Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:33, реферат

Описание

Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

venera.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ, демократиялық өту үдерісінің қызықты да бөлшекті жіктелісін американдық  зерттеуші К. Менгес ұсынды. Ол он сатыны бөліп көрсетті, ол үшін алты негізгі елдің дамуын мысалға алды.

Сипаты жағынан циклдік болатын  кезеңдер жіктелісін В. Шейнис ұсынды:

Біріншісі – дағдарыс пен бұрынғы  режимнің моральды-саяси оңашалануы;

Екіншісі – осы коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;

Үшінші фаза – бұрынғы режиммен гендік жағынан байланысы бар, бұқара көңілін қайта өзіне аудара алған көшбасшылар мен ұйымдардың билікке қайта оралуы [15].

Осылайша, қазіргі көптеген әлемдік тұжырымдамаларға сәйкес, егер саяси демократияландыру экономикалық реформаның мақсаты болып табылатын әлеуметтік-экономикалық дамуға бағыт бере алса, ал соңғысы саяси реформасыз сәтті алға жылжымаса, онда демократиялық үдеріс екі реформаға да негіз болуы керек. Қоғам мүшелерінің мемлекет басқаруға қатысуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы шаралары бойынша демократиялық үдерісті талап етеді. Әлеуметтік-саяси ойдың озық жетістіктеріне сүйене отыра, демократияландырудың өзіндік, қазақстандық жолын Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық» [16].

Бірінші тараудың 1.3 Өркениетті демократиялық жаңару тәжірибесі мен сабақтарының Қазақстан үшін маңызы атты тақырыпшасында классикалық спонтанды модернизация үлгісі (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болғандығы айтылады.

Модернизацияның екінші үлгісін әлемдік ғылыми әдебиетте  кешіккен және негізгі емес үлгі ретінде  таниды. Ең алдымен, бұл жіктелісті қабылдасақ, онда жаңартуға деген  ұмтылыс көп елдерде (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі) кейінірек басталды дегенді білдіреді. Модернизациялық үдерістің бұл елдердегі дамуы модернизацияның бірқатар алғышарттарының (соның ішінде дамыған нарық, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, бұл жайт өзгерістің синхронды емес, авторитарлы сипатын негіздеді.

Кешігу модернизациясын  өткерген елдер үшін, мысалы, Испания, Португалия үшін өркениетті қоғамға өту негізгі саяси мәселелерді шешуден; мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекеттік құрылымның жалпы қағидаларын анықтаудан басталды. Экономикалық модернизация мәселелері кейінге қалдырылды, оған тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң қайта оралды. Модернизацияны жүзеге асырудағы қозғалыс авторитарлы саяси режиммен қамтамасыз етілді. Кешігу модернизациясы әртүрлі тарихи кезеңдерден мұраға қалған, мысалы ақпараттық технологияларға өту мәселесі мен парламенттік демократия, құқықтық мемлекетті құру міндеттері мәселелерін бір мезгілде шешуді көздеді.

Қарастырылған үлгілер  арасынан «скандинавтік үлгінің» алар орны ерекше. Оның ерекшелігі мынада: басқа  елдерден қарағанда мұнда нарық  пен демократияға өту қатар жүрді, оған тек құқықтық (конституцияның болуы) пен мәдени орта ғана емес, сонымен  бірге әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы макроконсенсус та әсер етті. Ал Испания тәжірибесінің ерекшелігі – модернизацияның экономикалық емес, саяси жағдайының басым болуы.

Батыс Еуропада үлкен бір дәуір - феодалдық формациядан капитализмге өту. Модернизация осы дәуірлік алгоритм бойынша жүрген болатын. Екінші жағынан, тек капиталистік жол ғана нақты таңдалған жол болып табылмайды. Болашақ қоғамдық дамудың жаңа баламаларын ұсынуы әбден мүмкін. Модернизацияны вестернизация ретінде түсіндіретін қоғамның өтпелі дамуының тұжырымдамасы жиырмасыншы ғасырдың соңына дейін өмір сүрді, тіпті қазір де өз өміршеңдігін жойған жоқ.

Диссертацияның «Қазақстандағы демократиялық модернизацияның әлеуметтік-мәдени өлшемдері» атты екінші тарауында демократиялық жаңарудың саяси-әлеуметтік мазмұны және мәдени өлшемдері, қарастырылған.

Осы тараудың 2.1 Демократиялық жаңарудың саяси-әлеуметтік мазмұны деп аталатын тақырыпшасында саяси өтпелі кезеңді қоғамның бір күйден екінші күйге өтуі мәселесі талданады. Басқарудың демократиялық нысандарына қарай жылжуын анықтау өзіндік маңызы бар, әрқайсысы жеке қарастыруды қажет ететін бірқатар өлшемдерді айқындауды көздейді.

Кез келген зерттеу демократиялық  өтпелі кезең себептерін анықтаудан басталады. Себептер ретінде экономикалық дағдарыстар, әлеуметтік-мәдени қайшылықтар, биліктің жоғарғы эшалонындағы келіспеушіліктер, идеологиялық легитимизацияның әлсіреуі және т.б. танылуы мүмкін. Бұл факторлар өзара сәйкеспеуі мүмкін, алайда олардың әсер ету нәтижелері көбіне ұқсас келеді немесе режимге қатты қысым көрсетеді, соның ықпалынан ол өзгерістерді ерікті түрде қабылдайды, не күштеп оны алып тастауға тырысады [17].

Тоталитаризмнен демократияға өту барысында биліктің саяси  құрылымдары легитимділігінің өзгерісі тек бір ғана фактордың ықпалымен анықталмайды. Әрбір нақты елде тоталитаризмнен саяси демократияға өтуді тарихи ұзақтығы мен қозғалыс сипаты әртүрлі факторлар жиынтығы негіздейді, онда жаһандық және нақты тарихи мәнді факторлар өзара тығыз байланысты.

Коммунистік құрылыстан бас тартқан елдердегі саяси жүйені реформалау үрдісі ескеруі тиіс тенденциялар – адамдар қызметінің алуандығы және қоғамның әлеуметтік құрылымының заңы ретінде танылатын әлеуметтік күрделілік. Қоғамдағы бөлшектену, адамдардың әлеуметтік қажеттілігінен туады. Демократиялық жаңару барысында түрлі әлеуметтік мүдделердің ескерілуі мен орындалуы күшейе түседі.

Осы тараудың 2.2 Демократиялық жаңарудың саяси алғышарттары атты тақырыпшасында бұрынғы КСРО-ның әлеуметтік-саяси өмірін түп тамырымен өзгерткен қайта құрудың себептері мен алғышарттары қарастырылған.

1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан  өзінің жаңа тарихында егемендік  алды, осылайша қазақ ұлты мен  республикада тұратын басқа да  ұлт өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерін  жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып  жатқан өзіндік дамуға жан-жақты нақты жағдай жасалынды. Бірақ бұл еркіндік бізге тар жол, тайғақ кешумен келді.

Елбасы егемендіктің алғашқы күндерінен бастап қоғамды демократияландырудың негізін қалады. Қазақстанда азаматтық  қоғам институттарының дамуына  қолайлы жағдайлар қалыптасып, еркін демократиялық сайлаулардың саяси аренадағы орнына көңіл бөлді. Сот жүйелерінің негіздері қаланып, сөз бостандығы қамтамасыз ететін бұқаралық ақпарат құралдары ашық жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалды.

Президенттің биылғы жылы Қазақстан  халқына Жолдауының демократияландыру  үрдісі жаңа белеске қадам басқалы  отырғандығын байқауға болады. Болашақта  ол президенттік басқару формасын сақтай отырып, Парламенттің өкілеттік қызметін кеңейтуді негізгі мақсат ретінде айқындап отыр. Сонымен қатар, партиялық фракциялардың заңды өкілеттігін кеңейту, партияларды республикалық бюджет арқылы қаржыландыру мәселесін ұсынуы алда болар демократиялық өзгерістердің басы болмақшы[18].

Егер бұл жолды республикалық  басқару формасын ауыстыру тұрғысынан қарастырсақ, Қазақстан саяси жүйелер формасының бірнеше кезеңдерінен өтті. Олар: парламенттік, президенттік, президенттік-парламенттік республика формалары. Саяси жүйе формасының әр кезеңіне елдің демократияландыру қарқынының әртүрлі болуы сай келеді.

Қоғамдық өмірді тоталитаризмнен  демократияландыруға өткізу қажеттілігі  анықталған соң, Қазақстан халқының алдына демократиялық жеңістерді қорғау тетіктерін құру міндеті қойылды. 1992 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде құрылуы мен дамуы стратегиясын» ұсынды. Бұл еңбекте елдің мемлекеттілігін күшейтк мәселесінің шешілуі тиімді, күшті биліктің болуымен байланыстырылды. Саяси жүйені жаңарту шараларының біртіндеп жүргізілуі елде авторитарлық билік тәсілдерінің сақталуын, сонымен қатар оның шектелуінің күшейе беруін әкелді.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасы мен соңында болған, КСРО, соның  ішінде республикадағы қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған демократиялық қайта құрулар барысында және соның әсерінен халықтың көп бөлігінің санасы мемлекеттік егемендік идеясына дайын еді, ол Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында жаңа парақ ашатын саяси-құқықтық құжат қабылдауды қажет етті. С.С. Сартаев 1990 жылғы 16 қазандағы сөзінде «Егемендіксіз толыққанды мемлекет болмайды. Бұны біздің тарихшылар, халықаралық саланың мамандары және заң ғылымының заңгерлері анықтап отыр. Осы тұрғыдан айта кету керек, өзге одақтас республикаларда қабылданған, біз қазір қабылдағалы жатқан осы мемлекеттік егемендік туралы декларация біздің мемлекет, біздің республиканың ұлттық, саяси және халықтық сипатын танытатын болады» [19].

Қазақстан қоғамын демократияландыруға 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялардың қабылдануы зор ықпалын тигізді. Демократияландыру үрдісі елде Кеңес Одағы күйреуінен кейінгі басталған экономикалық дағдарыстан құтылу шараларымен қабаттасуға мәжбүр болды. Осы жағдайда басқарушы элита «алдымен экономика, одан кейін саясат» формуласына жүгінді. 

Осы тараудың 2.3 Әлеуметтік-мәдени даму ағымындағы модернизация және демократия үрдістері атты тақырыпшасында саяси жаңарту мен демократиялық үрдістердің әлеуметтік-мәдени  дамуымен тығыз байланыстылығы қарастырылған.

Трансформациялық өзгерістер теориясы бойынша модернизацияның ауқымды әлеуметтік топтардың дәстүрлі (құнды) сенімдерінің өзгеруі және қоғамның саяси мәдениетіндегі дағдарыстарды жеңе б      ілгенде ғана іске асатыны ақиқат. Модернизация теоретиктерінің пікірі бойынша өтпелі үрдістердің және жаңарулардың мінездемелерін ашатын негізгі элемент, ол – «әлеуметтік мәдени фактор, нақтылап айтсақ, жеке тұлға, оның саяси дамудың мақсаттары мен әмбебап нормаларын қабылдаудың деңгейін шарттандыратын ұлттық мінездемесі» [20]. Демократия үрдісіндегі кейбір қиындықтардың орын алуын саяси және демократиялық мәдениеттердің өз деңгейінде қалыптаспауымен және олардың өзіндік табиғатын жеткілікті дәрежеде аша алмағандығымен түсіндіруге болады. Демократия саяси феномен ретінде әлеуметтік-мәдени дамудан туындайды.

Модернизация  теоретиктері өтпелі кезеңдегі жаңарулардың мінездемесі мен ырғағын айқындаушы негізгі факторлардың бірін әлеуметтік мәдениет деп мойындайды. Нақтырақ айтсақ, жеке тұлға, оның саяси дамудың мақсаттары мен әмбебап нормаларын қабылдаудың деңгейін шарттандыратын ұлттық мінездемесі.

Қазақстан Республикасында  дамып келе жатқан демократиялық  үрдіс адамдардың тарихи өткенін  және қазіргі таңдағы жаңашылдықтарды  бағамдайтын құндылықтар туралы сенімдерін қайта қараудың қажет  екендігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін қарастырғанда мәдениеттердің конструктивті диалогтары халықтардың тұрмыстық болмыстарын баса көрсететінін және ұлттардың тарихи тағдырының ішкі бірлігін анықтайтынын ескерген жөн. Қазақстан үшін шетелдік мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибелерінің негізгі құндылығы олардың әлеуметтік мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерінің маңызды қырларын көрсетуінде ғана емес, сонымен қатар дәстүрлік қоғамнан өндірістік экономикаға өтудің жаңа жолдарын іздестіру қажеттілігін баса айтуында, мұндай жағдайда экономикалық және әлеуметтік мәдениет факторлары, дәстүрлі және жаңашылдық құндылықтардың, институттардың бірлесе дамуы бірінші кезекте ескеріледі. Әлеуметтік мәдени және экономикалық сипаттағы жағдайларды сараптай келіп, жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының демократиялық жолмен дамуына мүмкіндіктердің болғанын және бар екендігіне көз жеткізілген.

Диссертацияның «Партиялық жүйенің жаңаруы - қазақстандық қоғамды демократияландырудың басты факторы» атты 3-тарауында  қоғамдағы басты саяси институт партиялардың қоғамдағы орны мен рөліне, саяси қызметіне, азаматтық қоғамды нығайтудағы қосатын үлесі зерттеледі.

Осы тараудың 3.1 Қоғамдағы демократиялық жаңартудағы саяси партиялардың рөлі атты тақырыпшасында партиялардың теориялық анықтамасынан бастап, қолданысты қызметіне, қоғамды демократиялық жаңартудағы негізгі атқаратын функцияларына талдау жасалынған.

Ғылыми әдебиеттердегі партияға берілген анықтамалар мен мәліметтерге сүйене отырып, партия Қазақстанда да саяси жүйедегі басты саяси институт екендігіне көз жеткізілген. Көптеген анықтамалар саяси партия – қоғамдық ұйым, оның басты мақсаты еркін сайлау нәтижесінде, өзге партиялармен күресу арқылы қол жеткізілілген қоғамдағы қолдауға сүйене отырып, өзінің өкілдерін мемлекеттегі басты орындарына жылжыту жолымен билікті алу, оны ұстау және жүзеге асыру болып табылады дегенге саяды. Партия мәнін анықтайтын барлық жолдарды біріктіретін тағы бір маңызды ерекшелік – конституцияның азаматтық қоғамда және саяси жүйеде де партияларға негізгі рөлді беруі [21].  Соның нәтижесінде Қазақстанда партияның қызметі демокртаиялық өзгерістердің себебі болуда. 

Партиялар тарихы демократия тарихымен тығыз байланысты. Демократиялық мемлекеттердің қалыптасу  мен дамуының тарихи тәжірибесі күшті саяси партияларсыз биліктің демократиялық жолының дамуы мүмкін емес деген тезисті растай түседі. Партиялар әртүрлі топтардың мүддесі және оларды мемлекет саясатында таныту қызметін атқарады, халықтың саяси еркін қалыптастыру барысында идеялар мен пікірлер плюрализмін ұсынушы ретінде танылады. Мемлекеттің басқару органы ретіндегі және қоғамның басқарылатын нысан ретіндегі өзара байланысын жүзеге асырады, азаматтардың саяси санасын қалыптастыру, олардың бірлігін нығайтуда маңызды рөл ойнайды. Осы тезисті Қазақстандағы саяси шындық та нақты дәлелдеп берді.

Француз саясаттанушысы Р.-Ж. Шварценберг берді: «Партия – үздіксіз қызмет ететін ұйым, ол ұлттық та, жергілікті деңгейде де әрекет етеді, билікті алуды, оны жүзеге асыруды мақсат тұтады және осы мақсат негізінде халықтық қолдауға ұмтылады» [22],-дейді. Бұл қағиданы 2002 жылдың жазында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы растады. Заңда «Қазақстан Республикасы азаматтарының, әртүрлі әлеуметтік топтарының саяси еркін мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті және атқарушы органдарында танытатын, оларды қалыптастыруға қатысатын азаматтардың өз еркімен біріккен бірлестігін саяси партия ретінде анықталады» [23].

Информация о работе Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі