Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері

Дата добавления: 12 Февраля 2013 в 19:31
Автор работы: k*********@list.ru
Тип работы: лекция
Скачать (171.23 Кб)
Работа состоит из  1 файл
Скачать документ  Открыть документ 

Лекции по ПК.doc

  —  717.50 Кб

Өнер терапиясы  тобының жетекшісі қатысушылардың дербестігін, өз ассоциацияларын еркін  бейнелеуін, еңбектерінің мәнділігін бағалауын мадақтап отырады. Бірқатар жаттығулар топтық суреттер, фрескалар жасауға бағытталған. Бұл жұмыстардың мәні нәтижесінің өнер талаптарына сай келгендігі емес, қатысушының шығармашылыққа ұмтылуында. Сондықтан топтағы әр адамның өздігінен шығармашылыққа ұмтылуы, өз өнерінің туындысын өзбетімен немесе өзгелердің көмегімен талдауы бірінші орынға қойылады.

Өнер терапиясының негізін құрушылар бұл әдісті тек клиникаларда пайдаланылануға  ұсынғандықтан ауруларды емдеуде  үлкен орынға ие болған, ал қазіргі  кезде коррекциялық жұмыстарда кеңінен пайдаланылуымен байланысты өзінің психоаналитикалық негізінен алшақтап кетті.

 

Шеберлік  тренингі.

Мінез-құлыққа  үйрету моделін жасаушылар оны зертханалық  жағдайда, И.П.Павловтың шартты рефлекстер әдісі мен Б.Ф. Скиннердің оперенттық талаптарға байланыстыру қағидасына сүйенген.  Алғашқы кезде мінез-құлық топтарында коррекциялық жұмыс жеке тұлғаның мінезін өңдеу әдістері пайдаланылған, ал соңғы кездерде топтағы жеке адамның мінезін өңдеуге топтың потенциалды мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Шеберлік тренингі тобы ұғымдары: бақлауға қадала көңіл  аудару, тіршілікке қажетті ептілікті  меңгертуге негізделген проблеманы шешу жолдарын табуға үйрету моделі. Бұл  топтарда қарым-қатынастың жақсаруы мен  оқытуды құрылымдықтар негізінде жүргізу мәселеріне ерекше көңіл аударылып, қатысушылардың осы саладағы барлық жетістіктері міндетті түрде марапатталады. Сондықтан бұл топтағылар өздерінің жетістіктерін өлшеп, оны бағалап отырады. Сенімділік тренингі топтарындағылар өзінің сенімділігінің күшті және осал жақтарын бағалап, құқықтар тізімін пайдалана отырып өзіне сенімділіктің алты көрсеткіштерімен салыстыра талдайды. Сонымен қатар, өте шиеленіс жағдайлардан шығу жолын ролдік ойындар көмегімен табуға модель жасау, нұсқау беру, көмектесу әдістері пайдаланылады. Қатысушылардың мазасыздануын төмендету үшін босаңсу тренингтері, десенсибилазация (дене түршігуін болдырмау), когнитивтік қайта құру тәсілдері орын алады.

Тренинг соңында  үй тапсырмасы анықталады. Ол күнделік толтыру, мінез-құлықтың жаңа үлгілерін пайдалану т.с.с. болуы мүмкін.

Шеберлік тренингі топтары қазіргі кезде ата-аналар, олардың ұл-қыздары, келіндері, жаңадан  тағайындалған басшылар өздерінің  парыздарын, өмірлік функцияларын орындауға  шеберлігін қалыптастыруға қоланылады. Осы тренингте пайдаланылатын әдістер көмегімен Адам өзінің салмағын, эмоциясын, жыныстық қатынасын қадағалауына болады. Мінез-құлыққа бағытталған топтардың басқалардан ұтымдылығы оның ағымдық бағалауды және зерттеу элементтерін пайдалауында. Бұл топтарға қатынасқандардың өзіне деген сенімінің артқаны, өзін бағалауының жоғарылағаны, еркіндік сезімінің нығайуы сөзсіз екенін арнайы жүргізген зерттеулер дәлелдеді.

 

«Мінез-құлық  терапиясы»

«Мінез-құлық  терапиясы» ұғымын 50-ші жылдардың аяғында  бірінші болып бір-біріне тәуелсіз Арнольд Лазарус және Ганс Айзенг тәжірибеге ендірді.

1912 жылы В.М.Бехтерев  истерияның конверсиондық (шартты) көрінісін (паралич, «соқыр», «керең»  т.с.с.) емдеуге үйлесімді рефлекстер  жүйесін қалыптастыруды ұсынды. Мысалы, «сал» болған аяқ-қолға индифференттік сәуле рефлексін немесе дыбыс тітіргендіргіші әсерін ауыртатын (электр тоғы) тітіргендіргіш әсерімен ұштастыру арқылы, истерия ауруына шалдыққан адамның «сал» болған аяқ-қолын жазуға болатындығын дәлелдеген. Бехтеревтің тұжырымдамасы бойынша индифференттік тітіргендіргіш әсеріне қалыптасқан рефлекс негізінде ауырудың «сал» болған аяқ-қолын қозғалтуға мүмкіндік туса (ауыртатын тітіргендіргіштен сескенуге байланысты) ол адам параличтен қол үзеді. 1938 жылы АҚШ-тағы көрнекі физиолог және психолог Скиннердің «Поведение организмов» деген монографиясы басылымнан шықты. 1958 жылы автрия психотерапевті Джозефа Вольпенің «Психотерапия рециптропным торможением» деген кітабы жарық көрді. Бұл еңбектер мінез-құлық терапиясының дамуына үлкен дем берді.

Вольпенің пікірінше невроздың негізгі себебі орынсыз мазасыздану және қорқыныш сезіміне бөлену. Өзінің осы тұжырымдамасына сүйене отырып Вольпе қазіргі кезде кең тараған «Мінез-құлық терапиясы» әдісін жасап шығарды. Бұл әдістің негізгі тәсілі – ауруды жүйелі түрде десенсибилазациялау. Жабысқақ идеяларға және фобияға ұшыраған сырқатты Джекобсонның прогрессивтік релаксациясына үйретеді. Сонан соң, дәрігер пациентпен әңгімелесу барысында оның уайым-қайғысының түрін анықтап (жабық немесе ашық жерден қорқуы, жынданып кетемін деген уайымы, ескі заттардан т.с.с.) алғаннан соң сырқаттың асқынуына себеп болатын жағдайлар мен заттардың аурудың психикасының жарақаттануына тигізетін әсерінің күшіне байланысты ретке келтірілген тізімін жасайды. Мысалы, пациент биіктіктен қорқады - гипсофобия. Осы көрсеткішке сүйене отырып психотерапевт сырқаттың ауруын асқындыратын барлық жағдайлар мен көріністердің тізімін ең әлсізінен бастап ең қатты әсер ететініне дейін «иерархиялық шкаласын» жасайды.

Бұл әдістеменің  көптеген варианттары бар: слайд, арнайы аудио және видео таспалар, релаксацияны күшейтуге арналған дәрілер. «Фединг» (біртіндеп басылу, сөну) әдісі пайдаланғанда қиялға дем беру үшін ең бірінші фобия объектісін немесе жағдайын бейнелейтін слайдтар көрсетіледі де, артынша жұбататын, тыныштандыратын слайдтар көрсетіледі. Ал «иммерсия» әдістемесі пайдаланылғанда фобия объектілері релаксациямен ұштастырылмай көрсетіледі.

1928 жылы Данлоп  парадоксалдық болжам жасаған.  Бұл болжам бойынша жаман әдеттен  құтылу үшін оны саналы түрде  бірнеше реет қайталау керек. Кейінен бұл әдіс негативтік әсер ету деп аталып кетті. Франкель осы әдісті негізге ала отырып «парадоксалдық интенция» (интенция – ниет) тәсілін жасады. Ауруға қолданылатын емдік шараның мәні түсіндіріледі, сонан соң оған өзі қорқатын нәрсені әзіл-сықақ түрінде істеген болып, өзінің өзі мазақтау ұсынылады. Мысалы, Франкель кардиофобияға шалдыққан адамға күніге кемінде үш рет жүрегі тоқтап қалғаннан дүние салғанын қайталауды ұсынған. Осы «ойын» барысында өзіне «Өлгім келеді», деп қайта-қайта айтып, сол сөздерімен өлу үшін көшеге шығып кетуді талап еткен. Басқа фобиясы барларға осы жаттығудың варианттарын ұсынған.

Мінез-құлық  терапиясы арсеналында тәжірибеде кеңінен пайдалануға болатын  бағалы әдістер мол. Мысалы: әлеуметтік тренинг, модельдеу, өз-өзіне сенімді нығайту т.б.

 

_Өзін-өзі  тексеруге  арналған сұрақтар

1.Психодрама  мазмұнына сипаттама беріңіз.

2.Психодрама  техникалары қандай?

3.Дене терапиясы  дегеніміз не?

4.Би терапиясы  дегеніміз не?

5.Өнер терапиясы.

6.Шеберлік тренингін  кімдер зерттеді?

7.«Мінез-құлық  терапиясы» кімдер зерттеді?

 

№ 14    ЛЕКЦИЯ

14-тақырып.  Арттерапия.

1.Арттерапия  туралы түсінік. 

2.Арттерапияның  шығу тарихы және дамуы.

3.Арттерапияның  түрлері және оның функциялары. 

4.Арттерапияда  пайдаланатын практикалық жаттығулар. 

 

1.Арттерапия  туралы түсінік. 

Арттерапия – (art. – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргізу) адамның психоэмоцианальды халіне шығармашылық арқылы әсер ету және емдеу мағнасын білдіреді.

«Арттерапия» – көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия өнерге негізделген, бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылған бөлімі.

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Химед туберкулез ауруына  шалдыққандар саноториясында емделушілердің көңіл-күйлерін көтеру жұмысында қолданылады. Кейіннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия және т.б) қолданыла бастады. Бірақ көптеген мамандар мұндай анықтамалар өте кең әрі нақты емес деп санайды. Тарихқа сүйенсек, арттерапия мамандары ұзақ уақыт психиартлар мен психотерапевтердің көмекшісі болған, олар пациенттің салған суреттерін сырқаттың диагнозын дәлірек анықтауға немесе ем жүргізуге көмектесетін қосалқы әдіс ретінде пайдаланылған. Біртіндеп арттерапевттер ешкімге тәуелсіз маман статусын иемденді.

1969 жылы тәжірибеленуші  арттерапевттерді біріктірген американдық  арттерапия ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейіннен Ұлы Британия, Голландия, Жапония, Ресей елдерінде пайда болды. Бұл ұйымдар қазіргі уақыттағы психотерапеяда өнер мен шығармашылықты қолдану үлкен сұранысқа ие болғанын және оны пайдалану жолдарын анықтау қажеттілігі туғанын дәлелдеді. Арттерапияға қатынасушыларға шығармашылық сипаттағы әр түрлі жұмыстар (сурет, сұңғат, графика, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін, дизайн, әрлендіру, пластика, ойма, күйдірме, бедер салу, әшекей, маркетри т.б.) ұсынылады. Өнер мен шығармашылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, біріншіден, психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсенділігін қамтамасыз етеді, екіншіден қатынасушы топта өзінің уайым-қайғысын толық әрі нақты бейнелеуіне мүмкіндік туады, үшіншіден, ішкі қайшылықтарын өнер арқылы шығарады, төртіншіден ол өзін шығармашылық адамы ретінде қабылдайды.

Дәл қазіргі  уақытта арттерапеяға – видио-арттерапия, инсталияция, перферманс, компьютерлік шығармашылық деген түрлері қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуалды канал негізгі роль атқарады.

Арттерапея  фактілі материалдардың жеткілігіне  қарамастан теориялық жағынан әлі  эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдік қасиеті туралы теория әлі қалыптасқан жоқ.

Арттерапия түрлері. 

Кратохвил арттерапияны -сублимационды, проективті және әрекетшіл  деп бөлген.

Дельфина-Бейли  арттерапияны қолдануда 4 негізгі бағытты  бөліп көрсетеді:

1. Енжар арттерапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен  талдау және интерпритация жасау  арқылы оның емдік әсерін қолдану.

2. Белсенді арттерапия. Клиенттің өзіндік шығармашылығын  ояту арқылы оның емдік әсерін  қолдану. Шығармашылық акттінің  өзі негізінде емдік фактор болып саналады.

3. Бірінші және  екінші қағидаларды бір мезгілде  қолдану.

4. Психотерапевттің  өзіндік ролін, оның клиентпен  қосылып істеген шығармашылық  жұмысын қабылдау және талдаудағы  қарым-қатынасына мән беру.

Арттерапия  әдісі – сурет салуда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай істесе де адамның ішкі өзіндік «Менін» көрсетіп отырады деген сенімді тұжырымдайды. Гольштейннің пікірінше, шығармашылық – адамның шытырман жағдайдан туындаған қорқыныш сезімдерінен арылудың бірден бір тиімді жолы. Шығармашыл адамдар өз күш жігерлерін ішкі және сыртқы қайшылықтарды, сонымен қатар шытырман жағдайларды жеңуге жұмсайды.

Арттерапияның мәні. 

1. Арттерапия  – агрессивті көңіл-күйден және  негативті әсер етуші сезімдерден  босануға жол ашады.

2. Емделу процестерін жеңілдетеді. Өзі сезбейтін кедергілерді вербальды түрде айтуға қарағанда, сурет арқылы ашып салу оңайырақ болады.

3. Диагностикалық  қорытынды мен интерпритация  жасауға қажетті материал алуға  болады. Жинақталған фактілерді зерттелінуші оның ақиқатта болған нәрсе екенін жасыра алмайды. Шығармашылықтың жемісі ұзақ өмірлік нәтиже болып келеді. Шығармашылықтың стилі мен мазмұны терапевтке пациент жөнінде қосымша ақпарат береді.

4. Пациенттің жасырып қалайын деген ойлары мен сезімдерін ашып көрсете білу.

5. Іштей бақылау  сезімдерін дамыту. Суретпен немесе  скульптурамен жүргізілген жұмыс  түстер мен формаларды біріңғай  қалыпта қолдануға көмек береді.

6. Шығармашылық  қабілетін дамытады және өз-өзін  бағалауы жоғарылатады. Арттерапияның ең негізгі мәні – ол адамның өзі білмеген, өзінен құпияда сақталған дарындылықтарын жарыққа шығарып, оны дамытуға қанағаттанушылық сезімін оятады.

Балалармен  арттерапия жүргізгенде суреттің берер  көмегі өте зор. Суреттің алдына қойған мақсаты - балаға өзін тани білуіне көмектесу және бұл өмірде өзінің бір жеке тіршілік иесі екендігіне көзін жеткізу. Сурет - адамның анық көрінісі, ол адамның қарқынын сезімдерін конфликтілі жағдайларын арман-тілектерін санасыз бейнелейтін алғашқы бастама болып табылады.

Арттерапияның функциялары:

1. Арттерапияның  тазартушы функциясы (негативті  әсер етуші хал-жағдайлардан босату).

2. Арттерапияның  реттеу функциясы (жүйке-жүйкесін  жеңілдету, психикалық қысымдарды  төмендету, психиосоматикалық процестерді  реттеу, позитивті халь-ахуалдарды  модельдеуге көмектесу).

3. Арттерапеяның  комуникативті рефлексивті функциясы  (қарым-қатынасқа түсудің бұзылысын  коррекциялау, өзін-өзі бағалауын  қалыпқа келтіру).

 

_Өзін-өзі  тексеруге  арналған сұрақтар

 

1.Арттерапия  қандай елдерде кеңінен таралған?

2.Арттерапияның шығу тарихы және дамуына сипаттама беріңіз.

3.Арттерапияның  түрлері және оның функциялары  қандай?

4.Арттерапияда  пайдаланатын практикалық жаттығуларға  сипаттама беріңіз. 

 

№  15  ЛЕКЦИЯ

15-тақырып.  Отбасы терапиясы

1.Отбасына психологиялық  кеңес берудің теориялық негіздері.

2. Отбасылық кеңес беру.

3.Отбасылық кеңес беру құрылымы, қызметі және дамуы.

4.Отбасылық психотерапия.

5. Отбасылық психотерапия мектептері және бағыттары.

6.Отбасы психотерапиясының  әдістемесі.

7.Отбасымен  жұмыс жүргізу кезеңдері.  

 

1. Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері

Отбасына кәсіптік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар – психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделі психоанализ негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

1. Психодинамикалық  көзқарас. Бұл топқа М.Боуеннің  отбасына психологиялық кеңес  беру тұжырымдамасы мен М.Ульрихтің  отбасына тиянақты психологиялық  көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.

2. Бихевиористік  көзқарас. Бұл көзқарас шеңберіндегі  нәтижелі кеңес берудің анықтаушы  шарты себептерге емес, «қалай»,  «қашан», «қайда», «не» деген  қамқорлық көрсетумен шектеледі.  Негізін құрушылар Д.Тиболт, Г.Кенлей  жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың, жаза мен ынталандырудың арасындағы теңдік жағдайында болады деген болжам ұсынған.

3. Гуманистік  көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің  психотерапевтік моделін АҚШ  ғалымы Карл Роджерс ұсынған.  Ол кеңес алушы проблемаларына  бағытталған әрекеттерге негізделген.

Описание
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
Содержание
содержание отсутствует