Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 13:07, курсовая работа
Аграрлы деген ұғым латын сөзі («agraria» - жер деген мағынаны білдіреді). Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз .
Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда , көбінесе бұлар экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс- әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ жерді игеру және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты .
Кіріспе – 3 бет
1 – бөлім. Агроөнеркәсіптің дамуы және оның перспективасы.
1.1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшеліктері – 4 бет
1.2. Аграрлық нарық және агробизнесте нарықтық қатынастарды
реттеу – 6 бет
1.3. Аграрлық секторды қалыптастыруда шетел тәжірибесі – 8 бет
2 – бөлім. Қазақстан Республикасындағы агробизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік өндірісін дамытудың негізгі бағыттар – 14 бет
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалықтарын қалыптастыру және дамыту проблемасы – 23 бет
Қорытынды – 32 бет
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жалпы экономикалық теория
Ақтөбе 2004
2. Агробизнес
Алматы 1998
3. Нарықтық экономика дегеніміз не?
Алматы 1998
4. Экономикалық теория
Алматы 2006
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары акдемиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген объективтік факторлар еске алынады:
Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізат өндірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан объективті және қатаң түрде талданады.
Тұжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, обылыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сыңдарлы жағдайда қаралып,Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды .
Бұл
бағдарламаның орындалуы
Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:
3 . тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және
соның негізінде рынок сыйымдылығы, баға конъюнктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру;
4 . агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын
төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:
5. агроөнеркәсіптік кешен араласатын экожүйерердің барлық
элементтерінің
және
техника-технологиялық
Жем-
Республиканың жем-шөп базасын дамыту жайылымдық шаруа\ тың
шабындық жерлердің ,екпе жем дайындаудың, сондай-ақ астық алқаптарынан шығарылған жерлердің жем өндірілуге тартылынуының жай-күйімен байланысты .Мал азығының шағырсыз барлық түрлерін өндіруді 2000 жылы 43,3 миллион тонна азық бірлігіне жеткізу көзделіп отыр .Бұл -1991 жылға қарағанда 12%-ке артық .Бұдан басқа жыл сайын мал азығы үшін 7,5 миллион тоннаға жуық астық бөлінеді.
Жем-шөптің жартысынан көбін 182 миллион гектардан астам (Республика жер аумағының 70%-ке жуығы) жайылымдық жерлер береді. Олардың 123,1 миллион гектары суландырылған .Суландырылған жайылымдықтардың мал азғындық қоры шамамен алғанда 17,9 миллион тонна азық бірлігін құрайды .Алайда , жайылымдықтардың жай-күйі дабыл қағарлық жағдайда тұр.Аэроғарыштық зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, зерттелеген 103 миллион гектар жайылымдықтың 63 миллион гектары тозып барады .Оның ішінде малды көп жайғандықтан 47 миллион гектар, техногендік факторлардың әсерінен 6 миллион гектар қатардан шығып , 14,7 миллион гектар жайылымдықтың оты кетіп , шаруашылық игілігі болудан қалған.Республика жайылымдық жерлерінің бұзылуы жылдан-жылға өсіп барады .
Тұжырымдық бағдарламада оларды жақсарту жолымен жайылымдықтың азықтық сыйымдылығын арттыру қарастырылған .2000 жылға дейін 2150 мың гектар алқапқа екпелі шөп өсіріліп , 834,9 мың тонна азық бірлігі қосымша енгізілмекші.
Бұған қосымша 8 жыл бойы жайылымдықтардың жылдық тыныстауы ұйымдастырылмақшы .Бұл олардың өнімділігін 20%-ке арттырып, 2000 жылы қосымша 3,5 миллион тонна азық бірлігін алуға мүмкін береді.Басты резерв жайылымдықтың 58,9 миллион гектар жер аумағы қосымша суландыру болып табылады .Бұл жағдайда 2000 жылы тағы да 7,4 миллион тонна астық бірлігін алуға болады .Экологиялық қызметтер олардың пайдалану мүмкіндіктерін бекіткен жағдайда жабық сынақ алаңдарынан босаған жерлер де қосымша резерв болатыны сөзсіз .
5
миллион гектардан астам
Мал азығы дақылдарының жалпы көлемі 2000 жылға дейін сол 11,3 миллион гектар деңгейінде өзгеріссіз қалады .Оның 7,1 миллион гектары бір жылғы және көп жылғы шөп , 2 миллион гектары жасыл балауса және 2,1 миллион гектары шырынды мал азығы .Өнімділікті арттыру есебінен егістік жерлерден мал азығын дайындаудың жалпы көлемі 2000 жылы 13,7 миллион тонна азық бірлігін құрайды .Бұл 1986-1990 жылдар аралығындағы орташа деңгейден 10% артық .
Тұжырымдық бағдарламада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру , өңдеу және сақтау арасындағы сәйкессіздіктерді жоюға , сөйтіп өндіріс көлемінің жекелеген түрлері бойынша 30%-ке дейін болатын ысырапқа жол бермеуге ерекше назар аударылған .Жаңа құрылыстар салу мен қолда бар қуаттылықтарды жаңғырту , аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу , биотехнология , мембрандық технология жетістіктерін пайдалану , шағынтолқындық және электрохимиялық тазалау мен сублимациялық кептіруді енгізудің қажеттілігі жөнінде нақты есептер де Бағдармаларда келтірілген.
Егіншілік салаларын дамыту .
Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып табылады. Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанды астықты ірі өндірушілердің қатарына қосты Қазақстан жан басына астық өндіру жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін Канададан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді .
Қазақстандағы егіс көлемінің , астық өнімділігі мен жалпы
түсімнің өсу қозғалысы .
Жылдары | Егіс алқабы млн.га | Топырақты
өңдеу млн. га |
Өнімділік
ц\га |
Өнімділік өсуі ц\га | Жалпы өнім млн.т. | Жалпы өнімнің өсуі млн.т. |
1946-1955 | 7,0 | 5,6 | 3,9 | |||
1956-1965 | 24,6 | 6,9 | 7,0 | 1,4 | 17,2 | 13,3 |
1966-1975 | 23,8 | 15,3 | 8,9 | 1,9 | 21,2 | 4,0 |
1976-1985 | 25,3 | 22,0 | 9,6 | 0,7 | 24,3 | 3,1 |
1986-1990 | 24,1 | 22,6 | 10,0 | 0,6 | 24,1 | 0,2 |
Қазақстанның солтүстік облыстарындағы көптеген аудандардың топырақтық- климаттық жағдайы тұрақты астық өндіруді қамтамасыз етеді. 60- жылдардың ортасында топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік топырақ қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы тоқтатылды.Алайда, Республиканың кейбір облыстарында дәнді дақылдар ішінара ашық қоңыр және сұр құба топырақты шөл далалық аймақта орналастырылған .Бұл жерлерде өнімділік гектарына 5-6 центнерден аспайды.Ақмола, Ақтөбе,Павлодар және басқа кейбір облыстарда жеңіл механикалық құрамдағы топырақты жерлерді жырту да басы артық дүние болып шықты. Сондықтан да тұжырымдық бағдарламада құнарсыз жерлердегі дәнді дақылдар егістігі көлемін бірте-бірте қысқартып , гектарынан 8 центнерден өнім беретін жерлердің өзін-өзі ақтауы мен шығынын жабу мақсатында астық өндірісі экономикасының қазіргі заманғы жай-күйіне жақындастыру қарастырылған .
Астық қажеттілігінің балансы мен егістік көлемінің , өнімділіктің және жалпы түсімнің есебі Республика астық өндірісінің мүмкін нұсқаларын көрсетеді .Күш- жігер мен қаржылық- материалдық көздерді барынша қолайлы аудандарда астық өндіруге шоғырландыру арқылы дәнді дақылдар егістігінің көлемін қысқарту ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге, нарықтық экономика жағдайында анықтаушы күш болып табылатын саланың өзін-өзі жалпы ақтауы арқылы астықты шетелге шығаруға да мүмкіндік береді .
Халықтың жан басына шаққанда 10,2 килограмм орнына бар-жоғы 3 килограмм өсімдік майын өндіретін Қазақстанда бұл өнімнің тапшылығы май дақылдары тұқымы өндірісінің арттырылу қажеттілігін тудырып отыр. Тұрғындардың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін май дақылдарының жалпы түсімін 792 мың тоннаға жеткізіп және 170 мың тоннадан астам май шығаруы керек .Бұл үшін 1992 жылы 462 мың гектар май дақылдары егістігіни 2000 жылы 606 мың гектарға дейін кеңейту қарастырылып отыр. Егістікті көбейту қүнбағыс және рапс есебінен Семей ,Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында , рапс және қыж есебінен Республиканың солтүстігі мен батысында , мақсары және қытайбұршақ есебінен оңтүстік және оңтүстік – шығыста белгіленуде.Мұнымен қатар Ақмола Көкшетаудағы өңдеу зауыттарының жаңа қуаттылықтары іске қосылатын болады .Өсімдік майларын өндіруді көбейтудің үлкен резерві Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығы болып табылады.Мұнда жыл сайын мақта дәндерін өңдеу 15-20 мың тоннаға дейін май береді.