Белсенді туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 13:30, курсовая работа

Описание

Зерттеу өзектілігі. Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр.

Содержание

Кіріспе 3
I-тарау. Экскурсияның мәні және мазмұны 4
1.1. Экскурсия түрлері, белгілері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Экскурсияның түрлерінің пішіні мен топтары 7
1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 11
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 15
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар 15
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 16
III-тарау. Жорықты ұйымдастыру……………………………………………...........….20
3.1. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету ......20
3.2. Экскурсия жасаудағы кедергілер 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Работа состоит из  1 файл

Белсенді туризм.docx

— 53.89 Кб (Скачать документ)

Белсенді  туризм 

  ЖОСПАР      

Кіріспе 3

I-тарау.  Экскурсияның мәні  және мазмұны 4

1.1. Экскурсия түрлері,  белгілері және  олардың сипаттамасы 4

1.2. Экскурсияның түрлерінің пішіні мен топтары 7

1.3. Саяхат барысындағы  демалатын және  түнейтін орындар 11

II-тарау.  Белсенді туристік  саяхаттар 15

2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған  алғашқы экскурсиялар 15

2.2. Белсенді саяхаттың  классификациясы  және қиындық категориялары 16

III-тарау. Жорықты  ұйымдастыру……………………………………………...........….20

3.1. Жорықта қауіпсіздікті  қамтамасыз ету ......20

3.2. Экскурсия жасаудағы  кедергілер 24

Қорытынды 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі 28  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 

Кіріспе        

Зерттеу өзектілігі. Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге,  халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл  сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ экскурсияға шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма?  Әрине, олай емес. Экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық  және спорттық қызметтері де бар.      

Қазақстанның  ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың  сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік  мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың  кең тараған түрлерінің  арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.                     

Экскурсия–  белгілі бір аймақпен танысу және оны зерттеу т.б. мақсаттармен іске асырылатын шаралар. 18-19ғ-ға дейінгі экскурсиялар елдердің табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу үшін жасалды.       

Экскурсия- ол тек қана күн өткізу емес, ол белгілі  бір физикалық және рухани шығынды қажет ететін бос уақыттағы немесе оқу уақытындағы интеллектуалды іс-шара.       

Зерттеу мақсаты. Экскурсияның түрлері және олардың сипаттамаларымен танысу.      

Зерттеу құрылымы. «Экскурсияның түрлеті және белгілері» атты курстық жұмысым 2 бөлімнен және 7 бөлімшеден тұрады.Бірінші бөлімінде экскурсияның мәні,мазмұны және оның түрлері туралы айтылады, екінші бөлімінде белсенді туристік саяхаттар туралы қарастырылады.                  
 
 
 
 
 
 

I-тарау.  Экскурсияның мәні және мазмұны

    1. Экскурсия түрлері және олардың сипаттамасы
 

     

     «Экскурсия» (лат.excursio- сапар,жорық)- топпен немесе жеке көрікті жерлерді аралау: мұражайларды, оқу орындарын және мәдени жерлерді экскурсоводтың көмегімен аралау.   

     Жалпы  экскурсия барысы «әңгімелеу»  және «көрсету» болып табылады.    

     Емельянов экскурсияны керекті  6 негізде белгіледі:

    1. Уақыттың ұзақтығы бойынша;
    2. Экскурсияға (15-30) адамның қатысуы;
    3. Экскурсоводтың квалификациясының жоғары болуы бойынша;
    4. Экскурсиялық объектілермен таныстыру;
    5. Объектілерді автобуста жүріп немесе тоқтап тұрғанда бақылау;
    6. Тақырыптың дұрыстығына байланысты;
 

    XXғ. 70жылдардан бері осы күнге  дейін ауыстырылмаған экскурсиялық  квалификация қабылданды. Осыған  байланысты барлық экскурсиялар  келесідей түрлерге жіктеледі:

    1. Мазмұнына;
    2. Қатысушыларпрқұрамына;
    3. Өткізупажеріне;
    4. Жылжуына;
    5. Өткізілуіне;
 

   Экскурсияға қатысушылар құрамына  байланысты келесідей түрлерге  бөлінеді:

    1. Үлкен азаматтар тобы (студенттер, маман топтар, ұйымдар, т.б.);
    2. Кішкентай азаматтар тобы (мектеп жасқа дейінгі балалар, жалпы мектеп балалары);
    3. Тұрғылықты тұрғындар тобы;
    4. Басқа қаладан келген азаматтар тобы;
    5. Шетелдіктер тобы;

    Емельяновтың  айтуы бойынша экскурсия жүргізу  келесі түрлерге жіктеледі:

  • Қарапайым экскурсиялар;
  • Оқулық;
  • Массалық;
  • Экскурсиялық серуен;
  • Экскурсиялық концерттер;
 

      Экскурсия маршруттарының күрделі жағдайын, түрлі нұсқасын қамтитын еліміздің кез келген ауданына апарар қозғалыстың әртүрлі қабілетінің – мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасалынады. Жаяу, таумен, сумен, шаңғымен, атпен, велосипедпен, мотоциклмен жүзеге асады.      

Жаяу  жорық - барша адамның қолы жететін  жорық. Бірақ жаяу саяхатқа шығушы өзі  көтеретін жүк салмағын есепке алуы керек, себебі бұл жағдай елсіз жерлермен  ұзақ жол жүргенде көп қиындыққа  душар етуі мүмкін. Ең негізгі кедергілер өзеннен, батпақтан, орман-тоғай белдеулерінен  өткенде кездесері сөзсіз. Жаяу саяхатшысының  жер жағдайын жетік аңғарып, дұрыс  бағдарлай алуының, компасты пайдалана  отырып, жазылған азимут бойынша жүруінің маңызы үлкен. 15-тен 20 шақырымға дейінгі  аралықты күндіз жүріп өту - бұл көрсеткіш  саяхатшылар ертелі-кеш жол жүріп  шынығу деңгейіне және жорықтың шартына  байланысты өзгеруі де мүмкін, ол саяхатшылардан жаяу жүру дағдыларын және төзімділікті талап етеді.      

Саяхаттың ең қызықты, сонымен бірге күрделі  түрлерінін бірі- таулы аймақтағы  жорық. Тау соқпақтармен өтетін жорық  желілері көп уақытты керек ететін қырға одан төмен түсу қиындығын  ескеру нәтижесінде жасалады. Ең биікте ауаның жетіспеуінен тыныс алу ауырлайтыны  мәлім. Күн мен түннің температурасы  тез өзгереді. Ауа райы да құбыла түседі, әрі соқпақтардан тыс жүру қауіпті, ал тау өзендерінен, құлама жартастардан, шындардан, үрінді қар  мен мұздан өту одан да қауіпті. Мұндай жағдайда саяхатшылар альпинистердің амал және айла-тәсілдерінен, таулы аймақтағы қозғалыстың тәсілдерінен хабардар болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Саяхаттың ішіндегі ең қиыны, ең күрделісі биік таулы аймақтағы саяхат болып есептеледі. Сөйте тұра, ол саяхатшыларды ғажайып көріністермен қуантып, төзімділігін сыннан өткізуге, табиғат күшімен күрес барысында  ерлігі мен ерік-жігерін шындап, тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Дұрыс және шынайы дайындық жасап, тауда жүріп-тұрудың  ережелерін дұрыс сақтаған жағдайда жорық қауіпсіз болады.      

Сумен саяхат жорыққа шыққан адамнан көп  төзімділікті қажет етпейді, бірақ  саяхатшылардың жүзе білетін, қайықты  дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті.        

 Қайықты бастапқы орнына апарып  қою немесе ағаштарды байластырып,  жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар  су саяхатының  дамуын біршама  шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен  бірге көп жүк алуға мүмкіндік  береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы  дүниетанымын тарылтып, өзен  жағалауларымен  тұйықтайды.      

Жаяу  саяхатқа қарағанда сумен саяхатта бағыт-бағдар ұстану әлдеқайда оңай, оны өзннің ағысы арқылы анықтауға  болады.       

Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы  ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты  жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті  болатыны мәлім, олар жағаларды жиі  жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.      

Саяхаттың ең күрделі түрлерінің бірі –шаңғы арқылы жасалынатын саяхат. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат  жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы  аймақтағы шаңғы тебу тәсілін  жетік меңгеру қажеттілігі, қалың  қарларда жүрудің қиындығы, температураның төмендігі, боран және т.б. саяхатқа қатысушылардың дене тәрбиесін арттыруды  жүктейді.      

Қыстың  күндері жолды бағдарлау күрделене  түседі, олай дейтініміз бағдарлауға  көмектесетін белгілер қар астында  қалады, әсіресе елді мекендері аз жерлермен саяхатқа шығу қиын, ол саяхатқа қатысушылардан қысқы далада қонуды ұйымдастыру тәжірибесін, организмнің  төменгі температураға үйренген болуын, ұқыптылықты, өзін-өзі бақылай  білуді талап етеді.       

Шаңғымен  саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен  есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға  ие болады.      

Шаңғы саяхатына қатысушылардың басты  кедергілері: қар жауып тұрған кездегі  қозғалыс әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда, биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, биік, қия, жоталар.      

Қардың  қалың, жұқа түсүіне, жердің жазық, немесе ойлы-қырлы болуына байланысты шаңғымен саяхаттың күндізгі орташа қарқыны  15-35 шақырым болады.      

Еліміздің көптеген аудандарының адыр-бұдырлы  даласын кесіп өтетін жақсы жол  тораптары велосипедпен саяхат жасау  түрін кең дамытуға мүмкіндік  береді. Саяхаттын басқа түрлеріне  қарағанда велосипедпен жасалынатын  жорық әлдеқайда алыс  сапар  шегуге жағдай жасайды және оған қатысушылардың зерттеу жұмыстарын жџргізуге жағдай жасайды.       

Алайда, жолдан бұрылып шыға алмаушылық көп  жерлерді аралап көру мүмкіндігінен  айырады. Рас, жолсыз жермен де жүруге болады, бірақ онда велосипедпен саяхаттың  барлық артықшылығы жойылады. Кейде  велосипедпен саяхат  велосипед  жарысына айналып та кетеді.       

Саяхаттың негізгі мақсатына нұқсан келтірерлік  қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс  пайдалануға болмайды. Велосипедпен саяхат жасаушылар күндіз орта есеппен  50-60 шақырымдай жүрулері керек.      

Велосипедшілердің негізгі кедергілері жолсыздық, құмды жолдар, тік қырлар мен өңістер, өткелдер болып табылады.       

Автомобильмен және мотоциклмен саяхат та кең қанат жайып отыр. Ол демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу  қызық.      

Спелео - үңгір саяхаты өзіндік мағынаға ие. Бірінші ерекшелігі – күндізгі жорықтың болмауы. Жерасты саяхатының ең басты қауіптілігі –қараңғылық. Жарық жоқ жерде қозғалу, бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі. Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап кетуге де болады. Мұндайға ұшырмау үшін саяхатшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.       

 Үлкен үңгірлер  енетін жол тараптарының көптілігімен күрделі, онда адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының өзіне де қиын соғуы мүмкін. Үнгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан еденге тас сынықтарының құлайтыны бар. Олар тіпті қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі.       

Жерасты саяхат кезінде адамды тұншықтырар  немесе жарылыс туғызар газдардың  жиналып қалғанын кездестіруге болады. Жалпы үңгірлер  сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.      

Үңгірге түскен әр саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін, шыңға шығу әдістерін игеріп, мұзды өңістерден аман өтуі, жүргенде қауіпсіздік ережелерін, т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты, тапқырлықты, төзімділікті, тез қағып алушылықты, денсаулығының мықты болуын талап етеді. Жерасты саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды. Ең алдымен біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап қалса, оған сырттан қалай көмек көрсетудің шаралары, сондай-ақ саяхатшылардың үңгірден қашан оралатыны туралы күні бұрын бақылау мерзімі белгіленуі керек.

1.2 Экскурсия түрлерінің  пішіні мен топтары           

       

Информация о работе Белсенді туризм