Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 15:26, дипломная работа

Описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
1.2 . Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
1.3 . Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25
2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72

Работа состоит из  1 файл

Логистика.doc

— 780.00 Кб (Скачать документ)

                  логистикалық орталықтар және сертификациялау орталығының транспорттық-логистикалық фирмалардың атқарушы билік органдарының қадағалауымен қызметтер жүйесі арқылы мониторинг жүйесінің, транспорттық-логистикалық қызметтердің нарығын қалпына келтіру, қадағалау және нарықтың нәтижелі қалыптасуы;

                  транспорттың қоршаған ортаға кері әсерін азайту жергілікті материалдық-транспорттық ағымды рационалды қалыптастыру, тасымалдаудың оңтайлы маршрутты таңдау, қозғалмалы құрамның және технологиялық тасымалдаудың халықаралық стандарттарға сәйкес рационалды таңдау арқылы;

                  ауданда отандық және халықаралық биржалық және банктік іскерлікті жүзеге асыру;

                  отандық және шетелдік транспорттық және логистикалық фирмалары үшін бір нормативті құқықтық базаны және кепілдік жүйесін дайындау;

                  логистикалық координация және оның жұмысының мультимодальдық және интермодальдық тасымалдау арқылы оны қолдау арқасында ауданда транспорт жұмыс жасауының нәтижелілігін жақсарту.

Еліміздің транспорттық кешеніне кіретін жергілікті тасымалдау нысандары басқа өнеркәсіптер және ұйымдармен ара қатынаста жергілікті деңгейде де мемлекет деңгейінде де, сонын ішінде ауданаралық, аймақаралық және халықаралық экономикалық байланыстарда транспорттық қызмет көрсету нарығының қалыптасуына қатысуы қажет. Сонымен қатар тасымалдау шешуші болса да, бірақ қазіргі кездегі кең ауқымды біріккен логистикалық жүйелердің жалғыз функциясы емес. Өнімді өндірушілер мен тұтынушылар арасында оларға көрсетілетін қызметтер кешенінде, мысалға,  физикалық тарату операцияларында жүктеу және қайтадан алу, түрге бөлу, қаптау, қоймалау, сақтау, шоғырландыру, жүк партияларының ірілендірілуі және т.б. қызығушылық танытуда. Логистикалық тауар өндірушілер қатарының үлкен бөлігін қадағалау логистикалық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, өндірушілердің қамтамасыздандыру және өндіру саласындағы шығындарды азайтуға, логистикалық фирмалардың кірісін көбейтуге көмектеседі [10].

Қазақстандағы логистиканың дамуының осы келешегі бар бағыты «Қазақстан-2030» жолдауында өз орнын тапқан. Ол жерде Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Транспорттық ағымдар шығыстан батысқа және керісінше тарихи біздің еліміздің территориясы арқылы өткен бүгінгі күні де тоқтамады. Қазақстанның мақсаты отандық транпорттық коммуникациялық кешенді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ету және біздің территориямыздан өтетін сауда ағымын көбейту.

Бұл сала белгілі жағдайда дамыған және ұзақ уақыт бойы шоғырланған өсу стратегиясымен жүру керек, ұлттық диверсификацияда және жаңа нарықтық іздеуге негізделеді. Олар біздің транспорттық және коммуникациялық қызметімізді пайдаланады. Бұл стратегия автомобиль құрылысы, туризм, сервис жүйесі, жол және капиталдық құрылыс және отандық өнімнің өз бағасының төмендеуіне әсер ететін болады».

Қазақстандағы логистиканың басқа да болашағы бар даму бағыттары алдағы жылдары оны ұйымдастыруда және ішкі өндірістік жүйелердің өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетілдіруде, тұрмыстық және материал жүргізуші байланыстарда технологиялық кешендерде және экономикалық аудандарда жақсарту үшін пайдаланылады.

Біздің елімізге басқа шетелдік капиталистік елдерде логистиканың тарихи жолды қайталаудың қажеті жоқ. Олардың жинаған тәжірибесін және өзіміздің потенциалды пайдалана отырып, біз тез қарқынмен заманауи логистикалық көзқарасты және отандық бизнестегі нарықтық бағытталған құрылымдардағы жүйені енгізуіміз қажет.

Мамандардың айтуы бойынша, Қазақстанның ритейл нарығы түгелдей бос деуге болады. Тұтынушылық қабілет бұл жерде Ресей мен Украинаға қарағанда төменірек, бірақ тез арада өсе алады. Бұған дәлел ретінде Қазақстанға өздерінің шығуы туралы көптеген сауда желілерінің хабарлауы?

                  өткен жылдың желтоқсанынан бастап, Қазақстанның көтерме нарығында Lacorte супермаркеттер желісі жұмыс істеуде;

                  Ресей Федерацияның «Вестер» көтерме желісі өзінің Қазақстандағы стратегиялық жоспарларын жүзеге асыра бастады;

                  «Арбат Престиж» компаниясы Қазақстан Республикасында өзінің дүкендерін ашуды жоспарлуда;

                  Raimbek Group холдингі өзінің Қазақстандағы ритейл нарығында орнын ұлғайтпақ;

                  Финдық Finn Flare 2007 жыл өзінің 4 сауда нүктесін Алматы, Қарағанды, Астане и Көкшетау қалаларында ашады;

                  өткен жылдан бастап «Эльдорадо» және Sulpak қазақстандық желісінің біріккен жобасы жүзеге асуда.

Бірақ Қазақстан нарығының көп бөлігін шағын ойнаушылар иеленуде. Бәсекелестіктің классикалық түрдегі түсінігі рейтеил нарығында жоқ. Қазіргі күні желілік ритейл, мамандардың пікірінше көтерме тауар айналымның 5-10 пайызын алады. Мұндай жағдайдың болуы аймақтар мен нарықтың дамуына шектелуіне себептер бар:

                  жоғары логистикалық шығындар;

                  халықтың төмен тығыздығы.

Ірі сауда желілердің келуі 2-3 жыл ішінде қазіргі заманғы логистық қызмет құруды талап етеді, тарату орталықтар желісін құру арқасында.

Тауар дистрибьюторлары. Қазақстан нарығының қазіргі заманғы логистикалық қызметтерге халықаралық компаниялар мұқтаж. Мысалы:

                 «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясы;

                 «ПРОКТЕР ЭНД ГЭМБЛ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС дистрибьюторы;

                 «Балтика» сыра жасау компанияның дистрибьюторы;

                 «Астана Моторс» компаниясы «Subaru Motor Kazakhstan» қызығушылығын көрсетеді - Subaru-ның Қазақстанда эксклюзивті және бірінші дистрибьюторы;

                 «Алем Мото Қазақстан» компаниясы YAMAHA корпорациясының Қазақстанда мототехниканың ресми дистрибьюторы;

                 «Turan MC» компаниясы- Hyundai Heavy Industries Co., Ltd Қазақстанда ресми дистрибьюторы;

                 «ДОРС Қазақстан» компаниясы Magner корпорациясының бүкіл Қазақстан бойынша  қызығушылығын көрсетеді;

                 «Центр МТС-cервис» ЖШС ерекше МАЗ, КАМАЗ, КРАЗ, МЗКТ және ЯМЗ арналған бөлшектерді сатады; Кез-келген импорттық дизельді техника үшін Fleetguard фильтрлері;

                 «АВТО-ПРОДУКТ» ЖШС –TOTAL LUBRIFIANTS француз мұнай концерннің ресми дистрибьюторы (ELF сауда таңбасы); GENERAL MOTORS американдық концерны (ACDelco сауда таңбасы).

Логистикалық қызметтің отандық провайдер-компаниялары 5 суретте қарастырылған. Қазақстан нарығында логистикалық қызмет көрсетуді дамытуда тиімді транспорттық-логистикалық жүйе мұқтажға ие халықаралық логистикалық операторлар бар.

5 сурет. Қазақстан нарығында логистикалық қызмет көрсететін провайдер- компаниялар

 

Қорыта келгенде, қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы  игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық  экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда.

Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл  логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын,  себебі  кәсіпорынға  логистиканы жүргізу  беймәлім  белгісіз зат, оны қалай  өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген  сұрақтар туындайды  бұл  сауалдардың әр бірі  өз  бетінше  тағыда  сұрақтар  туғызады, ал  осының  бәрін  дұрыс  қолданбауы  нақты  мәліметтердің  бетін ашпайды,  яғни    сондықтан   нарықтағы  кәсіби маманданған  логистиканы жүргізумен айналысатын  ұйымдарға  жүгіну  дұрыс  шешім  болады.

Келесі бөлімде Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындардың іс-әрекеттері талданады. Кәсіпорындардың логистикалық қызмет нарығындағы алатын орны, көрсететін қызмет сипаттары, ерешеліктері, артықшылықтары, кемшіліктері, даму болашақтары жан-жақты қарастырылады.

 

 

2.2.          «High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының  іс-әрекеттерін талдау

 

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

Клиенттердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын компаниялардың нарықта болмауы өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А Назарбаевтың тапсырысына жүгіне отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан экономикасын кластерлерді дамыту бойынша диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизімін құрастыру болып табылады. 

Осы заманғы экономикалық үрдістердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа  нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

Қазақстанның нарықтық қатынастарға өте бастауы елдегі логистиканың практикалық және ғылыми ыңғайды талап ете бастады.

Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.

Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады. Біздің елде тарихи айналым сферасы өндіріс сферасыдан артта дамыды, әсіресе тауар мен қызметтер өткізуді ұйымдастыру. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға ақырын өткізілген, сұраныс қанағаттанбаған, тұтынушыға төмен қызмет сапасымен, төмен сақтықпен ерекшеленеді. Айналым сферасы «қалдық принцип» бойынша қаржыландырылған. Басқарушы мамандар экономикада айналым сферасының ролін түсінбеуі жоғары деңгейде болды.

Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы  дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында). Бұл жердегі жағымсыз жақтар келесідей:

            тауар өткізуші құрылымның рационалды емес дамуы;

            қазіргі заманғы электрондық коммуникацияның, электрондық желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің әлсіз даму деңгейі;

            төмен транспорттық инфрақұрылым, әсіресе автомобиль жолдарында. Автомобильді, мультимодальды, кедендік терминалдар санының аздығы мен техника-технологияның төмен деңгейі;

            дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін барлық транспорт түрлерінде қазіргі заманғы транспорттық жабдықтардың болмауы. Транспорттың жоғары деңгейде физикалық және моральды тозу;

            өндірістік-техника базалық қойма шаруалардың төмен дамуы;

            тауарды өңдеу қазіргі заманғы техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Қоймалық жұмыстардың механизация және автоматтандырудың төмен даму деңгейі.

Көрсетілген фактілер мен жағымсыз жақтар Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияның ендіруін тежеуде, мәселелерді тез арада шешу мүмкін еместігі.

Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

Осындай кәсіпорындардың бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір   көшбасшысына айналды.

«High Tech Logistic» логистикалық оператор 2005 жылдың басында құрылған. Ол «Amanat Invest Group» компаниялар тобының құрамына кіреді. Сол жылы бірінші эксплуатацияланатын алаң «ИКаР» іске қосылған болатын. «ИКаР» қойма кешені 25000 паллето-орынды құрайды. Онда кеден-брокерлік қызмет пен транспорттық қызметкөрсетеді. УСҚ-ны ұйымдастыру мен кедендік қызметті жүзеге асыруға лицензия алынған болатын. 2006 жылы көлемі 35000 паллето-орынды құрайтын «Первомайский» кеден-қоймалы терминал салынып, іске қосылды. 2007 жылдың басында Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан жерде (Алматы-Қапшағай трассасы) «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық салына басталды. Ерекше «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық 210 га жерді алып жатыр. Компанияның жоспары бойынша «DAMU»  орталықта 150000 паллето-орынға қойма бөлмелері болды. Сонымен қатар, Астана қаласында 40000 палетто-орынға арналған «DAMU Astana» логистикалық орталық салына басталды.

Компанияның басты мамандануы-бұл барлық бекітілген шарттар негізінде XXI ғасыр технологиялар талаптарына сай, халықаралық стандарттарға және индустриалды-логистикалық орталықтардың сапалы түрде құру және дамыту. Өзінің құрылу уақытынан бастап компания ірі мегаполис ішінде жүкті ағымдарды басқару бойынша тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандыру стратегиясын таңдады. Қалалық магистральдардың транспорттық толуы қоймаларды қаланың сыртына шығару арқылы шешілді. Басында инвестициялар барлық қазіргі заманғы талаптар негізінде жұмсалды. Себебі, Қазақстанда коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыратын логистикалық объектілер болған емес.

Информация о работе Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы