Мүлік салығы бойынша бюджеттік есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 21:57, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды және әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық құқықтың рөлі өсе түсуде. Осыған орай бүгінде салықтық заңдарды жаңарту және салықтық реформаларды еліміздегі түбегейлі өзгерістерді ескере және есепке ала отырып жүргізу процестері жүзеге асырылуда.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Мүлік салығын төлеушілер және оның объектілері.................................5
2. Салық бойынша жеңілдіктер.........................................................................8
3. Мүлік салығы бойынша бюджеттік есеп айырысу...................................9
Қорытынды........................................................................................................13

Работа состоит из  1 файл

мулик салыгы реферат.doc

— 101.50 Кб (Скачать документ)

       Салық  кезеңі  ішінде  есептен   шығарылған  салық  салу  объектілері   бойынша  ағымдағы  төлемдер  шығарылған  салық  салу объектілерінің  есептен  шығарылған  салық   базасына салық  ставкасын   қолдану  арқылы  анықталатын  салық  сомасына  азайтылады.Азайтылуға  тиіс  салық сомасы салық  төлеудің  қалған мерзімдеріне  тең  үлестерімен  бөлінеді.

       Салық   кезеңінің ішінде  мүлікке  салынатын  салықты  есептеу   мен  төлеу  жөніндегі   міндеттемелер өзгерген кезде  мүлік  салығының  ағымдағы  төлемдері  мүлік  салығы төленетін  алдағы  мерзімдер  бойынша  тең  үлестермен салық міндеттмелерінің  өзгерген  сомасына  түзетіледі.

     Салық  төлеуші  салық   кезеңі  ішінде  декларацияны  табыс  ету  мерзімі  басталғаннан кейін  он  күннен кешіктірілмейтін  мерзімде  түпкілікті  есеп  айырысуды  жүргізеді  және  мүлік  салығын  төлейді.

        Жеке  кәсіпкер  кәсіпкерлік   қызметте  пайдаланылатын  үй-жайлар  бойынша мүлік  салығында көзделген  тәртіппен есептеледі  және  төленеді.

     Мүлік  салығын  есептеу  мен  төлеу  үшін  салық  кезеңі- күнтізбелік жыл  болып  саналады.

     Уәкілетті  органның  қылмыстық   жазаларды  атқару  саласындағы  тузеу  мекемелерінің  мемлекеттік   кәсіпорындары үшін  салық   кезеңі  салық  салу объектілерін пайдалануға немесе жалға  берген  кезден  бастап  мұндай  пайдаланудың  аяқталу кезіне  дейін  белгіленеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                               Қорытынды

      Қазіргі өтпелі кезіңде, жаңадан  қалыптасып келе жатқан салықтық құқыққа, оның құқықпен реттеу аясына баса назар аударуымыз қажет болып отыр. Өйткені еліміздің салық жүйесі, құқық жүйесі, оның ішінде салықтық құқық әкімшілік-билікшіл экономика түрінен бірден нарық экономикасы қатынастарына көшуіне байланысты туындаған өте күрделі кезеңде қалыптасуда. Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағыттағы нарық қатынастарына өту кезеңінде құқық және салық реформаларын жүргізу мақсаты осы әлеуметтік экономикалық процестерге сай салық жүйесін құру және оның құқылық базасын қалыптастыру болып табылады. Ал, бүгінде салық жүйесінің құқылық базасын ойдағыдай, талаптарға сәйкес келетіндей етіп жасау бірнеше өзекті мәсеелерді шешуден тұрады. Мысалы, қазіргі кезде салықтан жалтарушыларға қатаң санкциялар қолдануды ескеру: салық жеңілдіктерін әлеуметтік топтарға жіктеу отырып, негіздей отырып енгізу; салық қызметі органдарына, олардың қызметкерлеріне көтеріңкі талаптар қоюмен қатар, олардың құқылық мәртебелерін, әлеуметтік жағдайларын айтарлықтай деңгейге көтеру; салық заңдарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ететін бірден-бір құрал заңды жауапкершілік түрлерін ойдағыдай, тиімді қолдану, тағы басқалар.

      Салық кодексі қабылданғанға  дейін еліміздің салық салу  процедурасы біршама шашыраңқы  сипатта болғаны белгілі. Бұл жағдайда қандай да болмасын салық элементтерінің пәрменділігінің және тиімділігінің төмендеуі сөзсіз болатын.

      Меншік түрлеріне қарамастан, өндіріс  аясындағы субъектілердің шаруашылық  пәрмендерін жоғарлату, олардын  құрлымдарын жетілдіру арқылы олардың қызметтерін ынталандыру мемлекеттік бюджеттің кірісінің тұрақты табыс көзін қамтамасыз етуге себін тигізеді. Сондықтан, заңды және жеке тұлғаларды ынталандыру мақсатында фискалдық механизімнен гөрі, салықтық экономиканы реттеуші функциясын баса пайдалану қажет болып отыр.

      Бұл жағдайда тауар өндірушілер  өздерінің шарушылық қызметтерінің  нәтижелерін болжай алады, ұзақ  мерзімді инвестициялық жобалардың  кепілдемесі қамтамасыз етіледі  және экономикалық тәуекел төмендегідей  түседі. Яғни, нарық экономикасы аясындағы салық жүйесінің тұрақтылығы және орнықтылығы маңыздыфакторға айналады.

      Салық жүйесінің замана талабына  сай құқылық базасын құру мемлекетіміздің  күн тәртібіндегі күрделі де  өзекті мәселеге айналып отыр. Салық заңдарының басқа заңдарға қарағанда қатаң және дәл белгіленіп және оларға көтеріңкі талаптар қойылып қабылданатыны баршаға мәлім. Демек, барлық мәселе осы салық заңдарының ойдағыдай жұмыс істеуіне және салық салу саласындағы процестердің реттелуіне, сондай-ақ салық механиздерінің экономиканы реттеу тұтқалары ретінде іске қосылуына келіп тіреледі. Салық заңдңрының жүзеге асырылуын және олардың бұзылмауын қамтамасыз ететін бірден-бір мемлекеттік орган – арнайы өкілетті салық қызметі органдары болып тадылады. Осы салық қызметі органдарының салық қызметкерлері салық заңдарының бұзылмауына, салықтар мен басқа міндетті төлемдердің бюджеттерге уақтылы және толығымен түсуіне кепіл болып отырғаны белгілі. Ал кейбір кездерде салық заңдарының бұзылуы сияқты келеңсіз көріністердің туындауы мемлекет тарапынан салық қызметі органдарына, олардың қызметкерлеріне құқылық мәртебелерін қайта белгілеу, әлеуметтік қамсыздандыру, материалдық әл-ахуалдарын жақсарту және қызмет барысында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынуға тиісті.

      Мемлекетті ңсалық қызметі әрқашанда  құқылық нысандажүзеге асырылатындықтан, салықтық құқықтың осы аяда  олар орны ерекше болатынын  білеміз. Салықтық құқық қаржылық  құқылық институт ретінде салық  салу, салық қызметі аяларында  туындаған қатынастарға құқықпен ықпал етеді, яғни құқықпен реттейді. Салықтық құқық, қаржылық құқық институт ретінде қаржылық, сондай-ақ таза салықтық құқылық нормалар жиынтығынан тұрады. Дәлірек айтсақ, бұл нормалардың құрамына бюджеттік құқық пен салықтық құқықтың элементтері бар болып шығады.

      Сондықтан, салықтық құқықтық  құқық жүйесінде алатын орнын  анықтауымыз қажет сияқты. Біздің  ойымызша, салықтық құқықты бюджеттік  құқықтың ерекшеленген құқықтық  институты деп анықтауымыз дұрыс  болуы қажет. Осы көзқарасымызды  былайша дәлелдеп көрейік:

      Біріншіден, салықтық қызметтің  фискалдық функцяисына назар  аударсақ, оның бюджетке міндетті  төлемдер арқылы ақша қаражаттарын  жұмылдыру екенін көреміз;

      Екіншіден, салықтық заңдардың  нормаларында салықтардың және  басқа міндетті төлемдердің тек бюджетке түсетіні, салық қызметі органдарының басты міндеті сол салықтардың бюджетке толығымен және уақытылы түсуін қамтамасыз ету екені нақты белгіленген;

      Үшіншіден, салықтық құқықтың  реттеу пәні ұлттық табысты  бөлу және қайта бөлу кезінде мемлекеттік бюджетті қалыптастыратын қатынастар болып табылады;

      Төртіншіден, соңғы кездерде еліміздің  экономикасының нарықтық сипат  ала бастауына байланысты көптеген  экономика салалары кешендерінің  нарыққа бағытталып қайта құрылуы  және мемлекет келігінен алу процестерінің жүргізілу іқарсаңында әзірше мемлекеттің бюджеттің бірден-бір кіріс көздері тек салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болғандықтан салықтарға, салықтық құқылық қатынастарға және салықтық құқыққа ерекше назар аударылуда. 

Информация о работе Мүлік салығы бойынша бюджеттік есеп айырысу