Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:53, дипломная работа

Описание

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырып отырған тақырыпты зерттеу алдында осы мәселе бойынша жарияланған ғылыми еңбектерге шолу жасалды. Әр зерттеу жұмысының басты мәселесі қарастырылатын проблеманың жаңалығы мен өзектілігін айқындау үшін қажет. Ол үшін барлық ғылыми еңбектерді жан-жақты талдау арқылы оған объективті баға беруге мүмкіндік туғызатын тарихнама болып табылады.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................3
1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8
1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8
1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17
1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30

2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35
2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35
2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40
Қорытынды ..........................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................49

Работа состоит из  1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ...................................................................                                                     8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30

 

2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................49

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұлттық тәуелсіздігін қорғау ғаламдық сипаттағы проблемалармен бетпе-бет келіп отыр. Халықаралық терроризм мен жаһандану заманында ең қуатты державалардың өздері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен саяси-экономикалық дамуды жүзеге асыруда әр түрлі салаларда аймақтық деңгейдегі интеграциялық бірлестіктерді құру процестердің дамуына бір жағынан мүдделілік танытса, екіншіден осы қадамға баруға мәжбүр болуда. Бұл мәселе, әсіресе, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Орталық Азия елдеріне тікелей қатысты. Аймақтың маңызды геосаяси және геоэкономикалық орналасуы көптеген халықаралық күштер мен державалардың аса зор қызығушылығын тудыруда.

Орталық Азияның жас тәуелсіз мемлекеттерінің тарапынан қырғи-қабақ соғысынан кейінгі халықаралық және аймақтық дауларды жанжалдарды шешу, бейбітшілік орнату мен тұрақтылықты қалыптастыру проблемалары бойынша заман талаптарына сай жобалармен ұсыныстар жасалынды. Осы аталған бағыт бойынша әсіресе Қазақстан тарапы зор бастамалар көтеруі қазіргі халықаралық саяси практика үшін өте өзекті болып отыр. Қазақстан Республикасының тек Азия құрлығында ғана емес, сондай-ақ Еуразиялық кеңістікте өркениеттер мен мемлекеттер арасындағы диологты орнату, бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату, әр түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұмтылыстары, әсіресе Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру бастамасын көтеру мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруға деген талпынысынан айрықша көрінді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ынтымақтастықты дамытуда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі маңызды, әрі өзекті екендігін кешегі және бүгінгі тарихи тәжірибе тарапынан дәлелденіп отыр. Шанхай форумы Орталық Азияның ғаламдық саяси процестегі бүкіл мүдделерін қорғауға бағытталған. Ресей, Қытай және Қазақстан бастаған аймақтың басқа да елдерінің осы ұйым аясында өңірдегі терроризм, экстремизм және сеператизм секілді зұлымдық күштеріне қарсы бірігіп күрес жүргізуі өте маңызды қадам. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен бірге саяси, экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми-техникалық салаларда көпжақты байланыстарды дамытуда зор жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан Орталық Азия елдері үшін Шанхай форумы аясында әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту олардың ұлттық мүдделеріне жауап береді. Осыған орай Шанхай форум халықаралық қатынастармен әлемдік саяси процестегі жаңа ұжымдық күш ретінде бүгінгі халықаралық қауымдастық үшін Орталық Азия елдері үшін де өте маңызды болып қала бермек.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырып отырған тақырыпты зерттеу алдында осы мәселе бойынша жарияланған ғылыми еңбектерге шолу жасалды. Әр зерттеу жұмысының басты мәселесі қарастырылатын проблеманың жаңалығы мен өзектілігін айқындау үшін қажет. Ол үшін барлық ғылыми еңбектерді жан-жақты талдау арқылы оған объективті баға беруге мүмкіндік туғызатын тарихнама болып табылады.

Қарастырып отырған тақырыптың тарихнама мәселесі айтарлықтай кең ауқымдағы ғылыми еңбектерді қамтымайды. Бұл мәселе негізінен әлі де терең жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Оның себебі Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихының қысқа мерзімді қамтуымен түсіндірілсе керек. Сондықтан аталмыш тақырыпты зерттеу барысында оның тарихнамасына баға беру үшін пайдаланылған ғылыми еңбектерге, оның ішінде ғылыми мақалаларға,ғылыми конференциялардың материалдарына талдау жасалынды. Ерекше аталып өтетіні, диплом жұмысының тақырыбына қатысты тікелей іргелі зерттеу еңбектері жоқтың қасы. Сонда да бұл мәселеге тек отандық зерттеушілер ғана емес, осы ұйымға мүше-мемлекеттердіңде зерттеушілерімен бірге шетелдік (американдық,британдық т.б.) зерттеушілер де қызығушылық білдіруде.

Зерттеу жұмысы барысында жалпы Шанхай форумының қызметіне қатысты отандық және шетелдік (ресейлік және қытайлық, батыс) тарихнамадағы ғылыми еңбектер талдауға алынды.

Сонымен алғаш отандық тарихнамаға тоқталайық: отандық зерттеушілер- Б.К.Султанов [1, 2, 3], М.Лаумулин [4], Л.Ерекешева [5], В.Галямова [6], А.Каукенов [7,8], К.Сыроежкин [9,10], В.Сергиенко [11], Р.Бурнашев пен И.Черных [12] , М.Ашимбаев [13] Шанхай форумы оған мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне толық жауап береді тұжырым жасайды.Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымың тек мемлекеттердің бірлестігі ғана емес, сондай-ақ өркениеттердің тұтастығы екендігін атап өтеді.

Зерттеу жұмысының ресейлік тарихнамасында келесі авторлардың еңбектері- С.М.Алиев [14], Ю.В. Босин [15] Орталық Азиялық аймақта ислам фундаментализмі мен экстремизмнің қауіпті барын баса көрсетіп, қауіпсіздікті күшейту қажет екендігін ұсынумен құнды.

Зерттеушілер Г.Чуфрин[16], Д.Каушик [17],И.Гавричев [ 18], В.Михеев [19], В.Амиров [20], А.Куртов [21], Д.Малышева [22], А.Салицкий, А.Салыкова [23], С.Жуков [24], Е.Гордилова [25], Г.Кунадзе [26], А.Клименко [27], А.Кузьменко [28], И.Звягельская [29], В.Гельбрас [30], И.О.Прокофьев [31]. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне жоғары баға бере отырып, оны қырғи-қабақ соғысынан кейінгі бұрынғы Варшава шарты ұйымын ауыстыра алатын жаңа ұжымдық қауіпсіздік жүйесі ретінде қарастырады. Сонымен бірге олар осы ұйымның кемшіліктерінде баса көрсетеді. Мысалы, ұйымды тек қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ғана емес, сондай-ақ барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде мойындай отырып, оның елдің ішкі істеріне әсіресе, сайлау процестеріне араласуын қаламайды.

Американдық зерттеуші- Зб. Бжезинскийдің «Великая шахматная доска. Господство америки и его геостратегические императивы» еңбегінде [32] Шанхай ынтымақтастық ұйымы құралғанға дейінгі еуразиялық кеңістіктегі негізгі саяси процестерге сараптама жасалады. Оның еңбегін посткеңестік кеңістік әсіресе, Орталық Азия болашақта этникалық, діни қақтығыстарға ұшырайды деп болжам жасаумен құнды еңбектердің қатарына жатқызуға болады.

Ч.Зиглер өз ғылыми мақаласында [33] 2001 жылғы қыркүйек оқиғасынан кейінгі АҚШ-тың халықаралық терроризмге күресудегі Орталық Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заңды екендігіне тоқталады.

Ал Р.Легволд [34] болса,болашақта Орталық Азия үшін бәсекелестікке ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнайды деп болжайды.

Келесі зерттеуші Фиона Хиллдің ғылыми баяндамасында [35] Орталық Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ Шанхай ынтымақтастық ұйымына іс жүзінде балама бола алды деп атап өтеді.

Қытайлық зерттеушілердің еңбектерін жалпы талдаудан кейін мынадай түйін жасауға болады.Олардың еңбектеріндегі ой-түйіндер мен пікірлердің ортақтығы айқын байқалады.Олар Шанхай форумының қызметіне жоғары баға бергенмен,Орталық Азиядағы шикізат көздері мен энергоресурстар үшін ұлы державалармен бәсекеге түсетінін жасырмайды [36,37,38,39].

Деректік негізі. Диплом жұмысының алдына қойған мақсатымен міндеттерін орындауға негіз болған деректік материалдарды бірнеше топқа бөлуге болады.

Диплом жұмысының деректік негізін Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына дейінгі және құрылғаннан кейінгі уақыттағы осы ұйымға мүше болуға ынталы мемлекеттердің бірлесіп өткізге түрлі саммиттерінде,үкімет басшыларының бірлескен мәжілістерінде, ведомствоаралық кездесулерде қабылданған басты нормативтік құжаттар құрайды.

Нормативтік құжаттарды түрлеріне қарай топтап,сипаттама беруді жөн көрдік.

Сонымен,алғаш 1999 жылы Бішкекте, 2000 жылы Душанбеде өткен саммиттерде осы ұйымның мүше-мемлекеттері қабылдаған декларациялары қарастырылып, талданады.Осы деректермен қатар ғылыми айналымға 2001 жылы 15-маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұйымға мүше-мемлекеттердің декларациялары [40,41,42],осы саммитте мемлекет басшыларының сөйлеген сөздері мен ресми мәлімдемелері [43], сонымен бірге, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қабылдаған терроризм, экстремизм және сепаратизммен бірігіп күрес жүргізу туралы бірлескен конвенция енгізіліп, жан-жақты талданып,қарастырылды [44].

Дерек көзі ретінде осы 2001 жылы күзде Алматыда Шанхай форумына мүше-мемлекеттердің жоғарғы деңгейдегі кездесуінде бірлескен мәлімдеме [45], сонымен қатар осында аймақтық экономикалық ынтымақтастық негізгі бағыттары мен мақсаттары мен инвестиция мен сауда –саттық үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру процесі туралы қол қойылған меморандум пайдаланылды [46].

Сондай-ақ диплом жұмысында негізгі дерек көзі ретінде осы ұйымның мүше-мемлекеттерінің басшылары мен мемлекеттік қайраткерлердің шығармалары мен еңбектері де пайдаланылды.Оның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаламымен жазылған еңбектері [47], сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы істер министірі мен премьер-министрі қызметтерін атқарған Қ.К:Тоқаевтың шығармалары мен естеліктері ғылыми қолданысқа енгізілді [48,49].

Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі және оның негізгі бағыттары осы диплом жұмысының зерттеу объектісі болып табылады.

Хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мен қазіргі күнге дейінгі аралығын қамтиды. Өйткені Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның қызметі осы кезеңге сәйкес келеді.

Жұмыстың мақсат-міндеттері. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне баға беріп талдау жасау арқылы оның жаңа аймақтық тәртіпті қалыптастырушы фактор ретінде рөлі мен орнын ашып көрсету.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі мәселелерді шешу міндеттері қойылды:

-Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы аймақтағы қалыптасқан геосаяси ахуалға баға беру;

-Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен геосаяси факторларды талдап,мәнін ашу;

-Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін ашып көрсету;

-Қазіргі кезеңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметінің негізгі бағыттарын ашып көрсету;

-Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық сауда –экономикалық ынтымақтастықтағы рөлін ашып көрсету;

-Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық жобаларын жүзеге асырудағы халықаралық тәжірибелерді қолдануға баға беру;

-Шанхай ынтымақтастық ұйымының Орталық Азия меғмлекттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және экономикалық дамуындағы орнын көрсету;

-Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі мен орнына баға беріп, жан-жақты қарастыру;

Жұмыстың қолданыстық негізі. Осы диплом жұмысының материалдарын аталмыш тақырып бойынша арнайы курстарды ұйымдастыруда, дәрістер мен семинар сабақтарында қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, бес тармақтан тұратын екі тарауды, қорытындыны және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі және деректік негізі,жұмыстың мақсатымен міндеттері, зерттеу объектісі мен хронологиялық шеңбері, қолданыстық негізі, құрылымы қарастырылады.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар» атты бірінші тарауда алдыменен, халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау жасалып, одан кейін осы ұйымның құрылуына әсер еткен негізгі саяси факторлар ашып көрсетіліп, Шанхай форумының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі мәселелері қарастырылады.

Екінші- «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы» тарауында қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымықтастық ұйымының орны, оның Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде мәселелері зерттеледі.

Қорытындыда тараулар бойынша негізгі тұжырымдар мен пікірлер, ой-түйіндер беріледі. Диплом жұмысының көлемі 54 бет.

 

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар.

 

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау

 

Аса кең тараған анықтамалардың бірі келесідегідей болып келеді: «Халықаралық ұйым үкіметаралық ұйым немесе көпшіліктік халықаралық ұйым ретінде сипатталады, егер ол мемлекетаралық келісіммен құрылған болса»[50, 75б.]. Басқаша сөзбен айтқанда, негізгі белгі – құрылтайшы келісімшартының болуы.

Одан да толық түрдегі анықтаманың мысалына Халықаралық құқық ассоциациясы комитетінің баяндамасында көрсетілген келесі анықтама жатуы мүмкін: үкіметаралық ұйым дәстүрлі мағынасындан алып қарағанда – «халықаралық құқықтың негізінде халықаралық келісіммен құрылған» ұйым [51, 12б.]. Халықаралық құқық субъектілерінің тобы олардың реттейтін қатынастарының табиғаты мен құқықтың өзін ескерусіз еркін түрде белгіленуі мүмкін. Өзіне сәйкес халықаралық құқық субъектілерінің тобы еркін түрде белгіленбей, халықаралық қауымдастықтың қажеттеріне байланысты болатын негізгі ережені Халықаралық Сот да растаған болатын. Сонау 1949 ж., БҰҰ-ның халықаралық құқықтық субъектілігін негіздемелей отырып, Сот БҰҰ-ның қызметінде келтірілген залал туралы іс бойынша қабылдаған шешімінде былай деп белгілеген: «Кез келген құқықтық жүйедегі құқық субъектілерінің өзінің табиғаты бойынша немесе өзінің құқықтарының көлемі бойынша бірдей болуы міндетті нәрсе емес, олардың табиғаты тиісті қоғамның қажеттеріне байланысты болады».[52, 63б.]

Халықаралық ұйымдар құқықтық феномен ретінде салыстырмалы түрде жақын арада, 19 асырдың соңында 20 ғасырдың басында пайда болған, ол кездегі халықаралық қатынастың қажеттері үнемі түрде әрекет ететін мемлекетаралық құрылымдарды құрудың қажеттігін негіздеді. Осылайша Дүниежүзілік пошта одағы, 1919 жылы – Халықаралық еңбек ұйымы құрылған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларында мемлекетаралық өзара әрекеттесудің ұйымдық негізін қамтамасыз ететін жүздеген халықаралық ұйымдар құрылған болатын. Олардың қатарына БҰҰ, ЮНЕСКО, ЛАГ, НАТО, ОВД, және басқалары кіреді.

Халықаралық ұйымдардың әлемдегі алатын рөлі үнемі артып келеді. Халықаралық қатынастар ауырлап және әлеуметтік-саяси процестер қарқындылана түсті. Халықаралық құқық субъектілерінің саны артып, күшті мемлекетаралық құрылымдар (Еуропалық Одақ) пайда болды. Халықаралық қатынастарды тиімді реттеу үшін әмбебап және аймақтық сипаттағы халықаралық механизмдерге біріктіріліп жатқан біріккен әрекеттер қажет.

Кез келген халықаралық ұйымның құрылуы заңды тұрғыдан алғанда халықаралық келісімшартты жасасумен ресімделеді, ХҚ-да халықаралық ұйымдардың құрылуы мен іс-әрекетінің тәртібін реттеп отыратын нормалардың үлкен жиыны қалыптасты.

Халықаралық ұйымдардың құқықы дегеніміз – бұл реттеуші мекемелердің құқықтық мәртебесін және халықаралық органдар мен ұйымдардың іс-әрекетін, сондай-ақ олардың әрекетінің тоқтауын белгілейтін нормалардың жиынтығы. Маңызды халықаралық проблемаларды тек ұйымдасқан ұжымдық әрекеттермен шешуге болады. Ұйымдардың мемлекеттің өміріне тигізетін әсерінің артқандағын халықтың кең тобы ғана емес, жекелеген саясаткерлердің өзі әлі түсінбей жатыр.

Халықаралық ұйымдар екі топ бойынша жіктемеленеді:

- үкіметтік (мемлекетаралық), оларға тікелей мемлекеттер қатысады және бұл ұйымдар олардың мүшелерінің белгілі бір салалардағы әрекеттерін үйлестіру үшін халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған;

- үкіметтік емес ұйымдар, олардың құрамына өндірушілердің бірлестіктері, монополиялар, ғылыми қоғамдар мен өзге түрдегі ұйымдар кіреді.

Осы еңбектің зерттеу тақырыбына бірінші категориялы ұйымдар ғана жатады. Бұл халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтық субъектілік қасиеттерге ие және қазіргі халықаралық жүйеде елеулі орын алуда. Халықаралық экономикалық ұйымдар халықаралық экономикалық құқық тұрғысынан алғанда әртүрлі қызметтерді орындауға міндетті. Олр біріншіден, халықаралық экономикалық қатынастардың институттық механизмінің маңызды элементі; екіншіден, экономикалық проблемаларды талқылауға арналған форум; және, үшіншіден, өздерінде құқықтық реттеу нормалары әзірленіп қабылданатын органдар болып табылады. Халықаралық ұйымдардың әртүрлі жіктемелері орын алуы мүмкін. Біріншіден, өздеріне әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің мемлекеттері қатысатын жалпы халықаралық ұйымдарды айыра білу қажет (БҰҰ және БҰҰ жүйесіндегі халықаралық экономикалық ұйымдар); екіншіден, өздеріне қандай да бір жалғыз экономикалық жүйенің мемлекеттері қатысатын ұйымдар (СЭВ, ЕЭС, ЕС, АСЕАН және т.б.).

Халықаралық ұйымдар төмендегі түрлерге бөлінуі мүмкін:

- әмбебап;

- аймақтық;

- географиялық белгі бойынша.

Жалпылама немесе әмбебап ұйымдар потенциалды түрде барлық мемлекеттердің қатысуына арналған, сөйтсе де, қолда бар мәліметтер бойынша тіпті БҰҰ-ға кейбір елдер әртүрлі себептермен қатыспайды.

Шектеулі құрамдағы ұйымдар белгілі бір географиялық аудандағы мемлекеттер үшін аймақтық, былайша айтқанда ашық болуы мүмкін мысалы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Африкалық Бірлік Ұйымы, Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропа Кеңесі, Америкалық мемлекеттердің ұйымы.

Халықаралық ұйымдар жалпы экономикалық және салалық экономикалық ұйымдар деп бөлінуі мүмкін.

Мемлекеттің халықаралық құқықтық субъектілігі проблемасына отандық авторлардың көптеген еңбектері арналған. Әсіресе Д.И. Фельдманның басшылық етуімен жұмыс істеген [52, 98б.] Тек қана солар өзінің егемендігінің арқасында осы құқыққа заңды міндетті сипат бере алады. [53, 43б.]

Халықаралық қауымдастықтың қажеттерін ескерумен мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқықтық субъектілік сипат берді. Мемлекеттер мен ұйымдармен қатар келісімшарттарға өзге түрдегі объектілер де қатыса алады. Мұндай мүмкіншілік Веналық конвенциялармен ескерілген. Оларда айтылғандай, олардың халықаралық құқықтың өзге объектілері қатысатын халықаралық келісімдерге қатысты қолданылмайтыны туралы факті мұндай келісімдердің заңды күшін қозғамайды. Оларға арнап конвенцияларда баяндалған кез келген нормаларды қолданудың мүмкіндігі ескерілген, аталмыш нормалардың әсеріне олар халықаралық құқық тұрғысынан түскен болар еді. Мұндай жағдайларда халықаралық құқықтың әдеттегі нормалары олар конвенцияларда баяндалған түрдегідей түсініледі.

Комиссияның берген түсіндірмесіне сәйкес «өзге субъектілер» ретінде келесілер түсініледі: Қасиетті тақ (Вати­кан) және көтерілісшілер тәрізді халықаралық құрылымдар, олар «белгілі бір жағдайларда халықаралық келісімшарттарға қатысуы мүмкін». [54, 102б,] Ватиканның құқықтық субъектілігі туралы мәселе келісімшарттар құқығы туралы баптарды әзірлеу кезінде Халықаралық құқық комиссиясында аса мұқият түрде талқыға салынған болатын [55]

Тәжірибені талдау көрсетіп отырғандай, мұндай субъектілерге сондай-ақ еркін қалалар жатуы мүмкін. Бұрында оларға колониялар мен олардың бірлестіктері жататын. [56, 82б.] Ватикан – мемлекет-қала, ресми атауы – «Қасиетті тақ», - римдік католиктік шіркеу орталығы. Ресми түрде келісмшарттар Ватикан мемлекетінің атынан жасалады, алайда көптеген жағдайларда Қасиетті тақтың атынан да жасалады. Көптеген заңгерлердің пікірінше, Қасиетті тақ католиктік, сондай-ақ өзге түрдегі барлық мемлекеттерге қатысты халықаралық құқық субъектісі болып табылады. Бұл ретте оның мәртебесі егемендік мемлекеттің мәртебесінен өзгеше болады деп аталуда. Жалпы халықаралық құқыққа сәйкес Тақ халықаралық келісімшарттарда тараптың бірі болуы мүмкін. [57,25б.]

«Дипломатиялық сөздікте» алдыңғысына қарағанда қысқаша түсіндірме берілген: «Қалыптасқан дәстүр бойынша Ватикан халықаралық құқық субъектісінің кейбір құқықтарын, мысалы, халықаралық келісімшартарды жасасу құқығын пайдаланады»... . Осыдан туындап отырғандай, Ватиканның халықаралық келісімшарттарда тарап болу қабілетін көпшілік мойындаған.

Сонымен қатар оның бұл қабілеті мемлекеттің қабілетіне қарағанда шектеулі болып келеді. Ватикан мысалы, саяси және экономикалық келісімдерге қатыса алмайды. Ол көптеген ортақ көптараптық келісімшарттарға қатысады, сол арқылы ол олардың моральдік беделін сақтайды. Мұнысын оның өкілдері бірнеше рет атаған болатын. Ерекше мағынаға гуманитарлық мәселелер жөніндегі келісімшарттар ие болуда. Мемлекеттермен жасасқан екітараптық келісімшарттар конкорда­талар деп аталады, олар тиісті мемлекеттегі католиктік шіркеудің жағдайын реттеп отырады.

Қазіргі халықаралық қатынастарда эконмикалық ынтымақтастық мәселелеріне арналған көптеген нормалар бар. Реттеу көлемі мен реттеу тақырыбының сапалық ерекшелігі халықаралық қатынастарда «халықаралық экономикалық құқық» атты саланың қалыптасқандығын көрсетуде.

Халықаралық экономикалық құқық ХҚ субъектілерінің арасындағы қаржылардың, қызметтердің, тауаралардың қозғалысы жөніндегі қатынастарды, сондай-ақ субъектілердің арасында туындап жататын тиіст қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық-құқықтық ұстанымдар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Алайда экономика саласындағы халықаралық қатынастар аса сан-алуан түрлі болып келеді. ХЭҚ нормалары төмендегі мәселелерді реттейді:

1. Экономика саласындағы халықаралық ұйымдардың іс-әрекеті;

2. Қаржылық – несиелік қатынастар;

3. Халықаралық есептеулер мен несиелер;

4. Валюталық реттеу мәселелері;

5. Салықтық мәселелер;

6. Кедендік қатынастар;

7. Ғылыми – техникалық ынтымақтастық;

8. Инвестициялар;

9. Халықаралық тасымалдаулар;

10.                    Тауарларды, қызметтерді, зерделік меншікті халықаралық сату мәселелері.

ХЭҚ-тың көздеріне ең алдымен халықаралық келісімшарттар жатады, алайда басым бөлігін халықаралық дәстүрлер құрайды. ХЭҚ нормалары ХҚ-ның негізгі ұстанымдарына бағынады. Бирюковтың пікірінше, ХҚ-ның негізгі ұстанымдарының «экономикалық құраушысы» бөлініп алынды. Мысалы қол сұқпаушылық ұстанымы өзге мемлекеттердің экономикалық блокадасына тыйым салу, шетелдік тауарлар мен технологияларға қатысты кемсіту шаралары көрсетілген. ХЭҚ арнайы ұстанымдарына келетін болсақ, 1974 жылғы жаңа Халықаралық экономикалық тәртіпті орнату туралы Декларация олардың жіктемесінің негізін қалады. Отандық ғылымда осы еңбекте қарастырылмаған бірнеше көзқарастар бар, төмендегідей ХЭҚ ұстанымдарын бөліп кетуге болады:

- мемлекеттің өзінің табиғи ресурстары мен экономикалық тиімділігінің алдындағы егемендігі ұстанымы. Әрбір мемлекет ол өзінің дамуы үшін аса тиімді деп санайтын сол не өзге түрдегі экономикалық және әлеуметтік жүйені қабылдап алуға құқылы, және соның нәтижесінде қандай да бір кемсітуге түспеуі тиіс. Мемлекеттер солардың құзырлығында тұрған табиғи байлықтарды иеленеді, пайдаланады. Олар сырттан қол сұғусыз шетелдік кәсіпорындардың іс-әрекетін реттеп отырады және шетелдік инвестициялардың режимін орнатады. Өз ресурстарын қорғау үшін мемлекет олардың үстінен және оларды пайдалану ісінің үстінен солардың жағдайына сәйкес келетін құралдармен тиімді бақылау орнатуға құқылы, сонымен бірге меншіктендіру немесе өз азаматтарына беру құқығын қоса алғанда, және де бұл құқық сол мемлекеттің толық ажырағыссыз егемендігінің белгісі болып табылады. Ұлтаралық корпорациялардың іс-әрекетін өздерінде ұлтаралық корпорациялар әрекет ететін елдердің ұлттық экономикаларының мүддесінде шараларды қабылдау арқылы сол елдердің толық егемендігінің негізінде реттеу және қадағалау;

- экономикалық саладағы теңдік пен кемсітпеушілік ұстанымы. Бұл ұстаным мемлекеттің оған экономикалық ұсыну құқығын білдіреді.

ЕЕСА (Еуропалық еркін сауда ассоциациясы) дегеніміз — бұл 1960 жылы құрылған ұйым, ол оның мүшелерінің арасындағы өнеркәсіп тауарларын өзара еркін түрде сатуға арнап жағдайларды қамтамасыз етуге арналған ұйым. 1961 жылы 1948 жылы «Маршалл жоспарын» жүзеге асыру үшін құрылған Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЕЭЫДҰ) қайта құрылуының нәтижесінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) құрылған болатын, ол экономикалық саясатты және дамушы елдерге «көмек көрсету» бағдарламаларын үйлесімдеуге арналған халықаралық ұйым. Оның құрамына 24 өнеркәсіптік дамыған мемлекет кіреді.

Экономикалық ұйымдарға олардың мемлекетүсті органдарға айналу беталысы, олардың мүшелерінің іс-жүзіндегі, ал бірқатар жағдайларда заң жүзіндегі теңсіздігі тән болып келеді.

Дамушы елдер экономикалық жіне кедендік салаларға қатысты бірқатар мемлекетаралық экономикалық ұйымдарды құраған болатын. Олардың қатарына 1975 жылы құрылған ЭКОВАС (Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы, араб елдерінің «Ортақ рыногы», Латын Америкасындағы Андтық топ кіреді, оның жоғары органына Картахендік келісім комиссиясы жатады, 1961-1980 жылдары әрекет еткен Латын Америкалық еркін сауда ассоциациясын (ЛАСА) алмастырған Латын Америкалық ықпалдасу ассоциациясы (ЛЫА) және т.б. кіреді.

Қазіргі кезде алпауыт ұйымдардың біріне АСЕАН, Еуропалық Одақ, ЕурАзЭҚ және өзге де құрылымдар жатады.

Аса белгілі халықаралық ұйымдардың біріне Тарифтер мен сауда жөніндегі басты келісім (ТСБК) жатады. Мұндай ұйымдардың өзге мысалдары ретінде халықаралық келісімшарттың уәкілтті тараптарының мерзімді түрде өткізіліп отыратын мәжілістерін, тәжжірибеде кең қолданысқа ие болған экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларды атап кетуге болады. Осыған ұқсас құқықтық сипатқа ЭКЕ мен ЭКЕ-нің мүшесі болып табылмайтын елдердің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиялар ие болған. Мұндай комиссиялар ЭКЕ-нің Финляндиямен, Иракпен, Мексикамен, Никарагуамен жасасқан ынтымақтастық туралы келісімдердің негізінде құрылған болатын.

Халықаралық комиссияларға экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақсатық жөніндегі комиссиялармен (комитеттермен) қатар сондай-ақ уәкілеттілер кеңестерін жатқызу керек. Ж.М. Вельяминов, осы мәселені қарастыра отырып, мынаны атап кетті: «барлығында халықаралық ұйымдардың қасиеттері болуы мүмкін, алайда бұл қасиеттердің жекелеген түрлері жеткілікті мөлшерде толық байқалмауы мүмкін, және де қатысушылардың халықаралық ұйымды құруға деген ниетін түсіндірмелеп отырудың нақты негізі жоқ. Негізінде оларға халықаралық немесе мемлекет ішіндегі құқықтық субъектілік тән емес» «...мемлекеттердің құқықтық субъективтілігі объективті сипатқа ие, былайша айтқанда әлдекімнің ниетіне байланыссыз орын алады» [58, 107б.]. Халықаралық құқық субъектілерінің жеке тобын халықаралық ұйымдар құрайды.

Кейінгі кезде халықаралық ұйымдардың халықаралық норма шығаруға қатысу әдістерінің едәуір кеңейгені байқалады.

ХҚ-да нормаларды халықаралық органдар мен ұйымдардың актілерді қабылдауы арқылы құрудың жаңа әдісі кең тарауға ие болды. Ж.И. Тункин айтып кеткендей, «қазіргі кезде халықаралық құқық нормаларының келісімшарттық және әдеттегі процестерімен қатар халықаралық-құқықтық нормалар халықаралық ұйымдардың мемлекеттер үшін заңды тұрғыдан міндетті болып келетін нормтивтік резолюцияларды қабылдау арқылы туындауы орын алуда» «Халықаралық ұйымның резолюциялары — халықаралық құқықтың нормаларын құрудың жаңаша әдісі, халықаралық құқықтың жаңа дереккөзі» [59,108б.]

Айта кететіні, халықаралық ұйымдар органдарының қабылдаған актілерінің заңды күші олардың құрылтайшы құжаттарымен белгіленеді. Халықарлық ұйымдардың көпшілігінің жарғыларына сәйкес олардың органдарының шешімдері ұсыну сипатына ие болып келеді. Алайда өздерінде ХҚ нормалары берілген актілердің екі тобын атап кетуге болады.

Олардың құрамында: сол ұйымның орындауы үшін міндетті болып табылатын ережелерді белгілейтінт резолюциялар, органдардың регламенттері, ұйымның бюджетін құрастыру туралы резолюциялар, осы ұйымның әрекет ету тәртібін реттейтін нормалар және т.б.. Бұл халықаралық нормалар сол ұйымның ішкі құқығының бір бөлігін құрайды.

Мысал ретінде ЕЭК Кеңесінің 1992 ж. 21 желтоқсанындағы № 3955/92 регламентін атап кетуге болады. [60, 95б.] Регламент АҚШ, Жапония, Ресей Федерациясы мен біріккен түрде шығып отырған Атом энергетикасы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың және Еуро-К-ның арасындағы Халықаралық ғылым мен технология орталығын бекітетін Келісімді бекітіп қана қоймайды. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесінің жалпы мәселелеріне өздерін тек мемлекеттар ғана емес, халықаралық ұйымдар да пайдаланатын иммунитеттер туралы мәселені жатқызған дұрыс болады. Заңгерлік әдебиеттерде аталғандай, «халықаралық ұйымдардың иммунитеті мәселелері тек академиялық мағынаға ие болып қана қоймайды: олар сол не өзге ұйымның тәжірибелік іс-әрекетінің жалпы бағытымен тікелей байланысты болып келеді» [61, 94б.].

Отандық әдебиеттерде оларды құрудың келісімшарттық негізі, тұрақты әрекет ету сипаты, тұрақты құрылымның болуы тәрізді қасиеттері көрсетіледі.

Осының барлығы кездейсоқ нәрсе емес. Халықаралық ұйымдардың сан-алуандығының зор болуы соншалықты, оларға берілген анықтама аса жалпылама сипатқа ие болуы мүмкін. Олардың кейбіреуі халықаралық орган болғаннан гөрі, халықаралық ұйымдар болып табылады. Олардың толықтай халықаралық құқықтық субъектілігі жоқ, мысалы, Балтық теңізі мемлекеттерінің кеңесі, Қара теңіздегі экономикалық ынтымақтастық. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ережесі мүлде бірегей болып келеді, ол 1994 ж. халықаралық-құқықтық келісіммен емес, саяси келісіммен құрылған және оның заңды мәртебесі жоқ. Және осының барлығы оның көздеген мақсаттарының маңыздылығы мен жеткілікті дәрежеде дамыған ұйымдық құрылымына қарамастан[62, 61б.].

«Объективті» құқықтық субъектілікке ие әмбебап халықаралық ұйымдар болады. БҰҰ-ға қатысты бұл ереже Халықаралық Сотпен мойындалған болатын. Халықаралық Соттың кеңестік қорытындысынан алынған БҰҰ-ның қызметінде арқалаған залалды өтеу туралы төмендегідей ереже көңіл бөлуге тұрарлық: Халықаралық қауымдастық мүшелерінің көпшілігін құрайтын елу мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес олардың өздері мойындайтын субъектілікке ғана емес, объективті халықаралық субъектілікке ие құрылымды құруы мүмкін. Дәл осы нәрсе БҰҰ-ның өзге ұйымдарына қатысты болып келеді деп санауға негіз бар.

Халықаралық құқық комиссиясығ әсіресе олардың қатысуымен келісімшарттар құқығы туралы баптардың жобасын әзірлеу кезінде ұйымдардың құқықтық субъектілігінің өзіне тән сипаттарын бірнеше рет талқылаған болатын. Негізгі өзгешелігі сол, егер мемлекеттер халықаралық құқықтың тең құқылы субъектілері болып табылса, онда ұйымдар мемлекеттердің келісімге келуінің нәтижесі болып табылады, ол олардың әрқайсысының ерекше уәкілеттіктерін ұсынумен солардың заңды сипатын белгілейді. Соның нәтижесінде ұйымдардың құқықтық субъектілігі әртүрлі болып шығады.

Автор атап өткендей, 1949 және 1980 жж. аралығындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзіне тән қасиеттеріне төмендегілер айналды:

- халықаралық ұйымдардың құрылуы;

- 1961 ж. 19 желтоқсанындағы 1707 (XVI) «Халықаралық сауда экономикалық дамудың аса маңызды құралы ретінде» резолюциясы қабылданды;

- 1974 жылы шикізат проблемаларын талқылау үшін VI арнайы сес­сия шақыртылды;

- Лимада қосылмаған мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің конференциясында қабылданған Лималық декларация (тамыз 1975 ж.);

- 1980 жыл- БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясы, онда халықаралық жаңа экономикалық тәртібіндегі мәселелер де талқыланған болатын;

- Веналық халықаралық келісімшарттар конвенциясы.

Халықаралық экономикалық қатынастарды реттеу жүйесінде ГАТТ маңызды орынға ие. Ресми түрде алғанда ГАТТ халықаралық ұйым болып табылмайды, алайда келісімге қатысушылардың іс-әрекетінің тұрақты сипаты (мерзімді түрде «раунд»-конференцияларды өткізу, үнемі түрде әрекет ететін бірқатар органдарды құру) ГАТТ-ты халықаралық ұйымдарға жақындатады.

Жоғарыда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық сауда ұйымын құруға деген талпыныстарға көңіл бөлінген болатын. 1947- 1948 жылдары Гаванда сауда мен жұмыс бастылық жөніндегі халықаралық конференция болып өтті, соның жұмысының нәтижесінде 1948 ж. 24 наурызында Гаваналық халықаралық сауда ұйымының жарғысына қол қойылған болатын. Алайда бұл жарғы күшіне енген жоқ. Ұйымның жарғысы жөніндегі келіссөздермен бір уақытта Тарифтер мен сауда жөніндегі басты келісімді жасасу туралы келіссөздер өткізілген болатын. Бұл келісімнің мәтініне Женевада 1947 ж. 30 қазанында қол қойылды, ал 1948 ж. 1 қаңтарынан бастап ол оған қол қойған елдер үшін (негізінен дамыған капиталистік мемлекеттер үшін) күшіне енді.

Халықаралық сауда ұйымын құру әрекеттері сәтті болмады, ГАТТ сол келісімге қатысушы-мемлекеттердің сауда және тарифтік саясатын реттейтін жалғыз ғана көптараптық құжатқа айналды. ГАТТ-тың іс-әрекетінде әртүрлі пішінде 139 ел қатысады, оның 85-і -толыққанды қатысушылар.

Бұл келісімді жасасудағы басты мақсат – қатысушы-елдердің арасындағы, әсіресе АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің арасындағы қатысушы-елдердің арасындағы экономикалық қатынастарды реттеу механизмін сыртқы экономикалық саясат саласындағы өзара келісімге келу арқылы құру.

Егер алғашқы қызмет ету жылдары ГАТТ негізінен АҚШ-тың саудалық өктемдігіне ықпал етсе, бұдан арғы уақытта ол мемлекеттердің арасындағы саудалық-саяси қарама-қайшылықтарды жұмсартудың құралына айналды. ГАТТ-тың іс-әрекетінде үлкен мағынаға дамушы елдердің саудалық-экономикалық проблемаларын талқылау да ие болды.

Келісімде жарияланған негізгі міндет,- сыртқы сауданы ырықтандыру, кедендік тарифтерді төмендету, импорттың сандық шектеулерінен бас тарту, кемсітуді жою, сондай-ақ өзге де саудалық-саяси шараларды көптараптық негізде жүргізу. Келісім жағдайларында орталық орынға барынша ықпал жасау режимін қолдану туралы қаулылар ие болуда.

Сол себептен ОПЕК жоғары бағаларды ұстап отыру саясатының негізгі реттеушісіне айналды.

Барған сайын төмендеп бара жатқан нарықтағы үлесін қорғау үшін ОПЕК «қарсы бағалар» механизміне көшті, олар өндірушілерге бағасындағы аса төмен шығындармен (шығындар қосу салықтар) бәсекелестік артықшылықтар алуға мүмкіндік береді. Осылайша, 1986 жылдан кейін ОПЕК-тің баға құраушы қызметі биржаға ауысты.

Сондықтан 70-шы жылдары орын алған «ОПЕК-тің саясаты = мұнайдың бағасы» деген тәуелділік онша қатал болып табылмайды. Қазір оған әлемнің 11 елі кіреді: (Алжир, Индонезия, Иран, Кувейт, Ливия, Нигерия, Қатар, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары, Венесуэла, Ирак). ОПЕК-тің әлемдік нарыққа шикі мұнайды жалпы экспорттау көлемі шамамен 40% құрайды.

Бұл бірлестіктің негізгі мақсаты – мұнай нарығын реттеу, оны бақылап отыру. Негізгі мақсатқа негізделсек, бұл бірлестіктің міндеттеріне бағаларды тағайындау, эмбарго, және өзге де бірқатар шаралар жатады. 80-ші жылдардан бастап жағдай өзгерді.

Біріншіден, мұнай нарығы шынайы әлемдік нарыққа айналды. Интернационалдандыру мен ғаламдандыру процестерінің қарқынды дамуы мына жағдайға әкелді: бүгінде ол ғаламдық экономикалық қатынастар жүйесіне енгізілген, олар кері байланыс механизмдері арқылы оның мінез-құлқына бұрынғыдан да кең әсерін тигізеді.

Екіншіден, 80-ші жылдардың соңынан бастап әлемдік мұнай нарығында іс-жүзіндегі, сондай-ақ потенциалдық ұсыныстың артық мөлшері қалыптасты. Оның үстіне бұл артық мөлшер сұраныс жағында да, ұсыныс жағында да орын алуда.

Сұраныс жағында әлемдегі сұйық отынның негізгі тұтынушылары болып табылатын индустриалдық тұрғыдан дамыған елдердегі ЖІӨ-нің энергиялық сыйымдылығы төмендеп келеді. Тұтыну технологиялық (өнім бірлігіне қатысты тұтынудың меншікті салмағының азаюы), құрылымдық (ЖІӨ-нің құрылымында энергияны аз қажет ететін өндірістер мен салалардың үлесі артып келеді) факторлардың арқасында барған сайын көп энергияны қажет ететін болып барады.

Мұнай өндіруші мемлекеттердің қарқынды ғылыми-техникалық прогресі мен ұтымды салықтық саясатының нәтижесінде ұсыныс жағында шығындар азайып келеді және ұсыныс жаңа кеніштерді енгізу арқылы (ГРР-дың тиімділігі артып келеді), сондай-ақ мұнай берудің артуының (игеріліп жатқан кеніштердегі алынатын потенциалдың артуы) арқасында көбейіп келеді.

 

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар

 

Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық әрқашанда өзекті болған мәселе. Әсіресе XX ғасырдың екінші жартысында әлемдік өркениеттер мен мәдениеттердің, діндердің ошағынан саналатын Азия құрлығында аймақтық проблемаларды тиімді, әрі ұтымды шешу мақсатында ортақ тұғырнама қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынып келді. Осы процестердің айқын көрінісі ретінде Оңтүстік–Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН), Араб елдері лигасы, құрлықтың әр тұстарындағы Америка Құрама Штаттарының бастамасымен құрылған бірқатар әскери-саяси одақтар мен альянстар (СЕАТО, СЕНТО т.с.с.), сонымен қатар Кеңес Одағының Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы ұсынысы бола алады.

Бірақ жоғарыда аталған қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған талпыныстардың барлығы дерлік сәтсіздікпен аяқталған. Қытайдың мәдени-демографиялық экспанциясынан қорғану мақсатында біріккен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің құрған ұжымдық қауіпсіздік жүйесі аймақтық деңгейден аса алмады. 1945 жылы құрылған тілі мен діні бір Араб елдері лигасы Американ империализмі мен Израиль мемлекетінің алдында қарсыласуға қауқарсыздық танытып, ақыр соңы лиганың ішінде алауыздықтар асқына түсіп, оның қызметі тек қағаз жүзінде ғана қалды. АҚШ-тың Азияда құрған ұжымдық қорғаныс жүйесі негізінен таза идеологиялық сипатқа ие болды. Қырғи – қабақ соғысының бәсеңдеуі кезеңінде ол қорғаныс жүйелері толықтай ыдырады. Кеңкс Одағының да ұсыныстары ақыр соңы жалған болып, кеңес әскерлері Ауғаныстан территориясына енгізілгеннен кейін оның құрлықтағы беделі төмендеді. Жалпы аоғанда осы уақытта құрлықта конструктивті түрдегі қауіпсіздік жүйесі мен мәдениеттер арасындағы диалогты орнату бастамасын көтерілгенімен, оны жүзеге асыру сәтсіздікпен аяқталып отырды.

Еуразиялық кеңістікте Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді қуатты ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына ғаламдық және аймақтық деңгейдегі бірнеше тарихи-идеологиялық факторлар ықпал етті. Яғни осы ұйымның құрылуының тарихи тамыры тереңге кетеді.

Бұл факторлардың негізі төмендегідей:

Қырғи-қабақ соғысы барысындағы Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағының Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жобаларының толық сәтсіздікке ұшырауы;

АҚШ бастаған батыс державаларының Орта және Таяу Шығыстағы (Ирак, Палистина, Египет, Иран т.б.) империалистік стратегиясы және де Кеңес Одағының Ауғаныстандағы оккупациялық режимі мұсылман әлеміндегі антибатыстық және антикеңестік бағыттағы ислам фундаменталмзмінің, саяси-діни экстремизмнің, терроризмнің өрши түсуіне алып келеді; [65, 14б.].

Кеңес оккупациялық режимі орнағаннан бастап тұтанған ауған-мұсылман ұлтшылдығы аймақтағы саяси тұрақсыздық пен қауіп-қатердің негізгі өзегіне айналды;

Кеңес Одағының тарих сахнасынан біржолата кетуімен Еуразиялық құрлықта ауқымды геосаясат «вакуумның» пайда болуына алып келді. өз кезегінде ол, біріншіден, идеологиялық «вакуумның» қалыптасуына түрткі болып посткеңестік қеңістікке радикалды- фундаменталистік бағыттағы діне–саяси идеялардың жаппай енуіне жол ашты; екіншіден, осының негізінде ұлттық аймақтарда діни сипаттағы сепаратизм, әлемдік ислам халифатын құру секілді қуатты қозғалыстардың орын алуына түрткі болды; үшіншіден, посткеңестік кеңістіктегі осындай оқиғалар көрші аймақтар мен мемлекеттердің, әсіресе Қытайдың қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына зор қауіп төндірді;

Еуразиялық кеңістіктегі аз ұлттардың сеператистік қозғалыстардың белең алуы (Шешенстан, Ұйғыр сепаристерінің қозғалысы);

Жоғарыдағы аталған факторлар Орталық Азияның жас мемлекеттерін, Ресей мен Қытайды құрлықта жаңа үлгідегі ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға итермеледі. Осы талпыныстардың жемісі болған Шанхай ынтымастық ұйымының құрылуына негіз болған факторларға енді нақтырақ тоқталу қажет.

ХХ ғасырдың 80-жылдарында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қатынастардағы қалыптасқан жағдай, яғни status quo өзгерді. 1979 жылы Кеңес Одағы әйгілі «Брежнев доктринасының» рухында Ауғанстан Демократиялық Республикасының басшысы Х.Аминді жеткілікті прокеңестік пиғылдағы емес деген себеппен оның территориясына әскер ендірді. Осы кезден бастап Ауғанстан бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан соғыс өртінің ортасында қалды. Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық пен перманентті этникалық-діни негіздегі қақтығыстар қазірге дейін толастамай отыр. Ең басты фактор 1997 жылы Ауғанстанда билік басына фундаменталистік пиғылдағы талибан қозғалысының төңкеріс арқылы келуі бүкіл аймақтағы қалыптасқан жағдайды түбірімен өзгертті. Кеңес Одағы номенклатурасының оған әскер ендіру шешімі тек жай ғана қателік болып қоймай, сонымен қатар дөрекі, әрі жалған саяси-идеологиялық принциптерге толы қадам болды. Кеңес оккупациясы Ауғанстанда діни, тайпалық және этникалық сипаттағы ұлтшылдық тенденцияларды тудырды [15, 180б.].

1979 жылы Ирандағы ислам революциясының орын алуы нәтижесінде елде билік басына шиитік діни элитаның келуі тек аймақтық емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі зор өзгеріс болды. Иран өзінің сыртқы саяси курсының негізгі принципі ретінде «Батыс та емес, Шығыс та емес, Ислам» деп жариялай отырып, басты мақсат «ислам революциялық» құндылықтарының экспорттау деп жарияланды. 1997 жылы президенттік сайлау нәтижесінде билік басына келген прагматиктердің жетекшісі Мұхаммед Хатами «ислам революциялық» құндылықтарын экспорттаудың орнына «өркениеттер диалогы» формуласын ұсынды. Осы бағытта Хатами иран-американ қарым-қатынастары қайта орнатылды. Бірақ Иран Ислам Республикасының рухани көсемі аятолла Аятолла Хоменей «Үлкен Сайтанмен ешқандай қатынас жоқ» деп Хатамидің сыртқы саясаттағы либералдық бағытына тиым салды [14, 30-31бб.]. 2005 жылы кезекті президент сайлауында билік басына Тегеранның мэрі, әрі ортодоксалды қанаттың жетекшісі Махмұд Ахмединеджадттың келуі халықаралық жағдайды шиеленістірді. Хатамидің «өркениеттер диалогының» орнына ислам революциясын экспорттауды жоғары қойып, Иранның атомдық қаруды жасауға деген ұмтылысы аймақтық және халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлкен сызат түсірді.

Кеңес империясы ыдырағаннан кейін оның орнында пайда болған «вакум» біртіндеп әртүрлі сипаттағы діни-саяси, ақпараттық идеяларға тола бастады. Жетпіс төрт жылдық атеистік саясат аясында дінсіз қоғам құру талпыныстары салдарынан посткеңестік кеңістік елдерінде дәстүрлі, бұрынғы ата-баба діндері қатты әлсіреді немесе тіпті жоғалып кетті. Бұл әсіресе Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтардың тағдырына тікелей қатысты болды. Олардың араб-ислам әлеміне жақындығы радикалды бағыттағы фундаменталистік ислам ағымдарының ерекше қарқынмен енуіне айтарлықтай әсер етті. Ислам фундаментализімге тек Орта Азия мен Қазақстан ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясының және Қытай Халық Республикасының құрамындағы тәуелсіздікке ұмтылушы мұсылман халықтарының қуатты идеологиялық қаруына айналды. 90-жылдарды Ресей құрамындағы Шешенстан, Дағыстан, Ингушетия және тағы басқа аймақтарда, сонымен қатар Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Ауданында ұйғыр сепаратистерінің қозғалыстары [66, 37-41б.]. фундаменталды исламмен тікелей байланысты болды.

Ислам фундаментализмі Орталық Азия елдерінде де шапшандықпен тарап, дәстүрлі исламның позициясының әлсіреуіне байланысты жергілікті халықтың арасында тез қолдау тапты. Аймаққа радикалды сипаттағы уаһаббизм, хизб-ут-тахрир әл-ислам, таблиғи жамағат, әһли сунна әл-жамағат, ахмадиа секілді ислам ағымдар мен партиялары еніп, өз позицияларын нығайта түсті. Хизб-ут-Тахрир әл-Исламия партиясы Орталық Азияны болашақта құрылады деп жобаланған «ислам халифатының» құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Халифатшылар мен өзге де радикалды исламистердің Орталық Азиядағы, Ресейдегі және Қытайдағы жетістіктері аймақтағы жас мемлекеттердің ұлттық суверенитеті мен конституциялық құрылысына зор нұқсан келтірді.

Фундаменталды ислам тек посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің саяси-қоғамдық құрылысына мықты ықпал етіп қоймай, сонымен бірге Қытайдың батыс аудандарындағы түркі-мұсылман ұлттарының тәуелсіздік жолындағы күресінің басты идеологиялық қаруына айналды. 1758 жылы Шығыс Түркістандағы мен Жоңғария Қытай империясының құрамына өткеннен бері аймақтың негізгі тұрғындары болып саналатын ұйғырлар әрбір кезеңде тәуелсіз мемлекет құруға талпынды. Шығыс Түркістандағы немесе қазіргіше Шыңжаң Ұйғыр автономиялық тұтастығы мен суверенитетіне зор қауіп төндіретіне айқын. Сондықтан Қытай тарапы көрші мемлекеттерден, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтан Қытайдың территориялық тұтастығына күмән келтіріп, ұлттық сепаратистерге қолдау көрсетпеуді талап етеді.

Қытайдағы діни-этникалық сипаттағы сепаратизм Қытай басшылығын аймақтық ұжымдық негіздегі қауіпсіздік жүйесін құруға итермелеген негізгі фактор. Қазақстан жағы өз кезегінде Қытайдың территориялық тұтастығына еш күмән келтірмейтіндіктерін о бастан-ақ ашық білдірген еді. Тайвань зерттеушісі Чжен Кун Фу өзінің еңбегінде «Қытай-Қазақстан достастық қарым-қатынастары екі елдің де ішкі ислам фундаментализмі мен сепаратизміне қарсы күресе алатын қуатты күш бола алады» деп жазды [36, 281б.].

Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы Еуразиялық кеңістікте күрделі, әрі құрылымдық геосаяси өзгерістердің орын алуына түрткі болды. Кеңестік Ресейдің жойылуымен қырғи-қабақ соғысы іс жүзінде аяқталды. Енді Азиядағы қауіпсіздік жүйесі мен тұрақтылықты қалыптастыруға деген мүлде басқа мүмкіндіктер мен перспективалар ашылды.

Бірақ қырғи-қабақ соғысынан кейін Еуразиялық кеңістікте жаңа көполярлы дүниенің негізгі бола алатын ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына күмән келтіргендер аз болмады. Белгілі американ саясаттанушы Збигнев Бжезинский посткеңістік кеңістіктегі Орталық Азияны өзінің «Еуразиялық Балқан» теориясының шеңберіне қосады [32, 151б.]. Оның пікірінше «Еуразиялық Балканның» шеңберіне енетін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения және де Грузия, сонымен қатар Ауғанстан өздерінің этно-конфессионалды құрамдарының әртүрлілігі салдарынан болашақта діни-этникалық қақтығыстардың қайнар көздеріне айналады, сонымен қатар қай держава осы кеңістікке өзінің билігін орнатады ол бүкіл әлемге өз әмірлігін жүргізеді» деп тұжырымдай келе осы жолда ең алдымен Түркия мен Иран аймаққа өздерінің үстемдігін орнатуға ұмтылуда деп атап өтті [32, 152б.].

Сонымен қатар ол Орталық Азияның жас тәуелсіз мемлекеттері аймақтағы үстемдік үшін жан таласа бәсекелестік жүргізеді. Осы жолда этно-кофессионалдық сипатқа ие Қазақстан аймақты Ресейдің жаңа экспансиясынан қорғайтын қалқан болғанымен, аймақтық жүрегі болып табылатын этникалық жағынан анағұрлым біртекті Өзбекстан осы бағытта өз қарсыласынан басым түседі деген концепцияны ұсынады [32, 156б.]. Және де ол осы бағытта Орталық Азия үшін Ресей мен Қытайдың геосаяси амбициялары қақығысады деген пікірді білдіреді[32, 166б.].

Осы бағытта тек батыс зерттеушілері ғана емес, сонымен бірге қытай ғалымдары мен саяси элитасының арасында аймақтық ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына дейін, тіпті құрылғаннан кейінде оған күмәнмен қарау тенденциясы басым болды. Мысалы, қытайдың либералды-прагматикалық пиғылдағы истэблишменті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қызметінің жемісті болуына күмәнмен қарай отырып, оны Қытай үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық негізі бола алмайды деп есептеді [18, 31б.].

Алайды қазіргі аймақтық интеграциялық процестерге терең көңіл аударатын болсақ онда Збигнев Бжезинскийдің «Еуразиялық Балқандар» теориясының көп жағдайда жалған екендігі дәлелденеді. Пантүркизм идеологиясын басшылыққа алған Түркияның Орталық Азияның түркі тілдес мемлекеттерін бір саяси жүйенің астына біріктіру стратегиясы іс жүзінде толығымен сәтсіздікпен аяқталды. Әсіресе Қазақстан басшылығы пантүркизм идеологиясын еш қолдамайтындықтарын ашық білдірді. Иранның аймақтағы геосаяси амбициялары күшті болғанымен, оның сыртқы саяси курсы көбіне Ресейге тәуелді. Сондықтан оның аймақтағы ұмтылыстары негізінен Ресей тарапынан шектеледі. Ал Қытай басшылығы ұйғыр сепаратистерінің тарапынан мемлекеттің территориялық тұтастығына зор қауіп төнетіндігін анық байқап, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі тәуелсіз мемлекеттердің Қытаймен жаңа негізде саяси-әскери, экономикалық интеграциялануды шынайы қалайтындықтарын терең түсініп жаңа ұйымның маңыздылығын жоғары бағалады.

Осындай позитивті бастаманы халқы 1,5 миллиард Қытай, халқы 1 миллиард Үндістан, әліде болса империалық статусын жоғалтпаған Ресей Федерациясы емес кешегі көшпенді өркениеттің мұрагері тәуелсіз қазақ мемлекетінің басшылары көтерді. Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2-наурызда әлемдегі ең беделді үкіметаралық саяси ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымының қатарына қабылданды. Ал, осы жылдың 20-қазанында қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев ұйымның кезекті отырысында азиялық қауіпсіздік жүйесін құру жобасын ұсынды. Біріккен Ұлттар Ұймының Бас Ассамблеясының 47-сессиясында президент Н.Ә.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) өткізу туралы ұсынысын Азия құрлығындағы халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде қарауға болады. Азиядағы қауіпсіздік жүйесін құру үшін жауапкершілік ауырпалығын халықаралық құқықтың субъектісі ретінде жаңа тәуелсіз мемлекет өз мойнына алды. Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде екі принципті басшылыққа алады: біріншісі, қазіргі заманғы геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды барабар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарының және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте айналысу керек; екіншісі, аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудың тиімді жолдарын іздестіру,

Қазақ дипломатиясының алдында Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық проблемаларын шешуге қызмет ететін АӨСШК идеясын өмірге еңгізу сияқты күрделі міндет қойылды. Беделді мамандардың пайымдауынша бүгінгі күні аймақ елдерінің алдында міндеттердің тұтас кешені тұр. Олардың ішінде неғұрлым басымдық берілетіндері төмендегі шарттар:

аумақтық дауларды, жан-жалдарды шешу;

қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласында нақты табыстарға қол жеткізу;

есірткілердің және әдеттегі қару-жарақтың заңсыз айналымына, терроризмге және халықаралық қылмысқа қарсы күрес шараларын жүргізу;

Экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу;

Азиялық елдердегі экономикалық өркендеуді қамтамасыз ету;

Осы уақытта құрлықтың әр бөліктеріндегі әліде болса шешімін таппаған, реттелмеген проблемалар көптеген елдердің өзара қарым-қатынастарындағы негізгі талас болып табылады. Осының салдарынан Азиядағы сенім білдіру мен ынтымақтастық жағдайын нығайтуға деген ұмтылыстар кеми түседі. Дегенмен де, Қазақстанның бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңест өз қызметін бастады. Оның аясында құрлықтың отыздан аса елдерді Алматы мен Астанада бірнеше мәрте жиналып құрлықтағы бейбітшілік атмосферасын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Бірақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес қауіпсіздік жүйесі мен бейбітшілікті қалыптастыруда қомақты табыстарға қол жеткізе алмады. Оны шақырудағы басты мақсат құрлықтағы өркениет аралық диалог пен сұхбатастықты орнату еді. Яғни АӨСШК негізінен саяси диалогты жүргізу мәселесімен айналысты. Ал, құрлықта шынайы ұжымдық қауіпіздік жүйесі мен тәртіпті орнатуға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аса зор еңбек сіңірді.

Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік саласындағы жемісті ынтымақтастығының анағұрлым көрнекті мысалы «Шанхай бестігінің» қызметі болды. Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының және Орталық Азия аймағының басқа да елдерінің өзара іс-қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің дәлелі бола алады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған келісімдердің халықаралық дипломатияда бұрын-соңды үлгісі болған емес. Демек олардың аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық құндылығы бар.

Шанхай келісімінің аясындағы шекаралық проблемаларды реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары мен науқандары жөніндегі жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура келді. Сол кезеңде кеңес-қытай шекаралық аудандарда қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салады сенім білідруді нығайту туралы Кеңестер Одағының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды. Сол уақытта бұл сенім білдіру мен қарулы күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім деп көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында қолданылса, мәселе болып көтеріліп отырған келісім шекаралық аймақта ғана қолданылады.

Парасатты түрде тұжырымдалған мүлделердің негізінде осы саладағы ынтымақтастың төменгідей принциптері белгіленеді:

тату көршіліктің және достастықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығайту және дамыту;

шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту;

біржақты әскери үстемдіктің болуына жол бермеу, оны болдырмау;

шекара ауданында орналасқан қарулы күштерді қысқарту жән шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.

Қызыл империя, яғни Кеңес Одағы мен әлемдік социалистік жүйе ыдырығаннан кейін осы ерекше маңызды келіссөздерді жалғастыру үшін бірлескен тарап делегациясы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын саяси шешімдер қабылданды.

Алайда шешім қабылдау барлық уақытта оңай бола қойған жоқ. Бұл ең алдымен келіссөздердің басты тақырыбына – қысқарту процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару-жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыстың табысты болуын айтарлықтай тежеді. 100 шақырымдық аумақта саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тарапы біржақты қысқартуды талап етті. Және де Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері әскерінің басым бөлігі тап осы шекаралық аймақта тарихи және географиялық тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді. Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы Қытайдың шектес әскери округтеріндегі әсерлердің негізгі бөлігін Келісім қолдасынан тыс сақтап қалуды көздеді.

Келіссөздер тығырыққа тірелмес үшін Бірлескен тарап делегациясы шекара ауданындағы әскери саладағы сенім білдіру шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды. Үздіксіз жүргізілген дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті келісімге бес мемлекеттің басшысы 1996 жылы 26-сәуірде Шанхай қаласында қол қойды.

Одан әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай Бірлескен тараптың шекті деңгейлерге қатысты мәжбүр болды. 1997 жылы 24-сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған қарулы күштерді қысқарту туралы келісім біртұтас құжат болып табылады. Ал оның қосымшалары төмендегідей болып белгіленеді:

Келісімді қолданудың географиялық шектері туралы хаттама, оған географиялық шектерді белгілейтін сызықтар түсірілген және осы сызықтардың өтуінің мәтіндік сипаттамасы бар карталар қоса көрсетілді;

Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары мен үлгілерін белгілейтін ақпарат алмасу туралы хаттама;

Бақылау жасау объектілерінде, қысқарту орындарында және тараптардың инспекторлары көрсеткен аудандарда верификациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және оның тәртібін егжей-тегжейлі қарайтын бақылау мен тексеру жасау туралы хаттама;

Келісім қамтитын қару-жарақ пен әскери техниканы қысқартуды жүргізудің нақты түрлері мен әдістері белгілейтін қысқарту тәртібі туралы хаттама.

Шекара ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келіссөздер процесі қазақ-қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесімен, сондай-ақ даулы учаскілерге қатысты проблемаларды шешумен тығыз байланысты болды.

Осындай жолмен көпжақты келісімді жасау екі жақты қазақ-қытай шекаралық проблемаларын реттеуге жәрдемдесті. Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған, аталған келісімдердің пайдасы мен маңызы осыдан көрінеді.

Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы күштерді шектеу туралы уағдаластықтар әлемдік практикада теңдесі жоқ үлгі болып есептеледі. Бұл уағдаластықтарды халықаралық қауымдастық позитивті түрде бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадан көрінді, халықаралық құқық тұрғысынан алғанда бәсеңдеу аясына Қытай тартылды.

Түпкі нәтижесінде аталған келісімдер шекаралас елдерге Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты мәселелердің анағұрлым ауқымы бойынша келіссөздерге кірісуге мүмкіндік берді.

1998 жылы 3-шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Қазақ дипломаты Қасымжомарт Тоқаевтің тұжырымдауынша «Тап осы кездесуден кейін Шанхай бестігі деп аталатын ұйым өміргі келді» [49, 380б.]. Оған қатысушылар осы құжаттардың екі жақты және көп жақты ынтымақтастық, аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті. Делегациялар басшылары бес мемлекеттің өзара іс-кимылы әскери-саяси және шекаралық мәселелерімен шектелмеуі тиіс деп пікір білдірді. өткені қауіпсіздік пен ынтымақтастың проблемалары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді.

Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде «Қырғи қабақ соғысы» аяқталғаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе жатқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылды. Сыртқы саяси ведомствалар басшылары бас мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге қарсы бағытталмағандығын атап көрсетуі қажет деп тапты.

Тараптар аймақтағы нақты жағдайды ескере отырып қаіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге қатысушы ХХІ ғасырда жалпыға бірдей бейбітшілікпен өркендеу үшін жаңа әділетті және ұтымды халықаралық саяси, сонымен қатар экономикалық тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңестікте тұрақтылықтың, қаіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс істейтін факторына айналдыруға бекем бел будырғанын білдірді.

1999 жылғы тамызда Шанхай бестігінің Бішкек кездесуі өзінің маңыздылығымен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының, Тәжікстан мен Қырғызстан Республикаларының басшылары төмендегідей мәлімделермен жасады:

1996 жылғы Шанхай кездесуінен бергі кезеңдегі ынтымақтастықты өте нәтижелі деп атап өте келе тараптар енді тек қауіпсіздік саласында ғана емес, сонымен қатар өзге де облыстарда да өзара байланыстарды күшейту қажеттігін атап өтті;

Тараптар аймақтың қауіпсіздік мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде, оның өркендеуі мен дамуына қолайлы жағдай туғызуда ынтымақтастықты дамытумен қатар, сыртқы істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, мемлекеттік ведомтсвалардың жетекшілері деңгейіндегі өзара байланыстар мен пікір алмасуда дамыту қажеттігіне айрықша тоқталды;

Тараптар шекараларық проблемаларды реттеу, әскер облыстарда сенімділік, шекара аумағында қарулы күштердің санын қысқарту мәселесі бойынша келісімдерді жасау, және де оларды бес мемлекет тарапынан бекітуі аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты етудегі теңдесі жоқ құжат, теңдесі жоқ жетістік деп есептейді;

Тараптар аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік негіздеріне зор нұсан келтіретін халықаралық терроризм, наркобизнес, заңсыз қару-жарақ сату, заңсыз миграция, ұлттық сепаратизм, діни экстремизм секілді зұлымдық көздеріне қарсы күресудің маңыздылығына ерекше тоқталды;

Тараптар Орталық Азия елдерінің аймақта ядролық қарусыз кеңістік құру талпыныстарына, Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру бастамасына айрықша қолдау білдіреді;

Тараптар Қырғызстан Республикасының президенті Асқар Ақаевтің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өркендеуіне бағытталған «Жібек жолы дипломатиясын» қазіргі халықаралық ынтымақтастық деңгейіне дейін көтеру идеясына жан-жақта қолдау көрсетті;

Тараптар аймақтық және халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа зор қауіп төндіріп тұрған Ауғанстандағы қалыптасқан шиеленісті жағдайға көңіл бөледі. Және де тараптар ауған мәселесін шешудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөліне жоғар баға береді;

Тараптар өзара тиімділік және теңдік принципі негізіндегі сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға айрықша көңіл бөледі;

Тараптар қазіргі халықаралық қатынастардағы өзгерістерге ерекше көңіл аударады және де халықаралық сахнадағы субъектілер арасындағы өзара байланыстар төмендегі баста принциптерге негізделуі қажет: біріншіден, суверенитеттілік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, тең негіздегі қарым-қатынастар, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, дайлар мен жан-жалдарды тек бейбіт жолдармен шешу; екіншіден, теңдік және өзара тиімділік жағдайындағы ынтымақтастықты нығайту; халықаралық тұрақтылық пен бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің кепілі ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемдегі позициясының дамуына және нығаюына қолдау көрсету; Ядролық қаруларды таратпау туралы және Ядролық қаруларды жаппай сынау туралы келісімдерді бұлжытпай орындау;

Бес мемлекет жаңа халықаралық саяси және экономикалық жағдайы, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыруға, қамтамасыз етуге ұмытылатындығын жария етеді [40, 475б.].

Сонымен қатар Бішкек кездесуіне қатысушы мемлекеттер сенім білдірудің негізгі жобаларын дайындады, оның критерийлері мынадай болды: әскери қызметтің транспаренттілігі және оны шекара маңайында азайту; шекаралық мәселерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады. Және де халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына жәрдемдеседі деген пікір білдірді.

1999 жылы қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 шақырымдық географиялық аумақтағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды. Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі практикалық нәтижелерге айналды. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені әңгімен шекара арасындағы қытайлық тарап іс қимылының толық ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.

Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар өткізілді. Олар сөз жоқ, «Шанхай бестігіне» қатысушы мемлекеттердің қарулы күштердің ашық ой-ниеттің нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.

Осы кезеңде «Шанхай бестігі» аясында ынтымақтастық пен байланыстардың жаңа элементтері айқын байқалды. Аймақта орын алған күрделі саяси жағдайлар, терроризм мен экстремизм қаупі, есірткі және қару-жарақтардың заңсыз саудалануының белең алуы құрлықтағы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды кешенді түрде қайта қарауды талап етті.

Осы тұстан бастап «Шанхай бестігі» қарқын ала бастады, әрі көптеген мемлекеттердің және халықаралық институттардың назарын өзіне аударды. Осы топтың аясында, әскери саланы қоса алғанда, барлық бағытта ведомствалар басшыларының кездесулері ешқандайда іркіліссіз, ұдайы өтіп келе жатқаны айқын көрінді. Халықаралық терроризмге, қару-жарақ пен есірткі контрабандасына бірлесіп қарсы тұру жөнінде іс-шаралар әзірленді. ұлттық үйлестірушілер өз жұмыстарына кірісіп, өздерінің Кеңестерін құрды. Кейін бұл орган «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» жарғылық органдарын дайындауда маңызды рөл атқарды.

«Шанхай бестігі» жұмысына көріші елдері, әсіресе Өзбекстан тарапы басқаша қарай бастады. Мемлекет басшысы Ислам Каримов «Шанхай бестігіне» мүше елдерден Өзбекстанды толық, құқылы мүше ретінде ұйымға қабылдауды сұрап, өтініш жасады. Бұл мәселе үлкен дауларды тудырған жоқ. Қазақстан дипломаты Қ. Тоқаев өзінің еңбегінде «Қытай және Өзбекстанмен шекараласатын орта азиялық мемлекеттер бұл елдің әскери-саяси және экономикалық әлуетін біледі, сондықтан И. Каримовтың өтінішін толықтай қанағаттандырған келісілген шешім қабылданды. 2000 жылғы 5-шілдеде «Шанхай бестігінің» бесінші саммиті барысында Өзбекстан тұңғыш рет бұл форумның жұмысына қатысты. «Бестік» «алтылыққа» айналды» деп жазды [49, 393б.].

2000 жылдың сәуірінде Астанада болып өткен қорғаныс мининстрлерінің кездесуі және осы жылы Душанбеде өткен «Шанхай бестігінің» саммиті жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс қимыл жасау жөнінде тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен маңызды оқиғалар болды. Әсіресе 4-шілдеде Душанбеде өткен Шанхай бестігі мемлекет басшыларының саммитінің нәтижелері өте маңызды болды [41, 27-28бб.].

Душанбеде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытай басшылары тарапынан ресми түрде бұдан бұрын құрылған ұйымның атауы - «Шанхай бестігі» саяси айналымға ендіріліп, оны аймақтық деңгейдегі жан-жақты ынтымақтастықтың құралына айналдыру көзделетіндігі де жария етілді. Саммитте қатысушы мемлекет басшылары жаңа ұйымның қызметінің шеңберін нақты анықтады. Онда саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық, әскери, әскери-техникалық салаларда өзара байланыстарды тереңдете түсу, сондай-ақ мәдениет саласында және де аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде ынтымақтастығы одан әрі нығайту көзделді.

Сонымен қатар мұнда «бестіктің» төмендегідей саяси бағдараламасы қабылданды:

   біріншіден, аймақтағы жағдайды шиеленістіретін «сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі істерге араласудың» алдын алу және болдырмау;

   екіншіден, аймақтық тұрақтылық, пен қауіпсіздікке, жалпы дамуға үлкен қауіп-қатер туғызатын халықаралық терроризм, діни экстремизм, ұлттық сепаратизммен «бірлесіп күресу» шешімі;

   үшіншіден, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, оның ішінде «гуманитарлық көмек көрсету» және «адам құқығын қорғау келісіменде» араласу орынсыз болып есептеледі;

   төртіншіден, әлеуметтік тұрақтылық, территориялық тұтастық, суверенитет, тәуелсіздік секілді стратегиялық, маңызы бар құндылықтарды қамтамасыз етіп, қорғау үшін бір-біріне деген көмекті күшейту;

   бесіншіден, адам құқығын қорғау принципін қолдану жағдайында «әрбір елдің» («бестіктің» құрамындағы - авт.) тарихи даму ерекшеліктерін, қалыптасқан жағдайын ескеру қажеттігі. [41, 31б.]

Душанбеде «бестіктің» мүшелері біріншіден, Қытай Халық Республикасының территориялық тұтастығын және «біртұтас Қытай» принципін сақтауға, және де қорғауға күш салатындықтары туралы және екіншіден, Ресейдің Шешенстан Республикасындағы «жағдайды реттеу» позициясына жан-жақты қолдау білдіру қажеттігі жайлы ресми мәлімдеме жасады. Сонымен бірге аймақтағы қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын пайдалану мәселесі бойынша «бестікке» мүше-мемлекеттер екі жақты және көпжақты негіздегі ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Белгіленген саяси-әскери, экономикалық және тағы басқа салалардағы ынтымақтастықты шынайы жүзеге асыру мақсатында «бестікке» мүше-мемлекеттер әрбір елден ұлттық, үйлестірушілерді (координаторлық) тағайындайтындарын мәлімдеді. Душанбе саммиті «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құрудағы ең соңғы кезең, ең ақырғы асу болды.

Осылайша, Шанхай бестігі күрделі халықаралық, және аймақтық процестер мен оқиғалар аясында туындап, сол процестердің шеңберінде халықаралық масштабтағы ұйымға айналуға бағыт алды.

Бұл ұйымның халықаралық салмағы соған кіретін елдердің жиынтық демографиялық және аймақтық әлеуетімен ғана емес, сондай-ақ екі ядролық мемлекеттің және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – Ресей мен Қытайдың белгіленіп қалған стратегиялық әріптестігімен белгіленеді. Бұл ШЫҰ-ның Орта Азияда, сондай-ақ Азия-Тынық мұхит аймағындағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрудағы атқаратын рөлін белгілейді. ШЫҰ оның негізгі ұстанымдарын қолдайтын жаңа мүшелерді қабылдау үшін ашық ұйым болып табылады. Қауіпсіздік мәселелерінің бастапқыда ШЫҰ-ны құруда шешуші болып және де аса басымдылыққа ие мәселелердің бірі болып қалып отырғанына қарамастан, оны әскери ұйым ретінде бағалаған дұрыс болмаған болар еді. Мұндай мәртебе ШЫҰ-ға кіретін елдердің халықаралық одақтар мен ұйымдарға әртүрлі міндеттемелерді арқалаумен қатысу себептеріне орай сәйкес келмейді. Мысалы Қытай үшін өзінің қатысуы – мүлде ережеден айрықша болып табылады, себебі бұл ел өзінің сыртқы саясатында дербестік пен тәуелсіздік ұстанымын көздеумен қандай да бір мемлекеттердің блоктарына қосылмау саясатын дәстүрлі түрде ұстанады [74, 28б.].

Көптеген сарапшылар атап кеткендей, ШЫҰ-ға мүше болу оның қатысушыларының геосаяси мүдделеріне көп жағдайда сәйкес келеді. Мысалы ШЫҰ-ның кейбір бастамалары аймақтағы Американың ықпалын азайтуға бағытталған тәрізді, мұнысы Қытайдың аймақтағы америкалық ықпалды азайтуға деген талпынысына сәйкес келеді және Ресейдің көп түрлі әлемді құруға деген ниетіне сәйкес келеді, бұл ниеті сыртқы істер министрі кезінде, ал артынша ҚР премьер-министрі Евгений Примаковтың кезінде хабарланған болатын. Сыртқы істер министрі Игорь Ивановтың 2003 жылғы мәскеулік саммиттен кейін айтқан сөзі: «ШЫҰ көп түрлі әлемнің талаптарына сәйкес келетін жаңа үлгідегі қазіргі заманғы ұйымға айналуы тиіс».

«Шанхайда ШЫҰ-ның XXI ғасырдың мен қауіп-қатерлеріне төтеп берудегі, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, соның ішінде аймақтағы тыныштыққа, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларға бірлесіп қарсы әрекет жасаудағы потенциалын кеңейту туралы жаңаша келісімдер тіркелетін болады». Саммитте ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің аумағындағы бірлескен ланкестікке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы келісімге, ШЫҰ мемлекеттерінің жеріне ланкестік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар тұлғалардың еніп кету жолдарын анықтау мен жауып тастау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ШЫҰ-ның Аймақтың ланкестікке қарсы құрылымындағы ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімге қол қойылады. Сонымен қатар, Есірткі жолымен күрес жүргізу жөніндегі ұйымының жұмысын жандандырудың қажеттігі туралы қалыптасқан уағдаластық тіркелетін болады. Соңғысы тікелей Ауғанстанға қатысты болып келеді және біз жоғарыда айтып кеткен бұдан арғы қадамдарды болжап отыруға негіздеме береді [63].

АҚШ-тан оның әлемнің жекелеген аймақтарындағы әрекеттері жайлы сұрауға мүмкіншілігі бар қандай да бір инстанцияның орын алу фактісінің өзі Вашингтонның өз әрекеттері үшін жауапкершілік дәрежесін арттырады. Бұл кейінгі уақытта қалыптасқан халықаралық қатынастардың құрылымын едәуір өзгертеді және олардың жалпы жағдайын жақсартады [67, 3б.].

ШЫҰ-ның бейнесі – «Шанхайлық бестік» механизмі бастапқыда сенімді нығайту және ҚХР-дың Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен шектесіп жатқан аудандарындағы әскери күшті азайтудың арқасында өз дамуына ие болды. Қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейін халықаралық және аймақтық жағдайда өте үлкен өзгерістер орын алды, тыныштық пен даму дәуіріміздің салтына айналды. Осының соңынан күн тәртібіне бес іргелес елдің – Қытай, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстанның арасындағы тату көршілестік, өзара сенім, достық пен ынтымақтастық қатынастарын нығайту туралы мәселе шықты [64]. 1996 және 1997 жылдар бес мемлекеттің басшылары Шанхай мен Мәскеудегі бас қосуларында «Шекаралас аудандардағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім» мен «Шекаралас аудандардағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге» қол қойды, бұл «Шанхай бестігі» деген механимзнің іске қосылуына әкелген маңызды тарихи кезеңге айналды. Осыдан кейін жыл сайынғы бас қосулардың осындай түрі дәстүрге айналды және бес елдің әрқайсысында кезек-кезек өткізілуде. 1998 және 2000 жылдар аралығында «Шанхай бестігінің» саммитері Алматыда, Бішкекте, Душанбеде өткізілген. Кездесулердің мазмұны да шектесіп жатқан аудандардағы сенімді нығайту жөніндегі мәселелерден бастап саясат, қауіпсіздік, дипломатия, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге салалар бойынша жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне дейін біртіндеп кеңейе берді. Мемлекет басшыларының бас қосуларымен қатар бірінен кейін бірі СІМ желісі бойынша, қорғаныс министрлерінің, құқық қорғау органдарының, экономика, мәдениет, көлік, төтенше жағдайлар министрлерінің, іргелес қызметтердің, прокуратуралар мен ұлттық үйрестірушілердің мерзімді түрде бас қосуларының механизмдері құрылды.
Тараптардың «Шанхай бестігінің» практикалық іс-әрекетіндегі бірлескен әрекеттерімен ірі нәтижелерге қол жеткізілді. Ол Қытайдың төрт мүше-мемлекетпен қатынастарындағы тарих қалдырып кеткен шекаралық мәселелерді шешу процесін сәтті түрде ілгері жылжытты, шекаралас аудандардағы бейбітшілік пен тыныштықтың орнауына ықпалын тигізді; «үш зұлымдықты» - ланкестікке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы шешімді түрде күресуде және соларды тежеуде, сол аймақтағы мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғады; мүше-мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде ілгері жылжытты, аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамыту ісінде пайдалы іздестіруді жүзеге асырды; мүше-мемлекеттердің халықаралық сахнадағы үйлесімін үздіксіз түрде нығайтып келеді, бүкі әлем бойынша бейбітшілік пен дамытуды ілгері жылжытуға арналған маңызды аймақтық күшке айналды.

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихында «Шанхайлық бестікті» құру мен дамыту дипломатиялық тәжірибе болып табылады. Ол өзара сенім, қарусыздану, ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұстанымдарына негізделген, қауіпсіздікке деген жаңаша көзқарастың негізін қалады, Ресей мен Қытай бастаған жаңаша үлгідегі мемлекетаралық қатынастарды байыта түсті, ол қатынастардың негізін одақ емес әріптестік құрайды, аймақтық ынтымақтастық үлгісін ұсынды, оның айрықша өзгешелігі: бірлескен бастамашылдық, қауіпсіздік басымдылығы, үлкен және кіші мемлекеттердің өзара тиімді әрекеттесуі, адамзат қоғамын қырғи-қабақ соғыс идеологиясынан жоғары етіп қойды, халықаралық қатынастардың жаңа үлгісін құруға баға жеткісіз үлес қосты.

 

1. 3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі.

 

2001 жылы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей жэне Тәжікстан президенттерінің қатысуымен «Шанхай бестігінің» кезекті кездесуі өтті. Осы форумның жұмысына тұңғыш рет Өзбекстан Республикасы да қатысты. Форумға қатысушы мемлекеттер «Шанхай бестігінің» бес жылдық кызметін позитивті түрде бағалай келе, 1996 жылғы Шанхай, 1997 жылғы Мәскеу, 1998 жылғы Алматы, 1999 жылғы Бішкек және 2000 жылғы Душанбедегі аталған мемлекеттердің жоғарғы деңгейдегі кездесулерінен жинақталған тәжірибені басшылыққа ала келе, сонымен қатар саяси процестердің көпполярлылығын, экономикалық және ақпаратық жаһандануының одан әрі жалғасуын атап өте келе «Шанхай бестігіне» мүше мемлекеттер, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы ұйымды жаңа ғаламдық, қауіп-қатерлер мен өндеулерге жаңаша қарсы тұруға, жаңаша жауап беруге қабілетті ету мақсатында «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құратындықтары тұралы салтанатты түрде жария етті [42, 496б.].

Форум жаңа ұйымның мақсаттары мен принциптерін, яғни Хартиясын (Жарғысын) қабылдады. Басты құжатта ұйымның мақсаттары төмендегідей болып белгіленеді:

   қатысушы-мемлекеттер арасындағы өзара сенімділікті, достастық, пен ынтымақтастықты нығайту;

   олардың арасында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім, энергетикалық, көлік, байланыс, экология жєне тағы басқа салаларда ынтымақтастықты дамыту;

   аймақтағы тұрақтылық, пен қауіпсіздікті, бейбітшілікті, жаңа демократиялық, әділетті, саяси және экономикалық жағынан рационалды сипаттағы халықаралық, тәртіпті қалыптастыруға және қамтамасыз етуде бірігіп қимыл жасау [42, 497б.].

Декларацияда Шанхай Ынтымақтастық, ұйымы мемлекеттердің тәуелсіздігін, суверенитетін және территориялық, тұтастығын құрметтеп, сыйлау; теңдік және өзара тиімді байланыстар орнату; барлық, даулы мәселелерді, жанжалдарды тек бейбіт жолмен шешу; бір-бірінің ішкі істеріне араласпау; күш көрсету мен әскери қауіпті төндіру факторын дипломатиялық әдіс ретінде қолданудан бас тарту секілді Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерді бұлжытпай орындауға салтанатты түрде уәде берді [42, 497б.].

Мемлекет басшылары «Шанхай Ынтымақтастық ұйымы» басқа мемлекеттерге және аймақтарға қарсы бағытталған одақ, емес, ол барлық; халықаралық, және аймақтық, деңгейдегі ұйымдармен, одақтармен, өркениеттермен, мемлекеттермен ашық негізде саяси диалог пен ынтымақтастықты орнатұға әрқашан дайын, сонымен қатар консенсус негізінде ұйымның қатарына жаңа мүшелерді қабылдауға ниетті деп жариялады [42, 498б.].

Форумға қатысушы мемлекет басшылары 2001 жылғы 11-қыркүйектегі әйгілі қыркүйек оқиғасынан үш ай бұрын «үш зұлымдықпен», яғни «терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресу туралы Шанхай конвенциясын қабылдады» [44, 528б.].

Бұл құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен радикалды тенденцияларға қарсы күресудегі жаңаша қадам еді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптерінің ең алдымен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достастық, байланыстарын дамыту туралы шарттарын басшылыққа ала отырып терроризм, сепаратизм жєне экстремизм халықаралық, бейбітшілік пен қауіпсіздікке, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, пен достастық, қарым-қатынастарының дамуына, сондай-ақ, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге үлкен қауіп-қатер төндіретіндігін мойындай келе және де «Шанхай бестігінің» 1998 жылғы Алматы декларациясын, 1999 жылғы Бішкек декларациясын, 2000 жылғы Душанбе декларациясын, сонымен бірге 2001 жылғы 15-маусымдағы «Шанхай Ынтымактастық ұйымын» құру туралы декларацияны ескере келе осы конвенцияны қабылдайды делінді құжатта [44, 528б.].

Алты мемлекеттердің басшылары «Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына» қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан зор әлеуеті және ауқымы кең мүмкіндіктері сауда-экономикалық, екі жақты және көп жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мәлімдеді.

Саммитте сез алган Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жағының «Шанхай ынтымақтастық ұйымына» қатысты берілетін басымдықтарын төмендегідей атап өтті:

   аймақтағы терроризмнің таралуы, экстремизмнің өршуі, наркобизнестің өркендеуі, заңсыз миграцияның белес алуы, заңсыз, контрабандылық, жолдармен қару-жарақ сатудың дамуы секілді бірінші кезектегі проблемаларды ескере отырып аймақтын тұрақылығын және мүше-мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

   транспорттық-коммуникациялық жобаларды (темір жол, құбыр желістері, теңіз, өзен, автомобиль жолдары) жүзеге асыру, сауда-саттық саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ұсақ және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдайды қалыптастыру;

   экологиялық, саладағы өзара байланыстарды дамыту;

   шеқара маңыңдағы өңірлерде аймақтық, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу;

   әсіресе трансшекаралық, миграция, диаспора мәселелері бойынша өзге де құрылымдармен оптималды түрдегі өзара байланыстарды дамыту форматын белгілеп, қалыптастыру [43, 5-7бб.].

Қытай Халық Республикасымен ортақ шекарасы жоқ Өзбекстан Республикасы «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына» мүше болуымен осы ұйымның алдында жана міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл ең алдымен терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы бірінші іс қимыл жасау. Аталған террористік, радикалды үрдістер Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен бірге Қытайдың да проблемасы болып отыр. «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына» енген елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер олардың бірлескен іс-қимылға дайындығының алғышарты болды.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының» қызметіне 2001 жылғы 11-қыркүйектегі Нью-Йорк оқиғасы ерекше ықпал етті. Америка Құрама Штаттарының жаңа қожайыны Джордж Буштың ғаламдық терроризмге қарсы күресті осы тұстан бастады. АҚШ бастаған батыстың назарына алғаш болып халықаралық, терроризмнің эпицентрі деп танылған Ауғанстандағы талибан режимі шөкті. Шынымен де бірқатар уакыт бойы ғаламдық, тұрақсыздық, пен халықаралық, терроризмнің, діни экстремизмнің орталығы болған талиб режимінің шапшаң түрде құлауы тек американың әскери күш-қуатын ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде ғаламдық терроризмге қарсы күресте американың қаржылық, экономикалық, әскери, ұйымдастырушылық салаларында ықпалының күшейе түскендігін көрсетті.

Осының негізінде АҚШ Орталық Азия елдерінде Ресей Федерациясы мен Қытайдың қатысуынсыз-ақ аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жетік альтернативалық вариантын көрсетіп, қажет болса жан-жақты жәрдем беруге дайын екендігін де жасырмады. Ауғанстандағы талибан режимі, әсіресе 2001 жылғы 11-қыркүйектегі Нью-Йорк оқиғасы АҚШ-тың Орталық Азия аймағындағы бұрынғы позициясының одан әрі күшеюіне жол ашып берді.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін посткеңестік кеңістіктегі дезинтеграциялық процестер кешегі КСРО, оның тікелей мұрагері Ресейдің Орталық Азия мен бұрынғы одақтың барлық аймақтарындағы позициясын әлсіреуіне алып келді. Ташкенттің, Бішкек пен Душанбенің өз территорияларына американ әскери базаларының орналасуына рұқсат беруі және қаржылай көмек алуы осының жарқын дәлелі болды.

АҚШ-тың әскери базаларының тек Ауғанстан территориясында ғана емес, сонымен катар Тәжікстан, Қырғызстан жэне Озбекстан территорияларында да орналастырылуы, Қытай мен Ресейге тиіп тұрған Қазақстан аумағына да орналастыру әрекеті Пекин тарапынан қарсылық тудырды. Ресми Пекин өзгеше елдерде американ базаларының орналасуын екзжүзді міндетті орындауға бағытталған деп қарастырды: біріншісі, Ауғанстандағы талибан режиміне қарсы, екіншісі, Қытайдың территориялық тұтастығынаа қауіп тудырушы. [1, 84б.].

Дегенмен де, Ауғанстандағы талибан режимінің талқандалуы Орталық Азиядағы әскери-саяси жағдайдың тұрақтануына алып келді. Өз кезегінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы орын алған жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстанда ұстанып, ауған мәселесін реттеуге көмектесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру қажет деп есептеді. Бұрынғысынша бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының консультациялар жүргізуші зор маңызы болар еді.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа бағыты ерекше қарқынмен дамыды. Енді оған мүше мемлекеттер тек әскери-қауіпсіздік саласында ғана емес, сондай-ақ сауда-экономикалық, байланыс, туризм, көлік секілді маңызды салаларда да көп жақты қатынастарды дамыту қажеттілігін жүрзгізу қажетігін айтты [72]. 2007 жылы 5 шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға және көп жақты құжаттарды пысықтауға арналды.

2001 жылы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшылары тұңғыш отырысы өткізілді. Онда алты тарапты үлгідегі ынтымақтастықтың басымдық берілетін салалары қаралды, осы процесті жандандыру және тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіленді Аймақтың сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға алты мемлекеттің премьер-министрлері форумының маңызды нәтижесі болды.

Осы кезде бұл халықаралық қауымдастықтың дүниеге «Еуразиялық» деңгейдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты, бейбітшілікті барлық; өркениеттер мен елдердің дамуын қамтамасыз ете алатын аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымының құрылғандығына куә болды. Бірақ, осындай жағдайға қарамастан Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерінің арасында осы бір ұйымның ұзақ мерзімде қызмет ете алатындығына қатты күмән келтірушілерде аз болмады. 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің он жылдық мерейтойына орайластырылып өткізген АӨСШК-нің кезекті саммитінде ресейлік және қытайлық, әріптестер тарапынан осындай салқын көңіл-күй байқалды.

Саммитке қатысқан Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Игорь Иванов мынадай пікір айтты: «АӨСШК мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы тұжырымдамалық, тұрғыдан бірін-бірі қайталайды. Демек, мәлімделген мақсаттарға қайшы келеді» [49, 382б.]. Қазақстан Республикасының сыртқы істер органының басшысы Қ. Тоқаев мырза саммитен кейін Пекинге сапармен барған кезде қытайлық дипломаттардың мынадай көзқарас білдіргендігін айтады: «қытайлықтар АӨСШК-ні шақырудың орындылығына

күмәндары болды. Өз іс-қимылдарын ресми Мәскеумен анық үйлестіре отырып, ресми Пекин АӨСШК Шанхай ынтымақтастық ұйымымен бәсекеге түспей ме, Қытай дипломатиясының сүйікті перзентінің әлеуетін әлсіретпей ме деген қауіптер айтты» [49, 383б.].

Алайда, мұндай пессимистік сипаттағы кері пікірлер көп уақыт өтпей- ақ, сейілді. Белгілі қытай саясаттанушысы, Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық, Азия институтының директоры Ли Цзинцзе АӨСШК мен Шанхай ынтымақтастық, ұйымының бір-бірімен үйлесетіндігін былайша дәлелдеді: «Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен АӨСШК арасында ортақ нәрсе аз емес, өйткені олар Азия аймағында қаупсіздікті қамтамасыз ету мәселелері мен айналысады, бірақ, олардың міндеттері мен ұйымдық құрылымдарында үлкен айырмашылықтар бар. Алайда, шанхайлық, «алтылық» пен АӨСШК арасында қарама-қайшылық, жоқ, қайта керісінше олар қатар жұмыс істеп, бір-бірін оңтайынан толықтырып отырады. Бірақ олардын өзара кірігуі туралы айту ерте. Менің ойымша, бірінші кезекте Шанхай ынтымақтастық ұйымын нығайту және жетілдіру қажет, өйткені оның мүшелері арасындағы қатынастар үлкен проблемалармен шиеленіспеген» [49, 396б.].

Қазақстанның осы маңызды ұйымды құрудағы және дамытудағы қомақты үлесін ескере келе сыртқы істер министрлердің 2002 жылғы қарашадағы Мәскеудегі кеңесінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық, ету міндетін 2003 жылы көктемде Қазақстан президенті Н. Назарбаевқа өтеді деп шешті [49, 395б.]. 2009 жылы Қазақстан ұйым тізгінін тағы қолға алуға дайындалуда. Қазақстан төрағалық еткен жылдар ШЫҰ тарихында әркез жаңашылдығымен, кемел инициативалармен ерекшеленеді.

Шанхай ынтымақтастық, ұйымының рөлі мен әлеуеті зор. Бұл ұйымның зор болашағы бар. Ол құрылғаннан кейін көп уақыт өтпей жатып- ақ, Пәкстан мен Үндістан секілді ірі ядролық державалардың, сонымен қатар Монғолияның ұйым қатарына мүше болуға ұмтылулары осының дәлелі.

2 Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы

 

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылған уақыттан бастап аймақтық, деңгейдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуші ұйым ретінде халқаралық сахнада үлкен беделге ие болды. Дегенмен бұл ұйымның құрылуы ғаламдык, сипаттағы түбірлі өзгерістерге тұспа-тұс келді. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы негізгі мына проблемалармен бетпе-бет келіп отыр:

- ұйымға мүше мемлекеттің әрқайсысы езше аса перспективи деп санауга мүмкіндік беретін Шанхай ынтымақтастық, ұйымының мақсатының айқын болмауы нәтижесінде ол саяси жағдайдағы күрт өзгерістерге дер кезінде ықпал ете алмайды;

- Шанхай ынтымақтастық ұйымының институтцио-нализациялануының одан жалғасуы және ұйымға мүше-мемлекеттердің санының артуы мәселесі;

- АҚШ бастаған батыстың халықаралық терроризмге қарсы күресуі және әлемдік демократизациялануы процесі негізінде АҚШ-тың Орталық; Азиядағы позициясының күшеюі;

- Посткенестік кеңістіктегі түрлі-түсті революциялардың орын алуы.

Жаңа ұйымның кызметінің жандануы және оның аясындағы әртүрлі органдардың құрылуы, сондай-ақ өзге де халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер тарапынан баға алуы о бастан-ақ, басталған занды процесс болды.

Ресей Федерациясының солтүстік астанасы Санкт-Петербургта 2002 жылдың 7-8 маусымында өткен Шанхай ынтымақтастыгы ұйымының кезекті саммиті өзінің маңыздылығымен көзге түсті. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше алты мемлекеттің басшылары Санкт-Петербургте ұйымның қызметін жандандыруға және өзара іс-қимылдың аясын кеңейтуге қатысты мәселелерді тар шеңберде талқылауға мүмкіндік алды. Осы заманғы халықаралық, ахуалдың өзекті проблемалары төңрегінде нақты пікірлер алмасылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелерімен қатар, экономикалық ынтымақтастықтың, транзиттік-көліктік ауқымды тиімді түрде іске қосудың перспективаларына мұқият көңіл бөлу форумның ерекше сипатына айналды, бұл жерде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттерінің басым бөлігінің ашық теңізге шығатын жолы жоқ, екендігін ескерді. Осындай жоспарларды нақтылау үшін ұзақ елшщ президенті Н.Ә. Назарбаев сауда-экономикалық, ынтымақтастықтын ттстч багдарламасын әзірлеу туралы ұсыныс жасады.

Саммиттің қорытындысы бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай және Өзбекстанның мемлекет басшылары басты үш құжатқа қол қойды. Олар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Хартиясы, аймақтағы терроризмге қарсы құрылым тұралы келісім және Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшыларының декларациясы. Алғашкы құжат өзінің маңыздылығымен ерекше көзге түседі, себебі ол ұйым қызметінің стратегиялық, багыттары мен міндеттерін, принциптерін, позициясын анықтайтын басты құжат немесе жарғы. Осы құжатты қабылдамас бұрын сараптау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, соның нәтижесінде ұйым оның өзіне тән халықаралық форумның мәртебесін алды. Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей ынтымақтастық үшін ашық ұйым ретінде Хартияда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысудың негіздері нақты анықталды. Сонымен қатар бұл ұйымның беделін асқақтату үшін және ашық, диалог жүргізу үшін кең мүмкіндіктер ашады.

Жоғары деңгейде өткен Санкт-Петербург форумынан кейін Қазақстанның мемлекетік қайраткері Қ.Тоқаев былай деп пікір білдірді «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттердің мәселелердің кең ауқымы бойынша ынтымақтастығын қамтамасыз етуге багытталған толыққанды халықаралық ұйым ретінде өмірге келді» деп нық сенімммен айтуға болады [48, 389б.].

Форумның қорытындылары халықаралық қауымдастықтың басқа да мүшелері тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Азия құрлығындағы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарда елеулі, әрі маңызды фактор ретінде танылды. Осы айтылғандар ынтымақтастық, пен маңызды міндеттерін шешуде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттері жұмсап жатқан күш-жігерінің нәтижелі, әрі жемісті болуы үлкен үміт тудырады.

Ұйымның аясында қажетті саяси органдар құрылды. 2004 жылы Пекинде ұйымның Секретариаты кұрылды. Сондай-ақ Ташкентте Аймақтық антитеррористік құрылымның атқарушы комитеті құрылды. Сонымен қатар саяси сипаттағы мемлекет басшыларының кеңесі, экономикалық сипаттағы үкімет басшыларының кеңесі секілді үйлестіруші органдардың қызметі өте нәтижелі.

Ұйымның жұмысшы құрылымдарының айналысатын мәселелерінің аясы уақыт өткен сайын кеңею үстінде. Мүше-мемлекеттердің табиғатты қорғау органдары басшылары, жоғарғы сот төрағалары арасындағы, парламенттік форум секілді кездесулерді ұйымдастыру туралы ұсыныстардың жасалуы осыған мысал бола алады. Сондай-ақ білім-ғылым, мәдениет және спорт салаларында ынтымақтастық, айрықша қарқынмен өркендеу үстінде. Осының негізінде іскерлік кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының форумы секілді прогрессивті тенденциялар байқалуда.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы қазіргі танда тек кұрлықта ғана емес, сонымен бірге халықаралық, масштабта жалпы танылған беделді ұйымға айналды. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бакылаушы статусын алды. Сондай-ақ БҰҰ-ның бірқатар органдарымен ынтымақтастығы мен байланыстары кеңейе түсуде. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясымен (АСЕАН) өзара байланыс туралы құжатқа қол қойды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы ТМД кеңістігіндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісіммен де тығыз қарым-қатынастар орнатты. Сонымен қатар әртүрлі елдер тарапынан ұйымның жұмысын бақылау ниетіндегі ұсыныстар келді.

Ұйым қызметінің осындай прогрессивті сипат алуы Орталық Азия аймағындағы американдық әскери-саяси позицияның күшеюімен тұспа-тұс келді. АҚШ президенті Джордж Буштың әкімшілігі аймақта қоршаган орта, көлік, су ресурстарын пайдалану, терроризммен күрес, жаппай қыру қаруларын таралуына қарсы күресу облыстарында интеграцияның жүруіне мүдделі екендігін ашық білдіргенімен, көптеген американдық мамандардың пікірінше АҚШ Шанхай ынтымақтастық ұйымына күдікпен қарайды [34, 22б.].

Көптеген сарапшылардың пайымдауынша Кеңес Одағының ыдырауынан бастап 2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасына дейін АҚШ Орталық Азияға аса көңіл бөлмей, тек қажеті сәттерде ғана көңіл аударып отырды. Бұл пиар кебше объетивтікке сай келеді. Посткеңестік кеңістікте АҚШ ең бірінші жаппай қыру қаруларының таралмауына жол бермеуге көңіл аударды, екіншіден, Орталық Азия мен Каспий өңірінің энергоресурстарын игеруге деген мүдде арта түсті, үшіншіден, аймақтағы жаңа тәуелсіз елдермен қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастықты дамыту әсіресе Солтүстік Альянстың (НАТО) «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы шенберінде айқын көрінді, бірақ бұл ынтымақтастық, аса нәтижелі болған жоқ, төртіншіден, АҚШ посткеңестік кеңістіктегі елдердің батыс үлгісінде демократиялануына, онда ашық және азаматтық қоғамның құрылуына, құқықтық, мемлекеттің қалыптасуына аса мүдделік танытып келеді. 2001 жылгы 11-қыркүйек оқиғасы АҚШ-тың Орталық Азиядағы позициясының одан әрі күшеюіне жол ашты.

Осы оқиғадан кейін АҚШ халыықаралық терроризммен және діни экстремизммен күресуді өзінің стратегиялық мақсаты ретінде жария етті. Терроризм мен экстремизімнің басты ошағы деп танылған Ауғанстандағы талибан режимі АҚШ бастаған антитеррорлық коалицияның қуатты әскери қысымымен құлады. Ауғанстандағы талибан режимі мен радикалды ислам Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне және территориялық, тұтастығына зор қауіп төндіруі басты фактор болды. Осыған орай аймактың бірқатар елдері АҚШ-тың әскери базаларының өз территорияларына орналасуына рұқсат берді. АҚШ-тың тек Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар бүкіл посткеңестік кеңістіктегі саяси позициясының күшеюіне мұндағы түрлі-түсті революциялардың орын алуы айрықша әсер етті. Батыс пен АҚШ-тың тікелей қаржы-технологиялық, көммегімен 2003 жылы Грузияда 2005 жылы Украина мен Қырғызстанда түрлі-түсті революциялар болып өтіп, ондағы дәстүрлі авторитарлы режимдер алмасты. Бұл әсіресе Орталық Азиядағы «Шанхай ынтымақтастық, ұйымының» белді мүшесі болып табылатын Қырғызстанда орын алуы ерекше жағдай еді.

АҚШ-тың Орталық Азияда позициясының күшеюі үш ұлы держава арасында геосаяси ойындар мен бәсекелестіктің басталуына жол ашты. Мұндағы ен басты мәселелердің қатарына: біріншіден, Орталық Азия мен Каспий өңірінің энергоресурстары үш Вашингтон – Мәскеу – Пекин арасындағы бәсекелестік, екіншіден аймақтағы әскери – саяси бәсекелестік ерекше көрініс алды. Фудан университетінің Ресей мен Орталық Азияны ғылыми зерттеу орталығының директоры Чжао Хуашен «АҚШ – тың Орталық Азиядағы әскери позициясының ұзақ сақталуы аймақтық Қытайдың стратегиялық тылынан стратегиялық майданына алуы мүмкін» деп АҚШ – тың аймақтағы әскери позициясының ұзақ мерзім сақталуына теріс баға берді. [37, 42б.]. Яғни оның тұжырымына көңіл аударсақ онда Қытайдың батысында «екінші Тайвань» пайда болады деген сөз. Қытай Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы американдық факторға үлкен көңіл аударады. Қытайлық сарапшылар мен саясаткерлер Шанхай ынтымақтастық ұйымы жүзеге асыра алмаған міндетті АҚШ орындап бергендігін мойындады. АҚШ-тың Ауғанстандағы талибан режимін жоюы іс жүзінде Орталық Азияның қауіпсіздігін біршама қамтамасыз етілуіне алып келді. Американ ғалымы Фиона Хиллдің пікірінше, «тіпті Шанхай ынтымақтастық ұйымының өзі АҚШ-тың қауіпсіздікті қамтамасыз етуі мен аймақта тұрақтылық орнатуына мүдделі» [35, 65б.].

Қытай сарапшылары АҚШ тың аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалай келе, дегенмен мұндай жағдайдың ары қарай жалғаса түсуі Қытай үшін негативті болуы ықтимал деген пікірлерді білдірді. Чжао Хуашен бұл негативті өзгерістерді былайша топтайды.

-«АҚШ тың орталық Азиядағы ұзақ мерзімді әскери позициясы ондағы Қытайдың ықпалының әлсіретіп қана қоймайды, сонымен қатар оның ұлттық қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді»;

-Халықаралық терроризммен күресу барысындағы АҚШ-тың жүргізіп отырған екі жүзді саясаты Қытайдың Шығыс Түркістан ұйғыр ислам қозғалысымен күресуде позитивті емес, негативті рөл ойнайды және де сепаратистермен күресуде үлкен кедергілер келтіретін болады;

-Орталық Азиядағы АҚШ тың орнығуы тек әскери ғана емес, сонымен қатар саяси және экономикалық факторларға толы. Егер АҚШ өзінің ықпалын пайдалана отырып аймақтағы мемлекеттерде билік басына проамерикандық пиғылдағы топтарды әкелуге қол жеткізсе, онда Қытай мен Орталық Азия елдері арасында үлкен түсінбеушіліктер орын алатын болады; [68, 164-165].

-Қазақстан Қытай мұнай құбырының салынуы Орталық Азия ең негізгі энергоресурстарды импортттаушы аймаққа айналады. Мұның өзі Қытайға тартылған алғашқы шетелдік мұнай құбыры болмақ. Өмірлік маңызы бар шикізат көздері мен энергоресурстарға өте бай Орталық Азия аумағында американдық әскери базалардың орналасуы Қытайды қатты толғандырады. [37, 44-45бб.].

Сонымен қатар Қытайдың пікірінше АҚШ-тың әскери базаларының бұдан әрі аймақта қала беретін болса, онда Орталық Азиядағы саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтыратын ұлы державалар арасындағы қайшылықтарды тудырады. Аймақтағы АҚШ тың әскери саладағы бәсекелестікті тудырады. Осылайша Орталық Азия милитаристік сипаттағы айналары хақ. Ал ол өз кезегінде аймақтағы елдердің ұлттық мүдделеріне қайшы келе отырып, аймақтағы қауіпсіздікке зор нұқсан келтіреді. Талибан режимін жойғаннан кейін Орталық Азия үшін іс жүзінде АҚШ-тың көмегі қажет болмай қалды[37, 45б.].

Қазақстан зерттеушісі Ә. Каукеновтың пайымдауынша Қытайдың тылы болып саналатын Орталық Азияда АҚШ тың мықтап орнығуын Пекин мемлекеттік қауіпсіздікке айтарлықтай нұқсан келтіру деп есептейді. Алайда Қытайда аймақтағы елдердің АҚШ пен және НАТО ға мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты тереңдетуіне тосқауыл қоятын мүмкіндіктер жоқ. Осындай жағдайда Қытайдың басты міндеті Орталық Азия елдерін американ қытай қайшылықтарының аясына тартылуына жол бермеу, олардың антиқытайлық коалицияға қатыспауына тосқауыл қою болып отыр[7, 43б.].

Осындай күмәнді пікірлер мен тұжырымдарға қарамастан Орталық Азиядағы АҚШ тың әскери орналасуының қажеттілігі уақыт талабына сай туындады деп атап өтсек болады. Колумбия университетінің профессоры, американ ғалымы Роберт Легволдтың пайымдауынша ғаламдық терроризммен күрес жүргізу стратегиясы Вашингтон мен Пекиннің, сондай ақ Мәскеудің өзара жақындасуына ерекшк ықпал етті және де бірқатар проблемалардың жұмсаруына алып келді. Буш әкімшілігінің Шығыс Түркістан Ислам қозғалысын террористік ұйымдар қатарына тіркеуі осы тенденцияның ең көрнекті мысалы болды. Сонымен қатар Легволд үш держава арасындағы үш жақты байланыстарды жүзеге асыру үшін дамыту үшін НАТО мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасында ресми диалогты жүргізу қажеттігін де атап өтті[7, 43б.].

Посткеңестік кеңістіктегі түрлі түсті революциялар Ресей мен Қытайдың стратегиялық мүдделеріне қатты соққы болып тиді. Грузия мен Украинадағы түрлі түсті революция нәтижесінде билік басына келген жаңа саяси элита бірден проамерикандық немесе пробатыстық позицияны мықтап ұстанып, Ресейден анағұрлым алшақтады. Шығыс Еуропа мен оңтүстік Кавказдағы өзінің позициясын әлсіретіп алған Ресей жоғалтқан позицияны Орталық Азия үлесінен толтыруға ұмтылып, аймақтағы елдерде саяси экономикалық ықпалын күшейте түсті. Посткеңестік кеңістіктегі түрлі түсті революциялар Орталық Азияда да орын алуынан Қытай тарапы қатты сескенді. Қытай Орталық Азия елдері осы процестің нәтижесінде Украина мен Грузия секілді батысқа арқа сүйеп, өзінің геосаяси мүдделеріне қауіп төне ме деп те қорқады. Сонымен қатар аймақтағы Ресейдің ықпалының аса күшеюіне жол бергісі келмейді.

Дегенмен Қырғызстандағы түрлі түсті революция елдегі саяси элитаның ауысуына ықпал еткенімен, билік басына келген революционерлер сыртқы саясатта дәстүрлі бағыттан ауытқымады. Әндіжан оқиғасынан кейін батыстың қыспағына ұшыраған Өзбекстан Ресей мен Қытай тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

2005 жылы ШЫҰ-ның Қазақстанда өткен кезекті жоғарғы деңгейдегі кездесуде ұйымға мүше мемлекеттер енді Орталық Азия АҚШ тың әскери көмегін қажетсінбейді, сондықтан аймақтан әскерлерін шығаруды талап етілген арнайы қарар қабылдады. Осындай жағдайға қарамастан әлі күнге дейін АҚШ өзінің әскери базаларын Орталық Азияда сақтап отыр. Өзбекстан басшылығы ресми түрде АҚШ-тан өзбек жеріндегі американ әскерлерін шығаруды талап етті [70, 289б.]. Ал Қырғызстандағы Манас әуежайы әлі күнге дейін АҚШ-тың қолында болса, Тәжікстанда да батыстың әскерлері мықтап орныққан. Осыған орай Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер, әсіресе Ресей мен Қытай тарапы аймақтағы АҚШ-тың мүддесімен санасуға мәжбүр болып отыр [69, 237б.]. К. Сыроежкиннің пікірінше ШЫҰ мен АҚШ, ШЫҰ мен НАТО арасындағы сұхбат көптеген түйткілдерді шешуге түрткі болады [71, 280б.].

Осындай жағдайларға қарамастан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделінің артуы оның қатарына басқа да мемлекеттердің енуіне ниет білдіруі бірден бір дәлел. Шанхай ынтымақтастық ұйымына белгілі бір форматта қосылуға Үндістан, Пәкістан, Иран, Монғолия, Оңтүстік Корея, Түркіменстан, Ауғанстан тіпті АҚШ та ниет білдірді. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі ШЫҰ-ның беделі мен рөлі біршама жоғары екендігін осы фактілер көрсетіп тұр. ШЫҰ қырғи-қабақ соғысынан кейін халықаралық сахнада пайда болған ең қуатты, ең ауқымды ұжымдық қауіпсіздік жүйе. Әрі ол экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуші бірден бір ұйым екендігіне әлемдік қауымдастық куә болды.

 

2. 2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде.

 

Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері іс жүзінде барлық халықаралық және аймақтық деңгейдегі әртүлі ұйымдарға мүше болды. Бұл жағдай оның сыртқы саясатындағы көпвекторлы бағытты ұстанатындығымен түсіндіруге болады. Ал Қазақстанның алдымен Шанхай бестігінің, кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында қызмет етуі оның Еуразиялық кеңістіктегі өркениеттер мен мемлекеттер арасындағы диалогты қамтамасыз етудегі, сондай ақ құрлықтағы жаңа қауіпсіздік жүйесі мен тұрақтылықты қалыптастырудағы аса зор ұмтылыстарымен түсіндіруге болады. Қазақстандағы мұндай ұмтылыстары жаһандану процесінің шапшаң дамуымен, сонымен бірге интеграция үрдістерінің жиелеуімен де тығыз байланысты. [76, 89б.].

ШЫҰ-ның құрамындағы қалған бес елдің төртеуі Қазақстанмен дәстүрлі байланыстары бар. Қазақстанды Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыстанмен патшалы Ресейдің отаршылдығы, Кеңес одағы және де орыс тілі, басқа да тарихи психологиялық факторлар байланыстырып отыр. Ал, халқы 1,5 млрд тан асатын экономикалық дамуы өте шапшаң Қытаймен жан жақты байланыстарға түсу жаһандану кезеңінің талаптарының бірі. Қазіргі кезеңде, әлемде ешбір мемлекет саяси экономикалық жағынан жеке дара дамуы мүмкін емес, өзінің ұлттық қауіпсіздігін өзі ғана қамтамасыз етуі де екіталай. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия секілді әлемнің ең қуатты державалары да аймақтық және ғаламдық масштабта саяси, әскери, экономикалық интеграцияны дамытуға аса мүдделі болып отыр.

Жоғарыда айтылған факторларды ескере отырып бір жағынан ШЫҰ ның қызметін тек фикция ретінде қарастыруға болады. Бірақ, екінші жағынан көптеген отандық мамандар Қазақстанның ШЫҰ ның қызметіне қатысуын ұлттық мүдделерге толық жауап береді деген пікірді ұстанады [7, 25б.].

Қазақстанның ШЫҰ-ның қызметіне қатысуының позитивтілігін бірнеше фактор негізінде дәлелдеуге болады.

Біріншіден, Қазақстанның Ресей мен Қытай арасында геосаяси орналасуы оның ұлттық қауіпсіздігі үшін және мемлекеттік шекара мәселесі шешуде өте тиімді. Қазақстан Ресей, Қазақстан Қытай мемлекеттік шекараларының анықталуы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатудағы маңызды қадам болды.

Екіншіден, діни экстремизммен, терроризммен күрес мәселесін ескеру Орталық Азия елдері үшін маңызды. Өйткені Ауғаныстандағы саяси дағдарыс пен тұрақсыздық, Орталық Азия елдеріндегі радикалды діни қозғалыстардың, ұйымдардың қызметінің шапшаң артуы Қазақстанның қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіруде.

Осыған орай ШЫҰ-ның шеңберінде ынтымақтастықты дамыту және нығайту өте перспективті болады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан үшін ШЫҰ-на қатысу аймақтық қауіп қатерлерге қарсы күресуде Ресей мен Қытайдың ресурстарын тартуға зор мүмкіндіктер тудырады. Терроризм және экстремизммен күресу стратегиясы Орталық Азия елдері арасындағы қарама қайшылықтарды шешуге немесе бәсеңдетуге ықпалын тигізуі әбден мүмкін. Үшіншіден, Қазақстанның ШЫҰ-на қатысуы оған Орталық Азияда мүдделері тоғысқан Ресей мен Қытай арасында саяси тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар саяси экономикалық мүмкіндіктері жағынан әлсіз Орталық Азия елдері қуатты державалармен ынтымақтастыққа түсу олардың әлемдегі беделі мен позициясын нығайта түседі. Өйткені Ресей мен Қытай БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады.

Төртіншіден, ШЫҰ-на қатысу әлеуметтік экономикалық жағынан көпжақты ынтымақтастық орта мерзімдік жетістіктерге қол жеткізуге жол ашады. Қытайдың қуатты экономикалық потенциалы мен инвестиция құю мүмкіндіктері өзге аймақтық бірлестіктермен ынтымақтастыққа түскеннен гөрі ШЫҰ- на қатысуға жол ашады. Орталық Азияның жас тәуелсіз елдерінің экономикасы үшін Қытайдың экономикалық реформалары баға жетпес үлгі болады.

Салық жүйесінің жұмсақтығы мен льготтылығы, ашық экономикалық аймақтардың құрылуы, парақорлықты қатаң әдістермен алдын алу елге мол инвестицияның құюлуына серпіліс береді. Қытайдағы реформалардың ғаламат жетістіктері мен экономиканың қарқынды дамуы Қытайдың орасан зор күшті екендігін көрсетеді. Әлемдегі экономикалық дамуы жағынан ең озық елмен ынтымақтасу Қазақстанның экономикалық жағынан өркендеуіне алып келетіндігі сөзсіз. Бұл мәселе өте перспективті болып табылады. Себебі Қытай өзінің орта мерзімді стратегиясы ретінде елдің орталық және батыс өңірлерін дамытуды таңдады. Осы бағытта бүгіннің өзінде өте қомақты табыстарға қол жеткізді.

Қытайдың батыс өңірлерді аса шапшаңдықпен игеру оның Орталық Азиядағы саяси экономикалық позициясының нығая түсуіне зор мүмкіндік береді.

Ұйымға мүше Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін транспорттық коммуникациялар сферасында ынтымақтастықты дамыту да өте тиімді. АСЕАН мен Еуропаны байланыстырып тұратын әуе, темір, тас, өзен жолдарын салу Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына зор мүмкіндіктер береді. Әйгілі Жібек жолының орнына трансқұрлықтық коммуникацияларды құру Қазақстан мен аймақтың өзге елдерінің энергетикалық ресурстары мен шикізаттарын игеруге аса ұмтылыс жасап отырған Қытай үшін өте тиімді болмақ [73, 248-249б.].

ШЫҰ-на қатысу тек сауда және байланыстар саласынд а ынтымақтастықты дамытуға жол ашып қоймайды, сонымен қатар шекара аумағындағы экологиялық проблемаларды, трансшекаралық өзендер мәселелерін, миграция, диаспора мәселелерін рационалды түрде шешуге ықпал етеді. Бірақ Қазақстанның ШЫҰ аясында Қытаймен байланыстарды, әсіресе экономикалық қатынастарды дамыту бірқатар кері факторлар тарапынан күрделене түседі.

Екі жақты сауда саттық байланыстар саласы бойынша:

-стихиялық элементтердің көптігіне және дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты саду саттық қарым қатынастарының тұрақсыздығы;

-екі жақты сауда саттық қарым қатынастардан Қазақстанның көп пайда табуы қытай тарапынан назарлық тудырады;

-Қазақстан нарығының қытай тауарларының сапасыздығы;

-әріптестің экономикалық қуаты мен мүмкіндіктерін аз білу, ақпараттық алмасудың әлсіздігі;

-Валюталық қаржы саласында;

-өзара есептесу жүйесінің жетілдірілмеуі

-банктер арасындағы өзара тиімді байланыстар жүйесінің дамымауы

Инвестициялық өндірістік ынтымақтастық саласында

-ТЭК саласында ауқымды бірлескен жобалардыжүзеге асыру жолында туындайтын объективті және субъективті сипатттағы үлкен ұйымдастырушылық қиындықтары. Шекара маңындағы сауда саттық саласы бойынша Қазақстан жағы үшін шекара маңындағы сауда саттықтың тиімсіз, әрі қолайсыз қүрылымының орын алуы, оның ұйымдастырушылық деңгейінің әлсіздігі, әріптестің мүмкіндіктерін білмеу, экономикалық дауларды шешудегі және есеп айырысудағы механизмдердің тиімсіздігі

-өте арзан қытай тауарларын енгізу Қазақстанның ауылшаруашылық және өнеркәсіптік базасына зор нұқсан келтіреді;

Қазақстан жағы үшін де, Қытай жағы үшін де қылмыстың қолайлы ортасының қалыптасуы негізінен шекара маңындағы сауда саттықтағы проблемалардың көптігімен түсіндіріледі.

Екі жақты экономикалық қарым-қатынастардың проблемалары көп жағдайда объективті сипатта болып келеді. Олардың орын алуын екі елдің басшылығы да және осы проблемаларды шешу үшін шараларды қабылдайтын сәйкес ведомствалар да жетік біледі. ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық мүдделеріне жауап береді. Қазақстан үшін ынтымақтастықтың аса басымдық салалары қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық мәселелері болып есептелінеді. Ұйымға мүше болу біздің республика үшін геостратегиялық жағынан да маңызды. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі арта түсуде. ШЫҰ аясында барлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту, кеңейту Қазақстан үшін орта мерзімді келешекте ең маңызды міндеттердің бірінен саналады. Ауғанстандағы талибан режимінің құлауы Орталық Азиядағы әскери саяси жағдайдың тұрақтануына алып келді. Осы жағдайда бастапқы кезде басты мақсаты шекара маңындағы аудандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризм, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм секілді зұлымдық күштеріне қарсы бірігіп күресу болса, осыдан кейін ұйымға мүше мемлекетер басты назарды сауда экономикалық ынтымақтастыққа аудара бастады.

Бұл ұйым құрылмай жатып ақ экономикалық байланыстардың іргесі қаланған болатын. 1998 жылдың 3 шілдесінде Алматыда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары аймақтағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі принциптерін дайындау мақсатында жиналды:

-халықаралық тәжірибеде қабылданған сауда шарттарын өзара тиімді сауда байланыстарын қолдану

-әр түрлі аймақаралық және шекара маңындағы сауда экономикалық ынтымақтвстықты қолдау және нығайту, сондай ақ бес елдің компаниялары мен ірі кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту

-әрбір бес мемлекеттегі инвестиция салу жағдайын жетілдіру және олардың территориясындағы экономикалық жобаларды жүзеге асыруда инвестицияларды тарту жағдайын қалыптастыру[45, 18б.].

2000 жылы бестіктің Душанбе саммитінде сауда экономикалық әріптестікті дамыту шеңберінде өз елдеріндегі іскерлік атмосферасы мен инвестициялық климатты жетілдіру мәселеріне, бестік елдерінің азаматтарына және кәсіпорындарына қолайлы шаруашылық жүргізуге қажетті жағдайлар жасау мәселелеріне, ынтымақтастықты дамыту процесінде туындайтын дауларды шешу мәселесіне ерекше көңіл аударады. Сонымен қатар қытайлық тарап Ресей мен Орталық Азия елдерінің Қытайдың батыс аудандарын игеруге тартылуға ұмтылыс жасады.

2001 жылы 14 қыркүйекте ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары аймақтағы экономикалық ынтымақтастықтың төмендегі мақсаттары көрсетілді:

- Қатысушы мемлекеттердің өз экономикасының қарқынды дамуына ықпал ететін жалпы экономикалық дамуға байланысты өзара толықтыруларын айқындау

- Сауда мен инвестицияның ауқымын кеңейту

- Бірлескен өндіріс орындарын және шаруашылық субъектілеріндегі сауда экономикалық қатынастарын дамытуға жағдай жасау

- Сауда мен инвестициялық ахуалды жеделдету, сауда мен капиталды, қызмет түрлері мен технологияның еркін алмасу жағдайларына мүмкіндік беру

- Сыртқы экономикалық қатынастарды реттейтін ұлттық заңдарды үйлестіру

- Осы ұйымға қатысушы мемлекеттердің әкімшілік территориялық бірліктері арасындағы әр түрлі салалар бойынша қатынастарды дамыту және нығайту

- Коммуникация және көлік салаларындағы қолда бар инфрақұрылымды ұтымды пайдалану, транзиттік потенциалды ары қарай дамыту

- Қызмет көрсетумен алмасу салаларындағы ынтымақтастықты нығайту

- Табиғат байлықтарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, бірлескен экологиялық жобаларды жүзеге асыру

- Аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамыту механизмдерін жасау және дамыту[46, 60б.].

Сонымен қатар жоғарыда айтылған шарттарды ескере келіп, сауда мен инвестиция үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру осы салалардағы кедергілерді кезең кезеңімен жою арқылы жүзеге асыру көзделді. Әрі тауарлар мен жолаушыларды, сонымен қатар транзитті тасымалдауды жүзеге асырудың құқықтық экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын қамтамасыз ету де қарастырылды[46, 61б.].

Екі және көп жақты, сонымен қатар аймақтық негіздегі экономикалық, сауда, экологиялық, инфрақұрылымдық, көлік және коммуникация жобаларын жүзеге асырудың көптеген мәселелері 2004 жылы 17-маусымда ШЫҰ- ның Ташкент саммитінде талқыланды. Осы саммитте сөз сөйлеген ҚХР ның төрағасы Ху Цзиньтао «Қытай үкіметінің ШЫҰ шеңберінде экономикалық қатынастарды дамытуға 900 миллион доллар қаржы бөлетінін» мәлімдеді[1, 80б.].

ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің экономика саласында өзара байланыстарды дамыту жақсарту үшін инвестицияларды тарту мақсатында тауар айналымын іс жүзінде арттырудың мәселелері 2004 жылғы 23-қыркүйекте Бішкекте өткен осы ұйымның мүше мемлекеттерінің үкімет басшыларының мәжілісінде қарастырды [75, 56б.].

Әсіресе, бірлескен жобаларды қаржыландыру мақсатында ШЫҰ-ның арнайы даму қорын құру мүмкіндігі өткір талқыланды. Үкіметтердің басшылары сауда мен инвестиция салаларында тарифтік емес кедергілерді ақырындап жою туралы, стандарттау және тауарларды бағалау саласында ынтымақтастыққа қол жеткізу туралы өзара келісімге келді.

ШЫҰ аясында сауда экономикалық ынтымақтастыққа қатысты Қазақстанның позициясы осы ұйымның барлыұ мүше мемлекеттермен экономикалық байланыстарды тереңдету және дамыту болды. Мәліметтерге сүйенсек, 2004 жылдың бірінші жартысында ШЫҰ мемлекеттерімен тауар айналымының көлемі 60,2 миллиард долларды құраған. Мұның өзі 2003 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 67,8 пайызға артқан[1, 81б.].

Енді ШЫҰ шеңберінде Қазақстанның көздеген тікелей жобаларына келсек, қазіргі таңда Қазақстан келесі жобаларды шапшаң түрде жүзеге асырудың бастамасын қолға алып отыр. Демек бүл жобалар өте маңызды бірқатар салсларды қамтымақ. Атасу Алашаңқай мұнай құбырларын жүргізу, мұнайды Омбы Павлодар Шымкент мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды қайта қалпына келтіру, Орта Азиялық және Ресейлік газды тасымалдау саласында ынтымақтастық орнату Қытайға газ жеткізуді ұйымдастыру, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында бірлескен өндіріс орындарын құру тәрізді маңызды жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

ШЫҰ аясында Қытаймен осы ұйымның мүше мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның да екі жақты ынтымақтастықты ары қарай жетілдіруі жалғасып келеді. Саяси салада Қытаймен байланыстарды дамыту Қазақстан үшін несімен үшін мынадай маңызды деген сауалдың тууы әбден мүмкін. Мұның өзіндік себептері де бар. Өйткені бұл Қазақстанның мүддесі үшін мынадай себептерге байланысты

-Терроризммен, экстремизммен, сепаратизммен, және нашаның таралуымен күрес жүргізудің қажеттігі

-Шекара маңындағы аудандардағы өзара сенімділік режимін тұрақты түрде ұстап тұру

-әскери техникалық салалардағы ынтымақтастық

-полигондарда ядролық қаруларды сынауды Қытай тарапының мораториді жүзеге ассыруға қолдау көрсету

-Шыңжаң өлкесіндегі қазақ диаспорасының мәселесі

-Қазақстан мүнайын экспорттау

-Екі елдің темір жол мүмкіндіктерін пайдалана отырып, еуро азиялық көлік коридорын қалыптастыру

-Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерін өткізу рыногын қалыптастыру.

-Алматы облысы мен Шыңжаң өлкесі арасындағы шекара маңындағы сауда экономикалық ынтымақтастықты кеңейту

-Қытайдан бастау алатын трансшекаралық өзендер мәселесін реттеу

Қорытындылай келе, халықаралық терроризммен ғаламдық деңгейде күресу жағдайында тұрған әлемдік қауымдастық бірте бірте ұлы державалар арасындағы қатынастардың шиеленісуінің жаңа арнасына тартылуда.

ШЫҰ көпполярлы әлемде өмір сүргісі келетін көптеген Шығыс елдері үшін тартымды ұйым болып отыр. Ұйымның тартымдылығы мен аса жоғары деңгейде қызығушылық туғызып отырған себебі Оны басты себебі Қытай мен Ресей секілді алып елдердің ресурстары мен Орталық Азия мемлекеттерінің(Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, және Қырғызстан) потенциалына келіп тіреледі. ШЫҰ-ның әлемдік рейтингі жыл өткен сайын күшейіп келеді, қазірдің өзінде оннан астам мемлекеттер ұйым қатарына қосылуға өтініш беріп отыр. Беделді халықаралық ұйымдар ШЫҰ-мен әріптестікті жолға қоюда, бұл тізімде жыл сайын артып келеді. 2006 жылдың 15-17 маусымында Шанхай қаласында өткен ұйымның мерейтойлық саммитінде ШЫҰ-ның ары қарай кеңеюіне мораторий жарияланды. Бұл жайт ШЫҰ-ның тұйықталуын емес, керісінше аз ғана мерзім ішінде құрылған және шапшаң дамудағы ішкі процесті саяси және идеологиялық тұрғыда бір қорытып алу екендігі аңғарылады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің қалыптасу жолында екі негізгі кезеңне өтті. Біріншісі- 1996-2004 жылдар аралығындағы аймақтық(Орталық Азиялық) белсенділік кезеңі. Ол кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымын Батыс салмақты ұйым ретінде қабылдай қойған жоқ. Екіншісі- еуразия континенті ауқымындағы белсенділік кезеңі (2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін). ШЫҰ барған сайын аймақтық аясынан шығып жаһандық процестерге кіру үстінде. ШЫҰ-ның кеңеюінің жаһандық сипатқа ие болуының бір себебі АҚШ пен оның одақтастарының үстемдігін саяси тұрғыда тежеуге барып тіреледі.

ШЫҰ экономикалық-интеграциялық әріптестікпен бірге гуманитарлық саланы басты бағыттың бірі ретінде айқындады. ШЫҰ аясында құрылған ШЫҰ форумы осының айғағы. «ШЫҰ гармонизациясы» Шанхай (2006) мен Бішкекте (2007) өткен соңғы саммиттерде толық қолдауға ие болған жақсы ойластырылған, ұзақ мерзімді саясат.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің даму үрдісінің қатар жүруіне назар аударуда. Осы тұрғыда, Қазақстан, Ресей Қытай мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы соңғы кездері тіпті нашарлап қалған Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен сауда және инвестициялық әріптестікті дамытуы маңызды

Осылайша, интеграциялық, сауда-экономикалық, инвестициялық, антитеррористік, энергетикалық, геосаяси, транспорттық және гуманитарлық салалардағы мүдделер Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің басым бағыттары болып қалып бермек. Ұйымның кеңеюіне жарияланған мораторийдің алынып тасталуын мамандар жоққа шығарып отырған жоқ. Ауғанстан, Моңғолия елдерінің ұйым құрамына өту мүмкіндігі ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің мүдделерімен қабысып жатқаны айқын. Сонымен қатар, ШЫҰ жетекшілігі Пәкістан мен Иранның Орталық Азия аймағының экономикалық дамуына позитивті ықпалының өсіп келе жатқанын да атап көрсетуде.

Қорыта келе, Шанхай ынтымақтастық ұйымы жобасы- оның барлық қатысушыларының (ірі, орташа, шағын мемлекеттер) мүдделерін ескеретін, қазіргі кездегі геосаясатта көпполярлы әлемді қалыптастыру процесінің маңызды бір бөлігі болып табылады деп сеніммен тұжырымдауымызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, қырғи-қабақ соғыс аяқталғалғаннан кейінгі халықаралық қатынастар мен әлемдік саяси процестердегі жаңа тәртіп пен көп полярлық жүйені қалыптастыруда Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізін салушы мемлекеттердің әрқайсысы осы қадамға барғанда негізінен өздерінің ішкі саяси жағдайын ескерді. Сондықтан бұл ұйым оған мүше - мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне толықтай жауап береді.

Қазақстан-Қытай, Ресей-Қытай шекаралық проблемалары мен шекара маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешуге деген ерік- жігердің туындаған бұл ұйым қазіргі таңда тек әскери –қауіпсіздік саласында ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық, мәдени –рухани, экологиялық,ғылым -білім, технология, тронспорт және коммуникация секілді стратегиялық маңызы бар облыстарда ынтымақтастықтың дамуын жеделдету үстінде. Яғни, бастапқы кезде әскери негізде құрылған ұйым, уақыт өте келе универсалды сипаттағы ұйымға айналды.

Дегенмен, социалистік дүние ыдырап Кеңес одағы тарих сахнасынан кеткеннен кейін бүкіл әлемде өзінің үстемдігін орнатуға барынша ұмтылып жатқан Америка Құрама Штаттары Еуразиялық кеңістіктегі ірілі-ұсақты державалар мен мемлекеттердің мультиполярлы дүниені қалыптастыру әрекеттеріне үлкен тосқауыл қоюда. Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Ресей мен Қытайдың өзі аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бейбітшілік орнатуда, әртүрлі салаларда ынтымақтастықты дамытып, нығайтуда АҚШ-қа жол беруде. АҚШ-тың Ауғанстандағы талибан режимін жою және Орталық Азиядағы ислам террористермен, экстремистерінің жолын кесіп, аймақтың қауіпсіздігін бір шама қамтамасыз етуі Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметінің барынша әлсіздігін және де қауқарсыздығын көрсетіп берді.

2001 жылғы Нью-Йорк оқиғасынан кейін аймақта осындай жағдайдың қалыптасуына қарамастан Шанхай ынтымақтастық ұйымы өңірдегі екі жақты және көпжақты байланыстармен ынтымақтастықты дамытып, нығайту жолында ерекше қызмет ету үстінде. Бұл үрдіс заман талабына сай жүргізіліп келеді

Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері іс жүзінде барлық халықаралық және аймақтық деңгейдегі әртүрлі ұйымдарға мүше болды. Бұл жағдай оның сыртқы саясатындағы көпвекторлы бағытты ұстанатындығымен түсіндіруге болады. Қазақстанның мұндай ұмтылыстары жаһандану процесінің шапшаң жүруімен, сонымен бірге интеграция үрдістерінің жиілеуіменде тығыз байланысты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі әлеуеті зор. Бұл ұйымның зор болашағы бар. Ол құрылғаннан кейін көп уақыт өтпей жатып-ақ Пәкстан мен Үндістан секілді ірі ядролық державалардың, сонымен қатар Моңғолияның ұйым қатарына мүше болуға ұмтылулары осының дәлелі.

Халықаралық терроризммен ғаламдық деңгейде күресу жағдайында тұрған әлемдік қауымдастық бірте-бірте ұлы державалар арасындағы қатынастардың шиеленісуінің жаңа арнасына тартылуда. Мұндай жағдайда мүшелері Ресей мен Қытай, Орталық Азия елдері саналатын Шанхай ынтымақтастық ұйымы тәрізді халықаралық және аймақтық деңгейдегі ұйымның маңызы мен өзектілігі бірден арта түседі. Бұл ұйымға Азияның басқа да мемлекеттері де мүше болуға аса ынта білдіруде. Қазіргі шанхай ынтымақтастық ұйымының беделі арта берген жағдайда бұл ұйымға мүше болуға ынталы мемлекеттердің саны арта беруі анық. Егер бұл процесс жүзеге аса қалса онда тек Шанхай ынтымақтастық ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, әсіресе қырғи-қабақ соғысынан кейінгі Еуразиялық кеңістіктегі тек мемлекеттердің ғана емес, сонымен қатар жер шарында тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауын қалайтын, жалпы адамзаттың прогреске жетуіне аса мүдделі өркениеттер мен халықтардың өз еріктерімен бір саяси-өркениеттік, сондай-ақ тарихи бірлестікке бірігуінің айқын көрінісі, жалғасы. Жалпы алғанда, аймақтық және әлемдік деңгейдегі интеграциялық үрдістердің көрнекті көрінісі және жаһандау процесінің ажырамас бөлігі.

ШЫҰ құрылуы мен қызметі барысында қалыптасқан көптеген ресми құжаттар мен келісімдерді талдау арқылы диплом жұмысымда төмендегідей қорытындылар жасадым.

Халықаралық ұйымдар арасындағы ең бір беделді ұйым -ШЫҰ –ның құрылуы мен алғашқы шарттары дүниежүзіндегі болған үлкен және маңызды геосаяси трансформациялармен, «суық соғыстың» аяқталуымен КСРО-ның құлауымен байланысты болды.

Сонымен қатар Орта Азия мемлекеттері өзінің географиялық орны мен энергетикалық және минералдық ресурстарға бай болғандықтан тағы да ұлы державалардың арапалыс орталығына айналды. Бұл аймақтардың лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, есірткі мен қару-жарақтың зансыз айналымына аймақтық қарсы тұру өз дәрежесінде болмады. Осы тұста ШЫҰ-ның дүниежізілік саяси аренаға шығуы уақыт және кеңістік талабымен де тарихи қажеттілік деп қарау керек.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы әлемдік мемлекеттердің жоғары қызығушылығын тудыруына байланысты, сондықтанда бүгінгі таңда Монғолия, Үндістан, Пакистан және Иран мемлекеттері бақылаушы статусына ие болуда.

Қазақстан үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысудың маңызы орасан. Қазақстан ШЫҰ-ға үлкен маңыз береді әрі өзінің ұйымның қалыптасуын ұйымдастыруға қатысуын басым міндет деп санайды. Басқаша айтқанда, ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатында аса маңызды орын алады, себебі Қазақстан Евразия кеңістігендегі территориясы мен табиғат байлығы орасан мемлекеттердің бірі болып есептеледі.

Сондықтан Қазақстан бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекемдеу және көп қырлы ынтымақтастықты қолдауға үлес қосуға қабілетті құрылым мүше мемлекеттер арасында өзара сенімді, достықты және тату көршілікті нығайту барысында маңызды роль атқаруда.

ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жасампаздықпен белсенді жұмыс жүргізген жағдайда Ұйым аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен салмаққа ие бола алады және ие болуы тиіс. Бұған ШЫҰ-ның әлеуеті әбден жетеді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Султанов Б. Республика Казахстан и Шанхайская организация сотрудничества контексте региональной безопасности //Казахстан в глобальных процессах.2004, №2.сс.75-84.

2. Султанов Б. Республика Казахстан и ШОС:формирование механизмов безопосности сотрудничества /ШОС: стоновление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП,2005.

3. Султанов Б.Казахстан и США- партнерские шаги военног сотрудничества по обеспечению безопосности в регионе /Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред.,М.Ашимбаева и Дж. Меннути.А.,2005.

4. Лаумулин М.Центральная Азия и запад:новые геополитические реалии. //Казахстан в глобальных процессах.2004, N2.сс. 96-117.

5. Ерекешева Л.Глобальные и региональные аспекты миграционных процессов:центральноазиатский контекст //Казахстан в глобальных процессах.2004, N27с.144-148.

6. Галямова В. Безопасность Центральной Азии и перспективная роль ШОС. / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Алтимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

7. Каукенов А. Экономическая ситуация в КНР // Казахстан в глобальных процессах. 2004, Н 2. сс. 48-62.

8. Каукенов А. Перспективы развития ШОС в новых геополитических реалиях Центральной Азии / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

9. Сыроежкин К. Мятежная провинция // Континент. 2005, Н 19.

10.                    Сыроежкин К. Новые рубежи ШОС // Континент. 2001, 1’4 18.
60

11.                    Сергиенко В. Выбор приоритетов // Континент. 2003, 14 12.

12.                    Бурнашев Р. Черных И. Вооруженные СИЛЫ Республики Узбекистан // Континент. 2003, 2.

13.                    Алгимбаев М. Современная геополитическая ситуация в Центральной Азии в контексте интересов мировых и региональных держав / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и дж.Меннути. Алматы, 2005.

14.                    Алиев С.М. Современные исламское возраждение и его особенности (на примере Афганистана, Ирана и Турции) / Ислам и политика (взаимодействие ислама и политики в странах Ближнего и Среднего Востока, на Кавказе и в Центральной Азии). Отв., ред., В.Я. Белокреницки и А.З. Егорин. М.,2001.

15.                    Босин Ю.В. Роль и соотношение исламского и этнического факторов во внутриафганском конфликте / Ислам и политика (взаимодействие ислама и политики в странах Ближнего и Среднего Востока, на Кавказе и в Центральной Азии). Отв., ред., В.Я. Белокреницки и А.З. Егорин. М.,2001.

16.                    Чуфрин Г. ШОС как фактор нового регионального фактора /
ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева
и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

17.                    Каушик Д. Политика президента ВВ.Путина в Центральной Азии // Казахстан в глобальных процессах. 2004, 2. сс. 85-94.

18.                    Гавричев И. Современное состояние ШОС / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

19.                    Михеев В. Китай и ШОС: проблемы взаимодействия “великих держав” и перспективы роль ШОС /ШОС: становление и
61 перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.
Алматы, ИМЭП, 2005.

20.                    Амиров В. Соединенные Штаты и ШОС / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М. Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП,2005.

21.                    Куртов А. Россия и Китай в ШОС: проблемы несиммитричного партнерства / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

22.                    Малышева Д. Шанхайская организация сотрудничества и ее
мусульманское окружение / ШОС: становление и перспективы
развития. Под ред., М. Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП,
2005.

23.                    Салицкий А., Сальткова А. Экономическая регионализация и проблемы ШОС / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

24.                    Жуков С. Экономические интересы и ШОС / ШОС:
становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

25.                    Гордилова Е. ШОС как инструмент эффективного
энергетического сотрудничества в азиатском регионе / ШОС:
становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и
Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

26.                    Кунадзе Г. Шанхайская организация сотрудничества — мистификация или реальность? / ШОС: становление и
перспективы развития. Под рсд., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.
Алматы, ИМЭП, 2005.

27.                    Клименко А. Стратегическое партнерство в военной сфере между Россией и Китаем и некоторые направления его совершенствования в рамках ШОС в Центральной Азии / ШОС:
62 становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

28.                    Кузьменко А. Военно-политические аспекты развития
Шанхайской организации сотрудничества / ШОС: становление и
перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.
Алматы, ИМЭП, 2005.

29.                    Звягельская И. ШОС в контексте усилий по обеспечению
безопасности в Центральной Азии / ШОС: становление и
перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.
Алматы, ИМЭП, 2005.

30.                    Гельбрас В. ШОС на фоне общественных настроений населения
России, Казахстана, Киргизии, Таджикистана и Китая / ШОС:
становление и перспективы развития. Под ред., М.Алтимбаева и
Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.

31.                    Прокофьев И. О балансе геополитических интересов В Центральной Азии / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и дж.Меннути. А. ,2005, регионе. Материалы международной конференции. Под ред., МАшимбаева и Дж.Меннути. А.,2005.

32.                    Бжезинский 36. Великая шахматная доска. Господство Америки и его геостратегические императивы. М., 1999.

33.                    Зиглер Ч. Стратегия США в Центральной Азии и Шанхайская организация сотрудничества МЭ и МО, 4, 2005.

34.                    Легволд Р. Современные отношения США, Китая и России и выводы по Центральной Азии / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и Дж.Меннути. А.,2005. 63

35.                    Хилл Ф. Переосмысление комплексного подхода к безопасности в
Центральной Азии / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М. Ашимбаева и Дж. Меннути. А.,2005.

36.                    Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана между прошлым и будущим. А.,1999.

37.                    Чжао Хуашэн. Проблемы политики Китая в Центральной Азии /
Казахстан в глобальных процессах. 2004, Ь 2. сс. 63-74.

38.                    Чжао Хуашен. Взгляд Китая на роль США по обеспечению безопасности в Центральной Азии. / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и Дж. Меннуги. А.,2005.

39.                    Ван Цзябо. Кто будет обеспечивать безопасность в Центральной
Азии. // Континент. 2000, №1.

40.                    Бишкекская декларация глав государств Республики Казахстан, Китайской Народной Республики, Кьтргызской Республики, Российской Федерации и Республики Таджикистан / Дипломатическая служба Республики Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматы, 2004.

41.                    Душанбинская декларация глав государств Республики Казахстан,
Китайской Народной Республики, Кыргызской Республики,
Российской Федерации и Республики Таджикистан / Шанхайская
организация сотрудничества (Сборник документов) -Алматы, 2001.

42.                    Декларация о создании Шанхайской организации сотрудничества
/ Шанхайская организация сотрудничества (Шанхай, 14-15 июня
2001 г.)- Алматы, 2001.; Декларация о создании Шанхайской
организации сотрудничества / Дипломатическая служба Республики
Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматы, 2004.
64

43.                    Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на встрече глав государств — участников Шанхайской организации сотрудничества (Шанхай, 14-15 июня 2001 г.) Алматы, 2001.

44.                    Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / Шанхайская организация сотрудничества. Сборник материалов внеочередного заседания министров иностранных дел глав государств ШОС (Пекин, 7 января 2002 г.) Алматы, 2002.; Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / дипломатическая служба Республики Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматы, 2004. Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / Шанхайская организация сотрудничества. Сборник материалов внеочередного заседания министров иностранных дел глав государств ШОС (Пекин, 7 января 2002 г.) Алматьт, 2002.; Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / дипломатическая служба Республики Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматъi, 2004.

45.                    Совместное Заявление участников Алматинской встречи - Республики Казахстан, Китайской Народной Республики, Къiргызской Республики, Российской Федерации и Республики Таджикистан / Шанхайская организация сотрудничества (Сборник документов) - Алматы, 2001.

46.                    Меморандум между правительствами государств-участников Шанхайской организации сотрудничества «Об основных целях и натiравленях регионального экономического сотрудничества и запуске процесса по созданию благоприятных условий в области торговли и инвестиций» / Шанхайская организация сотрудничества (Сборник документов)-Алматы, 2001.

47.                    Назарбаев Н. Стратегия трансформации общества и возраждения евразийской цивилизации. М.,2000.

48.                    Токаев К К. Беласу. Алматы, 2008.

49.                    Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы, 2008.

50.                    Нешатаева Т.Н. Международные организации и право. М., 1995.

51.                    Лукашук И.И. Современное право международных договоров. В 2т. Т.1: Заключение международных договоров / И.И. Лукашук, Ин-т государство и право РАН. М.: Волтерс Клувер, 2004.

52.                    Илларионов А. Основные тенденции развития мировой экономики во второй половине ХХ века. М., 1997.

53.                    Козырева А.Ю. Информационно-психологическая безопасность а практике дипломатической службы. Дипломатическая академия МИД России. М., 2004.

54.                    Лебедева М.М. Формирование новой политической структуры мира // Полис. 2000. № 6.Кавалькроесси Я. Мировая политика после 1945 года. Кн. 1-2.: Международные отношения, 2000.

55.                    Международные организации системы ООН. М., 1994.Попов В.И. Международные организации: теория и практика: курс лекций. М.: Научная книга, 2000.

56.                    Хантингтон С. Политический порядок в меняющихся обществах / Пер. с англ. В.Р. Рокитянского. М.: Прогресс-Традиция, 2004.

57.                    Спанковский В. Международные организации в системе международных отношений // Белорусский журнал международного права и международных отношений. 2000. № 3.

58.                    Альгульм Д.Р. Современные международные отношения. М.: РОССПЭН, 2005.

59.                    Международные организации: Сборник статей / Ин-т мировой экономики и международных отношений РАН. М., 2004.

60.                    Морозов Г.И. Международное право и международные отношения. Проблемы взаимосвязи. М., 2006.

61.                    Павлов Ю. М. Международные отношения и мировая политика. М.: Издательство МНЭПУ, 2005.

62.                    Международные отношения на постсовестском пространстве / Под. Ред. И.Д. Звягельской и Н.А. Косолапова. М.: МОНФ, 2000.

63.                    Декларация глав государств-членов Шанхайской организации сотрудничества. -Астана, 5.07.2005

64.                    Д.Б.Малышева. Перспективы расширенной ШОС как межрегиональной структуры безопасности в свете новых политических вызовов в Центральной Азии // www.analitika.org.

65.                    Фельдман Д.М. Модели международной безопасности: выбор для российской элиты// Национальные интересы и проблемы безопасности в меняющемся мире. Материалы семинара. М., ИМЭМО РАН, 2006.

66.                    См.: Дэн Хао. Новые подвижки и тенденции развития ситуации в Центральной Азии // Ляован, 2001, №42.- С.20-31; Цзиньцунь Ван. Переход исторического значения: от «Шанхайской пятерки» к Шанхайской организации сотрудничества // Шицзе цзинцзи юй чжэнчжи яньцзю.- Пекин, 2001.- №9, с.76-88; Син Гуанчэн. Шанхайская организация сотрудничества в борьбе с терроризмом, экстремизмом и сепаратизмом // Центральная Азия и Кавказ, 2002, №12.

67.                    Чжао Хуашэн. ШОС и соотношение великих держав на фоне новой ситуации в регионе ЦА // Analitic.-2003.-N 1.

68.                    Ли Лифань, Дин Шиу. Геополитические интересы России, США и Китая в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ, 2004, №3.

69.                    М.Ашимбаев. Ситуация в ЦА после 11 сентября и развитие ШОС // Ситуация в Центральной Азии и ШОС: сборник материалов конференций. Шанхайский институт международных отношений. Шанхай, 2003.

70.                    Ф.Ф.Толипов. Организация центрально-азиатского сотрудничества в ШОС // Ситуация в Центральной Азии и ШОС. IV международная конференция. Шанхай, 2003.

71.                    К.Л.Сыроежкин. Китай и Шанхайская организация сотрудничества // Китай в XXI веке: глобализация интересов безопасности / Отв. Ред. Г.И.Чуфрин. М., Наука, 2007.

72.                    Цит. по: Абатуров В. Осеннее давление геополитики. http:// www. review. uz.

73.                    В.С.Фроленков. Позиция КНР по вопросу развития торгово-экономического сотрудничества в ШОС // Китай в мировой и региональной политике . История и современность. Вып. XII. М., ИДВ РАН, 2007.

74.                    В.Я.Портяков. Шанхайская Организация Сотрудничества: достижения, проблемы, перспективы / Китай в мировой и региональной политике. История и современность. Вып. XII.- Москва, ИДВ РАН, 2007.

75.                    Материалы и документы о кыргызско-китайской границе. Под ред. Н.Керимбековой.- Бишкек, 2003.

76.                    В.Н.Хлюпин. Геополитический треугольник. Казахстан – Китай – Россия. Прошлое и настоящее пограничной проблемы.- Вашингтон, 2007.

 

 

 

28

 

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымы