Қытай мен Жапонияның қазіргі философиялық ойы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 17:31, контрольная работа

Описание

Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер сұхбаты ортақ рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын, келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін ойнауы заңдылық. Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен кемелін сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған өркениеттер өрісінің жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1 Қытай медитациясының құпиялары.........................................................4
2 Дзэн-буддизмнің негіздері. Дайсэцу Тайтаро Судзуки..........................8
2.1 Дзэн деген не?................................................................................8
2.2 Дзэн-буддизм.................................................................................9
2.3 Дзэн-буддизм – бас тарту деген сөз............................................9
2.4 Дзэндегі адами құндылық..........................................................10
2.5 Мәңгілік тұрғысынан өмір сүру.................................................11
3 Қазіргі өркениет және дзэн. Косё Утияма-роси...................................12
3.1 Жұбатушы діндердің күні өткен – дегенмен де.......................13
3.2 «Мен»-ді өзімде бекіту...............................................................15
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................16
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................17

Работа состоит из  1 файл

Қытай мен Жапонияның қазіргі философиялық ойы.doc

— 128.50 Кб (Скачать документ)

Мәңгілік тұрғысынан өмір сүретіндер әрқашан «бар» және олар ешқашан  «болған», «боламын» түріндегі қалыптасудан өтпейді. Мәңгілік – абсолютті қазіргі нәрсе, ал абсолютті қазіргі өмір өзін-өзі толығымен растайтын «соно-мама» жағдайында болу дегенді білдіреді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗІРГІ ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ДІН

 

3.1 Жұбатушы  діндердің күні өткен – дегенмен де...

 

Хатико есімді жапондық күлкілі кейіпкер шабандоздық өнерді игергісі

келеді. Бірақ астына мінген алыпқашпа аты оның икемсіздігін бірден сезіп қояды. Хатико жұрт ағыл-тегіл жүріп жатқан көшемен көкөніс сататын сәкінің қасынан өтіп бара жатқанда аты жүрмей қояды да, көкөніске ауыз салады. Дүкен иесі ашуланып, атты сауырынан таяқпен тартып жібереді. Аты үркіп, алып қашады. Хатико жалға жармасып, ауып қалмауды ғана ойлайды. Сол сәтте ат жалына жармасып, желдей ұйытқып бара жатқан Хатиконы бір танысы көріп қалып: «Әй, Хатико, қайдан асығыпбарасың?»,-деп айғайлайды. «Мен қайдан білейін! Оны аттан сұра!»-деп жауап береді Хатико.

Бұл өте күлкілі оқиға! Бірақ қазіргі жүзжылдықта адамзаттың жағдайы Хатиконың осы жағдайына  ұқсайды. Бәрі де қайталанып отыр. Егер қазіргі адамнан: «Еңбек өнімділігі туралы қақсай бермей, өзің қайда бағыт алдың?»-деп сұрашы, ол: «Білмеймін! Оны машиналардан сұра!»-деген жауап қайтарады.

Түптеп келгенде, біз, қазіргінің адамдары, алып қашқан жүйріктің  жалына жармасқан надан, байғұс Хатиконың кебін кигендейміз. Біз ғылыми технологиялық өркениетке байланып қалсақ та, оны бағындыруға шамамыз келмей отыр. Сондықтан оның бағыты, барар тұсы бізге беймәлім. Міне, қазір өмір сүріп отырған дәуіріміздің жағдайы осындай.

Ең маңыздысы, адам өмірінің мақсаты, адамның барар жері туралы сұрақтар да жойылды. Еңбек өнімділігінің өсуін, өнімділіктің артуын көріп, байланған көзімізге дәуіріміздің қазіргі өркениетті қоғамы тым тамаша болып көрінетін де шығар. Бірақ адамның (жеке адамның да, ұжымдық адамының да) өмірінің мән-мақсатына қатысты мәселені қайда қоямыз?

Бәлкім, өркениетіміздің  табиғи-ғылыми дамуын шынайы даму деп қате түсініп жүрген адамдар да бар шығар. Жоғарыда қолданған метафораға қайтадан оралып, ғылыми өркениеттің дамуын – Хатико мінген үріккен асаудың құтырынған шабысына теңеуге де болады, өйткені ол Хатико қалаған бағытпен зымырап бара жоқ.

Бұл мәнде қазіргі  өркениеттің шынайы сипатын Арнольд  Тойнбидің: «Қазіргі өркениет – шексіз қуат пен жаратын күшпен қаруланған Адам Атаның ең әуелгі күнәсі», - деген сөзі дәл ашып тұр.

Адам баласы Жер бетінде  пайда болған кезден бастап, мәдениеттің  дамуы екі мақсатты көздеп келеді. Оның бірі – даму, өркениет, екіншісі – бейбітшілік.

Адам өз өмірін жағымды  әрі молшылықта өткізу үшін барын салады; кейде табиғатқа бейімделеді, онымен ымыраласады, ал кейде өзіне бағындырады.

Сонымен қатар, ол өз қабілеті мен әлінің шектеулі екенін түсініп, бір түрлі мазасыз күй кешеді. Алғашқы қауым адамы үшін қоршаған орта ерекше жұмбақ әрі қатігез көрініп, үрей мен табыну сезімдерінің оянуына себеп болған. Адам егіншілік сатысына көтеріліп, топырақ қабатын өңдеу өнері мен үй жануарларын өсіруді үйренгенде табиғи апаттардың аштық әкелетін нәрселерімен, яғни су тасқынымен, қуаңшылықпен, бұршақпен, жәндіктер шапқыншылығы сияқты нәрселердің зиянын көреді. Осындайда адам өзінің Табиғаттың дүлей, долы күшінің алдына мүлдем дәрменсіз екенін жақсы сезінетін. Өз өмірінің қорғансыздығын ойлаған кезде адамның жаны түршігеді.

Екіншіден, табиғатпен табанды  күресін шыдамдылықпен одан әрі жалғастыра отырып, онымен ынтымақтас болуға да тырысатын. Кейде оны жеңіп кетуге талпынып, сол үшін бар күшін салатын. Табиғатты бағындырып алып, тыныштық орнату үшін немесе өз дегенін жүзеге асыру үшін, ол сиқыр мен дұғаны, жол-жора мен жалбарынуды ойлап тапты. Дін адам ақылын тыныштандыру үшін қажет болды. Осы мәнде адамның жан тыныштығына ұмтылуының маңызы оның тарихи дамуына да, прогресс саласындағы күш-жігердің жұмсалуына да әсері бірдей болды.

Бірақ осы екі мақсат арасындағы жетілген тепе-теңдік бұзылған болып шықты. Мұны мысалмен жеткізуге рұқсат етіңіздер. Бұрын қандай да бір маңызды іске кірісер алдында, айталық, үлкен бөгет салудың алдында адамды құрбандыққа шалатын және құрылысшылар өз еңбектерінің сәтті аяқталуын тілеп, Құдайға жалбарынатын. Қарапайым қоғам мұндай әрекетті қылмыс не қатігездік деп қабылдамайтын, ал осындай құрбандықты талап еткен сәуегейдің діні бейморальды не зиянды деп есептелмейтін. Алайда, егер қазіргі қоғамда бөгет құрылысы сәтті аяқталсын деп адамды құрбандыққа шалса қалай болар еді? Әрине, мұндай әрекет заң тұрғысынан да, тіпті, адамгершілік тұрғысынан да қылмыс әрі қатігез әрекет ретінде ұғынылатыны даусыз. Құрылыстың аяқталуына қажет болатын нәрсе – адамның өмірі емес, лайықты техника, құрал және еңбек күші / 9 /.

Бір ғана мысалды алайық. Даму деңгейі жоғары болатын қоғамда  еңбектің бөлінісі жүзеге асады: біз  өзіміз екпеген бидайдың немесе күріштің дәнін жинамаймыз, бірақ өзіміз өсірмеген  сол бидайды не күрішті жейміз. Тіпті түрлі электр құралдары  өмірімізді жеңілдетіп, қолайлы етуде. Бұл мәнде қазіргі адамның өмір сүру үлгісі ежелгінің ең жоғары үлгісіне барабар, айталық, ол, жүздеген құл мен малайдың күтімінде болған Мысырдың ежелгі билеушілерінің үлгісіне жақындады; бізді, яғни бүгінгінің патшаларын зеріктірмеу үшін теледидар бағдарламасына қатысатын бүкіл елден жиналған ең тәуір әртістердің қауымы аянбай қызмет көрсетуде.

Алайда, біз бүгінгі тіршілігімізге шынымен-ақ ризамыз ба? Сірә, риза емеспіз. Қазіргі заманның адамы өз өміріне риза емес. Жұмысшылардың жұмыс берушілермен мәңгі айтысы таусылмайды, олар еңбекақысын көтеруді талап етеді. Халықтар ұлттық мүддесін қорғау үшін жауларымен немесе бәсекелес халықтармен әрқашан соғысуға дайын тұрады. Адамның өмір сүру стандарты өскен сайын оның сұраныстары да артады. Халықтардың мүдделері де кеңейе түседі; ендігіде өте қауіпті қару-жарақ жасалып, ультра әлемдік соғыстың тұтану қаупі бар.

Мұның себебі неде? Өмір сүру деңгейінің өсуі қанағаттанбаудан және қанағаттануға қабілетсіз болғандықтан туындайды; қанағаттанбау өнертапқыштықтың анасы және ол дамудың негізінде жатады. Бірақ ғылыми және жаратылыстану технологияның ешбір жиынтығы адамның материалдық сұранысын өтей алмайды. Осы жолға түскенде, адам тойымсыз тілектерге тлоы қапшықты немесе дорбаны арқалап жүргендей көрінеді. Адам осы жолмен кете берсе, ешқашан қанағат таппайды.

Ғылыми технологияның  шексіз дамуы мен адамның материалдық  өмірінің жайлы болуы, әрине, игі  әрі құнды нәрсе. Сондай-ақ адамның қанағаттанбауының дамудың қозғаушы күшіне айналуы да құптарлық жайт. Мәселе адамның қазіргі жағдайға риза болмауында, сондықтан оның қалаулары жағымсыз сезімді жеңіл оятады, ондай сезім оны өз бауырлары мен халқына қарсы қояды. Сонымен, қанағаттанбау сезімі адам өмірін оның ең дұрыс жағдайы ретінде есептелінуі тиіс ақылдың салмақтылығынан айырады.

Қандай тамаша болып көрінсе  де тек қана техникалық өркениеттің  дамуы ешқашан адамзатты бақытқа  жеткізе алмайды. Ол адамдарға ақылдың  алаңсыздығын сыйлай алмайды. Өмір сүру үлгісін арттыру арқылы шынайы бақытқа  жету мүмкін емес.

Сонымен қатар, ескі жұбатушы діндердің орнына, адамзаттың арасында шынайы, ақиқат дін орнығуы қажет. Діннің жаңа түрі ғылыми-техникалық өркениетпен үйлесім табуы тиіс. Сонымен қатар ол ғылыми-техникалық өркениеттің мүлде бере алмаған нәрсесін, яғни ақылдың шынайы тыныштығын ұсына алатындай болу керек.

Гетенің: «Адам алға басқан сайын, адасқақ келеді» деген  сөзі бар. Бірақ тұман ішінде жүрген адамның пешенесіне міндетті түрде  адаса беру жазылып қойған ба? Неліктен ол алға жүрмеуі тиіс? Әлде біз адастырмайтын, алға жетелейтін және ақылдың толық тыныштығына жолықтыратын жолды таба алмаймыз ба?   

 

3.2 «Мен»-ді өзімде бекіту

 

Дін – адам өміріндегі ең маңызды нәрсені үйрететін мәдениет болып табылады және ол адамға шынайы әрі ақиқат рухани әлемді сыйлайды. Бұл жерде буддизмнің сөздің ең маңызды деген мағынасында нағыз дін болатынын айта кету қажет.

Буддизмде Құдай туралы ұғым айқындалмаған. Ендеше буддизмнің адамға ұсынатын рухани әлемі қандай нәрсеге негізделеді? «Мен»-ді өзінде орнықтыру қағидаты буддизмнің іргелі тұжырымы болып табылады. Басқа діндер, оның ішінде христиан діні де, Құдай идеясын алға тартады; олардың іргелі тұжырымы бойынша дінге сенетін адам өзін толығымен Құдай еркіне тапсыруы тиіс. Бұған қарама-қарсы буддашыл көзқараста «мен» шынайы және өзгермейтін Мен-де бекиді. Әдетте, біз әр түрлі және өзгеріп отыратын қалауымызға еріп, әрқилы бағытпен жүреміз. Шынайы әрі мызғымас Мен-де нығаю-буддизмнің ең негізгі қағидатты ұстанымы.

Айталық, қазіргі ғылыми-техникалық өркениет алға жылжуында бір ғана шалыс қадам басатын болса, ол ақылсыз қоғамға апарады. Егер біз тұтас адами болмыстың ақиқатына жетпей оның бір ғана бөлігін алсақ, егер біз осы бөлікті ғана дамытсақ, біз есуастар мен ессіздердің қоғамын орнатқан болар едік.

Шын мәнісінде ғылыми-техникалық өркениет адам өмірінің ақиқатын елемей, аласұра ілгері жылжуда.

Басқа адамдар сізге  қандай жапсырма тақса да, сіздің шынайы болмысыңыз өзгермейді. Өзіңіздің шынайы Меніңізді тануға, өзіңіздің нағыз  мәніңізді ашуға тырысыңыз. Сонда  ғана көктен көк сәуле, қызылдан қызыл сәуле шығады.

Сонда ғана сіздің тілектеріңіз сізді сергелдеңге түсірмейтін  болады және сіз өзіңіздің өмірлік  мәніңізге ораласыз. Қызғанышсыз, тәкәппарлықсыз, қандай да бір қорланусыз, күрессіз, бірақ жалқаулықсыз сіз өзіңіздің Меніңізді тану үшін көп күш жұмсайсыз. Сол Менде өмірлік қуаттың даңқы, Будданың жарқыраған сәулесі бар. Және өзіңді тану әрекетінде діннің нұры ерекше жарқырай түседі.

«Мен» деп аталатын миға тән жанның күйі де уақыт өте келе, яғни балалық, балғын, толысқан, қарттық шақтарда міндетті түрде өзгереді. Қазіргі «мен»-ді құрайтын нәрсе ағысы толастамай ағатын өзен секілді үздіксіз өзгеріп отырады. Бірақ осы сәтте, осы минутта алынған сәтте бұл ағынды нәрсе «мен», қазіргі «мен» деп аталады / 9 /.

Осы тұрғыдан алғанда «мен» - балауыз шырақтың жалыны тәрізді нәрсе. Жалынның қызуына балқыған балауыз жанады және жанудың орта тұсында жалын пайда болады. Жалпы айтқанда, бұл орын өзгермейді: жалынның қуаты, түрі, көлемі бірдей болады. «Мен» деп аталатын нәрсе жалынға ұқсас. «Менің» ақылым, «менің» денем сияқты, өзінің өзгеруін тоқтатпайды. Құбылып отыратын дене мен ақылдың осындай уақытша тіршілігі даралық болып есептеледі. Ал шын мәнісінде, тас секілді өзгермейтін даралық болмайды. Тұрақсыздық қана бар. Тұрақсыздық қағидатын «мен» деп аталатын тіршілік иелеріне ғана емес, барша жанды және жансыз заттарға қолдануға болады. Буддизмде бұл қағидаттың екі көрінісі бар: кейбір ойшылдар барша зат тұрақсыз әрі өткінші десе, кейбірі – олардың бәрінде субстанциялық қасиет жоқ дегенді айтады.

Тұрақсыздық ұғымын бірден ұғыну қиын, бірақ ол заттардың  бар болуын жоққа шығармайды. Біздің өміріміз – қандай да бір ағып жатқан уақыт тұтастығы, ағынды су жасаған  сарқырамаға немесе иірімге ұқсас  нәрсе. Су үздіксіз ағып жатады және иірімнің пайда болуы, балауыз жалынының пайда болуы сияқты әр түрлі себептер мен жағдайларға байланысты. Жалынға келер болсақ, әр түрлі жағдайлар мен себептер, мысалы қызу, ауа, балауыз және т.б., жалынды туғызады. Иірімнің жасалу жағдайлары мен себептерін ағын судың жылдамдығы, жер бедері және т.б.анықтайды. Иірім мен жалын ғана емес, бүкіл заттар себеп пен салдардың әрекетінен пайда болады. Ғаламдағы берік болып көрінетін нәрсенің бәрі де иірім мен жалынға ұқсас келеді. Беріктік – дәрежеге байланысты мәселе.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осынау түрлі мәдениеттер  тоғысындағы өркениет әлемі бір-бірін  толықтыра отырып, жалпы әлемдік  мәдениетті құрады. Мұнда Шығыс пен  Батысты біріктіретін түрлі құндылықтар  мен менталитеттердің үйлесімі қашан  да салтанат құрмақ.

Бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тілі, діні, мәдениеті, дәстүрлерімен бір-бірімен ерекшеленеді / 5 /. Осынау ерекшеліктер «Батыс» және «Шығыс» терминімен айқындалды. Батысқа рационализм, христиан дәстүрі, ағартушылық, демократия, дербестік тән болса, Шығыс үшін, керісінше, мистерия, сезімталдық, исламдық және буддистік (басқа да) діни ұстанымдар, дәстүршілдік, ұжымшылдық, қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше түрі тән келді.

Батыстық-шығыстық диалог таяу 10-15 жылда қандай болады деген  сауалдар, әрине, көптеген зерттеушілер мен саясаткерлерді, мәдениет пен өнер, дін қайраткерлерін толғандыратыны заңды. Болашақты болжау қиын. Бүгінгі ықпалды идеялар ертең-ақ өзінің күшін жоюы мүмкін. Керісінше, бүгінде тек қана атауы бар идеялар, ертесіне ақыл мен ойдың шыңына өрлеуі мүмкін. Дегенмен екі әлем – Батыс-Шығыс арасындағы диалог қашан да жалпыадамзаттың ынтымақтастығы мен бірлігіне негізделуі, басты ұстанымына айналуы, болашаққа болжар аспашамындай болуы тиіс. Бұл мыңдаған ғасырлардан мұрамен жеткен кешегі өркениеттің, ғаламат жылдамдықпан дамып бара жатқан жаһанданудың жемісі саналатын бүгінгі өркениеттің және де болашақ ұрпаққа аманат етерлік ертеңгі өркениет талаптары.

Бұл бақылау жұмысында  қазіргі заманғы жаһандану мәселелерінің аймақтық, ұлттық мәдениеттерге қатынасын зерттеп жүрген қытайлық және жапондық ғалымдардың еңбектері қарастырылған. Бұл мәселе бүкіл адамзат үшін де, қазіргі Қазақстан үшін де ең маңызды проблемаға айналып отырғаны белгілі.

Сөйтіп, бұл еңбектер тек қазіргі заманғы шығыстық ойдың ең таңдаулылары ғана емес, ол сонымен қатар адамгершілік сипаттарды көрсететін шығармалар болып табылады.

Информация о работе Қытай мен Жапонияның қазіргі философиялық ойы