Ақша айналымын мемлекеттік жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:54, реферат

Описание

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған. Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Содержание

Кіріспе

I. Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы

II. Ақша айналымын реттеу жүйесінің қатысушылары

ІІІ. Ақша айналымын реттеудің мәні

ІV. Ақша айналымын мемлекеттік жоспарлау

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

1178_AZA_1178_STAN_RESPUBLIKASYNY_1186_BILIM_Zh.docx

— 34.71 Кб (Скачать документ)

 

Қорытынды

 

Ақша айналымы - ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі - әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.

Ақша айналымын  жоспарлау - мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі.

 Экономикалық  үздіксіз дамып отыруы үшін  айналымдағы ақша мен тауар  жиыны арасында қажетті сәйкестік  сақталуы керек. Ақша айналымын  дұрыс реттеу мақсатымен барлық  кәсіпорындар ақшалай қаржыларын  банктерде ұстап, тек төлемге  қажетті мөлшерін ғана алып  отырады. Ақша айналымы жоспарлау  халықтың ақшалай кіріс-шығыс  балансы мен Ұлттық банктің  кассалық және кредиттік жоспары  негізінде жүзеге асырылады. Баланста  табыстың көзі және оны пайдаланудың  негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай  баланстың көмегімен ақшалай  кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік  сақталып, халықтың қолында артық  ақшаның жиналып қалуына жол  берілмейді. Ақша айналымы жоспарлау  барысында айналымдағы жалпы  ақша мөлшерін шұғыл түрде  реттеу үшін республика, облыс,  аудан бойынша ай, тоқсан сайын  нақты ақшаның қозғалысы есепке  алынуы тиіс және сол арқылы  ішкі және сыртқы рынокқа қажетті  ақша мөлшерін анықтап, оның  пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға,  ақша айналымын жылдамдытуға  жол ашылады. 
Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады. 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер

 

1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.

2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.

3. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.

 

 


Информация о работе Ақша айналымын мемлекеттік жоспарлау