Агроөнеркасип кешені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:40, курсовая работа

Описание

Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан Республикасы экономикасының ең негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң басқа салалардан айырмашылығы және оның ерекшелiгi - ауыл шаруашылығы тек өндiрiс саласы ғана емес, халқының ауқымды тобының өмiр сүру аясы да болып табылады, Қазақстанның агроөнеркәсiптiк мамандануын тереңдету хақында зерделеп ойлануға жетелейдi. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында агроөнеркәсіптіккешеннің барлық салаларын қайта құрудың ауыр жолын бастан кешті. Осы уақыт аралығында агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары жекешелендіру, кейін қаржылық оңалту, сондай-ақ дәрменсіз шаруашылықтардың банкроттығы үрдістерін өтті.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (3).doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

- нарықты қалыптастыру мен реттеудегi  мемлекеттiң негiзгi серiктесi ретiнде  аймақтық және республикалық  салалық одақтар мен қауымдастықтар құру;         

- аграрлық өнiмдi экспортқа икемдеу  жөнiндегi күш-жiгердi шоғырландыру үшiн  салалық одақтар мен қауымдастықтарды  коммерциялық ұйымдарға кезең-кезеңiмен  өзгерту.        

Бiрiншi кезектi шаралар:        

- аграрлық секторды мемлекеттiк басқару мен реттеудiң жүйесi мен құрылымын жетiлдiру, оны нарықтық реттеу тетiгiне интеграциялау;   
- аграрлық секторды мемлекеттiк реттеудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;   
- аграрлық-индустриялық өнiмдердiң (астық, сүт және басқалары) негiзгi нарықтарын дамытудың ұлттық бағдарламаларын әзiрлеу;   
- аграрлық-индустриялық өнiмдердiң негiзгi нарықтарын мемлекеттiк реттеу мен басқару бағдарламаларын әзiрлеу;   
- аграрлық-индустриялық нарықты реттеуге жекелеген қатысушылардың қызметiне лицензиялау енгiзу;   
- әрбiр нарық үшiн белгiленген көлемнен бастап, мәмiлелердi тiркеу жүйесiн енгiзу;   
- өнiмдi жеткiзуге арналған келiсiм-шарттардың кепiлдi орындалу жүйесiн құру;   
- әрбiр нарықта мемлекеттiң және салалық одақтардың үлестiк қатысуымен елеулi өнiмдер шығару, нарыққа қатысушыларды бiрiктiретiн және перспективада жедел режимде электронды сауданы (электронды тауар биржасы) енгiзуге мүмкiндiк беретiн компьютерлiк желiлiк ақпараттық-қаржы жүйелерiн жасау;   
- ұсақ тауар өндiрушiлердiң нарыққа шығуының оңтайлы нысандары ретiнде көтерме сауда нарығын және өткiзу кооперациясын дамыту. Iрi көтерме сауда нарықтарын бiрыңғай ақпараттық жүйеге бiрiктiру;   
- аукциондық сатуды енгiзу.        

Ауыл  аумағын дамыту:

  • Ауыл халқын әлеуметтiк қамсыздандыру стандарттарын әзiрлеу және iске асыру.
  • Ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру.
  • Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiн қайта даярлау бағдарламасын әзiрлеу. Ауылда шағын кредит беру бағдарламаларын кеңейту.
  • Ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымының базалық салалары - бiлiм беру мен денсаулық сақтау iсiн қаржыландыру көлемiн ұлғайту.
  • Ауылдың көлiкке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
  • Ауылдық жерлердегi бюджеттiк ұйымдарда жұмыспен қамтылу деңгейiнiң төмендеуiне жол бермеу.
  • Жұмысты iздестiрудiң неғұрлым оңтайлылығын қамтамасыз ету үшiн жастардың бiлiм алу деңгейiн (кәсiптiк орта бiлiм беру жүйесi) қолдау.

 

 

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, жалпы, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы үшін мемлекетпен жүзеге асырылатын шаралар тиімді бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту үшін қажет базалық жағдайларды жасауға мүмкіндік береді. Айтылып кеткендей, ұлттық бәсекелік артықшылықтарды жүзеге асырудың тиімді нысанының бірі ол агроөнеркәсіптік кешенде кластерлерді қалыптастыру және дамыту болып табылады. Саланың өндіріс факторларымен қамтылуы тұрғысынан саралауы қосылған құн тізбегі бойынша өндірістік кешендерді дамытуға арналған күш- қуатты шоғырландыруға мүмкіндік беретін кластерлік ыңғай негізінде дамытуды жылдамдату мақсатымен баста-малық индустриялар тізіміне енгізу үшін өте тартымды сектор ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржыландыруға олардың өздерінің шашыраңқылығы, яғни агроөнеркәсіп кешендерінің ұсақталып кетуі барынша кері әсер етуде.  Бұл ретте соңғы уақытта Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдап отырған ауылдың тұтынушылар коопера- цияларын құруға, олардың қызметін ірілендіріп заңдастыруға мән беру қажет. Тіпті, әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорация-лармен байланыстыру дұрыс болар еді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нарыққа бағдарланған экономиканың заңды-лықтарына сәйкес жүргізілетін болады, сондықтан өндіріс тиімділігінің, отандық тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің, олардыңсапасының халықаралық талаптарға сәйкестігінің көрсеткіштері басым болуы тиіс. Агроөнеркәсіптік кешеннің жұмыс істеу ерекшелігі, азық- түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету экономиканың басқа салаларына қарағанда, мемлекеттік реттеу және мемлекеттік қолдау үлкен рөл атқарылуы тиіс осындай аграрлық азық-түлік саясатын жүргізуді талап етеді.

 

Қорытынды    

 Қорытындылай келе, қазіргі  ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес. Бірінші бөлімде, мен агроөнеркәсіп экономикасына жалпы шолу жасап өттім. Сонымен қатар агроөнеркәсіп өнімдер нарығын талдадым. Ол жерде ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  нарығын  құру үшін   мемлекеттік  тапсырыстың  міндеттілігін  жою , оның орнына  экономикалық  жағынан  дербес  тауар  өндірушілер  құрамын  жасақтау ,  нарықтық  инфроқұрылымын  қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және  басқа  ұйымдармен  еріктілік  пен  өзара  тиімді  негіздегі  шарттық  қатынастарына көшу мәселелерін қозғадым. 

 Екінші  бөлімде, мен өзекті мәселелердің басын қайырдым. Онда несие беру механизмін жаңартуды, жетілдіруді, тіпті түбегейлі өзгертуді қажет екенін айтып кеттім. Ауыл шаруашылығы банкінің керек екендігін және басқа несие беру қызметтеріне («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ) қарағанда, банктің мүмкіндіктері мен артықшылықтары әлдеқайда басым. Бұл бөлімдегі тағы да бір мәселе ол лизингтік қаржыландыру болып табылады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының шағын субъектілеріне техниканы иемдену басты проблема, ал лизинг болса осы тығырықтан шығудың бірден-бір мүмкіндігі. Сондықтан қазірдің өзінде мемлекет тарапынан лизингтік қаржыландыруға үлкен мән берілуде. Мемлекет тарапынан лизинг берушілерге көптеген жағдайлардың жасалып отырғандығын айта кеткен едім. Мысалы, пайыздық мөлшерлемені төмендету, Қазақстанға әкелінген техниканы баж салығынан босату және сол сияқты.    

 Ал үшінші бөлімде  қарастырылған мәселелердің бірі – бұл мемлекетіміздің ДСҰ-ға кіру карсаңында ауыл шаруашылығын барынша әлемдік стандарттаға сәйкестендіру. Сонымен қатар , ол ұйымға кірудегі оң және теріс жақтарын айтып кеттім.  

 Бұл бөлімде курстық жұмыстың басты мәселесі – ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын айта кеттім.    

 Биологиялық  ресурстарымыз ауылда, минералды  ресурстарымыз ауылда, моральдық  ресурстарымыз ауылда. Бәрi ауылда. Тек капитал ауылда емес, билiк  ауылда емес, элита ауылда емес. Соңғы үшеуінің ауылға келген  жағдайда ғана – ауыл   гүлденеді, көркейеді, өркендейді..........    

 


Информация о работе Агроөнеркасип кешені