Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты

Автор работы: e****************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание

Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

Содержание

1 Кіріспе................................................................................................3 I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5
1.2 Қаржы инвеститциялары ..............................................8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11
II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.........................................................................................16
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері.........................................................18
III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі...........................................................................22
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері...........................................................25
Қортынды....................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.............................

Работа состоит из  1 файл

мемл. Kaрылым инв.сясат-1.doc2003.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

          
 

Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып, салалық тжәне аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау –халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды.Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің  құрылымдық саясаты біздің ойымызша  келесідей мәселелерді қамтуы  тиіс:

-дайын  өнім шығару экспорттық әлеуметті арттыратын салалар дамуына басымдық беру.

-ішкі  нарық талаптарын қанағаттандыратын  және импортты алмастыратын өнім  өндірісін кеңейту;

-негізінен  отандық өндіріс есебінен халық  шаруашылығы барлық салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

-халық  қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету.

-экономиканың  аграрлық секторының дамуын тездетуге  бағытталған қаржы және несие  қорларын арттыру және т.б.

        Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай  келе келесідей негізгі тұжырым  жасауға болады: мемлекеттің құрылымдық –инвестициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше  және салалық, аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес.Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде  капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне ауысуы ешқашанда бірінші кезектегі әлеуметтік мәселерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтіндігін

түпкілікті ұғыну қажет.Ал, олардың шешім тұтастай алғанда мемлекеттің жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты жүзеге асырудың басты мақсаты.

         Макроэкономикалық деңгейде оны  жүзеге асырудың шешуші механизмі  –басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары. Онда әлеуметтік –экономикалық, ғылыми –техникалық, ұйымдық –құқықтық сипаттағы шаралар жеткілікті түрде нақтыланады. Сондай –ақ, ішкі және сыртқы нарықтарда тиісті орын алу мақсатында осы салалар шығаратын өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді.

       Бағдарламаның көрсеткіштер басымды  салалармен аймақтардың барынша  қарқынды дамуы үшін тиісті  жағдайлар жасау жөніндегі барлық  шараларды қормен қамтамасыз  ету барысында қамтиды. Бұл  жерде әселе ең ету алдымен  қаржы ресурстары туралы болып отыр, өйткені оларды анықтау кезінде сала ішіндегі (аймақтық) резервтер ескеріледі. Құрылымдық –инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі –басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу –бұл жоғарыда аталған резервтерді арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл істе қарастырлып отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын салықты азайту (жеңілдікпен салық салу), сондай –ақ иновациялық  қызметке,әсіресе жаңа ғылыми –техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рөл атқарады. 

                                                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   
 
 
 
 

Қорытынды 

     Мен осы курстық жұмысымды аяқтай отырып,бұл жұмысымды қорытындылайтын болсам,мен өте күрделі тақырыпты талқыладым.

     Біріншіден жалпы инвестиция дегеніміз не екенін ұғынып,содан соң оның мәнін,мазмұнын, объектілерін және субъектілерін ашып түсінік беріп өттім.

    Себебі,менің тақырыбымның негізгі түйіні инвестиция деген ұғымға негіз болатын.

     Енді тақырыбымды аша отырып,өз ойымды айта кетейін.

     Азаматтар мен кәсіпорындардың,қаржы институттарының,мемлекеттердің арасында алуан түрлі әрі күрделі экономикалық процестер мен өзара қарым-қатынастар қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында ішкі және сыртқы нарықта капиталды көдейту мақсатында тиімді салым салу немесе инвестициялау—аса күрделі,маңызды мәселе.

    Кең мәнінде инвестиция дегеніміз —мемлекеттің,заңды және жеке тұлғалардың пайда табу мақсатында жаңа кәсіпорындарды құруға, кеңейтуге, қайта құруға,техникалық қайта құралдандыруға, жылжымайтын мүлікті,сондай-ақ акциялар мен облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын ақша қаражаттары,мүліктік және интеллектуалдық құндылықтары.

    Инвестицияның экономикалық табиғаты кеңейтілген ұдайы өндіру процесінің заңдылығымен байланысты және оның мәні қосымша қоғамдық өнімнің бір бөлігін қоғамың өндірістік күші жүйесінің барлық элементтерінің саны мен сапасын көбейту үшін пайдалану болып табылады.

    Ғалымдар инвестициялау түсінігімен ең алдымен құрал-жабдықты,технологияны байланыстырады,сонымен қатар бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу процесінде қарастырады.

    Мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады,өйткені кең мағынада алғанда,ол әр алуан текті операциялардың тізбектеліп орындалуы бар белгілі бір процесі болып табылады.

    Осы процестің әлеуметтік-экономикалық   салалары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамассыз ететін белгілі бір механизм ретін бағалауға болады.

    Тақырыпты инвестиция негізінде қолдана отырып,үлкен мәлімет алдым деп ойлаймын, мәліметпен қатар түсінік ала отырып мен осы   курстық жұмысымды қорытып аяқтаймын. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Инвестиция туралы ҚР мемлекеттік комитетінің құрылуы»  Заңы 9.11.1996ж.
  2. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»   ҚР Заңы 28.02.1997ж.
  3. Әубакиров Л.Ә. Нәрібаев К.Н. «Экономикалық теория»   Оқулық Алматы, 2000ж.
  4. К.Б.Бердалиев «Қазақстан Экономикасын басқару негіздері»   Оқу құралы Алматы 2001ж
  5. И.В.Игошин «Инвестиции»  Учебник Москва,2000 ж
  6. Ж.О.Ихданов. Э.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Оқу құралы-Алматы, 2002ж.
  7. Кажамгулов.Т. «Саяси экономия негіздері»   Алматы, 2001ж.
  8. Т.С.Крылова «Экономикалық теория»Алматы, 2004ж.
  9. А.Г.Куликов «Кредиты инвестиции»Учебное пособие. Москва, 1995ж.
  10. Ғ.Т.Курманова, Қ.Ғ.Дюсембаева «Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» Орал 2003ж.
  11. А.Қ.Мейірбеков,Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы»Оқу құралы Алматы,2003ж.
  12. Осипова «Экономикалық теория негіздері»Алматы 2002ж.
  13. В.С.Савчук «Анализ инвестиционных проектов»Учебник .Украина.2000г.
  14. С.С.Сахариев А.С.Сахариева «Жаңа кезең-экономикалық теория»-Алматы,2004ж.
  15. А.М.Сейтказиева, А.Б.Байкадамова, Ж.И.Сариева «Инвестиционная деятельность предприятия»Учебное пособие. Алматы. «Экономика» 1998г.
  16. И.С.Сергеев «Финансирование и организация инвестирования»Учебное пособие Москва 2000г.
  17. Ө.Қ.Шеденов, Ч.С.Байжомартов «Жалпы экономикалық теория»Алматы,2004ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты