б. 160 жылдары  көршілес Юечжі мемлекетін құлатқаннан  кейін, Қазақ даласында тұратын Қаңлы елімен туыстық қатыстар орнатты, Содан Үлкен Ғұндардың Тынық мұхитынан Еділ өзеніне дейін созылған алып империясы орнады. Сондықтан, бұл сәттен бастап, Қазақ даласында Ғұн-Қаңлы дәуірі басталып, даламызда Түркі тілдері және Монғолтекті нәсілдер тарай бастады. Ғұн-Қаңлы дәуірі шамамен 250 жылға созылды. Себебі 90-100 жылдар аралығында Үлкен Ғұндар империясы бөлшектеніп кетті және Монғолия далаларында Қытайлар мен Сәнбилерден жеңіліс тапты. Алайда қазақ даласына Қытайлар да, Сәнбилер де дендеп енген жоқ. Бұл дала жеңілген және бөлшектенген Ғұндардың және жергілікті Үйсіндер мен Қаңлылардың мекеніне айналды.  

    Қазақстанда енді 2 ғасырдан бастап, 6 ғасырға дейін  Кіші Ғұндардың дәуірі басталды. Жайық  пен Еділ бойында Еуропалық Гундер орнықты, ал Сарыарқада Қаңлылар мен Гаогюй, Теле тайпалары мен Жетісуда Жетісу Ғұндары тұрды. Бұл кезде болжаммен айтсақ, Қазақ даласында негінен Бұлғар тілдерінде сөйлейтін тайпалар басым болды. Бұлғар тілі деген – Ғұндардың ұрпақтарының, Еділ бойы Гундерінің және Жетісу Ғұндарының тілі. Ал қазіргі жалпақ Түркі халықтарының арғы атасы Гаогюйлер (Арбалылар) болса, қазіргі Оғыз-Қыпшақ тілдерінің бөлінбеген ортақ ежелгі нұсқасын орнықтыра бастады. Сөйтіп, келесі дәуірде Көне Түркі дәуірінде Гундердің Бұлғар тілдерін енді Көне Түркілердің Оғыз-Қыпшақ тілдері ығыстырып шығарды. Көне Түркі дәуірінің империялары - Көне Түркілер және Көк Түркілер мен Түргештердің, Хазарлардың мемлекеттері бір-біріне сабақтасып келген бір халықтық құрылымның елдері еді. Ал Бұлғар тілдері жоғалып кеткен жоқ, олар одан әрі Еуропаға қарай ығып кетті. 6-8 ғасырлар аралығын қамтыған Көне Түркі дәуірі немесе Қазақ даласындағы Ұлы қағандықтар дәуірі аяқталған соң, келесі бір дәуір басталды.  

    Енді  Оғыз тілдері мен Қыпшақ тілдері  өзара бөлшектеніп үлгерген еді. Оғыз тілдері батыста Арал бойында, Сарыарқада қалыптасты. Қыпшақ тілдері Алтайда, Монғолия далаларында қалыптасты. Ал Қазақстанның 8-10 ғасырларында келесі кезең өтті. Бұл Оғыз-Қимақ дәуірі. Бұл кезеңде Қазақ даласында Оғыз тілдері басым болды. Ел елдің Оңтүстігінде Оғыз хандығы және Солтүстігінде Қимақ хандығы үстемдік етті. Бұл кезеңнен соң, Қимақтар мен Оғыздарды Қыпшақтар ығыстырып шығарды. Оғыз тілдері жоғалып кткен жоқ – ол тілдің иелері Түрікмен, Азербайжан, Түркия жерлеріне қарай ойысып кетті. Содан 12 ғасырдан басталып, Қыпшақ тілдері үстемдік етті. Одан кейін Шыңғысхан шабуылдары кезінде Қазақстанға келген Монғол тайпалары тым аз болатын да Қыпшақ тілдерін жеңе алған жоқ.  

    Сөйтіп  Қазақ даласы Қыпшақ тілдерінің өлкесі болып қалды, ал Алтын Орданың жері әрқашан да Дешті-Қыпшақ деп аталады. Алтыгн Орданың мемлекеттік тілі Қыпшақ тілі болды. Оның себебі «Монғолдар» деп жүргеніміздің басым бөлігінің өзі осы Монғолия далалары мен Алтайдан келген Қыпшақ тілдес Түркі тайпалары еді. Алғашқы кезеңін Қыпшақ-Керей-Найман дәуірі деп алайық. Себебі бұл үш тайпаның атауымен аталатын қуатты хандықтар Шыңғысхан заманына дейін өмір сүрген. Одан кейінгі дәуірді Алтын Орда-Ақ Орда-Дешті Қыпшақ дәуірі деп алсақ түсінікті болады. Сөйтіп Қыпшақ-Керей-Найман хандықтары дәуірінде қазақ халқының қалыптасуы басталып, Алтын Орда-Ақ Орда-Дешті-Қыпшақ дәуірінде толық аяқталды.  

    Ұлығ  Ұлыстың, яғни Алтын Орданың (Жошы ұлысының) ыдырауымен бірге бұл далада кенеттен үш халық пайда болды. Бұл қандай халықтар еді. Ибн Рузбихан, жазады: «Шыңғысханның иелігіндегі даңқты халық Өзбектер үшке бөлінеді. Олардың біріншісі – Шибаниттер, оның әулеті ескі замандардан бері хандық құрып келеді. Екіншісі – Қазақтар, әлемге өзінің күштілігі м ен батылдығы арқылы даңқы шыққан халық. Үшіншісі - Манғыттар оларға Хажы-Тархан (Астрахань) паишалығы билік етеді». Өзбек деп отырғаны Алтын Орданың ханы Өзбек ханның халқы, яғни Алтын Орданың мұсылман халқы. Шибанидтер деп отырғаны - Көк Орданың халқы. Немесе Өзбек Қыпшақтары. Қазақтар деп отырғаны – Ақ Орданың халқы. Немесе Керей мен Жәнібек хандардың халқы. Ал Маңғыттар деп отырғаны – Ноғайлар.  

    Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығы пайда  болғанда, оның алғашқы құрамында  негізін құраған қазақ халқынан басқа аздаған ноғайлар мен татарлар, башқұрттар мен қарарақалпақтар, өзбектер мен түрікмендер болды. Сәл кейінірек қазақ даласында Ежелгі Отаны Енисей мен Алтайдан келген Қырғыздар пайда болды. Алғашқыда олар Талас-Шу өңірін мекен етті де, кейін Тянь-Шан тауларына және Ыстықкөлден әрі қарай ығысып кетті. Сосын, Еділ мен Жайық бойында, кейін Сібірде казактар (казак-орыстар дейміз) пайда болды. Бұл - 1510-1540 жылдар аралығы болатын.  

    Құдіретті Алтын Орда империясы негізі үш ақ бөліктен тұрды: Ақ Орда, Көк Орда және Ноғай Ордасы. Бұл үшеуі туыс халықтар еді. Алтын Орданың мұрагерлері де осылар болатын, себебі осы үш халық құраған Ордадан басқа Алтын Орда жоқ. Алтын Орда демогрфиясында өз басынан ерекше қырғынды екі рет өткізді: бірі 14 ғасырда Ұлы Даланы жайлаған жұқпалы дерттің – оба ауруының салдары болған еді. Ол кезде соғысқанда, жаулар қарсыласын қалайда жеңу үшін қала ішіне, ел ішіне ауырған адамның не малдың өлігін тастайтын болған еді. Қазіргі бактереологиялық қару сынды өте қауіпті еді бұл. Бұл дерт кең даланы қаңыратып бос тастап кетті, Ал әлемге ықпалын жүргізген Ұлы Империяны күйзелтіп кетті. Алтын Орда құлдырай бастады. Екіншісі – түбінде, сол ғасырларда Алтын Орданы күйретіп тынған Әмір Темірдің (Ақсақ Темірдің) жорықтары еді. Ал Қазақ хандығы заманында ондай қырғын бір рет болды: «Ақтабан шұбырынды» жылдары. Одан бергі тарихтағы тағы бір орны толмас апат – 1932-1933 жылдардағы аштық...  

    Мысалы, Ұлы Түрік қағандығының құрылғанын қай жыл деп есептеген жөн. Немесе оның мерекесін қашан атап өту керек. Дерек бойынша Бумын қаған хан тағына 542 жылы отырған. Яғни оған алда келе жатқан 2012 жылы - 1470 жыл толады. Бұл барлық Түркі халықтарына ортақ атаулы күн. Ал қазақтың тұңғыш өз мемлекеті Ақ Орда қашан құрылды деп есептеген жөн. Жошыханның баласы Орда Ежен хан тағына 1226 жылы отырған. Ендеше Ақ Орданың құрылғанына келе жатқан 2016 жылы 790 жыл толады. Қазақ хандығы қашан құрылған. Керей мен Жәнібек 1458 жылы үлкен Әбілқайыр ханнан бөлініп көшкен, сол жылы Керей хан сайланған. Ендеше, биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Бұл даталар шыныда да, ғалымдар бір ауыздан мақұлдаған тарихи оқиғалар, яғни анықтың анығы... 

  1. Қазақстанның  халықнамасы соңғы 150 жылда.

    Келгендер мен кеткендер. 

    Бұл 150 жылдағы Қазақстан халқының өзгерістері еліміздің ауыр жылдарын да, даму дәуірлерін де көрсетіп бере алады. Бұл кезеідегі қазақ халқының санын Ресей империясы мен КСРО деректері бойынша шығарғандықтан, Қытай қазақтары бұл санға енбей қалған. Алайда, Қытайға қазіргі қазақтардың бастып барған жылы 1740-1760 жылдар екенін айтуға болады. Жоңғар шапқыншылығы саябыр тауып, Абылай хан енді Қытай елімен бетпе-бет келді. Хан неліктен екені белгісіз, Ресейді аса қауіпті деп санады да, Қытай елінен келер келер қауіп жоқ деп санаған. Мүмкін Қытай әлі алыста деп түсінген болар. Онысы рас еді. Қытай негізі шынында да Алтайдан тым алыста болатын...  

    Сондықтан, 21 ғасыр басталғанда да, Қытайдағы  көптеген Қазақ ауылдары мен аудандарында қазақтар тіпті 90 пайыздай болып отырған. 20 ғасырдың соңы мен 21 ғасырдың басындағы және қазір де жалғасып отырған Қытай еліндегі қауырт экономикалық даму, өнеркәсіптің жандануы ақыры қазір одағы Қазақ аудандарындағы Қытайлардың санын да, пайызын да үздіксіз арттырып келеді. Әрине, Қытай елінің экономикасы қарқынды даму арнасына түсіп, алып елдің шалғай аймақтарындағы халқының әлеуметтік жағдайы көтерілгені өте қуанышты. Егер осы қарқынмен дами беретін болса, Қытайдағы халықтың тұрмысы жақсарған сайын оның жалпы Шыңжаң аймағы халқына да да ететін ықпалы игі болмақ. Алайда бұл аймақтағы Қытайлар санының өсуіне әкеледі де, бір кездегі Қазақстандағы «орыстану» жүргені сияқты Шыңжаң аймағының «қытайлану» үрдісін бастап береді. Басында қазақтар, әсіресе оқыған жастар қазақша сөйлеуді біртіндеп ұмтытып, қытайша сөйлей бастайды. Сөйтіп басталады өзі. Әрине, ешкім де қазақ тіліне қысым көрсетіп, «қазақша сөйлеме» деп немесе «қытайша сөйле» деп зорлық қылмаса да, демографияның салқыны 20 шақты жылдан соң осыған өзі де әкеле бастайды...  

    Ондай жағдайда мысалы 100 жылдан соң, Қытай  қазақтарының 30 пайызынан айырылып қалу қаупі бар. Және ол кезде Қытайша сөйлейтін қазақ енді қазақ тілін үйренбейтін болады. Қазақстандағы қазақ тілін ұмытқан қазақтардың (орыстілділердің) қазақ тілін 20 жыл өтсе де үйренбеуімен қалып, ақыры тек сол күйінде өліп қана азайып, сөйтіп таусылып жатқаны сияқты ғой. Қытай қазақтары одан соң да қазақстаннан барған қазақтармен толығып отырды. Оның келесі кезеңі 1916 жылғы көтеріліс кезінде басталды. Бұл кезеңде де Қытайға қоныс аударған қазақ рулары болды. Одан кейінгі Қытайға кету 20-30 жылдары ұжымдастыру, бай-кулактарды кәмпескелеу мен аштық жылдарында жалғасты. Сөйтіп, 270 жыл бойы қазіргі Қытай қазақтары қалыптасты. Бұл тарихқа кейін тоқталатын боламыз, енді Қазақстанның өзіне және Ресей империясына келейік.  

Информация о работе Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы