ҚР салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 11:37, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІМЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері

1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері

1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері

2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Акциздердің құрылу негізі

2.2 Акциздердің төлеу мен есептеу тәртібі

2.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны

3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа состоит из  1 файл

ҚР салық жүйесі.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

Салық салу бірлігі - есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі. Бүл жерде салық  салу бірлігі деп салықтарды есептеу  негізіне салынған салық обьектісінің бір бөлігін айтамыз.

Мысалы, жер салығында- 1 гектар, 1 шаршы метр, 1 акр; акциздерде -1 бөтелке, 1 қорап сигарет; табыс салығында - теңге, доллар, евро, рубль және т.б.

Салық ставкасы - салық салу бірлігіне қатысты  салық мөлшері немесе салық нарқы. Салық ставкасы салық салу нормасын сипаттайды. Құрылу әдісіне байланысты салық ставкалары тұрақты және пайыздық болып екіге

бөлінеді. Тұрақты  ставкалар - түсетін табыс мөлшерін есепке алмай, салық салу обьектісіне ( жер учаскесіне ) тікелей, нақты  салық бірлігінің шекті сомасымен  белгіленеді. Пайыздық ставкалар: пропорционалды, прогрессивті және регрессивті болып екіге бөлінеді.

Пропорционалды  ставкалар - бірыңғай пайыз түрінде  белгіленеді, бұл жерде салық  обьектісінің көлемі ескерілмейді.

Прогрессивті  ставкалар - табыстар мен мүліктердің  өсуіне байланысты күрт өсетін шкала  түрінде белгіленеді. Прогрессивтік ставкалар екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі.

Қарапайым прогрессивтік  ставкалар - мүліктің немесе табыстың құны артқан сайын өсе түсетін  салық ставкалары.

Күрделі прогрессивтік  ставкалар - табыс екіге бөлініп, әрқайсысына көбейетін салық  ставкасы белгіленеді.

Регрессивті ставкалар - салық салу объектісінің өсуіне қарамастан төмендетіле берілетін ставкалар.

Салықты есептеу  тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорындардың жеке тұлғаға  табысын төлеу кезінде, бұрынғы  тапқан табыстарын есепке алмай, сол төлеп жатқан табыстан ғана салық сомасын есептеуі.

Кейбір әдіс бойынша, төлеушінің жылдық нақты мезгілінде тапқан табысының соммасын және осы  мезгілге қатысты салық төлеушінің жеңілдіктерінің жалпы сомасын  есептеу арқылы жүзеге асырады. Әрбір  кәсіпорынның бухгалтериясында нақты салық төлеушінің бір жыл бойындағы табысының жалпы сомасын алып тастау арқылы да салық есептелінеді.

Салықтың есептелген сомасын төлеу кезінде бұрын  осы табыстан ұсталған салық сомасына азайтылады.

Салықтардың төлеу  тәсілдері. Салықтарды төлеудің үш тәсілі бар, деклорация бойынша салық төлеу, салық төлеудің кадастірлік әдісі, табыс көзі бойынша салық төлеу әдісі.

Салық төлеу  мерзімі - салықтар мен басқа да міндетті төлемлердің бюджетке алыну уақыты. Мысалы, қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеуші ағымдағы он күндік төлемдерін мына мерзімдерде, есепті айдың он үші, жиырма үші, келесі айдың үші күндері төлейді.

Салық жеңілдіктері - төлеушілердің заңда көзделген  жағдайда, салық төлеуден ішінара (кейбір түрлерін ғана) немесе толығымен босатылуы. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: салық төлеуден толығымен босату, салық төлеуден ішінара босату, салық салуға жатпайтын объектілерді анықтау; салық мөлшерін төмендету; мақсатты салық жеңілдіктерін беру; уақтылы төленбеген салықтарды есептен шығарып тастау; салық төлеу мерзімін кейінге калдыру.

Мысалы, табыс  салығы бойынша - мынадай заңды тұлғалардың  табысы салық салудан босатылады: мүгедектердің ерікті қоғамы; Ауғанстан  соғысы ардагерлерінің республпкалық  ұйымы және т.б

Сонымен, салықтардың мәнін қарастыра отырып, мемлекеттің салықтарды дамыту мен қолданудағы рөлін, жаңашыл салық салудың қоғамның қандай мүшелерінің мүддесі үшін жұмыс атқаратынын көруге болады.

Біріншіден, қоғамның барлық мүшесі елдің қауіпсіздігін  және ел ішіндегі азаматтарының жеке басының қауіпсіздігін ойлайды. Сондықтаңда

қоғамның барлық мүддесі үшін әскери күштер мен қоғамдық тәртіпті сактау органдарын ұстауға  қаражат қажет.

Екіншіден,    қоғамда    мемлекетті   басқару    қызметкерлерін  ұстауға қаражаттар керек.

Үшіншіден, қоғамдағы  білім беру және емдеу мекемелерін  толығымен ақылы түрге көшіргенмен  де, қарттар үйі мен жетім балалар  үйлерін ұстауға, уақытша жұмыссыздарға  жәрдемақылар және зейнетақылар төлеуге  қаражат міндетті түрде керек. Өйткені, осы және басқа да әлеуметтік мәселелер қоғамның барлық мүшелерін қозғайды, сондықтанда бұл мақсаттағы шығындар салықтар арқылы жабылу қажет. 

1.2 Салык  жүйесінің түсінігі және құрылу  принциптері 

Жас тәуелсіз еліміздің  қомақты бюджеті болуы жолында, мемлекеттік қазынаның қаражатын молайта түсу - маңызды мәселе. Өйткені, денсаулық сақтау органдарының, халыққа білім беру мекемелерінің, зейнеткерлер мен студенттердің, басқа да толып жатқан халық жіктерінің тағдыры бюджетке байланысты екені хақ. Бюджет кірістерінің құрамы, бюджетке шоғырланатын ақша қаражаттарының формалары шаруашылық жүйелері мен әдістерінен, сол сияқты қоғамның экономикалық шараларын шешуге тәуелді. Бұрын бюджет кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша қорларынан құралса, нарықтық экономикаға- көшуге байланысты, ол заңды және жеке түлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады.

Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік кіріс деп, мемлекет қарамағына әр түрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның өзіне тән міңдеттерін шешуге, сондай-ақ, функцияларын жүзеге асыруға пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.

Салықтар мемлекеттің  басқа да атрибуттары сияқты мемлекеттер  құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әркашан да мемлекеттің  мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп-өркендеуінің негізгі материалдық  тірегі болып табылған.

Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейінінен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.

Салықтардың, салықтық құқықтың мемлекеттермен қатар пайда болуы олардың құқықтық табиғатын, мәнін ашып көрсететін сияқты. Өйткені сол кездерден бастап мемлекеттерде әлеуметтік әділеттілік, демократиялық және

құқықтық принциптері  көрініс берген. Әртүрлі меншік нысандарының теңдігі, олардың өндіріс құралдары мен жабдықтарына негізделуі де мемлекеттің экономикалық жүйесімен шартталған болатын.

Сонымен салықтардың  экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық  табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу  үшін белгілі бір мөлшерде қаржы  көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамытып, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың функционалдық, сипаттамасын нақтыландыру, яғни қызметтеріне талдау жасау арқылы салықтардың тікелей мәнін және экономикалық табиғатын, сондай-ақ атқаратын қызметтерінің негізгі бағытын көруге болады. Салықтардың қызметтері белгілі кезеңде өздері атқаратын рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге септігін тигізуге, қажетті экономикалық тұтқа және реттеуші болып табылады. Салыктардың   қалыптасқан   түрдегі   негізгі   үш   қызмет   бар.   Олар: фискалдық, қайта бөлу және реттеуші қызметтер. Негізінде экономикалық теория жене басқа тиісті оқулықтарда осы негізгі үш қызмет көрсетілмегенімен, кейбір белгілі экономист-ғалымдардың еңбектерінде оларға қоса тағы бірнеше қызметтер аталады.

Бірінші, фискалдық  қызмет-салықтардың және басқа да міндетті телемдердің бюджетке толығымен  және уақтылы (мерзімінде) түсіп отыруын  қамтамасыз етеді. Фиск - латын тілінде мемлекеттік қазына   деген мағынада айтылған. Сондықтан, фискалдық қызмет-салықтық-бюджеттік қызмет, яғни мемлекеттік қазына-бюджетті түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету жөнінде қызмет болып табылады. Қысқаша айтқанда, қаражаттарды бюджетке жұмылдыру қызметі. Тауарлық-ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына байланысты бұл қызмет -мемлекет қарамағына түсетін ақшалай кірістерді ұлғайта түседі. Ал қайта бөлу қызметі, әртүрлі субьектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі. Бұл қызметтің барысында жалпы ұлттық өнім көлеміндегі салықтардың үлесі анықталады, яғни ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы оның қандай бөлігінің мемлекет меншігіндегі қорға қосылғанын көрсетеді.

Үшінші қызметі - салықтық реттеу, яғни реттеуші қызмет-салық  нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық  түрлерін азайту және негізделген салық  жеңілдіктерін енгізу арқылы, заңды  және жеке тұлғаларды нарыққа бағытталған экономикалық белсенділіктерін (қызметтерін), сондай-ақ мүдделерін қамтамасьгз ету. Бұл қызмет өзінің осындай сипаттамасына байланысты ынталандыру қызметі деп те аталады. Салықтық реттеу (салықпен реттеу деген де болады) мүмкіндігінше тиімді салық түрлерін таңдау, олардың мөлшерін өзгерту, сондай-ақ жеңілдік көрсету, кейде кейбір түрлерін алу тәсілін өзгерту сияқты әрекеттерден тұрады. Әсіресе бұл қызметті ғылыми-техникалық процестерді ынталандыру кезінде қолдану өте тиімді болады.

Мемлекет үстінде  аталған салықтардың қызметін қолдана отырып салық салу, салық қызметі саласындағы әртүрлі шараларды жүргізеді   және салық

жүйесін анықтап, олардың қызмет атқару тұтқасын әзірлейді. Салық салу саласыңдағы жүзеге асырылатын шараларды қоғамның нақты бір  даму кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына байланысты экономикалық саясатпен ұштастыру да осы қызметтер арқылы жүргізіледі.

Енді осы қызметтер  жөнінде қалыптасқан, дәстүрлі көзқарастармен шектеліп қана қоймай басқа да авторлардың  пікірлеріне тоқталайық. Белгілі экономист-ғалым Қарағұсова Г.Ж. айтуынша салықтардың атқаратын қызметтері мына төмендегідей болып келеді:

1.фискалдық немесе  жұмылдыру қызметі арқылы мемлекет  тиісті шығындарын қаржыландыруға  қажетті салықтарды жиыстырады;

2.қайта бөлу  қызметі арқылы мемлекет экономика аясының әртүрлі саласына ықпал етеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, табыстарды халық арасындағы әлеуметтік топтарға қайта бөледі, табысты өте төмен топтарға жәрдем береді. Мысал ретінде үдемелі ставкалы табыс салығын көрсеткен;

3.ынталандыру  қызметі - экономиканы дамыту, техникалық  жаңарту және т.б, әртүрлі жағдайлар  жасауды жүзеге асырады;

4.шектеу кызметі,  салық саясаты арқылы мемлекетке  тиімсіз (пайдасыз) өндірістердің  дамуын шектеу немесе тоқтата  тұру больтп табылады;

5.бақылау-есептеу қызметі, кәсіпорындар мен азаматтардың табыстарын, өндірістің құрылымы мен көлемін және қаржылардың қозғалысын есептеп, бақылаудан тұрады.

Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың  қызметін пайдалана отырып еліміздің  салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономпкалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.

Салық категориясының нақты формалары болып құқық  органдарымен тағайындалған салық  төлемдерінің түрлері жатады. Салық  дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік шығындарын жабу үшін, заң жүзінде бекітілген төлемі. Мемлекеттің  алатын  салықтарының  формасы мен әдістерінің жиынтығын салық жүйесі дейміз.

Салық жүйесі тікелей  және жанама салықтардың ара қатынасынан  тұрады. Біріншісі - салық төлеушілердің табысы мен мүлкінен алынатын мемлекет түсімі, екіншісі - тауар бағасына немесе қызмет көрсетуге үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Тікелей салық салуда ақша қатынастары мемлекет пен қазынаға енгізетін төлеушінің өзімен тура болады.

Жанама салықтың субьектісі, мемлекет пен төлеуші  арасьында болатын делдал, яғни тауар  сатушысы болып табылады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты мүлік түрлерінің әрқайсына төленетін, жеке және заңды  түлғалардың кіріс көздерінен немесе декларация бойынша алынатын салықтар болып бөлінеді.

Тікелей салықтардың  біреулерін тек заңды түлғалар, келесісін  тек-жеке тұлғалар, ал үшіншісін - заңды  да жеке түлғада төлейді.

Жанама салықтар құрамы да әр түрлі - акциздер және қосылған құнға салынатын салықтар. Олардың алынуыда өте қарапайым Олардың алымдық әсері өндіріс құлдырауында да қолданылады. Алыну обьектісі мен колданылу әдістері әр түрлі болып келетін, тікелей және жанама салықтардың жүйесі, мемлекетке салықтардың - алымдық және экономикалық қызметтерін толықтай атқаруына мүмкіндік береді.

Информация о работе ҚР салық жүйесі