Ферроқорытпалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 08:49, курсовая работа

Описание

Электрболатбалқыту тәсіліне сапалы және жоғары қоспалы болатты өндіруде басым қызмет жатады. Принципиалды ерекшеліктерінің қатары арқасында бұл тәсіл күкірт, фосфор, оттегі және басқа залалы немесе жағымсыз қоспаларының төмен құрамымен және легирующий элементтердің жоғары құрамымен – хром, никель, мырыш, кремний, молибден, вольфрам, ванадий, титан, цирконий және басқа элементтердің болатқа ерекше қасиет беретін құрамы бойынша әртүрлі жоғары сапалы металлды алу үшін бейімделген.

Работа состоит из  1 файл

Курстық жоба111.doc

— 212.50 Кб (Скачать документ)

     Жаңа  жобаланатын цехта екі әдісті де қолдануға болады. Неғұрлым тиімді болып контеинерлерде беру болып  табылады, себебі оған кететін шығын  мөлшері аз (Ферроқортпаларды берудің конвеиерлік әдісінде шөмішті 5-7 м белгімен береді, еден денгеиінен 55-60 м көтереді, содан кейін белгіге дейін төмендетеді). Осыдан басқа, конвеиерлі беріліс кезінде, ферроқортпалар үшін цех бункерінің жоғарғы бөлігінде қосымша құрылғы орнату қажет, бұл металлоконструкцианың қиындатылуына және цех құрылысының қымбаттауына алып келеді. 

     2.5 Пешті тексеру және оны балқытуға дайындау 

      
  1. Әр балқытудан кейін сталевар пешті, шеген қабырғасының жағдайын, қождық белдігін, күмбездің  орталығындағы шегеннің жағдайын, болат шығару каналын, пештің сумен суытатын элементтердің жағдайын, электродұстағышты, суытуға арналған су жіберетін шлангтарды, кабельдарды қарайды.

     Пешті балқытуға сапалы дайындауы үшін болатбалқытушы жауапты болады.

  1. Пешті отқа төзімді материалдармен жөндеудің барлық операциясын балқыманы шығарғаннан соң жасайды. Бұл үшін қажетті құрал-жабдықтар және материалдар алдын-ала дайын болу керек.
  2. Кейінгі балқытудан қалған металл мен қождың қалдығымен болатты балқыту үшін пештің дайындығын төмендегідей жасалынады:

      – мұқият байқалу жасалынады және магнезиттік ұнтақпен құламаларды (откосы) толықтырады;

  • шығару каналы қождардан және металлдың қалдықтарынан тазартылу керек;
  • шығару каналының элементтері дұрыс жұмыс істеуге қабілетті болу керек;
  • қажетінде жөндеу керек немесе ауыстыру керек;

      – шығару каналы каолиндік мақтадан жасалған тығынмен және жапқышпен астынан жабылу керек және DALPOR PQ-50E материалымен қапталу керек, ал жұмыс терезесінің табалдырығы металлдың қалдықтарынан және қождан тазаланған болу керек және балқу периодына дейін құрғақ магнезиттік ұнтақпен қапталу керек.

  1. Подинаның жалпылық тозуы соңында 90° бұрышымен майыстырылған металлды құбырша немесе шомпола көмегімен өлшеу жолымен бақыланады (көзбен шолып бағалау арқылы) және құрғақ подина кезінде арнайы шаблон көмегімен бақыланады. Берілген өлшемдер ауысымның қабылдау-тапсыру актілер журналында тіркелу керек.

    Қажетінде балқыманы шығарылуы «құрғаққа» жасалынады:

     – пешті жұмыс алаң жағына қарай еңкейтіп, пештің шегеніне және подинасына мұқият байқау өткізеді;

     – подинада тереңдігінің болуын және үлкендігін металлды шомполамен тексереді;

     – металл қалдықтарын пешті ДҮҚМ жағына қарай қайта еңкеюімен подинадан жояды және оны ауамен немесе оттекпен үрлеп жояды;

     – подинадан металлды жою кезінде оның жақсы шашырау үшін құбыршаны металлдың айнасынан 150-200 мм арақашықта ұстау керек;

     – пештің қабырғаларын, құламаларын және подинасын торкрет машинасымен немесе қолмен DTHDL-83C торкрет-массасымен күштейтіп пісіруді жасайды.

  1. Подина және құламалар «өсіп» кеткенде кварцтық құмның көшетімен немесе кварцитпен өшіктіреді.
  2. Күнбез астындағы құмды қақпақты кірпіш сынықтарынан, шикіқұрамның кесектерінен, қоқымдардан тазалану керек және күмбездің тығыз отырылуын қамтамасыздандыру үшін құммен толтырылады.
  3. Күндізгі ауысым кезінде бір тәулік ішінде бір рет күмбездің, басқару пультының және пеш конструкциясының тоқ өтетін жерлерін қысылған ауаның жіңішке ағысымен шаңды жою керек.
  4. Шикіқұрамды төгуге дейін электродтарын ауыстырады немесе өсіреді. Электродты тізелердің жапсары аумағындағы (индикацияның сызықтары арасындағы шекарасында) элекродұстағыш басшасында қысуға тиым салынады.
  5. Сумен суытатын қабырғаның панелінен су аққанын табылса, оны жөнделу керек немесе ауыстыру керек.

     Суытуға жіберілетін су тоқтатылады. 10-15 тонн жеңілсалмақты сүймен төгіледі. Панель қождық гарнисаждан және отқатөзімді шегенінен босатылады. Сумен суытатын элементтердің ақаулы аумақтары отқатөзімді гарнисаждың қалыпына келтірумен бірге доғалы пісірімге ұшырайды.

     Жанып кеткен сумен суытатын элементтер аумағындағы шеген қабырғалары шой балға көмегімен ылғалданбаған шегеннің аумағына дейін алынып жойылады. Содан кейін бұл аумақтар отқатөзімді бұйымдармен шегенделеді және магнезиттік ұнтақтармен пісіріледі.

     Жөнделген қабырғалы панелдерінің үстіне сұйық  шынының су ерітіндісімен ылғалданған магензиттік ұнтақпен қабаты жасалынады.

     Егер  пеш таза болса, пештің операторы  пештің ішінде көзбен шола бақылаулық бақылау үшін қабырғаның қырларын қарайды.

     Бақылауға қиындыққа түсетін аумақтар:

  1. Сумен суытылатын панелдері су ақпау керек. Қождағы ақ дақтар және булар су ағып жатқанын көрсетеді.
  2. Қождың деңгейіндегі отқатөзімділер. Бұл аумақ тотыққан қожбен күшті контактта болу себебінен әрдайым өсіріліп отыру керек.
  3. Панельдің қалыңдығы және жағдайы, әсіресе ойық аумағында.
  4. Ойық жағдайы және қождың деңгейі.
  5. Төгуге арналған тесіктің блоктың жағдайы.
  6. Қабырғалардың жалпы жағдайы.

     Пештің  шегені отқатөзімді материалдармен әрдайым қалпына келтіріліп отыру  керек немесе толық ауыстырылып  отыру керек.

     Егер  пештің кампаниясы (бір айда отқатөзімді материалдардың тозуы) жалғаса берсе, отқатөзімді материалдардың тозуынан жіңішкелей береді, отқатөзімді материалдар арқылы пештің пластиналық қабығына дейін тесіп өтуі мүмкін және сынуына әкелуі мүмкін. Бұндай жағдайдан қалайда болса да шарлау керек. Пештің қызмет ету мерзімі аяғына келер алдында қалпына келтіру жұмыстары жиі жүріп отыруы керек. 

     2.6 Балқыған металлдың  айнасы анықтау 

     Төгілетін шикіқұрамның дәл салмағы пеште  қалған балқытылағн металлдың айнасына тәуелді. Ол уақытпен ажырауы мәнді, әсіресе бақылаудың жоқтығынан.

     Балқыған  металлдың айнасы есептеу үшін жапқыш арқылы соңында 90° бұрышқа майысқан қабыршамен өлшенеді. Буынды қабыршаның ұзындығы    1 м, сонымен бірге  түзу аймағының пештің жапқышы арқылы подтың ортасына дейін өтуі үшін және пештің операторы оны пештен тыс ұстау мүмкіндігі болу үшін ұзындығы соншалық ұзын болу керек.

     Пеш металлдан бос болғанда оқтамамен (стержень) жапқыш арқылы жұмыс істеуге  қажетінде оқтама тыныштық күйіне келгенше оны қожға батыру керек. Оқтманы  мұндай қалыпта бірнеше секунд ұстау керек, содан кейін оны шығару керек. Оқтманың тіктік аумағы болатпен және қожбен жабылып тұрады. Қожды дайындықпен алып тастау керек, ал оқтамада белгі арқылы болаттың тереңдігін өлшеп алу керек. 

Кесте 2 – Болаттың тереңдігі бойынша балқыған металлдың айнасының салмағын бақылау 

Болаттың  тереңдігі (м) Балқыған металлдың  айнасының салмағы (т)
1 2
0,10 3
0,20 6
 

     Егер  балқыған металлдың айнасының деңгейі  жоғары болса, яғни құйылған металлдың  салмағының 10%-нен көп болса, онда келесі балқыту кезінде пештің операторы шикіқұрамды аз қосып төгеді немесе балқыған металлдың айнасының деңгейі төмен болса, шикіқұрамды көп қосып төгеді.

     Бұл есеп өте шамамен алынған, өйткені  ол шегенінің тозуына тәуелді. 
 

     2.7 Шикіқұрам үйіп  төгу 

     Егер  дайындық аяқталса, онда шикіқұрамды пешке үйіп төгуге болады. Шикіқұрам пешке алдын-ала дайындалған 2 корзинамен үйіп төгеді. Шикіқұрамды мезгілсіз үйгенде пештің оператор немесе кранның машинисі шикіқұрамы бар корзинаны пешке жақындату керек.

     Пештің  оператордың бұйрығымен шикіқұрамы бар корзинаны үстіне жақындатып, шикіқұрамы бар корзинаның жармасы (створок) ашылатындай жеткілікті аралыққа дейін мүмкіндігінше корзинаны түсіреді. Пештің үстінгі қаптамасы мен шикіқұрам салынған корзинаның астыңғы түбінің арақышықтығы 1 м болу керек. Пешке салынтатын металлды шикіқұрамның жалпы массасы 70-75 тонна құрғақ подинаға, 64-67 тонна батпақ подинаға. Пешке 3-4 тонна «корждар» (құйылған болаттардың қалдықтары) салуға болады.

     Кейде корзинаға салынған шикіқұрам корзинаның жармасынан немесе корзинаның үстінен шығып тұруы мүмкін. Егер шикіқұрамның желінің  немесе серіппенің кесінділері корзина адамдардың жанында қозғалуы кезінде қауіп төндіру мүмкін. Шикіқұрамның бұл бөлшектері мүмкіндігінше жойылу керек.

     Корзина әрқашанда және байсалды ашылу керек. Пештің операторлары шикіқұрамнан ұшып жатқан бөлшектерінен, қождан немесе сұйық металлдан қауіпсіздану үшін пештен жеткілікті қашықтықта болу керек. Егер корзина бос болса, күмбезді тезірек орнына қою үшін (жылу жоғалуын минимизациялау үшін) оны пештен тез әкету керек.

     Шикіқұрамның  кейбір бөлшектері күмбез жабылатын  жерден өте жоғары жабысқалуы мүмкін, сонымен күмбездің жабылуына  кедер жасайды. Бұл жағдайда, егер бұл қауіпсіз және кранның машинисі тәжірибелі болса, күмбез бұралып жабылу үшін бөлшектерді шикіқұрамның корзинасымен жою керек. 
 

      2.8 Шикіқұрамдық және  қосалқы материлдардың  сапасына негізгі  талаптары 

      ЭББЦ-2 цехіндегі ДББП-60 пешінде болатты  балқыту үшін шикіқұрам – металл сынықтарын (металлолом) қолданылады.

      1)Үюші  бадьяға салынатын ауыр жеке кесек сүймен металлдың максималды массасы  400 кг-нан аспауы керек. Габариті 600×350×250 мм. Металлды шикіқұрам майлы, кірлі токөткізгіш емес заттар, қоқым, түсті металлдардың қоспалар, жарылғышқа әкелетін заттар және т.б. болмауы керек.

      2) Металлды көміртектеу үшін құрамында термоөнделген көміртегі бар материалдарын, кокстық ұсақ-түйектерін, электродтық бойын (кесектің өлшемі ≤50 мм) және шойын бөлшектерінің бойын қолданылады.

      3) Тотықтандырғыш ретінде құрамында темірі (Fe) 60%-дан кем емес теміркеңді құйындылар (окатыши) қолданылады.

      4)  Құрамында 85%-дан кем емес белсенді тотығы (CaO+MgO) бар жаңа ғана күйдірілген әктас болу керек.

     5) Балтқытқыш шпат.

     Бұрын қолданылған шамотты кірпіш бойын  қолдануға болады. Фракцияның өлшемі 0-5 мм болу керек.

  1. Тотықсыздандыру және легірлеу үшін ферроқорытпа пайдалынылады: ферросиликомарганец (FeSiMn), ферросилиций (FeSi 75All), ферромарганец (FeMn 78) және силикокальций (СК20).

      7) Материалдар жіберетін жүйе арқылы берілетін материалдардың фракциясының өлшемі 5-50 мм болу керек.

      8) Қож құратын материалдарда және қатты тотықтандырғыштарда ылғалдық ≤1,5% болу керек. Ферроқорытпаларда, болатшөмішке отырғызылатын кокстық ұсақ-түйектерде және Пеште үрлеу кезінде азоттың ағынында ≤0,5% болу керек.

      9) Оттегі құрамында қоспа мөлшері ≤0,5% болу керек.

  1. Магнезиттік ұнтақтың маркасы ППЭ-88.
  2. Сұйық шынының тығыздығы 1,15-1,40 г/см3.
  3. Эркерға төгетін материал DALPOR PQ-50E.
  4. Торкрет массасы DTHDL-83C.
  5. Каолиндік мақта.
  6. Асбошнур.
  7. Барлық метриалдар пештің жанында қамбада (закрома) немесе ыдыста болу керек, материалдарды бір-бірімен араластыруға болмайды.
 
 

           2.9 Шикіқұрамды балқыту 

     Агрегаттық  журналында сәйкес қызметтегі мамандармен  белгіленген пештің жағдайы, суытатын құралдары, механикалық, гидравликалық  және электрлік аспаптары дұрысталған болса, пешті қосуға болады. Пеш сталевардың бұйрығымен қосылады.

Информация о работе Ферроқорытпалар