Қытай мен Жапонияның қазіргі философиялық ойы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 17:31, контрольная работа

Описание

Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер сұхбаты ортақ рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын, келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін ойнауы заңдылық. Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен кемелін сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған өркениеттер өрісінің жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1 Қытай медитациясының құпиялары.........................................................4
2 Дзэн-буддизмнің негіздері. Дайсэцу Тайтаро Судзуки..........................8
2.1 Дзэн деген не?................................................................................8
2.2 Дзэн-буддизм.................................................................................9
2.3 Дзэн-буддизм – бас тарту деген сөз............................................9
2.4 Дзэндегі адами құндылық..........................................................10
2.5 Мәңгілік тұрғысынан өмір сүру.................................................11
3 Қазіргі өркениет және дзэн. Косё Утияма-роси...................................12
3.1 Жұбатушы діндердің күні өткен – дегенмен де.......................13
3.2 «Мен»-ді өзімде бекіту...............................................................15
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................16
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................17

Работа состоит из  1 файл

Қытай мен Жапонияның қазіргі философиялық ойы.doc

— 128.50 Кб (Скачать документ)

Міне, жоғарыдағы мәселелер  бойынша Утияманың өзіндік ерекшеліктері  бар: ол уақыттың бұл ілімге жапсырған жапқышын ашуға талаптанады, ол қазіргі тілмен терең құпияларды жеткізуге тырысады, ол қазіргі кезеңнің күрделі мәселелерін де түсінуге қадамдар жасайды, адамдардың қай жерде болмасын – Жапонияда, Америкада немесе Еуропада тұрғанына қарамай жалпыадамзаттық жағдайда болатынын ескереді, яғни дзэн өлшемінің ғажайыбын көкейкөзімен түйсінеді. Ол буддалық монах сияқты дзэн-буддизмге терең үңілген. Бірақ ол бізге дзэннің белгілі бір конфессияның ауқымынан шығып, әр түрлі діни қауымдастықтар өкілдерінің жан дүниесін бойлап, барлық адамдардың әлемін қамтитын құбылысқа айналатынын ескертеді. Сондықтан оның ілімінде дзэн – шексіздік, дзэн жаңа дүние деп түсініледі / 9 /.

Косё Утияма өзінің алғашқы  шағын «Қазіргі өркениет және дзэн»  деген кітабының өзінде дзэнді әлемге таныстыру мақсатын қояды. Оның еңбегінен Жапонияның Батысқа қарай ұмтылысын, сұхбатқа деген қалауын сезінуге болар еді. Ал Батыс болса дзэнді жақсы қабылдай алды деп ауыз толтырып айтуға да болады. Дзэн туралы батыстық авторлардың шығармалары көптеп кездеседі. Жапонияның өзінде ғана емес, басқа елдердің кейбірінде дзэнге бойлап ену тәсілі практика жүзінде іске асырылуы дәстүрге айнала бастайды. Көптеген жерлерде дзэн үйірмелері мен қауымдастықтары қалыптаса бастайды, ал енді Калифорнияда американдықтардың еркін барып тұруы үшін дзэн монастыры ашылады. Бұл мысалдар әлеуметтік дүниеде дзэн мен христиан діні арасында өзара қатынастардың тереңдей бастағанын, дзэннің батыстық өмір салтында басқа діни бағыттар арасында да бірте-бірте рөлінің арта түсіп келе жатқанын білдіреді.

Шын мәнінде дзэнді әлемге танытушы Дайсэцу Судзуки болып  табылады. Оның жарты ғасырлық еңбегі өз нәтижелерін берді десе де болады. Оған дейін Жапонияның мәдениетімен танысуға тырысқан батыстықтар дзэнді жете түсінген емес. Сөйтіп, доктор Суздуки өзінің лекцияларымен, жеке жазып қалдырған еңбектерімен дзэн әлемін алдымен Солтүстік Америкаға, содан соң Англияға ашады. Одан кейін Еуропа құрлығы толығымен дзэннің құпия әлемімен толық танысады. Әрине, оның еңбектері барлық мәселелерді шешіп тастамайтыны анық еді, оның үстіне ол кейбір әділетсіз сынға да ұшырап отырды. Дегенмен Шығыс пен Батыстың арасында жол салынған еді және дзэн туралы білімдер тоқтаусыз тарап, әлемге жаңа мағлұматтар тарала бастайды.

Сөйтіп, әлем Жапониядан шыққан дзэн теориясын алып қана қоймай, ол оның жанды практикасына да ие болады.Жалпы буддизмнің негізін салушы Готама Будданың «Мен әркімге дхарманы (ізгілікті хабарды) өз тілінде білуге мүмкіндік беремін» деген әмбебап миссиясымен толық сәйкес келетін қадам болатын. Яғни бастапқы идея әлемге нұрлану құбылысы туралы түсініктерді кеңінен тарату болып табылады. Өзінше алғанда дзэн экспортқа шығарылатын тауар емес, оның мақсаты риза емес христиандар мен дінге селқос қарайтын жандарды жақсы буддашылардың қатарына қосу емес.

Косё Утияма дәуірге  байланысты өрбіген теріс таптаурындардан  босатып, оны қамтып тұрған жаңылысулардан қоғамдық сананы тазартуға талаптанады. Ол біздің күнделікті қолданып жүрген тілімізде сөйлеп, біздің мәселелеріміз  бен ойларымызды түсінуге ұмтылады, жалпыадамзатқа тән жағдайларды талдауға тырысады. Жаңадан пайда болып жатқан әр түрлі діни секталар қоғамдық болмыс пен қоғамдық болмыс пен қоғамдық санадағы біршама іркілістердің айғағы екені белгілі. Ал енді дзэнге деген қызығушылық осындай жағдайлардың өзінде төмендемей отыр. Оған негізінен қарапайым тіршілікпен айналысып жүрген пенделер әлемнің әр бұрышында өз еріктерімен келіп жатқаны да белгілі.

Жүргізілген әлеуметтік-философиялық және терең психологиялық талдаулар қазіргі жаһандану заманындағы процестерді қамтып, көптеген елдердің, халықтардың өзекті мәселелерін күн тәртібіне қояды. Бұл еңбектердің Қазақстан Республикасының өркендеп өсуіне, рухани дамуына өзіндік игілікті әсер ететін тұстары бар екенін де байқауға болады. Көптеген проблемалардың астарынан философиялық мазмұндарды анықтай алған, сонымен қатар күрделі мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын шеберлікпен көрсете алған.

2. ДЗЭН-БУДДИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ 

 

2.1 Дзэн деген не?

 

Дзэн, көптеген буддашыл ілімдер сияқты жоғары зиятты және

терең метафизикалық  сипаттағы философиялық жүйе ме? Дзэнді сөздің кәдімгі мағынасындағы философиялық жүйе дей алмаймыз. Дзэн – логикалық  талдауға негізделген жүйе емес. Дзэн дегеніміз – ақыл және біз одан көптеген нәрсені табамыз. Дзэнді ерікті деуге болады. Дзэн жол сілтейтін нәрсе ғана,

Дзэн дінге  жата ма? Бұл көпшілік түсінігіндегі дін емес, өйткені дзэнде табынуға болатын Құдай да, сондай-ақ ешқандай рәсімдік салттар мен о дүниелік болғандар баратын сертті мекен де, ең ақыры, басқа біреу қамқор болуы тиіс және мәңгі бақилығы кейбіреулерді қатты алаңдататын жан сияқты ұғымдар атымен жоқ. Дзэн мұндай қасаң қағидалы және діни қиындықтардан ада. Дзэн Құдайды жоққа шығарады деген сөз емес. Дзэннің Құдайдың бар болуымен не оның жоқ болуымен ісі жоқ. Дзэн дін де, философия да емес.

Дзэн-адам рухы. Дзэн бұл рухтың ішкі тазалығы мен құдіретіне сенеді. Ақылдың немесе жанның табиғатына ену – дзэн-буддизмнің негізгі мақсаты. Дзэн тәжірибесі жанның көкірек көзін ашып, өмірдің негізін көруді мақсат тұтады. Дзэн еркіндікті, яғни кедергілер мен шарттылықтардан азат болуды бірінші орынға қояды. Дзэн – аспанда көшіп жүрген бұлт тәрізді. Оны ештеңе ұстай да, тоқтата да алмайды, ол баратын жеріне барады. Ешқандай медитацияның дзэнді бір орында ұстап тұруға шамасы келмейді. Медитация – дзэн емес.

Дзэннің негізгі идеясы – біздің мәніміздегі ішкі үдерістермен байланыс орнату және ол ешқандай сыртқы немесе жасанды нәрселердің көмегінсіз жүзеге асуы тиіс.

Осыған байланысты, тысқары нәрсемен байланысы бар нәрсенің бәрін  дзэн жоққа шығарады, өйткені онда жалғыз ғана бедел бар, яғни ол - өзіміздің ішкі болмысымыз.

Дзэнде ешқандай құпия жоқ. Христиандар  да, буддашылдар да оны қолдана  алады. Дзэн деген сіздің күнделікті ойларыңыз.

Адамның әр түрлі әділетсіз және шектеулі нәрселерді елемей, тіршілік негізін тани алатындай қабілетіне сеніммен қарауы – дзэннің ең басты қызметі. Дзэн шу мен арпалысқа толы қарапайым адамның кәдімгі және қызықсыз өмірінде көрініс табады. Ол ақылдың жүйелі жаттығуларын талап етіп, өмірдің қайнап жатқан қазанында бірдеңені көруге үйретеді. Ол адамға өмірдің ұлы құпиясының әр сағаттағы, әр күндегі көрінісін ашып береді. Дзэн бізге жердегі жұмақтың есігін ашады.

Дзэн туралы не айтсақ та ол қарапайым, қолдануға жеңіл, сонымен қатар, өте өміршең. Дзэннің әріптерге, сөздерге немесе сутраларға ешқандай қатысы жоқ. Ол сізден өзіңізге пана болатын ақиқатты тікелей тануды ғана талап етеді.

2.2 Дзэн-буддизм

 

Екі жүз жылдан астам  уақыт ішінде байыпты әрі жүйелі

дамыған дзэн-буддизм даосизм мен конфуцианшылдықтың мекенінде нық орын теуіп, мынадай нәрселерден тұратын ілімді ұсынған:

  • Киелі Жазбаларға сүйенбейтін ерекшк аяндар;
  • Сөздер мен әріптерден тәуелсіз болу;
  • Адамның рухани болмысымен тікелей байланысу;
  • Адамның қастерлі мәніне және Будданың кемелдігіне жету.

Дзэн-буддизм ілімін сипаттайтын осынау төрт жолды кімнің

және қай жерде тұжырымдағаны  бізге беймәлім. Қытайлықтардың санасын  шынымен жаулап алуды дзэн Таң  әулеті өркендеп тұрған шақта бастаса  керек.

Енді дзэнді анықтайтын келесі екі жолды алайық: «Адамның рухани болмысымен тікелей байланыс жасау» және «Адамның қастерлі мәні мен Будданың кемелдігіне жету». «Адамның рухани болмысы» оның кәдімгі ақылы немесе психикалық қызметі емес, ақыл да емес. Ол - осы ойлар мен сезімдердің арғы жағында тұратын нәрсе. Егер біз ақылдың не екенін түсінсек, онда табиғатты да түсінеміз, өйткені бұлар бірдей нәрсе. Ақылдың болмысын танып, табиғатпен бірге үнемі үйлесімділікте өмір сүретін адам – нағыз будда немесе ағарған адам. Будда – табиғаттың өзі.

Сонымен, бұл үш термин – табиғат, ақыл және будда - әр түрлі бастапқы нүктелер болады дегенді айта аламыз.

Жоғарыда аталған төрт жолда көрініс тапқан дзэннің  мұраты зиятты, моральды, жоралық және т.б. түрдегі қиындықтарсыз нақтылыққа жету.

Нақтылыққа тікелей  жету – праджнидің немесе трансцендентті даналықтың оянуы болып табылады. Праджня – бір мезетте ерік те, түйсік те болады. Міне, сондықтан  дзэн еріктің дамуымен тығыз байланысты нәрсе.

Ақыл, табиғат, Будда –  бұлардың бәрі ұлы растаушы қағидат болып табылатын бір ғана идеяны жеткізудің әр түрлі тәсілі. Дзэн бізге соларды қолдануды ұсынады.

 

2.3 Дзэн-буддизм – бас тарту деген сөз

 

Шындықты дзэн тұрғысынан тану –  қарапайым тілмен айтқанда адам ойының бүкіл тарихында кездесетін барша дәстүрге (олар қазіргі не ежелгі болса да) қарсы шығып, олардың қайнарына немесе бастапқы нүктесіне жету дегенді білдіреді. Дзэн барша нәрседе қайнарға жетіп, сол жерден жаңа жолдың бастауын табуға ұмтылады. Дзэн ұстаздары өте қызық адамдар. Олар ешқашан сіз алғыңыз келген «тура жауапты бермейді». Бірақ, олардың барлық жауабы іс жүзінде ең тура жауап болып табылады.

Дзэн әдетте игілік және зұлымдық деп аталатын нәрсенің бәрін  бізге, әлемге және адамзатқа қатысты  нәрсенің бәрін мүлде елемейді деп  ойлауға болатындай көрінеді. Жалпы дзэн адам тағдырына ешқандай мән бермейтіндей болып көрінеді. Егер бұл дәл солай болса, онда ол ешкімге де керек болмайды, әсіресе, адамзаттың жойылуына әкеліп соғатын өзара қастандық өршіп тұрған қазіргі кезде. Онда дзэн туралы айтудың мәні қанша?

Дзэн кәдімгі ойлаудан, растау мен терістеуден бас тарту. Біз, әдетте, «А» дегеніміз «А» және «А» ешқашан «Б» бола алмайды дейміз. Бірақ дзэн тұрғысынан келгенде «А» - «А» емес және осыған байланысты «А» дегеніміз «А» болады. Сіз мұны шатастырылған диалектика дерсіз. Мұны дзэннің «бихевиоризмі» деп атауға болады. Мұрын ұшынан қысқанда ауырады. Дзэн ізбасарларының басы ауырса, оның сөйлескісі келмейді. Құс ән салса, оның бұлбұл екенін біле қояды. Тауға барып, ауадағы хош иісті сезгенде, лаврдың гүлдегенін біле қояды. Дзэннің ізбасары күнделікті тәжірибеміздегі барлық деректердің бүкіл болмыспен ажырамас байланыста екенін саналы түрде ұғынуымен бізден ерекшеленеді / 9 /.

 

2.4 Дзэндегі адами құндылық

 

Өзімшіл, ұждансыз мақсатта жасалатын кез келген әрекет жаман, сұрықсыз болады, өшпенділік тудырып, адамзаттың ортақ игілігіне нұқсан келтіреді. Сонымен, ондай кез келген әрекеттің негізінде әрқашан өзімшілдік жатады. Өзімшілдік – зұлымдық жасаушы агент. Жалпақ тілмен айтсақ, құндылықтың екі қыры болады: субъективті және объективті, құндылық өзімшілдік импульстен субъективті түрде ада болмаса, ол құндылық болудан қалады дегенді айтамын.

Егер зат шынымен-ақ өз мәнінде болса, ол құнды болады. Жасанды сұлулық – сұлулық емес.

Сұлу нәрсе жарнамалауды қажет етпейді: біз оған қараймыз және әрқайсымыз оның сұлу екенін білеміз. Кейбіреулер сұлулықтың, жақсылық пен ақиқаттың мұндай түрі адам әлеміне емес, құдірет әлеміне тиесілі нәрсе. Адами және құдіретті нәрселер – бірдей нәрселер, өйткені адами құндылық құдіретті болған соң ғана сондай болады. Сондықтан мен ескі нәрсені жаңа, ал жаңа нәрсені ескі деймін.

Біздің бар болуымыз Құдайдың ісі: біз барлық нәрсе үшін Құдайға қарыздармыз. Тіпті, Құдайдың ісі болмаудың өзі, оның иелігінде  дегенді білдіреді. Біз Құдаймен ажырамайтын байланыстамыз. Адамның заттары Құдайдан келгендіктен ғана құнды болады. Біз осы ойдың желісімен жүре берсек, құнды, маңызды, адамға қажет, сақтауға тұрарлық деп санайтын нәрсенің бәрі жаңа, асқақ мәнде болады. Әрқайсымыз махаббатты адам қоғамының құрылымын өзгертіп, нығайтатын ұлы күш деп білеміз.

Адам өзі өзгермесе  ешқандай ғылым мен техника біздің бүгінгі жағдайымызды жақсартпайды. Жеке адам ретінде саяси қайраткерлер құрметке бөленетін, жақсы адамдар  болуы мүмкін, бірақ олар кіші не үлкен топты басқарғанда көсемдер көсем болудан қалып, демократтарға айналады. Олар, санасы орташа деңгейде болатын және сол деңгейден екі ғасыр өткенде ғана аса алатын тобырдың жетегіне еріп кетеді. Сондықтан солай болғанша дейін, бір, екі мың немесе миллион жыл төзімділікпен шыдап бағайық, бірақ сол кезде біз барша моральды және рухани күш-қуатымызды адам табиғатын жақсартуға жұмсап, табандылықпен үнемі еңбектенейік. Бұл мақсатқа жету үшін ең дұрысы бұрынғының рухани тәртіп тәсілдерін жеке және ұжымдық түрде пайдалану. Бұл тәсілдер жасампаз альтруизм сезімін дамытудағы жаңа тәсілдер болатынына өз басым сенімдімін.

 

2.5 Мәңгілік тұрғысынан өмір сүру

 

     Философтың анықтауынша мәңгілік дегеніміз «келешектегі әрбір оқиға әуелі қазіргіге, кейін - өткенге айналатын уақыттың шексіз кесіндісі». Уақытты мәңгіліксіз, мәңгіні уақытсыз анықтау мүмкін емес. Мәңгілік, екі бағытта - өткенге және болашаққа қарай шексіз созылған уақыт пе екен?

Біздің көріп жүргеніміз аспан емес, Құдайдың ақылында болатын  әуелгі жаратылған мәңгі нәрсе. Сондықтан, егер біз «мәңгілік тұрғысынан өмір сүргіміз» келсе, біз Құдай ақылының бір бөлігіне айналуымыз қажет болады. Сіз: «Бұл өзі мүмкін нәрсе ме?»,-деп сұрайсыз. Бірақ мәселе осындай мақсатқа жету мүмкіндігінде емес, оның қажеттілігінде, өйткені, басқаша болса, біз уақытпен байланысты болып, күнмен, түнмен, аймен және жылмен өлшенетін өмірімізді ары қарай жалғастыра алмауымыз мүмкін.

Информация о работе Қытай мен Жапонияның қазіргі философиялық ойы