Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:34, курсовая работа

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану

ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Жоспар.docxсАБВРЖАН - КУРСАВОЙ.docx

— 109.38 Кб (Скачать документ)

 Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары; рынокта көп уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі жакторлар – шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі негізгі элемент болып табылады.

 Баға құруға әсер ететін төрт факторды атап өтуге болады:

1. шығындар кұрылымы (баға турфирманың шығындарынан үлкен болуы

 керек);

2. бағаның бәсеке қабілеттілігі;

3. түтынушылар төлеуге дайын бағалар (сұраныстың икемділігі);

4. туристік кәсіпорынның мақсаттары:

 

1) пайданы максималдау;

2) инвестицияға қаражатты қайтаруды максималдау;

3) өмір сүргіштік (туризм индустриясының маусымдық сипаты және

 бәсекенің жоғраы деңгейі);

 4) сату көлемін үлғайту).

 Бағаның өзгеруі сату көлеміне үлкен әсер етеді. Әдетте, төмен баға клиенттерді қызықтырады, бірақ үлкен бағаның әсері осындай болуы мүмкін, Зерттеулер көрсеткендей, тұгынушылар қымбат қызметтердің сапасы жоғары деп сенеді. өйткені, тұтынушылар сапаны тексеріп көре алмайды.

 Баға құру стратегиясы туркәсіпорынның перспективті мақсаттары мен оның жалпы даму бағыттарымен үштас болуы керек. Бұларға: максималда пайда табу, өздерінің тұрақты клиенттер шеңберін құру, бәсекелестерді жеңу жатуы мүмкін.

 «Қаймақтарын сүзіп алу» стратегиясы турөнімге жоғары баға орнатумен байланысты. Бүл жаңа турөнім жасағанда және бәсекелетер жоқ кезінде тиімді. Төмен бағалар стратегиясы бәсекелестерді жеңу үшін орынды.

 Рынокқа жаңадан кіру кезіндегі стратегия бастапқыда төмен баға орнатып, кейін оны біртіндеп көтеруге негізделген. Мұндай стратегия турөнімнің кең ауқымда таралуы үшін қолданылуы мүмкін.

 Бәсекелер бағасы стратегиясы, яғни өзінің турөніміне бәсекелестер бағасымен бірдей деңгейде орнату. Бүл рынокта балама тауарларды ұсынатын туркәсіпорындар бар кезде қолданылады.

 Дамыған мемлекеттерде мемлекетке келетін туристер балансын сақтау үшін баға төмендейді. Туристік қызметтердің бағасы мен сұранысына келесілер әсер етеді:

 • Баратын мемлекеттегі  саяси тұрақтылық;

 • Халықаралық өзгерістер (саяси және экономикалық);

 • Туристердің өздерінің мемлекетіндегі өзгерістер.

 Жылжыту немесе маркетингтік  коммуникациялар жүйесі – бұл турөнімнің сатылу көлемін ұлғайту және сұранысты қалыптастыру үшін бағытталған шаралар кешені.

 Турөнімді сәтті жылжыту үшін әлуетті тұтынушылар мен сауда делдалдарымен тұрақты да, тиімді байланыс орнатылу керек. бұл байланыстың мақсаты-қалыптасқан көзқарастарды өзгертетін және болашақтағы әрекетке әсер ету үшін тауар немесе қызмет туралы пікір туғызу.

 Маркетингтік кешен  төрт компоненттен тұратын жүйе ретінде сипатталады: ақпарат тарататын коммуникатор; ақпаратты қабылдайтын мақсатты адитория; ақпараттың өзі; коммуникациялық жүйе.

 Туристік тауарды жылжыту үшін қолданылатын 3 негізгі құрал бар (3 -сурет).

 

3 сурет – Жылжытудың негізгі құралдары

 Керекті нәтижеге жету коммуникациялық арнаның біреуін қолданып, мүмкін емес. Өнімді жылжыту бағдарламасында әр түрлі тәсілдер қолданылуы керек.

 Жарнама, әрине, туристік тауарлар мен қызметтерді сату мен өткізудің маңызды элементі. Көп турфирмалар жарнаманы сатуды жылжыту үшін қолданады. Сатудан түскен пайданың 5% жарнамаға жұмсалады.

 Жарнаманың көптеген анықтамалары бар, бірақ барлығында ортақ сипат бар:

1. жарнама-тура емес байланыс құралы;

2. жарнама-жаппай байланыс құралы; адамдардың үлкен санына арналған.

3. жарнама персоналды  сатумен тығыз байланысты.

4. Мақсаты-тұтынушының назарын аударып, тауарды тікелей емес жылжытатын агентіне айналдыру.

 Жарнаманың мақсаты-тұтынушының назарын аудару, қызығушылығын туғызу, ақпарат беру. Жарнама құралдарын 6 суретте көруге болады.

 Туристік фирма мұндай әдістерде өткізуді ынталандыру үшін қолданады. Мысалы: бірыңғай топтар (студенттер, зейнеткерлер) үшін өлі сезондарда авиабилеттер, қонақ үй нөмірлері арзанырақ. Сонымен қатар, кәдесый беру, акциялар жасау.

 Қоғаммен байланыстар- ол фирманың коммуникациялық қызметінің бір бөлігі. Мақсаты-фирмаға деген көзқарасты жақсарту. Турөнімді жылжытудағы қоғаммен байланыстардың басты тәсілдері: басылымдардағы ақпарат, пресс-конференциялар, жәрмеңкелерге және т.б. қатысу (8 сурет). көрсету орнын тұгынушыларға жақындату табылады. Жоғарыда аталып кеткен маркетинг кешенінің персонал, орта және процесс сияқты қосымша құрамдастары туристік фирманың қызмет көрсету стандартының негізі болып табылады. Әрбір қызмет түрлері өндіріс, тұтыну, қолдану және белгіленуіне қарай өзгеше ерекшеліктерімен сипатталады. Сол себепті жекелей қызмет түрі маркетингін, оның өзгешелігін есепке ала отырып қарастыру маңызды мәселе.

 

1.2 Шетелдiк- тәжiрбенi туризм саласындағы маркетингте қолданылуы.

 

Батыстағы экономикалық ғылымдарда қалыптасқан маркетингтің түсініктерін және қағидаларын салыстырмалы талдау арқылы барлық отандық кәсіпорындарға катысты, жекелей республикамыздың кәсіпорындарында маркетинг жүйесінің даму тұжырымдамаларын қүру кезінде келесі ойлар қолданылған:

 • кәсіпорындарда маркетинг жүйесінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті

 экономикалық шарттарды құру;

 • маркетингтің анықталған функциялар кешені ретінде,кәсіпорынды

 басқарудың орта деңгейінде жүзеге асырылуы және басқару функциясы

 ретінде болуы сияқты екі жақты табиғатын табиғатын есепке алу;

 • маркетингтің функционалдық құрамдастарын кешенді қолдану;

 • тауар және баға саясаты, өткізу мен тауарды рынокқа жылжыту, рынокты

 зерттеу және маркетинг қызметін басқарумен толықтырылған;

 • маркетинг қызметін құрылымдық ұйымдастырып, маркетинг және басқа да

 кәсіпорынның функцияларының интеграциялануға бағытталуы;

 • басқарудың маркетингтік қағидаларына өту кезінде кәсіпорынның басқару

 жүйесінің өзгеруі

 Қазіргі заманғы туристік индустиря даму кезеңінін ерекшелігін білу үшін оның пайда болуы мен дамуын қарастыру қажет.

 Осы замаңғы туризм -бір жағынан жаңа құбылыс, себебі ол тек Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін ғана көпшілік сипат алды, бір жағына оның тарихи түп-тамыры терең, өйткені адамзатқа туризм ерте заманнан танымал.

 Туризм дамуының тарихы 4 кезеңнен түрады:

1 кезең. Ежелгі заманда саяхаттың уәждері: сауда, білім алу, емделу, қажылық болды. Ежелгі Грецияда спорттық сапарлар болған. Орта ғасырларды саяхаттың дiни факторы күшейе түсті-мүсылман және христиан қасиеттеріне табыну басталды. Ренессанс және ағарту кезеңі діни уәждерді әлсіздендіріп, сапарлардың жеке сипаты мен ағартушылық бағытын күшейте түсті.

19 ғ. ортасына дейін саяхаттың ерекшелігі жылжу құралдарының қарапайымдылығы болды. Саяхаттың мақсаты болған жоқ, саяхаттың сауда, білім алу, емделу, қажылық мақсатында қажетті шарты болды.

18-19 ғ. Европа елдеріндегі мануфактура өндірісі мен кәсіпорындарындағы төңкерістері қоғамның экономикалық өмірін түпкілікті өзгертті.

2-кезең-таңдаулы тур және көпшілік туризмнің пайда болуы. Туризм дамуына транспорт дамуындағы төңкерістік өзгерістер ықпалын тигізді. 1807 ж. Фултон пароход; 1814 ж. Стефенс паровоз ойлап табуы, пошта байланысынң жетілуі, Европадағы жол тораптарының кеңеюімен жалғасты.

 Ғылыми техникалық прогресс және еңбеккерлердің әлеуметтік күресі және қоғамның жұмыс қалын жақсартуы жұмыс уақытының кемуін қамтамасыз етті.

 1873 ж. Германияда төленетін демалыс енгізілді. Трансорт тасымалдауының сапасы мен сенімділігінің артуы мен арзандауы жұмыс жұмыс уақытының қысқаруы, саяхатшылар санының өсуіне әкелді. Осыған байланысты уақытша келушілерге қызмет көрсетуге маманданған алғашқы кәсіпорындар пайда болды.

19 ғ. 2-жартысында демалыс индустриясы өз өндіріс аумағын кеңейтті; қонақ-үй шаруашылық кәсіпорындарында бірінші саяхат бюролары қосылды. Олардың мақсаты туристік сапарларды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға өткізу. Германияда бірінші саяхат бюросы-«Райзебюро штангенн» 1863 ж. Бреслауда қалыптасты.

3-кезең-көпшілік туризмнің қалыптаса бастауы. Бірінші Дүниежүзілік соғыс және экономикалық дағдарыс, Екінші дүниежүзілік соғыс туризм дамуына кері әсер етті. Көпшілiк туризмнің дамуының 2 мысалын қарастырайық. 1935 ж. Швейцариядағы қазіргі заманда ірі туризм қызметтерін өндірушілердің бірі «Отельпланн» фирмасы құрылды. Оның құрушысы Г. Дуггайвер идеялары: «кішкентай адамның туризмге тарту тоқырайға ұшыраған қонақ үй шаруашылығына бағаланбас көмек береді, арзан көпшілік тур сапарлар фирманың негізгі өнімі болып табылады».

4 кезең: Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм нақты көпшілік сипатта болды: өз институты, өндірістік циклы, өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістері бар күшті демалыс индустриясы қалыптасты.

1950-60 ж. Батыс Европа  елдері үшін -туристік фирмалардың мотельдер, қонақ үйлер тұрғызылуының белсенді кезеңі болды. Қай елде болмасын туризм өсімталдығы елдің қандай бөлігі жылына ең болмағанда 1 рет туристік сапарға баратынын көрсетеді, егер туризм өсімталдығы 50%-дан асса, көпшілік туризм қалыптасқан деге болады.

 Ресейде қонақ үй индустриясының дамуның болашағы туралы жыл сайын Ресейден Турцияға туристер арқылы 7 млрд. АҚШ долларына жуық, Грецияда — 5 млрд. АҚШ долларына жуық кетеді.Бүл инвестициялық ақша қаражаттары қазіргі қонақ үй – мейманханалық бизнес және туризм инфрақұрылымын құруға мүмкірдік береді.

 Ресейдегі қызметтер рыногындағы жағдайды талдау Мәскеу қаласында – 22% , Санкт-Петербургте – 15%, Владивостокта -8-9%, т.б. қалаларда 10-нан 40%-ке дейін қонақ-үйлердің толығу деңгейін көрсетеді. Бұл қонақ-үйлердің төменгі тартымдылығын көрсетеді, сонымен қатар Мәскеу қаласындағы қонақ-үйлердің бағасы АҚШ-лен салыстырғанда 2-3 есе жоғары болып табылады. Дәл осы жағдай туризмде де. Ішкі туризм дамымай жатыр, керісінше сыртқы туризм жоғарғы қарқынмен дамуда.

 Бәсекеге қабілетті турөнімді құру, оны ішкі және халықаралық рынокқа жылжыту стратегиясымен ешкім айналыспайды. Туристтік фирмалар (Ресейде 7000-ға жуық) турагенттер функциясын орындайды және шетелге ақша қаражатының кетуіне алып (20 млрд. АҚШ долларына жуық) келетін импорттық турөнімдерді өткізеді.

 Осыған байланысты туризм индустриясын дамытудың мемлекттік мақсаты бағдарламасы қажет. Іс-жүзіндегі 2005 жылға дейінгі туризмді дамытудың Федеральді бағдарламасы оның қаржылық несие-ақша жоспарымен туризм инфрақұрылым ретінде мейманханалық қонақ-үй бизнесінің дамуымен сәйкестендірілмеген. Сондықтан салынған капиталдың қайтарылымдығының жоғарғы нәтижесіне жету үшін толыгымен бәсекеге қабілетті турөнім жасау керек.

 2001 жылы августе Украина елінің тәуелсіздік алып еркін мемлекет болып құрылуы, экономикалық және саяси жүйелерінің реформалары, Украинаны рыноктық қатынастағы ел деп тануы, объективті әлемдік заңдылықтары – туризмді дамытуға байланысты мемлекеттің ішкі саясатының өзгеруіне негіз болды және Украинаны Халықаралық туристік қызметтер рыногында таныды.

 «Туризм туралы» (1995 жылы) Украинаның Заңына сәйкес мемлекет туризмді үлттық мәдениет пен экономиканың проиритетті бағыты деп белгіледі және туризмдік іс-әрекет үшін игілікті жағдайлар жасады.

1997 жылы Украина Әлемдік Туристік Ұйымға (ӘТҰ) мүше болып кірді, ал 1999 жылы Сантьяго (Чили) қаласында өткен ӘТҰ Бас ассамблеясында басқарушы орган – Атқарушы советке сайланып, тағайындалды.• 1999 жылы – «Қонақ-үй, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін сертификаттау туралы» Украина ГОСТ стандартының қаулысы.

 Заң базасы туризм саласында кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

 Рыноктық қатынастар жағдайында қызметтер рыногында ұлттық турөнімді жылжытудың белсенді әдістері маңызды аспект болып табылады. Бүгінде осы елде туристік Украина және оның жеке аймақтары туралы электрондық тарату, баспа өнімдері арқылы жарнама жасауда. Украиналық туристік ақпараттар жүйесінде интернет-сайт құрылды, Украинаның туристік мүмкіндіктері, «Туристік Киев» атты Украинаның туристік атласы туралы ақпараты бар алғашқы диск жасалды.

 ӘТҰ бас секретары Ф.Франжкалми Украинада (2000жыл, қазан) туризмді дамыту мәселелері туралы Парламент тыңдауына қатысып, «Украина еліне 20 жыл ішінде келетін туристер ағымының үш есе өсуін көруге болады» деген.

 Халықаралық туризм күннен күнге өсуде. 1970-1998 жж бойы халықаралық туристер саны 165 млн.-нан 137 млн. адамға, 3,9 есе, ал туризмнен түскен табыс 17 млрд. АҚШ долларынан 441 млрд. АҚШ долларына дейін, немесе 26 есе өсті.

 Төменде көрсетілген елдердің халықаралық туризмді дамытуда негізгі үлестері бар: Франция, Италия, АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Мексика, Канада, Германия, Польша, Австрия, Ресей, Венгрия, Португалия, Греция, Швейцария, Нидерланды, Турция, Тайланд, Украина, Бельгия, Ирландия.

 Осы елдер ішінен  АҚШ пен Франциядағы туризмнің дамуын қарастырайық. 1999 жылы АҚШ-та туристердің келуі – 46,983 млн. адамды, ал табысы – 73 млрд. АҚШ долларын құрады. Осы жылы да АҚШ туристердің келу саны бойынша 3-ші орында, ал табысы бойынша – бірінші орында болды.

 Елде туризм 1960 жылдан  бастап дамып келе жатыр. 1961 жылы АҚШ-та туристік бюро құрылды. Бұл ұйым елдегі туризмді дамытуда жауапты болды. 1981 жылы бұл ұйымның атын АҚШ-тағы саяхаттар мен туризм Ұйымы (СТҰ) деп өзгертті. СТҰ осы сфераға қатысты барлық жобаларды жинайтын комитет жұмыстарын және мемлекеттік деңгейде туризм саясатын басқарды. СТҰ өз елінің өнімі арқылы халықаралық рынокқа шығуға ұмтылды. СТҰ көптеген штаттарында ішкі туризмді дамытуда көптеген келіспеушіліктер болады, оны болдырмау үшін елдің экономика және сауда министрлігі оларды бюджетпен бөледі. Штаттағы бюджет көлемі 4-тен 14 млн. АҚШ долларын құрайды. Ұйыммемлекеттік болса да, ал жеке сектордағы кәсіпорындардың жобаларын бақылап отырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары