ЕҚЫҰ және Қазақстан: мазмұны мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2011 в 16:19, доклад

Описание

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамқтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) – қазiргi әлемдегi БҰҰ-дан кейiнгi кең ауқымды аймақтық қауiпсiздiк ұйымы болып табылады. Оның құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.

Содержание

Кіріспе. «ЕҚЫҰ тарихы және құрылымы»
Негізгі бөлім. «ЕҚЫҰ және Қазақстан»
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Баяндама ЕҚЫҰ.docx

— 40.37 Кб (Скачать документ)

         ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің көрсеткен сенімі Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Демократиялық қоғам орнату – біздің халқымыздың саналы таңдауы, сондықтан біз еліміздің одан әрі саяси либералдануы бағыты мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруды жалғастырамыз.

ЕҚЫҰ  төрағалығы біздің елімізде тек сыртқы саяси табыс қана емес, жалпыұлттық  ауқымдағы құндылық ретінде қабылданады.

          ЕҚЫҰ-да қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Қазақстан төрағалық ететін елдің мазмұнды идентификациясын білдіретін Ісбасындағы төрағалық ұранын жария етті. Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.   Біріншісі  бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді. Екіншісі ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.Үшіншісі – халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.  Ал, төртіншісі – бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы.

          ЕҚЫҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі ретінде Қазақстан Ұйымды дамыту мәселесінің негізі болып табылатын консенсустық алаңды нығайтуды және кеңейтуді қарастырады.  ЕҚЫҰ Саммитінің 10 жылдан бергі уақыттағы үзілісі Ұйымның консенсустық негізі дағдарыс жағдайында болмаса да, тоқырау ахуалында тұрғанын аңғартады.

          ЕҚЫҰ елдері көшбасшыларының кездесуі Хельсинки Қорытынды актісінің 35 жылдығын, Париж хартиясының 20 жылдығын және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 65 жылдығын атап өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

          Ел Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы ЕҚЫҰ төрағалығына қол жеткiзумен де тоқтап қалған жоқ. Мұнан соң ол жұрттың көбi сәтiмен шешiлерiне сене қоймаған басты мақсатқа – Ұйым Саммитiн Астанада, бiздiң төрағалығымыз жылында өткiзуге ұмтылды. Мiне, ол мақсатқа да қолымыз жеттi. 3-тамызда ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi Ұйым Саммитiн Астанада өткiзу жөнiнде ресми шешiм қабылдады. SUMMIT – қарапайым тiлден тура аударғанда "биiктiк", "ең жоғарғы нүкте", ал балама түрде алғанда бiр нәрсенiң "ең жоғарғы шыңы", "жоғарғы деңгейдегi жиын", дипломатия тiлiнде ең жоғарғы деңгейдегi конференция (жиын, келiссөз). ЕҚЫҰ төрағалығын, Саммит өткiзудi Мемлекет басшысының стратегиялық ұлттық жоба деп атауы да содан. Өйткенi, бұл жобаның бiздiң елiмiз үшiн, оның болашағы үшiн дәуiрлiк маңызы бар.

           Саммит ЕҚЫҰ-ның осы заманғы қауіп-қатерлердің алдын алуға бейімделуіне қуатты қарқын беріп қана қоймай, сонымен қатар біздің халықтарымыздың осы Ұйымға деген сенімі мен құрметін де арттыра түседі.

Түптеп  келгенде, өздерін сайлаған халықтардың  игілігі мен өркендеуі жолындағы  ынтымақтастық пен қауіпсіздікті  нығайтуға күш салу – мемлекет және үкімет басшыларының тікелей міндеті. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ бүгінде ештеңемен  алмастырылмайтын Ұйым болып табылады.   Оның тоқырауы немесе жойылып кетуі  еуро-атлантикалық кеңістіктегі өте  қауіпті вакуумның пайда болуына  әкеліп соққан болар еді. Осы ретте, Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойылған 1 тамызды – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы күні деп жариялау туралы ұсынысты қарауды Н.Назарбаев ұсынды.

          Осы саммитте 1999 жылғы Ыстамбұл Саммитiнде қабылданған Вена құжатын жаңарту, трансұлттық жаңа қауiп-қатерлермен бiрiгiп күресу, Ауғанстан мәселесi, жер бетiндегi созылмалы жанжалдар, Қырғызстандағы ахуал, ЕҚЫҰ-ның екiншi өлшемiне арналған стартегиясын iске асыру, төзiмдiлiк, кемсiтпеушiлiк және мәдениетаралық үнқатысу сияқты адамзатты алаңдататын күрделi мәселелер талқыға түседі.

           Аталған жиын арқылы Қазақстан халықаралық қауiпсiздiк жүйесiн нығайтуға, әлемдi дамыту үшiн жаһандық үнқатысуды өткiзуге деген ұм-      тылысын байқатуда. Қазақстанның ұстанымынша, халықаралық саясаттың жаңа замандағы басты ұраны: «Өзара сыйластық пен сенiм, пәтуашылық пен төзiмдiлiк болуы қажет». Қалай десек те, Астана Саммитiнiң елiмiздiң егемендiгi үшiн де, Орталық Азия елдерiнiң тағдыр-талайы үшiн де маңызы зор. Бұл Орталық Азия аймағының мүдделi мәселелерiне жаһандық қоғамдастықтың назарын аударуға, халықаралық ұйымдардың күш-қуатын аталған аймақтағы проблемаларды шешуге пайдалануға деген тамаша мүмкiндiк.

          Ендi бұл саммиттi өткiзу Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін айта кететін болсам, алдымен, елiмiздiң әлемге танылуына мол мүмкiндiк ашылады. 55 елдiң жоғары деңгейдегi басшылары, 20-ға жуық халықаралық ұйымдардың жетекшiлерi Елордамызға атбасын бұрады, мыңдаған әлемдiк ақпарат құралдары дүниежүзiне хабарлар таратады. Самит кезiнде әр елдiң өкiлдерi Қазақ елiнiң тарихы, мәдениетi, салт-дәстүрi жайлы кең мағлұмат ақпарат алады. Саммитке дайындық барысында Астанадағы инфрақұрылым жетiлiп, қызмет көрсету сапасы әлемдiк деңгейге көтерiледi. Ұйымға мүше елдердiң Президенттерi мен халықаралық ұйымдардың басшылары адамзатқа ортақ өзектi мәселелердi талқыға салады. Дүниежүзiнiң назары ол күндерi ЕҚЫҰ Саммитi өтiп жатқан Қазақ елiне ауады, елiмiздiң беделiн өсiредi. Бұл – мемлекетiмiздi бiр-екi-ақ күнде жер-жаһанға танытатын керемет мүмкiндiк.

         Қазақстан геосаясат тұрғысынан алғанда әлемдегi ықпалды елдердiң мүдделерi тоғысқан қауiптi аумақта орныласқан. Осындай аумақта тұрған Қазақстан үшiн әрдайым өз мүддесiн тиянақтап, тұрақты және демократиялық даму жолына түскен ел екендiгiн танытып отыру қажеттi iс. Ал, ашық саясат ұстанған мемлекетпен дүниежүзi санасады. Соның арқасында қазiргi күнi Қазақстанның өзiндiк имиджi қалыптаса бастады. Қазақ халқының кеңпейiл дархан көңiлi мен ұстанымдылығы, басқа ұлттармен сыйласа бiлген биiк мәдениетiмен көп елдер хабардар.

            Бүгiнде Қазақстан төрағалық етiп отырған халықаралық мәртебелi Ұйым – ЕҚЫҰ-ның да басты қағидаттары экономикалық интеграция, ынтымақтастық пен қауiпсiздiк болса, елiмiз ең алғаш тәуелсiздiк алған күннен бастап, Еуразия құрлығы елдерiн осы көкейкестi мақсатқа жұмылдырған алтын көпiр болып келедi. Тәуелсiздiк жылдары iшiнде елiмiзде жүзеге асырылып жатқан көкейкестi мақсаттар ЕҚЫҰ ұстанған құндылықтармен тұтастай астасып жатыр.

            Бүгiнде бүкiләлем Астана Саммитiне ерекше сенiм артып, алдағы жаһандық басқосу барысында жаһандық ынтымақтыстық үдерiстерiне тың серпiн беретiн шешiмдер күтедi. Хельсинки Қорытынды Актiсiнiң басты тұғыры бейбiтшiлiк болса, Президентiмiз атап көрсеткендей, қабылданар шешiмнiң жаңа мазмұнының да негiзгi тұғыры бейбiтшiлiк пен өзара ынтымақтастық болуға тиiс.

            Дегенмен, бұрын ЕҚЫҰ негiзiнен бейбiтшiлiк, қарулануды азайту, соғысты болдырмау мәселелерiне көңiл бөлсе, бүгiнгi уақыт бұл Ұйымның алдына өзектi деген басқа да мәселелердi көлденең тартып отыр. Қазақстанның ұйымдастыруымен 9 ай iшiнде өткен алқалы жиындардың мазмұны ЕҚЫҰ-ның өлшемдерiне байланысты: қарусыздану, лаңкестiктер, есiрткi трафигiмен күрес, экономикалық даму, ресурстарды басқару, еңбек көшi-қонын реттеу, экологиялық проблемалар, дiни толеранттылық сияқты өткiр мәселелердi қамтиды.

          Қазақстанның тәуелсiздiк тарихына әлi жиырма жыл тола қоймағанына қарамастан егемен елiмiз талай-талай тамаша табыстарға қол жеткiздi. Мерзiмдi баспасөздерде жиi және әдiлеттi жазылып жүргенiндей солардың арасындағы ең шоқтығы – ТМД мемлекеттерi, Азия елдерi, мұсылман әлемi, түркiтiлдес мемлекеттер арасынан Қазақстанның бiрiншi болып Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтамақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағалығына сайланғандығы.

        Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бұл ұйым бір жыл ішінде бүкіл әлемнің назарын аудартты. Адам баласына ең қымбат нәрсе тыныштық, бейбіт күн екенін осы қысқа уақытта дәлелдеп берді. Ауғанстандағы, Қырғыз еліндегі және басқа да күрделі аймақтардағы жағдайлардың бір қалыпқа түсуі – Қазақстан дипломатиясының жемісі.

         Саммит – бір жылғы жұмыстың қорытындысы, түйінді шаруасы іспетті. Көптен басы қосылмаған елуден астам елдің жақсылары мен жайсаңдары кездеспекші. Жүздесу орны – ғайыптан пайда болған дейтіндей ғажап шаһарымыз, жаңа Елордамыз – Астана. Еліміз үшін, Елбасымыз үшін мақтанамыз.

        Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айрықша ұйымдастырушылық, ел басқарудағы қабілетіне төрткүл дүние куә. Осы қасиеттері арқылы әлемдік деңгейдегі үлкен тұлғаға айналып отыр. Ел тарихында қазақтың атын шығарған ұлы тұлғалардың бірі.

         Үлкеніміз, кішіміз боп еліміздің, тіліміздің, дініміздің абыройы артуына қолдан келгенше үлес қоса берсек, мемлекетіміздің мәртебесі үстемелеп өсе береді. Қазақ халқы өзге елдермен иық тірестіріп, қабаттасып, қанаттасып келе жатыр. Құдай еліміздің, халқымыздың еңсесін түсірмесін. Ынтымақ-бірлігіміз нығая берсін.

         Саммиттің басталуына міне санаулы   күндер қалды,  осы Саммит абыройлы, нәтижелі өтетініне сенімдіміз.

Информация о работе ЕҚЫҰ және Қазақстан: мазмұны мен маңызы