Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты

Дата добавления: 28 Ноября 2011 в 14:42
Автор работы: s**********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать (42.44 Кб)
Работа состоит из  1 файл
Скачать документ  Открыть документ 

мемл. Kaрылым инв.сясат-1.doc2003.doc

  —  175.00 Кб

    Жоспар: 

1 Кіріспе................................................................................................3                                                                                                                    I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.

         1.1   Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5

         1.2    Қаржы инвеститциялары ..............................................8

         1.3     Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11 

II бөлім. Қазақстандағы   тікелей  инвестицияларды   мемлекеттік        

                 қолдау.

      2.1  Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік 

              қолдау.........................................................................................16

      2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және

           оның маңызды мәселелері.........................................................18                                                                                                                                                                                                             

III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.

        3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21                  

        3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік

              басқару жүйесі...........................................................................22    

        3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын                                                                          

               қалыптастыру негіздері...........................................................25 

    Қортынды....................................................................................32

           Пайдаланған әдебиеттер..............................................................34                                                                             

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                    Кіріспе 
 

Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

    Экономика құрлымын реформалау  Қазақстанның қазіргі және келешек  мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен  мемлекеттік инвестициялық саясат негізінде жүзеге асырылады.Жинақталған қорлану деңгейінің жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының болмауы, қаржы-несиелік ресурстарының шектеулігі инвестициялық саясат сипатын және оның іске асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды.

    Bнвестициялық саясаттың бастапқы кезеңдеріне тоқталатын болсақ онда мынадай міндеттер қойылған болатын.

    Бірінші кезеңнің міндеттері (1996-1998ж) макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу және өндірістік қорлану көздерін кеңейту үшін жағдайлар жасау еді.

    Екінші кезеңнің міндеттері (1998-200ж)өндірістің  жандануы және экономикалық өсудің басталуы үшін алғы шарттар жасау болып табылады қаржыландыру көздерінің барлық түрі бойынша күрделі қаржыландыру үлесін 2000 жылға дейін ішкі жалпы өнімдерінің 26-27%дейін жеткізу , ал ол 1995 жылы 20% болған еді.

     Жұмыс жасап тұрған өндіріске күрделі қаржы салуды, оның даму қажеттілігіне және өзіндік құралдармен қалыптасуына есеп жасай отырып кәсіпорындар өздері жоспарлайды.

     Өндірістік құрылыстарға жұмсалатын  күрделі қаржылардың  жалпы  көлемінің 25%-ке жуығы АӨК дамытуға  жіберіледі, бірінші кезекте, импорт алмастырушы өндірісті ұйымдастыруға, ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау  мен қайта өңдеуге; 40%-ке жуығы жылуэлектрстанциясы құрлысын және электроэнергетикадағы  электртасмалдаушы желілерді,қайта өңдеуші өнеркәсібі объектілірін қаржыландыруға жұмсалады. Құралдардың едәуір бөлігі темір жолдар мен әуе жолдары қатынастары объектілерінің құрылыстарына салуға көзделеді.

     Республиканың экспорттық қуатын  көтеру үшін шетелдік капитал  қатыстыруымен Батыс Қазақстан-Құмкөл, Атырау-Новоресей экспорттық мұнай құбырлар құрылып жұмыстары жалғастырылады. Маңғыстауда жаңа мұнай өңдеуші зауыт салынады, Атырау,Павлодар және Шымкенттегі зауыттар реконструкцияланып жәңе кеңейтіледі.

   Транспорт және байланыс саласында  Қазақстанның халықаралық транспорттық магистральға шығу саясаты жалғастырылады.Өз құралдарымыз және жапондық инвестиция бойынша «Достық» станциясы салынады.

   Европалық даму банкісі несиелері  есебінен Ақтаудағы теңіз порты  қайта конструкяиланып, Алматыда  аэропорт конструкцияланды.

Қорыта  келгенде, бұл курстық жұмысының  мақсаты-инвестицияның мәні мен  маңызын ашу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері. 
 

      
    1. Инвестициялардың  маңызы, мәні және түрлері

      Инвестициялар-кәсіпкерлік  қызметінің және нәтижесінде пайда құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы.

      Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы  инвестициялары болып бөлінеді. Нақты  инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке,ауылшаруашылығына,құрылысқа  және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары—мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

      Бірінші жағдайда инвестор,өзінің өндірістік капиталының көлемін—өндірістік негізгі  қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады.Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан  дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

        Сонымен қатар,инвестициялар тікелей  және жанама болып бөлінеді.Қазақстан  Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қорғау» заңы бойынша  инвестициялар—республиканың тәуелсіздік  кепілдігіне байланысты және  арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициядан басқа барлық инвестиция түрлері.

      Жанама  инвестициялар—қоржындағы инвестициялар,басқаша  айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың  атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

      Инвестицияның негізгі түрлері.Әр бір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады,яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

      Коммерциялық  тәжрибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

      —табиғи активтерге инвестициялар;

      —ақша активтеріне инвестициялар;

      —материалдық  емес активтерге инвестициялар;

      Табиғи  активтерге —өндірістік ғимараттармен  құрылымдар,қызмет уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналармен жабдықтар  және өндіріс процессінде қолданылатын басұа да мүліктер жатады.

      Ақша  активтеріне—басқа да жеке тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы,банкіде—депозиттер,облигациялар акциялар,несиелер қарыздар кепілдіктер.т.б.

      Материалдық емес активтерге—фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін  жоғарылату арқылы,сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу,өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу,өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

        Тиімділікті арыттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты-жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

       Өндірісті кеңейтуге бағытталған  инвестициялар.Негізгі мақсаты—өндіріс  орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

            Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар.Жаңа өнімдер,тауарлар шығара латын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

          Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған    инвестицилар.

      Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік  ұйымдардың экологиялық стандарттар,өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.

Инвестициялардың  бұл сыныптамасы тәуекелшілдік  деңгейімен байланысты.Инвестициялардың түрлерімен тәукелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген: 

                        Инвестиция түрлерімен тәуекелшілдік  деңгейінің байланысы.

3-түрі 2-түрі 1-түрі 4-түрі
Жаңа  өндірістерді салуға инвестициялар. Өндірісті кеңейтуге  инвестициялар. Тиімділікті арыттыруға инвестициялар. Мемлекеттік ұйымдардың талаптарын орындауға инвестициялар.
Тәуекелшілдіктің  жоғарғы деңгейі. Тәуекелшілдіктің  төменгі деңгейі.

 

Кәсіпорындардың өндірістік—шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік—эконмикалық потенциялын сақтау және әр қарай дамыту.Кәсіп орындардың бұл саладағы іс-әрекеті—инвестициялық іс-әрекет деп аталады.Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы» бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар(инвестициялық  іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды  тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты  орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің  объектілерін қолданушылар,сонымен  бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар(банкілер,қамсыздандыру ұйымдары,инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процесстің қатысушылары жатады.Тапсырыс берушілерге—инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаның іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар « Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар  және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» заңдармен және де «Банкорттық жайлы», «Бағалы қағаздар нарығы жайлы» , « Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Страницы:12345следующая →
Описание
Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.
Содержание
1 Кіріспе................................................................................................3 I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5
1.2 Қаржы инвеститциялары ..............................................8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11
II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.........................................................................................16
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері.........................................................18
III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі...........................................................................22
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері...........................................................25
Қортынды....................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.............................