Tema

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 17:33, реферат

Описание

Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.
Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек, талшықты жабдықтар және т.б.) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды, алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.
Көбік – жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі төмен қасиеттерге ие.
Көбіктер – химиялық, ауа-механикалық және жоғары еселі болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 253.63 Кб (Скачать документ)

Сигналды өрт жылу құрылғысы  СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан  тұрады. Станцияға 220 В айналмалы ток беріліп тұрады. Ол -100С мен +350С температурада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланған аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек.

Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт сөндіру құралдарының автоматты қосылуына арналған және әр бір сәулеге параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типті түтіндік хабар берушілерге есептелген.

Құрылғы 220 В кернеулі айналмалы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы –100С мен +350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейін жұмыс істейді.

Кешенді СКПУ-1 дабыл беру құрылғы  түтін, жылу, ашық өртті анықтауға  арналған және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен хабарлайды. Өртке  қарсы дабыл беру  көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір блок 10 хабар берушіден  құралған). Өнеркәсіп өртті хабарлағыштардан тәуелсіз қабылдағыш аппараттарды шығаруда. Олар хабарлағыштардың күйін автоматты  бақылап отырады және сәулелікпен  дыбысты дабыл берумен бірге  оларды белгіленген жеріне жеткізеді. Өрт хабарлаушы құрылғы хабарлағышпен  жұмыс істейді, ол жоғары температураға  әсер етеді.

 

ҚОСЫМША

 

Өрт қауіпсіздігі бойынша өндіріс санаты

 

Өндіріс санаты

Өндірістегі заттар сипаттамасы

А

Жарылғыш өртке қауіпті өндіріс

Жанғыш газдар, ең төменгі жарылу шегі 10 %; өрт шығу температурасы +280С дейінгі сұйық, өнеркәсіп көлемінен 5% жоғары болса, сумен әрекеттескенде жарылып жанатын заттар;

Б

Өртке қауіпті өндіріс

 

 

 

+610С жоғары жарылғыш бу сұйығы, жанғыш талшық, шаңдар, төменгі өрт шығу шегі 65 г/м3 ауа көлеміне шаққанда, сумен, ауа оттегімен немесе бір-бірімен араласу үшін жану тәсілдері, тек қатты жанғыш заттар мен материалдарға әсер етеді.

В

Жанбайтын заттар және ыстық, балқыған, қызған күйдегі материалдар, қатты, сұйық, әрі газ тәрізді заттар.

 

Г

 

 

 

 

 

 

Жанбайтын немесе сұйық күйдегі  материалдар онеркәсіп көлемінен 5 % жоғары болса, жанғыш газ өртке  қауіпті шаңнан өрт шығады, сонымен  қатар технологиялық процестерде  жарылыс болуы мүмкін (жанусыз); заттар, сумен, оттегімен немесе бір-бірімен  араласу үшін (жанусыз) жарылыс тәсілдері.

Д

Өртке қауіпті өндіріс

Суық кезде жанбайтын заттар мен  материалдар

 

Е

Жарылғыш өртке қауіпті өндіріс

Жанғыш газдар ең жоғарғы жарылу шегі 10 % ауа көлеміне шаққанда, өрт шығу буы температурасы +280С – тан +610С дейін сұйықтар, газдар, сұйықтар, шаңдар қосылса өрт түзілетін сұйықтар тұтану және жоғары температурада қыздыру жағдайындағы өндіріс; жанғыш шаңдар мен талшықтар, 65 г/м3 жарылыстың төменгі шегі және өнеркәсіп көлемінен 5 % жоғары болса, көрсетілген газдар, сұйықтық және шаңдар, қоспа көлемінде жарылыс қаупін төндіреді.


 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Tema