Шетелдегі қазақ хабарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:46, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының өзектелігі. Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін зерттеп, қарастру.
Зерттеудің нысаны. Радиохабар тарату үрдісі.
Зерттеудің мақсаты. Курстық жұмысының негізгі мақсаты –әлемдегі және қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін толықтай дерлік зерттеп, олардың бүгінгі жағдайын салыстырып, қарастыру. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты міндеттер қойылды:
-радиохабарлардың жанрларына шолу жасау;
-шетелдегі қазақ хабарлары;
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Ақтаев С., Н.Омашұлы, Қабылғазина К. т.б. ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында шетелдегі қазақ радиохабарларының тарату үрдісі зертеліп, сараланды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін маңызды еңбек болып табылады.
Зерттеу әдістері. Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау,талдау, салыстырмалы, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Жұмыста әлемде және елімізде радиохабарлардың деңгейі мен жұмысы қарастырылады. Радиохабарлар тыңдарманның сұраныстарына жауап беретіндей, ең жылдам БАҚ болып табылады.
Курстық жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

I. Кіріспе…………………………………………………………………………...3
II. Негізгі бөлім
2.Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісі…………………….4
2.1. Шетелдегі қазақ хабарлары.............................................................................6
2.2.Радиоредакция ұжымы мен оның міндеттері.................................................9
III. Қорытынды…………………………………………………………………..19
IV. Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………20

Работа состоит из  1 файл

курс Шетелдегі қазақ хабарлары радио 20.doc

— 132.00 Кб (Скачать документ)

Үшінші міндет – журналист  логикалық және экспрессивті акценттерді, екпіндерді іздеуі қажет.

Сөздің әсер ету күші, сөздің әсерлі әрі бейнелі шығуы үшін журналист дауыстың күшіне емес, оқу мақамының (интонация) деңгейіне (жоғарылату немесе төмендету), екпіндердің дұрыс қойылуына (фонетикалық акценттер), тыныс алудың реттілігіне көңіл қоюы керек. Дауыс күшімен әсер етем деу қате, бұл жағдайда қажетті көңіл күй туғызу қиын болмақ, бұл тәжірбиеде дәлелденген қағида.

Екпін – сөз мәнінің  көрсеткіші, сөздегі ой дәлдігінің көрсеткіші. Екпінді дұрыс қолдану  дегеніміз оны қай сөзге керек  екенін сезіну.

Ахмет Байтұрсынұлы «буын екпіні  мен сөз екпінінің қолайлы орналасуы сөйлеу әуезділігін тудырады» дейді. Ауызекі сөйлегенде түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуын, құлаққа жағымды болып естілуін сөйлеу әуезділігі десек, онда екпіннің айтар ойды жеткізудегі рөлін бағамдауға болады, яғни екпінді дұрыс қолдану  сөздің кестесін келтіріп айтудың негізгі шарты.

Журналистің  сөз өнерін  игеруінде ескеретін басты қағидаларының  бірі, Бөлтірік шешен  айтқандай,  «Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет». Бұл жөнінде Ақан сері Қорамсаұлы: «Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер» дейді, шынымен де табиғат адамға сөйлеу  қабілеті сияқты  тамаша сый берді десек те, ал оны қолдану, өмірлік қажетіне жаратуды әр адамның  өз ақыл-ойына салған. [3, 227 б.]

Көкіректен шыққан ойдың көрікті немесе көріксіз болуына тіл алғышарт болады десек те, сөздің көркем болмағы  ойдан екенін де жоққа шығара алмаймыз. Адамның сөзіне қарап оның ой-өрісін, жалпы білім деңгейін бағалау тәжірбиесі өмірімізде  кең етек алған, көкірегіңізде сайрап тұрған әдемі ойды жеткізетін тіл болмаса, дүниенің азабы сол болмақ. Қазақ ондай жандарды «қойнынан бөзі түсіп, аузынан сөзі түсіп» деп келемеждеген.Сондықтан да адам үшін ішкі рухани жан байлығын жетілдірумен қатар, сауатты сөйлеу шарттарын білу, әдебін игеру басты қажеттіліктер болмақ. Сөйлегенде ойланып, айтар ойыңды жүйлеп алып тіл қатқан дұрыс, бұл жерде  «ойнап сөйлесең де ойлап сөйле» деген тағылым сөз еске түседі.

Журналистер қоғам өмірінде  маңызды рөл атқарады дейміз, яғни олар ұлт мүддесі үшін күресе жүріп, өздерін айналасындағыларға, жалпы халыққа  мойындатулары керек емес пе? Ал бұл оңай шаруа емес! Ендеше мұндай ұлы мұрат жолында оларға қандай қасиеттер мен қабілеттер керек?  Бұл  сауалдарға жауапты алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың  ізгі ойларынан срыптап алдық. Ең алдымен мына пікіріне құлақ салайық: «Заманына  қарай амалы» деген. Бұл заманда жылап мұратқа жетемін деу аш түйенің күйсеуі болады. Атқыштың асығы түгел деген. Талас-тартыс, ақылмен, шешен сөзбен, көлденең келген көк атты құлағына тағарлық дәлелмен. Жарыс, күрес байымы – бәйге, мұның гүлі - хұқ. Хұқ құрдастығын алатын өзге жол жоқ».

Яғни қазіргідей еліміздің  ақпарат кеңістігінде әр түрлі идеологияның  қақтығысы, мүдделер қайшылығы толассыз жүріп жатқан кезде күресу керек. Амалымыз білім мен білік болу керек. Құр айғаймен, бос байбаламмен ештеңе істей алмаймыз, «талас-тартыс, ақылмен, шешен сөзбен, көлденең келген атты құлағына тағарлық дәлелиен» ұпайымызды түгелдеуіміз керек.

Білім мен білікті  қару етіп, бәсекеге түсетіндей қабілеттілік пен намыс, мінезді бойымызға жинап, өмір бәйгесіне түсу керек, сол кезде ғана өз ұлтымыздың құқығын өзгелерге мойындата аламыз.

Алаш көсемі сөз азабы, көкіректе сайрап жатқан ойыңды ауызекі  тілде жеткізудің қиындығы туралы былай  дейді: «адам баласы қылып жүрген іс, ой – ақыл болып басталады, адамды бала тапқан қатындай қинап сөз болып сөйленеді, ия жазылады, ақыл – сөз сонан соң барып, іске айналады. Не жұмыс қылсақ осы үш: ақыл, сөз, іс сана талқысынан өтпей жұмысқа айналмайды.

Бұл ақыл, сөз, іс – үшеуінің қиындығынан, «көпті көрген білер, алысты жүрген білер» дегендей, ойлаған, сөйлеген, жазған, жұмыс қылған білер, «көкіректе сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр» деген ойын, ақылын сөз қылып сөйлей алмаған бишаралардан қалған. Ақылды сөз қылу сондай қиын. Лев Николаевич Толстой жазған хатында өзі ғұмырында риза болмай өлді, адамзатта мұнан жүйрік жоқ десе – кінә болмас. Орыс жұртының жұрттан асқан ақыны Пушкин бір хатын отыз қайтара түзетіп басушы еді. Ал сөз сөйленді, сөз жазылды, бұл іс бола қоя ма? Адам баласы сөзін  жазып, тасқа басып сақтағаннан бері түзулік, әділдік, жақсылық жол айтқан кітаптар жазылған; қане бұл кітаптардың сөзі іс бола қойғаны?!

Дүниеде не болса бірте-бірте  аздап ілгері басып болады. Жас  баланың һәм шаш, сақалы өскені мысалды. Ақылды сөз қылмақ қиын, сөзді іс қылмақ мұнан неше есе қиын».

Әлихан Бөкейханов ағамыз айтқандай, қазіргі таңдағы қазақ  журналистерінің ең басты міндеті  – ақылды сөз қылмақ, яғни ел құлақ  асарлық, ел ойланарлық көсемсөзді қару ету. Ал ойлы сөзді бұқаралық ақпарат арқылы тарата отырып,  оны іс жүзінде асыруға, жүйелі сөзге елді ұйытып, құлақ асуға оның пәрменділігі мен қауқары жетсе, журналист кәсібінің шынайы болмысы сонда танылады.

Журналистің жеке басына тән қасиеттерді төмендегідей жіктеуге  болады, яғни ең бірінші – адамға  ақыл керек, сол ақылыңды сауатты етіп жеткізетін тіл керек, рухың биік болса, өмірлік мұраттарыңды іс жүзінде орнықтыруға қайратың жетеді, ал осы тізбектеген адамға керек қабілеттердің барлығы санаңда сүзгіден өтіп, ой талқысына түсуі керек, сонда ғана өзіңнің елің үшін жасаған қызметіңмен мақтануға болады. Яғни журналистиканы да, әдебиет сияқты, «ар ісі» деп тануға болады. Бұл жерде профессор Н. Омашевтың төмендегідей пікірі ойымызды толықтыра түседі: «Қазіргідей капитал мен олигарх топтарға  тәуелділігі арта түскен БАҚ-тарда қызмет ету, ондағы журналистерге ар-ождан кодексін сақтай білу үлкен сын болып тұр. Бізге, қалам қайраткерлеріне, осылардың бәрінен биік тұратын ұстаным керек! Өткінші саяси ойындардың ықпалынсыз, елшіл, отаншыл рухта жазылған дүниелер ғана оқырманға ұсынылмағы лазым!».

Қазіргі заман талабына сай қазақ журналистеріне керек  қасиеттерді  ғылым Н. Омашев былайша  жіктейді: «...Ең әуелі алдындағы  ақ қағазға, қаламға адалдық керек: қарақан бастың қамынан гөрі ел мүддесі, халық тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші орында тұруы – басты талап. Ондай журналистер қатары көптеп саналары да құпия емес. Ел-жұрттың жайын өткір, шыншылдықпен айта білу де жеткіліксіз, тәуелсіз мемлекетіміздің алғы күнге озған мүддесін әркім-әркім-ақ білетін шығар, дегенмен ол да журналистің қайығын жағаға жеткізе қояды деу ұшқарылық: білім, өмір тәжірбиесі, ең бастысы дарын керек. Осының бәрі бір арнаға тоғысқанда ғана журналистің жазғаны  жұрт назарына еріксіз шалынады, оқылады».

Яғни, ғалымның айтуынша, бүгінгі қалам  қайраткерлеріне қойылар басты  талап – ел мүддесіне қызмет ету, содан кейін дарын, білім, өмір тәжірбиесі мен өткір тілдің бірлігі керек.

Саунд-инженер-техникаға және эфирдің техникалық жабдықталуына жауап беретін адам.[4,325б.]

Елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде осындай 160-тан астам елдің радиостудиялары  жұмыс істейді. Олардың тыңдармандарының саны 200 миллионнан аса екендігі социологиялық  институттар зерттеулері арқылы зерделеген.

Қазақстанда 115 теле радио  арналары жұмыс істейді. Олардың  бәрі атқаратын қызметіне орай мемлекеттік, жеке меншік, коммерциялық, аралас болып  бөлінеді. Ұстанған бағыттарына орй  тәуелді, тәуелсіз болып та аталады.

Алты миллионнан астам тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101-FM жиілігінен беріледі және заман талабына орай қызмет істеуде, радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату бағыттары да тәуелсіз қазақстанның даму тенденцияларына қарай өзгеріске түскен. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған. Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар, музыкалық хабарлар, насихаттық хабарлар, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциялары болып бөлінеді.

 

Ақпараттық-талдамалы жанрлардың өзі бір радиохабардың өн бойында немесе журналистің тікелей берген материалында ауыспалы, аралас сипат алады. Өйткені, шығармашылық-техникалық сипаттағы соны технологиялық процесс болып табылатын тікелей эфир кезінде жанрлықбелгілерді сақтап, сол жүйемен ерекшеліктерді ескеру талап етілмейді.

Сондықтан да тікелей эфирдегі хабардың жобасын эзірлегенде оның жанрлық ерекшелігіне мэн беріп, мейлін-ше ұтымды қолдана білудің өзі кэсіби шеберліктің бір қыры болып табылады.Тікелей эфирде негізінен, сұхбат жанры жиі қолданылады. Тек, оның жанрлық ерекшеліктері толық ескерілмегендіктен, бэрі бірдей сэтті шыға бермейді. Тікелей эфирдіңтөл жанры болып есептелетін репортаж қазіргі таңдағы техникалық мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп, толығатүсті. Іонвагенмен де, ұялы байланыс телефонымен де оқиға ортасынан репортаж жүргізуге болады. Бірақ, тікелей репортаж аса маңызды айтулы оқиғалардан жүргізілетіні белгілі. Сон-дай, ел өміріндегі елеулі оқиғаның бірі -1991 жылдың қазан айының 2-жүлдызында қазақтың түңғыш ғарышкері Тоқтар Әубэкіровтің Байқоңырдан ғарышқа самғау сэтінен Қазақ радиосының "Тәулік тынысы", "Панорама дня" бағдарламасы тікелей репортаж жүргізген болатын. Сондықтан да, осындай аса маңызды айтулы оқиғалар кезінде тікелей эфирден репортаж жанрын өз деңгейінде қолдану электронды журналистиканың үшқырлығын танытпақ.

Тікелей эфирге арналып  алдын ала жазылған мэтін-сце-нарийлік нүсқа. Енді соған жан бітіріп, хабардың реңін ашу үшін не істеу керек? Әлбетте, ең алдымен хабардың шақыру белгісін эзірлеген жөн. Оны мынадай төрттүрлі жолмен жасауга болады.

1. Музыкалық шақыру белгісі.

2. Арнайы мэтін жазылған шақыру белгісі.

3. Ресми атауын айтып хабарды немесе бағдарламаны ашу.

4. Әуенмен айтылатын шақыру белгісі.

Бүл, эрине, эрбір радиостанцияда өз имиджіне сэйкес, жаңалықтар оқыларда, уақыт айтыларда беріліп жатады. Ол қазіргідей ақпарат ғасырының талғамы жоғары тыңдарманы үшін аздық етеді. Шақыру белгісін тыңцарманды баурап алудың алғашқы қадамы ретінде тікелей эфирді жүргізетін журналист ұтқыр қолдана білуі тиіс. Келесі кезекте тыңцарман назарын аударатын роликтер мен тақырып мазмүнын ашатын джингл-дар жасап оны бағдарлама барысында пайдалану жүргізуші-журналистің аудитория алдындағы сенімін күшейтсе, екінші жағынан тыңдарманды жалықтырып алмауға мүмкіндік береди

Негізінде, шақыру белгілерін тыңдарман қүлағына сіңіру үшін тұрақты  түрде берген дұрыс. Ал роликтер мен джин-глдарды эр хабар сайын мың қүбылтып үсыну журналист шеберлігінің бір қыры болмақ.

Бағдарламаның берілу мерзімі  және эфирдеп уақыты - түсінікті үғымдар. Ал бағдарлама нысаны - журналист таңдаған тақырып аясындағы ақпарат көзі, оның зерттейтін объектісі, бақылайтын ортасы. Бағдарлама сипатын белгілі бір дэрежеде журналистің кэсіби деңгейінің барометрі деуге болар еді. Қарап түрсаңыз қазіргі тэуелсіз радио арналардағы бағдарламалардың дені көңілашар, ойын-сауық сипатында болып келеді. Бағдарламаға қатысушылар карапайым студия қонағы, күнделікті хабардың кәдімгі кейіпкері болып көрінгенмен олардың рөлі багдарлама авторы үшін де радиоарна үшін де, орасан зор. Өйткені, дүйім жүртқа таралатын эуе толкынында кім көрінгенді кез келген жағдайға байланысты сөйлете беруге болмайтыны белгілі. Кейде олардьщ керемет үлкен пайдасы тисе, кейде кесірлері шаш етектен болуы ғажап емес. Сондықтан бағдарламаға кімді жэне қалай, қандай жағдайда катыстыру туралы түбегейлі шешіп алған дүрыс. Бағдарлама демеушісі бағдарламаны жарыққа шығару үшін қажет. Жақсы демеуші таба алмаған талай-талай үздік жобалардың қағаз жүзінде қалып қоятыны да жасырын емес. Сондықтан да, журналист бағдарлама авторы болумен қатар өз ісінің маркетингі болуы тиіс. Бүл заман талабы. Демек, журналист еңбегі осындай жоба арқылы жүзеге асады. Тек, кэсіби шеберлік сонымен шектел-мейді. Журналист жасаған жобасы арқылы өзін-өзі дэлелдеуге кіріседі, журналиста кадағы өз әлеміне қадам басады. Сонымен, тағы да бір журналистке ең керек нэрсе "Іс-эрекет мазмүны" кестесіндегі келесі бір үғым - сенім. "Күш-қуаттың қайнар көзі - біздің өзіміздің ақыл-ойымыз. Адамның сенімі - оның өмірінің бейне көрінісі".

Адам кез келген нэрсені өзі істеп көрмейінше үйрене ал-майды. "Коз - қорқақ, қол - батыр" деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды өз сөзіне сендіруі үшін эуелі озіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні - өзінің бойындағы кэсіби қүндылықтары.

Жалпы, адам бойындағы  психологиялық қасиеттер дүниежүзілік жэне үлттық мэдениеттің бүкіл тарихындағы  табыстарының ең озық үлгілерін пайдалана  отырып жанданады. Ал адамның жеке басындағы  қүндылықтары қоғамдық сана түрінде элеуметтік психологиялық деңгейде қалыптасады да, оның жеке басының мэдениеті мен кэсіби этикасынан көрініс табады. Оған адамның отаншылдық рухын, азаматтық ар-ожданын, ұлттық намысын, кэсіби артықшылықтарын (шешен тілін, эуезді үнін, сезімталдығын, білімділігін, тапқырлығын т.с.с.) жатқызуға болады. Оның бәрі уақыт аясында қалыптасады. Уақыт барысында шындалады. Эфирдегі бағдарлама да уақытпен өлшенеді. Уақытқа тэн бір ғана заңдылық - оны үтымды пай-далану. Нэтижеге тынымсыз ізденіп, мэңгілік жалықпастан жаттыгу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Іс-әрекет мазмұны кестесіндегі барлық үғымдарды өз дэрежесінде игеріп, кэдеге асыра білген журналист өзін эфир иесі ретінде сезініп "Коре-коре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың" дегендей шебер жүргізушіге айналады да, өзін-өзі бәсекедегі жеңісімен, тікелей эфирдегі табысымен дэлелдеп шығады.

Журналистика - шығармашылық ғылым. Журналист - ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бүлжытпай қайтадан айтпайды. Оның үстіне тікелей эфир - қайталанбайтын қүбылыс. Сондыктан да, теориялық деңгейде қабылдаған білімді тэжірибе жүзінде игеру үшін аудиториядағы дэрісті радиостудиядағы лабораториялық сабақтармен қатар өрбітіп, шығармашылық процесс ретінде пысықтап қою жеткіліксіз. Сонымен қатар, болашақ жур-налистер кэсіби маман ретінде қалыптасу үшін өндірістік журналистикадағы өрісіндегі кэсіби дағдыларды тэжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізуі керек. Сол қисындардың бэрі есепке алынған жан-жақты дамып жетілген оқу бағдарламасы болғанда ғана студенттің өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығына деген ынта-ықыласы артып, сол пэнге ерекше зейін қоюына жол ашылмақ. Соның нэтижесінде ол университет қабырғасында жүріп өз мамандығының өмірдегі қолданыс аясынан, іс жүзіндегі тэжірибелі тэлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл бағыттарынан хабардар бо-луына қол жеткізбек. Демек, болашақ мамандықтарын тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен үстап, белгілі бір дэрежеде сол іспен тікелей шүғылдану олардың қазіргі таңдагы қажетті сүранысына айналып отыр деген сөз.

 

 

 

 

 

Информация о работе Шетелдегі қазақ хабарлары