Умбетей жырау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:36, реферат

Описание

Қазіргі Ақмола төңірегінде дүниеге келген. Ақтамберді мен Бұхар, Тәтіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVIII ғасырдың аласапыран уақиғаларының ішінде Үмбетей да болды. Жырау мұрасынан біз Абылайхан дәуірін, ел ісін атқарған үлкен тұлғалардың сұлбасын көреміз. Үмбетей Абылай хан және XVIII ғасыр батырлары жайында жырларды туғызушылардың бірі. Қазақ әдебиетінде Қанжығалы Бөгембай батыр туралы жыр дастандар аз емес. Соның ішінде Үмбетейдің батыр тұлғасын сомдауы алабөтен. Оның есімі қазақ әдебиеті тарихының, әсіресе, Қанжығалы Бөгембайға арнаған жоқтау, естірту толғаулары үшін айрықша орын алады.

Работа состоит из  1 файл

ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ.docx

— 32.58 Кб (Скачать документ)

“Жауқашарға” деген өлеңі  “Бәкеге” арнауының жалғасындай, жалпы  екеуі біртұтас дүние болуы мүмкін. Ол кезде өлеңге тақырып қоймаған, айтқан жерден халықтың өзі қағып  алып, келесі ғасырға жеткізген. Үмбетей  сөздеріне қарағанда көпшіліктің, көптен шыққан батырлардың ақылшысы, кеңесшісі болған кісі. Шағын қазынасының  өзінен көргені, білгені мол мейірімді  адамның келбеті елестейді.

...Кісіні көрсең, есікке,

Жүгіре шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң мейманды,

Кесір болар несіпке,-

деп, жырау мезгілсіз келген қонаққа  да қуанады. Бұл - әрі батыр, әрі ақынның  ғана ауызынан шығатын сөздер.

Үмбетей жырларында фәлсафа  айтып келіп, мәселені әйел жайындағы  түйінмен тәмамдайды. Өзіне сауал  қояды да, жауабын өзі береді. Түйенің, биенің, адамның, жаманның қандай болатынын нақты сөздермен келтіріп, тұрмыс философиясын тартымды бейнелейді.

Үйдегі ұлың жаман болса,

Есіктегі құлмен тең,

Қойыныңдағы қатының жау  болса,

Қаңтардағы мұзбен тең,-

дейді жырау “Бұқарға” атты арнауында. Мұнда да ұлдың жақсы, жамандығы  сын таразысына түседі. Әйелдің нашарын  “Арқаңа артқан тұзбен тең” дейді. Өзі жорықта жүрсе де от басының тірлігін, бірлігін тілеген кісінің келбетін елестетеді жырау.

...Бәйбішең аю болса,  аса алмассың,

Қарау болса, әй, деуге бата алмассың.

Мейманға отың басы болса  суық,

Еліңе жақсы жігіт атанбассың,-

деген Үмбетейдің бұл шумағындағы  ойлар Бұқардың:

Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат болмас.

Жаман қатын алсаңыз,

Топқа кірер ұл тумас,-

деген жолдарымен үндесіп келеді.

Үмбетейдің “Ей, Ақтамберді”  деп басталатын он үш жол өлеңі  де өмірге өздігінен келмегенге ұқсайды. Құн дауы ма, жесір дауы ма, әйтеуір, ар жағында бір жәйттің бар  екені анық. Екі жырау да қарсы  келгенде қандыра жауап қайтармаса көңілдері көншімейді. Ақырып жеткен Ақтамберді жырау Үмбетейге тіл  тигізе сөйлейді. Бір батырының құнын  қуа келіпті.

Қынаптан қылыш суырмай,

Қырысқан жау бүлік  етпес.

Қанымен Қастың жуылмай,

Намысқа тиген кір кетпес.

Шабысың, кәне, шыдап көр,

Жау емессің күш жетпес.

Тоқтататын сөз шықпаса, Ақтамбердінің екпіні жаман, мерт етуі мүмкін. Тура жауаптан тайсалу керек  пе, жоқ. Үмбетейде де жүрек бар, үндемей  қалатын кісі емес.

Суытпа босқа түсіңдң,

Қайрама онша тісіңді.

Сырт тазасы не керек,

Тазарт әуелі ішіңді.

Мен арғын дейтін арыспын,

Азуы кере қарыспын.

Сен бұзау терісі – шөншіксің,

Мен өгіз терісі – талыспын, -

деп, Ақтамбердінің айбынын басады. Жыраудың сөзі алмас қылыштан да қуаттырақ, өткір естіледі. Үмбетей Ақтамберді жырауды жақсы біле, сыйлай тұра, тура жауабын беруден тайсалмайды.

Үмбетейдің эпикалық күшінің  барлығын байқататын өлеңінің бірі –  “Бекболат биге” арнағаны. Оған адамгершілік ақылдар беріп, байсалды басшы болуын қалаған. Ол арнауы “Мен пайғамбардан бастасам” – деген  жолдардан басталады (“Алдаспанда”жарияланған). Әдетте, жыраулар кесімді пікір айту үшін сол тақырыптың өзіне тура кіріспей, орағытып, тұспалдап, көтеріңкі кіріспе  жасап алады. Мысалы:

Мен пайғамбардан бастасам,

Әңгімеге кетермін.

Едігеден бастасам,

Ертегіге кетермін.

Келтесінен қайырсам,

Сөз түбіне жетермін, -

деуінде біраз мән жатыр. Осы  арқылы шешендік сөздің салмағын, өрісін байқатып қояды. “Қаһарман қылыш  ала алмаған қамалды қанатты  сөз алады” деген сөз өмір тәжірибеден  туған. Іс шындыққа тақалғанда Үмбетей, Бұқарлар ханға да, қараға да қарамайды. Қара қылды қақ жарып айтады. Әр шумақ, әр жолында өрнекті сипат  бар. “Баласын мақтар бас жаман, қатынын  мақтар қас жаман. Алыстағы дұшпаннан  аңдып жүрген дос жаман” десе мойындамасқа, бас иземеске амалыңыз қайсы.

Үмбетей – Сыпыра жыраудан, Асан қайғыдан, Қазтуғаннан, т. б. қалған асыл сөз мұрасын ілгері апарушылардың  бірі. Насихат сөздерінде, “Бөгембай  өліміне”, “Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірту” атты шығармаларында ханнан гөрі қауым мен батырдың бейнесі  молырақ сипатталады. Үмбетей аты аталғанда, әсіресе, осы туындылар алдымен ауызға ілінеді. Соңғы толғаудың айтушылардан толық жеткені сезіледі. Толғау еркін, төкпелі сарыннан туған, таудан құлаған сарқырама су үніндей әсерлі естіледі.

Үмбетей жырларындағы батырлар бейнесі 

Бөгембай образы жыраулар творчествосынан көрнекті орын алады, мұнда, шын мәнінде, батырға өлеңмен  берік ескерткіш жасалған. Бұқар  мен Үмбетейдің Бөгембайға арнаған  жоқтауы – дәл мағынасындағы  жоқтау емес, одан да биігірек тұрған көркем поэтикалық ескерткіш.

“Бөгембайдың ерлігін  жырау өзінің алдындағы сарқылмас  сөз өнері – ауыз әдебиеті дәстүрлері негізінде суреттейді. Батырдың батырлық қимылдарын тануда да, бейнелеуде де батырлар жырында қалыптасқан негізгі  өлшемдер мен көркемдік тәсілдерге сүйенеді. Соған қарамастан асыра  әсірелеу де, қиялдағы батыр бейнесін жасау талабы байқалмайды. Керісінше, өмірде болған адамның ісі оны  тікелей көрген адамның көзімен  өлшеніп бағаланады, суреттеледі. Соның  нәтижесінде толғаудан елін, жаудан қорғаған қайсар ер, қайтпас батырдың өр бейнесін көргендей боласың. Үмбетейдің “Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естіртуі” де осы деңгейдегі толғау. Жырау Бөгембай сияқты батырлардың  Абылай тұсында өмір сүруін Абылайға “Тәңірім берген үлкен сый” деп  бағалайды, суреттейді. Бұқар толғауы  сияқты мұнда да Бөгембай ел қорғаны  – батыр ретінде көрінеді. Сөйте  тұра осы екі толғауға тән, ортақ  сипат – адамдық жылылық пен  сыршылдық. Бұл кейіпкер басынан  емес, автордың кейіпкерге қатысынан  көрінеді”.

“Үмбетейдің батыр Бөгембайдың  өліміне арналған жоқтауы белгілі. Ақын оның жоңғарлармен айқасуындағы ерліктерін жырлайды.

Ол Бөгембайдың жарқын, әсерлі образын жасаған:

Қолтығы ала бұғының

Пәйкесіндей Бөгембай!

Жалаң қия жерлерден

Жазбай түсіп тулкі  алған.

Білегі жуан бүркіттің

Тегеурініндей Бөгембай!

Үмбетейдің Бөгембай жөніндегі  жоқтауы халық қорғанының тамаша образы”.

Динамикалық қимыл әрекетке толы экспрессивті жолдар Бөгембайдың  басқыншыларға қарсы халық күресінің  тарихында алатын орнын ойып алып көрсетеді. Толғауда жоқтау, мүдіру жоқ, бір тыныстан туған тұтас туынды. Мұнда “автордың” өзі мүлдем сырт қалады да, бар ықылас, тілек жырланып обьектіге ауады. Батырдың өлімін естірту  арқылы өмірді жырлайды.

Үмбетей қазақтың бас көтерер  батырлары мен билерін санап  өтеді. Олардың жоңғарларға қарсы  күресте атқарған ерлік істерін  дәріптейді. Әрқайсысының кескін, келбет, тұлға – тұрпатын, ерлік мінезін  сипаттап, даралай бейнелейді. Ақын, батыр өліміне дегенел қайғысынөз жеке басының қасіреті ретінде ауыр өкініш арқылы баяндайды. Атышулы батырлармен  оны қатар ұстайды.

Қаз дауысты Қазыбек,

Керейден шыққан Жәнібек.,

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгембай,

Абылай сенің тұсында

Сол төртеуі болыпты –  ай .

Үшеуі батыр, бірі би,

Тағдырдан келді-ау мына күй!

Сол ерлердің біреуі,

Бөгембай батыр өлген  соң

Көзімнің жасы көл болды!

Қазақтың аты әйгілі батырлары  мен билерін дәріптей келіпі солардың ішіде Бөгембайдың тұлға тұрпатын өзгеше даралайды.

Жалаң қия жерлерден

Жазбай түсіп тулкі  алған.

Білегі жуан бүркіттің

Тегеурініндей Бөгембай!

Ауыр қол жидырып алдырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың,

Қабанбай мен Бөгембай...

Үмбетей жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсеткен  басқа да қолбасы батырлар туралы бірнеше жыр-толғаулар шығарған эпик ақын. Ол халық аузында сақталған  ерлік жырларды қайта жырлап қалмаққа қарсы халық өшпенділігін күшейте  түскен. Олардың ерлік рухта тәбиелеп жүрген.

Енді бірер сөз жырау  жасы мен қиссасы туралы. “Біз Үмбетей  мұрасына бала күнімізден қанықпыз. Қазір  қолымызда Үмбетейдің өмірін айқындап көрсететін 1500 жол материал бар”, - дей келіп Ғ. Мұқатов жыраудың туған жылын анықтауға кіріседі. “...Бұқар мен Үмбетей 1668 жылдың төлі дейік. Бұқардың 113 жасын 1668-ге қосыңыз. 1781 болады, ал бұдан 3 жасты алып тастаңыз, 1778 болады, сонда Үмбетей, міне,осы 1778 жылы, яғни 110 жасында дүние салған. Бұл күмәнсіз факт”. Ақмолада тұратын  журналист, әдебиетші Ғ. Мұқатов  мұндай үзілді-кесілді фактіні келтіргенде  Бөгембай батырдың немересі Бапан бидің  қыпшақ Байсерке абызға айтыпты дейтін мына бір шумақ өлеңіне сүйеніп  отыр:

Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен,

Қайтыс боп үш жыл бұрын  құса дерттен.

Жыраудың жыры елін сусындатып,

Ұрпақтың ұрпағына ұзап кеткен,-

дейді. Әрине, бұл бір шумақ өлеңмен  жыраудың қай жылдың төлі екенін бірден айқындау оңай емес. Аңыздың аты  қанша дегенмен аңыз. Мынау жалғыз шумақ өлеңге ой көзімен қарасақ. Байсерке абыздың тұсында емес, тіпті  беріде туған қосымша шығар-ау деген  күмән бар. Ол ойымызды, әсіресе, соңғы  екі жол шегелей түседі.

Ғ. Мұқатовтың айтуы бойынша, Үмбетей  кедейліктің тауқыметін көп тартып, өз еңбегімен күн кешеді, бертін келе жырау атанып, қарт Бөгембайға әрі серік, әрі жыршысы болады. Жұрағаттарын “Ақмола облысының “Ленин” совхозына қарасты Шөкей селосынан көрдік” дейді зерттеуші.

Және бір назар аударатын  факт – Үмбетей Жантай батыр туралы қисса-дастанын ұлғайған кезінде шығарса  керек дейді. Қиссада Жантай бастаған батырлар тобының әрекеті мен  халықтың сол тұстағы ауыл тұрмысы  баса көрсетілген. Мұнда Үмбетей  Абылай ханға тие сөйлейді. Хан  мен жырау бір-бірінен қашықтайды. Жырау сарай маңынан кетеді.

Бір қызығы, “Жантай батыр” қиссасын Шоқанның әкесі Шыңғыс білген. “Ғалым-саяхатшы Шоқан кейін архивтерді ақтарып жүріп, әкесінің полковник  Ладыжинскийге тапсырған қолжазбаларынан  “Жантай батыр” да кездестірген. ”

Ғ. Мұқатов Үмбетейдің шөбересі Атқыбай жайына да тоқталып, ол жырлаған “Жантай батырдың” мән-жайын  түсіндіреді.

Жұмағұл жыршының айтуы бойынша 1953 жылы жазылған “Қиссаны таратушыдан  бірер сөз” деген қосымша анықтама өлеңінде:

Гөлеш – ау, үйрендің сен  мұны қайдан?-

Дегенде ол ұқтым деді Ақтыбайдан.

Ақтыбай – Үмбетейдің шөбересі,

Қиссаны ауызымен жұртқа жайған.

Қиссаны онан бұрын Бапан  айтқан,

Бапан би өз тұсында бопты  жайсаң.

Қазақта белгілі ғой тілдің майы,

Кей жерін кейінгілер көп  ұлғайтқан.-

деген сөз бар. Бұдан шығатын  қорытынды: “Жантай батыр” қиссасы  бізге жеткенше біраз қосымшалармен  ұлғайған. Қиссаға жазбаша әдебиеттің әсері бар-ау деп қалдық. Он бір  буынмен келісті жазылған.

Шығармада өз жерін жаудан азат ету  мақсатында қазақтардың жүргізген  күресі көрсетіледі. Негізгі кейіпкері  – Қабанбай, Бөгембай, Жантай батырлар, солардың іс - әрекеттері. Бұлардан басқа  Жантайдың немере інісі Үйсімбай, Атан, Досай батырлар бар. Бұлардың портреті жеке-жеке беріледі. Бөгембай бастаған қол “он мың үй торғауытпен” соғысады.

Қисса авторы жаугершілік замандағы  халық бірлігін, патриотизмін, ауыз бірлікті жырлайды. Жырау бар ақындық  қиялын жұмсап, өршіл пафоспен азаматтық  тақырыпты биікке көтереді.

Ендегі бір мәселе “Жантай  батыр” қиссасын Үмбетей шығарып  па деген сауалдың айналасынан шығады. Стиліне қарағанда басқа адам сияқты. Бұл шығарма жазбаша әдебиеттің жемісі болар деп ойлаймыз.


Информация о работе Умбетей жырау