Қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыс 3 тараудан тұрады. Бұл тарауларда Қазақстан әлемдік қаржы нарықтары талқыланды. 1 – тарауда қаржы нарығы туралы жазылған. Бұл тарау 4 бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде қаржының мазмұны мен мәнін, мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәнін, қаржы нарығының құрлымын, түрлерін, қаржы нарығының қалыптасуы талқыланады. Ал 2 – тарау 3 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері талқыланды. Яғни құнды қағаздардың маңызы, түрлері, құнды қағаздар нарығының құрылымы, құнды қағаздар субьектілерінің (қатысушыларының) мәні қарастырылды. Ал енді 3 бөлімге келетін болсақ, бұл тарау 2 бөлімнен тұрды. Бұнда мен әлемдік қаржы нарығы талқыланды.

Содержание

Кіріспe
І.
Қаржы нарығы

1.1
Қаржының мазмұны мен мәні…………………………………………….5-7

1.2
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні………….7-8

1.3
Қаржы нарығы құрлымы, түрлері……………………………………...9-11

1.4
Қаржы нарығының қалыптасуы………………………………….……11-16

ІІ.
Құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері….17-19

2.1
Құнды қағаздардың маңызы, түрлері………………………………19-22

2.2
Құнды қағаздар нарығының құрылымы………………………….22-24

2.3
Құнды қағаздар субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні

ІІІ.
Әлемдік қаржы нарығы

3.1
Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы…………………………25-27

3.2
Халықаралық несие қатынастарының нысандары………….27-29


Қорытынды………………………………………………………………………….30


Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….31

Работа состоит из  1 файл

Қаржы нарығы-курсовая(2).docx

— 78.25 Кб (Скачать документ)

      Акция – акционерлік қоғам шығаратын құнды қағаздардың бір түрі. Акция – акционерлік қоғамның немесе кәсіпорынның өндірістік дамуы мақсатында көздеген, оған өзінің өз қаржысы есебінен үлес қосқанын куәландыратын құнды қағаз. Акционерлік қоғамға немесе кәсіпорынға қаржы қосқан жеке тұлға сол ұйымдардың пайдасы есебінен өзі қосқан қаржысы үшін дивиденд түрінде кіріс алуына құқылы екенін акция куәландырады. Сол сияқты акция қоғамның, кәсіпорынның акционер алдындағы қарыздарлық міндетін де айқындайды.

      Акцияның иесі аталған және ұсынушыға арналған деген түрлері бар. Иесі атап көрсетілген акцияға оны алушының тегі, әкесінің, өзінің аты-жөні жазылады. Мұндай акция басқа біреуге берілмейді, егер бұл талаптар көрсетілмесе акция, өз күшін жойған деп саналады. Ондай акцияға пайдадан үлес берілмейді.

      Ұсынушыға арналған акцияны корпорация, кәсіпорын тіркемейді. Өйткені ондай акциялардың иесі кім екені белгісіз болады. Оларды иелену заңдық негізде ғана жүзеге асырылады.

      Сол сияқты акцияға байланысты тағы бір ерекшелік: акциялар кәдімгі және артықшылықты болып бөлінеді.

      Кәдімгі акцияны иеленген тұлға акционерлік қоғамды, корпорацияны басқаруға, пайданы бөлуге, түрлі шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы болады. Ал артықшылықты акцияны иеленуші басқару ісіне қатыса алмайды, бірақ пайдадан үлесті бірінші кезекте алуға құқығы бар.

      Акцияның құны бірнеше түрлі болады. Олар – номиналдық, эмиссиялық және нарықтық деген тұрлері бар.

      Акцияның номиналдық құны акцияның балансына жазылады, бұл құнның өлшемі жарғылық капитал сомасын жалпы шығарылған акциялар санына бөлу арқылы анықталады. Ал эмитент акцияны инвесторға сатқан жағдайдағы баға – акцияның эмиссиялық құны болады. Қаржы биржасын биржадан тыс нарықта сатқан акциясының бағасы – нарықтық құн болып табылады. Нарықтық құн сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына байланысты.

     Акция сертификаты дегеніміз белгілі тұлғаның өз қолында қанша акция барын анықтау жөніндегі куәлік, бұл сертификат та құнды қағаз деп саналады.

      Вексель дегеніміз – белгілі бір ақшалай кіріс алуға арналған құқықты куәландыратын айрықша құнды қағаз.

      Вексельдер коммерциялық және қаржылық деп аталатын топтарға бөлінеді. Коммерциялық вексель нақтылы тауарлық келісім-шартты білдіреді. Ал қаржылық вексель – қарыз қаржы алғаны туралы өзіндік сенімхат. Коммерциялық вексель сатушының сатып алушыға өз тауарын бергені және қызмет көрсеткенін дәлелдейтін бір жолғы құрал ретінде қаржылық жүйеде кеңінен қолданылады. Вексель өзіне несиелік және есеп айырысу сияқты функцияларды шоғырландырады.

     Вексельдердің қарапайым және аударма деп аталатын түрлері бар. Қарапайым вексельді сатып алушының өзінің тауарларды сатушыға оның төлемін кейінге қалдыруға еркі барын сендіретін құқығы бар. Аударма вексель – көмегі арқылы қарызгер өзінің жеке борыштарынан құтылады, есеп айырысады.

       Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы” Заңында вексельді пайдаланудың тәртібі және вексельдің түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған.

       Қазақстанда вексель айгалысы жай және аударым коммерциялық вексельдерін шығаруды, ол бойынша талап ету құқығын беруді қамтиды.

       Индоссамент – ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығынығ басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.

       Аваль дегеніміз – вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Ал вексель төлеміне берілетін жазбаша келісімді – акцепт деп атайды. Төлем төлеуші акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады.

      Облигация – құнды қағаздардың бір түрі. Ол – корпорацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін мақұлдайтын құжат. Облтгация көмегімен жинақталғанкапитал акционерлік капитал бола алмайды. Облигация шығару – капиталдық қарыздың бір нысаны.

      Облигацияның  да өзіне тін ерекшеліктері  бар.

      Облигацияны иеленуші корпорацияның акционерлік қоғамның несиешісі болып табылады.

      Облигация иеленуші ол бойынша тиісінше пайыз алады, пайыздық төлем әдеттегі барлық төлемдерден бұрын беріледі.

       Корпорацияның,  акционерлік қоғамның облигациялары  қарыздың мерзіміне қарай қысқа  мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ  мерзімді болады. Ол мерзім бір  жылдан жеті дылға дейінгі  мерзімге арналған.

      Облигациялар өзінің түріне  қарай баламалы және әдеттегі болып бөлінеді. Баламалы облигация артықшылықты сипаттағы акцияға ұқсас, белгілі жағдайда корпорацияның, акционерлік қоғамның артықшылықты немесе кәдімгі акцияларына алмастырылуы мүмкін. Ал кәдімгі түрдегі облигацияның мұндай құқығы жоқ.

       Облигацияның  акция сияқты нақты және нарықтық бағасы болады.

        Сонымен қатар, облигацияның сериялы (көп даналы), кірісті, тіркелген, жоғары сыныпты, купондық, кепілдік, үкіметтік, сақтық деп аталатын түрлері бар. Осылардың қайсысы болмасын бағалы қағаздар рөлін атқарады.

       

 

2.2. Құнды қағаздар нарығының  құрылымы

 

        Құнды қағаздардың бастапқы нарығы және қайталама нарғы болады. Жаңадан шығарылған қағаздар бастапқы нарықта сатылады. Акциялар мен облигациялар бастапқы нарықта сатылғанда эмитент (қағаздарды шығарушы) өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады, ал құнды қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Құнды қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығын қалыптастырады. Құнды қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық миханизмі, немесе құнды қағаздары кез келегн уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толығырақ дамуына толығырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату нарығнда құнды қағаздардың биржалық айналымы және бирадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады.  »Биржалық айналым» ұғымы құнды қағаздарды биржаның сату-сатып алуын білдіреді. құнды қағаздардың биржадан тыс тікелей келісім түрінде сату- сатып алу саудасы «құнды қағаздардың биржадан тыс айналымы» деп анықталады.

Биржаға кез келген компания еркін  түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада  тіркелу қажет болады. Биржада  тіркелу үшін фирма оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.

Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес болуға ұмтылады. Егер фирма биржада тіркелген  болса, онда бұл фирманың акциясы  биржалық бағамдама (котировка) алғаннның  немесе акциясы тұрақты сұранымға  ие болғанын білдіреді. Фрманң биржада  тіркелуі осы фирманың қалыптасқан  нарықта өз орынн алуын білдіреді.

Мысал ретінде қағадарын бағалама (котировкаға) ұсынған фирмалар үшін белгіленген Нью-Йорк биржасынң  тәртіп-талаптарын келтіруге болады. Қағаздарын биржада тіркеп бағамдама  алу үшін фирма:

  • 29, 350 доллар кіру жарнасын және әрбір жеке акция бойынша қосымша төлем төлейді.
  • Жыл сайын айналмға алынған акциялардың санына қарй биржаның бағдарламалық қызметі үшін 11, 750 –58, 700 долларға дейін комиссиялық төлем төлейді. 1982 жылдан бастап жоғарыдағылардан басқа тағы қосымша талаптар анықталған. Олар:
  • Компанияның әрбіреуіне 100-ден кем емес акциялары бар 2 мың акционері болуы қажет.
  • Компания жеке акционерлер иелік ететін 1 млн қарапайым акцияны айналмға шығаруға міндетті.
  • Инвесторлардың қолындағы акциялардың нарықтық құны 16 млн доллордан кем болмау қажет.
  • Соңғы екі жылда компанияның жылдық табысы 2,5 млн доллардан кем болмауы қажет.
  • Компанияның мүлкі 16 млн доллардан кем болмауы қажет.
  • Биржадан тыс айналымға екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары түседі.

Кейбір фирмалардың қағаздары  биржада да, биржадан тыс  айналымда  да болады.

Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйеге біріктіреді. Биржалық нарық  тек ірі компанияларға қолайлы  болса, биржадан тыс нарықққа кез  келген компания кіре алады. Ол үшін тек  делдалдық (брокерлік) фирма табылса  болғаны.

Биржадан сырт айналым жүйесінде  компания акциясын бағамдау (котировка) алу үшін оның қағаздары кем дегенде  екі дилерлік фирма арқылы тұрақты сатылуы жеткілікті болады және фирманың 25 мың долларға тең капиталы болуы қажет. Дилерлік фирма бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сатумен айналысатын қаржы мекемесі. Ол өзінің атыныан және өз есебіне іскерлік жасайды. [3]

Биржа – қор биржасы нарығының  негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды  қағаздарды сатып алу және сату істерінінің  ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық  қатынастарының дамуы нәтижесінде  қор биржалары объективті түрде  пайда болған. Биржада негізінен  тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар  түрлері сатылады. Сатушы, сатып  алушлар өз ісіне мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондықтан  да баға сұраным мен ұсыным ара  қатынсын мүмкін болғанша толық қамтығаны  дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным  мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы  қажет. Бұл қызметті тек қана өте  жоғары Деңгейге орталықтанған нарық  атқара алады. Биржаның негізгі белгілері  мынадай:

  • тұрақты және ұйымдастырылған тұрде қызмет атқарады;
  • сауда келісімдері тауарсыз жүргізіледі;
  • іскерлік келісімдер бірін-бірі алмастыратын, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.

Биржа негізінен келесі қызмет түрлерін атқарады:

  • құнды қағаздарды алушылар мен сатушыларды бір-бірімен кездестіреді, құнды қағаздарды сату және стып алу орны болады.
  • Құнды қағаздар бағамын (курсын) тіркейді, ұсынылған акциялар мен облигациялар түрлеріне қалыптасқан сұранымды жинақтайды және оның орташа мәнін анқтайды.
  • Капиталды бір өндіріс түрінен (орнынан) екіншісіне ауыстыратын механизм қызметін атқарады.
  • Жалпы елдегі және жеке өндіріс салаларындағы іскерлік белсенділікті көрсететін құрал (барометр) болады.

Биржа акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде  ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекетттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Биржаның қызметі оның жарғысына  сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы (уставы) биржа құрлмдарының қалыптасу  және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын  және басқаларын анықтайды. Биржаны  биржа комитеті басқарды.

Биржаның көрсеткіш индекстері құнды қағаздар нарығын жалпы  жағдайда өлшеп сипатттайды. Олар әлемнің  ең ірі биржаларындағы акция бағамының (курсының) қалай өзгергенін анықтап  тіркейді. Батыс елдерінің экономикалық мәлімет беретін барлық құралдарында күнделікті жарияланып тұратын ең белгілі  көрсеткіші- «Доу-Джонс индексі» деп  аталады. Бұл көрсеткішті 1897 ж. американдықтар У. Доу мен Э. Джонс алғаш есептеп  шығарған. Бұл индекс Нью-йорк қор  биржасында айналатын өнеркәсіп  және транспорт акциялары бойынша  есептеледі. 1929 ж. бастап тұрмыстық  ықзмет көсететін акциялары үшін де есептелетін болғаны. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны біріншісі, ең ірі 30 өнеркәсіп компаниялары бойынша есептелетін индекс.

Ұлыбританияда «Файнэшл Таймс»  газеті мен Лондон қор биржасының индексі FT- SE белгілі. Бұлар ең ірі Европа компанияларының акциялар бойынша

Жалпы не бүкіләлемдік индекс: РТ –А WORLD INDEX. Соңғысы әлемнің 24 елінің 2212 акцияларын (компанияларын) қамтиды.

Жапонияда 225 компанияның акциялары бойынша “Никкей” деп аталатын индекс есептеліп жарияланады. Гонконгте 33 компанияның акциялары бойынша “Хэнг-Сенг» индексі есептеліп шығарылып тұрады.

Қор индекстері нарық жағдайына  жалпы суреттемесін береді, сонымен  бірге олар экономикалық болжамдар  жасау үшін де қолданылады.

       Алғаш қор биржасы  1792 жылы Нью-Йорк қаласында құрылды.  Сол кезде құнды қағаздардың  кесімді бағасының құндық өлшеміне  күміс жүрді.

       Қор  биржасының басты міндеті –  артық ақша қаражатын құнды  қағаздар сату арқылы жинақтау. Ол лицензия бойынша жұмыс  істейді, құнды қағаздар айналысын  ұйымдастырады.

       Биржаның  басқару органдары:биржаның жоғарғы  басқару органы – акционерлердің  жалпы жиналысы;байқаушы орган  – биржа кеңесі;орындаушы орган  – басқарма;бақылаушы орган –  түгендеу комиссиясы.

 

2.3. Құнды қағаздар  субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні

 

Бағалы қағаздар рыногінің  субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

Информация о работе Қаржы нарығы