Қазақ халқының салт дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2010 в 20:31, реферат

Описание

Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының салт - дәстүрлері.docx

— 36.84 Кб (Скачать документ)

Келін түсіру 

  Келін түсіру (салт). Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен қуаныштың ең бастысы осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, «боладысы» да қызық.

Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың қыз келіншектері жас  келіннің алдынан шығып, ешкімге  көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду, дырду, ойын сауық басталады. Шымылдық жиналған сәтте салтанатпен «Беташар» басталады. 

Байлау 

  Байлау (салт). «Бері кел, байлан мынаны!» (Ғ.Мүсірепов). Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттарының бірі – байлау. Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға ұсыну ежелден қалыптасқан ұлттық әдет. Бұл салтты бұзу адамгершілік әдебінен аттау ретінде жазаға тартылады, сөгіс жарияланады немесе ел алдында бетке басылады.

  Дегенмен мұндай жағдайда аңшы адамның алғашқы олжасы болса, ол «байлануға» жатпайды, керісінше оған «құтты болсын» айтады. 

Ауыз  тию 

  Ауыз тию (дәстүр). «-Қымыз әкел, ас ауыз тигіз мыналарға!» (М.Әуезов). Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол «Қара шаңырақтың киесі қолдасын» деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса «күйеуің тастап кетеді», еркек болса «әйелің тастап кетеді» деп әзіл айтады. «Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа» деген мәтел бар.

  Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта «үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі. 

Аяғына  жығылу 

  Аяғына жығылу (дәстүр). Мұның да екі түрі бар.

1. Кейде  бірін-бірі ұнатқан жігіт пен  қыз ата-ананың келісімне қарамастан (әсіресе қазіргі кезде) бас  қосады. Мұндайда қызды «қашып  кетті» дейді. Қыздың әке-шешесі  ренжіп, кейде қатты ашуға басады, көрместей болады. Осы кезде жігіт  жағынан жігіт әкесі бас болып  «елшілер» келіп, құдаларының  «аяғына жығылады», яғни кешірім  өтінеді, бітім сұрайды. Оның  аяғы татулыққа ұласады.

2. Аяғына  жығылудың басқа ұғымды білдіретін  екінші түрі де бар. «Аяғына  жығыл деймісің?» (М.Әуезов). Кешірім  сұраудың ең үлкен және кішіреюдің  ең ауыр түрі аяғына жығылу  болып табылады. Мұнда айыпты  адам жанына беделді адамдарды  ертіп, тиісті үйіне барып кешірім  сұрайды. Егер іс қиындап кетсе,  айыпкер қарсы адамның алдына  жығылып, аяғын құшып, жылап  кешірім сұрауы керек. «Алдыңа  келсе, атаңның құнын кеш» дегендей  мұндай да кешірім етіледі.  «Аяғына жығылу» да жазамен  бірдей болып есептеледі 
 

Бүйрек 

  Бүйрек (салт). Мұны қазақтар бүйрек дейді. Соғым сойғанда үлкенге сыбаға, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі. Сонымен бірге мұндай кездерде жас балаларда ұмытылмайды. Жақын, таныс, көрші адамдар соғым сойғаннан кейін бір-бірінің балаларына әдейі арнап бүйрек жібереді. Яғни балаларға лайықтап жүрек, бүйрек араластырып шағын сыбаға жолдайды. Бұл да балалардың көңіл мерейін өсіретін ағайын туысты жақын халық тәрбиесінің бір түрі. 

Бет айғақ 

  Бет айғақ (салт). Халықтық құқықтық салтында жоғалған малды, затты тапқан, көрген адамдар сүйінші сұрайтын әдет бар. Мал, зат иесі оның сүйіншісін береді немесе қалағаныңдың ал дейді. Ал қылмыстық істерде қылмыскерді, ұрыны тағы басқа жат істермен жүргендермен ұстаған адамға сүйінші орнына берілетін ынталандыру сыйлығы бар. Оның аты "Бет айғақ”. Мұны "Бет айғақ” жасаған адамға бұрынғы билер кеңесінің тәртібі бойынша малдың, мүліктің, ақшаның бестен бірі беріледі. Әрине, әлгі адам қылмыскердің іс-әрекетін дәлелдеп, айғақты заттармен куәлармен оның мойнына қойып беруге міндетті. Бұл істі елдің билері ақсақалдардың қатысуымен шешеді. Шешім сол сәтте орындалады. 

"Шаңырақ түйе” 

  "Шаңырақ түйе” (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің шешесі, жеңгесі мініп келе жатқан көлігі "Шаңырақ түйе” деп аталады. Ол келін үшін ыстық қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса оны көрген жұрт пәленше келіннің шаңырақ түйесіне мініп келеді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, "Шаңырақ түйе” деген сөз осыдан шыққан екен. 

Құттық 

  Құттық (дәстүр). Келін түсірген үй құда-құдағиларын аттандырған соң ауылдың оң жақта отырған бойжеткендерді келіп құтты болсын айтып арнайы дәп әкеліп сый жасайды. Сосын қыздарға лайық тағам кесе аяқ, көрпе-жастық, сырға сияқты әшекейлі заттар сұрайды. Бұл дәстүр ел ішінде "Құттық” деп аталады. Ол құтты болсын, құт әкелсін деген ізгі ойдан туған қазақы ырым.

"Құттық”  алатындар әдейі алыстанда келеді. Оларға мал, бағалы бұйымдар  мен киімдер беріледі. Бұл дәулетті  мырза адамдардың ғана қолынан  келетін іс. Сонымен бірге бұл  қазақтың салт-дәстүрге бай жомарттың,  мырзалық қасиеттерінің тағы  бір айқын дәліле екенін көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақ халқының салт дәстүрі