Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция

Описание

1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.

Работа состоит из  1 файл

Лекции по ПК.doc

— 717.50 Кб (Скачать документ)

 

2. Психоанализ,  психоталдау. 

Психопатология, психиатрия саласындағы зерттеулер жеке адамның  мотивтері, мінез-құлқы, қажетттіліктерін анықтайтын санадан  тыс фактор-лардың рөлімен әсерін оқып – меңгеру қажеттілігін туғызды. Осылайша, психологияда психоталдау бағыты пайда  болды. (З.Фрейд).

З.Фрейд концепциясы сана асты көптеген халықтық нанымдар, болжауларға сүйенеді. Мысалы, бұл туралы И.Гербарт, психикалық энергия туралы Г.Т.Фехнер, адам денесі таусылмайтын үлкен  энергия  потенциалымен зарядталған деп – И.Сикорский, бір сферадан 2-ге итеріп тастау – А.Шопенгауер т.б. айтты.

Психоталдау З.Фрейд  теориясымен тығыз байланысты –  яғни  инстинк-тивті құмарлықтар  туралы. Жеке тұлға құрылымында  Фрейд 3 компонентті бөледі:

1) ид (ол) – соқыр  инстинктер ұясы, жыныстық немесе  агрессивті ұмтылыстар, адамның  айналамен қатынасына қарамай,  жылдам түрдегі қанағаттандыру  осы ұмтылды.  Бұл ұмтылыстар  сана астынан санаға өтіп, адамның   белсенділік көзі болады, өзінше  ол адамның мінез-құлық т.б. әрекетін бағыттайды.

2) эго (мен)  – айнала туралы және өз ағзаның күйі туралы  мәліметтерді қабылдап, оны есінде сақтайтын және өзін-өзі қорғау  бағытында әрекеттерін ұйымдастырылған регулятор болып табылады. 

3) супер эго  (сверх я) – моральды нормалардың жиынтығы,  тәрбие арқылы жеке адамның меңгерген тыйым түрлері,  мақұлдаулары т.б.

З.Фрейд пікірінше, адамның ішкі дүниеде тереңдегі  психикалық күштер мен әлеуметтік ортада өмір сүруге  күресетін қажеттілік арасында  үнемі талас – тартыс болады дейді. 

Әлеуметттік ортадан  келетін тыйым түрлері – «цензура»  сананың  тыйымдары – ұмтылыстармен  теке тіресіп, ішкі жан күйзелістерін  туғызады.

З.Фрейд жеке тұлғаның өзін-өзі қорғау механизмдері туралы  түсінік береді.

 

3. К.Г.Юнгтың  аналитикалық психологиясы.

Ұжымдық  санадан  тыстылықтың архетипі.

Аналитикалық  психология-Швейцар психологы Карл Густав Юнг жасаған адам психикасы  ұғымдарына негізделетін ежелгі бір  психология мектептерінің бірі.

К.Г.Юнгтың зерттеу  карьерасы Цюрихке жақын психикалық емдеу  клиникасында басталды. Ол кезеңде  Юнг Пьер Жан мен З.Фрейдтің қатты әсерінде болды. Шизофренияны зерттей отырып, К.Г.Юнг психикалық күш-қуат табиғатына  деген терең көзқарас танытты.  З.Фрейд шезофренияны өзге  психикалық аурулармен  қатар жыныстықты басудан болды деген болатын. Ал К.Г.Юнг  оны басқаша  түсіндірді, яғни  «либидо» психикалық күш-қуатты  түсіндіру  арқылы.

К.Г.Юнгтың либидо теориясы прогресссия, регрессия ұғымдарымен байланысты әрі қарама-қарсылық заңына да байланысты (прогрессия – алға ұмтылу, регрессия – бұрынғы қалыпқа, яғни дамудың ең ерте кезеңіне қайта оралу). 

К.Г.Юнг прогрессияны  психологиялық адаптация процесінің  күнделікті  жетістігі ретінде  қарайды. Соған сай адаптация  екі  кезеңде жүзеге асады:

1) Бағдар (установка) алу

2) Бағдар көмегімен   адаптацияның  аяқталуы.

К.Г.Юнг адам психикасының  табиғатына деген  кең әрі әсерлі көзқарас-тар жүйесін ұсынды. Ол өз бастауын терең, санадан тыс психикадан алатын психикалық бейнелерді бөлшектеп суреттеуді  ұсынды. Бұл бастапқы бейнелерді  Юнг ұжымдық  санадан тыс архетиптер деп атады. Ұжымдық санадан тыс архетиптер ұғымы  аналитикалық психологияға өзге психоло-гиялық мектептерге қарағанда қосымша өлшеуді береді. Аналитикалық психологияны  физиологиялық эксперименталды психологиядан ажырата білу керек.

Аналитикалық  психологияның міндеті адамның  психикалық  әлемін табиғи  тұтас  құбылыс ретінде аша білу әрі  Юнг  айтқандай-ақ,аналитикалық психология психикасының тұтастық табиғатын танумен  қатар, психикалық даму техникасы болды және медициналық, пеғдагогикалық, діни және мәдени іс-әрекет саласында қосалқы шара болып табылады. 

К.Г.Юнг өзінің психотерапевтикалық теориясын, әдісі  мен техникасын жасады. Оның  психотерапиясында  негізгі  ұғымы болып «индивидуация»  табылды.

 

_Өзін-өзі  тексеруге  арналған сұрақтар

1. Психоанализді  кім зерттеді?

2 . Жеке тұлға  құрылымында  Фрейд 3 компонентті   қалай бөлді? 

3. Аналитикалық  психологияны кім зерттеді?

 

№ 9   ЛЕКЦИЯ

9-тақырып.  Бихевиористтік мінез-құлықтық кеңес  беру.

1.Бихевиоризм  туралы түсінік.

2.Ынта, реакция  және шарттасу.

3.Туа біткен  қабілеттер.

4.Эмоциялардың  пайда болу шарттары. 

 

1.Бихевиоризм   туралы түсінік.

 

Бихевиоризмнің (ағылшын behaviour – тәртіп деген сөзден шыққан) пайда болуының алғы шарттары рефлектер әдісін жасау, психолгиядағы эксперименттің табысты дамуы, зоопсихологияның,  психологияның эксперименттік тармағы ретінде дамуы болып табылады.

1913 жылы американ психологы Дж. Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды: оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептелді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық-локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.

Бихевиоризмді мінез-құлық  туралы ғылым ретінде негізделген  американдық психолог Дж. Уотсон болды (1878-1958). Олардың пікірінше, психология ғылым ретінде санамен емес, жан  құбылыстарын емес, олар ғылыми бақылауға қиын, ал мінез-құлықпен айналысуы тиіс. Уотсон былай деп есептейді: бихевиоризмнің негізгі міндеті (ағылшынша behaviour – «мінез-құлық») мінез-құлықты бақылап, адамның тиісті ситуация (стимулға) қандай реакция білдіретінін білуден тұрадф. Мінез-құлық үйрету нәтижесі болады, яғни ол үйрету көру және қателесу жолымен қалыптасады Э.Толмен, К.Халл және Б.Скипнерлер Уотсонның ізбасарлары мынадай қорытындыға келді: стимулдар мен мінез-құлықтық реакциялар арасындағы байланыстар тікелей болмайды.

Уотсон Джон Брадус-бихевиоризмнің негізін қалаушы; бағдарламалы психологиялық  шығармасы-«психология сточки зрения бихевиориста» деп аталады. Ол былай  деді: «Бихевиоризм көзқарасы тұрғысынан психологияның нақты зерттеу  пәні ол адамның туғаннан бастап қайтқан шағына дейінгі аралықтағы мінез-құлқы болып табылды».

Бихевиоризм интроспекцияны психологияның әдісі ретінде  қараудан бас тартты. Олардың пікірінше, мінез-құлық жаратылыстануда қолданылатын әдістермен зерттелуі тиіс. Ол әдістер: бақылау және эксперимент. Бихевиористер түсінігінше тірі нәрселердің бүкіл даму деңгейлерінде мінез-құлықтың жаңа формаларына ие болуы болып табылады.

«Ситуация-реакция» байланысы  Торндайк бойынша келесі сипаттармен  сипатталады:

    1. бастапқы пункт-проблемалық ситуация;
    2. ағза оған тұтас нәрсе ретінде қарсы тұрады.
    3. Ол таңдау жолында белсенді әрекет етеді.
    4. Жаттығу жолымен жатталып үйретіледі.

Торндайктың алғашқы  кітабы «Жануарлардың интеллектісі»  деп аталды.

 

2. Ынта, реакция және шарттасу.

Адамда, жануарларда  қоршаған ортаға тұқым қуалаушылық қабілеттері және толып жатқан әдеттерін қолдау арқылы бейімделеді. Эволюция процесінде адамдарда стимулдардың  әр түрлі түріне анағұрлым сезімтал көз,  тері және ішкі мүшелер тәрізді сезім мүшелері дамыды. Реакцияны тудыратын стимул немесе зат сыртқы қоршаған ортадағы объектіден шығуы мүмкін. Сондай-ақ адамдарға ішкі қоршаған ортасында  жүріп жататын стимулдарда үнемі ықпал  етеді (бұл стимулдардың пайда болуы әр түрлі мүшелердегі ұлпаларда жүретін өзгерістер нәтижесі болып табылады).

Стимулдар әдетте ағзаны қозғалуға  немесе өзгеруге мәжбүр ететін реакцияларды тудырады, және аталған стимулдар  реакция тудырғанын  тоқтататындай  етіп жүргізеді. Барлық реакцияларды ашық және жасырын деп бөлуге болады. Басқа жалпы реакция классификациясының негізінде  оларды туа және жүре пайда болған деп бөлу жатады. Туа пайда болған реакциялар адамдардың нәрестелік шағының алғашқы күнінен бастап жасағандарын қамтиды. Көбінесе  оған терлеу және тыныс алу, сондай-ақ жүре пайда болатын реакцияларды тудыратын  әдеттердің қалыптасуы мен  шарттасуы да жатады.

Уотсондық бихевиорист барлық психологиялық мәселелерді және оларды шешуді схемаланған түрде, стимул (немесе, күрделі жағдайларда ситуация) және реакция (жалпыға танымал қысқартылған түрде S және R) терминін қолдана отырып қарастырады.

Сурет бихевиористтердің  психологиялық мәселелерге деген  көзқарасын көрсетеді.

Сурет. Шешімін таппаған және шешімін тапқан психологиялық  мәселелердің кестеленуі.

Шешімін таппаған

             S..............................................................................R

    Берілгені                                                            ? (Анықталуы тиіс)

            S...............................................................................R

    ? (Анықталуы  тиіс)                                                   Берілгені    

Шешілген                                                       

            S...............................................................................R

    (Анықталған)                                                        (Анықталған)

 

 

Стимулдар шартсыз  болуы мүмкін, туғаннан пайда болған мұндай стимулдар қандай да бір реакция  тудырады, мысалы күшті жарық кезде  көздің жұмылуы немесе бұрылуы.

Алайда адамдарға  әсер ететін стимулдардың көпшілігі шартты немесе жүре пайда болған болады.

 

3. Туа  біткен қабілеттер

Уотсон адамдарды  туғаннан белгілі бір құрылымдарға ие жануарлар сияқты қарастырды. Осы  құрылым ішінде  жеке өзгерістер жүреді. Олар адамдарды стимулдарға  белгілі бір  үлгіде әсер етуге мәжбүр етеді. Мысалы, туылған кезінде адам тыныс алу, жүрегі соғу, түшкіру және т.б. арқылы әсер етеді. Мұндай реакциялар жиынтығы  адамның туа біткен мінез-құлқын құрайды. Кейбірі, мысалы емшек ему мен жақын тұрған заттарды туа сала ұстау қысқа мерзімді болып келеді. Туа біткен мінез-құлықтың кейбір түрлері, мысалы, көз қысу, менстрация және экуляция кейінірек кеш көрінеді, бірақ ұзаққа созылады. Туа біткен мінез-құлықтар адам реакцияларының аздаған тізімін ғана құрайды. Инстинкт концепциясы-психология үшін артық, өйткені балаларды бақылау көрсеткендей, біздің әдетте «инстинкт» деп жүргеніміз, маңызды деңгейде үйрену немесе шарт жасау нәтижесі  болып табылады.

Адам іс-әрекетінің кез-келген жүйесінің негізінде  туа біткен бастау жатыр, уақыт өте  бұл жүйелер шарт жасалу арқылы күрделенеді. Мысалы, дауыс реакциялары туа біткен мінез-құлық элементі болып табылады, ал сөйлей алу  іс-әрекеттің шартты жүйесін құрайды. 

 

4.Эмоциялардың  пайда болу шарттары. 

Уотсонның  пікірінше, туа біткен эмоциялық реакциялардың немесе стимулдарға туа біткен эмоциялық жауаптардың үш типі бар. Бұл жауаптар қорқыныш, ашу және махаббат. Бұл эмоциялық реакцияларды шартсыз рефлекстер немесе жауаптар ретінде қарастыруға болады. Мысалы, қатты дыбыс-бұл  қорқыныш сезімін тудыратын стимул.

Уотсон мен  Рейнор 11 айлық Альберт есімді баламен бірнеше тәжірибелер жүргізді. Алғашқы тәжірибенің  мақсаты балада ақ егеуқұйрықты көрген кезде шарттасқан эмоциялық қорқыныш реакциясын қалыптастыру болды. Бұл мақсат қатты дыбыс пен Альбертке ақ егеуқұйрықты жанастыруды мезгіл-мезгіл қайталау арқылы орындалды. Кейінірек, қатты дыбысты тоқтатып, тек ақ егеуқұйрықты көрсеткенде Альберт жылап басқа жаққа еңбектеді. Екінші тәжірибе қорқыныштың қорқыныштың шартты реакциясының ақ егеуқұйрықтан басқа терісі жүн жануарларға (қоян, ит) және ақ егеуқұйрыққа ұқсас басқа  да объектілерге (жағалы тон, мақта) ауысатынын көрсетті.

 

_Өзін-өзі  тексеруге  арналған сұрақтар

 

1.Бихевиоризм   дегенімізді қалай түсінеміз?

2.Бихевиоризмді  кімдер зерттеді?

3.Шешімін таппаған  және шешімін тапқан психологиялық  мәселелердің кестеленуін қалай  түсіндіреміз?

4.Туа біткен  қабілеттер дегеніміз не?

4.Эмоциялардың  пайда болу шарттары байланысты  Уотсон мен Рейнор қандай тәжірибе  жүргізді? 

 

№ 10   ЛЕКЦИЯ

10-тақырып.  Рациональді–эмотивтік мінез-құлықтық  кеңес беру.

1.Негізгі ережелер. Қалыпты және алғашқы мақсаттар. 

2.Эмоция, когниция  және мінез-құлық. 

3.Суық, жылы  және ыстық когнициялар. 

4.Орынды және  орынсыз  эмоциялар. 

5.Биологиялық тенденциялар.

6.Таңдаудың  биологиялық негіздері.   

 

1.Негізгі  ережелер

Қалыпты және алғашқы мақсаттар.

 Факт бойынша  барлық адамдардың үш негізгі  мақсаты болады: өмір сүру, еркін  болу және белгілі бір шекте  қанағаттанарлық болу. Адамдар алғашқы  мақсатқа ие- олар бақытты болғысы келеді.

  • өз -өзімен
  • басқа адамдармен қарым-қатынаста
  • интимді, бірнеше іріктелген адамдармен
  • Ақпарат және білім саласында
  • кәсіби және экономикалық
  • демалыс және көңіл көтеру аумағында

Рациональді  эмотивтік мінез-құлықтық кеңес берудің негізгі мақсаттары мұқтаждық немесе қажеттілік түрінде қарастырылады. Рациональді өмір ойлауды, сезімді және мінез-құлықты  қамтиды, олар таңдаған мақсатқа жетуге ықпал етеді деп ойласа, рационалист еместер ойлау, сезім және  мінез-құлық алға  қойған мақсатқа кедергі болады деп санайды. Рациональді өмір қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді гединоз арасындағы ақыл балансын ұстауды дұрыс санайды.

 

2. Эмоция, когниция және мінез-құлық  

«Рациональді  психотерапияға» арналған ғылыми іс-әрекетінің бастапқы кезеңінде жазған мақаласының бірінде Эллис (1958ж) үш негізгі гипотезаны ұсынды. Біріншіден, ойлау мен эмоция байланысты. Екіншіден, ойлау мен эмоцияның  тығыз байланысты екені сондай , олар әдетте бір-бірімен «себеп және салдар» шеңберінде  жүріп, кей жағдайда бір затқа  айналып кетеді, яғни ойлау эмоцияға айналып кетеді, ал эмоция ой болады. Үшіншіден, ойлау да, эмоция да өзімен сөйлесу немесе ішкі сөйлем формасын қабылдауға  тенденциясы бар, яғни адамдар өздері туралы іштей сөйлейді ол адамның ойы және эмоциясы  болады.

Бұдан өзге Эллис  ойлау  мен эмоция мінез-құлықпен өзара әрекеттеседі деп атап көрсетті. Мысалы, адамдар әдетте ойы мен  эмоциясының негізінде әрекет етеді, ал олардың әрекетті ойы мен сезіміне ықпал етеді. 

Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері