Алма жемісі тасымалдауға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 10:28, лекция

Описание

Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Работа состоит из  1 файл

Алма жемісі.docx

— 14.43 Кб (Скачать документ)

Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алма шырыны төмен калориялы, құрамында темір көп, демек, қан аздығында пайдалы және бүйрек тастарын шығару қабілетіне ие. Алманың құрамында көп болатын пектин заттары адсорбенттер ретінде әрекет етеді, ағзаны лас заттардан тазартады.

Алма шырынынан жасалған коктейльдің адам денсаулығына пайдалылығымен қоса, оның дайындалуы да тез. Соңғы зерртеулер нәтижесі бойынша алманың құрамында мидың және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу жылдамдығын жақсартатын элементтердің бар екені дәлелденді. Басқа шырындарға қарағанда темір алма шырынында көбірек, сондықтан бұл қаназдыққа шалдыққандарға өте пайдалы. Бұл сусын құрамында калория саны минимальды түрде, бұл фитнеспен айналысатындар мен азғысы келетіндер үшін өте пайдалы. Алма ұлпасы темекі шегетіндер мен бронхит ауруымен көп ауыратындарға әсерін береді, яғни тыныс жолдарын тазартады. Алма шырыны кальцийге, магниге, фосфорға және калийге өте бай, ал алмалардың ішінен жасыл алма қызыл мен сары алмаларға қарағанда дәрумені көбірек. Тағы айта кететіні, пайдалы және денсаулыққа кері әсері жоқ сусындардың ең жақсыларының бірі – сәбіз бен қызылша араластырып жасалынған алма шырыны. Бұл шырын дәрігерлердің арнайы рұқсатымен дайындалған, адам ағзасындағы дәрумен жетіспеушілік пен микро элементтердің көбеюіне көмегін береді.

Алма шырыны —қан тамыр жүйесіне оң әсерін тигізетін темірге өте бай шырын. Бұл қарапайым сусын тіпті ұзақ жылдар бойы темекі шегетін адамдардың өкпесінің жұмысын жақсартып, тыныс алуына жақсы әсер етеді. Құрамы С витамині мен органикалық қышқылға өте бай. Соның нәтижесінде ол аз калориялық қасиет көрсетіп, артық салмақ тастаймын деген адамдардың айрылмас жосына айналған. Алма және алма шырынына негізделген бірнеше диета түрлері де белгілі.

 

Алма шырыны. Құрамында темір көп, қан аздығында, ой жұмысымен айналысатындарға ішу ұсынылады, бүйрек тастарын түсіретін де қабілеті бар. Алма шырынындағы пектин ағзаны қалдықтардан тазартушы. Алма шырынын тыныс алу жүйесі, өкпесі, кеңірдегі ауыратындар ішіп жүрсе шипалы. Бұл шырын жүрек – қан тамырлары жүйесін нығайтып, ағзадан несеп қышқылын да шығарады.


Информация о работе Алма жемісі тасымалдауға