Жеке тұлға және жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:27, курсовая работа

Описание

Әр адамның психологиялық келбетінің қайталанбастығы – біздің психикамыздың ең көп зерттелінетін көріністі феномендерінің бірі. Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін дербестілікті жіктеу, оның типологиясын құру тәсілдері шыққан.
Психологияда дербестілікті зерттеу үшін орасан зор әдіс-тәсілдер қолданылады, онымен болмай олар тек қана дербестілікке ғана-ақ емес, сонымен қатар адамның мотивациялық аумағына, қажеттіліктеріне, жүйке жүйелік ерекшеліктеріне, бағыттылығына, қабілеттеріне, психикалық процестеріне де талдау жасауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................3-4
II. Негізгі бөлім
2.1 Жеке тұлға және жүйке жүйесі қызметінің типтері.......................................................................................................5-15
2.2 Өмірлік құндылықтар жүйесіндегі жеке тұлғаның психофизиологиялық аспектісі.............................................................16-22
2.3 Психофизиологиялық ерекшеліктердің диагностикалық түрлеріне сараптама жасау....................................................................23-29

III. Іс-тәжірибелік бөлім....................................................................30-34
IV. Қорытынды...................................................................................35-36

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі.......................37-39

Работа состоит из  1 файл

курсовая 3-курс.doc

— 282.50 Кб (Скачать документ)

             

Темпераменттің жүйке жүйесі қасиеттерімен байланысын сипаттайтын тағы бір жағдай – темпераменттің психологиялық сипаты болып жүйке жүйесі қасиеттерінің өзі не олардың жиынтығы емес, осы қасиеттерді тудыратын психикалық процестерінің өтудің және әрекет-қылықтың ерекшеліктері жатады.

Кеңес физиологы В.М.Русалов  жүйке жүйесі қасиеттерінің жаңа концепциясына тіреліп, соның негізінде неғұрлым жаңа классификациясын көрсетті.

П.К.Анохиннің функционалдық жүйе теориясына арқа сүйеп (бұл теорияда:сақтаудың 4 блогы, программалау, шешім қабылдау, жүзеге асыру және кері байланыс), Русалов 4 темперамент қасиеттерін жасап шығарды. Олар: афференттік синтездің кең немесе тар болуы, әрекет-қылықтың бір программасынан екіншісіне оңай ауысу, әрекет-қылықтың өтіп жатқан программасының орындалуы, әрекет нәтижесінің оның акцепторымен сәйкессіздігі.

Осыған сәйкес дәстүрлі психофизиологиялық бағасы өзгереді де екі параметрдің орнына (активтілік және сезімталдық) енді төрт компонентті қосады: эргикалық (төзімділік), пластикалық, жылдамдық және эмоционалдық. В.М.Русалов бойынша, темпераменттің барлық осы компоненттері биологиялық және генетикалық шартталған.  Темперамент жүйке жүйесі қасиеттерінен тәуелді, ал ол өз кезегінде мидың және бүкіл жүйке жүйесінің интегративтік, аналитикалық және синтетикалық әрекетін қамтамасыз ететін функционалды жүйенің негізгі сипаты болып түсіндіріледі.

Осы темпераменттің 7 типінің әрқайсысына А.Дюсенбаев сәйкес мінез және тұлға типін жасап шығарып, барлығының вариативті әрекет-қылық стилін қарытындады. Сонда мынадай таблица шығарды:

Темперамент

Мінез

Тұлға типі

Әрекет-қылық стилі

1

Эмоционалдық

Истероидтік

Эксцентрикалық

Экспрессивтік

2

Динамикалық

Импульсивтік

Әзезіл

Наразылық

3

Лабильдік

Маневрлік

Комбинаторлық

Манипулятивтік

4

Пластикалық

Конформдық

Конвергенттік

Компромисстік

5

Статикалық

Корректілік

Толеранттық

Әдептілік

6

Инертті

Критикалық

Нордикалық

Тиянақтылық

7

Сенситивті

Сентименталды

Эгоцентрлік

Депрессивтік

 

Қазіргі кездегі орыс психологы Елисеев О.П. «темперамент» ұғымының тікелей көрсеткішін – «реактивтік» түсінігін айтты, яғни адамдағы темперамент типі оның реактивтілігімен, тездігімен, қозу-тежелу процестерінің жылдамдығымен анықталады деген.

Темперамент және реактивтік ерекшеліктерінің ең анық көрінуі:

1.      Ерте онтогенезде, бұл кезде мінездің және мотивацияның әсері минималды болады.

2.      Жеке тәжірибеге сүйенбеу кездегі жағдайда.

3.      Стрестік жағдайда.

4.      Экспериментальды жағдайдың қатаң бақылануы кезінде.

5.      Әрекет-қылықтың даралық стилінің көрінісіне қолайлы жағдай туғанда.

Осылайша, реактивтік және темпераментпен адам әрекет-қылығының көрінуінің дара өзіндік тікелей тәсілдері болады. Бұдан мынадай қорытынды шығады: индивидтер төмен, орташа және жоғары реактивті болып бөлінеді.

Елисеев өз еңбегінде бірнеше ғалымдардың типологиясын алып салыстырады. Я. Стреляу жасаған реакция типтері және И.П.Павловтың темперамент типтері тұлға реактивтігін дискреттік формада жүзеге асырады. Реактивтіктің тепе-теңдігі тітіркендіргіш күшіне деген өзіндік-дара реакциялардың тұрақтылығын(const), яғни жұмысқа қабілеттілік (ЖҚ) пен сезімталдық (тітіркенгіштік) (С) қатынасына тәуелді:

 

 

 

ЖҚ= const

С

Темпераменттің әрбір типіне (реактивтіктің дискретті формасында) бұл тұрақты қатынас әділ болып келеді. Бұндағы реактивтіктің әр түрлі мағыналары индивидтің жүйке процесінің тұрақтылық қасиетімен байланысқан әрекет-қылықтың активті және пассивті өзін-өзі түзеу стиліне сәйкес.

Темпераменттің психологиялық анықтамасындағы реактивтік түсінігіне жүгінсек, оның маңызды физиологиялық негізі болып жүйке процесінің тепе-теңдігі жатады. Бұл «темперамент» түсінігінің алғаш мағынасымен беттеседі. Жүйке прцестерінің тепе-теңдігі, шамаластығы тек қозу және тежелу процестерінің күшімен ғана емес, сонымен қоса олардың қозғалғыштығымен, динамикалық және лабильдік қасиеттерімен байланысты. Сондықтан да жүйке жүйесінің себепті типологиясы оның 4 типпен сипатталатын себепті типологиясы болып табылады. Бөлу критерийлері бір-бірінен ерекшеленеді, сонымен қатар Гиппократ, Гален және Павлов т.б. атақты типологиялардағы онтологиялық негіздеріне қарамастан, осы 4 тип көптеген авторлармен шамалы бірдей сипатталады.

Н.И.Красногорский (1958ж) шартты және шартсыз рефлекс және сөздік реакцияларды зерттеп, жүйке жүйесінің 4 негізгі типін көрсетеді. Бұнда ми қабығы және қабықасты деңгейдегі қозу тепе-теңдігінің критерийі қолданады. Рефлекторлық әрекет, сөздік реакция және жалпы әрекет-қылықты зерттеудің аяғында ол жүйке жүйесі типтерінің темпераментке байланысын сипаттады. Бірақ ол ақырғысын тек психологиялық құбылыс ретінде ұқты, ал шын мәнінде темпераменттің әрбір қасиеті жүйке жүйесінің бірнеше қасиеттерінен тәуелді болып келеді. Бұған қарамастан Красногорскийдің сипаттамасы жүйелі түрде келтірілген және практикалық маңызы бар.

Осыны келтіріп, Елисеев Павлов және Гиппократ пен Гален типологияларын салыстыра көрсетеді:

И.П.Павлов, Гиппократ және Гален бойынша темперамент және жүйке жүйесі типтері

Н.И. Красногорскийдің жүйке  жүйесінің типологиясы

И.Н. Красногорский бойынша темперамент сипаттамасы

 

1. Күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип- сангвиник. Оның жүйке процестері тепе-теңдік және қозғалғыштықпен ерекшелінеді. Сондықтан сангвиник-тез адам, өмірдің өзгермелі жағдайларына жеңіл бейімделеді. Қиыншылықтарға деген жоғары қарсылық күш.

 

Күшті, оптимальды қозғыш, тез тип. Бас миының барлық бөліктері сәйкестікте, гармониялық әрекеттестікте істейді – снгвиник.

 

Сангвиник-жағымды шартты-рефлекторлық байланыс тез пайда болады және ол тұрақты болаыд. Өнімді реакция тітіркену күшімен үйлесімді. Шартты реакция да тез пайда болады және ол күшті, тұрақты. Қабықтың мықты жүйке клеткалары және қабықасты қарапайым қозу аймағы қоршаған орта талаптарына тез бейімделуді қалыптастырады. Бұл тірі темперамент, тәрбиелеу кезінде көп қиыншылық тудырмайды. Сөйлеуі қатты. Тез мәнерлі. Қол бұлғап сөйлеу, ашық мимика және эмоционалдық қасиеттер.

 

2.Мықты, байсалды, инертті тип-флегматик. Жүйке жүйесі едәуір күшпен және жүйке процестерінің тепе-теңдігімен сипатталады. Сангвиникпен салыстырғанды ол ақырын тітіркенеді, қоршаған ортаның ауысуын тез қабылдай алмайды. Сангвиник сияқты мықты және созылмалы тітіркендіргіштермен күреседі.

 

Мықты, оптимальды қозғыш, байсалды, баяу тип – флегматик.

 

Әлеуметтік ортаға жеңіл сіңеді, шартты рефлекс мықты және тұрақты. Тез сөйлеуге, оқуға, жазуға бейімделеді. Снгвиникке қарағанда, сөйлеуі баяулау, тынық, бір қалыпты. Шұғыл қозғалыс жоқ, мимикасыз, қол бұлғаусыз.

 

 

3.Мықты, байсалды емес тип – холерик. Оның жүке жүйесінде тежелуден гөрі қозу процесінің басымдылығы көрінеді.үлкен энергиялық қорымен ерекшеленеді, бірақ онда өзін-өзі ұстау қасиеті жоқ, ашуланшақ және ұстамсыз.

 

 

Мықты, қозу деңгейі жоғары, ұстамсыз тип – холерик.

 

 

Холерик-мықты шартты реакциялар қабықасты аймағына үлкен әсерін тигізумен сипатталады. Жоғары қабықасты әрекетін ылғи да қабық түзей алмайды. Шартты байланыс баяулау дамиды, тұрақты емес.бүнай типтегі балалар қанағаттанарлық оқиды, бірақ кейбір мектеп талаптарына қиындықпен қарайды.оның сөйлеуі тез, бірақ түзу емес.

 

4.Әлсіз тип-меланхолик. Осы типке қатысты адамдар қозу және тежелу процестерінде әлсіз. Мықты жағымды қозу және тежелу ынталарымен жаман күреседі. Сондықтан да ылғи да енжар. Олар үшін мықты тітіркенгіштер әрекет-қылықтарының өзгеруіне әкеледі.

 

Әлсіз, қозуы төмен, байсалды емес тип, меланхолик.

 

Меланхолик- энергетикалық емес тип. Қабық әрекеті төмен, бұл қабықасты әлсіз әрекетпен байланысты.тез шаршайды және мықты, созылмалы тітіркендіргішиерге жауап қайтармайды. Шартсыз рефлекстері де әлсіз. Үдемелі шартты реакциялар күш заңымен сәйкес болмайды. Сыртқы тежелу негіз. Сөйлеуі сабырлы.

 

Темперамент қылық-әрекет пен қарым-қатынас тәсілдеріне із қалдырмайды, мысалы үшін сангвиник ылғи да қарым-қатынасты қозғаушы болады, ол таныс емес адамдар арасында өзін бос сезінеді, жаңа қызықты жағдайлар оны тек қоздырады, ал меланхоликті, керісінше, шошытып, ұялтады, ол жаңа жағдайларда, жаңа адамдар арасында өзін бос сезіне алмайды. Флегматик те жаңа адамдармен қиын танысады, өз сезімдерін аз көрсетеді де, өзімен танысқысы келген адамға көп уақыт мән бермейді. Ол махаббат сезімдерін достықтан бастайда да ақыры ғашық болады, бұл ғашықтық сезім лездегі метаморфозалар түрінде болмайды, себебі онда сезімдер ритмі сәл баяуланған, ал сезімдердің тұрақтылығы оны өмірінде бір рет ғашық болдыртады. Сангвиник пен холериктерде, керісінше, махаббат сезімдері жарылып пайда болады, бірақ онша тұрақты емес.

Адам жұмысының өнімділігі оның темперамент ерекшелігіне байланысты. Осылайша, егер жұмыста бір қызмет түрінен екіншіге ауысу, шешім қабылдауда шапшаңдық керек болса, сангвиниктің ерекше қозғалғыштығы қосымша эффект әкелуі мүмкін, ал іскерліктің бірізді, регламентті болуы оны тез шаршауға әкеледі. Флегматиктер мен меланхоликтер, керісінше, еңбек түрі қатал регламентациясы мен бірізділік шартында шаршауға қарыс үлкен өнімділік пен қарсы тұрушылықты көрсетеді.

Сөздің соңында көптеген қорытындылар шығаруға болады. Сонымен, темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам не баяулығы, яғни динамикалық көрсеткіші, қимыл-қозғалыстар мен көңіл-күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін, тума шартталған ерекшеліктерінің жиынтығын айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Өмірлік құндылықтар жүйесіндегі жеке тұлғаның психофизиологиялық аспектісі

Бас ми жартышарлары туралы теорияның пайда болуы. Ертеден бері оң- не солқолдылық құбылысы оң- не солжақтылықтың (right-leftsidedness) көрінісі ретінде қарастырады, яғни барлық функциялар бойынша дененің бір жақ бөлігінің басым болуы. Бұл түсініктің бастаушысы болып, Г. Хемфри (1861), Дж. Ле Конте (1884), Дж. Бирфлит (1897), Е. Стир (1911) жатады.

Г. Хемфри басым қолдың басым аяқ пен басым көзге сәйкестілік туралы ойды алғашқы болып айтқан. Дж. Бирфлит дененің бір жағы бойынша функциялардың тек сәйкестілігі туралы ғана-ақ емес, сонымен қатар бұл функциялар үшін біркелкі ассиметрия деңгейін көрсетті. Қолдың күшін, бет сезімталдылығын, көру және есту түйсіктерін зерттеп, ол біздің оң жағымызда олардың 1/9 бөлігі неғұрлым дамығандығын тапты. Оған қосылған ғалымдар: В.В. Огнев пен Г.Д. Новинский, Б.Г. Ананьев т.б.

Оң қолдылықтың пайда болуының орталық жүйке теориясының жақтаушылары шеткі органдарының ассиметриясын жарты шарлар функцияларымен байланыстырған соң, басым жарты шарлар немесе «оң-сол милылық» туралы айтыла бастады, іс жүзінде бұнда барлық функцияларға байланысты басым жарты шарларының күштілігі туралы айтылған болатын.

Бұл идея сол кезде жағымды рөлді атқарады, алайда жалпы идеямен ғана айналысқан ғалымдар шынайы фактілерді көргісі келмеді. Бұндай құбылыс ғылымда өте жиі кездеседі.

1920-1930 жылдарында-ақ бұл теория сынға ұшырады. Көптеген авторлар (Р. Энгеланд (1922), Х. Бюргер (1929) «жалпы басымдылық теориясының әсері бар және оңқолдылық тек қана арнайы тестілерде ғана көрінетінін» айтқан. Олардың зерттеуінше, адамдардың 2/3 бөлігі біржақтылық теориясына жатпайды.

Бұл сынмен бірге басқа да ой пайда болды. Түрлі жұп мүшелердің басымдылығы бас ми жарты шарларының басымдылығына тәуелді емес екенін, сонымен қатар аяқ ассиметриясының арасында ешқандай байланыс жоқ, адамдардағы жарты шарлар ассиметриясы тек қана функцияларға және қол-аяқ праксиясына ғана қатысты деп айта бастады.

Жалпы алғанда, басым жартышарлар теориясына сын көзбен қарау дұрыс нәтиже әкелді.

Жартышарлар басымдылығы мен психикалық функциялар.

Сөйлеу функциялары. Поль Броктың танымал жұмысынан кейін оңқолдыларда сөйлеу орталықтары сол жартышарларға, ал сол қолдыларда – оң жақ жартышарларда орналасады деген пікір ақлыптасты. Бұған дәлел – көптеген клиникалық бақылаулардың нәтижелері. Оң қолдың параличі кезінде афазия пайда болды, ал сол қол параличі кезінде бұндай құбылыс байқалмайды. Алайда бұдан соң басқа да мәліметтер жинақтала бастаса, онда оң қолдылардың жартышарларында сөйлеуді жүзеге асыратын орталық бар деп есептеліне бастады.

1950 жылы Париж қаласында невропатологтардың кезектен тыс конгресі өтті. Ол сөлеу психофизиологиясына байланысты күрделі жетістіктер туралы болды. Дәрігерлер нағыз оңқолды адамдарда барлық сөйлеу функциялары – ауызша сөйлеу, оқу т.б. – сол жақ жартышарлармен үздіксіз байланысты екеніне көз жеткізді.

Тек қана жас қытай делегатының баяндамасында оның өз клиникасында өткізген бақылаулары жартышарлар жарақаттарымен жатқан ауру адамдар жазу қабілетінің жоғалтпайтынын айтқан. Ал сөйлеу орталықтарының жоғалғандығынол дауыс мүшелерінің параличі арқылы түсіндірген. Осылайша ол Вернике мен Броктың теориясын толығымен жоққа шығарады.

Еуропалық адамдарға қарағанда, қытай, жапон, въетнамдықтар жазуы оң жақ жартышарлармен өте тығыз байланысты екені анықталды.

Яғни пекиндік пациенттердің миы басқаша болады. Ми жарақаттары кезінде еуропалықтар мен азиялықтар симптоматикасындағы айырмашылық олардың сөйлеу орталықтарындағы локализация ерекшеліктерімен емес, - жазбаша сөйлеу жүйелерінің айырмашылықтарымен түсіндіріледі екен.

Информация о работе Жеке тұлға және жүйке жүйесі