РФ өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:55, реферат

Описание

Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.

Работа состоит из  1 файл

Ресей металлургиясы.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)
 

      Өнімнің қарастырылып отырған барлық түрлері  бойынша ресейлік кәсіпорындардың  өзіндік құны украиндықтарға қарағанда  төмен. Қазақстан (Қарағанды комбинаты) өнімінің өзіндік құны туралы да осыны  айтуға болады. Өнімнің өзіндік құны бойынша Рустав зауытындағы (Грузия) кокс, шойын, мартен болатының өндірісі, Әзірбайжан және Өзбек зауыттарындағы мартен болатының өндірісі ішкі одақтық рынокта мүлдем бәсекеге төзімсіз болды.

      Осылайша  ТМД-ның барлық елдерін нарықтық жағдайдағы металл өнімдерін  өндірудың  рентабельділік деңгейіне байланысты шартты түрде үш топқа бөлуге болады (мүмкіндіктің кемуі тұрғысынан):

    1. Беларусь  және Молдова;

    2. Ресей,  Украина, Қазақстан және Өзбекстан;

    3. Әзірбайжан  және Грузия.

      Осылайша  Беларусь пен Молдова тәжірибесі өзіндік ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында қазіргі кезгі кішігірім кәсіпорындардың ішкі  және дүниежүзілік рынокта бәсекеге төзімді  өнім өндіруге болатынын көрсетті /20/.

      Өндірістік  қуаттылықты пайдалану коэффициентінің  деңгейі бойынша 2001 ж. Ресей  мен  Қазақстан өнеркәсіптік дамыған елдер қатарында болды, ал Белорусь пен Молдава қуаттылықты пайдаланудың орташа дүниежүзілік және өнеркәсіптік дамыған елдер деңгейінен де жоғары көрсеткіштерге ие болды.

      Тиімсіз өндірістік қуаттылық қатарына мартен пештерінде болат балқытатын цехтарды жатқызамыз. ТМД-да мұндай әдіспен 32 млн. тонна болат балқытылады. Жалпы болат өндірісінің көлемінде мартендік өндірістің  үлесі Ресей мен Украинада 26,3 және 48,2 % құрайды (кесте 5). 2001 ж. дүние жүзінде мартен пештерінде 36 млн. тонна болат балқытылған. Яғни, Ресей мен Украина үлесіне дүниежүзілік  мартендік болат балқытудың 87 % келеді.

      ТМД елдеріндегі қара металдар өндірісінің  техникалық деңгейі туралы болат  балқыту өндірісінің құрылымдық өзгерісі мен үздіксіз болат балқыту  үлесінің көрсеткіштері арқылы білуге болады.

      Болат балқыту өндірісінің құрылымындағы  айтарлықтай өзгерістер Ресей, Украина, Қазақстанда  1990-2001 жж. кезеңінде  өтті. Бұл өзгерістер болат балқытудың жалпы құрылымында  конвертілік  өндіріс үлесінің ұлғайып, мартендік өндіріс үлесінің кемуімен сипатталады. Жағымсыз өзгеріс ретінде Украинадағы электрболат үлес салмағының  төмендеуін айтуға болады. Болат балқыту өндірісінің құрылымындағы аса оң өзгерістер Ресейде байқалады. Егер, 1990 ж. Ресей мен Украинадағы мартендік үлес өндірісі бірдей болған болса, 2001 ж. ол Ресейде Украинаға қарағанда 1,8 есе төмен болды /21/.

      Кесте 7

      ТМД елдеріндегі болат балқыту өндірісінің  құрылымы, %. 

Елдер мен процестер Жылдар
1990 1992 1996 2000 2001
Жалпы ТМД

соның ішінде:

конвертерлік

мартендік

электроболат

100.0 

35.3

51.6

13.1

100.0 

37.1

49.3

13.6

100.0 

49.4

38.4

12.2

100.0 

54.8

32.6

12.6

100.0 

55.7

31.7

12.6

Ресей

соның ішінде:

конвертерлік

мартендік

электроболат

100.0 

31.7

53.3

15.0

100.0 

34.5

50.0

15.5

100.0 

51.5

35.9

12.6

100.0 

58.0

27.3

14.7

100.0 

58.7

26.3

15.0

Украина

соның ішінде:

конвертерлік

мартендік

электроболат

100.0 

40.5

52.9

6.6

100.0 

39.8

52.6

7.6

100.0 

45.1

49.5

5.4

100.0 

46.9

50.0

3.1

100.0 

49.0

48.2

2.8

Қазақтан

соның ішінде:

конвертерлік

мартендік

электроболат

100.0 

70.1

22.4

7.5

100.0 

70.5

24.7

4.8

100.0 

78.8

18.7

2.5

100.0 

98.0

-

2.0

100.0 

98.0

-

2.0

Беларусь

электроболат

100.0 100.0 100.0 100.0 100.0
Грузия

соның ішінде:

мартендік

электроболат

100.0 

99.6

0.4

100.0 

99.6

0.4

100.0 

99.4

0.6

- 

-

-

- 

-

-

Әзірбайжан

соның ішінде:

мартендік

электроболат

100.0 

94.6

5.4

100.0 

100.0

-

100.0 

94.4

5.6

- 

-

-

- 

-

-

Молдова

Электроболат

100.0 100.0 100.0 100.0 100.0
Өзбекстан

соның ішінде:

мартендік

электроболат

100.0 

31.5

68.5

100.0 

30.2

69.8

100.0 

29.1

70.9

100.0 

28.0

72.0

100.0 

28.0

72.0

 
 

      ТМД-ның  өзге елдерінде болат балқыту  өндірісінің құрылымы аса өзгерген жоқ. Жалпы ТМД бойынша болат  балқыту өндірісінің құрылымы айтарлықтай  жақсарғанымен, метал өндіруші ірі  елдер арасында ең жоғары дәрежеде емес (Қытай мен Үндістанда конвертерлі және электроболат балқыту процестерінің қосынды үлесі 2001 ж. 81,9 және 92,7 % сәйкес болған).

      ТМД елдерінде, ең алдымен, Ресей мен  Украинада үздіксіз болат құю  үлесі өсуде. Жалпы ТМД елдері бойынша үздіксіз болат құюдың үлес  салмағы ірі метал өнімдерін өндірушілер арасында ең төмен  болып отыр (Қытай мен Үндістанда үздіксіз болат балқыту үлесі 2001 ж. 87,3 және 63,3 % сәйкес болса, дүниежүзінде орташа 86,6% болды).

      1990 ж. бұрынғы КСРО үлесіне әлемдік дайын болат өнімдерін тұтынудың 18 % келген. Дайын болат өнімдерін тұтынудың адам басына шаққандағы көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО (404 кг/ад) Жапониядан артта қалып (752 кг/ад), АҚШ-ң (351 кг/ад), ЕО-ң (333кг/ад) және орташа әлемдік деңгейдің (126 кг/ад) алдында болған.  КСРО-ның ыдырауы мен нарықтық реформалардың басталуынан кейін дайын болат өнімдерін тұтынудың абсолютті және үлестік көрсеткіштері ТМД елдерінде тез төмендей бастады.

      1996 ж. бастап ТМД елдерінде өнімді  өндірудің орташа үлестік көрсеткіштері орташа әлемдік деңгейден төмен түсті.

      1999 жылдан бастап Ресейде металл  өнімдерін тұтынудың көрсеткіштері   ұлғая бастады – соңғы 3 жылда  шамамен 67 %-ға өсті.

      1990 ж. Ресей дайын прокаттың нетто-импортеры  болған. КСРО-ның ыдырап, нарықтық  қатынастарға көшкеннен кейін Ресей дайын болаттың нетто-экспортерына айналды. 1990 жылға дейін экспорттың жыл сайынғы көлемдері ұлғая берді. Осылайша 1990-2001 жж. кезеңінде дайын прокат өндірудің 1,35 есе төмендеп, нетто-экспорттың 25,8 млн. тоннаға ұлғаюы жағдайында тұтыну көлемі 65,6-дан 23,2 млн. тоннаға, яғни 2,8 есе төмендеді /20/.

      Прокат  тұтынудың көлемі ТМД-ның барлық елдерінде төмендеді. Украинада 1990-2001 жж. ол Ресейден де көп  қысқаруға  ұшырады, ал жалпы бұрынғы КСРО елдерінде  орташа 4 есе. Украина дайын прокаттың өзге республикаларға дәстүрлі сатушысы болып табылады. 1990 ж. украиндық нетто-экспорттың көлемі 12,5 млн. т. жетті. КСРО-ның ыдырауы, бұрынғы  шаруашылық байланыстардың жойылуы мен ТМД-ның барлық елдерінде металл өнімдерін  ішкі тұтынудың  күрт  төмендеуінен кейін Украинадан нетто-экспорт көлемі төмендей бастады.  Бұл процесс 1995 жылға дейін дамыды. Ары қарай металл өнімдерін  ТМД-дан тыс шығару көлемінің ұлғаюы арқасында нетто-экспорт күрт жоғарылады – 1995-2001 жж. кезеңінде шамамен 2,3 есе.

      ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан басқа дайын прокаттың айқын  нетто-экспортерларына Қазақстан  мен Молдаваны жатқызуға болады. Бұл елдерде экспортталатын прокат үлесі оның өндірісінің 80 және 95 %-н құрайды. ТМД елдерінен алыс шетелге жөнелтілетін прокат экспортының     50 %-ы Ресей үлесіне келеді.

      Беларусьте 1999-2000 жж. жыл сайынғы прокат экспорты импорт көлемінен шамамен 1,5 есе  жоғары болды. Сондықтан бұл ел де металл өнімдерінің  нетто-экспортеры болып табылады. ТМД-ның өзге елдері металл өнімдерін импорттайды.

      Ресей болат трубаларының дәстүрлі нетто-экспортеры болған. 1998 жылға дейін трубалардың  тұтынуы, өндірісі, экспорты және импорты  төмендеді.  1999 ж. бастап  бұл көрсеткіштердің  барлығы ұлғая бастады. Алайда трубаларды  тұтынудың 1,7 есе өсуі жағдайына олардың өндірісі 1,9 есе өсті. Нәтижесінде 2001 ж. трубалардың экспорты мен импорты іс жүзінде теңесті – 927 және 947 мың тонна. Жалпы 1990-2001 жж. кезеңінде  болат трубаларын тұтыну  2 еседен артық кеміді /22/.

      Ресейге трубалардың басты бөлігі Украинадан импортталады. 2001 ж. Украинаның жалпы импорттағы үлесі 68 % құрады.

      1990-1995 жж. ТМД, жалпы алғанда, болат  трубаларының  нетто-импортеры болды.  Алайда импорт көлемі аса үлкен  болмады және болат тұтынудың   шамамен 10 %-н  құрады. 1996-1997 жж. алыс шетел мемлекеттерімен болған экспорт және импорт көлемі теңесті. Жалпы алғанда болат трубаларын тұтыну мен өндіру көлемі 1990-2001 жж. шамамен 3,3 және 2,7 есе төмендеді /21/.

      Трубалардың нетто-импортерлары қатарына Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан мен Молдова жатады. Бұл елдерде тұтынылатын трубалардың барлығы импортталады. 1995 жылдан бастап нетто-импортерлар қатарына Әзірбайжан қосылды, себебі бұл елдегі труба өндірісі аса төмендеп кетті.

      ТМД елдері арасында трубалардың нетто-импортеры Украина болып табылады, экспортқа өндірілетін трубалардың 75 %-ы кетеді, оның 45 %-ы  Ресейге. Болат өнімдерін (дайын прокат және болат құбырлар) тұтынудың төмендеуі 1990-2001 жж. аралығында шикізаттың барлық түрлерін материал, жартылай факрикаттарды  тұтынудың төмендеуімен  қатар жүрді. Ресейдегі шойын өндірісі мен тұтынудың балансы төмендегі кестеде көрсетілген.

      Кесте 8

      Ресейдегі шойын өндірісі,экспорт, импорт және тұтыну, млн. т. 

Көрсеткіштер

Ж  ы  л  д  а  р

1990 1994 1995 1998 1999 2000 2001
Өндіріс

Экспорт

Импорт

Тұтыну

59,3

2,8

1,3

57,8

36,5

3,3

0,2

33,4

39,8

2,9

0,2

37,1

34,7

2,5

0,02

32,2

40,8

2,8

0,004

38,0

44,6

3,6

0,002

41,0

45,0

3,6

-

41,3

      Ресей шойынның нетто-экспортеры болып табылады. 1998 ж. кейінгі кезеңде шойын экспортының  абсолютті және салыстырмалы көлемдері ұлғайды. Бүкіл кезең бойында ТМД шойынның нетто-экспортеры болды. 2001 ж. Ресей мен Украина  шамамен 6 млн. т. шойын экспорттады (түгелімен дерлік алыс шет ел мемлекеттеріне). Бұл бүкіл өндіріс көлемінің 8,5 %-н құрады.

      1990 ж. Украина ТМД елдері  арасында шойынның ең ірі нетто-экспортеры болды. Бұл елде экспортталатын  шойын үлесі өндірістің 19  %-н құрады. Алайда 2001 ж. қарай экспортталатын шойын үлесі 7  %-ке дейін төмендеді. Сондықтан шойын тұтынудың  төмендеу қарқындылығы Украинада өндіріс көлемінің төмендеуіне қарағанда төмен.

      Ресейде жағдай Украинадан өзгеше. Егер 1990 ж. шойынның нетто-экспорты  тек 1,5 млн. т. құраса, 2001 ж. ол 3,6 млн. т. дейін ұлғайды, ал экспортталатын шойын үлесі өндіріс көлемінде 4,7-ден 8,0  %-ға өсті. Осыған байланысты Ресейдегі шойынды өндіру мен тұтыну көлемі  қарастырылып отырған кезеңде 1,3 және 1,4 есе төмендеді.

      ТМД-ның  домналық өндіріс жоқ елдерінің  барлығы шойынның нетто-импортеры  болып табылады. Алайда импорт пен  шойын тұтынудың көлемдері бұл елдерде аса аз.  Ресейдегі электроферроқорытпа өндірісі мен тұтыну балансы төмендегі кестеде көрсетілген.

      Кесте 9

      Ресейдегі электроқорытпа өндірісі, экспорт, импорт және тұтынылуы, мың т. 

Көрсеткіштер Ж  ы  л  д  а  р
1990 1994 1995 1998 1999 2000 2001
Өндіріс

Экспорт

Импорт

Тұтыну

1588

-

-

-

765

548

608

825

876

494

608

990

699

335

294

658

868

402

244

710

966

398

390

958

942

372

372

942

Информация о работе РФ өнеркәсібі