Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 18:09, курсовая работа

Описание

Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I бөлім. Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері………………………4
1.1 Кедендік төлемдер және салықтар……………………………………..4
1.2 Кедендік төлем мен салық түрлері……………………………………..5
1.3 Кедендік баждың экономикалық мәні және оның маңызы…….....7
1.4 Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі...............................9
1.5 Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі........................................10
II бөлім. Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу....12
2.1 Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы.............12
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтерді басқару...............18
Қорытынды......................................................................................................22
Қолданған әдебиеттер.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Кедендик толемдер.docx

— 60.61 Кб (Скачать документ)

    «Кез-келген  кеден  жеңілдігінің  мақсаты  салық  міндеттемесінің  көлемін  қысқарту.

     Кедендік  төлемдерді  салудан  босату  тарифтік   преференциялар,  кедендік  төлемдер  мен  салықтардың  артық  төлемін  қайтару,  сондай-ақ  талаптың  ескеру    мерзімі.

    Жабдық, шикізат  және  материалдардың  (спирт,  алкоголь және  темекі  өнімдерінен  тыс  импорты, сондай-ақ  инвестициялық  жобаны  іске  асыру  үшін  өңдеусіз  сатуға  белгіленген  тауар  импорты).

    (Қазақстан  Республикасы  агенствосының  инвестициялар  мен  инвесторлар  бойынша  келісілген   контрактысына  сәйкес,  кедендік  баж  салымынан  жартылай  ғана  бөлшаетей  босатылады.

      Кедендік  рәсімдеу  үшін  алынатын  кедендік  алымнан босату мақсатымен  тауардың  шыққан  тегін басқа құжаттардың негізінен белгілейді  (тауардың  шыққан  сертификатынан  тыс): сала  сертификаты,  қауіпсіздендіру,  счет  фактуралар  мен   бұйым  құжаттары.

   Талап,  шарт,  шектеулер  бұзылған  кезде  олардың  сақталынуы  кеден  төлемдеріне  берілетін  жеңілдіктер  кенден  төлемдерінің  сомасы  және  салқ  кеден  органдарымен    Қазақстан  Республикасының  заңдарында  қаралғандай  жауапкершілік  шара  және  өсімпұл төлендірідеді.

Кеден  саясаты  Қазақстан  Республикасының  ішкі  және  сыртқы  саясатының  құрлымдық  бөлігі  болып  табылады. Қазақстан  Республикасының  кеден  саясатының  мақсаттары  мынадай:

1.Қазақстандық  нарықты   қорғау

2.Қазақстандық  өндірушілер   мен  тұтынушыларды  қорғау

3.Экономикалық  дамуын  ынталандыру

4.Экономикадағы құрлымдық   қайта  құруды  жүргізуге   жәдемдесу

5.Монополизмге  қарсы   әркекет  пен  бәсекелестікті  қолдау

6.Экспортық  ынталандыру   және  импортты  алмастыру   өндірісті  қолдау

7.Шетел  инвестициялардың  назарын  аудару

8.Сауда  саясатының  мәселелерін  шешу

  

 

    1. Кедендік  баждың  экономикалық  мәні  және  оның   маңызы

 

 Тауарлар  мен  көлік   құралдарын  Қазақстан  Республикасының   кеден  шекарасы  арқылы  өткізу  кезінде  және  Қазақстан   Республикасының  заңында   қарастырлған  басқа  дажағдайларында,  кедндік  төлемдер  мен салықтар  төленеді, оны  өндіріп  алу   кеден  бөлімдеріне  жүктелген.

   Кеден баждары бюджетке  құйылатын міндетті  төлемдердің бір болып табылады.  Олар түрлері мен белгілері бойынша жіктеледі.  Халықаралық тәжірбиеде    көбірке таралғандары  импорттық және экспорттық баждар  болып табылады.  Импорттық кеден баждары елдің аумағына  әкелетін  таурларға салынады. Ол ұлттық  немесе  еркін жүретін валюта,  төлеушінің  еркі  бойынша төленеді  және  мемлекет  пайдасына аударылады.

     Кеден  бажы -  импортталатын жүктерге  салынатын салық,  кеден аумағында тауар әкету барысында кеден органдарының  өндіріп алынатын  төлемі  және    Қазақстан Республикасының   кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының   кеден аумағына  әкелген кезде немесе  тауарды аталған аумақтан   әкеткен кезде    алатын  және  осындай әкелу немесе  әкетудің  ажырамас  шарты болып табылатын кеден төлемдерінің  түрі.

 

                              Кеден  бажының  түрлері

  Әкелінетін  және  әкетілетін  тауарларға  кеден  баждарымен  қатар  Қазақстан  Республиасының  заңымен  қорғаушы, демпингке  қарсы  және  өтемдік  баждар  қарстырлған.

    Қорғаушы  баждар  -  қандайда  бір  тауарды  Қазақстан  Республикасының  аумағына  жеткізу жағдайында  кеден баждарының  мөлшкрінен  жоғары  кеден органдарының  өндіріп алатын  баждары.

    Едендік баждар  мөлшерлері  біртұтас  болып табылады  және келісім түрінде тауар   алмастырушы тұлғалардан тәуелділікте  өзгертуге жатпайды.

    Әкелінетін  және  әкетілетін тауарларға  кеден  баждарының мөлшерлерін  Қазақстан  Республикасының   үкіметі  белгілейді  және  оларды  ресми  жариялануынан  отыз күн  өткеннен  кеәін  күшіне  енеді.

   Қазақстан Республикасында   кейбір тауарларға  уақытша қорғау баждары әрекет  етеді

  Демпингке  қарсы  - Қазақстан  Республикасының     кеден  аумағында  оның  экспорттық  елдегі бәсекелестік  бағсынада   төмен  баға  бойынша  тауар   әкелу  жағдайында  қолданылатын  баждар.

   Өтемдік  баждар – мынадай  жағдайларда  қолданылатын  баждар:

  • өндіру  немесе  экспорттау  барысында  тауарлардың  Қазақстан  Республикасының     кеден  аумағына әкелінуі;
  • өндіру  барысында  тауарлардың  Қазақстан  Республикасының    кеден
  • аумағының  шетке  әкетілуі

Кедендік  хаттау  үшін  кеден  алымдары - Қазақстан  Республикасының   кеден  шекарасы  арқылы  өткізлетін  саудалық  мақсаттағы  тауарлардан  емес, халықаралық  пошталық  жөнелтулердің  күзетілмейтін  жүктері  орналасқан  көлік  құралдарының  кедендік  хатталуы барысында  өндіріп  алынады.

  Кедендік  хаттау    үшін  кеден  алымдары, сондай- ақ, кеден  режімінің  өзгеруі   барысында  өндіріп  алынады.

  Кедендік  хаттау үшін  алым  мөлгері кеден құнының  0,2  пайызын құрайды.

 Қазақстан  Республикасы  мен ТМД елдері  арасындағы  бекітілген  еркін  сауда (берілген  келсімдер  жағдайларымен   сәйкес)  немесе  кедендік  одақ  туралы  келсімдер   негізінде  ТМД   елдерінен  Қазақстан   Республикасына  әкелінетін  және  Қазақстан  Республикасынан ТМД  елдеріне  әкелетін  тауарлар  қатнасына  кедендік  хаттау  үшін  кедендік  алымдар  төленбейді. Берілген  келсімдер   мен тиісті  кедендік  хаттау  үшін  кедендік  алымдар  Қазақстан  Республикасының   төмендегі  елдермен  өзара  әрекеті барысында өндіріліп   алынбайды:  Ресей  Федерациясымен, Беларусь  Республикасымен, Қырғызстан  Республикасымен,  Тәжікстан   Республикасымен  және  Армян    Республикасымен.

      Маусымдық кедендік  бажы  - тауарлар  әклу  мен әкетуді   жедел реттеп  отыру үшін  Қазақстан Республикасының   Министрлер  Кабинеті  маусымдық бажды   қолдана алады.  Бұл орайда  кеден тарифіне  көзделген кеден  бажының  ставкалары   қолданылмайды.  Маусымдық баждың  қолданылу мерзімі  ол белгіленген  сәттен  бастап   4 айдан  аспайды.

   Арнайы кеден  бажы:

Егер  тауарлыр    Қазақстан  Республикасының  аумағына соншалықты  көп  мөлшерде  немесе  осындай  өнім  өндіретін   отандық  өндірісшілерге  зиян  келтіретін  немесе  тікелей  бәсекелес тауарлар  арқылы  зиянды   қауіп  төндіретін   жағдайларда  әкелінетін  болса, қорғану  шарасы  ретінде; 

   Осы  салада  Қазақстан  Республикасының  мүддесін  бұзатын  сыртқы  экономикалық  байланыстарға   қатушыларға  ескеру  шарасы  ретінде,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының   заңдары мен  айқындалатын  жағдайда  нысапсыз басекелестіктің   жолн  кесу  шарасы  ретінде;

Басқа  мемелекеттер  мен  олардың  одақтары  тарапынан  Қазақстан  Республикасының   мүдделеріне  нұқсан  келтіретін  кемсітушілік  және  өзге де  әрекеттеріне  жаап  шарасы  ретінде  қолданлады.

       Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағына  әкелінетін және  бұл  аумақтан   алып  кетілетін тауарлар мен  көлік  құралдарына  кедендік  баждар  салынады.  Кеден  баждары – тауарларды,  бағалы  заттарды, әр түрлі  қозғалатын  мүлікткі, оның  ішінде кеден  вдомствосының  бақылауы  астында  шекара  арқыл  өткізлетін  жылу, электр  және  т.б.  энергияларды  әкелу, аумақтан  асырып өткізу  немесе  алып  кету кезіндегі  кеден  органдарымен  алынатын  міндетті  түрдегі  мемлекеттік  ақшалай  алымдар.  Баж  салынатын тауарлар  мен  баж мөлшерлемелерінің  тізімі     Қазақстан  Республикасының   Кедендік  тарифінде   көрсетілген.  Дамушы  мемлекеттерден   импорталатын    тауарларға   кеден   бажының  преференциялдық    мөлшерлемесі   салынады.  Ең   аз  дамыған   елдерде   шығарылған  тауарларды     әкелу     кезінде   преференциялдық    0   мөлшерлеме   қолданылады. Өнеркәсіптік     дамыған   мемлекеттердің   дамушы   елдер  үшін  преференциялары   Біріккен    Ұлттар   Ұйымының   қарауында   ұйымдастырылған   преференциялар   жалпы   жүйесіне   кіреді. 

      Кеден  баждарының   мөшерлемелері      Қазақстан  Республикасының  Үкіметімен  бекітіледі,  бірыңғай  болып  табылады  және     Қазақстан  Республикасының  кеден  шекарасынан тауарларды  өткізетін тұлғаларға, мәміле  түрлеріне,  кеден заңдарында  көрсетілген кездерінен басқа  жағдайларға байланысты  өзгертілмейді, және  ресми   жарияланғананан  кейін   30 күн   өткен  соң  күшне   енеді.  Кедндік  рәсімдеу  үшін кедендік  баждан  тыс,  төленетін  кедендік баж   сомалары,  кедедік  баждың  бір  түрінен  әр  түрлі  валютамен төлеу кедендік органының  рұқсаты қажет.     

 

    1. Кедендік  төлемдерді және салықтарды есептеу

 

 

 Қазақстан Республикасында  қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі  кедендік баждың өзіндік  ерекше ставкалары белгіленген  тауарлар бойынша  кедендік баждар салуға арналған база болып  табылады. 

Кедендік  төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді.

Кеден ісі саласында  құқық бұзушылық  анықталған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді кеден  органы жүргізеді.

Кедендік  төлемдерді және салықтарды есептеу Қазақстан  Республикасының  ұлттық валютасымен  жүргізіледі.

Кедендік  төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады.

Кедендік  баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының  Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының  салық заңдарына  сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар  номенклатурасы бойынша  тауарлардың кодына және тауарлардың  атауына сай келетін  ставкалар қолданылады. 

Кедендік  төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын  қайта есептеу  жүргізу талап  етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге немесе төленуі  тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты емес кедендік төлемдер үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес белгіленген   валюта айырбастаудың нарықтық  бағамы қолданылады.  

Шартты  шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара  босатылғандарға  қарағанда өзге мақсаттарда  пайдаланылған кезде  төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу үшін кеден  органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік төлемдердің  және салықтардың  ставкалары пайдаланылады.

Кедендік  төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімінің бұзылуы болған кезде, кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу  кедендік төлемдерді және салықтарды уақтылы  төлемегені үшін өсімпұл  есептей отырып жүргізіледі.

 

    1. Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі

 

        Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.

Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы  Кодекспен және осы  Кодекске қайшы келмейтін  бөлігінде Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік қызмет туралы және еңбек  туралы заңдарымен реттеледі.

 Өзінің  жеке, моральдық,  іскерлік, кәсіби  қасиеттері, өзіне  жүктелген міндеттерді  орындауға денсаулық  жағдайы, дене  бітімінің дамуы  және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының  әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.

Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:

1) қызметке  жарамдылығы туралы  медициналық қорытындының  болуы;

2) міндетті  арнаулы тексерудің  болуы;

3) кеден  ісі мәселелері  жөніндегі уәкілетті  орган белгілеген  біліктілік талаптарына  сәйкес болу қажет.

 Кеден  органдарына қызметке  орналасқаннан кейін  арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін  сынақ мерзімі  белгіленеді. 

Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген  тәртіппен әскери есептен шыѓарылады жєне кеден органдарында арнаулы есепте тұрады. 

Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар   кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның басшысын Қазақстан  Республикасының  Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті орган  басшысының орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті  орган басшысының ұсынысы бойынша  Қазақстан Республикасының  Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады.

Кеден органдарының басқа  лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті  орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөлім. Кедендік  төлемді   анықтаудың  өндірістік  жағдайын  шешу

Кедендік  ресімдеудің   жаңа  тәртібін  іске   асырудағы   ең  басты   мақсат  - тауарлар  тасымалдауда  жасырын   айналымға   тосқауыл  қойып ,   кәсіпкерлердің  делдалдар   көмегінсіз    жұмыс   істеуіне    ықпал  ету,  кедендік  ресімдеуді   жеңілдету   және  кедендік  қызметінде  жоғары    жауапкершілік  қалыптастыру. Дегенмен ,  бұл  жаңа  тәртіп   кейбір   көлеңкелі   топтар    тарапынан   тосқауылға    тап  болып ,   жұмысқа   айтарлықтай   кедергілер  келтіруде.

Информация о работе Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері