Маскүнемдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:37, реферат

Описание

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамн

Работа состоит из  1 файл

алкаголизм.docx

— 27.44 Кб (Скачать документ)

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.

 Ішімдікке салыну, тіпті  аз мөлшерде ішкеннің өзінде  де, созылмалы алкоголизмге ішпесе  тұра алмайтын дертке шалдықтыруы,  ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі  мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

 Ішкілікке бойы үйренген  адамда тоқтау болмайды (ішкен  сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.

 Алкоголизмнің алғашқы  сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизмнің екінші сатысында  ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.

 Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн. ҚР Денсаулықсақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты — маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш кезеңі бар: олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары — республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері қолданылады. Ауылдық жерлердемас күнемд ерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді.

ССРО -дағы мен одақтас республикалардың денсаулық сақтау туралы негізгі заңдарында маскүнемдік қоғамдық ортаға қауіпті ауруға жатқызылған және арнайы емдеу мен сауықтыру шараларын жүргізу міндеттелген. ҚР-де маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия органдары, кәсіодақ комсомол және басқа да қоғамдық ұйымдар белсене араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның ішінде Қазақстанда да) халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді еркінен» тыс ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша дәрігердің қорытындысы болған жағдайда)емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде (профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі.

Заңда қоғамдық орындарда  спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл  орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не қызу күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу құжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде сииртті ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт арағы, брага) жасағаны, сатқаны, сақгағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген. Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, қайта жаз асын ауырлата түседі.

 Мастықтың әсерінен  ауруға шалдыққан адамға аурулығы туралы листок берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем төленбейді.

 Спиртті ішімдікке  салыну салдарынан өз жанұясының  материалдық жағдайын ауырлатқан  адамдарға, сот арқылы жаұясына  жәрдем көрсетуі міндеттемеледі.

 

 

 

Маскүнемдікті емдеудің негізгі үш кезеңі бар:

  1. Алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін қалпына келтіру;
  2. Ішімдікке әуестікті жойып,
  3. Оларға жиіркеніш сезімін тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру.

Негізгі емі витаминотерапия, дәрі-дәрмектер (инсулин, атропин, аминазин, т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Г. Айбасова, Ж. Ахметов[1]

Маскүнемдік елірмелер

Пайда болуы маскүнемдікпен байланысты психикалық кесел. Барынша жиі кездесетін түрлері – маскүнем елірмесі (ақыл-есінен айырылу), көру және есіту елестеушіліктері, қозу, жүйке жүйесінің түрліше бұзылуы, қызғаныш қозбасы және т.б.[2

Маскүнемдікті емдеудің төте жолы қайсы?

Батыс Қазақстан облысында  тек соңғы үш жылда 55962 өрт жағдайынан 1138 адам мас күйінде қайтыс болған. Соңғы алты жылда мас күйінде көлік жүргізудің салдарынан 4833 жол-көлік оқиғасы орын алып, 977 адам қаза тапқан, 7027 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Мұның бәрі атың өшкір арақтың кесірінен болып отырған жағдай. Оның бер жағында қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, қанша бала жетім қалды. Жұқарған жүйке мен көл болған көз жасынан ағарған шашта есеп жоқ.

Енді осыдан емделудің  жолы бар ма? Бақсы-балгерлердің дақпырты күшті болғанымен, маскүнемнің рөмкі көрсе есі шығатын ескі әдетінен құлан-таза айығып кеткенін көрген тағы ешкім жоқ. Кең таралған бір тәсіл бар. Адам денесіне дәрі құйылған ампул тігу арқылы емдеу жайындағы пікір де сан алуан. Оның негізінде алкоголизмнің үрейі жатқаны анық. Денесіне ампул тіктірген науқас «енді қайтып арақ ішсең — өлесің» деген қауіппен кетеді. Шынында да, сол сертінен тайғандардың өмірі қайғылы оқиғамен аяқталады. Ел ішінде «кодирование» жасату деген атпен таныс бұл тәсіл ТМД елдерінде ғана бақылаусыз қолданылады. Еуропа мен АҚШ-та бұл тәсіл тек сот шешімі бойынша жүзеге асырылады екен. Онда да адам айналасындағылар үшін аса қауіпті маскүнемге айналғанда ғана. Мұхиттың арғы жағындағылар үшін бұл — өте нәзік тақырып. Ішімдікке құмарлықты гипноз арқылы тоқтату адамның ерік-жігерін шынжырлап тастаумен бірдей. Өзіндік еркі жоқ адам сөзсіз зомбиге айналмақ. Гипноз кейбір адамдардың ми құрылымын өзгертіп жіберуі де ғажап емес. Спиртті ішімдікті қолдануды қойғызғанымен, ішімдікке деген тәуелділік пен алкоголизмді тудыратын себеп-салдарды анықтап, тоқтатып, жоя алмайды. Басты мәселе адам психологиясында жатыр деп есептейді олар.

Нарколог-дәрігер Владимир Шубиннің айтуынша, өткен жылы маскүнемдік дертіне шалдыққан 200 адамның 24-і ережені қатаң сақтамағандықтан өмірімен қош айтысқан. Олардың арасында жүйке ауруына шалдыққандар да аз емес көрінеді.

— Бұл тәсіл арқылы емдеу  тек денсаулыққа ғана емес, өмірдің өзіне тікелей қатысты. Егер науқас дәрігердің айтқанын ескермесе, шартын толық орындамаса, механизмдер бұзылып, адам аяқ астынан өліп кетуі әбден мүмкін, — дейді ол.

А.Р.Довженко әдісінің басты  алғышарты гипнозда жатыр. Осы тәсілге  жүгінген адамның миында ішкі резервтер  арқылы спирттік ішімдікке деген  қызығушылықты, құмарлықты жауып тастайтын  әлдебір зат пайда болады. Егер науқас қайтадан ішкілікке бой ұрса, инфаркт, инсульт алуы, бүйрек талмасына ұшырауы мүмкін. Ал, әйелдерде аяқ астынан жатырдан қан кетуі басталады.

 — Біз алдымызға  келген науқастарға осының бәрін айтып, түсіндіреміз. Өз басым мұндай сеансты жасар алдында адамды зерттеп аламын. Егер ол адамда өзінің бұрынғы берекетсіз өмірімен қош айтысқысы келетін, жаңа, тыныш, ішкіліксіз өмір бастағысы келетін ниет байқалса ғана іске кірісемін. Егер ол адамның өз ниеті болмаса, тек ағайындарының, отбасының өтінішімен келген болса, одан өзіне де, өзгеге де пайда жоқ. Бір өкініштісі, бізге келетіндердің басым көпшілігі —маскүнемдіктің соңғы шегіне жеткен адамдар. Оларға екі есе түсінік жұмыстары, екі есе ерік-жігер қажет болатыны айтпаса да түсінікті.

Маскүнемдікке әйелдер  тез салынады екен

Еліміздің ұлттық салауаттылық орталығының мәліметтеріне сенсек,  өткен 10 жыл ішінде Қазақстанда маскүнемдер  саны 5 есе көбейіпті. Бесіктен белі шықпай жатып арақ атты әзәзілдің  құрығына түскен балалар қатары тіпті 10 есеге артқан. Жалпы, Қазақстанда жарты миллионға жуық адам маскүнем ретінде тіркелген көрінеді. Оның ішінде оңтүстікқазақстандық 15 мың тұрғын да бар.

Тағы бір деректерге көз жүгіртсек, жыл сайын елімізде арақтан 25-28 мың кісі көз жұмады екен. Ал бір маскүнем өзінен басқа 10 адамның өмірін улайтын көрінеді. Осылайша жақын адамның маскүнемдігінен зардап шегіп отырған 4 миллион адам анықталған. Ал маскүнемдік айығуы қиын дертке жатады

– Маскүнемдікпен көбіне қандай адамдар ауырады?

– Жалпы, алкоголизм, наркомания, таксикомания деген дерттерден ешкім  де қорғана алмайды. Бұл аурулармен кез-келген адам ауыруы мүмкін. Дегенмен де ерік-жігері төмен, әлсіз мінезді адамдар бұл кеселге тез шалдығады. Өмірде әртүрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Мысалы, кейбір адамдар жақсы қызметінен айырылып қалғанда немесе ерлі-зайыптылар бір-бірінен ажырасып кетсе, мінез-құлқы әлсіз адам ішкілікке салынып кетеді. Өзіңіз білесіз, қазір күйзеліс пен уайым көп. Ол да адамның жүйкесін әлсіретіп, маскүнемдікке соқтыруы мүмкін.

Маскүнемдік үш дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежесінде адам спиртті ішімдікке психикалық түрде тәуелді болады. Мысалы, біреулер қанша арақ ішсе де мас болмайды. Ондайларды жұрт арақты көтереді екен деп жатады. Ал ол, керісінше, адам ағзасында алкогольге төзімділік пайда бола бастағаны деген сөз.

Маскүнемдіктің екінші дәрежесінде  адамда физикалық тәуелділік пайда  болады. Бұл кезде бас жазу синдромы басталады. Мұндайда адам бір ішсе тоқтамай бірнеше күн ішетін әдет табады, өзін-өзі тоқтата алмайды. Екі-үш күн тоқтамай ішкеннің өзі маскүнемдіктің екінші дәрежесіне жатады.

Ал маскүнемдіктің үшінші дәрежесінде бірнеше уақыт бойы салынып ішу басталады, алкогольге төзімділік төмендейді. Бұл кезде  адам 100 грамм ішсе де тез мас болып  қалады. Сонымен қатар соматикалық  қосымша аурулар басталады. «Белая горячка» деп жатамыз ғой. Ол дегеніміз  адамның көз алдында түрлі  елестер пайда болады. Содан кейін  адамның мінез-құлқы өзгеріп, адамгершілік қасиетін жоғалтады. Психикалық өзгерістер пайда болады.

 

Айта кетерлік бір жәйт, ер кісілерге қарағанда әйелдер маскүнемдікке тез салынып кетеді. Ер адамдар ішімдікті бес-алты жыл ішкеннен кейін барып салынып ішетін болса, әйелдер екі-үш жылдың ішінде араққа салынып кетуі мүмкін. Одан кейін әйелдерді маскүнемдіктен емдеп жазу өте ауыр болады.

Информация о работе Маскүнемдік