Қаржы туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:01, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.3 Қаржының функциялары және рөлі
2 ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыу қағидаттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚАРЖЫ.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері: жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан — бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің әр буыны  өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары, ал меншік нысанына қарай — мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жскеше және басқа кәсіпорындардың қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты — фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функциялық қүрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

біріншіден, қаржы жүйесінің  жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы катсгория болып табылатын "қаржыға" ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объекгивгі экономикалық категория ретінде қаржының кағидалы мәңдік сипатгамаларына және функиялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгідде жергшікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына скі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы  демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде сапалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

 

                                                       Қорытынды

 

    Сонымен қаржының  экономикалық рөлі мен маңызы  мына бағыттардан көрінеді:

Қаржы капиталдың айналымын  тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың  өндірістік қызметі тиімділігінің  өсуіне жағдай жасайды;

кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы  көсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;

қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;

қаржы ұлттық табыстарға қорлану және түтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге қаржы  оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара  салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен  экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементгерінің өзара тендестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске каржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

Қаржы көмегімен жететін  нәтижелерді бағалауға жалпы  тәсілдеме қаржының рөлін 3 бағытта  атқаруға мүмкіндік жасайды:

1)ұлғаймалы ұдайы өндірістің  қажеттіліктерін қажетті қаржы  көздерімен қамтамасыз ету түрғысынан;

2) қаржыны қоғамдық өндірістің қүндық қүрыльшын реттеу үшін пайдалану түрғысынан;

3) қаржының әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталандырмасы  ретінде пайдалану тұрғысынан.

Қаржы ресурстарының  өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда  қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркөсіп өндірісінің материалдық-заттай қрамы да әсер етеді. Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бүл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлскеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.

2.  Әмірқанов Р.Ә., Тургүлова  А.К,. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999.

4.  Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.: 2001.

5.  Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000.

6.  Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.

7.  Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. — Алматы: 2004

8.  Заяц Н.Е., Фисенко Ы.К., Бондаръ Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. - Мн.: Высш. шк., 1998.

9.  Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. — Алматы. Қаржы-қаражат. 1995.

10.   Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. — Алматы: Мерей, 2001.

11.  Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы: Институт развития Казахстана, 2001.

12.  Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях. — Алматы: Центраудит - Казахстан, 2002.

13.  Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. - Алматы: 2003.

 


Информация о работе Қаржы туралы жалпы түсінік