Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 20:17, курсовая работа

Описание

Сондықтан да кез келген мемлекет құқықтық құрылым ретiнде белгiлi бiр басқару нысандарының болуын қажет етедi. Адамзат қоғамы дамып мемлекеттiк құрылым күрделенген сайын мемлекеттi басқарудың нысандыры да күрделене түседi. Қазiргi қалыптасқан бiз бiлетiн мемлекеттердiң басқару нысандары сан алуан болып келедi. Егер мемлекеттi басқарудың нысаны ұтымды болатын болса мұндай мемлекеттiң болашақта қалыпты да қарқынды дамуына үлкен мүмкiндiк туындайды. Жалпы мемлекеттi басқарудың нысанына осы күнге дейiн көп көңiл бөлiнiп келгенi рас және бұл мәселе бойынша ғалымдар арасында әртүрлi түрлi көз қарас әлi де болса орын алуда. Мемлекеттi басқарудың нысаны демек осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн яғни, актуальдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады.

Содержание

Кiрiспе…………………………………………………………………………3
1. Мемлекеттi басқару нысандарының түсінігі,
әдістері және түрлері …………………………………………………5

2. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының басқару нысандарының ерекешелiктерi………………………………………19

Қорытынды…………………………………………………………………..26
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………..28

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері.DOC

— 159.00 Кб (Скачать документ)

49-баптың 2-тармағына өзгертулер енгiзiлiп, Парламенттiң сайлану мерзiм 14 жыл болып белгiлендi. 50-бапқа 5-тармақ қосылып, Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 5 жыл болып белгiлендi. 50-баптың 3-тармағы өзгертiлiп, мәжiлiс депутаттарының саны 77-ге дейiн көбейтiлдi. 10 депутат партиялық тiзiмдерге байланысты сайланады.

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткiзуге заңды түрде мүмкiндiк көзделдi. Дауыс беруге катысқан сайлаушылардың елу паиызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебiне кiретiн болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбi қатысса ғана, сайлау өттi деп есептелген кедергi жойылды. Соған сәйкес, аралас сайлау жүйесi енгiзiлiп Мәжiлiс депутаттарының көбiсi мажоритарлық (көпшiлiк дауыс алуына  байланысты) жүйе негiзiнде, ал басқа бөлiктерi - пропорционалды (тепе-теңдiк) жүйе бойынша, партиялық тiзiмдер арқылы сайланатын болды   қоғамда кiм және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттiк билiк құрылымы қалай қызмет iстейдi, ол аумақтың тұрғындары қалай бiрiккен, әр түрлi аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдiстердiң және жолдардың көмегiмен саяси билiк жүргiзiлетiндiгiн көрсетедi.   

Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмiрдiң өзi, мемлекеттiк институттардың берiктiгi  тәуелдi.

Құқык нысанына - оның құрылымы, әлеуметтiк-экономикалық факторлар, сонымен бiрге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және дiни ерекшелiктер, қоғамның мәдени деңгейiнiң дамуы әсер етедi.

Мемлекет нысандарының құрамдары (бөлiктерi):

- Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттiк органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртiбi. Олардың бiр-бiрiмен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипатталады. Сонымен бiрге, мемлекет нысанының ерекшелiгiне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлiнедi.

- Мемлекеттiк құрылым нысанында - мемлекеттiң аумақтық кұрылысын, мемлекетпен оның аумақтық бөлiктерiнiң арасындағы қарым-қатынастары көрсетiледi.  Мемлекеттiк құрылым нысанының түрлерiне унитарлық, (бiртұтастық), федеративтiк және конфедеративтiк (достастық) мемлекеттер жатады;

-Саяси (мемлекеттiк)  режим - мемлекетi билiктi iске асырудың жолдары мен әдiстерiнiң жүйесiн көрсетедi. Осы ерекшелiктерiне байланысты демократиялық, антидемократиялық және саяси (мемлекеттiк) режимдерге бөлiнедi8.

Мемлекеттiк  басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттiкiметтiң   ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртiптi және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттiк билiкке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкiмет.

Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледi.

Монархия (грек тiлiнен - жалғыз билеушi) - басқару нысаны, өкiмет түгелiмен не жартылай жалғыз билеушiнiң қолына шоғырланады - монархтың (корольдiң, патшаның, шахтың, императордың

т.с.с).

Монархияның белгiлерiне:

- жоғарғы өкiмет билiгi (монархтың өкiмет!i мұра ретiнде берiледi;

- басқаруының уақыты шекiсiз (абсолюттi) болады;

- сайлаушылардың еркiнен тәуелсiз болады.

Монархияның шектелусiз түрi болады, ондайда халықтың өкiлеттiк мекемелерi болмайды және мемлекеттiң егемендiгiн алып жүрушi, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазiргi кездегi феодализмнiң абсолюттiк монархиясы - Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттiң егемендiгiн алып жүрушi, басқа мемлекеттiк органдар бар, олар өз жағынан монархтың билiгiне шектеу жүргiзу үшiн құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).

Монархия бiрнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзiндегi үстемдiк құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгiнде сақталып дүние жүзiндегi елдердiң үшiншi бөлiгiне тараған.

Республика (латын сөзiнен - мемлекеттiк, қоғамдық iс) - басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билiгi сайлаушылардың еркiмен, не олардың өкiлеттiк органдарымен белгiленедi.

Республиканың белгiлерiне:

- өкiметтiң сайлануы;

- белгiлi уақытқа ғана сайлау;

- сайлаушылардың еркше тәуелдiлiк.

Кiм үкiметтi құрады, ол кiмнiң бақылауында және кiмге есеп бередi, осыған байланысты республикалар президенттiк, парламенттiң және аралас болып бөлiнедi9.

Президенттiк республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина.)

Президенттiк  республикада, Президент  парламенттен   тәуелсiз    сайланады,  не  сайлаушылар   коллегиясымен,  не  тiкелей  халықпен  сайланады  және  ол  бiр   мезгiлде    мемлекеттiң  және   үкiметтiң  басшысы   қызметiн  атқарады.    Ол   өзi   үкiметтi   тағайындайды  және  оның   жұмысын   өзi   басқарады.    Бұл    мемлекетте   Парламент   үкiметке   сенiмсiздiк   вотумын   жариялай   алмайды,  ал  Президент -   Парламенттi   таратпайды.   Дегенмен   Парламент   қабылданатын   заңдардың   көмегiмен    Президент   пен   Їкiметтiң    жұмыстарын   шектеуге   мүмкiншiлiгi   бар   және   бюджеттi   құрғанда,  тағы   сондай   жағдайларда  Президенттi   жұмысынан   аластауы  мүмкiн  (әсiресе   ол  конституцияны   бұзып   қылмыс  жасаса).   Президенттiң  өз     жағынан,    заң   шығарушы  органның   шешiмiне   тоқтату  ветосын  қолдануға  құқығы бар (латын  тiлiнен – «тиым салу»).

Қазақстан  Республикасының   Президентi (Конститутының  63-  бабы)  мына   жағдайларда:   Парламент    Їкiметке  сенiмсiздiк   бiлдiргенде,  Парламент   Премьер –Министiрдi   тағайындауға   екi   мәрте  келiсiм  бермегенде,   Парламенттiң  Палаталары  арасындағы   немесе   Парламент   пен  мемлекеттiк  өкiметтiң  басқа  тармақтары   арасындағы   еңсерiлмейтiн    келiспеушiлiк   салдарынан  саяси    дағдарыс    болғанда   Парламенттi   тарата    алады.

Парламенттiк   республикада -   үкiмет    заң   шығарушы    органмен   құрылады   және     ол  соның      алдында   жауапты.  Парламен     дауыс рақылы   сенiмдiлiк   не    сенiмсiздiк  вотумды   тұтасымен   үкiметтiң   қызметiне,   үкiметтiң    басшысына (министiрлер,  кеңсесiнiң   төрағасына, премьер-министiрге,  канцлерге)    нақты   министiрдiң    өзiне   жариялауға   құқығы   бар.    Президент,   мемлекеттiк  өкiмет  органдарының    жүйесiнде,  ол   өте    қарапайым   орында:   оның   мiндеттiлiгi,  әдетте   өкiлеттi  органдардың  қызметiмен  тежеледi.   Яғни,    конституциялық   монархиядағы   мемлекет   басшысының     қызметiмен  айырмашылығы   өте  аз.   Шын   мәнiндегi,   мемлекет басшысы   болып   үкiмет    басшысы  есептеледi.

Аралас  (жарты  президенттiк,  жарты парламенттiк)  республиканың   сыйпатына   үкiметтiң  екiжақты  жауапкершiлiгi жатады – президенттiң   алдында   және  парламенттiң  алдында.   Мұндай     республикада  президент  және   парламент   тiкелей    халықпен   сайланады.  Мемлекеттiң  басшысы Президент   болып   есептеледi.   Ол   үкiметтiң   басшысын   және  министрдi   саяси   күштердiң   парламенттегi   бөлiнуiне    байланысты    тағайындайды.   Мемлекет  басшысы,   әдеттегiдей    министрлер  кабинетiнiң   отырысында   төрелiк   құрып,   оның   шешiмiн   бекiтедi10.

Парламент,  үкiметтi    жылдағы    бюджеттi  бекiту   жолымен   тексеруге   мүмкiндiгi   бар  оған   қосымша   үкiметке    сенiмсiздiк   вогумын   жарялауға  да   болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

Сонымен қорыта айтар болсақ мемлекеттік басқарудың   нысаны  дегеніміз атқару  органдарының (лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі бір нәтиже сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз.  Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару органдарысубьектілерінің әрекеттері  өздерінің     сипаты  мен мақсаттары) байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін көреміз.

Басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді:

 а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;                            

ә)ішкі ұйымастыру   жұмыстарының  нысаны. Атқару   билігін   жүзеге   асыру   арқылы   атқару   органдары  заңдылық   биліктік   өкілеттіктіктің   сыртқы   көрінісін   қамтиды, Демек, сыртқы заңдылық әсер ол басқару нысанының бір белгісіне жатады.

Басқару нысандары (басқару қызметі) әр түрлі бұдан біз оларды жіктеу мүмкіндігінің  бар екенін көреміз, бірақ ол үшін әртүрлі крйтерилерді пайдалануға болады. Јкімшілік құқықтың субъектілері өздерінің құзіреті шегінде әрекет ету кезінде әр түрлі құралдарды пайдаланады, соның ішінде

техникалық        (мысалы,        компьютерлерді),        экономикалық, (материалдық ынталандыру),   ұйымдастырушылық  (мамандар ісі, органның  құрылысын құру), моральдық (мадақтаудың моральдық шаралары),     эстетикалық     (дизайн),      психологиялык,     (еңбек ұжымындағы ынта),   құқықтық  құралдар (қаулылар,  бұйрықтар және басқалары).   Аталған көптеген шаралар мен құралдарды қолданудың белгілі бір тәртібі болады, яғни олар белгілі бір нысандар мен әдістерді сақтап қолданылады.

    Мемлекеттiң  басқару  нысандары   мемлекет  үшiн   аса  маңызды   мәселе  болып  табылады.   Мемлекеттi  басқару  нысандары  сол  мемлекеттiң  Ата заңына, яғни Конституциясына   негiзделуi  тиiс.   Егер  мемлекеттi  басқарудың  нысандары   демократиялық  принциптерге  негiзделсе,    осы елдiң  азаматтары   мемлекеттi  басқаруға тiкелей немесе    жанама түрде   ат  салысуға      мүмкiндiк  алады.  

Қазақстан  Республикасында   мемлекеттi  басқару   Президенттiк  Республика  нысанында  көрiнiс  тапқан.   Јрине,  бұл  мәселенiң  тиiмдi   жақтары өте    көп.  Себебi,   Қазақстан  Республикасының  Президентi        елiмiздегi  билiк   көздерiнiң   қалыпты  жұмыс  iстеуiне     жағдай  жасап,    Конституциялық құрылымның  сақталуына     кепiлдiк  бередi.

Мемлекеттi  басқару  нысандары    Парламенттiк  Республика     нысанында  болса,      демократия   үрдiстерi      әлi  қалыптасып  болмаған,   бiздiң  мемлекеттiң  жағдайында    көп  проблемалар     тудыруы  мүмкiн  едi деп  ойлаймын.

Сонымен,   мен  өзiмнiң  курстық    жұмысымды  қортындылай  келiп,  мемлекеттi  басқару  нысандарының     аса маңызды  роль  атқаратындығына   көз  жеткiздiм.

Қазiргi  кезде   өзiнiң  даму   денгейi    тым төмен  мемлекеттердiң   мемлекеттiк басқару  нысандары     өзгермейiнше    олар   экономикалық,  саяси жетiстiктерге   жетуi  мүмкiн  емес   деп  айтуға  толық негiз бар дер едiм.

Мiне  осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,   бiздер   мемлекеттi  басқару  нысандарының   маңызды  роль  атқаратындығына   көз  жеткiземiз. Мемлекеттi   басқарудың  нысандары    кез келген  қоғам  үшiн  маңызды  болып  табылады,  ол    теориялық  тұрғыдан  да,  тәжiрибелiк  тұрғыдан   да  жақсы    дәлелденгендiгiне  осы  жұмыстың  барысында    көз  жеткiздiм.

 

 

 

Пайдаланылған адебиеттер

 

1. Қазақстан   Республикасының  Конституциясы   30    тамыз 1995 ж.

2. Қазақстан   Республикасының  «Јкiмшiлiк   құқық   бұзушылық» туралы   кодекс  30   қаңтар   2001 жыл  

3.  Сейдеш   Б.Б.  Јкiмшiлiк     құқық   пәнi    бойынша   дәрiстер. – Алматы: Дәнекер, 2004.

4.  Таранов А.А. Административное  право Республики  Казахстан,  «Жеті Жарғы»

5.   Бахрах Д. Н.  Административное право. Москва, 1999

6. Мемлекет  және құқық негiздерi. Оқулық. / Қраст. Е. Баянов.-Алмат;  Жетi  жарғы.

7. Конституция Республики  Казахстан. Комментарий.  Под. ред. Г. Сапаргалиева.- Алматы: Жеты жаргы. 1998 .

8. Сагиндыкова А. Н. Конституционное  право Республики  Казахстан: Курс лекций.- Алматы: Бiлiм. 1999 г.

9. Жоламан Қ.Д., А.Қ. Мұхтарова., А.Н. Тәуекелев. Мемлекет  жәнее  құқық теориясы.-Алматы. 1999.

10. Ағдарбеков Т. Мемлекет  және  құқық  теориясы.  Оқулық. –Алматы: «HAS» баспа компаниясы. 2003.

11. Теория  и  государства: Учебник/Под    ред. В.К. Бабаева. –М.; Юрист. 1999.

12. Теория  государства   и  права: Учебник.-М.: Юрист. 2000.

13. Теория  государства   и  права: Учебник.Курс   лекций /Под  ред. Н.И. Матузова  и  А. В. Малько М.: Юрист.1997.

14. Хропанюк  В.Н. Теория  государства и права.  Учебное пособие  для высших учебных заведений /Под.ред.  проф.  Стрекозова В.Г. –М.1997.

  1. Теория  и  государства: Учебник/Под    ред. В.К. Бабаева. –М.; Юрист. 1999.   90-бет.
  • 2 Теория  государства и права. Курс  лекций /Под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. –М.: Юристь. 1997. С. 87.

    1. Хропанюк  В.Н. Теория  государства и права.  Учебное пособие  для высших учебных заведений /Под.ред.  проф.  Стрекозова В.Г. –М.
  • 4 Теория  государства и права. Учебник /Под ред. В.К. Бабаева. –М.: Юристь. 1999. С.91.

    5Ќ.Д. Жоламан., А.Ќ. Мұхтаров., А.Н. Тәукелев. Мемлекет және   ќұќыќ  теориясы.-Алматы. 1999. 36-42.-бет.

    6 Сагиндыкова А. Н. Конституционное право Республики  Казахстан: Курс лекций.- Алматы: Бiлiм. 1999 . 86-87-бет.

    Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері