Автоматты басқару жүйесі туралы негізгі ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 11:39, доклад

Описание

Кез келген өндірісте технологиялық процестер белгілі бір мәнде шектетілетін физикалық шамалармен сипатталады. Жабдықтардың жұмысы кезінде ол шамалар белгілі бір деңгейде тұрақтануы, не берілген программа бойынша өзгеріп отыруы тиіс. Кез келген қондырғыда технологиялық процесстің бірқалыпты жүруі белгілі бір ереженің, қызмет алгоритмінің орындалуына байланысты болады. Осы қызмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы команданы орындайтын қондырғыны, не машинаны басқару обьектісі дейді.//

Работа состоит из  1 файл

Shpora_po_kazi.docx

— 36.46 Кб (Скачать документ)

Ақпаратты қорғау және бақылау

Ақпараттық жүйенің тиімділігі ондағы өңделінетін ақпараттың қауіпсіздігімен (қорғалғандығымен) байланысты. Себебі кез келген мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мекеменің, жеке адамның  қызметінде жасыратын құпия мәліметтері  немесе деректері болады. Олардың  жария болуы мемлекет қауіпсіздігіне, кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы-экономикалық жағдайына,  жеке адамдардың жұмысына кері әсерін  тигізетіні сөзсіз. Әрбір мемлекеттің ақпаратты қорғау туралы заңдары қабылданған. Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңының жаңа редакциясы 2007 жылдың қаңтар айының 11- жұлдызында қабылданған. Көпшілік жағдайда әрбір пайдаланушы өзіне қажетті ақпаратын қорғауға, оның қауіпсіздігін сақтауға  қажетті әрекеттерді өзі жасауы тиіс. //Ақпараттың қауіпсіздігі дегеніміз оған амалдар орындалғанда немесе оны қабылдағанда, өңдегенде, сақтағанда, беріліс кезінде  және пайдаланғанда әртүрлі қауіп-қатерден қорғалғандығы. //Есептеу техникасында  қауіпсіздік туралы сөз болғанда алдымен келесі мәселелер қарастырылады: //-компьютер мен оның құрылғыларының жұмысының сенімділігі; //-құнды ақпараттың бұзылмай сақталынуы; //-ақпаратқа рұқсатсыз өзгерістер енгізілмеуі; //-электрондық  байланыс кезінде құпияның сақталынуы. //Аталынған себептерден туатын қауіп-қатерді екі сыныпқа бөлуге болады: //-қасақана емес; //-қасақана. //Қасақана емес қатер көбінесе табиғи апаттан және зіл-заладан, техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулық пен  олардың істемей қалуынан, алгоритмдер мен программалардың кешендерінде жіберілген қателерден, сонымен бірге  пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың қатесінен болуы мүмкін. Техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулықтар немесе кейде олардың  мүлдем жұмыс істемей қалуы ЭЕМ-нің аппараттық құралдарының бұзылуы мен жаңылуынан, электр тогының немесе кабельдің үзілуінен және т.б. себептерден болуы мүмкін. Осындай себептер программалар мен деректердің жойылуына, құрылғылардың жұмыс істеу алгоритмдерінің бұзылуына, сонымен бірге ақпараттың құпия  болмауына (конфиденциалдығының бұзылғандығына) келтіреді. Қауіпсіздікке ең көп нұқсан келтіретін себептер – пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың жіберетін қателері. //Қасақана емес қатерлердің алдын алу үшін қазіргі кездегі аппараттық және программалық  құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді тиімді пайдалану керек.

Алгоритм, программа  ұғымдары

Алгоритм ұғымы информатикада  ақапарат сияқты іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бұл атаудың мағынасын  түсіну үшін оған жан-жақты талдау жасаған  жөн.  Алгоритм ұғымы тек математикалық есептерді шешу әдістерімен ғана шектелмейді. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспармен жұмыс істейді. Алгоритмді заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. //Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегіне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығару керек. //Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу.  Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады.Осы командалар тізбегінің орындалуы барысында есептің нәтижесі шығады. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтже алу үшін орындалатын амалдардың айқындалған тізбегі. Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Олар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы;келесі командаларға көшу тәртібін орындау командасы. //Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген; яғни ол өзінің жадында сақталатын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп шығарады. Кенз келген компьютер жадында берілген мәліметтермен қоса оны қандай жолмен, қандай нұсқауларды орындағанда шығаратынын көрсететін программаны сақтайды. //Алгоритмді орындаушының рөлін негізінен адам немесе компьютер атқарады.Ал орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны – компьютердің командалар жүйесін құрайды. //Алгоритм информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі. //Қазіргі кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмднерді атқарушыға немесе орындаушыға – техникалық құралдарға, әр түрлі автоматтарға, компьютерлерге, техникалық құрылғыларға жүктеуге мәжбүр болып отыр. Мысалы: оқуға бару, сабаққа дайындалу, сөздіктен қажетті сөздерді іздестіру кезінде алгоритмдерді атқаруға, яғни бірқатар әрекеттер тізбегін орындауға тура келеді. //Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіпкөрсететін нұсқаулар тобын алгоритм деп атайды. Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады: //1)алгоритм анық, әрі дәл өрнектелуі тиіс: //2) алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет; //3)алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс//4)бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс. //

Сөздік:

ықпал, әсер – влияние

тиімді –эффективный

жабдық – оборудование

құрылғы – устройство

салыстыру – сравнивать

түзету – корректировать, исправлять

қабылдау – принимать

жоспарлау – планировать

түрлендіру –преобразовывать

құрылым – структура

қызмет – работа, деятельность, служба

тұтастық- целостность

 

Сөздік:

құрал – средство, прибор

салыстыру- сравнивать

түзету- исправлять, корректировать

түрлендіру- преобразовывать

өлшеу – измерять

құрылғы – устройство

қорғау элементтері- защитные элементы

сапа- качество

ерекшелік –особенность

сипаттама- описание, характеристика

 

Сөздік

реттеу – регулировать, регулирование

басқару -управлять 

қолданбалы ғылым –  прикладная наука

бағыт –направление

қасиет –свойство

жиынтық – совокупность

ұғым –понятие

ықтималдық -  вероятность

 

Сөздік:

жад – память

автоматтандыру – автоматизация

жасау- разработка

есептеу, есептеп шығару- вычислять

ғарыш – космос

зерттеу – исследовать

деңгей – уровень


Информация о работе Автоматты басқару жүйесі туралы негізгі ұғым