Саяси мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 14:15, доклад

Описание

«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық

мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани

мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің жетілуімен байланысты. Рухани

мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен

тікелей байланысты және соларға негізделеді.

Ұлттық мәдениет - саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз

қалыптасатын тарихи процесс саласы.

Работа состоит из  1 файл

Саяси мәдениет.doc

— 91.50 Кб (Скачать документ)

3. Қоғам дамуының  басты құндылықтарын, идеялары мен мақсаттарын

айқындайтын, негізгі  әлеуметтік топтар мен жіктердің  мүдделерін

қолдайтын партиялардың арасындағы саяси әдептіліктің болуы.

4. Адам бостандығы, қоғамдық өмірдің барлық саласында  азамат құқығының

сақталуы.

Демократиялық саяси мәдениеттің таңдаулы салалары ретінде қоғамдық

өмірдің демократиялық  принциптері мен нормалары, жеке адам бостандығы

мен тұлғаның өзін-өзі  бағалай білуі саналады. Мәдениеттің  бұл үлгісі

азаматтардың  өздігінен саяси ой білдірудің (идеологиялық пікірталас) ғана

емес, саяси ұстаным таңдауда (саяси пікірталас) дербестік, өзгеше ойлауға

төзімділік  құқықтарын мойындауды қамтиды. Әртүрлі  әлеуметтік топтардың

мүдделерін  ескеру мен жүзеге асыруға бағытталған, әрбір жеке адам құқықтары

мен бостандықтарын қорғауға және нығайтуға бейімделген демократия

механизмдері  саяси-пікірталас негізі болып табылады.

Демократиялық саяси мәдениеттің тағы бір көрінісі – адамдарды саяси

біріктіру, яғни демократиялық процестерге қоғамның жаңа топтарын қосу,

әрбір адамның  саяси дамуына кең мүмкіндіктер беру. Бұдан демократиялық

саяси мәдениеттің  ізгілікті бағыты көрінеді. Бостандық  пен белсенділік

құндылықтары  “адами бейнеге” айналады, мемлекеттік  саясатқа сенімділіктің

өсуіне ықпал  етеді, демократияландыру салаларын  ұлғайту үшін қолайлы

әлеуметтік-психологиялық жағдай туады. Қоғамда демократиялық мақсаттарға

қажет демократиялық  құралдар, механизмдер мен ықпалдасулар арқылы

жететін саяси  түсінік қалыптасады. Бұл түсінік  әлеуметтік қысымшылықты,

қайшылықты, әртүрлі  арандатушылықты азайтуға мүмкіндік береді. Қоғамдағы

әлеуметтік  топтар мен жіктердің саяси ынтымақтастығының  тәртібі

қалыптасады.

Түптеп келгенде, демократиялық саяси мәдениет –  тек ұлттық, діни және

басқа да дәстүрлерді  сақтау ғана емес, қоғамдық өмір үлгілерінің

көпқырлылығын жаңартуға бейімдейтін мәдениет саласы.

Информация о работе Саяси мәдениет