Білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 01:05, доклад

Описание

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Работа состоит из  1 файл

Білім беру жүйесі.docx

— 40.79 Кб (Скачать документ)

      Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. 

Бiлiм  беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк –  экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың  болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы –  ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң  жалпы ұстанымдарын, объективтiк  қатынастарды қалыптастырады.

Орыс  педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі  заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін  жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан  гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.  

 

Бұл жөнінде  Қазақстан Республикасы «Білім туралы»  Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің  басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім  беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық коммуникациялық желілерге  шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім  беру жүйесінің алдында оқыту  үрдісінің технологияландыру мәселесін  қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың  іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. 
 

Қазіргі білім беру жүйесінің  мақсаты

Қазіргі білім  беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті  маман дайындау. Мектеп – үйрететін  орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға

құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады.   

                    Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар :  

 бәсекеге қабілеттілігі                    білім беру сапасының жоғары болуы 

        кәсіби шеберлігі

                                                               әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 

Осы айтылғандарды  жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі  жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

  Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы  аясында жекелеген ұғымдар мен  нормаларды және тиімді педагогикалық  технологияларды меңгеру үшін педагогтардың  кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған  оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын  жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың  еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің  үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі  мәні пассивті оқыту түрінен активті  оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы  бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. 

            Білім сапасын арттыру  және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы  барысында мұғалімдер мемлекеттік  стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу  біліктері мен дағдылары нәтижесінде  проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті  жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны  атқарады. Қазіргі заман адамның  осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

          Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.

Дәстүрлі  білім беру жүйесінде білікті  мамандар даярлаушы кәсіби білім  беретін оқу орындарының басты  мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім  кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның  құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін  ұсыну – қазіргі таңда негізгі  өзекті мәселелердің бірі.  

Қазақстандық  ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді. 1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. 

Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім  алу 7 тілде жүргізіледі. 

19971998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міндеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды. Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн тәртібінде тұрды. 

Бүгінгі таңда республика аумағында  жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін  сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.

Мектептер мен жоғары оқу орнындағы  жастардың білімін жетілдіру  мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді. 

Мамандар  даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.

            Бүгінгі таңда шетелге  барып білім алу мәселесімен  басқа да мемлекеттік емес білім  ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры мен сыры, мазмұны  айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша құқықтық-нормативтік  база құрылып, қалыптасты. Білім берудің  қосымша және баламалық мекемелері өмірге келді. Осыған орай мемлекеттік  оқу орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу мен білім берудің  ықпалдастық дәрежедегі әлемдік  кеңістігі ұлғайды.

  

XXI ғасырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет. 

Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан  Республикасы білім беру саласында  халықаралық ақпарат кеңістігі  жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық және инновациялық қызметін қабылдауда.

Дүниежүзілік  білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда  үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын жетілдіру  жүйесін құрудан көрініс табуда, жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен бірлікте әрекет етеді. Нарықтық экономика маман кадрлар даярлаудың әр түрлі жүйесін талап етуде.

            Маңғыстауда білім беру ісінің жаңа белестері. Маңғыстау мұнайын игеру, Ақтау сияқты қаланың өмірге келіп, оның төңірегіндегі өндірістік кешенінің қалыптасуы жаңа елді мекендердің санын көбейтті.  

1973 ж.  Маңғыстау өз алдына облыс  болып отау көтергеннен кейін,  республикаға танымал білікті  ұстаздар С.Жаукин, А.Нәжімеденовтің ұйымдастыруымен тұңғыш құрылған облыстық оқу бөлімі, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының басшылығымен мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайып, оқу-тәрбие жұмысында біршама оң өзгерістер сезіле бастады. Бұл кезең Қ. Жайлаубаев, Н. Арықбаев, А. Қуанбаев, Қ. Қаражанов, С. Жұмағалиев, К. Жұмағалиев, Ш. Әленов, С. Боқыбаев, Қ. Нұртаев, Б. Ванова, С. Панабекова сынды нағыз ұстаз-азаматтардың аттарын тарихта қалдырды.

  1973 – 74 оқу жылында облыста  52 жалпы білім беретін (35 орта  мектеп, 15 сегіз жылдық, 2 бастауыш) мектептер  болды. Аудандық, қалалык, оқу  бөлімдері, әдістемелік кабинеттер  құрылып, оларда ұйымдастырушылық  қабілеттерімен көпке танымал  болған У.Қайралапов, Т.Смағұлов, С.Ағелеуов, Ж.Рзаев, Ф.Ережепов, М.Бимағанбетов, С.Қарабалина, Ғ.Ыдырысов, Б.Тәңірбергенов,  Б.Ықсановтар оқу-ағарту ісіне  ұйтқы бола білді.

             Маңғыстау облыстық  оқу бөлімін он жылға жуық  Т.Меңдібаев басқарды. Бұл жылдары  оқу орындарының саны өсіп, олардың  материалдық-техникалық базасы нығайды.  Әсіресе, балаларды алты жастан  бастап оқыту, өлкеде әскери-патриоттық  тәрбие беру саласында оңды  істер тындырылды. Тәжірибелі, өз  өнегелерімен көпке үлгі болған, жасөспірімдерді оқытып, тәрбиелеуде  әріптестік еңбектің биігіне  көтерілген ұстаздар: М.Сәрсенбаев, А.Ниязбаева, Б.Сәрсенов, Е.Нұрмағамбетов,  М.Оразғалиева, Т.Байдалиева, Т.Екібаева, Қ.Жалғасбаева, Қ.Мұқажанова, С.Ыдырысова,  З.Ыбыраева, Ш.Көптілеуова, С.Задинова, Б.Балов, Ж.Малшаева, А.Ушакова, Ж.Орос, А.Черемисова, Қ.Қабдығалиев, З.Голованова, т.б. қалыптасты.  

Информация о работе Білім беру жүйесі