Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманы талдауға үйретудің өзекті мәселелері
Реферат, 16 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Қазіргі кезеңде егемен еліміздің жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы озық көзқарас негізінде жан-жақты, жарасымды дамыған, қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары интеллектуалды адамдар етіп тәрбиелеу басты талаптардың біріне айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Мұғалімдер − қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады.
Работа состоит из 1 файл
реферат.docx
— 146.41 Кб (Скачать документ)Жұмыста ертегілерді талдау арқылы мәтінді терең меңгертудің негізгі ұстанымдары төмендегідей бағытта белгіленді:
- тақырыпқа сай проблемалық жағдаят туғызу, сол арқылы оқушының іздену белсенділігінің ұстанымы;
- қайталау, әдеби жаттығулар, сұрау-тапсырмалар арқылы қайталау, бекіту ұстанымы;
- өз әрекетін жоспарлау, өзіндік тұжырым жасау ұстанымы;
- интеграциялау, басқа пәндер негізінде алған білімін қолдана отырып, өз бетінше жаңа білім жинақтау ұстанымы.
Сұрау-тапсырмалар
жүйесінің ыңғайлылығы сабақ
уақытын тиімді (мұғалімнің берген
сұрақтары бойынша шәкірт үйде
өз бетімен орындауы да мүмкін) пайдалануға
мүмкіндік береді. Оқушының шығарманы
талдау барысындағы оқу-танымдық әрекетінің
белсенділігі, дербес әрекеті осындай
әдеби жаттығулар, сұрау-тапсырмалар жүйесі
негізінде дами түседі. Әдеби тапсырмалардың
қай-қайсысы болмасын оқушы үшін білім
мазмұнын бекітіп, меңгертудің бір жолы
ғана емес, белгілі бір нәтижеге жетудің
де құралы ретінде қызмет етеді.