Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:25, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі журналист, ағартушы, прозаик және қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері Сәбит Мұқановтың алатын орнын анықтау. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................2
1.1. С. Мұқанов – қазақ әдебиетінің
көрнекті қайраткері.................................................................................3
1.2. Поэзиясы.............................................................................................5
1.3 С. Мұқановтың прозасы...................................................................11

ІІ. Негізгі бөлім: С.Мұқановтың «Ботагөз» романы
2.1. «Ботагөз» романы ...........................................................................14
2.2. Романдағы Ботагөз бейнесі...........................................................16
2.3. Романның көркемдік
ерешелігі............................................................................. ................24
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................28

Работа состоит из  1 файл

с мукановi.doc

— 377.50 Кб (Скачать документ)

 

суреттеледі. Яғни  қарама-қарсы екі күштердің  іс-әрекеттері, мінез-құлықтары

 

көрсетіледі. Олардың әрқайсысы әр дәрежеде: атқаратын қызметі, қоғамдық

 

орны, ат, атағына байланысты қимылдайды. Мәселен, урядник Кошкин өзіне

 

бағынышты бірлі -жарым жандарды ұрып, сабап жәбірлесе, болыс Итбай мен

 

патша офицері Алексей Кулаков — бүкіл елді билеп-төстеп тұншықтырып,

 

дегенін істетіп  отырған зұлымдар, халықтың соры.

 

 Әсіресе    Итбай    әрекеттері    романда    егжей-тегжейіне    дейін

 

әшкереленіп отырады. Оның Асқарға, Ботагөзге, Амантайға, барша жарлы

 

кедейлерге деген  зорлық қысымы шесіз.  Өйткені ол — қазақтың сол

 

кездегі феодалдық аулының  нағыз реакцияшыл өкілі. Бай мен бидің, патша

 

екінші сойылын соғушы. Ақ патшаға сүйенсе ғана, оның өкілдері алдында

 

құрдай жорғаласа  ғана жаны қалатынын ол жақсы біледі. Әсіресе майданға

 

адам алу жарлығы  кезінде ол халыққа деген бар  зұлымдық, зиянкестігін

 

істеп бағады. Білімсіз, әрі әпербақан ақылсыз, тоғышар Итбай — кәдімгі

 

ұрдажық, алып соқ қара күштің иесі. Әрине, ол өзі ұрып, өзі соқпайды, оған

 

айласы жетеді. Екі  ұдай араз етіп, жұртты бір-біріне қарсы  қоюға келгенде

 

онан шебер адам жоқ. Бар арамдығын да көбіне басқаның қолымен, «қол

 

шоқпардың» күшімен істейді. Сөйтсе де, арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам

 

дегендей, оның жаулық әрекеттері ылғи көзге түсіп отырады. Әрі онысын

 

жасырайын дейтін Итбай да жоқ. Өйткені патшаның қазақ ауылындағы

 

итаршысы ретінде ол нағыз қиын, қауіпті істерді жүзеге асырып отыруы

 

керек, яғни патшаның халыққа қарсы жарлықтарын орындап отыруға тиісті.

 

Сондықтан да жарлы-жақыбайлардың каһарлы кейіпіне душар болған Итбай

 

жазасын тартады.

 

    Итбай романда кертартпа феодалдық құрылыстың, ескі тұрмыстың өкілі

 

ретінде көрінеді. Оның күресі де, қарсылығы да өз табының мүддесін

 

қорғау үшін, сол қанаушылық, зорлық-зомбылық тәртіпті сақтап қалу үшін

 

болып жатады. Ұнамсыз кейіпкер ретінде көрінген Итбай бейнесін жазушы

 

асқан шеберлікпен, дәл тауып нанымды жасаған. Қазақ ауылында отаршыл,

 

империялық құрылыстың мұндай қол шоқпарлары тырнағын еңбекші

 

халыққа қатты батырғаны тарихтан мағлұм.

 

     Алексей Кулаков болса — әрі оқыған, әрі жергілікті халықтың тұрмыс

 

ахуалын жақсы  білетін, бірақ оның білектілерімен ғана достасып, қазақ

 

халқын  иттей  жек   көретін,   әрі  солардан  өлердей қорқатын, сырты

 

жылтыр, сыпайы тілді сұм ойлы патша офицері. Оның бейнесінен патшаның

 

бұратана  халық арасына билеп-төстеуге жіберілген,  бас кесерлерін басып

 

жаншып   езуге   келген   өкіл көрінеді. Жазушының алға қойған мақсаты да

 

осы. Өйткені тәуелді елдің ең бірінші қанаушылары самодержавиелік

 

отаршылдар  екенін білетін. Алексей Кулаковтың бар пиғыл-қимылынан

 

арамдық, екі жүзділік, мансапқорлық, даңгөйлік еседі. Әрбір арамза жауыз

 

сияқты ол әрі қорқақ. Ботагөзді қорламақ ниетпен сыртқа шыққанда, кенет

 

мылтық кезеген Ботагөзден өлердей қорқып, дірілдеп шегіншектей береді.

 

Кейін көл ортасындағы діңгек таста ту ұстап жалғыз тұрған  Ботагөзді атуға

 

ол тағы да бата алмайды. өйткені жағадағы қалың қол таптап жіберер еді.

 

Күні өтіп, өлімтіктей болып қалған Алексей Кулаков романның ақырғы

 

беттерінде солай, үңгірде тығылған күйінде қала береді.

 

      Итбайға  қарағанда,   Алексей Кулаковтар  —   мықтырақ  жау, өйткені

 

оның қолы ұзын. Орталықта, Ресейде қолдаушылары көп. Әрі өз саясатын

 

жүргізуге келгенде Итбайды  да, басқаны да үйіріп әкетеді. Жазушы оның ой

 

толқуын жақсы көрсетеді: патша құлағанға дейін ешбір саяси партияға

 

қатынасым жоқ  деп, өз мансапқорлығын жоғары ұстап жүрген Алексей

 

Кулаков енді нағыз монархист екенін аңғартады. Төңкеріс күндерінде

 

Петроградта болмағанына, патша тағын өз қанымен қорғай алмағанына

 

өкінеді. Оның ойында патшасыз  ел мемлекет болып тұра алмайды. 

 

Уакытша үкіметке де наразы: қайткен күнде де монархияны қайта орнату

 

керек. Генерал Корниловпен, атаман Анненковпен сырттай хабардар

 

Алексей Кулаков тез арада майданнан келген қазақтардан отряд құрып, өзі

 

атаман   болады.   Жазушы  патшашыл   Алексей   Кулаковтың   ой

 

толғанулары мен қимыл-әрекеттерін осылай нанымды  баяндап оның нағыз 

 

қауіпті   жау   екенін   ашып   көрсетеді.   Ақырында,   қанша аласұрып бақса

 

да, ештеңе өндіре алмайды.  «Мен — енді апан түбіндегі қасқыр!» — дейді

 

ол ызаланып. Үні өшкен  жаудың бар дәрменсіз,  қауқарсыз сиқы осы ызада.

 

 

     

 

  2.3. Романның  көркемдігі және роман туралы ұғым

 

 

         «Ботагөз» — жоғарыда айтылғандай, шытырман   оқиғалы, сом туған, бір

 

бүтін көркем шығарма. Айта қаларлықтай жоғары дәрежеде жазылған

 

романның көркемдігі жайында айтар жайттар көп. Ол: сюжет, композиция,

 

тіл, бейне жүйелері, оқиғалардың өрбу, өсу, аяқталу кезеңдері сияқты,

 

кейіпкерлердің  сырт суреті, немесе ішкі мінез-құлқы сияқты мәселелер.

 

Романның фабуласы, яғни сюжеті қиыннан қиыстырылған.

 

Оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, білгілі бір  шегіне жеткен соң, шешімін

 

тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аударады. Әуелде болмашы

 

жылғадан  басталып, кейін кең арналы дариядай ұлғайып, жағасынан аса тасып

 

барып тынады. Деңгейі (кульминация)— Амантай бастаған көтеріліс.

 

Итбайдың өлімі, күреске шыққан қалың қол, жеңіс. Міне, осыған дейінгі

 

оқиғалар әр тараптан өрбіп келе жатады. Оның басты салалары әр кейіпкердің

 

іс-әрекетіне, тағдырына байланысты. Ботагөздің оқуы, есеюі, Асқармен

 

арақатынасы бір арна болып, кейін саналы күреске апарса, Амантай тобы бара-

 

бара көтеріліске, айқасқа ұласады. Итбай мен Кулаков әрекеттері де әуелде

 

ашық, айқын  білінбегенімен, кейін ашықтан-ашық жаулық сипат алады.

 

Негізгі екі күштің арасалмағы уақыт, мезгілге қарай өзгеріп, алмасып

 

отырады да, ақырында қатты шиеленісу, айқасу үстінде әділдік, шындық

 

жеңіп, қара күш, әділетсіздік жеңіліс табады. Оқиғалардың бұлай ойға

 

қонымды, ақылға  сыйымды өрбіп аяқталуы жазушының  алға қойған

 

мақсатының орындалуы, жоспарланған істің бітуі сияқты. Шығарманың

 

басынан аяғына дейінгі ұзақ жол, романның құрылысы, яғни қаңқасы — оның

 

композициясы болмақ. Бұл жағынан да нық қиюласқан, бір бүтін тұтасқан

 

дүниені көреміз. Мәселен, сюжетте баяндалатын сан алуан оқиғалар бет-

 

бетіне бытырап, жуыспай  жатса, немесе эволюциялық даму орнына бірден

 

жалаң хабарлау болса, бұл — романның композициялық кемшілігі болар еді.

 

Сюжет белгілі  мақсатты жүзеге асыратын элемент яғни негізгі мазмұн,

 

құрылыс материалы болса, композиция — соны құрастырудың жолы, әдісі.

 

«Ботагөз» романы құрылысы жағынан да мүлтіксіз шыққан. Әрбір тарау,

 

бөлім бірін-бірі толықтырып, сюжетін қамтитын оқиғаларды өзара

 

байланыстырып ұстап  тұр.

 

 Тіл  ерекшелігінде  айрықша  көңіл  қойып  айтарлық нәрсе  —

 

романның   қарапайым,   халық   тілімен   жазылуы,   ұғымдылығы,

 

түсініктілігі, стильдік жағынан кедір-бұдырсыз жатықтығы, тегістігі. Көркем

 

әдебиет шығармасы жайлы айтқанда, қарапайым тіл дегенді дұрыс ұғыну

 

керек. Ол тілдің жетіспегендігі, кемшілігі, қара жаяулығы емес, қайта,

 

жазушының көп іздену, толғану нәтижесінде сол әдемілікті іздеп табуы,

 

соған жетуі. Бұл оңай еңбек емес. Көлденең оқушыға қиын еместей

 

көрінгенімен, сол жатық, жұғымды тілді, яғни сөз тіркестерін ойлап табу,

 

қиыстыру үлкен шеберлікті керек етеді Абай айтқандай, «айналасы теп –

 

тегіс, жұмыр» келгенде ғана, сырт   көзге   оңай   көрінеді. Қиыр-шиырсыз,

 

әшекейлеймін   деп  қиындатпай, кәдімгі сөйлеу тілінің мәнер, сазымен

 

баяндалуы —  Сәбит  Мұқанов   романдарының, әсіресе  «Ботагөз»

 

романының  басты ерекшелігі.  Жазушы тілі мен кейіпкерлер  сөздерінен

 

осы аңғарылады. Әрине, кейіпкерлер тілінде даралық бар. Мәселен, Амантай

 

тілі мен Итбай тілін оңай айырып алуға болады. Сондай-ақ оқыған, білімді

 

Асқар сөзі өз алдына басқа. Сөйтсе де, барлығына тән жалпы қасиет

 

қарапайым сөйлеу тілінің арнасын сақтау. Жазушының өз сөзі де көбіне

 

баяндау хабарлау формада. Терең психологиялық     толғам,     топшылаудан    

 

гөрі     баяндау     басым. Кейіпкерлердің  мінез-құлықтары,   ішкі  қасиеттері,  

 

іс-қимылдары, сөздері    арқылы    көрінеді.

 

 Осыған орай бейне, тұлғалар яғни кейіпкерлер тізбегі анықталады.

 

Ұнамды, ұнамсыз  кейіпкерлердің әр алуан ерекшелктері олардың атқаратын

 

қызметіне қарай байқалады. «Ботагөз» романында оқиғадан тыс, қоғамдық,

 

әлеуметтік  іске араласпайтын бірде-бір кейіпкер жоқ. Олардың қай-қайсысы

 

болса да, белгілі бір іс атқарады да, соған қарай ішкі-сыртқы қасиеттерді

 

аңғартады. Бұл арада кейіпкерлердің рухани өсуі, белгілі көзқарастың, идея-

 

мақсаттың адамы болып қалыптасуы — кең тынысты эпикалық романның

 

басты шарты екенін ескерту қажет. «Ботагөзде» осындай заңдылық бірден

 

сезіледі. Әуелде бүркіт салып жүрген момын шаруа  Амантайдың күрес

 

жолына дейінгі эволюциялық  жолы — тап осының дәлелі. Ботагөз  бен Асқар

 

бейнелерінің қалыптасуы да сондай.

 

      Әрбір көркем шығармаға тән жайттардың бірі — оқиғаның мезгілі мен

 

мекені. Қазақ  жерінің тұтас келбеті, сан алуан  өзгешеліктері романда

 

шынайы, байқағыштықпен суреттеледі. Тамылжыған ашық күн мен көк

 

майса алқап, Көкшенің көлі мен бұлты, қарағайы мен қайыңы жазушының

 

суреткер  қаламынан тыс қалмайды. Табиғат суреті көбіне адамның көніл

 

күйіне, кейіперлердің қуанышы мен өкінішіне қарай орайластырыла

 

суреттеледі. Бұл — классикалық әдебиеттен келе жатқан дәстүр. Мәселен,

 

Ботагөздің қиянат дүниесінің  ызасына шыдамай,  бұтаққа  асылып өлуге

 

ұмтылған кезін жазушы «бұлт сапырылып, күншығыс жақ қып-қызыл боп

 

боялып, астан-кестен, бұрқан-тарқан көшіп барады екен» деп суреттейді.

 

Ал айдаудан босанып,  Ботагөз   аулына   жақындаған Асқардың қуанышты 

 

көңілі   айналадағы   табиғаттың   жадыраңқы   суретімен беріледі.

 

«Ботагөз» романы көптеген шет тілдерге аударылған: Соның ішінде

 

неміс, ағылшын, француз, поляк, чех тілдерінде басылып шықты. Ол

 

халықтар Ботагөзді өз тілінде оқып, қазақ халқының күрес қарсаңындағы

 

өмір-тұрмысымен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

 

   Осы курстық жұмысты қорытындылай келгенде, мен Сәбит Мұқановтың

өз дәуірі үшін маңызды, ірі еңбегі —«Ботагөз» романын талдап, романдағы

Ботагөз бейнесін ашып көрсеттім.

 

        Қазақтың байырғы поэзиясына қарағанда, осы   заманғы    поэзия түр  

 

мен    мазмұн көркемдігі жағынан жаңаша өсіп-өркендеді. Әрине, ол жаңалық

 

бірден басталып кеткен жоқ. Бұрынғы дәстүрді бойына сіңіре, бұрынғы бар

 

түрді қолдана отырып, ақындар жаңа заман тынысын көрсетті.Адам мен

 

коғам өмірінің жаңа мазмұнын таныту үшін, ақындар, сонымен бірге, жаңа

 

түр де іздеді. Бұл жолда алғаш соқпақ салушылардың бірі —Сәбит Мұқанов.

 

20—30 жылдардағы  қазақ поэзиясын алып қарасақ, Сәбит Мұқанов көп

 

жаңалықтар  енгізген. Күрескер ақын Сәкен Сейфуллин поэзиясы қазақ өлеңін

 

қаншалықты жоғары көтерсе, Сәбит Мұқанов та — көп ізденіп, поэзиясын

 

жаңаша сөйлетуге ұмтылған ақын. Жаңалық тек ұйқас, буын, ырғақ

 

саласында ғана болмай, көбіне ақынның теңеу, метафора, эпитет сияқты

 

шеберлік кесте-өрнектерінен де көрінеді «Колхозды ауыл осындай» атты

 

өлеңінде ақын көрікті  даланы, көркем аспан мен көкорай  шалғын жерді, онда

 

 

     С. Мұқанов поэзиясында осы  ізденумен қатар ғасырлар бойы  халық 

 

санасына сіңген  сөз өрнектерін  шебер колдану айқын көрінеді.

 

       С.  Мұқанов — қазақ поэзиясын  жоғары көтерген ақын. Үлкен прозаик

 

болып кейін қалыптасса да, ол поэзиямызға елеулі үлес қосып, айта

 

қаларлықтай өлең үлгілерін  қалдырды.

 

Қорытып айтқанда, «Ботагөз» романы — қазақ әдебиетінің қорына

Информация о работе Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы