Білім көзі кітапта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 09:40, контрольная работа

Описание

Кітапханашы: оқушының білімді болуға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың маңызы зор екенін түсіндіру.

Работа состоит из  1 файл

Білім көзі кітапта (2).docx

— 20.94 Кб (Скачать документ)

Білім көзі кітапта 

Кітапханашы: оқушының білімді болуға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың маңызы зор екенін түсіндіру. 

Көрнекілігі: 1. Үлкен кітап макеті, оның ішінде кітап туралы мақала, оқушылардың шығармалары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жазылған.

    2. Нақыл сөздер.

«Кітап  – ақылды қуаттандыратын құрал», «өмірде  ең жақсы кеңесші кітап», «Кітапсыз  үй – шырақсыз үй», «Кітап – білім  бұлағы, Білім – өмір шырағы».

    3. Оқушылар шығармасының көрмесі.

        Тақырыптары:

  • Менің сүйікті жазушым,
  • Алғашқы оқыған кітабым,
  • Кітап оқығанды ұнатамын,
  • Менің сүйікті кейіпкерім.

Балалар кітапханашыларымен кездесу (бірігіп  өткізілді.) 

Жүргізуші: Армысыздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Білім көзі кітапта» тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

      Балалар, бұл жол басы даналыққа,

      Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та,

      Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

      Соларды көре тұра қалалық па?!

      Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

      Жүріңдер, іздеп тауып алалық та?

(осы  кезде үлкен кітап бейнесін  мойнына ілген оқушы кіреді.) 

Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін! 

Жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз – кітап. Жоғары шығыңыз. (Кітапты төрге отырғызу). 

Жүргізуші:  Балалар, мен мерекемізді жұмбақ айтудан бастайын.

      Көп әңгімем, өлеңім,

      Күнде ақыл беремін!

      Жақсы көрсе мені кім,

      Мен оны жақсы көремін. (Кітап)

      Қабат-қабат  қаттама,

      Ақылың  болса аттама. (Кітап)

      Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)

      (оқушылар  жұмбақты шешеді) 
       

Жүргізуші: Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жайында болмақ, себебі біз үлкен кітапханада, кітаптар арасында отырмыз. Кітап туралы мол білгіміз келеді ғой. Кім біледі, балалар, «кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді? 

Кітап: Мен өзім жауап берейін бе? 

Жүргізуші: Жоқ, балалар жауап берсін. 

1-оқушы:  «Кітап» - арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы, алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар – еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция», парсы еліндегі «Авеста» (25 кітаптан тұрады), юнан грек тіліндегі «Інжіл» (Евангелис), араб тіліндегі «Құран». 

2-оқушы:  Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болған. Ал 1045жылы Шың елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутенберг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды. 

3-оқушы:  Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» т.б. кітаптары болды. 1800 ж тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Төңкерістен кейін өзімізде шықты. 

Кітап: Ой, бәрекелді, өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, өстіп мен өмірге келдім. Менің атыма сай ішкі мәнім де өзгерді. Мен өзім жазған ақын апа-ағаларымның көңіл күйін, ішкі сезімін жеткіземін. Сенбесең, менімен бірге бол. (кітаптың бірінші бетін ашады. Ертегі сурет) 

1-бет: ашылады. (екі оқушы шығып өздері білетін ертегіден көрініс көрсетеді.) Екі ертегі. 1. Ана тілінен оқыған ертегілер.

2-бет: ашылады. (Екі оқушы шығып өздері білетін жұмбақтан айтысады.)

3-бет:    Кел, балалар, оқылық

        Оқығанды  көңілге

        Ықыласпен тоқылық. (Ы.Алтынсарин.)

4-бет:    Ең, ең, ең! Деп аталады екен

        Дүниеде ең биік тау? (Гималай)

        Қазақстандағы ең үлкен көл?  (Балхаш көлі)

        Қазақстандағы ең үлкен өзен? (Ертіс өзені) 

5-бет:  Мақал-мәтел. (Кітап туралы, білім, оқу туралы мақал-мәтелдер сайысы.)

Жүргізуші:  Міне, көрдіңіздер ме кітаппен достассаң осының бәрін білесің, кітап сені бірде білім нәріне сусындатса, бірде сапар шектіреді, бірде ұялтса, бірде мадақтайды, бірде бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген осы. 

Кітап: Міне, мен осындаймын, мені оқысаңдар қызыққа кенелесіңдер, тауды жарып, тасты бұзасың, бүкіл әлемге саяхат жасайсың. 

Жүргізуші: Ендеше біз балаларға кезек берейік, олар өздерінің шығармаларын, кітапшалары туралы салған суреттерін көрсетіп, өлеңдерін оқып берсін. (Біршнеше оқушы өз шығармаларын оқиды). 

Жүргізуші: Көптеген ақын-жазушылар кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп өлеңдер жазған екен, соны тыңдайық:

1-оқушы: 

      Кітаптар  бейне жапырақ

      Жырлайтын сырын өмірдің.

      Оқисың  кейде жатып ап

      Көтеріп күйін көңілдің.

2-оқушы:

      Кітап та алма ағашы,

      Жемісін бізге беретін.

      Тәтті алмаға балашы,

      Кітабыңның  әр бетін. 

Кітап: Сендер осы менің беттерімнің қалай шығатынын білесіңдер ме? 

3-оқушы: Әрине, білеміз. Кітап басып шығару үшін талай адам тер төгеді. Аялап өсірген сансыз ағаштар қағаз үшін кесіледі. Сол қағазға әріптерді қатесіз әрі көркем етіп шығару үшін көп күш жұмсалады. 

Жүргізуші: Біздер сендер үшін тыным таппай кітапхана сөрелерін жаңа кітаптармен толтырып, әр кітапқа қызықтыра жетелеп жүрген кітапханашы апайға сөз берейік. 

Кітапханашы: Балалар кітапханасы – үлкен кітапхананың бір бөлшегі. Біз үшін Алматыда Ұлттық кітапхана, жастар кітапханасы, аудандық, қалалық кітапханалар жұмыс істейді. Балалар кітапханасында мыңдаған кітаптар бар. Соларды сендердің іштеріңнен қалдырмай оқитын кітапқұмарларымыз да бар. Ал кітапханаға жиі келіп, көп оқығаны үшін мен өз сыйлығымды ұсынғым келеді (кішкене кітапшалар беріледі). Кітапханаға жаңа түскен кітаптармен таныстыру.

Тек кітап  емес, енді газет-журналдарды да көп  оқуды ұсынамын.

Жүргізуші: Кітабың – сенің құралың,

      Жағар білім шырағын.

      Баса  алмайсың ешқашан,

      Онсыз алға бір адым.  

Кітапханашы апайға рахмет айтып, осылай біздерді шақырып тұрыңыз деп, мына үлкен  кітапты сыйға беріп, төрге қояйық. 

Кітап: Иә, иә мен осы төрде тұрып, кімнің неше кітап оқығанын, өлең, шығарма жазып, сурет салыңғанын және кім кітапханаға келіп жүретін есептеймін. Келгенде менің қалтама белгі салып кетіңдер. 

Ән. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өтес  орта мектебі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БІЛІМ КӨЗІ – КІТАПТА 

(ДӨҢГЕЛЕК  СТОЛ) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оңғарбаева  Ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2011-2012 оқу жылы

Информация о работе Білім көзі кітапта