Туризмдегі жетістік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:33, реферат

Описание

Туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты бар. Олар:
1) Сауықтыру (рекреациялық);
2) Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен);
3) Іскерлік;
4) Ғылыми (зерттеу жұмыстары).

Работа состоит из  1 файл

туризмдегі жетістік.doc

— 94.00 Кб (Скачать документ)

7.      Глобальді ойла және қимылда. Тек жергілікті нарықпен шектелмей, әлемдік нарыққа бет ал.

8.      Өз талантың мен өз өзіңе сен. Ұнамайтын салада тек престиж үшін жұмыс істеудің қажеті шамалы, сондықтан сенің талантың қоғамда жаңа престиж қалыптастыратындай дәрежеге ұмтыл.

9.      Қызметте өсуді өзіндік бір мақсат деп санама. Әрқашан соңғы нәтиже болуы тиіс, өсімде өзіндік тәуекелділік бар екенін ұмытпа. Бәсекелестеріңді көз алдыңнан кетірме.

Бизнестің мақсаты сатып алушының проблемасын шешуге негізделеді.

Барлық  компаниялар сатып алушыларға қандай да бір проблемаларды шешу жолдарын сатумен айналысады. Сенің де компанияң белгілі бір проблемаларды шеше алады, бірақ бәсекелестерің де сол проблемаларды шешудің жолдарын біледі, сондықтан тұтынушының қажеттілігін қамтамасыз ететін, өзіндік құны бар өнім сату өте маңызды. Сату дегеніміз проблемаларды шешу, яғни өнімді сату үшін сен сатып алушының проблемасын шешуге тиіссің, сенің сатып алушың ол проблемаларды білуі мүмкін немесе сен сол проблемаларға назар аударуға көмек көрсетесің. Ол проблемалар қазірге кезде болумен қатар болашақта да пайда бола алады.

              Сату өнерінде сөйлеу мәселесі екінші кезекте тұрады, ал бірінші кезекте тыңдау мәселесі маңызды. Сату проблемаларды шеше білу, ал проблемаларды шешу үшін сол проблемаларды  білу керек, ал білу үшін тыңдау қажет.

 

                                   4. Жетістікке әсер ететін факторлар

 

              Туризм саласында немесе қандай да бір салада жетістікке жетуге белгілі бір факторлар әсер етеді. Ол факторлар төмендегідей сипатталады:
1.Психологиялық фактор, яғни белгілі мақсатты алға қоярда адам оған жетудің жолдарын қарастырады, барлық ақыл-есін жиып, психологиялық бағыттап, жетістікке ұмтылады. Жетістікке жету жолында пайда болатын қиыншылықтарға төтеп беруге , қажымауға дайын болуда адамның шыдамы, төзімі мықты болуы тиіс. Қандай да кәсіпкер болмасын өзінің басшы ретінде қалыптасуына дайындалу қажет, өзін бағыттау қажет. Еуропалық психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, әрбір басшы үш негізгі принципті ұстанады делінген:

−  қоғамдағы өзінің рөлінің маңызды екендігін, яғни айналадағы адамдарға керек екендігін мойындайды;

−  өзінің мүмкіншілігінің шексіз екендігіне сенеді;

− ойының немесе арманының іске асырылуы, яғни реализациялануы мүмкін болатындығын түсінеді

2.Экономикалық фактор, қандай да іс болмасын, оның жүзеге асуы белгілі көлемде қаржыландыруды қажет етеді, ал қазіргі нарықтық заманда жетістікке жетудегі экономикалық факторлар маңызды рөл атқарады, яғни мақсат қойып, сол мақсаттың, яғни өндірілетін өніміңнің қоғамдағы рөлін, сол өнімге деген сұранысты, жергілікті нарықты зерттеп білу, бизнес – жоспар құру қажет;

3. Әлеуметтік факторлар сенің ісіңнің қоғамдағы рөлін, қоғамға әсерін, қоршаған ортамен байланысын, айналадағылармен қарым-қатынасын, қоғаммен қабылдануын сипаттайды. 

                           

                   5. Іскерлік қарым – қатынастағы коммуникативті мәдениет

 

Іскерлік қарым-қатынас – ақпарат, тәжірибе, қызметтің алмасуы жүретін келісімді байланыс процесі[6,118].Іскерлік қарым-қатынастың қарапайым қарым-қатынастан айырмашылығы – іскерлік қарым-қатынас процесінде шешімді қажет ететін белгілі бір мақсат, нақты тапсырма қарастырылады.

Коммуникативті мәдениет – іскерлік саладағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас ұйымдастырудағы білім, қабілет, тәжірибе. Ол серіктестермен психологиялық қарым-қатынас жасататын; қарым-қатынас жасау процесінде адамға тура ықпал етуді; серіктестердің тәртібін болжауды; сол тәртіпті қажет нәтижеге бағыттауды қамтамасыз етеді.

              Коммуникативті негізінде жалпы қарым-қатынастарға қажет шарттар жатыр, олар әр тұлғаның құны мен ерекшелігін мойындайды: сыпайылық, корректілік, тактикалық, қарапайымдылық, нақтылық, ескертушілік.

              Сыпайылық – басқа адамдарға сыйластық қарым – қатынас білдіру, ол сәлемдесуде, ниетте, дауыс интонаиясында, мимикада көрінеді. Сыпайылыққа қарама-қарсы қарым-қатынас –  дөрекілік. Дөрекі қарым-қатынас тек төмен мәдениеттіліктің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар экономикалық категория болып табылады. Дөрекі қарым-қатынас негізінде жұмысшылар өнім өндірісінің 17%-ын жоғалтады деп есептеледі [6,114].

              Корректілік - әртүрлі жағдайларда , әсіресе конфликтілі жағдайда өзін-өзі ұстай білу. Пікір таласуда, яғни дұрыс жолды таңдауда корректілі тәртіп өте маңызды.

              Тактикалық тәртіп шекті білу сезімі, адамдарды ренжітіп алудың немесе ыңғайсыз жағдайға қоюдың алдын алатын қарым-қатынастардың шекарасы.

              Сыпайылық – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы, бағалаудың, талғамның әртүрлігіндегі пікірдің ұстанымдылығы.

              Нақтылық арқылы берілген сөздердің орындалуы және артылған міндеттемелардің жүзеге асырылуы іс жүргізуді оңайға әкеп соғады.

              Ескертушілік – басқа адамды ыңғайсыздықтан немесе қолайсыздықтан бірінші болып құтқару.

              Кез келген бизнесте жетістікке жету адамдармен қарым-қатынасқа тікелей тәуелді болғандықтан, дұрыс сөйлесудің, пікірлесудің тәртіптеріне сәйкес қарым-қатынас орнату маңызды элементтердің бірі болып саналады.

              Іскерлік қарым-қатынас стильдері:

− ритуалды стиль, серіктестердің негізгі мақсаты болып қоғаммен байланысты қолдау, өзін қоғам мүшесі ретінде көрініс қалыптастыру болып табылады. Ритуалды қарым-қатынаста серуктес тек қажет атрибут, оның индивидуалды ерекшеліктеріне қарағанда, әлеуметтік, профессионалды, жеке рөл жоғары бағаланады.

− манипулятивті стиль, серіктес жетістікке, мақсатқа жету жолындағы құрал болып табылады. Негізінен, кез келген оқытуды, сендіруді, басқаруды манипулятивті қарым-қатынас атқарады.

− гуманистік стиль, серіктестердің бірігіп өзгеруіне бағытталған. Түсінушілікте, көңіл білдіруде, уайымына ортақтасудағы адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

              Іскерлік қарым-қатынас

− ортақ қызмет ұйымдастыру;

− тұлғааралық қарым-қатынастың дамуы мен қалыптасуы;

− адамдардың бір-бірін танып білуі сияқты функцияларды атқарады.

              Жұмысшы қарым-қатынас арқылы жетістікке жету үшін  белгілі қасиеттерге ие болуы шарт:

− қарым-қатынас мақсаты пен тапсырмасын қалыптастыру ;

− қарым-қатынас ұйымдастыру;

− түскен өтініш пен арыздарды талдай білу;

− қарым-қатынас тактикасы мен стратегиясын, қабілеттілігін меңгеру;

− іскерлік жиналысты басқару ;

− конфликттің алдын ала білу және шешу;

− дәлелдеу, сендіру, келісімге жету, әңгіме, дискуссия, диалог, пікірталас жүргізу,

− әңгімелесушінің тәртібін басқара білу, қорқыныш үрейін, стрессін шеше білу.

              Сонымен, іскерлік қарым-қатынас принциптері :

− ынталандыру және жазалау принципі ;

− жауапкершілік принципі ;

− жұмыс уақытын рационалды қолдану принципі;

− тұлғаның потенционалының және жеке қасиеттерінің қалыптасуына шарт жасау .
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

                                                Қорытынды

 

Дүние жүзіндегі туризм бизнесі қазір үлкен деңгейде, және одан әрі дамуда. Термин бойынша «туристік бизнес» дегеніміз жән-жақты қызмет көрсету түрі болып табылады, және әрқайсысы өзіндік специфистикасымен ерекшеленеді. Туристік бизнестің негізгі мазмұнын қарастырсақ, оны турагент пен туроператорлар деп қарастыруға болады. Туроператор қызметі дегеніміз – туристік өнімді өндіруші болып келеді. Турагент дегеніміз – туроператор шығарған өнімді жеткізуші рөлін атқарады. Бұл екеуінің бірігіп жұмыс устеуі де мүмкін. Бұл кезде ол туристік фирма болады. Туристік бизнеске: қонақ үй, экскурсиялық жорық ұйымдастыру, курорттық қызмет, мейрамханалық қызмет, ойын-сауық қызметтері, рекрияциялық қызметтер және тағыда басқа әр түрлі қызметтер түрлері жатады.

Туристік бизнесті ұйымдастыру алдымен туристік индустрияның дамуымен байланысты. Жалпы айтқанда туристік индустрия дегеніміз қонақ үйлер және басқа да орналастыру объектілерінің; көлік құралдарының; қоғамдық тамақтандыру объектілерінің; ойын – сауық орталықтарының; танымдық, когресстік, емдік, спорттық бағыттағы объектілердің;туроператорлық және турагенттік қызмет атқаратын ұйымдардың жиынтығы.

Туристік бизнесті ұйымдастыру туристік нарықты зерттеп, тактика мен стратегия құруды жоспарлайды және осыларға анализ және бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Туристік бизнесте жетістікке жету тікелей кәсіпкер мен қоғам арасындағы психологиялық, әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынастарға байланысты.

Туризм саласында немесе қандай да бір салада жетістікке жетуге психологиялық факторлар, экономикалық факторлар жіне әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Жетістікке жету жолында ең басты рөл айналадағылармен қарым-қатынас ойнайды. Соның ішінде ең маңыздысы іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік қарым-қатынас – ақпарат, тәжірибе, қызметтің алмасуы жүретін келісімді байланыс процесі. Іскерлік қарым-қатынас

− ортақ қызмет ұйымдастыру;

− тұлғааралық қарым-қатынастың дамуы мен қалыптасуы;

− адамдардың бір-бірін танып білуі сияқты функцияларды атқарады.

Іскерлік қарым-қатынас принциптері :

− ынталандыру және жазалау принципі ;

− жауапкершілік принципі ;

− жұмыс уақытын рационалды қолдану принципі;

− тұлғаның потенционалының және жеке қасиеттерінің қалыптасуына шарт жасау.


 

 

                                                              

                                      Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.      Бейсенова Ә., Каймулдинова К., Әбілмәжінова С., Баймырзаев Қ., Достай Ж. География:Дүние жүзіне жалпы шолу /Оқу құралы. Алматы «Мектеп», 2006 ж.

2.      Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы //clck.yandex.ru/redir/

3.      Казахтанские новости //pda.zakon.kz/  

4.      Что такое туристический бизнес //www.fabrikabiz.ru/tourism/4.php 

5.      Жукова М.А. Менеджмент в туристическом бизнесе: учебное пособие

    / Москва «КНОРУС», 2006г.

6.      Кибанова А.Я. Этика деловых отношений: /Учебник, Москва    

     «ИНФРА»,2002г.

          

13                                                                                                                                                   



Информация о работе Туризмдегі жетістік